Инфоурок Логопедия, Дефектология Другие методич. материалы"Есту қабілеті бұзылған балаларға мемлекеттік тілді меңгерту барысындағы педагогикалық жұмыстың сапасы мен нәтижелілігі" (баяндама)

"Есту қабілеті бұзылған балаларға мемлекеттік тілді меңгерту барысындағы педагогикалық жұмыстың сапасы мен нәтижелілігі" (баяндама)

Скачать материал

  Есту қабілеті бұзылған балаларға мемлекеттік тілді меңгерту барысындағы педагогикалық жұмыстың сапасы мен нәтижелілігі

Жоспар:

І. Кіріспе .

        Тіл – қай  ұлтта, қай  елде  болса  да  қастерлі, құдіретті.

ІІ. Негізгі  бөлім

1.     Қазақ тілі – оқушының  өмірлік  қажетін  өтейтін  қатынас  құралы.

2.      Арнайы мектепте қазақ тілінен сабақ  беру  үлкен  еңбекті, ұтымды әдісті талап етеді.

3.     Қазақ  тілін  оқытудағы  негізгі  талаптар.

ІІІ. Қорытынды  бөлім

       Ұлттың болашағы – оның  ана  тілі.

 

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзағалиев:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте , – деген тұжырымы бұл.

Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз щұбарлануының қандайына болса  да қарсы тұруы тиіс. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы – қазақ халқының және шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі.

1989 жыл, 22 қыркүйек: « Қ.Р. Тілдер туралы» Заң  қабылданып, қазақ тіліне « Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі» мәртебесі ( статусы) берілді.

1993 жыл, 28 қаңтар: Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітіледі.

1995 жыл, 30тамыз: республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияның 7- бабында былай делінеді:

1.                 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі.

2.                 Мемлекеттік ұйымдарда және өзін- өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

3.                 Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйренуі мен дамытуы үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

1997 жыл, 11 шілде:

« ҚР Тілдер туралы» жаңа Заң Парламентте қайтадан талқыланып, ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітіледі. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.

«ҚР Тілдер туралы» Заңның 4 - бабы:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

-                     Қазақстан Республикасында барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық- техникалық жағдайларды жасауға;

-                     Қазақ диаспорасында ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

Қазақ тілі – оқушының өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы.

Сондықтан арнайы мектептерде қазақ тілін арнаулы әрі негізгі пән ретінде оқытуға ерекше мән беріледі.

Қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамыту. Мұның өзі оқушылардың ой- өрісін дамытып, сана- сезімін тәрбиелеп, өздігінен қазақ тілін оқып үйренуге құштарлығын арттырады. Оқушылардың есту, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің өсуіне мүмкіндік жасайды.

Тілдің негізгі мақсаты – сөз бен сөйлемді орынды қолдануға машықтандыру.

Құлағы нашар еститін немесе құлағы естімейтін балалардың есту қабілетінің төмендігін ескере отырып, қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс таңбалауға дағдыландыру, тілдің негізгі элементтері дыбыс, сөз, сөйлемді саналы түрде меңгертуге тырысу.

Тіл оймен тікелей байланысты және адамдардың ғасырлар бойы көрінісі болатындықтан, оның әр алуан тарам- тармақтарын бастауыш мектептің есігін ашқаннан бастап орта мектепті бітіргенше негізгі пәннің бірі ретінде оқиды. Әрине, әр басқышта қазақ тілін оқудың мақсаты, білім көлемі әр түрлі болатыны түсінікті. Арнайы мектепте балаға сурет салдырудан да, есеп үйретуден де, табиғатты танытудан да өзі сөйлеп жүрген қазақ тілін оқыту қиын. Тілден алатын білім көбінесе абстракциялы ережелер мен тілдік заңдарға сүйенеді. Олардың оқушылардың жас ерекшеліктерімен, материалдарды қабылдау қабілетімен байланысты. Осы тұрғыдан оқушыларға тиянақты білім беру дәрежесін арттыра түсу үшін де, қазақ тілін оқыту мақсатын өтеу үшін де оқулықтағы әрбір тақырыпқа қатысты грамматикалық, лексикалық, морфологиялық және тіл дамыту материалдарын білдірудің дұрыс әдісін табуда көп мән бар.

Арнайы мектепте қазақ тілінен сабақ беру үлкен еңбекті, ұтымды әдісті талап етеді.

Мұғалім – мектепте балаға білім, тәлім- тәрбие берудің негізгі тұтқасы. Оқулық- оның сүйеніші, тірегі. Оқушы үшін ол – білім бұлағы, оқулықтан өміріне керекті білім алады. Соны түсінген бала қолындағы оқулығын қадір тұтып, жыртпай, таза ұстайды; онда жазылғандарды ықылас қойып оқып, тапсырмаларын кезінде орындап отырады.

Арнайы мектепте қазақ тілін оқытудың мақсаты тек баланың сауатын ашу, қазақ тілі пәнінің ғылыми негізін білдіру ғана емес, сонымен қатар баланы өз елінің патриоты етіп тәрбиелеуге, еңбек сүйгіштікке, мәдениеттілікке, достыққа, өнегелі, игі қасиеттерді бойына сіңіруге тиіспіз.

Тіл сабақтарын оқытудың дидактикалық материалдарды қазақ тілінің әдеби үлгілері болуға тиіс.

Тілдік материалға негізделмеген сабақ алыстағы бұлдыр сағым сияқты, ол көңілге қонымсыз күңгірт қалпында қалып қояды.,

Сондықтан қазақ тілінен мектепте сабақ оқытудың аса жауапты кезеңі оқушыға жаттығу, талдау материалдарын таңдауда үш түрлі талап қойылады.

Біріншіден, жаттығу материалдарды мазмұнды болуға тиіс.

Материалдардағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сөз ішінде, сөздер сөз тіркесі, сөйлем ішінде алып талданады. Солар үшін алынған мысалдар мен мәтіндер ойдан шығарылған сөйлемдерден құралмай, мүмкін болғанынша көркем әдебиеттен алынған сөз, сөз тіркестері, сөйлем, үзінділері болуға тиіс. Алдымен солардың ұстанымы, мазмұны дұрыс болу жағын ойлауға тиіспіз. Қалайда олар оқушыға дұрыс тәрбие беру нысанасынан қаралу керек. Оқулықта осы тұрғыдан  берілген материалдар жеткіліксіз болса немесе мұғалімнің қолында одан да гөрі ұтымды материал болса, оларды пайдалануға болады. Бірақ сол материалға қойылатын басты талап- оның тәрбиелік мәнінде екені екі елі естен шықпау керек.Материалдың тәрбиелік мәні әртүрлі: Отанды  сүюге, еңбек етуге, табиғатты тануға, мәдениеттілікке, бірлікке, үлкенді сыйлауға ыңғайланған. Тым болмаса, онда эстетикалық- көркемдік тәрбие нышаны болу керек.

Екіншіден, әрбір мысал, үзінді, әңгіме, өлең, сөз, сөйлем, тіл жағынан әдеби болу керек. Сонда олар баланы әдеби тіл жүйесін игеруге, оның тілін дамытуға тірек бола алады.  Мұндағы басты талап- балаға грамматикадан, орфографиядан... білім беру үстінде оның тіл мәдениетін де арттыру болуға тиіс. Сол үшін жасанды мысалдардан аулақ болып, әдеби тілдің жақсы үлгілері бойынша, әдеби тілге тән басқа да мысалдар бойынша тәрбиеленеді. Сондықтан арнайы мектеп оқушылары үшін солардың таңдамалары баланың жас мөлшеріне лайық, түсінікті, әдеби әрі мазмұнды болғаны жөн.

Үшіншіден, алынған жаттығу, тағы басқа материалдар құрамынан керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар, сөйлемдер жиі кездесетін болуы керек.

Жаттығу материалдарын таңдауда негізгі мақсат осы талап болғанымен алдыңғыларсыз бұның сапасын дұрыс бағалауға болмайды.

Сондықтан жаттығу талдау, тіл дамыту материалдарының сапасы жақсы болса, қазақ тілін оқытудағы мақсаттың дұрыс орындалуына қолайлы жағдай жасалады. Жаттығулар арқылы баланы ойландыратын,  өз бетімен жұмыс істететін талап, сұрақтар қойып айтылуға тиісті қорытынды, ережелерді дұрыс, тез түсіндіруге болады. Соның өзінде әр тақырыптың ерекшелігіне қарай алдын- ала жүргізілетін жұмыстың сипаты да түрлеше болады.

Көркем шығарманың әр түрін жан- жақты ойлана  отырып, жүйелі оқытқанда ғана, оқушылардың ой өрісін дамытып, тілін ширатып, өмірді таныта түсінуге  көмектесуге  болады.

Мектепте I жартыжылдықта « Тіл- достықтың тірегі» атты көлемді апталық өтті. Апталықта қазақ тілі, орыс тілінен, ағылшын тілінен, тарих беттерінен, мектебіміздің алтын  қазынасы- кітапханадан оқушылардың білім мен біліктілікті қабылдау деңгейлеріне қарай оқытылу бағдарламасына сәйкес сан қырлы тапсырмалар, ашық сабақтар атаулы  күндер  ұйымдастырылды. Оқушылар аса қызығушылықпен қатысқан шара көпшіліктің көңілінен шықты деп ойлаймын. Оқушылар мәтін  мен  өлең мазмұнын суретпен бейнелеп, тілге деген құрметтерін бақылау диктанттарымен көрсете білді.

Жусупова Сания Кувашевна, Аймагамбетова Балзада Салимжановна, Калманова Нуржамал Сагыналиевна, Қадырова Нұрлыгүл Паруховна, Қиматова Гүлшат Талаповна, Гуленков Артур Николаевич апталық барысында әрбір оқушының еңбегін шебер ұйымдастырып, олардың шығармаларына басшылық жасай білді.

« Ана тілім- айбарым, желкілде көк байрағым!», « Кітапханадағы мемлекеттік тілдегі әдебиеттер және оларды насихаттау жағдайы» атты Майра Қадырқызының екі мектептің оқушылармен ұйымдастырған сыныптан тыс сағаты көңілімізге үлкен мерей үстегендей болды. Әсіресе апталық барысында орыс сыныптарының оқушыларының белсенді қатысуы бізді шын қуантты.

Мектепте құжаттар мен  ресми  іс  қағаздар толықтай мемлекеттік тілде толтырылады.

Тіл- ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы- оның ана тілі. Тіл- халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі- оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Есту қабілеті бұзылған балаларға мемлекеттік тілді меңгерту барысындағы педагогикалық жұмыстың сапасы мен нәтижелілігі" (баяндама)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 320 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2016 885
    • DOCX 46 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кизагалиева Айзада Кайрболатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8377
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Базовая сердечно-легочная реанимация с использованием автоматического наружного дефибриллятора (АНД)

36/72 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс повышения квалификации

Инновационная сфера: предпринимательская деятельность в области технологий

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе