Инфоурок Начальные классы КонспектыКлассный час на тему "Бастауышым - балбұлағым"

классный час на тему "Бастауышым - балбұлағым"

Скачать материал

Бастауышым - балбұлағым

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінін, сценарийі)

Мақсаты:

 1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.

 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтаж.

 Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.

 Кіріспе сөз.

 Мұғалім:

 Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

 Жол табар қараңғыда адасқанда.

 Мал озбас біле білсең білім озар,

 Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған  «Бастауышым - балбұлағым» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

 Бесіктегі баланың,

 Күлгенін көрген - бір мұрат.

 Алдына түсіп ананың,

 Жүргенін көрген – бір мұрат – дегендей бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.

 Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

 Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

 Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

 4 «Б» сыныптар ортамызда.

 Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.

 Слайд.

 Мұғалім сөзі:

 Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2008 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік.

«Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтаж

 1-жүргізуші: Армысыздар! Жаны жайсаң қазақ елі!

2-жүргізуші: Қайырлы күн! Қарыштаған Қазақстан,

Асқақтаған Астана жұртшылығы.

1-жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата- аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

2-жүргізуші: Қош бол, құтты Бастауыш!

Алғыстарым көп менің.

Ақыл - білім, тәрбиең,

Ой-санама еккенің.

                Бүгінгі   «Бастауышым – балбұлағым» атты мерекелік кешімізге қош қелдіңіздер!

1-жүргізуші: Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2008 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай балғын бүлдіршіндер қандай болды екен?

2-жүргізуші: Олай болса, құрметті ұстаздар, ак пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік (экранға назар аударайық).

СЛАЙД (1-сынып суреттері көрсетіледі)

1-жүргізуші: Содан бері 4 жыл уақыт өтіпті. Сол бүлдіршіндер қазіргі таңда бойлары да өсіп, ойлары да өсіп, бастауышта білім нәрімен сусындап, орта буын табалдырғын аттағалы отыр. Талаптарыңа нұр жаусын!

2-жүргізуші: Қадамдарыңа гүл бітсін деген тілекпен: 0сы мектебінің алғаш рет табалдырығын аттаған шәкірттері және ...

1-жүргізуші: Астана құрдастарын ортаға шақырамыз. (4-сыныптар ретімен сынып жетекшілері аталып шақырылады)

1-оқушы:      Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз қадірменді конақтар,

Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.

2-оқушы:      Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.

Осы сырды үйреткен бастауышым,

Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.

3-оқушы:      Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

4-оқушы:      Бұл мереке, бұл тойда,

Би билеп, ән салайық. (Ұжымдық би орындалады)

 5-оқушы:      Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ.

6-оқушы:      Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз-ғалым толастатпас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тындаңыздар шәкірттердін алғысын.

7-оқушы:      Білімнің қайнар бұлағы,

Өмірдің жарық шырағы.

Тұрағы өзің, мектебім,

Шәкірттің асыл қырағы.

8-оқушы:      Нәріңді беріп құрғатпай,

Сусаған шөлді қандырған.

Сәуленді шашып жүрекке,

Жанымның отын жандырған.

9-оқушы:      Өнерге ошақ тәрбиең,

Бір сенен қуат аламын.

Жарылқашы тәңір ием,

Таудай ғой менін талабым.

10-оқушы:    Әр жыл сайын қаруланып білімнен,

Алға дәйім мені бастап сүйредің.

Нәр аламын аяулы ұстаз үніңнен,

Ардақтысың мектеп — алтын бесігім!

11-оқушы:     Мектебім - мәңгі бапкерім,

Қарызбыз біз бәріміз.

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

12-оқушы:     Мектеп деген киелі ғажап ат,

Тынысы мен тіршілігі ғаламат.

Бала шақтан болашаққа аттанған,

Түлеп ұшты, талай-талай азамат.

13-оқушы:    Төрт жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Құрметті біздің балалар,

Орындалды ойыңыз

Құтты болсын тойымыз! (А.Меңжанова «Мектебім» әні орындалады)

1-жүргізуші: «Тәуелсіздік» 11 әріптен құралған,

                          Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.

                           Талай дара, даналардың көз жасы,

                           Қаныменен атты таң бол бізге алдан..

2- жүргізуші: Тәуелсіздік туралы неге өлең оқып кеттің?

1- жүргізуші: Оның себебі бар: біз 4 сыныпты бітіретін жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өткен жоқпыз ба?

2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, сөзіңнің жаны бар. Тәуелсіздік! Ата –бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді.

1-оқушы: Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын!

.

.

1І-оқушы:      Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз  туған жср, атамекен,

Биік тау орман, тоғай, көлімізді.

2-оқушы:      Ей. тәкәппар дүние,

Маған бір қарашы.

Танимысын сен мені,

Мен қазақтың баласы.

3-окушы: Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соктықпай жай жатқан елміз.

4-оқушы: Елімізден құт-береке кетпесін деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан  елміз.

5-оқушы: Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз.

6-оқушы: Досымызды сақтай білген елміз, дәм- тұзды ақтай білген елміз.

7-оқушы:      Біз қазақ ежелден ел едік жаны бай,

Өр мінез, ақ көңіл, мейірбан, қонакжай.

Даналык дарыған ақын ел, батыр ел,

Бабалар мекені - асқар тау, шалқар көл.

8-оқушы: Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жері үшін айқасқан қайсар қайтпас, ер жүрек қазақ жігіттері жасасын!

9-оқушы: Біздің Казақстан - бай мемлекет. Бізде алтын, мырыш, темір де, күміс, көмір, мақта да, газ, мұнай, бидай яғни бір сөзбен айтқанда, Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000-нан астам пайдалы қазбалар бар.

1-оқушы: Алматы- бұл жері жайсаң облыс.

2-оқушы: Ақтөбе - Ақ тарысы, мол ырыс.

3-оқушы: Атырау- мол Қазақстан мұнайы.

4-оқушы: Жамбыл - жайлау шырайлы, қазыналы.

5-окушы: Жезқазған - кен, бұзылмаған қаймағы.

6-окушы: Көкшетау - көп-көгілдір аймағы.

1-оқушы: Қарағанды - кара алтынның коймасы.

2-оқушы: Қостанай - құт қызыл бидай қамбасы.

3-оқушы: Қызылорда - күрішті сыр сағасы.

4-оқушы: Орал - көне Ақжайықтың жағасы.

5-оқушы: Өскемен - өр шығыста Алтай аясы.

6-окушы: Павлодар - қара Ертістің саясы.

1-оқушы: Қызылжар - солтүстігім орманды.

2-оқушы: Семей - аңыз Шығыстаудай қорғанды.

3-окушы: Талдықорған - жер жанаты, көп бағы.

4-окушы: Астана — Арқада ыстық алқабы.

5-окушы: Шымкент - ыстык, оңтүстігім мақталы.

1-жүргізуші: Міне, табиғат-ананың бізге берген кереметтерімен қалайша мақтанбаймыз?!

2-жүргізуші: Алайда, осы табиғат-ананың бізге берген сыйын қорғай, аялай алмасақ мынадай жағдайға душар болуымыз әбден мүмкін.

(Көрініс)

Шал: О, адамдар туған еліңді, ата-қонысынды, Отаныңды кімге тастап бара жатырсың?

Кемпір: Кетпеске амалым бар ма, елім тозып, өзен-көлім құрғап, жерімнің тоз-тозы шықты ғой.

Шал: 0, Жер - Ана! Неге мұнша күңіренесің, неге мұнша зарланасың? Саған не болған? Сенімен бірге бүкіл далам түніреп тұр ғой!

Жер - Ана: Мен неге күңіренбеймін, неге зарланбаймын? Қарашы, мына байтақ далама, не болып жатыр, нені көрмеді! Жерім де, елім де тозды. Қарашы, мына Аралыма, толқынды теңізім қайда? Толқынды қуалап шалықтаған шағаларым қайда, теңізді қақ жарып, өтіп жатқан кемелерім қайда? Теңіздің суы тартылып, жердің соры шығып, тілім-тілім болып жатыр. Қайықтарым аударылып, балықтарымның каңқасы қалды. Адамдардың көпшілігі ауруға шалдықты. О, адамзат не ойың бар?

Ән: ҚАЗАҚСТАН (ұлт өкілдері шығады).

1-оқушы:      Туған жерді сүю - парыз,

Сүю үшін - білу парыз.

Күзетінде тұру - парыз,

Қасиетін ұғу парыз.

2-оқушы:      Отаным кең далам орманды,

Болаттан соғылған қорғанды.

Бақыттың, шаттықтың мекені,

Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды.

3-оқушы:      Қазақ батыр ел деймін,

Ұл мен кызы ер деймін.

Ата - қоныс жерімді,

Мен ешкімге бермеймін.

4-оқушы:      Бойымда қайрат, тұрғанда сенім,

Құрбаның болам жолында сенің.

Құлпырып жасай бер, жаса,

Сүйікті Отан, сүйкімді елім, Қазақстан Республикам менің!

5-оқушы:      Беріспей, батыр бабам армандаған,

Арман күн, ел жұртына жалғанды аман.

Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,

Әлдиле, байтақ елім, орман-далам.

6-оқушы:      Жоламасын жамандық,

Болсын әр кез амандық.

Ашық болсын көгіңіз,

Әнге толсын төріміз.

7-оқушы:      Жер-Анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады.

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

8-оқушы: Кең байтақ Қазақстан, менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы — ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.

(Ән орындалады)

Кәрім Сауғабаев. «Нан туралы өлең» оқылады.

1-жүргізуші: Нан - қасиетті тағам. Бұл үлкен еңбектің жемісі. Нанда қасиетті жердің дәмі ең үлкен еңбекпен төгілген тердің дәмі бар.

2-жүргізуші: Иә, нан қандай еңбекпен келсе, білімде сондай еңбекті талап етеді. Біздің шәкірттеріміз де, еңбеккор, ізденімпаз. Сол еңбектің арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізді.

1-жүргізуші: Біз мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.

2-жүргізуші: Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамда тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен кұрмет жоқ шығар, сірә!

1-окушы:      Қиялымды көздедің,

Таптың ойдың тұрағын.

Маған ұстаз сездірді,

Алдағы өмір шырағын.

2-оқушы:      Ақылшым, асыл ұстазым,

Жолыңды айқын нұсқадың.

Қасыма кеп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұштадың.

3-оқушы:      Әлі есімде отырғаным партаға,

Таңданып кеп үңілгенім тақтаға.

Жайдары, ашық ұстазымның сондағы,

Түзу отыр деп қаққаны арқаға.

4-оқушы:      Мектепке алғаш келгенде,

Мейірлі жандарды көргенде.

Шарықтап биік қиялым...

Анадай ұстаз мектебім,

Алғысым айтар көп менің.

5-оқушы:      Ұсынғаны адалдық,

Үйреткені адамдық.

Бар ұстазға тілейміз,

Бақыт, табыс, амандық!

6-оқушы:      Мың бұрала билеген,

Аруды кім сүймеген.

Аққудайын қалықтап,

Шығыс биін билеген. (Шығыс биі орындалады)

1-сынып оқушысы қыз бала: О, мынау қандай керемет!

1-сынып оқушысы ер бала: Сіз кімсіз, ал сіз кімсіз? Менде сіздер сияқты болғым келеді және сіздер сияқты жетістіктерге қол жеткізіп, мектептің атын шығарғым келеді.

1-жүргізуші: Інішек, ұмтылысын жақсы екен. Олай болса, «Бастауыштың білім кілтін» табыс етейік.

2-жүргізуші: Бұл кілт аркылы сендер ұмтылған нәрселерінін барлығына қол жеткізесіндер!

1-сынып оқушысы қыз бала: БІЛІМ АЛУҒА, ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУҒА, ОТАНДЫ КОРҒАУҒА, ТІЛІМІЗ БЕН САЛТ-ДӘСТҮРІМІЗДІ САҚТАУҒА,

1-сынып оқушысы ер бала: МӘДЕНИЕТТІ БОЛУҒА, ҮЛГІЛІ БОЛУҒА, ЕРІНБЕЙ ЕҢБЕК ЕТУГЕ, МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАҢКЫН КӨТЕРУГЕ, (бәрі) АНТ ЕТЕМІЗ!!!

1-оқушы:      Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні,

Сондықтан да біздін мектеп үлгілі.

Мұғалім  — дана кісі басшымыз.

Тәртіп пенен мәдениеттің символы.

2-оқушы:      Өз есімі жүректерде жатталған.

КҮЛИЯ апай талай жерде мақталған.

Тілін тауып, көңілін тауып бәрінің,

Бастауыштың 25 кызын басқарған.

3-окушы:      Орыс тілін құрметтеп,

Сүйеміз шын жүректен.

Мұғалім анамыздай,

Көңілдерге гүл еккен.

Өсіреді сананы,

Айжан  апайға мың алғыс,

Әлпештеген баланы.

4-окушы:      Сырлары көп ғылымның,

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің,

Керек екен бәріне.

Өз аузына қаратқан,

Алғашқы мұғалімді ұғамыз.

Сөйтіп әрбір сабақтан,

Сәл есейіп шығамыз.

5-оқушы:      Баулыған әрбір өнерді,

Дәметкен апай өнерлі.

Әсем әннін шебері,

Әрбір сөзі мәнерлі.

Қызықтырып ән-күйге,

Бізді үйретіп келеді.

6-оқушы:       Кемшілікті кезінде,

Кесіп айтар өзіңе.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңілінін хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Мейрамбек ағай осындай. «Есеп».

Баласы:

Әке, кешегі шығарып берген

есебіңіз түп түгел қате екен.

Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес!

баласы:

Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың

Әкелері де сол есепті шығара алмапты.

«Ең қиын сұрақ»

Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып

Оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.

Анасы:

Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?

Баласы:

Сынып бөлмесінің терезесін

Кім сындырды деген сұраққа…

«Емтихан»

Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?

Баласы: Жақсы тапсыған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.

Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің

1-жүргізуші: Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Мен мына, бүкіл адамзат баласының атынан алғыс білдіріп, тағзым етемін! РАКМЕТ СІЗГЕ, ҰСТАЗ!!!

2-жүргізуші: Оқыңдар ұл-кыздар деп,

Күлімдеген ұстаздар.

Ән арнадық арнайы,

Тағзым ете, ұстаздар.

Ә.Еспаевтың «ҰСТАЗЫМ» әні орындалады.

1-жүргізуші: Бастауышым -Балбұлағым,

Лаулап жансын шамшырағың.

Өзің берген біліміңнен,

Самғап ұшты тау қыраның.

2-жүргізуші: Өтті қызықшағым,

Бастауышым -Балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын!

С.Торайғыров атындағы№22 гимназия мектебі

Бастауышым - балбұлағым

4 «Б» сыныбы

2011-2012 оқу жылы

                                                                            Сынып жетекшісі:

                                                                            Исабекова Кулия Мұсабекқызы

Екібастұз, 2012 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему "Бастауышым - балбұлағым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2015 846
    • DOCX 95 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исабекова Кулия Мусабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исабекова Кулия Мусабековна
    Исабекова Кулия Мусабековна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 929
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек