Инфоурок Начальные классы Презентации"Интербелсенді әдіс арқылы бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау дағдысын қалай арттыруға болады?"

"Интербелсенді әдіс арқылы бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау дағдысын қалай арттыруға болады"

Скачать материал

АЙДАРБЕКОВА  ГУЛЬМИРА  АБЗЕЛОВНА

                                                                                     Еңбек өтілі: 25жыл

                                                                      Жұмыс орын: Талас ауданы Қаратау қаласы

                                                                      Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия

                                                                      Қызметі :  бастауыш сынып мұғалімі

                                                                      Мұғалім деңгейі:   екінші негізгі деңгейі   

 

                                                  

 

 

ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

           

ТАҚЫРЫБЫ Интербелсенді әдіс арқылы бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау дағдыларын қалай арттыруға болады?

МАҚСАТЫ: Бастауыш сыныптарда баланың ақыл-ойын жүйелей отырып, танымдық қабілеті, дүниетанымы, ой санасы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту.

МІНДЕТІ: Баланың танымдық қабілеттерін белсенді әдістер  арқылы дамыту, сөздік қорын, тіл байлығын байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру. Ойын әрекеті арқылы өздігінен  жұмыс  істеуге, сыни ойлана білуге жетелеу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Оқу іс-әрекетінде белсенді әдістермен және ойын арқылы оқушы білімі кеңейеді. Өзінің  қабілетін ашып көрсете отырып, үйренгендерін күнделікті өмірмен байланыстырады.

ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР: үсіндірулер, топтық әдістер, « Миға шабуыл» әдісі, «Джиксо»  әдісі, әр-түрлі ойын әдістері,сәйкестендірулер.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:  интерактивті тақта, таныстырылымдар, суреттер, плакаттар, түрлі-түслі бояулар,  күлешектер, топ атаулары жазылған парақшалар.

 

 

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, азамат қоғамын алға апаратын  күш тек білімде ғана.  Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде  өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Білім беру ісі  әрқашанда бастауыш сатысынан басталатыны белгілі. Оның үстіне осы кезең  баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеуге, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты . Білім беру жүйесінің осы сатысындағы оқушылардың білуге оқуға деген ынтасы жоғары болады.

Баланы дамытатын,өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Сол себепті де балаларды оқытқан кезде ойын әдістерін көп қолданамын. Ойын  тек балаларды алдандыру , көңіл көтеру ісі деп қарамай , жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаймын.

Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде « Ойын – баланың жетекші әрекеті» - деген сипаттама береді. Өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да алға жетелеп дамытады, ойын өрбітеді. Ұлы  педагог  К.Д.Ушинский « Кімде- кім баланы дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой-өрісін , қабілетін  дамытуы тиіс» дейді. Орыс педагогы  В.А.Сухомлинский «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, ойын, шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес» дейді.


 

 

Жұмыс кезеңдері:

Кіріспе бөлімі

 

Кезеңнің мазмұны

Қатысушылардың іс-әрекеті

2 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

«Ыстық ықылас, жүректен жүрекке» әдісі.

Мақсаты:

Мұғалімдерге шеберлік сабағының мақсатын таныстыру және ынтымақтастық атмосферасын құру.

Міндеті:

1.Әріптестерді бір-бірімен таныстыру.

2.Топқа бөлу.

Күтілетін нәтиже

Қатысушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды.

Топқа бөліну үшін қатысушыларға жүрекшелер таратылып беріледі. Сол жүрекшелерін  шын көңілмен сәттілік  тілей отырып, өздерін таныстырып көршілеріне сыйлайды.

 

·     Нақтылап қатысушының сенімділігін арттыру.

·     Бір-бірімен таныстыру.

·     Бір-бірімен ашық түрде араластыру.

·     Топқа бөлінеді.

Ресурстар: түрлі түсті күлекештер, жүректер.

Өз есімдерін айта отырып қолдарындағы жүрекшелерін сағат тілі бойынша бір-біріне ұсынып жылы тілек айтады.

 

Ашылған жүрекше ішіндегі күлекештер түрлеріне байланысты екі топқа бөлінеді.

1.Дайындық кезеңі

Мақсаты:

Тақырыпқа байланысты берілген сұрақтар бойынша қатысушылардың ойын анықтау.

Міндеті:

Қатысушылар ойларын анықтай отырып, практикалық бөлімге дайындау.

Күтілетін нәтиже:

Топпен жұмыс жасай отырып,  қатысушылар  бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау дағдысын қалыптастыру жайлы біледі.

 Тақырыпқа ену мақсатында қатысушыларға бірнеше ашық сұрақтар қойылады.

Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау дағдысын арттыруға бола ма?

Ол қалай жүзеге асады?

Сіз сабақтардағы ойын элементтерінің бала үшін қаншалықты маңызы бар деп ойлайсыз?

------Қатысушылардың ойын анықтау.

------Бір-бірімен ашық түрде араластыра отырып туындаған мәселелерді анықтау.

Берілген сұрақтарға топпен кеңесе отырып жауап беруі.

 

Жеке өз пікірлерін айтуы.

 

Өз сабақтарында қаншалықты пайдаланатыны жайлы мағұлматтар беруі.

2.Практикалық бөлім

Мақсаты: Мұғалімдерді практикалық жұмыс жасай отырып ойын түрлерінің тиімділігімен таныстыру.

 

Міндеті: Практикалық жұмыс жасау арқылы сабақ кезеңдеріндегі ойындардың өзіндік атқаратын рөлі жайлы үйрету, ой бөлісу.

 

 

Күтілетін нәтиже

Бастауыш сыныптардың әр сабағындағы өткізетін ойын түрлерінің маңыздылығын анықтайды.

Ойын тәсілдерінің сабақтарда тиімді қолданылуы жайлы білу мақсатында қатысушыларға әр түрлі пәнге қатысты сөздер жазылған парақша таратылады.

 

Парақшалардағы сөздер арқылы қазақ тілі, дүниетану пәні бойынша екі топқа бөлінеді.

 

Екі топқа тапсырма беріледі.

Тапсырмаларды топпен орындау ұсынылады.

Әр топ жеке-жеке қорғайды.

 

Қатысушылар парақшадағы сөздер арқылы екі топқа бөлінеді.

 

 

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды ойын түрлерін пайдалана отырып орындайды.

 

 

 

 

 

Тақтаға әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

3.Кіріспе. 15 мин.

Тақырыбы: Ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін арттыру.

Мақсаты: Мұғалімдерге бастауыш сыныптардағы балалардың ақыл ойын, танымдық қабілетін, дүниетаным ой санасын дамытудың ойын арқылы жүзеге асуы жайлы ақпарат беру және дайын практикалық  жұмыс түрімен таныстыру.

Міндеті: Бастауыш сыныптардағы барлық сабақтардың ойын арқылы қалыптасатынын үлгі бойынша таныстыру.

Күтілетін нәтиже

Ойынның оқу іс-әрекетінде бала үшін қаншалықты маңызының бар екендігі жөнінде ақпарат алады.

«Бастауыш сынып сабақтарында ойын түрлерін пайдалану тиімділігі» атты таныстырылым өткізіледі.

 

Ресурстар: таныстырылым

2.АКТ

 

Ойын түрлерінің қаншалықты қолайлы екендігі көрсетіледі.

 

Сабақ барысында пайдаланылатын ойын кезеңдеріне тоқталып сабақ басында, ортасында, соңындағы ойналатын ойындар мақсатына түсінік беріледі.

Сабақтың әр кезеңіндегі ойынның атқаратын рөлі туралы сызбалар мен үлгі ретінде таратылған материалдармен танысады.

4.Қорытынды:

Қатысушылардың рефлексиясы.

 

Мақсаты: Шеберлік сабағының құндылығын анықтау, алған білімдерін саралау.

 

Әдіс-тәсілдер: Топтық.

Сауалнама алынады.

Сұрақтар:

1.Бүгінгі семинардың сіз үшін тиімділігі?

2.Берілген ақпараттардың сіз үшін құндылығы?

3.Ойын тәсілдерінің қайсысын өз тәжірибеңізге енгізер едіңіз?

Шеберлік сабағының соңында қатысушы мұғалімдерден сауалнама алынады.

 

Сауалнама мазмұны бойынша семинардың тиімділігі және өздерін мазалаған сұрақтарға өз ойларын білдіреді.

5.Кері байланыс.

«Екі жұлдыз, бір тілек» кері бйланыс парағы.

Кері байланыс жазу. Қатысушы шеберлік сабағынан ұнаған екі мәселесін және бір ұсынысын жазады.

Мұғалімдер өз беттерінше жұмыстарын жазады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Интербелсенді әдіс арқылы бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау дағдысын қалай арттыруға болады?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 171 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.12.2015 1960
    • DOCX 50.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айдарбекова Гульмира Абзеловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25593
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 300 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе