Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы"Индустрияландыру бағыты" әдістемелік өңдеу

"Индустрияландыру бағыты" әдістемелік өңдеу

Скачать материал

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

 

Тақырыбы: Индустрияландыру бағыты

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: .Қазақстандағы индустрияландыру саясаты туралы тұтас  түсінік қалыптастыру.Қазақстағы индустрияландырудың тарихи қажеттілігі, қиыншылықтары мен ерекшеліктері туралы білімді игерту.
Тәрбиелік:Себеп- салдарлық байланыстарды түсіну,тарихи деректерді
талдата отырып, ізденіс және ойлау қабілеттерін дамыту
Дамытушылық: Өз ойларын жеткізе білетін белсенді тұлға қалыптастыру
арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі:ҚР картасы, құжаттар, слайдтар,кесте

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Деректерді зерттеу, пікір алысу, ой толғау, өз ойларын тұжырымдау, кластер.

Сабақтың уақыты: 90 мин.

Сабақтың орны:405,401

Пәнаралық байланыс: саясаттану, дүниежүзі тарихы

Пәнішілік байланыс: ЖЭС

Сабақтың жабдықталуы: кесте, карточкалар, тапсырмалар, плакат,электрондық оқулық,слайд

Оқушы білуі тиіс: Индустрияландыруға бағыт алудың қиыншылықтары.

                                   Индустрияландыруды жүзеге асыру.

Пайдаланылған әдебиеттер: Шың кітабы. 2011ж., Қазақстан тарихы Ч. Мусин 2005, Қосымша:Қазақстан тарихы Жұмаақаева Б. Д. 2010 ж.

Негізгі:Қазақстан тарихы Ч. Мусин 2005 ж.

 

 


Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы

 

І. Ұйымдастыру кезеңі-3-5 мин

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру-15-20 мин

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру-30-45 мин

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту-10-15 мин

V. Қорытындылау-3-5 мин

VІ. Үйге тапсырма-3-5 мин

 

І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа қатысуларын қадағалау, сабақтың мақсатын айту

 ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырмалар арқылы тексеру.тест
ІІ. Қызығушылықты ояту.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру

1.Индустрияландыруға бағыт алудың қиыншылықтары.

2.Индустрияландыруды жүзеге асыру.

Жаңа тақырыпты бекіту

Топтарға сұрақтар тарату арқылы бекіту

Қорытындылау. Рефлексия

 

 

Үй тапсырмасы:

1. Сұрақ-жауап:
-Кеңес үкіметі жүргізген экономикалық саясаттар қалай аталды?
- Жаңа экономикалык саясат.
- Жер - су реформасы.
-«Қосшы одағы» қандай қызмет атқарған?
-Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері қандай болды?

 

2 тапсырма.

Ж ----

Э -----

С -----

Неге ол осылай аталды деп ойлайсыздар?

3 тапсырма.

ЖЭС-ң белгілері

ЖЭС-ң  мәні

Нәтижесі

 

 

 

 

 

4 тапсырма.Саралау кестесі

Әскери коммунизм саясатының салдары

Жаңа экономиаклық саясаттың табыстары

 

 

 

 

5 тапсырма. Тест

1.      Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды:

А)1919 ж.

Б)1918 ж.

С) 1920 ж.

Д) 1921 ж.

Е) 1922 ж.

2. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері

А)азық-түлік салығы

Б) сауда еркіндігі

С) жерді жалға беру

Д) берілген жауаптардың бәрі дұрыс

Е) ауылшаруашылығына несие беру

3.  Қазақтар қашан ет салығынан босатылды

А)1921 ж 27 қыркүйек

Б)1922 ж. 15 тамыз

С) 1922 1 ақпан

Д) 1921 ж. 14 маусым

Е) 1920 ж.19 қараша

4. 1921-22 ж аштықтың басты зардабы

А)Қазақтар малынан айрылды

Б)Салық көбейтілді

С) шаруашылық тоқтады

Д) демографиялық жағдай ауырлады

Е) жұқпалы ауру тарады

5. ауылшаруашылық несие қоғамы несиені қанша жылға берді

А)10

Б)6-8

С) 7-9

Д) 3-5

Е) 4

6.ЖЭС-ң мәні

А)ақшалай салықтың енгізлілуі

Б)салықты салғыртпен ауыстыру

С) бірыңғай заттай салықтың белгіленуі

Д) салғыртты салықпен ауыстыру

Е) сауда еркіндігі

7. 1920 ж. семей губерниясындағы басты жәрмеңкелер

А)Ойыл, Орда

Б)Жаркент, Ақмешіт

С) Қапал, Лепсі

Д) Қоянды, Баянауыл

Е) Темір, Атбасар

8. Жер су реформасының мәні

А) Көтерілістерді тоқтату

Б) уақытша өкіметті  құлату

С) шаруалардың жағдайын жаұсарту

Д) жерлерді қайтару

Е) жэсті жою

 

6 тапсырма.

1921-22жж.ашаршылық себебі

1921-22жж. жер-су реформасы мәні

 

 

 

 

6.bmp


ІІІ. Мағына ашу. Қазақстандағы индустрияландыру.(1928-1932ж.ж)
-Бүгінгі сабақтың проблемасы. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды»
1.Индустрияландыру саясатының міндеттерін анықтау
-техникалық-экономикалық мешеулікті жою
-ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларын ,ең алдымен , машина жасауды дамыту
-жергілікті ресурстарды пайдалануға негізделген ауыр өнеркәсіптің барлық салаларын дамыту
-темір жолдар салу және байланыс желілерін орнату
-жұмысшы табын және өнеркәсіптік-техникалық зиялыларды, оның ішінде байырғы халық өкілдерінен қалыптастыру

Қазақстандағы елді индустрияландыру

1.       Индустрияландыруға бағыт алудың қиыншылықтары.

2.       Индустрияландыруды жүзеге асыру.

            1. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61 пайызына ғана жеткен болатын. Осы себепте 1925 ж. желтоқсан айында БК(б)П-ның ХІV-съезі белгілеген социолистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру дегеніміз- халық шаруашылығының барлық салаларын техникамен жабдықтау, инфраструктураның дамуы. Қазақстандағы индустрияландыру КСРО  халық шаруашылығын дамытудың бір бес жылдығымен 1928-32 жж. қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты: қазба байлықтарының толық зерттелмеуі, байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы, жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы, жергілікті мамандардың жетіспеуі, халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы, әміршілдік-төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі, ауылшаруашылығының басымдылығы.

Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:

өлкенің техникалық – экономикалық жағынан артта қалуын жою, байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табымен, өндірістік техникалық мамандарды қалыптастыру.

            Социализмнің бұрмалануы Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-ші хатшысы қызметіне Ф. И. Голощекиннің (1925-1933) келуімен күшейе түсті. Ол аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды. Ол «Қазақ ауылы Қазан лебін сезген жоқ, сондықтан Кіші қазан төңкерісін жасау қажет» деген идеясын ұстанды. Оның бағыты қарсылыққа ұшырап, ол Сталинге хат жолдап, «сіздің бұл ойыңыз бірден бір дұрыс» деген жауап алып, осыдан бастап оның идеясына жол ашылған болатын.

Кіші Қазан төңкерісінің бағыты:

-          Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту.

-          Өлкені шикізат базасы ету.

Ал ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды:

-          Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату.

-          Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.

            Индустрияландыру жолдары туралы т.б. кереғар пікірлер қалыптасып жатты.

-          қазақ халқы көшпенділікке үйренген, оларды бірден социализмге өткізу мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшеліктерді жояды, қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді, қазақтармен өнеркәсіп қаржы жоспарын орындау мүмкін емес.

Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысында ұсыныс-пікірлері ескерілмеді. С. Садуақасов пен Ж. Мыңбаевтың өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық  құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары «ұлтшылдық көрініс» деп бағаланды.

2. Индустрияландыру - өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталады.

Академик Н.С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеп, «Қазақ АКСР-і Кеңес Одағының тұтас метоллогенді провинциясы» деген тұжырым жасады.

Академик И.М. Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Инженер Геолог Қ. И. Сатпаев  Жезқазған ауданындағы мыс-кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екендігін мәлімдеді.

            1927 ж. – Түркістан-Сібір темір жол магистралінің құрылысы басталды. В. С. Шатов құрылыс басшысы болды. Т. Рысқұлов Түркісіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы болды. Инженер М. Тынышбаев болды. Құрылыста 100 мың адам еңбек етті. 10 мың қазақ жұмысшылары темңржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді, құрылысқа 200 млн. сом қаржы жұмсалды. Құрылыс жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті. 1930 ж. 28 сәуірде солт. және оңт. Учаскелер Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды. Алғашқы поезды тұңғыш қазақ машинисі Көшкінбаев жүргізді. 1931 ж. қаңтарда тұрақты пайдалануға берілді.

Темір жолдың маңызы:  - Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды.

- Елдің шығыс аудандарының экономикасымен мәдениетін дамытуға ықпал етті.

Соғысқа дейінгі бесжылдық кезінде салынған құрылыстар:

Түркісіб теміржолы, Қарағанды шахталары, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ақтөбе комбинаты жылу және су электр станциялары, құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары.

            Индустрияландыру саясатының кемшіліктері:

-          машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.

-          Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.

-          Тау- кен шикізатын база ретінде қала берді.

-          Республикадан сирек кездесетін металлдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.

Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген кері әсері:

-          халық дәстүрі бұзылды.

-          Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады.

-          Лагерьлер жүйесі орнықты.

-          Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды.

-          Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді, білікті жұмысшы мамандар, инженер- техник қызметкерлер сырттан негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді. Қала халқы көбейді, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің әдістерімен іске асырылды.Қазақстан индустриясының еңбек ерлері: Ә. Мұрынбаев, М. Сағымбеков, С. Өтебаев, Б. Нұрмағанбетов, А.Сафин.

 

2. Қазақстандағы индустрияландыру саясатының жүргізілу барысы туралы баяндау. І слайд : Индустрияландыру сөзінің мағынасы
2 слайд: И.В. Сталиннің индустрияландыруға берген анықтамасы
3 слайд: Табиғи ресурстарды зерттеу
4 слайд: Картамен жұмыс. Ірі кәсіпорындар
3..Индустрияландыру міндеттерінің орындалу барысын оқулық деректері бойынша зерттеу, ассоциация құру, оны кластерге айналдыру. Индустрияландыру міндеттері қалай орындалып жатқанын дәптерге жазған міндеттерге белгілеу

4. Тірек схемасы. Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы.
Индустрияландыру

М металлургия өнеркәсіптің жетекші саласына айналды
А бесжылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалды
Ң жұмсалған қаржы көлемі 1,5 млрд сомнан асты
Ы транспорт және байланыс салалары дамыды
З жұмысшы және инженер кадрлар қалыптасты
Ы қалалар мен жұмысшы поселкелері пайда болды.

Бекіту.

IV. Ой толғаныс. 1.С. Садуақасовтың «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деген сөзін дәлелдеу.( Қазақстанда жүргізілген инустрияландыру саясатының отарлық сипаты.) Оқушылар өз түсініктері бойынша айтып шығады.
2.Слайд бойынша «Түсті металлургия –Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналғанын» айта келіп, сол кезеңде жүргізілген индустрияландыру саясаты мен бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан арасында байланыс бар, жоқтығын анықтату, өз көзқарастарын айтқызу
3.Индустрияландыруға байланысты сұрақтарға жауап беру. Әр топқа 5 сұраққа жауап беруді тапсыру.

1-топ

1.Қазақстанда Ф.И.Голощекиннің билік басында болған жылдары:
2.Ф.И.Голощекинның насихаттаған идеясы:
3.Қазақстандағы индустрияландыру ісі басталды:
4.Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик:
5.И.М. Губкиннің «Бұл кен орын елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп меңзеген өңірі:

 

2-топ

6.Орталық Қазақстанның минералдық шикізат байлықтарын зерттеген геологтар тобының жетекшісі:
7.Н.С. Курнаков: Қазақ жері
8.Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берген:
9.Түркістан-Сібір темір жолы салына бастады:
10.Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны:

 

3 топ

11.Теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерген қазақ жұмысшыларының саны:
12.Түрксіб темір жолында қатардағы жұмысшы болған, кейіннен «Қазақкөлікқұрылыс» тресінің басшысына дейін көтерілген тұлға:
13.Қатардағы жұмысшыдан,Түрксіб темір жолының бастығына дейін көтерілген басшы:
14.Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдың орнына салынып бітті:
15.Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді:

 


4 топ

16.Түрксіб темір жолы жалғастырды:
17.Түрксіб-
18.Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда салынған «Екінші Баку» аталған жаңа мұнай базасы:
19.Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді: 20.Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданылған әдіс:

 

5 топ.

21.Қазақстандағы индустрияландыру жүзеге асырылды:
22.Мұнай Ембіде өндірілсе, мұнай өңдейтін кәсіпорын салынды:
23.«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер:
24.1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны:
25.Соғыс қарсаңында қалаларда және қала үлгісіндегі елді мекендердегі қазақтардың үлесі:

 

 

ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ  ------

1 тапсырма. . «Тарихи диктант»

1.      1925 ж. (б) П ның XIV съезі ____________бағытын қабылдады.

2.      Индустрияландыру_____________жылғы_____________бес жылдыққа сәйкес келеді.

3.      Түркісіп темір жолы_____________жылы салына бастады.

4.      Голощекин Ф. И. _____________дан_____________жылға дейін қазақ өлкелік комитетінің I хатшысы болып _____________идеясын ұсынды.

5.      Голощекиннің_____________идеясына қарсы шыққан қоғам қайраткері __________болды.

6.      Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру партияның__________съезінде_______жылы қабылданды.

7.      Ұжымдастыру _________жылы қазақ дәулеттілерінің__________тәркілеуден бастады.

8.       _____________террор жылдары ең алдымен_____________тартты.

9.      1930-1932 жж. аштық тарихта _____________деп аталып, ___________адам қырылды.

 

2 тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қазақстанда Ф.И.Голощекиннің билік басында болған жылдары:
2.Ф.И.Голощекинның насихаттаған идеясы:
3.Қазақстандағы индустрияландыру ісі басталды:
4.Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик:
5.И.М. Губкиннің «Бұл кен орын елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп меңзеген өңірі:

6.Орталық Қазақстанның минералдық шикізат байлықтарын зерттеген геологтар тобының жетекшісі:
7.Н.С. Курнаков: Қазақ жері
8.Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берген:
9.Түркістан-Сібір темір жолы салына бастады:
10.Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны:

11.Теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерген қазақ жұмысшыларының саны:
12.Түрксіб темір жолында қатардағы жұмысшы болған, кейіннен «Қазақкөлікқұрылыс» тресінің басшысына дейін көтерілген тұлға:
13.Қатардағы жұмысшыдан,Түрксіб темір жолының бастығына дейін көтерілген басшы:
14.Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдың орнына салынып бітті:
15.Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді:

16.Түрксіб темір жолы жалғастырды:
17.Түрксіб-
18.Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда салынған «Екінші Баку» аталған жаңа мұнай базасы:
19.Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді: 20.Индустрияландыруды жүзеге асыруда қолданылған әдіс:

21.Қазақстандағы индустрияландыру жүзеге асырылды:
22.Мұнай Ембіде өндірілсе, мұнай өңдейтін кәсіпорын салынды:
23.«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалады» деп айтқан қайраткер:

3 тапсырма.

индустрияландыру ерекшеліктері

кемшіліктері,теріс әсері

маңызы

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Индустрияландыру бағыты" әдістемелік өңдеу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 963 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2016 4805
    • DOCX 140.4 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кемельбаева Галия Талгатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кемельбаева Галия Талгатовна
    Кемельбаева Галия Талгатовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19788
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 329 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 329 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 465 человек

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе