Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыХ дыбысы және әрпі, мектеп алды даярлық сыныбы

Х дыбысы және әрпі, мектеп алды даярлық сыныбы

Скачать материал

http://lenagold.narod.ru/fon/clipart/ram/flo/ramk315.png

         Қалалық ашық сабақ

 

Тақырыбы:

Х дыбысы және әрпі

 (сауат ашу және жазу)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАД тәрбиешісі: Қалдыгүл Қадиқызы

 

 

 

                             Сауат ашу және жазу.

Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:     Балалардың сөз, сөйлем жайында түсініктерін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру. Х әрпінің баспа түрімен таныстыру. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып сөйлем, сөз құрастыру және оны талдауға үйрету.

Дамытушылығы:    Сөз, сөйлем ойлау арқылы еске сақтау қабілетін  дамыту. Дыбыстардың айтылу артикуляциясын дұрыс меңгерту. Әр түрлі ойын ойнату, ребус шешкізу арқылы логикалық ұшқыр ойлау қабілеттерін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Тәрбиелілігі:                 Балаларды бауырмалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:             Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі:                 Сұрақ - жауап,    көрсету,    түсіндіру,    ойын,   қол      жаттықтыру жұмысы, ребус шешу.

Көрнекіліктері:              Әліппе, сауат ашу, суреттер, ребус, кеспе әріптер мен буындар, хат қалта, пошта жәшігі, интерактивті тақта, слайд шоу, бейне көріністер, қызыл, көк текшелер.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, құрастыру.

 

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе әңгіме өткізу

Оқушылар бүгін бізге сабаққа ұстаздар, мұғалімдер қонаққа келіп отыр. Бәріміз орнымыздан  тұрып, оңға бұрылып, мұғалімдермен амандасып алайық.

 

Ізеттілік белгісі-

Бас иіп сәлем бергенің.

Кәне, бәріміз басымызды иіп амандасайық! Ал, қане, балалар, қазір бізде қандай сабақ?

Сұрақ: Ал сендер білім алуға бала-бақшадан шығып, қайда келдіңдер?

Жауабы: Мектепке.

 Олай болса, сабағымызды білім, мектеп туралы өлең, тақпақпен бастайық. Кім мектеп, білім туралы өлең, тақпақ біледі?

Туғаннан соң адам боп,                                  

Білімсізден жаман жоқ.                                     

Мектепке сен келмесең,                                           

Жұрт айтады надан деп.

Міне, балалар ,олай болса, білім алуға мектепке келдіңіздер. Өткен сабақта мектепте не үйреніп едіңіздер? Қандай әріп және дыбыспен таныстыңыздар?

Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз де?

Кім тақтаға Юля, Юра сөздерін жазып, дыбыстық талдау жасап береді?

Юля, Юра сөздерінде неше дыбыс бар? Неше әріп бар?

Алдарыңыздағы әліппе, сауат ашу кітабынан өткен сабақтағы  сөздерді кім оқып береді? Әр қатарға оқыту.

Интерактивті тақтаны қолдана отырып, аю, ою сөздеріне бейне көріністер көрсету арқылы балаларға сөйлем құрату.  т  п

Мысалы: Аю суда жүр. Аю қонжықтарымен жүр. Қоңыр аю орманда жүр. Аю бал жеп отыр. т.б. Киіз үйдің сырты оюмен өрнектелген. Байдың шапанында ою бар. Әженің бешпетінде, орамалында ою- өрнектер бар. Киіз үйдің іші-сырты ою-өрнектермен безендірілген т.б.

 

Ойын: «Кім жылдам»

Қою, жию, құю, тию т.б. сөздерін қолдарындағы әріптермен 3 қатардың оқушылары құрастырып, жоғары көтеріп жарысу.

Алдыңғы сабақта алған білімдерін пысықтаймын.

 

Жаңа сабақ.

II. Негізгі бөлім.         

      

Ал ,балалар, енді менің қолыма қараңдаршы. Бұл қағаз қалтаның сыртынан нені көріп отырсыңдар?                                                   

Дұрыс, ою-өрнекті. Ою сөзіндегі өткен сабақтағы ю әріпін танып отырсыздар? Енді бұны ашып көрейік? Ішінде не бар екен? Ішінде не бар екенін тапсақ, бүгінгі танысатын жаңа әріп, дыбысымызды білетін боламыз. Балалар нені көріп отырсыңыздар? Ішінде екі көк жолақша бар екен. Осы екі көк жолақшаны көлбеу қиылыстырып, тақтаға Х әріпін құрастырып көрсетемін.

Олай болса, балалар, бүгінгі жаңа сабақта танысатын әріпіміз -  Х дыбысы және әріпі.

Х дыбысы және әріпі туралы түсінік беру. Х әрпін ауада және тақтаға баспа түрде жазып көрсету. Балаларға сұқ саусақтарын қиылыстыру арқылы қолдарымен құрастыру.

Балалар менің қолымдағы хат қалта, ал хат сөзінде х әрпі сөздің басында жазылады. (Хат туралы түсінік беру)

Хат дегеніміз байланыс құралы жоқ, алыс елді мекендерде тұратын туысқан, бауырларыңызға өздеріңіздің амандығыңызды, сағыныш сәлеміңізді жазып жіберу, оны газет журнал таситын пошта қызметкерлері мекен жай арқалы апарып береді т.б.

 Хат, хабар, халат, хор, хан, саяхат, шахмат, Хамит, Хафиза, Райхан, Хасан, Асхат, Хиуа, Хорезм  сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

(Интерактивті тақтамен жұмыс)   

             

Әліппе сауат ашумен жұмыс. Х әріпін жаздыру. Кітаптағы суретпен жұмыс

(Ақ көгершін жақсылықтың хабаршысы)

Сергіту сәті. «Ақ көгершін»

«Кім тапқыр» ойынын ойнату.

1. Мектептен кітап алу үшін қайда барасыңдар? (Кітапханаға)

2. Дәрі қайда сатылады? (Дәріханада)

3. Ойлап отырып ойнайтын спорттық ойын түрі? (Шахмат)

4. Мектепте қарның ашса самсаны қайдан аласыңдар? (Асханадан)

5. Алыстағы ата-әжеңе сағынышпен не жазасыңдар? (Хат)

6. Көмірді жер астынан кімдер өндіріп шығарады? (Шахтер)

7. Дәрігерлер қайда жұмыс жасайды? (Емхана, Аурухана)

Осы сөздердің бәрінде бүгінгі танысқан қадай дыбыс көп айтылды? (Х)

 

Ребус шешу.

–                             АС -       

 - -

  АС –  -

 

 

Тапсырма.

Әр оқушыға тест сұрақтары беріледі.

Х әріпі бар сөздерді тауып, қорша.

1. Қар                                            1. Күн                                 1. Хабар

2. Нан                                            2. Хор                                 2. Қол

3. Хат                                            3. Гүл                                  3. Әке

 

Жаңа сабақты тиянақтау.

Балалар, бүгінгі сабақта қандай әріп және дыбыспен таныстық? Олай болса, мына менің қолымдағы хат қалтаның ішінде сендерге көптеген сөйлемдері бар хат жіберіпті. Соны оқып берген бала хатын мына пошта жәшігіне салады. Оны хат таситын пошташы, ата- әжелеріңе апарып береді. Ал оқи алмай қалсаңдар, хаттарың жіберілмейді. Әли хат оқыды. Айша халат киді. Хасан ойнады. т.б.

Хат ішіндегі сөйлемдерді оқыту, пошта жәшігіне салдыру.

Міне, сабағымыздың басында айтқандай мектепке егер келмесең, жұрт айтады надан деп. Егер сабаққа келмеген болсақ, осының бәрін білмей қалатын едіңдер.   

Сабақты қорытындылау, балаларды мақтау, мадақтау, қолпаштау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Білімді ұрпақ тәрбиелеп, мәңгілік ел болып қалайық!

 

 

 

 

 

 

 

           

 

           

 

                              Ұшырған әрбір шәкірттен,

                        Жақсылық хабар тосайық.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Х дыбысы және әрпі, мектеп алды даярлық сыныбы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 136 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.03.2016 6160
    • DOCX 7.3 мбайт
    • 39 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кащанова Калдыгул Кадиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кащанова Калдыгул Кадиевна
    Кащанова Калдыгул Кадиевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35905
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование методики Гленна Домана в работе с неговорящими детьми при подготовке к обучению грамоте

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Курс повышения квалификации

Особенности культурно-досуговой деятельности с детьми и подростками

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс повышения квалификации

Пальчиковая гимнастика как средство развития речи детей дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 166 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек