- 30.09.2020
- 2204
- 103
Күні: 23.12.14 жыл
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың теңсіздігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: үшбұрыштың әр қабырғасы қалған екі қабырғасының қосындысынан кіші болатынын меңгерту және тақырыпты жақсы есте сақтау үшін есептер шығарту.
Тәрбиелік: өмірмен байланыстыра отырып, ұлттық дүниетанымын, танымдық ой-өрісін кеңейту; оқушыларды ізденімпаздылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Өз бетінше жұмыс істеуге және уақытты тиімді пайдалануға білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және ойын жинақтау қабілетін, зейінін тұрақтандыру, сұраққа нақты жауап беру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Проблемалық, түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару.
Көрнекілігі: Жылжымалы тақта, смайликтер, есеп шартына сай суреттер, үлестірмелі топтамалар (тест тапсырмалары, өзін-өзі бағалау парағы).
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. АВС үшбұрышында: ∟А=1200, ∟В=400, ∟С=200. Ең үлкен қабырғаны, ең кіші қабырғаны атап көрсетіңдер.
Жауабы: ВС - ең үлкен қабырға, АВ – ең кіші қабырға. Себебі: үшбұрыштың үлкен бұрышына қарсы үлкен қабырға жатады, кіші бұрышына қарсы кіші қабырға жатады.
2. DKC үшбұрышында: DC=10 см, DK=4 см, KC=8 см. Үшбұрыштың ең үлкен және ең кіші бұрыштарын атап жазыңдар. Себебін жазып түсіндіріңдер.
3. Жауабы: үшбұрышта үлкен қабырғаға қарсы үлкен бұрыш жатады, кіші қабырғаға қарсы кіші бұрыш жатады. Сондықтан ең үлкен бұрыш K бұрышы, ең кіші бұрыш –C бұрышы болады.
III. Жаңа сабақ:
Тапсырма1:
1. Үшбұрыш сызыңдар. Оның төбелерін А, В, С әріптерімен белгілеңдер. Ең үлкен қабырғаны АВ деп белгілеңдер.
2. Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеп табыңдар да, жазып қойыңдар. Айталық , АВ =8 см , ВС=4 см, АС=7 см болсын.
3. ВС мен АС қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын табыңдар: ВС+АС=4+7=11 см (үлгі).
4. АВ-ның ұзындығын қалған қабырғаларының ұзындықтарының қосындысымен салыстырыңдар: 8 см < 11 см.
5. Қорытынды жасаңдар, АВ < BC+AC болуға тиіс.
Теорема: Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының қосындысынан кіші болады.
Тапсырма 2:
Берілген сандар үшбұрыш қабырғалары бола алама?
1. а=4 см; в= 4 см; с=8см. (Бола алмайды)
2. a=5 см; в=7 см; с=9 см. (Бола алады)
3. а=2 см; в=3 см; с=5 см. (Бола алмайды)
4. а=12 см; в=15 см; с=8 см. (Бола алады)
5. а=41 см; в=48 см; с=80см. (Бола алады)
6. а=413 см; в=148 см; с=208 см (Бола алмайды)
7. а=51 см; в=46 см; с=81 см. (Бола алады)
IV. Есептер шығару.
Сабақта:192, 193,204 - есептер.
№192
Екі қабырғасының ұзындығы: 1) 2 см және 5 см, 2) 21 см және 9 см, 3) 6 дм және 3 дм болатын тең бүйірлі үшбұрыштың үшінші қабырғасын табыңдар. 1) 5 см, 2) 21 см, 3) 6 дм.
V. Сабақты бекіту.
Тапсырма 3:
Кесінділерді пайдалана отырып, екі үшбұрыш құрастырыңдар.
1-ші үшбұрыш қабырғалары 10 см, 12 см, 9 см. 2-ші үшбұрыш қабырғалары 7 см, 6 см, 4 см.
VI. Қорытындылау.
Тест тапсырмалары:
1. АВС үшбұрышының периметрі 15 см. ВС қабырғасы АВ қабырғасынан 2 см үлкен, ал АВ қабырғасы АС-дан 1 см кіші. АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңыз.
А) 5 см, 7 см, 3 см
В) 4 см, 5 см, 6 см
С) 5 см, 8 см, 2 см
Д) 8 см, 4 см, 6 см.
2. Төменде көрсетілген сандардың ішінен үшбұрыштың қабырғалары бола алмайтынын таңдаңыз.
1. 10см; 15см; 2 см.
2. 4 см; 7 см; 8 см.
3. 1 м; 2 м; 3,3 м.
4. 3 см, 4 см, 5 см.
А) 2; 3; 4
В) 2; 4
С) 1; 4; 3
Д) 1; 3.
3. Барлық бұрыштары 600-қа тең болатын үшбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 15 см.Үшбұрыштың периметрін табыңыз.
А) 35 см
В) 45 см
С) 48 см
Д) 55 см.
4. Тең бүйірлі үшбұрыштың екі қабырғасы 5 см және 6 см. Үшінші қабырғасын табыңыз.
А) 5 см немесе 6 см
В) 5 см
С) 5 см немесе 10 см
Д) 6 см.
5. Егер үшбұрыш қабырғалары 4 және 9 болса, үшінші қабырғаның үлкен бүтін мәні қандай болатынын табыңыз.
А) 13 см
В) 9 см
С) 12 см
Д) 14 см
6. АВС үшбұрышының АВ қабырғасы 5 см, ВС қабырғасы АВ қабырғасынан екі есе үлкен, ал АС қабырғасы ВС қабырғасынан 2 см кіші. Үшбұрыштың периметрін табыңыз.
А) 23 см
В) 13 см
С) 25 см
Д) 12 см
VII. Бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы. Теорема жаттау, №189, №190
Настоящий материал опубликован пользователем Мусина Динара Талгатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалучиетель математики и информатики
Файл будет скачан в форматах:
Материал разработан автором:
Алпысбаева Ляйла Мухаметкалымовна
учитель биологии и химии
Об авторе
Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Алпысбаева Ляйла Мухаметкалымовна. Инфоурок является информационным посредником
Сабақ жоспары:
Тақырыбы: Ғылым рөлі
Мақсаты: 6.1.1.1 жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын тізіп атау
Сынып: 6
Уақыты: 1 сағат
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандары туралы жалпы түсінік беру, олардың ерекшеліктерін анықтау және жаратылыстану ғылымдарының салаларының байланысын көрсету.
Күтілетін нәтижелер:
Көрнекіліктер:
Сабақ барысы:
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 180 ч.
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақ жоспарында оқушылардың тақырыпты меңгеруі тиянақты болып, есте сақтауы үшін бірнеше ауызша есептер берілді. Ауызша есептің оқушылардың тез ойлап, тез жауап бере білуге дағдыландыруға пайдасы бар. Осылармен қатар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытуда, ойлау қабілетін тәрбиелеуде ерекше маңызы бар есептер баршылық.
Сабақты, оның әдістемелік аппаратын табысты пайдалану мұғалімге, оның оқыту-білім беру шеберлігіне тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда кез-келген интернеттен алынған сабақ жоспары мұғалімге тек көмекшілік рөл атқаруы тиіс. Мұғалімнің шығармашылығына мүмкіндік жасауы, «ой түрткісі» болуы тиіс.
7 240 905 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 218 745 материалов из нашего маркетплейса.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.