Инфоурок Всеобщая история СтатьиДоклад на тему:"ЕСІМ ХАН ЖӘНЕ ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ"

Доклад на тему:"ЕСІМ ХАН ЖӘНЕ ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ"

Скачать материал

ЕСІМ ХАН ЖӘНЕ ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ

Кулбаева А.Т., тарих  пәні оқытушысы

Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі

Адам өткенін жақсы білмей – болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу құнды деректерді игеру біз үшін өте маңызды. Ел болу үшін баба мұрасын қайта жаңғыртып, тарихи сананы ояту қажет. Сонау 1465 жылы қазақтың ел алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің қазақ деген хандықтың туын тіккеніне міне, биыл 550 жыл толып отыр. Елбасымыздың Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы Жарлығы шығып, бүкіл ел болып тойлаудамыз. Бұл Қазақ елінің өткенді білуге деген үлкен құлшынысын көрсетеді.

Тарихқа көз жүгіртсек, талай қиындықтар мен тағдырдың соққылары қазақ халқының басынан өтті. ХVғасырдың ортасы Моғолстан, Әбілқайыр хандығы т.б. мемлекеттердің дипломатиялық байланысы шиеленісіп тұрған қиын кезең болатын. Дәл осы уақытта Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек қазақ халқының этникасын құрайтын көптеген ру-тайпаларды алып шығып, Шудың бойына Қазақ деген хандықтың туын тігеді.

Қазақ хандығы құрылып, артынша айбынды елге айналып, бүгінгі күнге жетуіне әр кезеңде ел билеген ханның данасы мен батыры, ақыны мен жырауы қатар жүріп, жөн сілтеп, бағыт беріп отырған. Тарих бізге қазақ ұлты мен мемлекеттігінің қалыптасуы жолында еңбек еткен тұлғалардың есімі мен қызметін жеткізді. Солардың алдыңғы легінде Орыс ханның ұрпақтары — қазақ хандары мен сұлтандары Жәнібек пен Керей, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Салқам Жәңгір, Тәуке хандар тұр. Солардың бірі «Есім ханның ескі жолы» деген заңдар жинағымен белгілі,1598-1628 жылдары қазақ хандығының туын ұстаған Есім хан еді.

Есім хан билік басына келген кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен. Мұнда ойрат тайпаларының бірігу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты. Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуы, екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады. Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды. Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Сындарлы саясатының арқасында Ташкент пен оның төңірегі түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындатады.

Есім ханның билігі тұсында халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын даулардың шешімдері осы кезде сараланды. Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени-рухани және салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.

Арғысы алты ғасырға созылатын қазақ әдебиетінің бастауында тұрған жыраулардың бірі һәм бірегейі – Жиембет Бартоғашұлы. Жиембет – қазақтың ең атақты хандарының бірі болған Еңсегей бойлы ер Есімнің оң тізесін басқан, мемлекет істерінде үлкен рөл атқарып отырған қабырғалы би болған, ханның әскербасыларының бірі әрі жорықшы жырауы.

Жиембет Бартоғашұлы 1570-1575 жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыкқан. Жиембеттің жас шағы қазіргі  Батыс Қазақстан аймағының Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауылдарда өткен. 16 жасынан хандар, билер, батырлар жанында жүріп, ел билігіне араласады. Өсе келе ол Есім ханның беделді биі әрі батыры дөрежесіне көтеріледі. Талай ұрыс, шайқастарға қатысып, ерлік көрсетеді. Жиембет әсіресе 1620 жылғы Есім ханның ойрат-қалмақтармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, шапқыншы жауды ойсырата жеңіп, бетін кайтарады.

Қазіргі ел назарында жүрген көпшілік еңбектерде Жиембет бидің Есім ханмен достық қарым-қатынасы ұзаққа бармағаны айтылады. Хан мен би арасында ел аралық бітімгерлік, жер дауы, жесір дауы секілді келіспеушілік өрістей берген делінеді. Бетің бар, жүзің бар демей, турасын кесіп айтатын қайсар өжет би Есім ханның кейбір іс-әрекетіне қарсы шығады. Оның бұл мінезі ханға да жаға бермейтіні түсінікті. Сөйтіп хан мен бидің арасы алшақтай бастайды. Бұдан кейін Жиембет ханнан іргесін аулақтатып, өзінше бөлек кеткен екен.

Осылайша қуғын, теперіш көріп жүрген кездің бірінде Жиембет жырау Есім ханға кездесіп қалып:

«Еңсегей бойлы Ер Есім!

Есім сені есірткен,

Есіл де менің кеңесім.

Ес білгеннен Есім хан,

Қолыңда болдым сүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін!» - деген жырын толғайды. Бұдан Бұқар жыраудың Абылайға, Махамбеттің Баймағанбет Сұлтанға айтқан ашулы жырындай көрінгенімен, тереңірек үңілсек Жиембеттің Есімді хан ретінде мойындап, басын иіп отырғанын бірден байқауға болады.

Есім қазақ тарихындағы ең әлеуетті хандардың бірі еді. Ол жайындағы аңыз-әңгімелер тіпті, көршілес халықтардың да жадында сақталған. Сондықтан, Есімге мұндай сөздер айту әмірші алдында үлкен еңбегі, беделі бар адамның ғана қолынан келер іс екені өзінен-өзі түсінікті. Ел аузындағы деректер бойынша,  Жиембет жырау айдауда жүріп қайтыс болса, келесі бір деректерде, Есім хан көз жұмғаннан кейін туған жұртына қайтып оралады.

Жиембет өмір сүрген дәуір – қазақтардың сыртқы жауларға қарсы қаһармандық күресінің дәуірі-тін. Сондықтан, сол кезеңдегі жыраулар елді бірлікке, ерлерді батырлыққа, елді қорғауға шақыра білді.

 Міне, бүкіл қазақ елінің тұтастығы мен нығаюына өлшеусіз үлес қосқан, қарапайым жырау Жиембет Бортоғашұлы бабамыз осындай адам болған екен. Ол – тек қана жырау емес, аузы дуалы би, қол бастаған әскер басы, Кіші жүздің тарихындағы ел бастаған көсемдер деңгейіне көтерілген елеулі тұлғалардың бірі.

Ата-бабаларымыздың аңсап келген «Мәңгілік ел» болу өсиетін жүзеге асыру Елбасы Н. Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасы. Халықтың сонау Қасым хан  негіздеген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» мен Елбасы салған сара жолымен жүріп келе жатуы бұл қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін  дәлелдейді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Салғараұлы Қ. Хандар кестесі – Алматы: Жалын, 1992 ж.

2. ХVІІ ғасырдағы қазақ хандығы: Есім хан туралы // Қазақтың көне тарихы-Алматы,1993- Б 257-259

3. Бес ғасыр жырлайды. І том, Алматы 1984 ж, 58-62 беттер

4. Қазақ Совет энциклопедиясы (4-том, 443–бет)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему:"ЕСІМ ХАН ЖӘНЕ ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 171 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.10.2016 2499
    • DOCX 18 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кулбаева Асем Токтамысовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кулбаева Асем Токтамысовна
    Кулбаева Асем Токтамысовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4576
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 169 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 544 человека

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе