Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Баяндама: «Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдары»
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Баяндама: «Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдары»

библиотека
материалов

Баяндама: «Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдары» C:\Users\School-44\Desktop\айгул.jpeg.jpeg

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған елу елдің қатарында терезесін тең ететін ол әрине-білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі, білім беру жүйесінің функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру   мәселесін алға қойып отыр. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақ-параттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шық-қан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр. 

Қазақ маманы С. Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымас тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Елбасы дұрыс айтады, «Білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет». Менің өзімнің іс-тәжірибемде 1-сынып бүлдіршіндерін әріп танығаннан кейін «Әліппеге қош айтқызып» кітапхананың табалдырығын аттатып қонаққа апару,бұл менің дәстүрлі іс-шараларымның бірі.Оқушының алар әсері шексіз және балдырған оқырман иесі болу оқущы үшін үлкен мәртебе!

Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның маман-дығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

- белсенділік

- шығармашылық тұрғыда ойлау

- шешім қабылдай алу

- өз кәсібін дұрыс таңдай алу

- өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. 



Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. 

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. 

Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдау -ында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақса-тында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлт-тық жоспардың мақсаты – Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушы-лардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.
Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді.

Оның бірінші механизмі-оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту /МЖБС -мемлекеттік стандарт/. Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін практиакалық жағ-дайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.

Олар: 
- басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;

- ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;

- коммуникативтік /қазақ, орыс, ағылшын тілінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;

- әлеуметтік /қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/; 
- тұлғалық /өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиын-шылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;

- азаматтық /қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі/ 
- технологиялық /ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану/;

Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзырет-тіліктерді /әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс. 
Елбасы Н. Назарбаев оқулық мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауатты-лықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс.

Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі-оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. /Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға бола-тыны нақты анықталмаған/ Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ,ОЖСБ-ВОУД/. Сондай-ақ халықаралық /TIMSS , PISA және PIRLS/ зерттеулерге қатысуы . Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады.Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады. 
Функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі-ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету.Ата-ананың борышы бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдерімен тығыз байланыс жасау керек. Ата-ана баласының ерекше қасиетін тану, түсініп қол үшін беру, олардың қабілетін дамыту, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру, жағымсыз мінез-құлық, әдеттрден арылтуға көмек беруі керек. Ата-ананың бойында да фукционалдық сауаттылық болуы тиіс.

Бұл үшін мемлекет жаңа әдістемені әзірлеуге кірісті. Осы әдістеменің негізінде ата-аналарға арналған семинарлар мен тренингтер өткізіледі.

Аталған жұмысқа Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) және азаматтық қауымдастықтың басқа да секторлары белсенді тартылады.

Төртінші механизм-қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы,музыка мектептері, жас техниктер мен натура-листер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын болады. Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Мұндай оқыту жүйесі баланың санасына әлеуметтік тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады. Бұрынғыдай мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта өмірде пайдаланатын болады.

Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның маман-дығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

-белсенділік 
-шығармашылық тұрғыда ойлау

-шешім қабылдай алу

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Ұлттық жоспарды іске асырудың күтілетін нәтижелері:

Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:

1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз етеді.

2. Білім беру мазмұнын жаңартады.

3. Оқу-әдістемелікпен қамтамасыз етеді.

4. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі енгізіледі.

5. Материалдық-техникалық базасы жаңартылып, нығайтылады.

Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және функциялық сауаттылығын дамуына мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін орта мектептердегі құзіретті тұлғаны қалыптастыруда тіл пәндерінің орны ерекше болып келеді. Бұл орыс мектептердегі «Қазақ тілі» пәніне де тікелей қатысты. Өйткені мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ҚР «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарының жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың әдістеме негіздерді қайта қарастырып, білім беру жүйесіне өзгерістер енгізіледі.

Баяндамамның соңында қазақ тілі пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдарманы ұсынуға болады: 
1. Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу;

2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;

3.Мемлекеттік тілде ауызша,жазбаша қарым-қатынас жасау;

4.Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;

5. Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету;

6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы;

7.Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы;

8. Қазақ халқының салт –дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеге баулу;

Мен өз іс-тәжірибемде әдебиеттік оқу сабағында Ахат Имантайұлы Жақсыбаевтың «Батырдың ұрпағы» тақырыбында өткізілген сабағыма тоқтала өтейін. Сабағымды бастамас бұрын, оқушыларды міндетті түрде көңіл күйлерін қалыптастыру және олардың арасында қарым-қатынас орнату мақсатында көңіл көтеретін шаттық 4-5 жолдан түратын өлең жолдарымен сабағымызды бастаймыз. Бұл сабағымды мен жаңа БжС технологиямен өткіздім. Косбасшыға сөз беру, 63% жету 24 оқушы «4» «5» бағаны 15 бала қайтсек жоғары нәтеже көрсетуге ұмтылады. БжС технологиясы Ауызша-1 әрбір мектеп үшін бұлжымас жоғары сапа.

Үй жұмысын бекітуде сыныпқа кәсіби бағдар беру мақсатында оқушылардың ұстаздық шеберлігін шындау, яғни үй жұмысына жақсы дайындалып келген оқушыны матрица бойынша үй жұмысын бекіттірту. Барлық бала әрбір сабақта жұмыс істейді. Оқушылардың өзін-өзі кәсіби басқаруын осы технологияда жақсы шындалады. 11технологиялық карта табыс кепілі. Бағаны мұғалім емес матрица бойынша жуйе қояды. Бұл сабақта сонымен қатар табысты және бәсекелестікке қабілетті оқушылардың саны арта түседі. Бұл технологияны меңгерген оқушылар сабақты өздері жүргізіп, мұғалімге деген жүктемені азайтады. Жалпы «Биоақпараттану және Синергетика» табысты мұғалім құпиясы. Бұл технологияның авторы «Васерман Ф.Я». балаға да оқушыға да осындай сабақтар ұнайды. Ал қызығулық бар жерде сапа да болады. Бұл технологияда сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері қолданылады, бұл оқушыларымыздың қызығушылықтарын артыра түседі. Сабағымда үнемі тақырыбыма сай мақал-мәтелдер қатар жүріп отырады. Бұл менің оқушыларымның қазақ халқының салт-дәстүрін тілін, тәрбиесін қатар алып жүруге үлкен әсерін тигізеді. Өзімнің іс-тәжірибемде сонымен қатар әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың ертегі арқылы актерлық шеберліктерін шыңдаймын. Мұндай сабақтар оқушыларыма өте ұнайды. Оқушының сабаққа белсене қатысуы үшін, әрине ата-аналармен тығыз байланыста болу шарт, себебі оқушы кітап бетін ашпаса сабағымызда да сапа болмасы анық. Сонымен оқушыны оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдарманы ұсынуға болады: баланы оқуға, жазуға үйрету
баланы ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға, баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау. Ол үшін ұстазы,ата-анасы дұрыс бағыт бағдар, білім, тәрбие беруміз керек. Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің сөздерімен аяқтағым келеді « Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында». Назарларынызға рахмет.



















Баяндамашы

Бидахметова Айгул Сасанқызы

44 орта мектебінің бастауыш

сынып мұғалімі





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-310991

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"