Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыБаяндама "Интерактивті оқыту әдістерін тарих сабағында пайдалану"

Баяндама "Интерактивті оқыту әдістерін тарих сабағында пайдалану"

Скачать материал

         Интерактивті оқыту әдістерін тарих сабағында пайдалану

 

  Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат – оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, Отанын шын сүйетін азамат болып жетілуіне көмектесу.

  «Басқаларды үйрету үшін өзің көп білетін болуың керек», - деп орыс жазушысы В.Г. Короленко айтқандай, мұғалім алдымен өзі жан-жақты, білімі терең, мамандығын жете меңгерген,  мәдениетті, адамгершілік қасиеті мол, оқушыларды әділ бағалайтын  тұлға болуы қажет.

   Сыныптағы оқушылардың барлығына брдей 45 минуттық сабақта мұғалім көңіл бөле алмайтыны анық.Кеңес дәуірінен бері  келе жатқан  «кім сабақ айтады?» деп басталатын дәстүрлі сабақтарда сынып оқушыларының барлығы бірдей белсенділік көрсете  қоймайды.Мұндай сабақта  оқушылардың басым көпшілігі баға алу үшін ғана жауап беретіні мәлім.Әрі барлық оқушы бірдей өз ойын ортаға салуға батылдық танытпайды.Сабақ үлгерімі төмен оқушылар әрдайым артта қалып  отырады . Сол себепті де ХХІ ғасыр оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды талап етеді. Бұл тәсіл оқытудың мазмұнын жетілдіреді, олардың әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз етеді. Бұл заңды процесс, себебі елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да өзгерістер білім жүйесін сол өзгерістер тұрғысында дамытуды талап етеді. Жаңа педагогикалық технология балаларды сабақ процесіндегі белсенділігін арттыруға тікелей әсер етеді. Міне осы талап тұрғысынан алғанда «Оқытудың интерактивті әдісі» шешуші орын алады .Егер де сабақ үстінде балалар мен мұғалімдердің арасында тығыз қарым – қатынас орнатылса және ұтымды нәтижеге жетсе,бұлайша оқытуды интерактивті деп атаймыз.Мұндай қарым – қатынас балалар   өз ойларын талқылап, шешімін табуға тырысқан кезде байқалады . Бұл жерде балалардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсаты – балаларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті әдісті пайдаланудың тиімділігі аса жоғары . Оқушы дайын білімді көшіріп алмай, өз бетімен ізденуге мүмкіндік алады. Әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор . Ал мұғалімнің міндеті – оқушының неғұрлым белсенділік танытуына жағдай жасау, қажет кезде жол көрсету болып табылады.Мұнда мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуі үлкен рөл атқарады. Интерактивті оқыту – түсіндіру мен өзара қарым – қатынас диалог ретінде топқа бөлініп оқыту әдіс – тәсіліне негізделген оқытудың түрі. Нәтижесінде оқушы жинақталған тәжірибесін сыртқа шығарып, оны өмірде пайдалана алады.

   «Интерактивті оқыту» бұл ағылшынның «interact», “Inter”» — өзара, «асt» — әрекет ету деген сөзінен шыққан. Сондықтан, интерактивті оқыту ең бірінші диалогтық оқыту, оқыту барысында оқушы мен оқытушы арасындағыөзара  байланыстыңорнауы                                                                       Дәстүрлі сабақта мұғалім – білімді жеткізуші. Ал интерактивті сабақта мұғалім материалды түсіндіргенін азайтып, оқушылардың өз идеяларын жеткізуіне қолдау көрсетуі керек, бұл дегеніңіз – олардың өзіне тәуелділігін азайту, тек бір ғана жауап не көзқарас болмайтынын, олардың идеяларының бағаланатындығын  ұғындыру. Жоғары интерактивті әдістерді қолданғанда мұғалім оқушылардың интелектуалдық дағдыларын дамытатын сұрақтар бере отырып, кейбір идеяларды анықтауға көмектеседі, оқушылардың өзара идеялармен алмасуын басқарады.

Оқытудың интерактивті әдістері еш уақытта дәрістік жадығатты алмастыра алмайды, бірақ оның толық меңгерілуіне көмектеседі, өзіндік пікір, арақатынас, мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.
    Интерактивтік әдісті жүргізу кезеңдері:

* Диагностика кезеңі- Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, қатысушы өзінің бұрыннан таныс білімдерін, тақырып туралы не білетіндерін, өзіне таныс мәліметтерді “миға шабуыл” әдісі арқылы ортаға салады, сонда қатысушының не білетіні, не білмейтіні анықталады.

Ізденіс тенденция кезеңі:

* Тыңдаушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып,”миға шабуыл” әдісі арқылы берілген тапсырмаларды кеңейтіп түсіндіру үшін, өз беттерінше оқулықпен немесе қосымша әдебиеттермен жұмыс істейді.

Презентация (тұсау кесер кезеңі):

* 10-15 минуттан кейін әр топ өз мәліметтерін қорғайды,осыдан кейін, оқытушы әлі де жеткіліксіз жатқан жағдайлардан қосымша ақпарат береді;

*Сабақты қорыту кезеңі .Жаңа тақырып толық түсіндірілгеннен кейін пікір сайыс, рөлдік ойын, т.б. интерактивті әдістер арқылы жаңа тақырыпты бекітіп, пысықталады;

    Нәтижесінде мұғалім 45 минуттың 5-7 минут уақытын ғана алып, қалған уақыттың бәрінде оқушылардың өздері ізденіп, танымдарын арттыруына жағдай туады. Тіпті, керек десеңіз, интерактивті әдіс арқылы оқушылар өз білімін өздері бағалайды. Олар алған білім, білік, дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе өзін-өзі бақылау, жұптық өзара бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуде біршама көмегін тигізеді.

Бұл бақылаулар оқушыларды өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді.Онда біреуді бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады. Мұндай бақылау мен бағалау баланың бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштік, өз күшіне сенуі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адалдық, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті, т.б.

Осындай қасиеттерді игерген балада, әрине, пәнге деген сүйіспеншілік, қызығу туады. Нәтижесінде сабақтың сапасы артады. Бала өзін тұлға деп сезінеді. Мұғалім де, оқушы да, тұлғаны тану және таныту жолында қызмет жасайды.

   Мен тарих пәнінен өзім дәріс беретін сыныптарымда да осы  әдістерді  әрдайым пайдалануға тырысамын.Мысалы, 10-сыныпта  «КСРО  мен  Қазақстандағы  «қайта құру»» тақырыбындағы  сабағымда  оқушыларды жеребе суыру әдісімен  өткен тақырыптағы  термин сөздердің атауымен 3 топқа бөлдім. «Ассимиляция»,«Деформация» , «Диссидент» топ атауын таңдаған   оқушылар топқа  бірігіп,термин сөздердің анықтамаларын айтып,мысалдар келтіреді.

   Қызығушылығын ояту мақсатында  М.С.Горбачев туралы видеоролик көрсетіп ,оқушылардың пазарын аударып алып,жетелеуші сұрақтар арқылы тақырыпты табуды тапсырдым.. «Бұл кім?», «М.Горбачевтің есімі аталғанда ойларыңа қандай ұғымдар  келеді?»т.б.  Олай болса , ... тақырыпты хабарлау.(слайд)

     М.Горбачевтың  билікке келуімен КСРО –да реформалар кезеңі басталды.Реформа 7 жылға  созылып, тарихта   «қайта құру» деген атпен қалды. «Қайта құру» деген не ? Оны қалай түсінесіздер?

 Оқушыларға КОКП ОК-нің Бас Хатшысы М.С. Горбачевтың  КОКП  ОК-інің 1987ж 27 сәуірде сөйлеген сөзінен үзінді беру  арқылы олар  «қайта құрудың » басты мақсатын анықтауға тырысады.

  Слайд арқылы «қайта құрудың» негізгі себептерімен  таныстыру...

Сабақтың соңында Француз президенті Франсуа Миттеранның М.Горбачев туралы  айтқан  ойын беріп, не айтқысы келгендігін  оқушылардан сұрадым   және  осы пікірге өздерінің  көзқарастарын айтқыздым

«В 1991 году, уже после распада СССР в интервью газете «Трибун» Франсуа Миттеран сказал: «Горбачев напоминает мне человека, решившего закрасить грязное пятно на стене своего дома. Но, начав зачищать стену, увидел, что шатается один из кирпичей. Попробовав его заменить, он обрушил всю стену, а принявшись её восстанавливать, обнаружил, что сгнил весь фундамент дома»  

   Ал ,7-сыныпта өткізілген  «Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы» тақырыбындағы  сабағымда  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру , өз беттерімен іздене білу,деректермен жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыру мақсатында рөлге бөлу әдісін пайдаландым және деректер арқылы сұрақтарға жауап табуға үйреттім.

Ежелгі уақытта «Моңғолдардың құпия шежіресі» деп аталатын құнды әдеби ескерткіш құрастырылған. Бұл еңбекте халықтың  ата-баба шежіресі емес,негізінде Шыңғысханның өмірі мен қызметі туралы жазылған. Шежіре 12 бөлімнен тұрады.

  І топқа осы шежіредегі анасының сөзін бердім.Ол арқылы оқушылар Шыңғысханның ата-тегі мен өмірге келуі туралы мәлімет алады.

  Ал ІІ топқа жауынгер-ноянның әңгімесін бердім.Бұл әңгімеден оқушылар Моңғол мемлекетінің әкімшілік-қоғамдық құрылысы , әскери әдіс-тәсілдері , тәртібі т.б. туралы мәлімет алады. Мұғалім өз сөзімен алған мәліметтерін толықтырып отырады. Сабақтың қорыту кезеңінде оқушыларға рөлдік  ойын бердім.Жалпы тарих пәніне  рөлге бөлу әдісі өте қолайлы  дер едім.

   Көрініс қою: І топ

Тыңшы: -О,тақсыр,хан ием, мен жаман хабар алып келдім.

Шыңғыс хан : - Айт!

Тыңшы: -Сіздің бұйрығыңыз бойынша 450 адамнан,500 түйеден  тұратын саудагерлердің керуені Отырарға аттанған еді.Олар  тыңшылық жүргізуі керек еді,бірақ олардың жолдары болмады.Отырардың билеушісі Қайыр хан саудегерлерден сезіктеніп,оларды өлтіруге,  керуенді тонауға бұйрық берді.

Шыңғыс хан: - Бара бер! Қайыр хан бұл ісі үшін әлі жауап береді.Жорыққа дайындалыңдар!

                                 Мұғалімнің сөзі:

«Отырар апаты» тарихта қалған ерекше оқиға болды.Қайыр ханның ісі  ұрпаққа үлгі болар ,қайталанбас ерліктің көрінісі болды.  

  Көрініс: ІІ топ

Сардар: -Хан ием,Отырардың билеушісі Қайыр хан  алты ай қарсылықтан кейін  қолға түсіп,тұтқындалды.Сіздің бұйрығыңыз бойынша біз оны сізге алып келдік,ол өзінің жазасын күтіп тұр.

Шыңғыс хан: -Қайыр хан арыстанша арпалысты.Мен ержүрек әрі күшті адамдарды құрметтеймін,бірақ  Қайыр ханды бас имегендігі үшін қатал жаза тосып тұр.Оның көзі мен құлағына балқытылған күміс құйыңдар!

Сардар:-Хан ием! Қараша Қажип өзінің  сыйын күтіп тұр!

Шыңғыс хан:-Оның өзіне лайық сыйы бар. Кім бір рет сатып кетсе,ол екінші рет тағы да сатып кетеді.Оны өлтіріңдер!

    Мұғалімнің сөзі:

Ал сіздер , Шыңғыс ханның  шешімімен келісесіңдер ме? Сатқындыққа қалай қарайсыңдар? Қайыр ханның ерлігіне қандай баға бересіңдер? Қандай үлгі алар едіңдер?Өз пікірлерін айтқызу.

 М.Шахановтың «Отырар апаты» өлеңінен үзінді оқыту.Оқушыларға

«Монғолдар Қазақ жерін жаулап алмаса не болар еді?»  деген сауал тастау арқылы шапқыншылық зардаптарын еске түсіруге және өзіндік ой-пікірін туындатуға мүмкіндік аламын.

  Бұдан басқа да  сабақтарымда  кестелер толтыру, дискуссиялық өрнек толтыру ,тест тапсырмаларының түрлері,тірек-сызба құру т.б.  сияқты тапсырмалар орындатамын.

  Интерактивті оқыту технологиясы – нәтижеге бағытталған оқыту.

      Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.

  Қазіргі таңда мұғалім жұмысының нәтижесі Ұлттық бірыңғай тестілеу  нәтижесімен бағаланатыны баршаңызға мәлім.2013 жылы оқушыларым Ұлттық бірыңғай тестілеуден тарих пәнінен жоғары көрсеткіш көрсетіп, 3 оқушым «Алтын белгі » иегері , 3 оқушым «үздік  аттестат »  иегері атанды.

     Осыған орай тарих сабағында өзім қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы  -білім берудің болашақ көкжиегін кеңейтетініне сенімім зор. Қорыта келе айтарым, мұғалім ізденісі білім кепілі. Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Интерактивті оқыту әдістерін тарих сабағында пайдалану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 429 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.11.2015 1732
    • DOCX 23.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Суюншалина Мирамгул Сейлхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17026
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 18 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 167 человек из 55 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 24 регионов

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 19 регионов

Мини-курс

Классики и современники: литературные портреты и психология творчества

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 114 человек из 39 регионов