Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Доклад по математике на тему "Величина"

Доклад по математике на тему "Величина"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

«Шама»



шама және оны өлшеу ұғымдарын қалыптастыруда қазақ этнопедагогикасы элементтерін пайдалану

Жетпісбаева Г.О. – п.ғ.к., доцент,


Ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда бүгінгі қоғамның барлық күшін оқу орындарындағы оқу-тәрбие саласына жұмылдыруымыз қажет.

Сондықтан, білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі - білімге қызығушылықты дамыту, әсіресе, әр халықтың бір-біріне ұқсамайтын этномәдениеті мен ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық педагогикасы арқылы балалардың белгілі бір пәнге, оның ішінде математикаға қызығушылығын қалыптастыру қажеттігі туындайды.

Оқушылардың ақыл-ойдың, логикалық ойлаудың дамытуды математиканың маңызы зор. Себебі, кіші жастағы балалардың ой-өрісін, тілін, белгілі бір затты қабылдауда, есте сақтауда, оны қайта жаңғыртып көзге елестетуде, дүниетанымын қалыптастыруда қарапайым математикалық ұғымдардың алатын орны ерекше. Бастауыш сынып оқушылары математикалық ұғымдарды тиянақты игеру үшін алдымен олардың математикаға қызығушылығын қалыптастыруға жол ашу керек.

М.Жұмабаев: "Бір сабақтан бала күшті әсер алу үшін, баланың сол сабаққа құмар болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі құмар болуы керек" - дейді.

Балалардың математикаға қызығушылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдерінің бірі - ұлттық ойындар (санамақ, жұмбақ, жаңылтпаш және т.б.). Мәселен, кіші жастағы балалардың математикаға қызығушылығын қалыптастыруда санамақтардың (ойын санамақтар, айтыс санамақтар, жұмбақ санамақтар) маңызы зор. Балалар тәрбиесіндегі мақал-мәтелдер, сондай-ақ басқа да қажетті нақыл сөздер інжу маржандары, онда халықтың даналығы, тапқырлығы, оның бала тәрбиесіндегі өмірлік тәжірибесі, еңбекке деген көзқарасы, үміті мен арманы, мүддесі қалыптасып сақталған.

Мақал-мәтелдердің ішінде шамалар және олардың өлшем бірліктері туралы білімді қалыптастыруда ерекше мәнге ие болатындығы да бар. Мысалы,”бөтегеден биік, жусаннан аласа”; “екі елі ауызға - төрт елі қақпақ”; “қарыстан сүйем жақын”; “қасықтап жиғанды шөміштеп төкпе”; “ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады”; “тамшыдан - теңіз, тиыннан теңге құралады”; “ауырдың астымен, жеңілдің үстімен”; “жеті рет өлшеп, бір рет кес” және т.б. мақал-мәтелдерде батпан мен мысқал, теңге мен тиын өлшем бірліктерінің өзара байланысын білдіреді.

Міне, бұл беріліп отырған халықтың ауызекі поэтикалық шығармаларының қай түрін алсақ та, бала ойының дамуына, математикалық қабілеттерін арттырып, оған қызығушылықтарын тудыруға көмектеседі.

Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан- ұрпаққа үзіліссіз, өңделіп, жаңарып жетуі нәтижесінде өлшеудің өзіндік халықтық жүйесі қалыптасқаннын, оның бұқара халық үшін тиімді болғанын сыйымдылықты, массаны , уақытты, көлемді, ауданды өлшеу жүйесіне сипаттама берген жөн.

Мәселен, тұрмыс-тіршілікте қолданылатын ұзындық өлшемдері:

1) елі ≈ 2-2,5 см (орта шамадағы бір саусақтың ені)

2) сере ≈ 10-12 см (аздап ажыратылған төрт саусақ ені)

3) тұтам ≈ 8-10 см (жұдырық ені);

4) сынық сүйем ≈ 13-15 см (бүгілген сұқ саусақ пен басбармақ арасындағы қашықтық);

5) сүйем ≈ 17-20 см (көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық ); 6) қарыс ≈ 20-22 см (көсілген бас бармақ пен ортаншы саусақ арасындағы қашықтық);

7) кез ≈ 70-75 см (саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық);

1 кез ≈ 7-9 тұтам.

Биіктікті, тереңдікті өлшеу үшін адамның дене мүшелері немесе қолда бар заттардың ұзындығы пайдаланылған, яғни солардың бойымен өлшенген:

1) Оқ бойы ≈ 1,0-1,5 м жебе ұзындығы;

2) Найза бойы ≈ 3-5 м

3) Арқан бойы ≈ 10-12 м т.б.

Халқымыз құдықтың, судың тереңдігін адам бойымен, ал үлкен арақашықтықтарды күндік жер, қоналқамен өлшеген. Мәселен, бір қоналқа жер, яғни бір тәулік жүріп баратын жер.

Адамның айқайлаған даусы естілсе қашықты «шақырым» деп белгілеген, 1 шақырым ≈ 1 км.

Қазақ халқы қашықтықты көштің өлшемімен де анықтаған: қозы көш жер, өгіз көш жер, түйе көш жер. Қозы көш жер деп 10 км-лік қашықтыққа қоныс жаңалап қонуды айтады. Жас төлдерді енесінен бөлек баққанда, олар көп жүруге аралығын «Қозы көш жер» деп атап кеткен.

Өгіз көш жер ұғымы 15-20 км аралыққа көшуді білдіреді. Көшкен елдің негізгі жүк көлігі өгіз болғандықтан, бұл қашықтық солай аталған. Күніне 25-30 км шақырымға жуық жер жүруге тек түйелер ғана төзген, сондықтан мұндай аралықта «түйе көш жер» атауымен белгілеген.

Ауданды өлшеу үшін «шаршы», «танап» өлшем бірліктері пайдаланылса, көлемнің үш түрлі өлшем бірлігі қолданылған:

1. Қатты денелердің көлемін көз мөлшерімен, тұрмыста жиі кездесетін заттардың көлемімен («жұдырықтай», «үйдей», «ат басындай») салыстыру арқылы анықтаған. Ал «текше» деген сөз халық ұғымында сандық пішініне келтіріліп бүктелген кілем, көрпе, т.б. үй жабдықтарының көлемін білдірген.

2. Сұйық дене (қымыз, сүт, су) көлемін ыдыстың сыйымдылығымен өлшеген. Кеңінен тараған негізгі өлшем бірліктері мыналар:

а) қасық ≈ 50г

ә) ожау ≈ 0,5 л

б) тостаған ≈ 0,5 л

в) аяқ ≈ 1 л

г) шара ≈ 1,5 – 2 л

д) тегене ≈ 8-10 л

е) торсық ≈ 8-10 л (ешкі терісінен тігілген ыдыс)

ж) көнек ≈ 15-16 л ( бие сауғанда пайдаланылатын, былғарыдан тігілген ыдыс)

3) саба ≈ 180-200 л (жылқы терісінен тігілген ыдыс).

3. Сусымалы денелерді өлшеу бірліктері:

а) уыс

ә) қалта

б) қоржын ≈ 40 кг

в) қап ≈ 4 пұт ≈ 54 -65 кг

г) тағар ≈ 6-8 пұт ≈ 100-130 кг

д) батпан ≈ 3 тағар ≈ 300 -450 кг

4. Салмақ өлшемдері:

а) пұт ≈ 16 кг, жарты пұт ≈ 8 кг

ә) қадақ ≈ 400 г, ширек қазақ ≈ 100 г

Ұсақ заттарды, асыл тастарды өлшеуде «мысқал» өлшемі қолданылған:

1 мысқал 100 арпа дәні салмағы

12 түгерек 1 қадақ 96 мысқал.

Қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесін тарихи-математикалық мағлұмат ретінде пайдалану оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, пәнге қызығушылығын арттыратынын ескеру орынды. Халық педагогикасының тәлім – тәрбие принциптерін математика пәнін оқытуда негізге алу – оның білімділік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар, халқымыздың салт – дәстүрлері, әдеп – ғұрыптарын қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде үлкен маңызы бар.

Халық педагогикасының мүмкіндіктері жайындағы ғылыи-әдістемелік еңбектерді сараптау - математикаға қызығушылықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктерін және олардың мазмұнының пәнді оқытудың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарына сәйкестігін көрсетті; балалардың математикаға қызығушылығын тудыруға, алған білімін тереңдете және кеңейте түсуге, сонымен қатар балалардың халықтық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы білімін молайтып жеке тұлғалық қасиеттерін дұрыс қалыптастыруға ықпал етеді.

Әрбір жеке баланың қабілетін ұлттық терең арналардан бастау алдыра отырып, оның ұлттық рухты, ұлттық мәдениет пен ұлттық сананы игеріп өсуі арқылы келешекте өз мемлекетінің мықты тұлғасы болып қалыптасуға жағдай жасау отбасы мен балабақшадағы тәрбиеден, бастауыш мектептегі білім беруден басталады. Қазақстанның жарқын болашағы - балалар, ендеше әрбір жасөспірімнің жеке басының тұлғалық қалыптасуына жағдай жасау педагогтардың басты міндеті.


Әдебиеттер

  1. Бүркітбаева Р. Халық өлшемдері. //Бастауыш мектеп, 1998, №8,9

  2. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992.

  3. Әбілқасымова А.Е., Сарбасова А.Қ. Бастауыш мектептегі математиканы оқыту процесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану. Алматы, 1999, -21б.

  4. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. –Алматы: Білім -1996, 208б.

  5. Әлімбаев М. Халық - ғажап тәлімгер. - Алматы: Рауан, 1994.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 20.09.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров168
Номер материала ДA-053841
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх