Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ертеңгілік "Мерекеңмен анашым" бауырсақ ертегісі желісімен
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ертеңгілік "Мерекеңмен анашым" бауырсақ ертегісі желісімен

библиотека
материалов

«Ақшұқыр мектеп – лицейі» мемлекеттік мекемесі

«Кәусар» шағын орталығы









Ертеңгілік:












«Ақжелкен» естиярлар тобы



Тәрбиешілер: Калиева Мария Жанабаевна

Кагазова Жадыра Аликовна







Ақшұқыр селосы

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар әжелер аналар!

Бүгін 8-наурыз Халықаралық Аналар күні мерекесіне арналған «Мерекеңмен анашым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Біздің «Ақжелкен» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен қарсы алыңыздар! Балалар гүлмен сахнаға кіреді жарты шеңбер болып тұрады.


Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз-

дей отыра бүлдіршіндеріміз аналарымызға арнаған «Мерекеңмен анашым» әнін тамашалаңыздар.

Балалар қолындағы гүлдерін корзинаға салып жинап алады.


Нұрай: Құшағыңа кіргенде

Жылынамын бір сәтте

Не жетеді өмірде

Мейірімді көзіңе

Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен!

Меруерт: Айтсаң болды тіл алам

Айбат мамам ақ мамам

Сені көрсем қуанам

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам

Ғаділбек: Қадірлі анам жан анам

Сені көрсем қуанам

Маған бақыт сыйлаған

Ардақтысың сен маған

Гүлдариға: Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдацымнан иіскеп менің

Құлыншағым гүлім дейтін


Жүргізуші:

Көңілің алатаудың ақ қарындай

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай деп абзал аналарымыздың құрметіне тобымыздың өнерлі бүлдіршіні Мамыр Меруерттің орындауында «Пусть всегда будеть солнце» әнін тамашалаңыздар.



Залға әуенмен «Ару көктем» кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ару көктем

Сені асыға күттік көптен

Жер анамыз бір босанды

Күнде нұрын төгіп көктен

Ару көктем:

Сәлем сәлем балақайлар

Азиз әже назды аналар

Мол шуақты ала келдім

Қуаныңдар алақайлап

Жерге кілем жаба келдім

Құстар әнін ала келді

Жан бітіріп табиғатқа әсем әнге сала келдім


Жүргізуші: балалар көктемнің алғашқы айы қалай аталады?

  • Наурыз

Ару көктем: Наурыз айында қандай мерекелер болады?

  • 8-наурыз аналар мерекесі

  • 22 наурыз Ұлттық жаңа жыл

Жүргізуші: Ару көктем біздің бүлдіршіндеріміз шетінен өнерлі, білімді, зерек сізге және аналарына арнап «Көктем келді» әнін және тақпақтар дайындаған болатын қабыл алыңыз.

Сұңғат: Достықты біз ойлаймыз

Мерекесін тойлаймыз

Қыздарды да құттықтап

мерекесін тойаймыз

Ақтілек: Көктем, көктем көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз

Санжар: Анамыздың тілегі

Біз деп соғар жүрегі

Балам аман болсын деп

Баласы үшін өмір сүреді

Адиля: Ана көркі көгімнің

Ана нұры жерімнің

Ана бағы баланың

Мақтанышы елімнің

Әкежан: Көктем келді құс келді

Күн ұзын түн қысқа енді

Көктем келді,су ақты

Күннің көзі шуақты

Ару көктем: Рахмет бүлдіршіндер расында өнерлі екенсіндер ал енді мен басқа да балалардың өнерін тамашалайын сау болыңыздар!

Жарайсыңдар балалар енді тобымыздың мың бұралған биші қыздарымыздың «Көктем биін» тамашалайық.


Жүргізуші: Күн жарқырап жылынып

Көктем бізге тағы келді

Аналардың мерекесін

Өзіменен ала келді

Қуан шаттан балақай

Қуанатын күн келді

Ертегілер елінен

Аналарға сый келді

Құрметті қонақтар, әжелер, аналар бүгінгі мерекеге арнап балалардың дайындаған «Бауырсақ» ертегісін тамашалаңыздар. Мына әдемі үйшікте кім тұрады? Әже үйшіктің қасына барып отырады.

Әже: Амансыңдарма қонақтар балаларым, немерелерім! 8-наурыз мерекесі де келіп қалды. Мерекеге арнап бауырсақ пісірейін.

Жүргізуші: Әже сіз шаршаған боларсыз, дем алып отырып балалардың әжелеріне және сізге арнаған «Әжемнің шәйі» әнін қабыл алыңыз.

Балалар әжемізге арнап тақпақтарымызды айтайық.

Нұртас: Менің әжем ақ әжем

Ұл мен қыздың бабы әжем

Ертегі айтып бер десең

Айтып берер тағы әжем.

Нұрбек: Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.

Фариза: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Өркен: Әлпештеген баласын

Ана бақыт,ана күн.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Әже: қандай керемет қызыл шырайлы бауырсақ болып шықты.

Жүргізуші: Әже бауырсағыңыз суысын терезенің алдына қойыңыз.

Әже: терезенің алдына бауырсақты қояды, ал мен бақшаға барайын, залдан шығып кетеді.





Терезенің алдында отырып жалыққан бауырсақ домалап кетеді.

Бауырсақ: Мында ешкім келмейді

Мені неге жемейді

Барайын мен орманға

Көрінейін аңдарға.

Жүргізуші: Алдынан қоян шығады.

Қоян: - Бауырсаққа қарап сен кімсің?

Бауырсақ: - Мен дәмді,қызыл шырайлы бауырсақпын.Сен мені жей ғой.

Қоян: - Мен арасына сәбіз, орамжапырақ салып пісірілген бауырсақты жақсы көремін. Ал,саған не қосылған?

Бауырсақ: - Ештенеде қосылған жоқ.

Қоян: - Олай болса мен сені жемеймін,бірақ балалардың тақпақтарын тыңдаймын.

Айару: Қымбат анам жан анам

Сені көрсем қуанам

Әрқашанда қасымда

Бақыттымын мен сондай

Индира: Мәпелейсің мені анам

Қолыңлағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай

Ғазиза: Сендерден өскен бабалар

Сендерден өскен даналар

Құттықтаймын мейраммен

Құрметті аналар

Қоян рахмет айтып кетіп қалады, ал бауырсақ әнін айтып одан әрі домалай жөнеледі. Алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр: - Сен кімсің.

Бауырсақ: - Мен дәмді қызыл шырайлы бауырсақпын,сен мені жей ғой.

Қасқыр: - Бауырсақ емес, мен кішкентай лақтарды жақсы көремін.

Жүргізуші: Біздің арамызда лақтар жоқ, бірақ біздің балалар сенімен ән-ойын ойнауға әзір.

«Ән-ойын» Қасқыр мен лақтар:

Лақтар: Біз көңілді лақ, лақ

Айналамыз бақ,бақ

Қасқырды біз көргенде

Қимылдаймыз сақ, сақ.

Қасқыр: Секендеген лақ, лақ

Қасқырдан бол сақ, сақ

Қашамын деп бірақ

Қала көрме құлап.

Лақтар: Лақ деген ерке ғой.

Лақ деген бөрте ғой,

Бізге қасқыр сөз емес

Қуып бізге жете ғой.

Қасқыр: р-р-р деп қуады.

Жүргізуші: Ешкімді ұстай алмаған қасқыр кетіп қалады. Ал бауырсақ одан әрі домалай, әнін айтып кетеді. Алдынан қорбандап аю шығады.

Аю: - Сен кімсің?

Бауырсақ: - Мен дәмді қызыл шырайлы бауырсақпын,сен мені жей ғой.

Аю: - Қандай қызық ерекше бауырсақ мені же дейді ғой, жоқ мен сені жемеймін маған тәтті бал болса, не көңілді би болса.

Олай болса аю біздің балаларымыздың «Джентелмендер биін» қабыл ал!

Аю: - Керемет биледіңдер, рахмет сендерге, сау болындар!

Жүргізуші: Бауырсақ одан әрі домалап, әнін айтады. Алдынан тулкі шығады.

Түлкі: - Сен кімсің?

Бауырсақ: -Мен дәмді, қызыл шырайлы бауырсақпын, сен мені жей ғой.

Түлкі: - Қой қарағым, мен диетада отырмын, сені жеп семіріп кетермін, бауырсақ сен білесің бе? бүгін аналардың мерекесі ғой, одан да маған тақпақ айтып беріндерші?

Нұрайда: Бүгін Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.

Ақерке: Мамам менің ақ мамам,

Менсіз таңы атпаған

Менсіз күні батпаған

Мен ұйқтамай жатпаған

Ермағанбет: Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым

Аянат: Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты мерекең

Бижан: Әр сөзіңді жаттағам

Жүрегімде сақтағам

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Дидар: Сыйлаған маған өмірді

Анашым менің аялы

Жүрегі жұмсақ көңілі

Күн шуақы саялы.

Түлкі: - Рахмет сіздерге балалар

Жүргізуші: - Бауырсақ сонымен сені ешкім жеген жоқпа

Бауырсақ: - Ия

Жүргізуші: - сен абыржыма, бүгін үлкен мереке оданда қоян, қасқыр, аю, түлкіні балалармен бірге әжеңе қонаққа шақыр.


Бауырсақ: Дастархан жайып дарыған

Жақсылықтан бақыт шашқан

Әжем сізге қуанар

Аңдар және балалар


Ұйытқысы жанұяның берекеміз,

Аналар құтты болсын мерекеміз!

Әрқашан аналарым аман болса

Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз!

дей отырып бүлдіршіндеріміздің «Айналайын ақ мамам» әнін тамашалаңыздар!

Балалар өз қолдарымен аналарына арнаған гүл шоқтарын табыстайды.

Жүргізуші:

Би билеп ән мен күйде аяқталды

Уақытта біраз жерге таяп қалды

Көктеммен қоса келген

Аналар мерекесіне арналған ертеңгілігімізде тәмамдалды.

Ақшұқыр мектеп-лицейінің директоры К.К. Тлеубаеваға сөз кезегін берейік Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға ұсынамыз.

Мерекелеріңіз құтты болсын!


Автор
Дата добавления 17.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров105
Номер материала ДБ-036910
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх