Инфоурок Директору, завучу СтатьиБЕЙІНДІ СЫНЫПТАРДА ПӘНДЕРДІ МАҚСАТТЫ ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

БЕЙІНДІ СЫНЫПТАРДА ПӘНДЕРДІ МАҚСАТТЫ ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Скачать материал

Ю. Гагарин атындағы жалпы орта мектебі, 2016-2017 оқу жылы, педагогикалық кеңес

Бірінші дәрежелі, тарих пәні пәні мұғалімі 
Жолдыбаев Ерлан Умарович
БЕЙІНДІ СЫНЫПТАРДА ПӘНДЕРДІ МАҚСАТТЫ ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
баяндама

Бейінді сыныптарда пәндерді мақсатты оқытудың мәні мен жауапкершілігін қалыптастыру

(баяндама)

Қазіргі таңда біздің еліміздің ұстаздары алдында білім беру сапасын жоғарылату, яғни даму жолын қайтадан қарастыру міндеті тұр. Сонымен қоса, егеменді Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісінде оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығына деген талап арта түсуде. Мұның барлығы оқыту мақсатын оқушылардың мүмкіндіктері мен тілектеріне және қоғамның әлеуметтік, саяси-экономикалық сұранысын қанағаттандыруға сәйкестендіруден шығып отыр.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ҚР жалпы орта білім берудің мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерін дамыту тұжырымдамасында үш сатыдан тұратын жалпы білім беретін мектептің құрылымы анықталған. Соның жоғары сатысы аяқталған базалық білімнен тұратын негізгі сатыдан кейінгі бейінді білім беру болып табылады.

2007 жылғы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес орта білім беру деңгейінің жоғарғы сынып оқушыларына бейіндік оқыту қарастырылған. Бейіндік оқыту, білім беру сапасын көтерудің, мемлекеттің және қоғамның, тұлғаның өзекті және келешектегі қажеттіліктерін жүзеге асырудың бірден бір құралы ретінде қарастырылады.

Осы берілген құрылым оқушылардың жеке оқу траекториясын таңдауы мен жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ете отырып, білім беруді ізгілендіру, саралау идеяларын және базистік оқу жоспарындағы өзгермелі бөлікті жүзеге асырады. Осындай тұжырымдамалық-нормативтік құжаттарға сүйене отырып, 2006 жылғы оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектептің 10- сыныптарында бейінді оқыту енгізіле бастады.

10-11-сыныптарда бейіндік оқыту қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша жүзеге асырылады. Бір немесе екі бағытты таңдау оқушылардың қажеттілігі мен ата-аналардың сұраныстарын ескере отырып мектеппен жүргізіледі. Саралап оқытуды жүзеге асыру мен екі бағыт арқылы оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында кәсіби-бағдарланған тәсілді жүзеге асыру аясында бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту енгізіледі.

Бейінді оқыту – бұл жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында оқытуды даралауға оқушыны әлеуметтендіруге, сонымен бірге мектептің жоғары сатысы мен орта және жоғары кәсіби білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған арнайы дайындау жүйесі.

Бейіндік мектеп – осы мақсатқа жетудің институционалдық формасы.

Бейінді оқытуды енгізудегі мақсат не дейтін болсақ, ол-жалпы білім беретін мектептің жоғары сыныптарында оқушыны еңбек нарығының нақты сұраныстарын ескере отырып әлеуметтендіруге бағытталған арнайы дайындау жүйесін жасау болып табылады.

Бейіндік оқыту жеке тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған оқыту үдерісін жүзеге асыруға бағытталады. Бұл ретте оқушылардың индивидуалдық білім алу траекториясын реттеу мүмкіндігі кәдімгідей кеңейеді. Бейіндік оқытудың көздеген мынадай негізгі мақсаттары бар:

Ø жалпы орта білім берудің жекелеген пәндерін тереңдете оқытуды қамтамасыз ету;

Ø оқушылардың индивидуалдық білім бағдарламаларын құрудың кең ауқымдағы және икемді мүмкіндіктерін анықтай отырып, жоғары сынып оқушыларын оқыту мазмұнын мәнділікпен саралауға жағдай жасау;

Ø оқушылардың қабілеті мен индивидуалдық бейімділіктеріне, қажеттіліктеріне орай, түрлі категориядағы оқушылардың толыққанды білім алуға тең қолжетімдігін орнатуға ықпал ету;

Ø оқушылардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықтың қамтамасыз ету, мектеп түлектерін жоғары кәсіби білім бағдарламаларын меңгеруге тиімділікпен даярлау.

Көпжылғы тәжірибе көрсеткендей, жасөсіпірім шақтың 15 жас шамасынан бастап білім беру жүйесінде оқушылардың өз қызығушылықтарының, қабілеттерінің және мектептен кейінгі өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына жағдайлар жасалынуы керек. Әлеуметтік зерттеулер жоғары сынып оқушыларының көпшілігі (70% шамасы) «негізгі пәндердің басты қағидаларын білу, ал терең оқуға тек мамандануға байланысты пәндер ғана таңдалуына» мүдделі екендігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, жоғары сынып оқушыларында оқытуды бейіндендіру жоғары сынып оқушыларының көпшілігінің білімдік және өмірлік ұстанымдарына сәйкес келеді. 15-16 жасқа таман көптеген оқушыларда болашақ кәсіби қызметіне бағдар қалыптаса бастайды. Қазіргі кезеңде жоғары сынып оқушыларының ЖОО-ға түсу мен сынақтардан өтуі бойынша мектепте қосымша мамандандырылған даярлықтың қажеттілігі туралы тұрақты пікір қалыптасқан.

Оқытуды саралау және даралау базалық және таңдау курстары (бейіндік және элективті) курстар арқылы жүзеге асырылады.

Базалық курстарының жиынтығы оқу жоспарының инвариативті бөлігін құрайды, оқушылардың барлығы игеруге міндетті жалпы білім беретін пәндер.

Таңдау курстарының жиынтығы оқу жоспарының вариативті бөлігін құрайды:

·        Бейіндік курс (қолданбалы): тереңдетіліп оқытылатын, жалпы орта білім беру деңгейінде бейіннің мазмұнын және оқытудың бағытын айқындайтын оқу пәні.

·        Элективті курстары (таңдау): мазмұны білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын жеке бейімі мен таңдауына сәйкес қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне ықпал ететін оқу курстары.

Таңдау курстарының басты функциясы – кәсіби бағдар беру.

Бейінді оқытудың әдістемелік тәсілдері, стратегиясы, мақсаты мен міндеттері қандай? Алдымен түсініктердің мағынасын ашып алу қажет. Жалпы орта білім – оқушылардың функцоналдық сауаттылығы мен әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етуге, оларды қоғамдық және азамттық өзін-өзі анықтауына атсалысуға бағытталған жалпы білімнің соңғы сатысы.

Бұл функциялар өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тани алатын, өзінің әлеуетті мүмкіндіктері, таңдаған өмірлік жолын іске асыру ресурстары мен тәсілдерін анық тани білетін, әлеуметтік сауатты және әлеуметтік мобильді тұлғаны қалыптастыруға мақсаттардың бағытталғанын көрсетеді.

Бейінді оқыту тұжырымдамасын құрудың әдістемелік негізі «таяу даму аймағын» құратын, ілеспелі оқыту үдерісімен сәйкес келмейтін оқыту мен дамыту үдерістерінің динамикалық қатынасы туралы көрнекті кеңес психологы Лев Семенович Выготскийдің гипотезасы болып табылады. Бейінді оқыту теориясын құруда В.В.Давыдовтың дамытатын оқыту теориясы елеулі үлес қосты, ол теория бойынша дамытушы оқыту мазмұнының әдісі – оқушылар мен педагогтардың бірлескен оқу қызметін ұйымдастыру, ал даму өнімі – басты психикалық жаңаашылымдар болатын теориялық білім болып табылады. Кейінірек бұл идеялар Ш.А.Амонашвили, В.В.Рубцов, И.С.Якиманский және т.б. жұмыстарында қарқын алды.

Жалпы орта білімнің бейіндік оқыту мазмұны екі - жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық білімдік - бағыттан тұрады. Бейіндік пәндер бойынша көптілді оқыту мүмкіндігі болады.

Жаратылыстану-математикалық бағыт құрамында екі бейін болады: физика-математикалық және химия-биологиялық.

Физика-математикалық бейінге «Математика» (ілгері деңгей), «Физика» (ілгері деңгей), «Информатика және АКТ», «Графика және жобалау» пәндері кіргізіледі.

Физика-математикалық бейін пәндерінің мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі керек:

Ø математика, информатика, физика, графика және жобалау, модельдеуді практикада қолдануға бағыт алу;

Ø математика, информатика, физика, графика және жобалау, модельдеуді болмысты танудың бір ғылыми әдісі ретінде меңгерту;

Ø білім алушыларда математикалық және физикалық модельдеу аппаратын білу құзыретін қалыптастыратын білім, білік, дағдыларды меңгерту;

Ø түрлі сипаттағы қолданбалы физика-математикалық модельдерді құрастыра алатын практикалық дағдыларды меңгерту;

Химия-биологиялық бейінге «Химия» (ілгері деңгей), «Биология» (ілгері деңгей), «Рекреациялық география» пәндері кіргізіледі.

Химия-биологиялық бейін пәндерінің мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі керек:

Ø жаратылыстану циклы пәндерін пәнаралық байланысты ескере отырып тереңдете және кең ауқымды етіп оқыту;

Ø білім алушылардың қазіргі кезеңдегі жаратылыстану білімі тұжырымдамасын меңгеруі;

Ø химия, биология, географиядан білім мазмұнының жоғары білім деңгейіндегі білім беру мазмұнымен сабақтастығы және бейініне сәйкес оқуды жалғастыруы мен мамандық таңдауы мақсаты қойылуы;

Ø қазіргі кезеңдегі жаратылыстану таным әдістері мен оларды оқу іс-әрекетінде практикалық қолдану негіздерін игеруі;

Ø өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;

Ø күрделілігі жоғары теориялық және қолданбалы сыпаттағы есептерді шығарудың практикалық дағдыларын дамыту;

Ø жаратылыстану нысандары мен үдерістерді танып-білу мен модельдеуді жүзеге асыру біліктері мен қабілеттерін дамыту;

Ø білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта үш бейін болады: филологиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-құқықтық.

Фиологиялық бағытқа мынадай пәндер кіреді: қазақ мектептеріне арналған «Қазақ тілі» (ілгері деңгей), «Қазақ әдебиеті» (ілгері деңгей), орыс тілді мектептерге арналған «Орыс тілі» (ілгері деңгей), «Орыс әдебиеті» (ілгері деңгей), «Әлем әдебиеті», «Екінші шет тілі», «English for specific purposes».

Филологиялық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

Ø мемлекеттік тілдің қоғамның ресми, саяси-қоғамдық, қоғамық- экономикалық, ғылыми, күнделікті бейресми сияқты түрлі салаларында қызмет ету ерекшеліктерін білуі, басқа да тілдердің ерекшеліктерін білуі т.б.;

Ø қазақ тілінің түрлі коммуникативтік жағдаяттарда қызмет ету ерекшеліктерін меңгеру;

Ø қоғамда мемлекеттік тілде қарым-қатынас құруда ауызша және жазбаша сөйлеу тілі мәдениетін дамыту;

Ø танылатын нысандарды өзара салыстыру, салғастыру, бағалау және жіктеме жасаудың критерийлерін өз бетімен сұрыптай алатын білік-дағдыларды меңгерту;

Ø білім алушыларды ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды игеруге баулу, дүниетаным көзқарастарын қалыптастыру;

Ø сөз сөйлеуге дайындалу (тақырыпты таңдау, аталымды жинақтау, ішкі, психологиялық көңіл-күй т.б.) және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру;

Тарих-құқықтық бейінге мынадай пәндер кіреді: «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «Қазақстан заңнамасы», «English for specific purposes», «Этика және қарым-қатынас психологиясы».

Тарих-құқықтық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

Ø қазақстандық патриотизмге, белсенді азаматтық көзқарасты ұстануға тәрбиелеу;

Ø оқушылардың тарихи және құқықтық сауаттылығын дамыту;

Ø қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік коммуникацияға кіру мәдениетін дамыту;

Ø түсіндірме беру дағдыларын қалыптастыру;

Ø қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүретін басқа да ұлттардың тіліне, тарихына, дәстүріне және мәдениетіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу;

Әлемуеттік-экономикалық бейінге мынадай пәндер кіреді: «Экономики және кәсіпкерлік негіздері», «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «Қазақстанның қазіргі кезеңдегі геоэкономикасы».

Әлемуеттік-экономикалық бейін пәндері мазмұны мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

Ø қазақстандық патриотизмге, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін, белсенді азаматтық көзқарасты ұстануға тәрбиелеу;

Ø әлеуметтік өмірдің түрлі салалары, қазақстандық қоғамның даму заңдылықтары мен мүмкіндіктері туралы түсінігі болуы;

Ø кәсіби бағдар беру және білім алушылардың экономика мен кәсіпкерлік салаларда табысты еңбек ету дағдыларын дамыту;

Ø Қазақстанның индустриалды-инновациялық жаңашаландырылуы және әлеуметтік-экономикалық даму жолдары туралы жүйелі білім қалыптастыру;

Ø адамзаттың жаһандану жағдайында тұрақтылықпен даму заңдылықтары, мәселелері мен жолдары туралы заңдылықтары туралы білімді меңгерту;

Ø оқушыларда әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ақпараттарды талдау, мәнін түсіну және түсіндірме беру дағдыларын қалыптастыру;

Жоғарыда аталған бейін пәндердің ортақ мазмұны:

Ø басқа білім деңгейлеріндегі білім мазмұнымен сабақтастық;

Ø өз бетімен білім алу білігі мен қабілеттерін дамыту, өз бетімен негізгі білім модульдері бойынша жобалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін талдау және негіздеу;

Ø білімін таңдап алынған бейін бойынша алдағы білім деңгейлерінде жалғастыруға дайындалу, кәсіби өзіндік келбеті қалыптасқан тұлға болуға даярлану.

Бейіндік сыныптарда білім алатындардың педагогикалық кадрларының деңгейіне қойылатын талаптар.

Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің ерекшелігі сонда, ол оқушыны тек қана біліммен қаруландыруға ғана қабілетті болып қоймай, сонымен қатар өздігінен үздіксіз және шығармашылық тәсіл арқылы жаңа білім алуға деген құштарлықты қалыптастыру, өздігінен білімін жетілдіруде біліктілігі мен дағдыларын шыңдауға жағдай жасау. Білімді жетілдірудің басты нәтижесі ретінде мектеп бітірушілердің, жастардың өз амандығы үшін де, қоғамның амандығы үшін де жеке жауапкершілікті көтеруге дайын болуы мен қабілеттілігі қарастырылады.

Бейінді оқытудың жемістілігінің басты және негізгі шартының бірі, жалпы білім беру жүйесін жетілдірудің артықшылық бағыты ретінде мұғалімдер өз кәсіби құзіреттілігін арттыру болып саналады.

Бейінді мектепке жаңа кәсіби сана-сезімді мұғалімдер қажет:

Ø білім беру үдерісін нұсқалық және тұлғалық бағыттылығын;

Ø білім беруді тәжірибелік әрекетке бағыттаушы;

Ø оқушылардың кәсіби өзіндік таңдауын аяқтауын қамтамасыз ететін мұғалімдер қажет.

Бейінді мектептің мұғалімі оқушылардың жобалау, іздеу-зерттеу әрекеттерін ұйымдастырудың әдістерін меңгеруі тиіс. Олар:

Ø пәннің бейінді және базалық деңгейіндегі мазмұнын меңгеру;

Ø сабақтың барысында және сабақтан тыс уақытта әрекеттің әр түрлі тәсілдерін қолдану: оқушылардың зерттеушілік және жобалық жұмыстары, танымдық әрекетті ұйымдастырудың топтық және жеке түрлері;

Ø мектепішілік бағалау жүйесінің өзгеруі, бағаны жинақтау технологиясын меңгеру;

Ø элективті курстардың сабақтарын ұйымдастыру әдістерін меңгеру;

Ø оқудағы құзіреттілік көзқарастың мәнін түсіну.

Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім әрдайым өз білімін жетілдіріп отыруы, жаңа технологияларды (сонымен қатар компьютерлікті де) және жұмыстың әдістерін меңгеруі тиіс.

Бейінді мектеп мұғалімі нені білуі керек:

Ø оқушыларды өзіндік шығармашылық жұмыстарға баулуда бағыт беруді жобалай білуі тиіс;

Ø оқушылармен жұмыс істегенде қызметтің әр түрлісін (топтық, жұптық) қолдана білуі керек;

Ø алуан түрлі ақпарат көздері және дерек базаларымен өз бетінше жұмыс істей білуі керек;

Ø оқу үрдісінде ашық білім беретін ақпараттық технологияларды пайдалана білуі керек.

Ø оқушылардың кәсіптік таңдауына ықпал ете білуі тиіс.

Жоғарыда айтылғандардың бәрі бейіналды және бейінді оқытумен белсенді түрде айналысып жүргендер үшін пайдалы болмақ.

Бейіндік оқыту - оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы саралай оқыту теориясын іске асыру және дамытудың заңды нәтижесі. Ол біздің қоғамымызда, әлеуметтік өмірімізде, құндылықтар жүйесінде болып жатқан күрделі өзгерістермен шартты байланыста. Бейіндік оқытуды енгізу – қазіргі білім беру саласындағы реформаның негізгі бағыттарының бірі. Жаңа бейіндік мектеп құру – жауапкершілікті, білім мазмұнын қалыптастыру мен білім беруді ұйымдастырудың формаларын таңдауда, мамандарды қарқынмен даярлауда сапалы өзгерістерді қалайтын маңызды үдеріс.

Бірінші (ілгергі) дәрежелі, тарих пәні пәні мұғалімі

Жолдыбаев Ерлан Умарович

2017 жыл, сәуір


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "БЕЙІНДІ СЫНЫПТАРДА ПӘНДЕРДІ МАҚСАТТЫ ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 126 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2017 7926
    • DOCX 46.7 кбайт
    • 128 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолдыбаев Ерлан Умарович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жолдыбаев Ерлан Умарович
    Жолдыбаев Ерлан Умарович
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 12488
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Контролер-распорядитель: обеспечение общественного порядка и общественной безопасности при проведении официальных спортивных соревнований

36 ч.

1580 руб. 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы и руководство подразделением по научным исследованиям и разработкам

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Курс повышения квалификации

Основы биоэтических знаний и их место в структуре компетенций ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе