Инфоурок Директору, завучу Рабочие программыИнформационная карта передового педагогического опыта методиста

Информационная карта передового педагогического опыта методиста

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Педагогикалық тәжірибенің атауы 

 

Нәтижеге бағытталған білім беру үдерісінде педагогтердің біліктілігін  арттыру моделі

“Педагогтің өз білімін жетілдіру

 жұмыстарының қазіргі заманға сай электронды жүйесі”

 

 

 

 

 

Тәжірибе авторы:

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданының

білім бөлімінің әдіскері Маней Риза

 

Инновациялық тәжірибенің ақпараттық картасы

 

 

1. Жалпы мәліметтер

 

Тәжірибе авторының аты-жөні

Тәжірибе авторының жұмыс істейтін мекемесі, мекенжайы, индексі

Сабақ беретін пәні немесе функционалдық міндеті бойынша лауазымы

Лауазым бойынша жұмыс өтілі

Маней Риза

Павлодар облысы Ақтоғай ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинеті, Ақтоғай ауылы, Алин көшесі, 97 үй,            индекс 140200,

Т. 21446, 87773179912

Қазақ тілі мен әдебиеті, адам, қоғам саласының пәндері бойынша жалпы білім беру әдіскері

11 жыл

 

 

2. Тәжірибе мінездемесінің мәні

1.Инновациялық педагогикалық тәжірибенің тақырыбы

Нәтижеге бағытталған білім беру үдерісінде педагогтердің біліктілігін  арттыру моделі: “Педагогтің өз білімін жетілдіру

 жұмыстарының қазіргі заманға сай электронды жүйесі”

2.Өзгерістің бастамасы (қайшылықтар, білім беру әрекетіндегі жаңарулар және т.б.)

Қайшылықтар

- білім беру саласындағы бүгінгі реформалар мен  білім берудің жаңа парадигмасына көшудегі түсініксіз өліара кезең жағдайы;

-мемлекет тарапынан педагог қызметкерлерге қойылатын биік талапатар мен  қоғамның мектепке, мұғалімге деген көзқарастарының өзгеруі, құрмет сезімдерінің төмендеуі;

- заман ағымына сәйкес қоғамда жаңа мамандықтардың пайда болып, ел назарының басқа бағытқа ауғандықтан мұғалім мамандығына деген қызығушылықтың төмендеуі мен

мемлекет тарапынан мектептегі педагогтің жаңаша даярлануын талап ететіндігі;

-мектептерде жаңашыл мұғалімдермен қатар өзінің психологиялық, педагогикалық, дидактикалық жағынан өсуіне мән бермейтін «ынталы емес» қатарға жататын кейбір мұғалімдердің бар екендігі.

Тәжірибенің жаңашылдығы. Нәтижеге бағдарланған білім беру үдерісінде педагогтердің өздігінен даму үдерісінің инновациялық моделін құру

3.Өзгертулердің идеясы (ИПТ мәні: педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруда  енгізілген өзгертулер)

 

Тәжірибенің мәні: Педагогтердің біліктілігін  арттыру жұмыстарын жаңарта отырып, жас ұрпаққа білім беру беру сапасын арттыру .

Басты идеясы: қазіргі педагогика ғылымының әдіснамалық теорияларына сүйене отырып, нәтижеге бағдарланған білім беру үдерісінде аудандық білім бөлімінің әдіскері тарапынан және мектеп басшылығы тарапынан өткізілетін педагогтердің біліктілігін  арттыру жұмыстарының мазмұнын байыту, түрлендіру, әдістемесін нақты ашып көрсету. Ауыл мектептеріндегі мұғалімдердің курсаралық білімдерінің негізінде біліктіліктерін шыңдау – аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскерлеріне жүктеледі. Әдіскер мұғалімдердің білім беру мен тәрбиелеу үдерісін уақыт талабына сай жаңартып отыру, мұғалімдердің өздігінен даму дағдысын қалыптастыру, шығармашылық, ғылыми-зерттеушілік әлеуетін жетілдіру, инновациялық, эксперименттік тәжірибелерді енгізу, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, педагог кадрларды әдістемелік-ұйымдастырушылық, инновациялық тұрғыда толыққанды қамтамасыз ету, озық тәжірибені жинақтау, тарату міндеттерін атқаруы тиіс.

4. Өзгерулер тұжырымдамасы (өзге де жаңалықтардан артықшылығы, басымдығы, тәуекелдер).

Тұжырымдамасы:

Нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесінің қажеттілігіне сәйкес таным-түйсігі жан-жақты да терең, парасатты,  ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгерген, заманға лайық шығармашыл ұстаздың өзіндік стилін қалыптастыру.

Артықшылықтары:

1. Мектепке жаңа келген жас мамандарды кәсіби біліктілікке баулудың мазмұны мен түрлеріндегі жаңғыртулар.

2. Ауыл мектептеріндегі пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмысын жаңаша үйлестіруге арналған әдістемесі.

3. Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру жұмыстарын тиімді үйлестіруге арналған әдістемелік құрал.

4. Қазақ тілі мен әдебиеті, адам, қоғам саласы пәндерін оқыту үдерісін технологияландыруға арналған тәжірибелік-эксперименттік алаңшалар мен проблемалық-шығармашылық топтардың жұмыс жасауы.

5. Өзге тілді мектептерде мемлекеттік тілді оқытуда білім мазмұны аймақтық компоненттермен байытуға арналған пән бағдарламалары, оқу құралдары мен әдістемесі.

Тәуекелдер:

педагог мамандығына лайық емес тұлғалардың басқа салаға қызметке ауысуы.

5. Өзгертулердің жүзеге асырылу шарттары

 

Мұғалімдердің кәсібіне деген қызығушылығының артуы; мектептік, аудандық, облыстық сайыстарға белсене қатысуда  құштарлықтарының дамуы.  мұғалімдердің рейтингілерінің өсуі. Мұғалімдердің авторлық құралдар құрастыру тәжірибелерінің шыңдалуы (халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысуы, облыстық «Ертіс өңірінің компоненті» атты баспа шығарылымдар сайысында 1,2,3-орындар, облыстық мұғалімдер олимпиадасында жүлделі орындар алуы, «Үздік дидактикалық материалдар» облыстық сайыстағы жүлделі орын, облыстық педагогикалық оқулардағы жүлделер, «Ең үздік қазақ тілі кабинеті» сайысындағы жүлдеге ие болуы).

Оқушылардың білім сапасының артуы.

Дарынды балалардың жеткен биік межелері (халықаралық ғылыми сайыстар, республикалық «Зерде» ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарының және республикалық, облыстық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері). Мектеп пен қоғамның тығыз байланысқа түсуі. Қоғамнан алған жоғары бағалаулар мен пікірлер.

6. Өзгертулердің нәтижесі

- Мектепке жаңа келген жас маманға дер кезінде әдістемелік көмек ұсынылуы;

- педагогтердің өздігінен даму үдерісін бағалау рейтингісінің енгізілуі;

- білім сапасы, ҰБТ нәтижелері, мұғалімдердің кәсіптік шеберлік сайыстарында қол жеткізген нәтижелері, дарынды оқушылардың жетістіктері, пән кабинеттерінің заманға сай мазмұнды әрі талғамға сай рәсімделуі және т.б. бойынша жүргізілген ауыл мектептерінің даму мониторингісі;

-мектеп түлектерінің қоғамдық-гумантарлық бағыттағы мамандықтарды, әсіресе мұғалім мамандығын таңдауда ынталы болуы;

- жекелеген ұстаздар мен мектептердің тұрақты даму көрсеткіштерге ие болуы;

- аудандық білім бөлімінің әдіскерлеріне, мұғалімдер мен әдістемелік бірлестік жетекшілеріне, жас мамандар мектебінің тәлімгерлеріне, мектеп директорының ғылыми жұмыс жөнінде орынбасарларына арналған дайын әдістемелік әзірлемелердің жасалуы.

7. Ұсынылған тәжірибенің баспаға басылуы

1. Орыс тілді мектептерге арналған «Қазақ тілі» бағдарламасы мен оқулығы  Павлодар облысының ПМБАИ-да басылған, 2008 жыл.

2.  «Қазіргі ауыл мектептеріндегі мұғалімдерінің пән комиссиясының жұмысына жаңаша көзқарас» атты жаңа жобасы «Инновациялық идеялардың көрме-жәрмеңкесі» атты сайыстың материалдар жинағына енген, 2011 жыл. 313-318-бет.

3. «Ауыл мектептеріндегі пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмысына жаңаша көзқарас» атты әдістемелік құрал Павлодар облысының ПМБАИ-ның «Педагогикалық альманах» ғылыми-әдістемелік журналда басылған, 2013 жыл, №2.

 

3. Жаңашыл тәжірибенің сипаттамасы.

Әдіскер педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру жұмысын мақсат қоя отырып, тиімді жүргізеді. Мұғалімдердің инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік жұмысын табысты ұйымдастырады. Мұғалімдер авторлық оқу бағдарламаларын, әдістемелік нұсқаулар мен оқу-әдістемелік құралдар құрастырды, оқу үдерісіне жаңа технологияларды енгізу табысты жүзеге асырып келеді. Облыстық «Ертіс өңірінің компоненттері» атты баспа шығарылымдар сайысында  мұғалімдер жеңімпаз және жүлдегерлер (2006-2013), тарих мұғалімдері облыстық оқу-дидактикалық материалдар сайысында, педагогикалық оқуларда  жүлдегер болды (2007, 2011, 2013). Педагогтер халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, халықаралық «Сәтбаев оқулары» конференциясына үздіксіз қатысып, өзінің өсу деңгейлерін растап келеді.

Мектептерде  бейіналды және бейіндік эксперименттері табысты  жүзеге асырылып келеді. Эксперимент жұмыстарының көрсеткіші ретінде оқушылардың нәтижелерін атауға болады. Қараоба ОМ 11-сынып оқушысы  Жұмабай Ә. тарихтан халықаралық ғылыми сайыста жеңімпаз болды (2011). Оқушылардың республикалық, облыстық ғылыми сайысы мен зерттеу жұмыстары мен жобалардың «Зерде» сайысында ауданның мектептерінің оқушылары  жеңімпаз және жүлделі орындарды иеленді (2009-2011,2013). Мұғалімдердің арасында өткізілген «Үздік бейіналды курс» сайыстарында мұғалімдер жеңімпаз және жүлдегерлер болды (2009-2011). 

Әдіскер нәтижелі тәжірибені жинақтау және тарату жұмыстарын жүргізеді. Республикалық семинарда қазақ тілі мұғалімдері Ш.М.Байділдина, Ғ.Қ.Жантеміровтың тәжірибелері ұсынылды (2008), А.Т.Уақбаева, Ж.Қ.Жакуленова, Ғ.Қ.Жантеміровтың тәжірибелері облыста жинақталды (2007).

Әдіскердің консультациялық әрі практикалық көмегі мұғалімдердің теориялық және ғылыми-әдістемелік деңгейінің өсуіне, аттестациядан өтетін педагогтердің біліктілігін арттыруға тікелей ықпал жасайды. Облыстық мұғалімдер олимиадасында Ғ.Қ. Жантеміров, А.Р.Темірова – жүлдегер (2007,2010,2011), Қ.А.Назымбеков номинант болды (2009), Л.М.Құттықадамова – облыстық мұғалімдері олимпиадасының, облыстық панорамалық сабақтар мен «Қазақ тілінің үздік ұстазы» сайыстарының (2003, 2008, 2009) жүлдегері, Жалаулы ОМ қазақ тілі мұғалімі «Үздік дидактикалық материалдар» сайысының жүлдегері (2013), Абай атындағы ОМ қазақ тілі кабинеті облыстық «Ең үздік жабдықталған қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті» сайысының жүлдегері.

Р.Маней мектептегі пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлесітігінің жұмысын жүйелі жүргізуге, жас мамандар мектебінің тәжірибелерін жетілдіруге бойындағы бар педагогикалық дарынын жұмсай біледі. Осы салаға арнап, «Ауыл мектептеріндегі пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмысына жаңаша көзқарас», «Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру жұмыстарын тиімді үйлестіру» атты әдістемелік құралдар мен «Аудандық жас мамандар мектебінің  жұмысын тиімді үйлестіру  әдістемесі» атты әдістемелік әзірлеме құрастырып, аудан мектептерінің ұжымы қолданып келеді.

Әдіскер – мұғалімдердің  ҰБТ мен МАБ-қа дайындық жұмыстарын шебер ұйымдастырады. Оқушылар жыл сайын ҰБТ-да  жоғары білім сапасын көрсетті: қазақ сыныптарындағы қазақ тілінен 81-93% (2009-2011);  қазақ тілі орыс сыныптарында 92,5-98% (2009-2011); Қазақстан тарихынан - 85-94% (2009-2011). МАБ-та қазақ тілінен жоғары ұпай жинады: 25-28 ұпай (2009-2011).  

Әдіскер педагогтерге дарынды балалармен жұмысын ғылыми тұрғыда жоспарлауға дұрыс бағыт береді. Оқушылар -  республикалық, облыстық пән олимпиадалары мен сайыстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері (2005-2012). Орыс тілінде білім беретін сыныптарда мемлекеттік тілді тереңдетіп оқытуды табысты енгізудің нәтижесінде Қайырбаев ат. ОМ 7-8-сынып оқушылары  облыстық «Әй, жарайсың!» сайысының (2009), 10-сынып оқушысы Грибок Д. – оқушылардың облыстық пән олимпиадасының жүлдегері болды.   

Әдіскер ұдайы өзінің кәсіби шеберлігін арттырумен айналысады. «Нәтижеге бағытталған білім беру үдерісінде педагогтердің біліктілігін  арттыру» атты проблемасы аясында ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді. Жұмыс барысында «Қазіргі кезеңде білім беру сапасын басқару» атты                           І облыстық педагогикалық оқуларда «Мектепте педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру жолдары» атты баяндама оқыған (2008). Облыстық  «Ертіс өңірінің компоненттері» сайысының жеңімпазы (2008), облыстық «Педагогикалық инновациялардың көрме-жәрмеңкесі» сайысына қатысқан (2011). Оқу үдерісінде инновациялық технологияларды тиімді қолдану проблемаларымен айналысатын мұғалімдердің аудандық шығармашылық топтарының жетекшісі, топтардың шығармашылық жұмыстарының жинақтары жарық көрген (2012). 4 орыс сыныпқа арналған «Қазақ тілі», «Туған жер –алтын бесік» оқу бағдарламалары мен оқу құралдарының, 5, 10 қазақ сыныптарына арналған «Тіл мәдениеті», «Сөйлеу мәдениеті», «Абайтану» атты бағдарламалардың авторы, мұғалімдерге, әдістемелік бірлестік жетекшілеріне және әдіскерлерге арналған әдістемелік құралдарды, оқушыларға арналған мақал-мәтелдер жинағын құрастырған.

 

IV. Эксперттік түйін

 

Өзгертулерді таратуға болжанған аумақ және тарату нысандары

Аудандық деңгей.

«Ауыл мектептеріндегі пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жұмысын жаңаша көзқарас» атты әдістемелік құрал.

«Педагогтерді аттестаттауды ұйымдастыру жұмыстарын тиімді үйлестіру» атты әдістемелік құрал.

«Аудандық жас мамандар мектебінің  жұмысын тиімді үйлестіру  әдістемесі» атты әдістемелік әзірлеме.

4,5,10-сыныптарға арналған пәндік авторлық бағдарламалар мен оқу құралдары («Қазақ тілі», «Туған жер –алтын бесік», «Тіл мәдениеті», «Сөйлеу мәдениеті», «Абайтану»).

Шағын жинақты мектептерді дамытуға арналған ресурстық мектептердің эксперименттік топтарының жұмыстары.

Іскерлік және рөлдік ойындар:  «Өзіңізді білікті маман ретінде қалай қалыптастыруға болады?», «Әдебиет сабағында рөлдік ойындар арқылы оқушылардың коммуникативтік,  әртістік қабілеттерін дамыту». Шығармашылық семинар-практикум, дістемелік семинарлар.

Эксперттің аты-жөні, мекенжайы

Қожахметова Б.А. –аудандық білім бөлімінің меңгерушісі, т.21-4-46. aktogairoo3@mail.ru

 

V. Тәжірибенің ақпараттық мінездемесі

 

Тәжірибенің ақпараттық мінездемесі

Педагог қызметкерлердің құзыреттілігін көтеру

1. Тәжірибенің құндылығы және басымдықтары

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың жаңа, өнімді әдіс-тәсілдерін қолдануы.  Қарым-қатынас субъект-субъект аясы. Әрі қарай өздігінен үздіксіз дамуға дайын жағдай, жалпы адамзаттық құндылықтар басымдығы, мемлекеттік ұлттық құндылықтарды сақтау, насихаттау, жас буынға жеткізу идеясын жүзеге асыру, тұлғаның еркін даму өрісінің қамтамасыз етілуі.  Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыта отырып, оқушылардың жоғары деңгейдегі білім сапасын қамтамасыз етуі.

2. Цели и задачи

1. Білім беру үдерісіндегі негізгі проблемаларды анықтап, жұмыс мазмұны мен әдіс-тәсілдерін  жетілдіру.
2. Оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін, сапасын көтеру.
3. Пәндерді оқыту әдістемелерін жетілдіру, нұсқауларын  дайындау.
4. Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, шығармашылығын  дамыту.
5. Озық іс-тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, тарату.

3. Білім беруді басқару

Басқару – педагогикалық бүтін бір жүйе.  Аудандық әдістемелік кабинеттің әдістемелік кеңесі. Мектептегі әдістемелік кеңес. Пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері. Жас мамандар мектебі.

4. Білім беру мазмұны

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (44-бабы 9-тармағы),  ҚР-ның «2011-2020 жылдары білім беруді дамыту» бағдарламасы, Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым министрінің  2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі» және т.б. нормативтік-құқықтық құжаттар аясында жұмыс мазмұнын құрастыру.

5. Технология, АКТ

Білім берудің жаңа ақпараттық-коммуникативтік, мультимедиалық-лингафондық, педагогикалық технологиялары, қашықтықтан оқыту

6. Құрал

Мемлекеттік бюджет, мектептердің материалдық-техникалық базасы, республикалық, облыстық ғылыми-педагогикалық басылымдар

7. Әдістер

Дамыта оқыту, сыни тұрғыда ойлау, саралап-деңгейлеп оқыту, жобалау, Қ.Бітібаеваның, Н.Оразахынованың технологиялары, іскерлік ойын, тренинг

8. Ұйымдастыру формалары

Ұжымдық, жеке, әдістемелік бірлестік жұмысы, жас мамандар мектебінің сабағы, тәжірибе-сынақ алаңшалары, проблемалық, шығармашылық топтардың жұмысы, педагогикалық шеберхана, олимпиада, байқау, сайыс, фестиваль, жәрмеңке

9. Білімдену ортасы

 

Мектеп, ауданның білім беру жүйесі, мектеп және қоғам, әлемет, мектептен тыс мекеме, ПҚ БАИ, білім беру мен тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы, «Ертіс дарыны» АҒТО, ЖОО, дарынды балалардың мектептерімен тығыз әріптестік жүйе және бұқаралық ақпараттық құралдары

10. Ақпараттық-әдістемелік орта

Аудандық әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, тәжірибе-сынақ алаңшалары, семинарлар, уақытша-іскерлік топтар, педагогикалық шеберхана, проблемалық, шығармашылық топтар, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің облыстық шығармашылық топтары, Үздіксіз білім беру университеті.

11. Ақпараттық ресурстар

Педагогика ғылымының әдіснамасы, Интернет

12. Ұйымдастырушылық ресурстар

Педагогтердің курстық даярлықтан өтуі, халықаралық, республикалық, облыстық сайыстарға қатысуды үйлестіру. Эксперимент сыныптары, ресурстық орталықтардың эксперименттерін ұйымдастыру.

13. Ынталандырушы ресурс

Шығармашылық және өзін-өзі дамыту мүмкіндігін қолдау

14. Кадрлық ресурс

Мамандардың жеткіліктілігі, мұғалімдер мен басшы қызметкерлердің жаңа білім беру технологияларын меңгеруі, үздіксіз білім жетілдіру курстан өтуі, аттестталуы, өңірлік педагогикалық қауымдастық, мұғалім мен мектеп ұжымының жаңашылдығын қолдау.

15. Ғылыми-әдістемелік

Жаңа технологиялардың теориясы, шебер-сыныптар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, жаңа білім беру тәжірибесін құруға арналған әдістемелік нұсқаулықтар

16. Материалдық-техникалық ресурс

Жаңа модификациялы пән кабинеттері,  мультимедиалық-лингафондық құрылғылар, интербелсенді тақта, медиатека, электронды оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар

17. Нормативтік-құқықтық ресурсы

Ағымдағы жылы білім беру саласында қолдануға арналған нормативтік-құқықтық құжаттар.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информационная карта передового педагогического опыта методиста"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 247 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2017 1156
    • DOCX 620 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маней Риза Манеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маней Риза Манеевна
    Маней Риза Манеевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 53750
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания испанского языка с учетом требований ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность руководителя в управлении дошкольной образовательной организацией

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 130 человек

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек