Инфоурок Другое СтатьиДоклад на тему «Білім мазмұнын жаңарту – өмір талабы»

Доклад на тему «Білім мазмұнын жаңарту – өмір талабы»

Скачать материал

        Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар оқытудың жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін айтқан. Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген.

Білім берудің инновациялық технологиясы – бірыңғай мақсатпеп біріккен және оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық технологияларды қамтыған, оқыту, тәрбиелеу және басқару түрлерінің, әдістері мен оқу құралдарының жиынтығы, оқытудың инновациялық технологиялары – нәтижесінде оқу процесіне деген ішкі себептің оң қатынасы анағұрлым жақсаратын, тұлғалық бағытталған, кіріктірілген, ұжымдық іс-әрекеттік, ақпараттық, қашықтықтық, дамытушылық, модульді дамытушылық және т.б. технологиялар жетекші орын алады. [3] «Шәкірт – біліммен  толтыратын  бос  құмыра  емес,   ол  жануға  дайын  тұрған  шырақ,  ал  ұстаз  шырақшы  ғана...».  Сондықтан,  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  жаңа  техналогияларын  меңгермейінше,  сауатты    болу  мүмкін  емес. 

            Жалпы  білім  беруде  баланың  білімін,  білігі  мен  дағдысын  емес,  оның  тұлғасын,   білім  алу  арқылы  дамуын  бірінші  қойып  отыр.

Бұл  жүйенің  басты  компоненті – оқыту  мақсаты.  Ол  мақсат  өздігінен  дамуға ұмтылатын  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  сондықтан  оның  өзіндік  танымдық  іс - әрекеті  белгілі  бір  дәрежеде  белсендірілуі  қажет. 

            Мұнда  бірінші  орында  білім алушы тұрады  және  оның  өз  бетімен  білім  алудағы  белсенділігіне  баса  назар  аударылады. Оқытудың  франтальды  түрі – бағыт  беру,  талқылау  және  түзету  енгізуде  ғана  пайдаланылады. Технологияландыру  процесін  іс  жүзінде  модульдеп  оқыту  арқылы да жүзеге  асыруға болады. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін  инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселе болып табылады.

Қазіргі білім беру жағдайындағы  білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны  игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуды қажет етеді.[4]

Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдырдың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту технологиясы – педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

 Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

 Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

 Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

 Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

 Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

 Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.[5]

 

       Қазіргі кезеңде елімізде заман талабына сай білімді де білікті, жаңа технологияларды жетік меңгерген, кәсіби мамандар даярлау – мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналып отырғаны белгілі.

        Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында елімізде кәсіптік- техникалық білім беру саласын дамытуға айрықша мән беріліп келеді.

         Бәсекеге қабілетті білімді де білікті, сапалы маман  және жан-жақты дамыған саналы азамат дайындауда кәсіби білім беру үрдісіне оқыту мен тәрбиелеудің озық, инновациялық технологияларын жүйелі және тиімді пайдалануды қажет етеді.

       Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыруға бас назар аударылған. Ұлттық деңгейдегі білім берудің мақсаты- еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне оңтайлы қатысуға дайын құзыретті, интеллектуалды және рухани дамыған тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.

       ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында кәсіби білім берудің сапасын арттыру мақсаты төмендегі міндеттерді көздейді:

·         Білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту;

·         Оқыту технологияларын жетілдіру;

·         Білім беру сапасын ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы

шешу;

      Білім беру сапасы дегеніміз – білім беру нәтижесінің тұлға, қоғам мен мемлекет сұраныстарына сәйкестілік өлшемі.

      Білім сапасының құрылымдық жіктелуі:

·         Бітіруші түлектің сауаттылық сапасы- жеке тұлғаның даму сапасының,

жалпы мәдени және танымдық, білімдік дайындығының бірлігі және ол рухани-адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық т.б. мазмұнымен толықтырылады.

·         Білімге қоғамның әсері мен білімдік орта сапасы ескерілетін білім

жүйесінің сапасы.

        Білім сапасының нәтижесі:

·         Білім әлеуітінің сапасы – білім беруді жүзеге асырудың әдіснамалық

амалдары, ұстанымдары, білім стандарты, тұжырымдамасы, бағдарламасы, оқу құралдары, оқытушылардың сапалық құрамы, біліктілігі, инновациялық ізденістері, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы, білім әлеуеті сапасын басқару формасы, бағалау, диагностикалау жүйесі арқылы анықталады.

·         Білім нәтижесінің сапасы – оқушылар, түлектер білімінің деңгейі, көлемі,

толықтығы, жүйелілігі, тұрақтылығы, қалыпты өсуі, өмірмен, практикамен ұштасуы сияқты тұтастығымен анықталады.

Қазіргі жағдайдағы білім сапасы білім беруде мынадай жетістіктерді болжайды:

   -  Қоршаған ортаға, әлеуметтік құбылыстарға, рухани құндылықтарды    қосқандағы мәдениеттің барлық негізгі салаларына бейімделу қабілеті;

   -  Іс-әрекеттің түрлі саласындағы ауқымды мәселелерді өздігімен шеше білу мүмкіндігін қамтамасыз ететін шешуші білімдік құзыреті.

     Білім беру технологиясы дегеніміз – нақты нәтижеге қол жеткізу мақсатында білім беру үрдісін жобалау, ұйымдастыру, бағдарлау және түзету бойынша оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті үрдісінің жүйесі.

      Кез-келген білім беру технологиясы – мына әрекеттерден тұрады:

-          Мақсатты бағытталған;

-          Сүйенетін ғылыми идеялар;

-          Мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің жүйесі;

-          Нәтижені бағалау өлшемдері;

-          Нәтижелер;

-          Қолдану барысындағы шектеулер.

        Білім беру нәтижелерін қамтамасыз етуіне байланысты оқыту технологиялары 3 түрге жіктеледі:

·         Оқушылардың әлеуметтенуі мен бағдарлар жүйесі түріндегі тұлғалық

нәтижелер;

·         Метапәндік нәтижелер – іс-әрекеттің әмбебеп тәсілдері түріндегі негізгі

құзыреттіліктің қалыптасуы;

     Оқытудың пәндік нәтижелері – оқушылардың білім беру салалары

бойынша алған білім, білік, дағдылары және құзыреттіліктері.

     Оқытудың жеке тұлғаға бағдарланған технологиялары.

     Жеке тұлға дегеніміз – адамның арнайы білім алу және даму аясын білдіретін педагогикалық категория.

     Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту – оқушылардың бір-бірінен ерекшелейтін жеке ерекшеліктерін есепке алу әр оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершілік субьектісі ретінде қарай отырып оқыту үрдісі.

     Кез-келген оқыту технологияларының негізінде белгілі бір оқыту теориясы жатады.

     Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту парадигмасының негізінде әрбір оқушының бірегей мәнін және оның оқу өрісінің даралығын тану мақсаты жатыр. Мұғалімнің рөлі білім беру, біліктіліктер мен дағдыларды сіңіруде ғана емес, оқушы өзінің әлеуетіне сүйенетін және оқытудың тиісті технологиясын пайдаланатын тиісті білім беру ортасын құруда болып табылады.

      Жеке тұлғаға бағдар ұстау –кез келген оқу типі мен түрінің өлшемдік белгілерінің бірі. Егер адамның табиғи, жеке бастық және даралық ерекшеліктері білім беру үрдісін жобалау, жүзеге асыру және диагностикалау модельдерін іске асыруда бір мезгілде ескерілсе және оған әсер етуге қабілетті болса, бұл оқытудың гуманистік тұрғыда жеке тұлғаға бағдарлануын білдіреді.

      Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың басты мақсаттарының бірі – оқушылар білімінің дербес модельдерін іске асырудың бір мезгілде жүргізілуі. Бұл үшін әрбір оқушыға барлық оқу пәндерін меңгерудің өзіндік білім алу өрісін жасау мүмкіндігі беріледі. Оқушы оқытудың дара мақсаты мен мағынасына, оқытылатын пәндерді таңдауға, оқу материалынан озып кетуге және оны тереңдетуге, оқытудың қарқынын, нысандары мен әдістерін таңдауға құқылы болады.

      Білім берудің жеке өрісі бұл білім берудегі тиісті іс-әрекет түрлерін жеке тұлғаға бағдарланған білім беруді ұйымдастыру оқушылардың мынадай құқықтары мен міндеттерін іске асыруды мақсат етеді:

-          әрбір оқу курсында, тақырыпта, сабақта жеке мағына мен мақсаты

таңдау және табу құқығы;

-          іргелі ұғымдар мен категорияларды өзіндік түсіну және түсіндіру

құқығы;

-   оқытылатын курстар бойынша белгілі бір мерзімге арналған жеке білім беру бағдарламаларын жасау құқығы;

-          оқытудың жеке қарқынын, білім беру міндеттерін шешудің нысандары

мен әдістерін, бақылау, рефлексия тәсілдерін таңдау, өзінің жеке

ерекшеліктерін білудің негізінде өзінің іс-әрекетін өзіндік бағалау құқығы;

-          оқытылатын пәндерді, шығармашылық зертханаларды және типтік оқу

жоспарына сәйкес таңдау бойынша анықталған пәндер мен сабақтарды жеке таңдау;

-          оқу курстарының мазмұнын арттыру ( озу және тереңдету);

-          қосымша тақырыпты және пәндер бойынша шығармашылық

жұмыстарды жеке таңдау;

-          әрбір білім саласы бойынша жеке негізделген ұстаным құқығы.

        Оқушының жеке білім алу қызметінің негізгі элементтері:

-          іс-әрекеттің мағынасы ( мен мұны не үшін істеймін) ;

-          іс-әрекет жоспары;

-          жоспарды жүзеге асыру;

-          рефлексия (өзінің іс-әрекетін сезіну);

-          бағалау;

-          Мақсатқа түзету енгізу немесе қайта белгілеу.

         Жеке тұлғаға бағытталған білім беру технологиялары 3 топқа бөлінеді:

     * «Дәстүрлі мектеп технологиясы»- ББД (білім, білік, дағдыға) бағытталған технологиялар;

       * «Дамыту мектебі технологиясы» - құзыреттілікке бағытталған технологиялар;

       *  «Әлеуметтік мектеп технологиясы»-әлеуметтік технологиялар.

(Т. Шамованың классификациясы бойынша)

       Қазіргі таңда оқыту үрдісінде жеке тұлғаға бағдарланған төмендегідей білім беру технологиялары қолданылады.

-          В. Шаталовтың тірек белгілері негізіндегі оқыту технологиясы;

-          П. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы;

-          В. Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;

-          Ш. Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы;

-          Л. Заньковтың және Д. Эльконин- В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;

-          В. Монаховтың оқыту үрдісін жобалау технологиясы;

-          М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы;

-          Ж. Қараевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясы;

-          Г. Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы т.б.

      Дамыта оқыту технологиясы.

      Дамыта оқыту-мазмұны, әдістері мен формалары баланы жан-жақты дамытуға бағытталған оқытуды ұйымдастыру тәсілі.

          Дамыта оқыту тұжырымдамасының мәні-оқушыны дамыту мұғалім үшін де, оқушының өзі үшінде басты мәселеге айналатындай жағдай туғызу.

          Дамыта оқыту технологиясы іс-әрекет теориясына, психикалық даму мен іс-әрекет бірлігінің психологиялық- педагогикалық тұжырымдамасына негізделген.

          Дамыта оқыту жүйесінің міндетті шарты-таным қызметі барысында ең белсенді субьекті – оқушының өзі болуы тиіс. Дамыта оқыту негізінде оқушылардың саналы түрде мақсатқа бағытталған қызметі тұруы шарт.

          Дамыта оқыту идеясын жүзеге асырудың алғашқы талаптарының бірін жасаған академик Л. В. Заньков болды. Дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жалпы және жан-жақты дамытуға бағытталған.

         Д.Б. Эльконин – В.В.Давыдов технологиясында оқытудың дамытушылық сипаты оқыту мазмұнының теориялық білімдер негізінде құрылуында болып табылады.

        Теориялық білім негізінде мазмұнды қорыту алынған. Мазмұнды қорыту дегеніміз- тақырыпты жасырын байланыстары ішкі дамуындағы қарама-қайшылықтары арқылы түсіну.

        В.В.Давыдовтың пікірінше оқушылардың тек ақыл-ойындағы ғана емес, сондай-ақ гуманды, жеке тұлғалық дамуындағы өзгерістерді де ескерудің маңызы зор.

         Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясында оқу қызметін жүзеге асырудың төмендегідей негізгі шарттары бар:

       1) балалардың оқуға деген құлшынысынан көрінетін қалыптасқан оқу қызметінің қажеттілігі;

      2) оқушыларда оқу қажеттілігін қалыптастыру мақсатында оқу қызметін жүргізу әркез пікірталас негізінде өтеді;

      3) оқушының ғылыми ізденуі мен қалыптасуы барысында қате болмайды.

 

           Ұжымдық оқыту технологиясы.

       Ұжымдық оқыту тәсілі – оқытуды оқушылардың бір-бірін оқыта алатын динамикалы жұптарда қарым – қатынас жасауы арқылы іске асырылатындай етіп ұйымдастыру.

       Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың ұжымдық формасы жұмысқа бірге қатысушылардың өзара ықпалдастығын, өзара жауапкершілігін білдіреді.

        Педагогтар қазіргі кезде ұжымдық оқыту тәсілінің төмендегідей негізгі басымдық белгілерін атап көрсетеді:

-          Қисынды ойлау және түсіну дағдылары жетілдіріледі:

-          Сөйлесу барысында ойлау қызметінің дағдылары дамытылады,

жадының жұмысы іске қосылады:

-          әркім өзін еркін сезініп, өзіне тән жеке қарқынмен жұмыс жасайды;

-          ұжымдық еңбек нәтижесі үшін жауапкершілігі артады;

-          жеке тұлғаның өзін лайықты бағалауы қалыптасады;

-          ақпаратты ұжымда талқылау, материалды неғұрлым берік меңгеруді

қамтамасыз етеді.

     Ұжымдық жұмыстың төмендегідей белгілері бар:

-          ортақ мақсаттың болуы;

-          жұмыстың, ондағы функциялар мен міндеттердің бөлінуі;

-          білім беру процесіне қатысушылар арасында ынтымақтастық және өзара

жолдастық көмек;

-          басқару ісіне: жоспарлауға, есеп беруге және бақылауға қатысу.

        Ұжымдық жұмыстың негізгі қағидасы мен шарты: барлығы әрқайсысын жеке және әрқайсысы барлығын оқытады.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп ойлаймын.

 

 

      

                   

 

 

 

                              

 

 

                          

 

 

 

                   

 

 

 

 

 

 

                  

 

                      Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Беспалько В.П.  Педагогика и прогрессивные технологии обучения. М,

1995

2.     Якиманская И.С. Технология личностно-ориентированного

образования. –М, 2000

3.     Әсімбетова Л.К. «Білім беру жүйесіндегі кәсіби дамудың жаңа

технологиялық жүйесі»

4.     Дүйсенбаев Е, Насипова С. «Жеке тұлғаға бағытталған оқыту

технологиялары» - Қызылорда, 2006

5.     Көшімбетова.С. «Оқу – тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-

тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары» - Алматы, 2008.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КӨПСАЛАЛЫ «ҰЛАҒАТ ҚЫЗЫЛОРДА» КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Баяндама

 

Тақырыбы : «Білім мазмұнын жаңарту – өмір талабы»

 

 

 

 

 

 

Дайындаған : Рахымжан А.Б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА  2013 ж

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему «Білім мазмұнын жаңарту – өмір талабы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 268 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2016 567
    • DOCX 24.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахымжан Айнур Бакитбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахымжан Айнур Бакитбековна
    Рахымжан Айнур Бакитбековна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6614
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе