Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыКлассный час на тему "Тазалықты сүйемиз"

Классный час на тему "Тазалықты сүйемиз"

Скачать материал

Тазалықты  сүйеміз

Мақсаты: оқушылардың тазалық, саулық туралы ұғымдарын кеңейту, тазалықтың пайдасын ұқтыру.

Салауатты өмір салтына сай оқушыларды болашақтың тірегі болатын, дені сау азамат етіп тәрбиелеу. Жинақылыққа, ұқыптылыққа баулу.

Көрнекілік: мақал-мәтелдер

Барысы:

1.      Ұйымдастыру.

Кіріспе

Бүгінгі тәрбие сағатымыз тазалық тақырыбына арналады. Сөзжұмбақты шеше отырып, «Тазалықты  сүйеміз»  атты тәрбие сағатымызды  бастаймыз. Тазалық  туралы  айтқанда, ойымызға не  келеді?

«Тазалық»  сөзіне ассоциация  жүргізу.

-          Бүгін біз «Кірқоймас»  кітапшасымен танысамыз. /Осы кезде есік қағып, бір оқушы  сынып оқушыларының  атына хат келгенін  хабарлайды./

-          Балалар, Кірқоймас бізге не жазыпты, танысайық... /хатпен таныстыру/

-          Есік қайта қағылып, Кірқоймас көмекшілерімен кіреді.

-          Кірқоймас:

Тазаланып тұру керек

Ерте мен кеш жас бала

Кір-кір болу елден ерек

Мүлдем ұят, масқара!

Мынау менің көмекшілерім. Аттарын атаңдаршы. /сабын, тарақ, орамал/. Осы заттар сендерде бар ма? Менің тағы қандай көмекшілерім  бар  екенін білесіңдер ме?

Көмекшілерімнің дайындаған жұмбақтары бар екен, соны шешейік

Бұдан кір қорқады

Судан бұл қорқады.                     /сабын/

 

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ.                  /су/

 

Жуынып болғанында

Жүреді қолдарында.                     /орамал/

 

Қалтамда жатыр, тісі бар

Тістемей-ақ істер ісі бар                 /тарақ/

Осы тұста  сыныпқа ұқыпсыз, салақ, үсті-басы кір бала кіреді.

Ха-ха-ха! Мынау келген кімдер? Сендер неге тап-таза  болып отырсыңдар? Мен сендерді суға түспей кір болып жүруге, парта сызуға, құстарды атуға үйретемін. Қайсысың менімен дос боласыңдар?

-          /оқушылар сөзі/

-          Жарайды, күштеріңді сынайын, кім менімен күш сынасып көреді?

-          Ой-ой. Қолымды ауырттың  ғой...

-          Кірқоймас:

Ой, оңбаған, кір-кір неме

Көрінбе, әрі, көзіме

Түп қазанның түп күйесі

Қарашы өзің-өзіңе

Мойның мынау, толған батпақ

Бұл не деген масқара!

Мұрның асты сатпақ-сатпақ

Қолың көсеу, қап-қара!

Мұғалім:

-          Бұл бала туралы не айтамыз?

-          Салақ, сатпақ, кір-қожалақ т.б

-          Таза жүруді білмейтін бала туралы өлеңді кім айтады?

1.       Анау бала

          Бетін қара

          Кір-қожалақ, қап-қара

2.      Тырнағы өскен

Шашы көптен

Алынбапты-ау масқара!

3.      Оның аты – Сабалақ

Әдеті бар жаман-ақ

Киімі кір-қожалақ

Көрген емес тазалап

Мұғалім:

Кітапты күтіп ұстау туралы көріністі  тамашалайық. Оқушыға қашып, жалба-жұлбасы шыққан  екі оқулық кездеседі.

Оқушы:Оқулықтар, неге осыншама түрлерің жаман, өздерің қашып келе жатқанға ұқсайсыңдар ғой?

Оқулық:

Иә, ауырып тұрмыз, жараланбаған жеріміз жоқ. Әрең  қашып құтылдық.

Оқушы:

Иә жағдайларың  белгілі боп тұр. Сендер салақ, ұқыпсыз оқушыға тап болғансыңдар-ау шамасы, содан ол қалай болса солай ұстаған.

Оқулық:

Иә, сол оқушыдан қашып келе жатырмыз. Енді бізді отқа салғаны ғана қалды.

Оқушы:

Жүріңдер, мен сендерді «Кітап  емханасына»  апарайын. Мен сізге оқушыдан қашып келе жатқан оқулықтарды алып келдім. Екеуі де қатты ауырып тұр.

Дәрігер:

Кел, «Ана тілі»  тыңдап көрейін. Сенің бірінші диагнозың: су тиген, содан кітаптың беттері тез сынғыш болып келеді. Екінші диагнозың:кір қолмен ұстаған, кір майдың іздері түскен, беттеріңді бүктеген.

«Математика»  оқулығы, кел, сені де көрейін. Сенің бірінші диагнозың:сенімен қатты  заттарды  ұрған, содан кітаптың түбі түсіп, беттері  шашылып  қалған. Екінші диагноз: беттерді  шимайлаған, белгі соққан. Енді мен сендерді  иелеріне  жібермеймін, емханада жатып  емделесіңдер.

Оқулықты құрметте

Күтіп  ұста, кірлетпе

Кішілерге табыс  ет

Дақ  түсірмей  бір  бетке.

Мұғалім:

Бұл оқулықтарды  қандай оқушылар ұстаған?

Салақ  бала:

Жусам бәрін түк қалдырмай

Салтақтарын бетімнің

Ұқыпты әрі таза болып

Шықсам деймін Кірқоймастың  көңілінен

Сергіту. Есік қағып бала кіреді.

-          Сәлеметсіңдер ме, балалар! Күнде ертеңгілік жаттығу жасасаңдар, денелеріңді  таза ұстап, спортпен айналыссаңдар, денсаулықтарың мықты болып өсесіңдер.Қане, жаттығу жасайық.

Мұғалім:

Тазалықтың денсаулық үшін үлкен пайдасы бар. Таза жүретін баланы қалай атайды?

-          Ұқыпты, мәдениетті, ақылды т.б

-          Тазалық туралы қандай өлеңдер білеміз?

1.      Су пайдалы адамға

Шынығамын  күнде  мен

Тоңбайды аяз, боранда

Салқын суға үйренген.

2.      Сыпырғыш ап сыбанып

Шаң-тозаңды қудым кеп

Шүберек ап, су алып

Сырлы еденді жудым кеп.

3.      Сыпыр, сыпыр, сыпырғы

Тазарсын аула ауасы

Таза ауа мен таза аула

Тазалықтың дауасы.

4.      Қол жиі ластанар

Сондықтан істің әр

Соңында қолды жу

Жояды кірді су

Сынып іші айнадай

Шаң мен тозаң  ұшпайды

Үзілісте жинаймыз

Кіршіксіз қып ұстаймыз.

Мұғалім:

-          Балалардың  тазалығы туралы не айтасыздар?

-          Кірқоймас:

-          Міне, балалар, біз сендермен жете таныстық, барлығың да бізге ұнадыңдар. Көпшілігің таза, ұқыпты жүреді екенсіңдер.Сондықтан  да  мен  сендерді  біздің тазалық қоғамына мүшелікке аламын. Бірақ мен әрдайым келіп, тазалықтарыңды бақылап жүрем. Егер араларыңнан  кір, салақ жүретін оқушы шыға қалса, маған бірден хабарлайтын боласыңдар. Мен ондай баламен сөйлесемін.Егер ол себепсіз кір, қожалақ жүрген болса, онда оны тазалық қоғамының мүшелігінен шығарамыз. Осыған келісеміз бе, балалар?

-          Келісеміз.

-          Ал сау болыңдар.

Мұғалім: Балалар, Кірқоймас сендердің тазалықтарыңа өте риза  болып, тазалық қоғамына мүшелікке алды. Олай болса, біз сендермен күнделікті жуынып, киім-кешегімізді әрдайым таза ұстасақ, онда біздің сынып үнемі тазалық қоғамының мүшесі бола береді. Таза жүріп, денелеріңді шынықтырып, болашаққа денсаулықпен бірге барайық.

Бәрі:

Тазалықты сүйеміз

Таза болып жүреміз

Біз баламыз шыныққан

Денсаулығы мықты жан.

Қорытындылау. 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему "Тазалықты сүйемиз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 652 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.11.2015 1019
    • DOCX 17.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Семизбаева Айман Манарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Семизбаева Айман Манарбековна
    Семизбаева Айман Манарбековна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13276
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 684 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 168 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 110 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 59 человек

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Театральная педагогика: творческое развитие и воспитание

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек