Инфоурок Начальные классы СтатьиДоклад на темуБілім беру жүйесін модернизациялау барысында мемлекеттік тілді оқытуды жетілдіру және кәсіби шеберлікті арттыру.

Доклад на темуБілім беру жүйесін модернизациялау барысында мемлекеттік тілді оқытуды жетілдіру және кәсіби шеберлікті арттыру.

Скачать материал

Астана қаласы

№35 мектеп - лицей

 

 

 

Баяндама

 

Білім беру жүйесін модернизациялау барысында мемлекеттік тілді оқытуды жетілдіру және кәсіби шеберлікті арттыру.

 

 

 

 

 

Дайындаған:

 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 Кариева Майра Амангельдиновна

 

 

 

Мектепте білім алу–бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі. Қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен білім алғаны баланың үлгеріміне және жеке тұлғалық қалыптасуына байланысты болады. Кәсіби шеберліктің құрылу процесі білімінің жүзеге асуы мен қалыптасуын ғана емес сонымен қатар оның тұлғалық қалыптасуын да қарастырады.

         Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді. Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі-оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді.

                Оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру болып саналады.

 Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы – оның кәсіби шеберлігі мен білімінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытушылардың кәсіби шеберлігі мәселесін күрделендіріп отыр. Өйткені, дәл қазіргі таңда оқушылардың жалпы және рухани мәдениетін мұғалім анықтайды. Педагогикалық энциклопедияда педагогикалық шеберлікке мынадай анықтама береді. №3 слайд  Шеберлік- ...

Педагог - өз ісінің шебері. Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті, өз пәнін терең білетін, өзіне тиісті ғылым және мәдениет салаларымен жақсы таныс, психологиялық мәселелерін практикалық түрде талдай білетін, тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін терең меңгерген маман. Осылайша, педагогикалық шеберліктің маңыздылығын кәсіби әрекеттерді ұйымдастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуші жекелік қасиеттердің жиынтығы деп көрсетеді. Бұл қасиеттерге оқытушы әрекетінің гуманистік бағытталуы, кәсіби білімі, педагогикалық ерекшеліктері және педагогикалық техникасы жатады.

Білім саласындағы жаңа көзқарас тұлғаның дамуы мен нәтижеге бағытталған білім беруді көздейді. Сондықтан, білім жүйесін құру, оқушыларға қазіргі заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді модернизациялау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы қабылданды. Онда «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағыттылған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау..., оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу»-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.

№3 слайд  Модерниза́ция — (ағылшын. Modern - обновленный, современный,быстрый рост научных знаний) дегенді білдіреді.

Тілді меңгерту оңай жұмыс емес. Ең алдымен, тіл үйренушінің ынтасы болуы шарт. Оқыту әдісінде дәстүрлі әдіспен қатар этно(шығу тегі), тандем(бірінен соң бірі), ойын, тәжірибе, қайталау әдістерін жаңа технологияға үндестіре қолданған жөн. Қазіргі таңда заманауи технологиялардың арқасында тілдің оқытылу дәрежесі мен деңгейінің бір саты жоғары көтерілгенін айта кетуіміз керек. Оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туды.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар:бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы елімізді әлемдік өркениеттің биік белестеріне жеткізетін басым бағыттарын саралап берген маңызды құжат, халқымыздың кемел келешегіне, жарқын болашағына деген сенімін нығайтып, ұлы мақсаттарға бастап, жігерлендіретін сындарлы бағдарлама. Соңғы жылдары әлемдік өркениет талабына сай өріс алған ірі реформалар қатарында білім беру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың орны ерекше. Өйткені, қандай бір мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі оның білім, ғылым саласының дамуымен, өркендеуімен өлшенеді. Білім мен ғылым – еліміздің ең басты байлығы, баға жетпес құндылығы. Жолдауда «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», – деп талап қойған Елбасы сауаттылық мәселесінің қазіргі заманда әлдеқайда тереңдей, күрделене түскендігін атап өтті.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек

Қазақ тілі сабағы – жаңа технологиялар арқылы жүргізіледі. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Қазақ тілі сабағында АҚТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы, интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін, білім сапасын, қазақ тіліне деген қызығушылығын жоғарлатуға көмектеседі.

 Қазақ тіліндегі жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.

Қазақ тілі сабағында тұсаукесер – берілген материалды слайд, электрондық оқулық, флипчат арқылы көрсету формаларының бір түрі. Оның ішінде сұрақтар мен кестелер, суреттер, көрнекіліктер мен аудио мен бейнематериалдарды, дайындаған құжаттарды, клайстер мен танымдық жаттығуларды кіріктіруге болады.

 Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз білімін толықтыруға жәрдемдеседі.

 Сонда, қазақ тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

 – орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;

 – интерактивті тақтаны еркін қолданады;

 – сабақта уақыт та үнемделеді;

 – оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды;

 – есте сақтау дағдылары дамиды;

 – оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады.

 Қазақ тілі сабағындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған.

Қазіргі мұғалім:                                                                    

-педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын

-педагогикалық өзгерістерге тез төселетін

-жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын

-оқушылармен ортақ тіл табыса алатын

-білімді, іскер, шебер болу керек

Кәсіби өсу – бұл балалармен жұмыс жасауда табиғи шығармашылық қажеттіліктілікті талап ететін мұғалімнің өзін-өзі дамытуына талпынуы  (Е.А. Ямбург).

Мұғалімнің кәсіби өсуі екі жолмен жүзеге асады: 

- өзі-өзі дамытуға бағынышты жолмен; 

- мектептің ұйымдастырған әдістемелік жұмысына мұғалімнің саналы түрде, өз еркімен қатысуы есебінде.  

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттыратын маңызды дүние мектеп қабырғасында атқарылатын барлық жұмыстардың жүйесін біріктіретін әдістемлік жұмыс болып табылады. 

Қорыта айтқанда, егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – ұстаз, ата-ана және қоғам қауымының міндеті.

Оның қатарына жүйелі өтетін ашық сабақтар, түрлі сайыстар, байқаулар, конкурстар, сыныптан тыс жұмыстар, пәндік олимпиада, ғылыми жоба және ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу кіреді. Сонымен бірге әр түрлі деңгейдегі курстар мен семинарларға қатысу да мұғалімнің білімін көтерудің жолдары болмақ.

Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы болса керек. Оқу тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін оқушылардың мүмкіндіктеріне және жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге асатын шара болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на темуБілім беру жүйесін модернизациялау барысында мемлекеттік тілді оқытуды жетілдіру және кәсіби шеберлікті арттыру."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 043 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 2484
    • DOCX 14.8 мбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кариева Майра Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кариева Майра Амангельдиновна
    Кариева Майра Амангельдиновна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11464
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 102 человека

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек