Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Білім беру үрдісіндегі құзыреттілік .

Білім беру үрдісіндегі құзыреттілік .

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Білім беру үрдісіндегі құзыреттілік

Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр.

Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа əлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді жəне олар бəсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мəн беру білімді жоғары дəрежеге көтергені мəлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен,

соның ішінде академиялық жəне еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. Құзыреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды. Негізгі құзыреттілік. Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде:

* ақпараттық;

* коммуникативтік (қатысымдық);

* əлеуметті – құқықтық құзыреттілік көрсетілген.

Ақпараттық құзырет – мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедиа, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.

Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дəстүрді білу, дау-жанжалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу жəне

қолдана білу қабілеттері.

Əлеуметті-құқықтық құзырет – өз елінің азаматы ретінде өзнің жəне қоғам мүшелерінің əлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту. Құзыреттілік – тұлға бойындағы белгілі-бір пəн бойынша алған

нəтижелі білімнің білім, білік, дағдыларынан көрінуі. Құзырлылық – осы құзыреттілікті тұлғаның пəн бойынша алған білімін өз қажеттілігіне сəйкес қолдана, пайдалана білуі. «Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп лингвистикаға енгізген – американдық ғалым Н. Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне

негізделеді. Жалпы алғанда құзыреттілік дегеніміз – жеке тұлғаның белгілі бір мəселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы жəне адамның жеке өзінің іс- əрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.

Құзыреттілік дегеніміз – оқушының алған білімі мен дағдыларын тəжірибеде, күнделікті өмірде қандайда бір практикалық жəне теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін

қалыптастыруда қатысымдық əдістің маңызы зор.

«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» – қол жеткізу, сəйкес келу, сөзінен шыққан) –оқушылар жəне қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі, қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл жəне сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе

аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мəдени дəстүріне сəйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені.

Коммуникативтік құзыреттілік өз ана тілін жəне басқа тілді білудегі қабілеттілігін қарастырады. Ол құрамына қарай 5 негізгі бөлікке бөлінеді: 1) Грамматикалық құзыреттілік;

2) Социолингвистикалық құзыреттілік;

3) Дискурсивті құзыреттілік;  

4) Стратегиялық құзыреттілік;

5) Социомəдениеттік құзыреттілік.

Енді осы құзыреттіліктердің анықтамасына тоқталайық.

Грамматикалық құзыреттілік – тіл ережелерін білу, грамматикалық ережелерді оқыту. Оқушыларға грамматикалық кестелер арқылы жан-жақты білім беруді негізге ала отырып оқулықта берілген грамматикалық ережелерді жаттату, талдату.

Социолингвистикалық құзыреттілік – мəтіндердің шығу жəне танып білу үрдістерін меңгеру. Бұл тыңдалым арқылы басқа адамның (мұғалімнің немесе оқушының) тілін ұғу болып табылады. Бұл үшін оқушылардың бірін-бірі тыңдауына жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда тілдік орта қалыптасады, яғни оқушыларды мəтін арқылы сөйлеуге үйрету.

Дискурсивті құзыреттілік - айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру. Бұл қазіргі таңдағы ең қажетті құзыреттілік. Себебі оқушыларды дұрыс сөйлем құрып, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету қажет. Ал мұның өзі мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту

ұстанымдарында ерекше айтылады. Онда сөйлеу тілін үйретуді фонетикадан емес, синтаксистен, яғни оқушыларға алдымен сөйлеуді үйрету қажеттілігі айтылған.

Стратегиялық құзыреттілік- əңгімелесуші адаммен байланыс жасау. Бұл – диалог құру жəне оны жалғастыру барысында жүзеге асатын үрдіс. Бұның өзі бастапқы мəселенің практикалық бөлігі болып табылады. Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс кезінде жаттықтырады. Диалогтік тілдің оқушылар үшін күнделікті өмірде бір-бірімен қарым-

қатынас жасау кезінде маңызы зор екендігін əрбір оқушының санасына жеткізуге тырысу керек.

Социомəдениеттік құзыреттілік – тілді тасымалдаушы, қолданушы халық мəдениетін білу жəне қолдану. Қазақ тілі оқулықтарына халық педагогикасы бойынша тақырыптар енгізілген. Олар: қазақ халқының салт-дəстүрлері, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер жəне мейрамдар, отбасы тəрбиесінің дəстүрлері жəне қазақ халқының қонақжайлылығы. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқының əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерімен таныстыра отырып оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру жəне қазақ халқының мəдениеті, тұрмысы, салт-дəстүрлері туралы білімдерін тереңдету.

Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей.

Сұрақ-жауап (мұғалім мен оқушылар)

Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)

Жазылым (тақырыпқа байланысты мəтінмен жұмыс).

Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы болып есептеледі, себебі бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады. Өз іс-тəжірибемде осы бағыттарды басшылыққа ала отырып жұмыс істеп жүрмін.

Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері

оқушылардың қатысым жəне жазылым қарым-қатынасын қалыптастыруға,

сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге, жеке тұлғаның құзыреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады.

Осыған байланысты əдіскер-ғалым Фаузия Оразбаева қатысымдық əдістің өзіндік белгілерін көрсете отырып оған мынадай анықтама береді: «Қатысымдық əдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі- бір тілде  сөйлеу мəнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен əдістемелік категорияларына тəн басты

белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын əдістің түрі». Осылайша мұғалімнің оқудағы құзыреттілікке бағыт-бағдар беруі оқушылардың ой-қорытынды жасауына, өз ойын айта білуіне, оны күнделікті өмірде пайдалана білуіне

көмегін тигізеді. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру – заман талабы.

Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров174
Номер материала ДВ-340485
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх