Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Ерлігі ұмытылмас ерлер" тәрбие сағаты

"Ерлігі ұмытылмас ерлер" тәрбие сағаты

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Ерлігі ұмытылмас ерлер.docx

Сабақтың тақырыбы: «Ерлігі ұмытылмас ерлер!».

Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Пайдаланылған оқулықтар: « Жеңіс нұры» - жыр жинағы Алматы «Жазушы» 1985ж; «Өмір – бақыт» Есет Әукебаев «Жазушы» баспасы Алматы-1983ж. «Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары», аудандық «Толқын» газеті.
Қолданылған көрнекіліктер;мультимедиялық аппарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б.

Барысы:
1-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ-9май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

2-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

1жүргізуші:Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 70- көктемі де келіп жетті.
70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл - шуақты күн таратты әнін.
70 рет - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

2-жүргізуші:Фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді.Германия фюрері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді. Сол сұрапыл соғысқа біздің ел
імізден 1 млн. 900 мың адам аттаныпты. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді. 
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.

Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
21 маусым күні оқушылардың мектеп бітіру кеші.Жастар вальс билеуде.

Кенет радиодан:»тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»
1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық?
Күніміз не болар екен?»
2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
1 азамат:
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар
!
Бәрі: Отан үшін аттанайық!

1 жүргізуші:
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!

Болатова Қарақат Берқайыр Аманшин «Сақ болыңдар, тірілер!» атты өлеңін оқиды.
1 жүргізуші:
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.

«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

Көрініс: «
Мәншүктің хаты». Жауынгерлер шайқастан кейін бірі жаралы, бірі қаруларын тазартуда. Аяжандар солдаттардың жарақаттарын таңуда.

                                        «Мәншүктің хаты»

«Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепте жүргелі тұрған сәтте алдым. Бұл 1943 жылдың 10-шы қыркүйегі еді. Өзіме бір –ақ алма тисе де, мен қатты қуандым. Кішкене сыйлықты мен сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет. Жолымыз сәтті болды. Ал қазір,алғы шепте пулеметіммен фашистерді мықтап аңдудамын. Түнде мүлдем дерлік ұйықтамаймыз,ал күндіз тынығамыз. Міне,қалт еткен сәтті пайдаланып,сізге жауап жазып отырмын

…Айналайын апатай “Моншағым” деп еркелете отырып, үнемі менің шаштарымды өріп беруші едің ғой! Сіздің жұп- жұмсақ аялы алақандарыңызды сағындым.Апа, сіз мені кешіресіз деп ойлаймын. Бұрымымды қысқарттым… Соғыста қиын ғой. Қазір қайтадан қоюлана түскен. Өздеріңмен қайта қауышу жазса, көрерміз, оған шейін бұрынғыдай ұзарып қалады.

Кеше шайқас алдында өзіңіз жіберген хош иісті сабынмен жуып- шайып, әтір сеуіп, айтпақшы, айна салып жібергеніңіз мұндай жақсы болар ма, көп рақмет, кішкентай болса да соған қарап жас қылып, өріп алғанмын. Ұрысқа кірерде түйіп аламын, бірақ кейде сусып түсіп, арқамды сабалайды. “Дұшпанға оғыңды ата түс аяма!” деп мені қамшылайды.

Жеңіспен оралған соң,айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңды қатты қысып,құшып сүйемін. Менің майдангер жолдастарым сәлем айтып жатыр.

                                       Қызыңыз Мәншүк.

                                         1943 жыл. 10-шы қыркүйек.


2 жүргізуші:
Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды

1 жүргізуші:
Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан үшін

Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.

Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,
Кемпір шал, әйел бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

Би: «Катюша»


1Жүргізуші:Соғыс...Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Көрініс: «Жеңіс»
Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырды Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!

Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.
«Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті! О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?»

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Ән: «День Победы»


Ән: «Көгершін»
Оқушылардың барлығы ортағы шығып хормен әнді орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шешек атып өрік алма ағашы,
бозғылт тұман өзен үстінде.
(келді өзенге келді катюша қыз,
келіп тұрды жалынды өзенге.)2

сол бір кеште қыздың салған әні
сол бір кеште аспан әлемі
(шекарада жатқан жауынгерге
катюшаның айтқан сәлемі) 2


Пусть он вспомнит девушку простую,
Пусть услышит, как она поет,
(Пусть он землю бережет родную,
А любовь Катюша сбережет).2

Расцветали яблони и груши,
Поплыли туманы над рекой.
(Выходила на берег Катюша,
На высокий берег на крутой).

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ерлігі ұмытылмас ерлер" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 120 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2015 2444
    • RAR 21.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жабикенова Салтанат Ануарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50453
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 952 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 702 человека

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 613 человек

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек