Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Тесты / Дүниетану пәнінен тест жұмыстары 3- сыныпқа арналған

Дүниетану пәнінен тест жұмыстары 3- сыныпқа арналған

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

1-жұмыс. Орындаған: __________________________________ Мерзімі:__________


1.Адамға, жануарларға және өсімдіктерге – бәріне қажетті

жағдайлар?

а)баспана, жылу, азық, су;

ә)ауа, су, қорек, жылу, жарық;

б)ауа, топырақ, жарық, күн.


2.Адам өзіне қажет заттарды қайдан алады?

а)жерден ә)ауадан б)табиғаттан


3.Адамды қалай айтуға болады?

а)табиғаттың тірі денесі;

ә)табиғаттың перзенті;

б)табиғаттың жаратылысы.


4.Мақал-мәтелді толықтыратын сөзді тап:

Ақыл азбайды, .................... тозбайды.

а)білім ә)оқу б)кітап


5.Адам кеме жасауды неден үйренді?

а)құстан ә)балықтан б)инеліктен


6.Адамдар табиғатты қалай атайды?

а)Табиғат-пана ә)Табиғат-ана б)Жер-ана


7.Табиғатты аялап, қорғау – әр адамның ......................

а)жұмысы ә)борышы б)қызметі





2-жұмыс. Орындаған: _______________________________ Мерзімі:___________


1.Адамның денесі неше бөліктен құралады?

а) 3 ә) 4 б 5


2.Адамның дене бөліктерінің атауы:

а) бас, көз, құлақ, аяқ, қол;

ә) бас, ауыз, ішек, аяқ, қол;

б) бас, мойын, көкірек, құрсақ.


3.Адамның ойлауына, басқа мүшелерінің жұмыс істеуіне қатысатын

қай ішкі мүше?

а) өкпе ә) жүрек б) ми


4.Ми дененің қай бөлігінде орналасқан?

а) көкіректе ә) баста б) мойында


5.Адамның ішкі дене мүшелерінің атауын жазып көрсет:

hello_html_7ad46a62.jpg





3-жұмыс. Орындаған: ______________________________ Мерзімі:____________


1.Дене мүшелерін түрлі жарақаттан, соққыдан, күюден, үсуден қорғайтын не?

а) тері ә) шаш б) киім


2.Адам денесін тері не істейді?

а) көрсетпейді ә) жауып тұрады б)жарқыратады


3.Ұлғайтқыш әйнек арқылы қол терісінен нені көруге болады?

а) үлкен тесіктерді

ә) сызықтарды

б) ұсақ саңылауларды


4.Саңылаулар арқылы денеден не бөлінеді?

а) тер ә) май б) су


5.Дене тазалығын сақтау үшін не істеу керек?

а) серуендеу ә) сүртіп отыру б) жуыну


6.Өзің немесе досың дене жарақатын алғанда нені білу керек?

а)көмекке шақыруды

ә)алғашқы жәрдем көрсетуді

б)жарақатын жуып беруді


7.Йод немесе жасыл дәріні денеге қай кезде жағады?

а)дене жарақаттанғанда

ә) дене күйіп қалғанда

б) дене тоңып үсіген кезде


8.Тері үсіген кезде не істейсің ?

а) ысқылап сылаймын

ә) ақ дәкемен ораймын

б) дәрі жағып қоямын


9.Соғып, жарақат алғанда не істейсің ?

а) жылы суға салынған матамен ораймын

ә) қыздыратын затты (грелка) басамын

б) суық суға салынған матамен ораймын


10.Егер денедегі жарақат үлкен болса не істейсің?

а) қатты айқайлаймын

ә) дәрігерге барып көрінемін

б) барлық адамдарға көрсетемін


11.Медициналық жедел жәрдемді қай нөмірмен шақыру керек?

а) 101 ә) 102 б) 103


12. Бірден суық су астында ұстау немесе мұз басу керек жарақат түрі қайсысы?

а) дене күйген кезде

ә) денені соғып жарақаттанғанда

б) дене үсіген кезде


4-жұмыс. Орындаған: _______________________________ Мерзімі:____________


1.Адам денесін қозғалысқа келтіретін қай мүше?

а) тері ә) қаңқа б) ми


2.Адам қаңқасы неден тұрады?

а) сүйектерден ә) дене бөліктерінен б) ішкі мүшелерден


3.Бас сүйекте не орналасқан?

а) өкпе ә) ішектер б) ми сауыты


4.Бас сүйекте неше жақ бар?

а) 1 ә) 2 б) 3


5.Адам аузын қай жақтың көмегімен қимылдата алады?

а) үстіңгі ә) ортаңғы б) астыңғы


6.Адамның омыртқа жотасы қандай болады?

а) өте иілгіш ә) өте майысқақ б) өте созылғыш


7.Адамның қабырғалары неше жұп болады?

а) 10 жұп ә) 12 жұп б) 14 жұп


8.Омыртқаға қабырғаның қай жағы жалғасады ?

а) алдыңғы жағы ә) артқы жағы б) ортаңғы жағы


9.Қабырғаның алдыңғы жағы қай сүйекке бекіп, кеуде

қуысын құрайды ?

а) бас сүйекке ә) омыртқаға б) төс сүйекке


10.Партаға қалай отырған дұрыс?

а) алға еңкейіп, қисайып отыру

ә) түзу отырып, басыңды сәл ғана алға еңкейту

б) оңға немесе солға қарай қисайып отыру


11.Адам денесінде нешеге жуық сүйек бар?

а) 200-ге ә) 300-ге б) 250-ге


12. Адам қандай ауыр салмақты көтере алады?

а) өз салмағынан жеңіл ауырлықты көтере алады

ә) өз салмағындай ауырлықты көтере алады

б) өз салмағынан үлкен ауырлықты көтере алады


13.Адам денесіндегі сүйектер ненің көмегімен қимылдайды?

а) сүйектердің

ә) бұлшық еттердің

б) денедегі сіңірлердің


14.Жамбас сүйектері адам денесінің қай бөлігінде болады?

а) қол сүйектерінде

ә) кеуде сүйектерінде

б) аяқ сүйектерінде


15.Адам денесінің қай жерінде бұлшық еттер болады?

а) кеудесінде

ә) қол - аяқтарынды

б) дененің барлық жерінде





5-жұмыс. Орындаған: ______________________________ Мерзімі:_______________


1.Жүрек кеуде қуысының қай жағында орналасқан?

а) оң жағында ә) орта жағында б) сол жағында


2.Жүректің көлемі қандай?

а) адамның өз басындай

ә) адамның өз жұдырығындай

б) адамның өз көзіндей


3.Қай кезде қан күшпен қан тамырларға айдап шығарылып, адамның

барлық мүшелеріне тарайды?

а) жүрек жиырылғанда

ә) жүрек тоқтағанда

б) жүрек босаңсығанда


4.Қанның ағзаны аралап қозғалуын не дейді?

а) қан айналымы ә) қанның қозғалуы б) қанның жүруі


5.Қанды жүректен күшпен айдап шығару серпіні бірден қан

тамырларына берілуін қалай атайды?

а) тамырдың ұруы ә) тамырдың соғуы б) тамырдың демалуы


6.Жүректен келетін ең ірі қан тамыры қалай аталады?

а) қолқа ә) қызыл тамыр б) көк тамыр


7.Жүректен тарайтын қан тамырларын қалай атайды?

а) қолқа ә) қызыл тамыр б) көк тамыр


8.Жүрекке баратын қан тамырын қалай атайды?

а) қолқа ә) қызыл тамыр б) көк тамыр


9.Адам ағзасындағы қан айналымы кезінде қанның неше бөлігі

артерияда болады?

а) 66 % ә) 29 % б) 5 %


10.Адам ағзасындағы қан айналымы кезінде қанның неше бөлігі

көк тамырда болады?

а) 66 % ә) 29 % б) 5 %


11.Адам ағзасындағы қан айналымы кезінде қанның неше бөлігі

ұсақ қан тамырларында болады?

а) 66 % ә) 29 % б) 5 %


12.Қан айналымы деп нені айтады?

а) қанның ағзаны аралап қозғалуы

ә) қанның жүректен шығып таралуы

б) қанның жүрекке айналып баруы


13.Қан айналымының мүшелері:

а) қаңқа мен бұлшық ет

ә) жүрек пен қан тамырлары

б) бас, мойын, кеуде, қол мен аяқ


14.Сенің ағзаңда қаншалықты қан болады екен?

а) 2 литрге жуық ә) 3 л -ге жуық б) 5 л-ге жуық


15. Қай тамыр жарақат алғанда қан атқылап ағады?

а) ұсақ қан тамыры ә) қызыл тамыр б) көк тамыр


16.Вена деп қай тамырды айтады?

а) ұсақ қан тамыры ә) қызыл тамыр б) көк тамыр


17.Артерия деп қай тамырды атайды?

а) ұсақ қан тамыры ә) қызыл тамыр б) көк тамыр


18.Жүректі күту ережелері:

а) көп тамақтану, таза ауа, спорттық ойын, ұйықтау

ә) демалып отыру, жұмыспен шаршамау, пайдалы тамақ

б) спорттық жаттығулар жасау, таза ауада серуендеу, еңбекпен айналысу



6-жұмыс. Орындаған: _______________________________ Мерзімі:______________


1.Адам қай жағдайға ұзақ шыдай алмайды?

а) сусыз ә) тамақсыз б) ауасыз


2.Ауамен демалу нені білдіреді?

а) қан айналымы ә) тыныс алуды б) ас қорытуды


3.Ауамен тыныс алу нәтижесінде ауа неге еніп, неден шығып тұрады?

а) өкпе ә) жүрек б) бас сүйек


4.Өкпеге енген ауады не көп болады?

а) оттегі ә) су б) көмірқышқыл газы


5.Өкпеден сыртқа шыққан ауады не болады?

а) оттегі ә) су б) көмірқышқыл газы


6.Тыныс алу мүшелері:

а) бас, мойын, кеуде, қол, аяқ

ә) мұрын қуысы, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе

б) жүрек және қан тамырлары


7.Өкпе қайда орналасқан?

а) кеуде қуысында ә) кеуденің сол жағында б) бас сүйекте


8.Өкпе неше бөліктен тұрады?

а) 1 ә) 2 б) 3


9.Кеуде қуысы қай кезде көтеріледі?

а) тыныс алғанда ә) тыныс алу тоқтағанда б) тыныс шығарғанда


10.Қай жағдайда кеуде қуысы орнына келеді?

а) тыныс алғанда ә) тыныс алу тоқтағанда б) тыныс шығарғанда

7-жұмыс. Орындаған: ________________________________ Мерзімі:____________


1.Ас қорыту мүшелері:

а) жүрек және қан тамырлары

ә) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек

б) мұрын қуысы, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе


2. Ас қорыту жолы неден басталады?

а) жұтқыншақтан ә) өңештен б) ауыз қуысынан


3.Ауыз қуысында қай әрекет дұрыс болады?

а) тілмен жалап жеу

ә) тістердің көмегімен ұсақтап, шайнап жеу

б) ұсақтамай жұтып жеу


4.Ауыз қуысынан не бөлінеді?

а) сілекей ә) су б) түкірік

5.Жұтылған ас жолының дұрыс ретін көрсет?

а) жұтқыншақ, өңеш, қарын

ә) өңеш, жұтқыншақ, қарын

б) жұтқыншақ, қарын, өңеш


6.Қарында асқазан сөлінің көмегімен астық көп мөлшері қорытылып,

одан ұзын жіңішке ішекке өтеді.Бұл ішек қалай аталады?

а) тоқ ішек ә) аш ішек б) тік ішек


7.Астың қорытылмаған ағзаға қажеті жоқ қалдығы қай ішек арқылы

сыртқа шығарылады?

а) тоқ ішек ә) аш ішек б) тік ішек


8.Ұзын жіңішке ішекте (аш ішекте) астың қорытылуы аяқталып қоректік

нәрі барлық ағзаға қалай тарайды?

а) қан арқылы ә) тері арқылы б) су арқылы



8-жұмыс. Орындаған: _________________________________ Мерзімі:___________


1.Сезім мүшелерін белгіле?

а) бас, мойын, кеуде, қол, аяқ

ә) көз, құлақ, мұрын, тіл, тері

б) ми, өкпе, жүрек, бауыр, ішек


2.Адам сезім мүшелері арқылы сезініп, іс-әрекет жасайды.

Оған не көмектеседі?

а) тыныс алу мүшелері

ә) ас қорту мүшелері

б) жүйке жүйесі

3.Жүйке жүйесі нелерден құралады?

а) жүрек және қан тамырлары

ә) мұрын қуысы, кеңірдек, өкпе

б) ми, жұлын және жүйке тамырлары


4.Адам денесіндегі әр түрлі мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын,

ағзаның бір тұтас іс-әрекетін қамтамасыз ететін қайсысы?

а) тыныс алу мүшелері

ә) жүйке жүйесі

б) қаңқа және бұлшық ет


5.Иіс сезу мүшесін тап?

а) құлақ ә) көз б) мұрын


6.Көздің қорғанышын тап?


а) кірпік, қабақ, қас

ә) кірпік, шаш, қас

б) шаш, қабақ, кірпік


7.Күннің жылуын ненің көмегімен сезінеміз?

а) тілдің ә) терінің б) көздің


8.Сезім мүшелері қызметін жүйке тамырлары қайда жеткізеді?


а) жүрекке ә) сүйекке б) миға


9. Құлақ адамға ....................... қажет.

а) ертегі тыңдауға

ә) тыңдағышты құлаққа салуға

б) тепе – теңдік қалыпты сақтауға


10. Тілді ................ керек. Тіл ағзамыздың қорғаныш қызметін атқарады.

а) күте білу ә) көрсету б) шығару


11. Тері ағзаның ............... мүшесі.

а) дәм тату ә) сезіну б) байқау


12. Тағам адам үшін: .....................

а) күш – қуат береді

ә) дастарқанын гүлдендіреді

б) тәбетін ашады.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 02.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Тесты
Просмотров33
Номер материала ДБ-313003
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх