Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий

Скачать материал

 

 

С.Сатыбалдин  атындағы  орта мектеп

 

 

 

 

МЕНІҢ 
ОТАНЫМ - ҚАЗАҚСТАН!

 

 

 

( 1-қыркүйек  Білім  күні)

 

 

 

Қызылқоғам ауылы

2015-2016 оқу жылы

 

 

1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан!» атты салтанатты жиынының бағдарламасы.

  

   Жүргізуші:  Жакупбекова Инкар Муратовна       

   Жоспары:                   

1.Сапқа тұрғызу.
2. Қонақтармен таныстыру.
3. ҚР мемлекеттік туын енгізу.
4. ҚР Гимнін  орындау.
5. 1 - сынып оқушыларының тақпақтары.
6. Ата-аналар атынан құттықтау сөз.
7. 2015-2016 оқу жылына арналған  алғашқы  қоңырау  рәсімі.
8. Қорытынды сөз.
9. Білім  күніне арналған  сынып сағаттары.

   Өтетін күні: 01.09.2015 жыл.
   Уақыты: 10.00.
   Сыныптар: даярлық тобы, 1-11 сыныптар.

                               I.   Аралап көрікті жерлерді,

                                  Жаз бойы тынығып демалдық.

                                  Білімге шақырып келді күз,

                                  Мектепке көңілді оралдық. 

1-жүргізуші:   Армысыздар, құрметті қонақтар!Ұлағатты ұстаздар!

      Ардақты ата-аналар  және жаңа оқу жылының күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!

Қуаныш бүгін – мереке,
   Шуағын шашып тұр әлем.
  Мектепке келген алғашқы,

                          Жан досым, саған мың сәлем-деп  ортаға 

даярлық  тобын мен оның  жетекшісі  Шакенова  Ш.Қ және негізгі мектеп бітіруші түлектер 9-сынып оқушыларын сынып жетекшісі Кунафина Б.Е. шақырамыз.

                                                                                         

Асыл ұстаз, мен өзіңе – балдырған.

Кесе өтпеймін әлі күнге алдыңнан,

                                             Мен өзіңе өмір бойы қарыздар,
                                             Шәкіртіңмін жүрегіңе табынған.-деп  ортаға бастауыш  4-сынып    оқушылары мен  сынып  жетекшісі  Агинбаева Р.Д.  шақырамыз.

                                             Мойытпасын  қиындықтар сендерді,

 Батылдықпен  асыңдар сан белдерді

Біліміңмен   қуантсаңдар  мектепті

  Жақсы  іспен  қуантыңдар  елді енді.

Құрметті  қауым! Ортаға  11 сынып  оқушылары мектебіміздің  түлектері  және 

сынып жетекшісі  Магзумов Талгатбек Уахитовичті қарсы алыңыздар!

                     

 

                                  

                                     Айналайын, дарын бол,

                                     Жақсы оқып, ер жетіп.

                                     Оқу оқып, ғалым бол,

                                     Жанған оттай жалын бол!

                                     Әділ шешер әр істі

                                     Ақылың асқан дана бол.

                                     Шыбықтай өсіп шынар бол,

                                     Білім жолын қуар бол!-деп  тарыдай  болып  енгелі  отырған  1-сынып оқушылары мен  сынып жетекшісі Иманова  А.Қ  шақырамыз.

 

 

Ерекше күн,бүгін тілек-баталар,

Ән менен жыр түлектерге арналар.
Барлығының жүретұғын ақ жолы

 Құт қонақтың тілегінен нұрланар-деп  бүгінгі  қонақтарды таныстыруға  рұқсат етіңіздер.

1.Айтжанова  Г.М-мектеп  директоры.

2. Дюсенов Ж. К. - еңбек пәнінің мұғалімі.

3. Ақ жаулықты әжелеріміз Таңсық апа мен Пәриза Апамыз.

II.  Білім күнгі мерекелік жиында

      Мектептен басталады білім нәрі.

      Елімнің көк байрағы енгізіліп,

      Шырқалсын қазағымның Әнұраны!

Сап түзе! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізуге дайындалсын!

Назар  аударыңыздар! ҚР мемлекеттік  Туы  бүгінгі 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиынға енгізілсін!

Дәстүрлі 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Ән шашау 9-сынып оқушысы Болат Арайлымның орындауында  «Аяулы мектебім» әні.

Құттықтау  сөз:

1.     Мектеп директоры -  Айтжанова  Г.М. беріледі.

2.     Келесі құттықтау сөз Дюсенов Ж.К.беріледі.

             

III. Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесін талабың.
Нұр шашып көкте күн,
Өміріңнің көктемін.
Гүлдендірем деп келдім,
Сәлем алтын мектебім!- деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған
1сынып бүлдіршіндеріне сөз кезегін береміз.

 

 

Жүргізуші:

Мерекелік  шашу.

Оқушылардың  бақыт  гүлі  ашылсын,

Ақылына  әлем  халқы  бас  ұрсын.

Деген  асыл  ниетпенен, ағайын,

Ақ  жолына  той  шашуы  шашылсын – 1-сыныптың әжелері шашу шашады.

Жүргізуші: Құттықтау сөз кәсіподақ ұжымының төрағасы Магзумов Талгатбек Уахитовичке беріледі.

 

Жүргізуші: 1-сыныпқа арнаған Елбасының сыйлықтарын  табыс ету рәсімі.

             

Жүргізуші:

Құттықтау сөз Таңсық апаға беріледі.      

Жүргізуші:

Алғаш келген ұстаздар,
Құтты болсын қадамдарың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Биік болсын талаптарың – деп  жас мамандармен таныстыру үшін келесі сөз кезегін мектеп директоры Айтжанова Г.М береміз.

Оқу қайта басталды,
Мектебіміз қарсы алды.
Қоңыраудың дауысы
Күмбірлетті аспанды.
Қағылмақ міне әуенге бөлеп,
Қағылмақ алғаш қоңырау.
Нұр толып жүзің, гүл толып құшақ,
Шаттыққа толсын омырау.

Жүргізуші: Алғашқы қоңырауды соғуға  1 сынып оқушылары Батталов Абат пен Алибекова Ақерке дайындалсын!

Алғашқы  қоңырау   соғылсын!

Жүргізуші: (қоңырау соғылып жатқанда).

Бар мектептің басталар бүгін жыры.
Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны.
Жаңа ғасыр алдында ұстаз, шәкірт,
Құтты болсын бүгінгі білім күні
Күмбірле қоңырау, күмбірле,
Шаттанып күлейік, біз бірге.
           

Жүргізуші:

Бүгінгі мерекеге арналған ән шашу, орындайтын 10-сынып оқушысы Уахитов Жаксылык.

 

Жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат аталады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы – деп келесі құттықтау сөз ата-аналарға беріледі. (ашық микрофон).

  

 

Жүргізуші:

Ерекше бүгінгі күн,салтанат сән,
Тербетер әр жүректі бір әсем ән.
Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз,
Сағынып жыл құсындай қайта оралған – мерекелеріңіз құтты болсын!

             

Жүргізуші:

Сап түзе! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шығаруға дайындалсын!

Назар  аударыңыздар! ҚР мемлекеттік  Туы  бүгінгі 1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиыннан шығарылсын!

Жүргізуші:

Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға            
Мектеп деген даналардың мекені!

Бүгінгі 1-қыркүйек Білім күнінен арналған «Менің Отаным – Қазақстан!» атты салтанатты жиынымызда жабық деп жариялаймыз!

Жаңа 2015-2016 оқу жылы баршаңызға құтты болсын!

Жаңа оқу жылы толағай табыс пен  жетістіктер әкелсін!

Барлығыңызды  Білім  күніне арналған «Армысың, мектебім!», «Ғажайып ғылымдар мектебі», «Болашаққа» атты сынып сағаттарына  шақырамыз! Қатысыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.10.2015 17176
    • DOCX 39.8 мбайт
    • 19 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакупбекова Инкар Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакупбекова Инкар Муратовна
    Жакупбекова Инкар Муратовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41955
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе