Инфоурок Другое Конспекты« Дарындылар додасы» атты интеллектуалды сайыс.

« Дарындылар додасы» атты интеллектуалды сайыс.

Скачать материал

Интеллектуалды сайыс 

Тақырыбы: Дарындылар додасы
 

Математика пәні мұғалімі: Мұсаханов Бекжан Әбубакірұлы
 
Өтетін күні: 29.10.2016 Өтетін уақыты: Сағат 16:00
 
Қатысушылар: 9-сынып оқушылары Өтетін орны: акт зал
 

Тақырыбы: « Дарындылар додасы» атты интеллектуалды сайыс.
 
Мақсаты: Оқушылардың математикалық ой – өрісін дамыту, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
 
Көрнекілігі: Плакаттар
 
Қажетті құрал-жабдықтар: қол белгілері,реттік нөмерлері.
 
Шараның жүру барысы:
 
Ұйымдастыру бөлімі.
 
Сайыс тақырыбымен, мақсатымен және жүргізушілермен таныстыру.
 
(математика пәні мұғалімі: Мұсаханов Б.)
 
Негізгі бөлім. Сайыс 8 бөлімнен тұрады.
 
I тур «Жаңылмаймын»
 
II тур. «Бәйге»
 
ІІI тур. « Тіл – өнер»
 
ІV тур. «Формуланы білесің бе?»
 
V тур. « Ғажайып үштік »
 
VI тур. «Термин» сөздер
 
VII тур. «Жанды сұрақтар»
 
VІII тур. « Дода»
 
Сайысты қорытындылау, марапаттау.
 

Кіріспе сөз:
 
Құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! « Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін , ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, « Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана, оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қаныш Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы білімді жастар екені даусыз. Олай болса, білімді, дарынды оқушы – ұлт болашағы. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. «Адам ұрпағымен – мың жасайды» демекші болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт болып жазылмақ.
 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: « ... Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол- аяғымызды қалай қыспасын,мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет мен өнерін жасайтын тарлан боз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті» деп дарынды оқушы туралы ойын айтқан екен.
 
Енді келесі сөз кезегін, сайысты жүргізушілерге берейік.
 
1 – жүргізуші:
 
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
 
Математикаға қызығушылар:
 
Естігенін есте тұтып
 
Оқығанын миға тоқушылар!
 
2- жүргізуші:
 
Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
 
Айтар ойын тұспалдар.
 
Сіз оқытқан оқушылардың,
 
Сәті келді сыналар!
 
1 – жүргізуші: « Асыл тастан, өнер жастан
 
Шығады деп дарынды.
 
Халық айтса, қалт айтпайды
 
Әрқашан да нанымды» -деп Абай атамыз айтқандай
 
өмірдің өзі сайыс, ойын.
 
2 – жүргізуші: Бүгін, біздің мектебімізде математика пәнінің алғырлары күш сынасып өздерінің білім деңгейлерін көрсетпекші.
 
Шақырамыз, келіңдер жарысуға
 
Күш, өнер, білімменен алысуға
 
Бар өнерді салайық, ортамызға
 
Қәнеки, кім шығады сайысуға! - деп ортаға сайыскерлерді шақырамыз. Енді, сайысымыздың жоспарымен таныстырсақ. (8 тур бойынша атап өту). Сайыс барысында жауап беретін топ қолындағы белгісін көтеру керек. Бірінші көтерген оқушының жауабы тыңдалады.
 
Сонымен, Құрметті көрермендер, сайысымызды бастайық.
 
Сайысымыздың алғашқы туры
 
I -тур «Жаңылмаймын»
 
30 – ға дейін санай аласың ба?
 
- Санаймын! – деп оқушы жауап береді
 
- Ал ендеше, баста, бірақ бір шарты бар: «3 санын және 3 - ке» бөлінетін
 
сандарды сен айтпауың керек (6, 9, 12...). Сонымен қатар құрамында «3» бар (13, 23...) сандарды да айтпайсың, оның орнына «жаңылмаймын» деп айтуың керек. Мысалы: 1, 2 «жанылмаймын», 4; 5 жанылмаймын. Түсінікті ме? Баста. Қателеспей 30 – ға дейін санап шығыңдар.
 
– « Бәйге »
 
Қарап тұрмай, бәйгеге еріңіз,
 
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
 
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
 
Бәйге,бәйге, бәйгені бір көріңіз.
 
Бұл тур бойынша сайысқа қатысушы тұлпарларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Әрбір дұрыс жауапқа – 10 ұпай беріледі.
 
ІI – тур. «Бәйге»
 
(1 ж ) 1. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? ( Ж: « Әл жебр» деген араб
 
сөзі)
 
(2 ж) 2. Градустық өлшемі 900-тан үлкен, бірақ 1800-тан кіші бұрышты не деп атаймыз? (доғал бұрыш)
 
(1 ж) 3. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді?
 
( жер өлшеу)
 
(2 ж) 4. Рационал сандар жиынын нелер құрайды? ( бүтін сандар, оң және
 
теріс бөлшектер)
 
( 1 ж) 5. Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? (12 қыры, 6 жағы)
 
( 2 ж) 6. Сандар тізбегінің берілуінің қанша тәсілі бар? (4-еу, баяндау,
 
аналитикалық, рекуренттік, графиктік)
 
(1 ж) 7. Градустық өлшемі 900-қа тең бұрышты не деп атаймыз? (тік бұрыш)
 
(2 ж) 8. Шеңбердің ең үлкен хордасы? (диаметр)
 
(1 ж) 9. 2 ғасырда неше жыл бар? (200 жыл)
 
(2 ж) 10.Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
 
(1 ж) 11. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді? (медиана)
 
(2 ж) 12. Градустық өлшемі 900-тан кіші бұрышты не деп атаймыз?(cүйір бұрыш)
 
(1 ж) 13. Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ? (параллель)
 
(2 ж) 14. Барлық нүктелері бірдей қашықтықта жататын фигураны не деп атаймыз? Шеңбер
 
1- жүргізуші: Осы тур бойынша сайыскерлердің алған ұпайларымен таныс болыңыздар.
 
«Ана тілің - арың бұл
 
Ұятың боп тұр бетте
 
Өзге тілдің бәрін біл
 
Өз тіліңді құрметте»-дей келе сайысымыздың келесі туры
 
«Тіл өнер» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлім бойынша сайыскерлерімізге жұмбақ немесе мақал-мәтелдерден және геометриялық ұғымдардан сөз жасырылады. Жауабын үш тілде аудару керек. Жауабын дұрыс тауып үш тілде аударса, 30 ұпай, екі тілдегі аудармаға 20 ұпай, еш аудармасы жоқ болса, 10 ұпайға ие боласыңдар.
 

ІІI тур. «Тіл өнер.»
 
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
 
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
 
(Ауа, воздух,аіr )
 
Білекті .... жығады,
 
Білімді мыңды жығады.
 
(бірді, один, one )
 
Кез-келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады?
 
(түзу, прямая,straight )
 
Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар.
 
(киіз үй, юрта, )
 
..... жылда ел жаңа
 
(елу, пятьдесят,fifty)
 
Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура?
 
(бұрыш, угол, angle)
 

2- жүргізуші:
 
IV тур. «Формуланы білесің бе?»
 

Кездесті қандай формула
 
Айтып жібер ойланып тез.
 
Формула қандай болды кез.
 
Мына формулалар бойынша нені табуға болатынын айту керек.
 
S=a*b (тіктөртбұрыштың ауданы)
 
S=π*R2 (дөңгелек ауданы)
 
S=υ*t (жолдың ұзындығы)
 
V=a*b*c (тік бұрышты параллелепипедтің көлемі)
 
C=2πr (шеңбердің ұзындығы)
 
V=a3 (кубтың көлемі)
 
S=√(p(p-a)(p-b)(p-c)) (Герон формуласы, үшбұрыштың ауданы)
 
P=4a ( квадраттың периметрі)
 
D= b2-4ac (квадрат теңдеудің дискриминантын)
 

1- жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі
 

V тур. «Ғажайып үштік».
 

Оймен кәне көк теңізін кешіңдер.
 
Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер.
 
Айтылғанда математикалық есептер,
 
Зейін салып зердеменен шешіңдер.
 
Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды.
 

Сандық есептер. 20 20 20 20
 
Викториналық сұрақтар. 30 30 30 30
 
Нақыл сөздер. 40 40 40 40
 

Сандық есептер.
 
20. Квадрат қабырғасы 9 см. Периметрі нешеге тең? (36 см)
 
20. Трапецияның қабырғалары 10 см және 8 см. Орта сызығы нешеге
 
тең? (9 см)
 
20. Қабырғасы 6 см және 8 см тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең?
 
(48 см2)
 
20.Дөңгелектің радиусы 15 дм болсын. Ауданы нешеге тең? (706,5 дм2)
 

Викториналық сұрақтар.
 
30. Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тарелкеде бір
 
бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады?
 
(бір бала тарелкесімен алады)
 
30. Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағат 20 минут ұшады
 
да, сол жолмен қайтарда 80 минут ұшты. Себебін түсіндір.
 
(1 сағат 20 минут = 80 минут)
 
30. Төрт дос бала мейрамханаға жиі барып әрқашан бір үстелге
 
отырады. Жалғастың әрқашан бір орынға отыра беретіні белгілі
 
болса, достар неше түрлі тәсілмен үстелге отыра алады? (3)
 
30. Бөрененің ұзындығы 150 см. Оның 1/3 бөлігін кесіп алып тастады.
 
Қалған бөлігінің ұзындығы қанша? (100 см)
 

Нақыл сөздер.
 
40. «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтанда оны
 
оқу керек»-дегенді кім айтқан? (М.Ломоносов)
 
40. «Математика барлық нақты ғылымдар сөйлейтін тіл »-дегенді кім
 
айтқан? (Н.Лобачевский)
 
40. «Математик жанымен ақын болуы керек»-дегенді айтқан кім?
 
( С.Ковалевская )
 
40. «Геометрияға да поэзиядан кем түспейтін шабыт керек»-дегенді
 
айтқан ғалым? (Әл-Фараби)
 
2- жүргізуші: Сонымен, ойынымыздың келесі бөлімі
 
VI- «Термин» сөздер
 
Математикалық терминдерді қай топ көп атайды.
 
«1 топ» «2 топ»
 
А – абцисса Б - бұрыш
 
Д – диаметр С – симметрия
 
Г – градус Ж – жазықтық
 
К – координата М – модуль
 
Н – нақты сандар П – периметр
 
Р- рационал сандар Т-тригонометрия
 
Ф-функция Х-хорда
 
Ш-шар Ц-центрлік симметрия
 
1- жүргізуші: Сонымен, ойынымыздың келесі бөлімі
 
VII- тур «Жанды сұрақтар»
 
Бұл бөлім бойынша сіздерге қойылатын сұрақтар үш нұсқада беріледі.
 
Жетіліктің сұрағы көп сабақтан
 
Шәкірттердің білері алға шығады.
 
Асықпаңдар, ойланыңдар, жақсылап,
 
Үш жауап бар біреуі оның шырағы.
 
Сіздер сол нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауларыңыз керек. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.
 
1. Координаталық түзуді кім енгізді?
 
1. И.Ньютон
 
2. Р.Декарт
 
3. Э.Галуа (Р. Декарт)
 
2. Жиын теориясының негізін қалаушы?
 
1. Р.Декарт
 
2. Э.Галуа
 
3. Г. Кантор. (Г. Кантор)
 
3. Математикалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек жазған қазақ ғалымы?
 
1. О.Жәутіков
 
2. К.Исақов
 
3. С.Сыдықов О.Жәутіков
 
4. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғалым?
 
1. Әл-Фараби
 
2. Евклид
 
3. Әл-Бируни Әл-Фараби
 
5. Пропорцияның қазіргіше жазылуын 1693 жылы қай математик енгізген?
 
1. Лейбниц:
 
2. Галуа:
 
3. Кантор. (Лейбниц)
 
6. Кімді математика королі атаған?
 
1. Э.Галуа
 
2. Г. Кантор.
 
3. К. Гаусс К. Гаусс
 
7. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».
 
1. М. Ломоносов
 
2. Лейбниц:
 
3. Евклид М. Ломоносов
 
8. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы»
 
1. К.Гаусс
 
2. Әл-Фараби
 
3. Әл-Бируни К.Гаусс
 
9. Физиканың оң колы химия болса, ал математика оның көзі.
 
1. М.В.Ломоносов
 
2. К.Исақов
 
3. С.Сыдықов М.В.Ломоносов
 
10. “Математиканың өз тілі бар — ол формула ”.
 
1. С.В. Ковалевская
 
2. И.Ньютон
 
3. Р.Декарт С.В. Ковалевская
 

2- жүргізуші: Сайысымыздың ең шешуші кезеңі
 
«Дода» бөліміне көшейік.
 
Ең қиыны жарыстың дода келді
 
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
 
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
 
Сайысымыздың соңғы кезеңі «Дода»
 
Бұл кезеңде 2 ойыншыға 15 сұрақтан қойылады. Осы сұрақтарға 1 минуттың ішінде шапшаңдылықпен жауап беру керек. Оқушы 1 минутта қанша сұраққа жауап берсе, сол жинаған ұпайы болып есептеледі.
 
1-оқушыға қойылатын сұрақтар:
 
Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш? (теңбүйірлі үшбұрыш)
 
Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу? (параллель)
 
Қарама-қарсы қабырғалары параллель болып келген төртбұрыш?
 
(параллелограмм)
 
Қандай сандар 5-ке бөлінеді? ( 0 мен 5- ке аяқталатын
 
сандар)
 
Берілген бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы?
 
(синус)
 
Барлық қырлары тең болатын тік бұрышты параллелепипед?
 
(куб)
 
Бағытталған кесінді? (вектор)
 
Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі? (планиметрия)
 
Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз)
 
Төрт таңбалы математикалық кестенің авторы? (Брадис)
 
Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? (хорда)
 
2-ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? (Тақ сандар)
 
√625-? (25)
 
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы? (1800 )
 
Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі? (кесінді)
 
Шешімдері бірдей теңсіздіктер ( Мәндес теңсіздіктер )
 

1- жүргізуші:
 
2-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:
 
Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? (дұрыс үшбұрыш)
 
Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)
 
Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм? (тіктөртбұрыш)
 
Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан (нөл)
 
Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы? (косинус)
 
Жарты дөңгелекті оның диаметрінен айналдырғанда шыққан геометриялық дене? (шар)
 
Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)
 
Планиметрия нені зерттейді? (геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі)
 
Пайыз дегеніміз не? (санның жүзден бір бөлігі)
 
Координаттар жүйесін тұңғыш рет қолданған француз ғалымы? (Декарт)
 
Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)
 
Үшбұрыштың табаны 24 см, орта сызығы неге тең? (12 см)
 
142 –неге тең? (196)
 
Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неге тең? (600 )
 
Жай сандардың кестесін жасаған грек ғалымы кім? (Эратосфен)
 
Бір нүктеден шыққан түзу? (сәуле)
 
Қарама – қарсы сандардың қосындысы неге тең? ( 0 тең )
 
2- жүргізуші:
 
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
 
Ал, қазір әділқазыларға сөз кезегін берейік.
 
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап
 
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
 

Сайыс қорытындыланып, жеңімпаздар анықталады. Көп ұпай жинаған топқа «Дарынды оқушы» атағы беріледі.
 Тәрбие.орг сайтынан « Дарындылар додасы» атты интеллектуалды сайыс. Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мусаханов Бекжан Абубакирулы

ОҚО Мақтарал ауданы Жетісай қаласы Таубай ата ауылы №9 М. Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі Математика

http://tarbie.org/_ld/126/33492216.jpg http://tarbie.org/_ld/126/41222085.jpghttp://tarbie.org/_ld/126/77021308.jpg http://tarbie.org/_ld/126/22369249.jpg

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

0

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "« Дарындылар додасы» атты интеллектуалды сайыс."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 345 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2017 1015
    • DOCX 763 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адахамова Элдора Абдихалиловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9689
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов