Инфоурок Математика Другие методич. материалыБілім берудегі жаңа технологияның тиімділігі

Білім берудегі жаңа технологияның тиімділігі

Скачать материал

БҚО, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің

математика пәнінің мұғалімі Кунакбаева Айсауле Пазыловна

 

 

 

 

Білім берудегі жаңа технологияның тиімділігі

 

Еліміздің білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңі – оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысатын өтпелі кезеңі. Дарынымен ерекшеленетін балаларға неғұрлым жайлы орта жасайтын және әр баланың даму мүмкіндігіне байланысты оқыту жүйесін құруға берік негіз болатын технологияларды басты тірек етіп алу керек. Сондай-ақ жаңа педагогикалық технологияларды дамыту мен қолдану дербес компьютерлер мен телебайланыс жүйелерінің мүмкіндігімен байланысты. Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар жетерліктей. Оларды пайдалану барысында адам, оның өмір құқығы мен бостандығын ең жоғары құндылық ретінде анықтайтын Қазақстан Республикасының негізгі заңы Қазақстан Республикасының Ата заңын басшылыққа алу керек. Бұл білім беруді жаңартудың негізгі қағидаларын Білім берудің «ізгілік парадигмасын» іске асыруға бағытталған білімді ізгілендіру мен демократияландыру қағидаларын анықтайды. Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың «миына құйғанмен», ойлау мен сөйлеу негіздеріне мүмкіндік бермей, шығармашылық, арман, қиял қанатын байлап қояды. Көптеген жағдайда  бала өзінің ой еңбегін әлі ойлап та үлгермеген, санасына ерекше әсер етпеген түрінде жаттап алуына тура келеді. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау қабілеті дамиды. «Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін оны ойлауға үйрету керек» делінген (В.А.Сухомлинский). Сабақта жалпы мектепте оқушыға жайлы және ыңғайлы болу керек, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады, ол тұлға ретінде жан-жақты дамитын болады. Қазіргі заманда мектеп бала үшін қызмет ету керек, ол білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті ,ойлау мен сезіну қабілеті бар адам дайындау керек.  Мақсаты – оқушының барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез-келген жағдайда шешіп іс-әрекет жасай алатын болу керек.

            Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай: «қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі талапқа сай жаңа технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз». Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

            Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.

            Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей отырып оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.

            Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары  бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

            Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

            Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан  ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.

            К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші, адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет.

            ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.

            Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1-орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру жатады.

            Мен өз тәжірибемде оқушыны өз орныма қоймас бұрын, ең оңай тапсырма «тірек сызбалар» жасаудан бастадым. Сызбаны жаңа сабақ өткенде, рационал сандарды салыстыруда жиі пайдаланамын. Мысалы:  салыстыру үшін Венн диаграммасын қолдану. «Тірек сызбаларын» сызып үйренген оқушы модель сызуға да дағдыланады.  Әсіресе, қорытынды сабақтарда белгілі тақырып бойынша қорытындыны модель түрінде қорғап шықса, ол есте сақтау қабілеттеріне тиімді, себебі түрлі формадағы модель үлгілері кез-келген сәтте бағыт-бағдар берсең, көз алдарына елестеуі мүмкін.

            Ең алдымен, бұрын қатынас жасамаған, сабақ бермеген сыныптарда сабақ бермес бұрын, мектеп психологымен, дәрігермен, сынып жетекшісімен бірлесіп, оқушылардың білім деңгейлерін, белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылықтарын байқау мақсатында сауалнама, сұхбат өткізу керек. Содан кейін сыныппен жұмыс істеу біршама жеңілдей түседі. Мысалға алғанда:

Оқушының

 аты-жөні

Әлеуметтік жағдайы

Денсаулығы

Сыныпта алатын орны

Мұғалімге деген көзқарасы

Пәнге деген қызығу-

шылығы

Психолгиялық климат

(психолог

тың сыныпқа берген мінездемесі)

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың негізгі кезеңі ұйымдастыру болғандықтан, оқушыға жақсы көңіл-күй тудыру үшін сабақты музыка тыңдаудан бастаған абзал.

            Оқушы өзін мұғалім орнында сезінуі үшін топ басшылары сайланып, бағалау солардың еншісіне тиеді.

            Сабақта даралап, саралап, топтық, жұптық, индивидуальдық оқу түрлері мен формаларын  қолданамын. Жұптық жұмыс – бір-бірінің білімін бағалап, білімін тексеріп, білмегендерін сұрауда тиімді болса, топтық жұмыс – үлгерімі төмен оқушы мен үлгерімі жақсы оқушы қатар отырып, өз тобы үшін жұмыс істеп, топ басшыларының басшылығымен берілген тапсырмаларды өз шама шарқынша орындау да, қарым-қатынас жасау да ынтымақтастыққа тиімді. Сыныпта білім деңгейлері әр сатыдағы балалар болғандықтан, индивидуалдық, дифференциалдық жұмыс жүргізу қажет, ол жұмыс деңгейлік тапсырмалар, карточкалар арқылы жүзеге асады.

            Н.Ә.Назарбаевтың "Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында" деген зор сенімін жалпы ұстаз қауымы басты бағдарда ұстануы керек. Сондықтан: "Әр ұстаз жаңа инновациялық технологиялармен қаруланып, ел болашағына интеллектуалды, парасатты, ұлтжанды патриот тәрбиелеуде өзіндік сара жолын қалыптастыра білуі керек!"-деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім берудегі жаңа технологияның тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 189 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.08.2016 594
    • DOCX 253.5 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кунакбаева Айсауле Пазыловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кунакбаева Айсауле Пазыловна
    Кунакбаева Айсауле Пазыловна
    • На сайте: 7 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7794
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мастерство мышления: развитие SoftSkills и математической логики

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 10 регионов

Курс повышения квалификации

Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 430 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 5 552 человека

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе