Инфоурок / Математика / Конспекты / Функция тақырыбына есептер шығару
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Функция тақырыбына есептер шығару

библиотека
материалов

15 мектеп-лицей мектеп

Математика пән мұғалімі

Сагиндыкова Айгуль Умиткалиевна



Пәні

Математика

Сынып

6 «Б»

Күні

19.03.2014

Сабақтың тақырыбы:

Функция туралы ұғым. Функцияны формула арқылы беру.

Сабақтың мақсаты:

А) ақпараттық құзыреттілігі;

В) коммуникативтік құзыреттілігі;

С) проблема шешу құзыреттілігі.

1. Оқушыларды функцияның шығу тарихымен, практикада пайдалануымен таныстыру;

2. Ойлау, есептеу ережені есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқулықтан тыс ақпаратты пайдалану;

3. Оқушылардың топтық жұмысы арқылы өз ойларын ашық айтып, жолдастарының ойын тыңдап, жауабын бағалауға, ұйымшылдық қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Сабақтың әдісі:

Сабақта қолданылатын педагогикалық материалдар мен технологиялар

Пысықтау. Есептерді шығару

  1. Түсіндірмелі – иллюстративті, жеке жұмыс.

  2. АКТ: интернет жүйесі, интербелсенді тақта;

  3. Білім берудегі бағалау;

  4. Диалогтық әдіс: сұрақ – жауап;

  5. Дарындылық пен көшбасшылықты айқындайтын шығармашылық жұмыс.

Оқу нәтижесі:

  • Функцияның өмірде қолданысын түсінеді.

  • Функция, график, симметрия тақырыптарын ертегіде байланыстырады.

  • Функцияның авторлары туралы мәлімет жинақтап, өмірде қолданысын табады.

Негізгі идеялар:

Көшбасшылық, талант пен дарындылықты айқындау және СТО.

Сілтеме:

  1. 6 сыныпқа арналған математика оқулығы. Авторлары: Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов 261 – 267 бет.

  2. Математиканы оқыту әдістемесі.

Дерек көздері:

Интернет желісі: Google, википедия ашық энциклопедиясы.

Сабақтың жүрісі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі:

(5 минут)

/Тұлға аралық байланыс / «Чунга – чанга» музыкасына сыныптың көңіл-күйін көтеріп түрлі кесілген фигураны құрып, яғни мозайка жинап, топ ұйымдастыру көзделді

/Сыныптың білім деңгейін анықтау/ Балалар, кеше сендер қандай тақырыппен таныстыңдар?

Тақырыптың маңызы неде болды?

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

- Музыка әуеніне билеп, мозайка жинайды.



- Сұрақтарға жауап береді.


  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.

Сабаққа зейін аударып, сабаққа дайындалады.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен материалды қайталау арқылы практикалық жұмысқа дайындық.

  1. минут)

Өткен тақырыпты тексеру мақсатында математикалық диктант өткіземін:

1 тапсырма:

Математикалық диктант:

  1. Тәуелсіз айнымалының ..... ғана мәні сәйкес келетін ............. функционалдық ................. немесе ......... деп атайды.

  2. Тәуелсіз айнымалы ............., ал тәуелді айнымалы – осы ................. немесе ..................

  1. ........ сөзі латынның function сөзінен шыққан, қазақша ..........., .............. дегенді білдіреді.

  2. «Функция» терминің математикаға ........... жылы тұңғыш енгізген неміс физигі, математигі ................. ................ .................

  3. Функцияның мәндерінің жиыны ............ мәндерінің .................... деп аталады.

  4. Тәуелсіз .................... қабылтайтын мәндерінің жиыны функцияның ................ аймағы деп аталады.

  5. y=f(х)

у - ?

f - ?

х - ?

2 тапсырма:

  • Функцияның өмірде қолданысы;

Функцияның шығу тарихын реферат арқылы не слайд-шоу арқылы дайындап әкелгендерді сұрау.


Сұрақтарға жауап береді.

1 тапсырманы орындайды

  1. Тәуелсіз айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті функционалдық тәуелділік немесе функция деп атайды.

  2. Тәуелсіз айнымалы аргумент, ал тәуелді айнымалы – осы аргументтің функциясы немесе функция.

  3. «Функция» сөзі латынның function сөзінен шыққан, қазақша орындау, атқару дегенді білдіреді.

  4. «Функция» терминің математикаға 1694 жылы тұңғыш енгізген неміс физигі, математигі Гольтфрид Вильгельм Лейбниц.

  5. Функцияның мәндерінің жиыны функцияның мәндерінің аймағы деп аталады

  6. Тәуелсіз айнымалының қабылтайтын мәндерінің жиыны функцияның анықталу аймағы деп аталады.

  7. y=f(х)

у – функция;

f – функцияның аргументке тәуелділігі;

х – аргумент.

2 тапсырманы презентация не қағаз беттеріне шығарып әкелген материалды қорғау.

Өздеріне баға қояды.

Оқушылар математикалық диктантты орындап болғаннан кейін өзін-өзі интерактивті тақта арқылы тексереді.

Бос орынды толтыру арқылы ой-өрісін, жадыны дамытады.
















Оқушылар өздерін бағалай алады, суммативті бағалау арқылы.

ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау

(10 минут)


1270 дәптерімізге шығарып, ауызша шығару жолын түсіндіру.

1274

1270

f(х)=7х+1

1. f(hello_html_42b18ad1.gif)= 7· hello_html_42b18ad1.gif +1=2; f(- hello_html_42b18ad1.gif)= 7·hello_html_m335f80b1.gif ) +1=0 2hello_html_m360d6129.gif

2. f(0)=7·0+1=1; f(1)=7·1+1=8

1hello_html_m7c48e444.gif8

  1. f(0,5)=7·0,5+1=3,5+1=4,5;

f(-0,5)=7·(-0,5)+1=-3,5+1= -2,5

4,5hello_html_m824311b.gif2,5

  1. f(-2)=7·(-2)+1= -14+1=- 13;

f(2)=7·2+1=15; -13hello_html_m7c48e444.gif15


Ауызша түсіндіру, талдау арқылы ссыни тұрғыдан оқуға үйренеді.

IV. Топтық шығармашылық жұмыс «Математикалық ертегілер әлеміне саяхат»

(15 минут)

Өтілген 6 және 7 тараулары бойынша сурет не график сызып, оны өтілген тақырыптарымен байланыстырып ертегі ойластыру содан кейін ортамызға ертегіні айтып беру. Осы тапсырмаға 10 минут уақыт беріледі.

Интернет желісін, оқулық, журналдар мен қосымша мәліметтер қолдануға болады.

Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

АКТ–ны қолданады. Ертегілерін ортаға салады.

Миға шабуыл стратегиясы қолданылады.


V. Қорытындылау (5 минут)

Оқушылар қиылған үлестірме материалдар беріледі. Осы қағаздарды біріктіру арқылы қойылған сұраққа жауап беріп сабақтың қорытындысын шығару. "Ыстық орындық" әдісін қолдандым.

Оқушылар бір-бірлеріне сұрақ қойып, оларға жауап алу үшін берілген үлестірме парақшаларды біріктіріп қорытынды жасайды.

Тез ойлану мен визуалды жады дамиды.

VI. Бағалау (1 минут)

Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

  • Математикалық диктантты орындау;

  • Уақытты ұнемдеу;

  • «Ертегілер әлеміне саяхат»;

  • Есептерді шығару;

  • Математикалық тұрғыда сөйлеуді бағалайды

Топтар бағалау критерийі бойынша өздеріне баға қояды, содан кейін әр топтың көшбасшысы «Екі жұлдыз – бір тілек» арқылы ұсыныстар жасайды.

2 жұлдызға сабаұтан ұнаған нәрсені жазады, ал 1 тілек ұсыныс жазады. Не үйренгісі келеді.

VII. Үй тапсырмасын беру

(1 минут)

  • Үйге тапсырма: 1. Функцияның кестемен берілуі;

  • 2. №1284-№1285;

  • 3. 305-306 беттегі тарихи мәліметтерді тоқып келу.

  • 4. 6 тарауды толығымен қайталау.

Оқушылар тапсырмаларды күнделіктеріне жазып алады.

Оқушылар үйренуі бойынша материалды толықтырады.

VIII. Рефлексия (2 минут)

Кері байланыс жасау: Әр топ сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын білдіреді.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жеткізеді.

«2 жұлдыз 1 тілек» стратегия бойынша.

Бүгінгі сабақтан алған мәліметтерін тиянақтайды















4 Сабақтың өзіндік талдауы

Сынып

6 «Б»

Пән

Математика

Тақырыбы

Функция туралы ұғым. Функцияны формула арқылы беру.

Мақсаты мен міндеттері:

- Функцияның екі шаманың арасындағы байланысты ескере отырып өзіндік айырмашылық, ұқсастықтарын білу;

- Тіл мәдениетін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру;

- Адамгершілікке, ұлтжандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу

Оқыту нәтижелері

- Сөйлеу мәдениеті қалыптасады;

- Ауызекі сөйлеу тілі дамиды;

- Функияның басқа салаларда қолданысын көреді, өмірдегі қажеттілікті түсінеді.

Тапсырма

Кедергілері

Жетістіктері

Оқушының белсенділігі

Оқушы не үйренді

Оқытушының рөлі

1.Ұйымдастыру кезеңі. Топтарға фигуралар бойынша бөліну және «Чунга чанга» әуенінің барысында

Азамат оқушы барлық сабақтар бойы мүлдем билеуге ұялды.

Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастырды

Барлық оқушы топпен жұмыс жасауда белсенділік танытты

Ереже бойынша нақтылыққа үйренді

Әрбір берілген жауапты қадағалау

2. Математикалық диктант үй жұмысын тексеріп практикалық жұмысқа жол ашу.

Сөйлемнің жасалу жолдарының өзіндік ерекшеліктерін толыққанды ажырата алмады

Логикалық ойлау қабілеттері дамыды. Тапсырманы жан-жақты көре алуы. Дұрыс орындағанына көздері жетті.

Берілген тапсырмаларға жүйелі жауап беруге тырысты

Бір-бірінің жауаптары арқылы бағыт-бағдар алды

Қадағалау

3. Практикалық жұмыс. Жаттығуларды орындап, ауызша шығарылғанын талдайды, түсіндіреді.

Үлгерімі төмен оқушыларға кешенді талдау жасауда қиындықтар болды.

Сатылай кешенді талдау үлгісін жасау жобасын жүйелі жасай білді. Еркін сөйлей алды.

Оқушылар есептерді түсіндіру мен талдауда қызу талқыға салды

Сатылай кешенді талдау үлгісін жасау жобасын толыққанды үйренді

Ұйымдастыру

  1. Топтық шығармашылық жұмыс «Математикалық ертегілер әлеміне саяхат»

Ертегіні тақырыппен байланыстыра алмады.

Мағынасы терең сөйлемдер құра білді,сонымен қатар оны ережеге сай талдай білді. Қиялдап, математикалық тұрғыда практика мен теорияны байланыстырды

Үлгерімі төмен оқушылардың өзі бұл тақырыпта өз ойларын еркін ортаға сала алды.

Бір-бірінің пікірін бағалау, оны қағаз бетіне түсіру керектігін білді.

Бағыт-бағдар беру

Пайдаланған модульдер

  • Диалогтік әдіс;

  • Топтық жұмыс;

  • Көшбасшылық;

  • Дарындылық;

  • Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

  • АКТ қолданылуы.

Қорытынды

  • Ынтымақтасып жұмыс жасауға одан ары қарай дамытар едім;

  • Математиканы өмірмен байланыстыру оқушылардың ойларында тез салынғанын көре алдым;

  • Оқушы бойынан дарындылық пен көшбасшылық қасиетті байқауға ерекше назар аударуды үйрендім.





Общая информация

Номер материала: ДВ-393617