Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыӘдептен озбайық тәрбие сағаты

Әдептен озбайық тәрбие сағаты

Скачать материал

Күні:

Тақырыбы: «Әдептен озбайық»

Сыныбы: 5,6

Сабақтың мақсаты:оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре  отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын таным белсенділігін арттыру, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері
«Уәде беремін!» 
шаттық шеңбері. Бұл шаттық шеңбері мұғалімнен бастап өз уәдесін айнаға қарап айтады да аяғында уәде беремін дейді. Дәл солай шеңбер бойымен оқушылар өздеріне уәделерін айтып өтеді. Мысалы мұғалімнің уәдесі: «Мен бүгінгі сабақта жақсы ат салысып қатысқан  топты міндетті түрде марапаттауға уәде беремін» деген сияқты. Бұл әдіс оқушыларды өз бойына міндет алуға үйретеді. Және сол міндетті орындауға тырысады.

Мұғалім:Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.

Осы әдептілік ережесін сақтау керек.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.

«Көпшілік ескермейтін әдептілік қағидалары»

  Әдептілік сөзіне  «Ассоциация»   құру

Ойын   «Жалғастыр»

1)      Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деу керек? (Рахмет апа) деу керек.
2) Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу - айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек? ( Кешіріңіз!) деу керек.
3) Осы келген бетіңде
Допты қудың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың сен не деуді? ( Сәлеметсіз бе?) деу керек.
4)Үй артында қоқысты
Жатқан көптен үйіліп
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп.
Не дегенің жөн еді ? (Көмектесейін) деу керек.

 



«Не істеуге болмайды?»   Мұғалім бастапқы   сөзін айтады,  оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
    «Не істеу керек?»

- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқор болу керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

-Тәртіпті-----------------(болу керек)

 

Әдептілік жайлы мақал- мәтелдердің жалғасын табу.

1.       Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

2.       Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

3.       Ашу- дұшпан, ақыл- дос,

Ақылыңа ақыл қос.

4.       Сіз деген- әдеп,

Біз деген- көмек.

5.       Ұлық болсаң- кішік бол.

6.       Кішіден ізет- үлкеннен құрмет

7.       Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

8.       Жақсы адам ай мен күндей

Әлемге бірдей.

9.       Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

 

«Түймедақ» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беру.

Ø  Әдеп дегеніміз не?

Ø  Неліктен «Әдепті бала-арлы бала,әдепсіз бала-сорлы бала» дейді?

Ø  «Әдептілік-әдеміліктің белгісі» деп неге айтады?

Ø  Әдептілер болмаса қоғамда не болар еді?

Ø  Әдептілікті адамгершілікпен салыстыршы.Ұқсастық бар ма?

Ø  Әдепті болу керек пе?Неліктен?

 

 

Түйін сөз

Мұғалім: -Балалар, бүгінгі сабағымызда өз ойларыңызды ортаға салдыңыздар. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.
Адамгершіліктің қатып қалған қағидасы жоқ. Әр адам адамгершілікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғатынан бойына сіңіреді. Сіздер өмірде қиындыққа мойымай, еш кедергісіз алға қадам басыңыздар. Ғабиден Мұстафин «Адамшылықты айта бергеннен гөрі көрсете біл» деген. Біздің мектебімізде адамгершілігі мол оқушылар көбейе берсін деп сабағымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарашоқат жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
«Әдептен озбайық!»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Б.Қасмоыа

Г.Ермекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдептен озбайық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 568 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2019 4073
    • DOCX 76.8 кбайт
    • 91 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ермекова Гулназира Кенжесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ермекова Гулназира Кенжесовна
    Ермекова Гулназира Кенжесовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9121
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 768 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 015 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 400 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 557 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 815 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 854 человека

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе