Химия пәнінен "Химиялық реакция типтері" атты тақырыбындағы сабақ. 8 - сынып

Предпросмотр материала:

Выберите файл для просмотра:

Всего файлов: 2

doc ppt

Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Макаров жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

 

Тақырыбы: «Химиялық реакциялардың типтері»

 

 

 

Өткізген: химия пәнінің мұғалімі     А.У.Сергазиева

 

 

 

2011 – 2012 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардың типтері       

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Химиялық реакциялардың типтері  туралы  оқушылардың  білімдерін  кеңейту.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей білуге, жауапкершілікке, достық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз бетінше, топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: Қорытындылау және жүйеге түсіру сабағы.

Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.

Сабақтың әдісі: Тестілік тапсырмалар, интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Тесттер, оқушыны бағалау парағы, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:    

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 Мұғалім түсіндірмесі. Балалар, өздерің қалаған түстеріңді таңдап, сол түс белгіленген партаға отырамыз.

                А – сары         Б – қызыл

Әр топта бір жетекші, баяндамашы материалға жауап беруші, хронометр міндетін атқарушы оқушы бекітіледі. Топ болып жұмыс жасайтын болғандықтан әр топ мүшесі қатысуы тиіс.

 

II. Ой қозғау              

1. Химиялық реакция дегеніміз не?

                    2. Химиялық реакцияның белгілері.

                    3. Химиялық реакциялардың қандай типтері бар?

 

ІІІ. Білімді қорытындылау және жүйеге түсіру.

Тапсырма 1. Реакция типіне анықтаманың сәйкестігін көрсетіңіздер 

Қосылу               Екі күрделі заттың құрамындағы атомдар  

                             (атомдар тобы) бірінің орнын бірі басуы  

                              арқылы жүретін реакция. 

Айырылу            Екі немесе бірнеше заттың бірігіп, бір

                             күрделі затқа айналуы

Орынбасу           Бір заттың бірнеше затқа айналып ыдырауы. 

 

Алмасу               Күрделі заттың құрамындағы бір элемент  

                            атомының орнын басқа жай заттың атомы  

                            басатын, күрделі зат пен жай зат арасындағы   

                            реакция.

 

Тапсырма 2. Реакцияның белгісін табыңыз

Қосылу реакциясы

1. Бірнеше жай заттар түзіледі.

2. Бір ғана жай зат түзіледі.

3. Бір ғана күрделі зат түзіледі.

4.  Бірнеше күрделі заттар түзіледі.

 

Айырылу реакциясы

1. Бір жай және күрделі зат қатысады.

2. Бір ғана жай зат қатыса алады.

3. Бір  ғана күрделі зат қатыса алады.

4. Бірнеше күрделі зат қатыса алады.

 

Орынбасу реакциясы

1. Екі жай зат түзіледі.

2. Бірнеше күрделі заттар түзіледі.

3. Бір ғана күрделі зат түзіледі.

4. Бір жай және бір күрделі зат түзіледі.

 

Алмасу реакциясы

1 .Бір жай және күрделі зат қатысады.

2. Бір ғана жай зат қатыса алады.

3. Бір  ғана күрделі зат қатыса алады.

4. Екі күрделі зат қатыса алады.

 

Тапсырма 3. Егер айырылу, қосылу реакцияларына анықтаманы  дұрыс берсеңіздер, жауаптарыңыздың қосындысы судың молекулалық массасына тең болады.

 

Реакцияның сипаттамасы

Айырылу реакциясы

Қосылу реакциясы

Бір жаңа зат түзіледі

 

 

Бір реагент

 

 

Бірнеше жаңа зат түзіледі

 

 

Бірнеше реагент

1

 

 

3

 

 

5

 

 

7

2

 

 

4

 

 

6

 

 

8

 

       Mr 2О)  =

 

Тапсырма 4.  Реакцияның типін, өнімдердің формуласын анықтап,  реакцияны теңестіріңіз:

                                               

І. H3РO4 + KOH → K3РO4  + H2O

         А) орынбасу

         Ә) қосылу

         Б) алмасу                               

         В) айырылу                         

 

ІІ. (CuOH)2 + CO2 →CuO + H2O + CO2 

         А) орынбасу

         Ә) қосылу

         Б) алмасу

         В) айырылу

 

III.   SO2 + Аl2O3 Аl2 (SO3)3

         А) орынбасу

         Ә) қосылу

         Б) алмасу

         В) айырылу        

 

IV.  Zn + Pb (NO3)2 → Zn (NO3)2 + Pb

       А) орынбасу

       Ә) қосылу

       Б) алмасу

       В) айырылу

 

Тапсырма 5. Типіне сәйкес реакцияны анықтап, реакцияны аяқтаңыз.

 

Алмасу реакциясы

А) H2 + O2            

Ә) Na + H2O            

Б) C + O2         

В) AgNO3+ HCl     

 

Орынбасу реакциясы:

А) H2SO4 +Zn →

Ә) Fe(OH)3

Б) Cu(OH)2

В) MgO + HCL

                      

Айырылу реакциясы:

А) Na2O + H2SO4  

Ә) K2CO3 + HCL  

Б)MgCO3

В) Al + HCl 

Г) MgO + CO2

 

 

 

Қосылу реакциясы:

А) Fe(OH)3  →

Ә) SO2 + O2

Б) CuO + HCl →

В) CuO + HNO3

 

Тапсырма 6. Мына заттардың алынуларына мысалдар келтіріңдер

 

    А) ZnCl2                                             қосылу реакциясы 

 

   Ә) ZnCl2                                             орынбасу реакциясы

 

   Б) СО2                                                 айырылу реакциясы

 

   В) ZnCl2                                              алмасу реакциясы

 

Тапсырма 7. Қай реакция типі? Дұрыс жауаптан мадақтау сөз шығады.

 

Реакция

Қосылу

Айырылу

Орын басу

Алмасу

Zn+  HCl ZnCl2 +  H2

ц

ч

ж

б

Na  +  S → Na2S

а

ё

ю

в

CaCO3  → CaO  + CO2

т

р

к

з

N2+  H2  →  NH3

а

н

р

      м

Fe(OH)3  → Fe2O3  + H2O

ш

й

х

о

CuCl2 + Fe → FeCl2 + Cu

м

о

с

а

Fe2O3+ HNO3 →Fe(NO3)3 + H2O

 

Mg + CuCl2  →  MgCl2  +  Cu

г

 

л

а

 

н

т

 

е

ы

 

у

        

 

Ж А Р А Й С Ы Ң !!!

 

IV. Сабақты қорытындылау.

 

   V.            Оқушыларды бағалау.

 

VI. Үй  жұмысы.

 

 

 

Химия пәнінен "Химиялық реакция типтері" атты тақырыбындағы сабақ. 8 - сынып

    RAR

Файл будет скачан в формате:

    RAR

Автор материала

Сергазиева Айгерим Урынгалиевна

учитель химии

  • На сайте: 10 лет и 9 месяцев
  • Всего просмотров: 23138
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 7
  • 23138
    просмотров
  • 7
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Сергазиева Айгерим Урынгалиевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: