Инфоурок Всеобщая история СтатьиЭссе на тему Мәңгілік ел

Эссе на тему Мәңгілік ел

Скачать материал

«Менің елім - Мәңгілік Ел»

 

Кулесова Анаргуль Жулдузовна

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық  білім беру бөлімінің

мектепаралық оқу – өндірісітік комбинаты» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 Тарих шындыққа айналған тағдыр. Әрқилы тағдырдың тоғысып, адамзаттың тұтас ғұмырын құрайтыны сияқты, түрлі ұлттың шежіресі де әлемнің ортақ тарихына айналады. Сондықтан дүние тегершігі айналған сайын тарлан тарихтың қатпары  арта түседі. Бұл тұрғыдан алғанда, адамзат тағдыры мен өркениет тамырын түркілер тарихынсыз елестету мүмкін емес.  Бағзы тарихқа көз жүгіртсек, қуатты империялар құрған түркілер ғасырлар бойы ұлан – ғайыр аймаққа билік жүргізіп, арғымақтың тұяғы жеткен жерге – Байқалдан Балканңа дейінгі орасан зор аймаққа иелік етті. Алтайдан тарайтын айбырды ел тілі жақын, танымы мен талғамы ұқсас бір әлемді – ортақ өркениетті құрады. Алтын тақта отырып билік жүргізген айбарлы қағандар  мен айбынды абыздар «Мәңгілік Ел» орнатуды армандады.

Көне Қытай, Үндістан, Иран, Мысырмен иық тіресіп, өзіндік мәдениетімен оларға балама өзіндік мәдениетімен оларға балама өркениет құрған Түркі әлемі Шығыс пен Батыстың, түстік пен теріскейдің арасын жалғаған «Ұлы Жібек жолы» арқылы әлемдік сауданың күретамырына, дүниежүзілік дипломатияның дәнекеріне айналды. Жаһанды жақындастыруда жылқының жалында туған жауынгер жұрттың үлесі айрықша болды. Сондықтан ғалымдар түркілерді «жаулаушы ғана емес, өркениетті жасаушы һәм оны жалғаушы ұлт» ретінде бағалауда.

Ұлы дала өзінің толқымалы тарихында «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай заманды да, «боз тайлағы бос келетін» аласапыран уақыттарды да бастан өткерді. «Бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген» түркілер тағдыры талқыға түсіп, жүректі ұланынан, жерінің құнарынан айырылды. Күңіренген Күлтегін жазбаларына көз  салмақ, соның барлығы ағайынның азғанынан, береке – бірліктің аздығынан болды.

Дегенмен түркі жұрты өз әлемін сақтап қала білді. Дүниені нұрландырған ислам діні Түркістан топырағында Бұхари, Матуриди, Рази, Марғинани, Әл – Фараби, Ибн Сина, Хорезми, Баласағұни, Ясауи сынды ғұламалардың білігімен жаһұттай жарқырап, жүйеленіп, іргелі ілімге, өміршең өркениетке айналды.

Өзегінде тектілік пен кісілік, ілім мен парасат жатқан бұл өркениет толеранттықтың да тамаша үлесін көрсетті. « Адамзаттың бәрін сүюді» уағыздаған  Ұлы даланың сан алуан тұрғындары  бейбіт ғұмыр кешті. Алтай мен Ақтеңіздің арасындағы алып аумақты мекен еткен түркілер байтақ территорияға қарамастан тұтастықтарын сақтай білді. Қыран ұшса қанаты талатын, құлан жортса тұяғы тозатын шексіз кеңістікте ғұмыр кешкен баһадүр бабалар атамекенін ардақтап, оны алтын таққа балады. Дүниенің төрт тарапына үңіліп, тоқпақ жалды тарпаңды ерттеп мінген олар туған жерді тұғыр етті. Сондықтан алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабайұлы жырлағандай, қазақ жері – бүгінде түгел түркінің құтты қарашаңырағы һәм алтын бесігі екенін ұмытпаған абзал.

«Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз. Тіршілік төзіміне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы Н. Назарбаев.

Қазақ хандығының құрылуын Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр ханға өкпелеп кетуіне ғана байланыстырып қарайтындар да табылады. Біздіңше, жүз мыңдаған халқы бар іргелі мемлекеттің құрылуына мұндай «өкпе» негізгі себеп бола алмайды. Оның көптеген тарихи, әлеуметтік, экономикалық және саяси астары бар.

            Алып империяның құлауы айбарлы жұртты есеңгіретіп кетті. Халық қайырсыз хандар мен әлсіз әміршілерден мезі болды. Ұлы мақсат пен ұйыстыратын ортақ мүдденің жоқтығы елді күйзелтті. Дегенмен, әлі бодандықтың қамытын киіп көрмеген бұла жұрт текті мінезінен айырыла қоймаған еді. Олар «еңку-еңку жер шалған» есіл күндерді аңсады. Ел айырылған осындай алмағайып заманда бұқараның тамырын тап басқан Жиренше шешен елді ынтымаққа шақырды, абыз ақын Асан Қайғы желмаяға мініп, құтты қоныс Жерұйық-Жиделібайсынды іздеді. Сондықтан, біздіңше, Қазақ хандығы құрылуының түпкі астарында да Ибн Халдун айтқандай, мүдде бірлігі жатты. Оны «Алаш аңсары», «Мәңгі Ел мұраты» деп атауға болатын шығар.

Керей мен Жәнібек хандардың құрған жаңа мемлекеттің тұғыры ретінде Шу өңірін таңдауында да осы асыл аңсар жатыр деп ойлаймыз. Бұл орайда, орта ғасырлық дерек көздері Шу өңірінің түріктер үшін қасиетті жер болып саналатынын жазады. Мәселен, Гардизи «Суябқа жақын жерде түріктердің қасиетті тауы бар, олар осы тауға табынып, соған серт береді. Олар «бұл Тәңірдің тұрағы»  деп атап көрсеткен. Қытай деректері де Суяб қаласының солтүстігінде қасиетті тауы түрік қағандарының тағына отыратынын айтады. Демек, Шу өңіріне бет бұрған Қазақ хандығы тарихи жадыны жаңғыртып, байырғы Батыс түрік қағанатының мемлекеттік дәстүрін қайта жалғап отыр.

Бұл орайда Елбасының Ұлытаудағы ұлағатты сөзінде қазақ халқының тарихи тамырларын сонау ғұн, көк түрік және Алтын Орда дәуірімен сабақтастыра қарауында үлкен мән бар деп ойлаймыз.

Көк түріктердің айбынды рухы дүркірей көтеріліп, Ұлы Даланың арда ұлдары ағайынның араздығына қарамай, түгел атқа қонды. Осы құтты қуатты бағалай, бағыттай білген алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақ даласын тұтас билеуді, сол арқылы Жошы ұлысын - Алтын Орданы қайта қалпына келтіруді көздеді. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» еңбегінде: «Қасым хан күллі Дешті Қыпшақты бағындырып, Жошы ханнан соңғы уақытта ешкім қол жеткізе алмаған табыстарға жетті. Оның әскерінің саны миллионға ұласты» деп жазған. Сондықтан, Қазақ хандығын Алтын Орданың мұрагері деп атауға толық негіз бар.

Бұған көптеген себептер бар.

Біріншіден, Қазақ хандығы Алтын Орда мемлекетінің аумағын қамтыды.

Екіншіден, хандықтың негізін қалаған әулет Жошының кіндігінен тарады, осыған байланысты хандық «Жошы ұлысы» деп те аталып жүрді.

Үшіншіден, Жошы мен оның айбынды ұрпақтары мәңгілікке тыныстаған Ұлытау мен Сарайшық Қазақстан территориясында орналасқан.

Төртіншіден, Алтын Орда құрамындағы ру-тайпалар Қазақ хандығының ұйыт­қысына айналды. Ұлысқа қараған тай­палардың, мәселен ноғайлардың лек-легімен Қазақ хандығына келіп қосылуы, қазақ хандарының да теріскейдегі туыстарымен ірі қақтығыстарға бармай, оларды қорғауға тырысуы, мәселен башқұрттарды бауырға тартуы да бекер емес деп ойлаймыз. Бесіншіден, шаңырақ көтерген хандық құдіретті империяның дәстүрлерін жаңғыртуға ұмтылды. Қазақ елінің толерантты мінезі Алтын Ордадан қалған қасиеттің бірі болса керек. Міне, осындай себептерге байланысты Шоқан Уәлиханов кезінде «қазақтар өздерін Ал­тын Орданың ұрпақтары ретінде есептейді» деп жазған.

Құрылғанына көп уақыт өтпесе де құдіретті күшке айналып, Сығанақ пен Сауранды, Отырар мен Сайрамды қайтарып алып, Түркістанды астана еткен жас мемлекет кейінірек Самарқан мен Бұхараға, тіпті, Қашғар мен Ауған­станға дейінгі аймақтарға жорық жасап, Орталық Азияға билік жүргізуге ұмтылды. Хандықтың айбынын асырып, абыройын тасытқан қаһарлы хандардың бірінің Астрахан маңайында мәңгі тыныстауы, енді бірінің Бұхара түбінде опат болуы да ұлан-ғайыр аймақты құраған ұлы мұраттың айғағы болса керек. Бұл - қазақ хандығының Ұлы далада салтанат құрған көшпелі империялардың соңғы жұрнағы екенін көрсетеді.

Қазақ хандығының Шу мен Сыр бойын тұғыр етуінің тағы бір себебі - Еуразия кеңістігіндегі сауда жолдарына бақылау орнатып, экономикалық қатынастарға ықпал етуге ұмтылудан туған еді. Дегенмен, жаңа балама сауда жолдарының ашылуы Жібек жолын қайта қалпына келтіруге кедергі болды. Сондықтан уақыт өте келе әлеуеті кеміп, тұйықтала түскен хандық 1569 жылы Османлы бас уәзірі Соколлу Мехметтің әйгілі Волга-Дон каналы жобасының іске аспай қалуымен бірге батыстан мүлде қол үзді.

Осы ретте айрықша айта кетерлік жайт, кез келген іргелі мемлекеттің құ­рылуына тегеурінді тұлғалардың ерекше серпін беретіні белгілі. Біздіңше, Қазақ хандығының тұғырлы тұлғасы - Қасым хан! Алмағайып заманда дүниеге келген Абылай - есеңгіреген елдің есін жиған хан болса, Қазақ хандығының территориясын айқындап, оны ұлы мақсаттарға бастаған - Қасым хан! Осыны ұрпақ санасына сіңірген кезде ғана біз сол дәуірдің даңқты күндері мен асыл аңсарына қол жеткізе аламыз.

Араға бес жүз жыл салып, есе­сі кеткен елдің еңсесі қайта тіктелді. Қасым ханның қасқа жолы нұрлы жолға ұласты.

Өткеннің өнегесі - бүгінгінің баға жетпес байлығы. Жеткенін бағамдап, барын бағалаған жан қашанда жүрісінен жаңылмайды. Сондықтан тағылым түйгендер ғана тарихқа бағыт бере алады. Бұл ретте Бродель айтқандай, тарих тұлғаларды тудырады, сол си­­­яқ­ты тарихты да тұлғалар жасай­ды. Аласапыран кезде ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқын арайлы азаттыққа бастады. Сол арқылы арқауы үзіліп қалған елдік дәстүр жалғанып, төрт құбыласы түгел мемлекеттің негіздері орнықты. Күн астында алтын қыраны қалықтаған аспан түсті көк байрақ ас­қақ желбіреді. Ұлт ұйысып, қаймағы бұзылмаған берекелі бірлік орнады. Әлем жұртшылығына өркениеттер қақтығысы емес, мәде­ниеттер келісімінің кілтін ұсынған Назарбаев пен Қазақстан деген ұғымдар балама сөзге айналды.

Қашанда ізгілікті мұрат еткен қазақ жұрты жаңа ғасырда Жерұйығын тауып, парасатты қаласын орнатты. Арқа төсінде құтты қуаттың символы іспеттес асқақ Астана бой көтерді. Еуразияның жүрегіне орналасқан жаңа елорда Қазақстанның бойына қан жүгіртті, ұлттық санаға жаңа мазмұн берді. Күлтегіннің мұрасы келіп, көк түріктің рухын тірілткен, алтын самұрығы аспан тіреп, Бәйтерегі көкпен таласқан елордада «Мәңгілік Ел» мұраты қайта оянды. Кенесарының рухы атойлап, Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіштері Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатаудың арасындағы алып аймақта дүркірей көтерілген жасампаздық рухы Ұлы Далаға серпін берді. Елбасының қолтаңбасына айналған әсем Астана түркі өркениетін қайта жаңғыртып, түркі әлемінің алғашқы мәдениет орталығы аталды.

Бұл ретте оның бағыт алар темірқазығы - Мәңгі Ел мұраты екені анық. Ендеше, тамырлас елдер түгел мойындаған тұғырлы тұлға бастаған көш көлікті болсын...

   Осылайша тәуелсіздігімізді енді ғана алған сындарлы сәтте Елбасымыздың халықты өз Жолдауларымен жігерлендіруі жүректеріне сенім ұялатып қана қоймай, болашаққа дұрыс бағыт-бағдар беруі нағыз заңғар тұлғаның, болашаққа нық қарайтын салиқалы, көреген адамның ғана қолынан келетін іс екені белгілі. Бағытымызды жандырған бұл Жолдау өзінің кемеңгер Елбасымен бірге тәуелсіз қазақ елін әлі талай рет зор жеңістерге жеткізіп, биік шыңдардан көрсететіні айқын.

Тәуелсіздіктің тап бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астындағы баянды да бақытты ғұмырымыз ұзағынан болғай. Жасампаз еліміздің жарқын болашағы баянды болмақ...

Халқы үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенемін.

Қазақстан көркейе берсін!

Ұлылық пен мәңгілік

Қыр астында көміліп қалды ібіліс

Мәнге айналды кешегі сан құбылыс

Ұлы адамдар айтады ұлы сөзді

Мәңгілік Ер жасайды мәңгілік іс!

 

 

Пайдаланған әдебиет:

1.      «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Президенттің халыққа арналған Жолдауы.

2.      «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»  Президенттің халыққа арналған Жолдауы.

3.      Қазақстан тарихынан 2 том.

4.      Серпер газеті №27 2014 ж.

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе на тему Мәңгілік ел"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 189 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.05.2016 4807
    • DOCX 99.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кулесова Анаргуль Жулдузовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кулесова Анаргуль Жулдузовна
    Кулесова Анаргуль Жулдузовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13386
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе