Инфоурок Дошкольное образование Рабочие программыКүнтізбелік тақырыптық жоспар "Жаратылыстану 3-4 жас"

Күнтізбелік тақырыптық жоспар "Жаратылыстану 3-4 жас"

Скачать материал

Е.В.Бритвина, Т.Л. Яндулова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

 

Əдістемелік нұсқау

 

Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың

үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші топ (3–4 жас) педагогтеріне арналған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматыкітап баспасы

1

 
2017

 

 



ƏОЖ 373.2

КБЖ 74.102

Б 80

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бритвина Е.В.

Б 80      Жаратылыстану. Əдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тəрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші топ (3–4 жас) топ педагогтеріне арналған.Бритвина Е.В., Яндулова Т.Л.– Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 102 б.

 

 

ISBN 978-601-01-3444-7                                                                                         ƏОЖ 373.2

КБЖ 74.102

 

 

ISBN 978-601-01-3444-7

 

 

© Бритвина Е.В., Яндулова Т.Л., 2017

2

 
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017



Алғы сөз

 

«Жаратылыстану» оқу-əдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сəйкес дайындалды:

1.     Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі жəне мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;

2.     1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы

№ 391 бұйрығымен бекіген);

3.     Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.

 

«Жаратылыстану» бойынша əдістемелік нұсқау «Таным» саласы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері жиынтығынан тұрады. Ол мектепке дейінгі мекемелерде 3–4 жастағы балалармен жұмыс істейтін педагогтерге арналған. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім жəне тəрбиенің жалпыға міндетті стандартының жаңартылған нұсқасында мектеп жасына дейінгі балаларға

«Жаратылыстану» ұйымдастырылған оқу қызметі (бұдан əрі ҰОҚ) енгізілген болатын. Осыған байланысты оны əдістемелік жағынан қамсыздандыруға қажеттілік туып отыр. Ұсынылып отырған ОƏК мектепке дейінгі білім беретін педагогтердің талаптарына толық жауап береді жəне оның мазмұны Мектепке дейінгі тəрбие жəне білім беру үлгілік оқу бағдарламасының мақсаттық талаптарына сай келеді.

«Жаратылыстану» ОƏК құрамы:

·  педагогке арналған əдістемелік нұсқау (бір жылға арналған жоспар мен 36 сабақтың технологиялық карталары);

·  балаларға арналған үлестірмелі материалдан тұрады.

«Жаратылыстану» ОƏК-сі – аталған бағыт бойынша 1 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды оқыту жөніндегі əдістемелік жүйенің бір бөлігі. Осы арқылы білім берудің түрлі деңгейлерінде өзара сабақтастық қамтамасыз етіледі. ОƏК Мемлекеттік стандартқа қол жеткізуге бағытталған жəне Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалық саласындағы білім саясатындағы заманауи үдерістерді ескереді. Мəселен, оқу-əдістеме кешенінде 2016 жылы 26 сəуірде Қазақстан Халықтары ассамблеясының ХХІV сессиясында қабылданған «Мəңгілік Ел» патриоттық актісінің идеялары негізге алынған. Сабақ барысында балалар «Қазақстанда тұратын əр азаматтың жасына, жынысына, ұлты мен əлеуметтік жағдайына қарамастан мақтан тұтатын негізгі құндылықтарын» меңгереді. Осы сезімдер балалардың бойында алғаш рет отбасында жəне балабақшада пайда болады. Осының нəтижесінде бала жеке тұлға болып дамиды.

Жаратылыстану пəнінің негізгі мақсаттары мынадай:

·  Жанды жəне жансыз табиғаттағы құбылыстар туралы түсінік қалыптастыру.

·  Балалардың табиғаттағы құбылыстарға қызығушылығын ояту, өсімдіктер мен жануарларды сүюге жəне оларға қамқорлық жасауға үйрету.

 

Мынадай дағды қалыптастыру:

· Ауа райын анықтау;

· Табиғат құбылыстарын (маусымдық өзгерістер) бақылау;

· Табиғаттағы қарапайым өзгерістердің атауларын үйрету жəне оларды байқау қабілеті.

 

Өсімдіктер əлемі

Туған өлкеде өсетін өсімдіктердің кейбір түрлері, көгөністер мен жемістер туралы қарапайым түсінік қалыптастыру; бөлме гүлдерінің түрлері мен олардың айырмашылықтары туралы білім беру (шегіргүл, қазтамақ, бегония жəне т.б.). Пияз егу жəне гүл егу үдерісін бақылау (бақбақ, шырайгүл, барқытгүл).

Жануарлар əлемі


Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімін нығайту. Үй жануарлары мен Қазақстан аумағында тіршілік ететін жабайы жануарлар туралы түсінік қалыптастыру; жанды табиғаттың бір бұрышын мекендеушілерді бақылау тəсілдерін үйрету.

Табиғаттың бір бұрышын мекендеушілерге, қыстап қалатын (қарға, торғай, көгершін, шауқарға) жəне жыл құстарына (ұзақ, қараторғай) қамқорлық жасауға тəрбиелеу.

Құм мен судың қасиеттерімен таныстыру.

Бағдарламалық мақсаттарды іске асыру балалардың бойында танымдық дағды қалыптастырып, тиісті нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жыл соңына қарай балалар:

· табиғаттағы    құбылыстарға    қызығушылық    танытады,    жануарлар    мен     өсімдіктерге сүйспеншілікпен қарайды, оларға қамқорлық танытады;

· ауа райын ажырата алады, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқайды;

· туған өлкедегі кейбір өсімдіктер жайлы түсінік қалыптастырады;

· гүлдейтін шөптесін өсімдіктердің атауларын біледі жəне таниды (шырайгүл, барқытгүл);

· жемістер мен көгөністердің кей түрлерінің атауларын біледі жəне таниды;

· бөлме гүлдерінің 3-4 түрін таниды жəне оларды бір-бірінен ажырата біледі;

· Қазақстан аумағын мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерінің атауларын біледі жəне оларды өзіне тəн белгілеріне қарап ажырата алады;

· құстардың мінез-құлық ерекшеліктеріне назар аударады;

· жанды табиғаттың бір бұрышын мекендеушілерге, қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасайды, жемсауыт жайлы біледі;

· құм мен судың қасиеттерінен хабары бар;

· материалдармен өз бетінше зерттеу жұмысын жасай алады.

ҰОҚ бағдарламалық материалдар мен ізденімдік қызметті ықпалдастыру жəне ҰОҚ-ға дайындық жұмыстарына ерекше назар аудару арқылы дайындалды. Жаратылыстану пəні ҰОҚ- ларының ерекшелігі де осында. Өйткені екінші кіші топта ҰОҚ-ны өткізуге небəрі 15 минут берілген (Үлгілік оқу жоспары негізінде). Сондықтан бұл жерде ҰОҚ-ға дайындық пен одан кейінгі жұмыстар ауадай қажет. Себебі бұл жүйелі жəне жүйелендірілген білім қалыптастырудың лайықты іргетасын қалайды. Оқу-əдістеме кешенінде 3–4 жастағы балалармен мынадай дайындық жұмыстарын жүргізу ұсынылып отыр: зерттеу мақсатындағы серуендер, əңгімелесу, иллюстрациялармен танысу, мақалдар, тақпақтар жаттау, жұмбақтар шешу, табиғаттану тақырыбындағы көркем əдебиеттерді оқу, табиғаттың бұрышында жұмыс істеу, ойындар (дидактикалық, сөздік, үстел үсті, қимыл-қозғалыс, музыкалық, театрландырылған, құрылыс- конструктивтік, сюжеттік-тақырыптық), табиғи материалдар түрлі заттар жасау, ересектердің жұмысын бақылау, гербарий жасау жəне т.б.

Ғалым Н. Поддьяковтың пікірі бойынша «Баланың жаңа нəрсені, қоршаған ортаны танып- білуге деген қажеттілігі бағдарлы-зерттеу іс-əрекетінің пайда болуы мен дамуының негізінде. Іздену іс-əрекеті алуан түрлі жəне қарқынды түрде болған сайын, бала ақпараттарды молымен алады жəне оның дамуы толыққанды болады».Технологиялық карталарда берілген ҰОҚ-ның қарқынын шағын зерттеу жұмыстарының (мысалы: қолдан жауын жаудырамыз), тəжірибелік жұмыс нұсқаларының (мысалы: шалшық сулар қайда кетеді; аппақ жəне лас қармен тəжірибе жұмыстарын жасау), Өзекті мəселелерді пайдалану (мысалы: мыршай жемістер мен көгөністерді шатастырып алады, оған көмектесу керек), жіктеуге, өзара байланысын анықтауға арналған логикалық ойындар; заттың белгілі бір қызметін анықтау (мысалы: ол не істей алады?), рефлексифтік қызметке дайындау т.б. жұмыстардың көптігінен аңғаруға болады. Балалардың интеллектуалдық белсенділігін арттыруға сұрақтар, салыстыруға арналған тапсырмалар, циклдік алгоритмдер мен мнемокестелер көмектеседі.

Жаратылыстану ҰОҚ-сын өткізу алгоритмі қазіргі заманғы технологияларға тəн: проблемалық- диалогтік, жеке басқа бағытталған оқыту сынды негізгі кезеңдерден тұрады.ҰОҚ-ның тақырыбы сұрақ түрінде қалыптасқан. Оқушылар ұйымдастырылған оқу қызметі барысында осы сұрақтарға жауап алуы тиіс.

Сабақтың құрылымы төмендегі кезеңдерден тұрады:

         Бірінші кезең – ынталандыру-қызығушылықтарын ояту кезеңі (жағымды эмоционалдық көңіл күй қалыптастырып, сабаққа ықыласын ояту, балалардың ұсынылып отырған сабақ тақырыбын қуана қабылдауы үшін қажет);


         Екінші кезең – ізденістік-ұйымдастырушылық кезең, бұл үдеріс барысында зерттеліп отырған мəселе түсіндіріліп, балалардың бəрі сабаққа белсенді араласады;

         Үшінші кезең – рефлексивтік-түзетушілік кезең, бұл кезеңде жаңадан алған білім игеріліп, реттеледі; баланың жеке білімдеріне айналады; сөздік жəне графикалық-таңбалық тəсілде рефлексивтік талдау жасалады (əліппе-дəптерде), бұл баланың сыни, сараптамалық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Технологиялық картаға енгізілген əр сабақтың бағдарламалық мақсаттарының орындалу деңгейін бақылау МЖБС мен Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген индикаторларға сай жүргізіледі:

1-деңгей – бала білімдеріне сүйеніп, белгілі бір жəне басқа да тапсырмаларды орындай алады;

2-деңгей – бала өзінің тапсырманы қалай орындағанын біледі, белгілі бір білім қоры бар;

3-деңгей – бала білетіні мен қолынан келетінін пайдалана біледі, білімдерін өздігінше, шығармашылық тұрғыдан пайдалана алады.

Оқу-əдістемелік кешенінде табиғат нысандарын, үлкендердің еңбегін сырттай бақылау, зжапырақ, жеміс, көгөніс, тұқымдармен ойналатын тақырыптық ойындар, суреттермен жұмыс, иллюстрациялар, əңгімелер, жұмбақтар ұсынылған. Олар балалардың зейінін, есте сақтау, байқампаздық қабілеттерін дамытады. Олардың сөздік қорын байытып, жандандырады. Тақырыптарға негізделген сергіту сəттері, психологиялық жаттығулар, имитациялық ойындар  бала миына түскен қысымды азайтып, өтіп жатқан материалға деген қызығушылығын арттырады.

Балалардың табиғатты шынайы қалпында жанды жəне жансыз ретінде қабылдауы үшін ҰОҚ танымдық мақсатта, заманауи талаптарға сай дайындалған.

Педагогтің міндеті – балалардың табиғатты шынайы қалпында көріп, ести білу (жапырақтың сыбдыры, желдің гуілі, құстардың сайрауы) қабілетінің қалыптасуына ықпал ету, алдымен олардың қызығушылығын оятып, кейін білуге құштарлығын арттыру, табиғатқа мейірімді болуға үйрету, балалардың мінезін қалыптастыру, интеллектін дамыту. Табиғаттану пəнін оқытудың негізгі шарты – жанды табиғат бұрышын жасау, сынып бөлмесін ізденімдік мақсаттағы жұмыстарға сай жабдықтау (оның тізімі əр ҰОҚ-ға арнап жеке-жеке əзірленген) жəне табиғи жағдайда бақылау жүргізу телімдерімен қамтамасыз ету. Балабақша аумағында экологиялық сүрлеу жасауға мүмкіндік табылса, тіпті жақсы.

Педагогке көмек ретінде балалармен жұмыс істеуге арналған дидактикалық материал əзірленген (үлестірмелі материалдар). Бұл материалдар баланың білімін жүйелендіруге, сабақ тақырыбы бойынша түсінігін нығайтуға мүмкіндік береді. 3–4 жастағы балаларға арналған тапсырмалар Үлгілік оқу бағдарламасына сəйкес жүйелендірілген жəне балаларды келесі сатылардағы білім беру жүйесіне дайындауға көмектеседі.

Авторлар ұсынылған оқу-əдістемелік кешен балаларды шығармашылық тұрғыдан дамытуға, бағдарламалардың міндетін қызықты етіп іске асыруға жəне «Жаратылыстану» ҰОҚ-сында тиісті нəтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп үміттенеді.

 

Құрметпен жəне серіктестікпен

авторлар ұжымы


І. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ПЕРСПЕКТИВТІК ЖОСПАР

 

 

 

Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

1

Міне, осындай алтын күз!

Балалардың санасында күз маусымында жанды жəне жансыз табиғатта болатын алғашқы өзгерістер туралы түсінік қалыптастыру. Ауа райы жағдайын анықтау; бақылау қабілетін дамыту; қарапайым экологиялық

мəдениет қалыптастыру.

1

2

Бақшадағы көгөністер

Көгөністерді тану жəне олардың атауын білу қабілетін дамыту; бау-бақша дақылдарын өсіру туралы түсінігін кеңейту. Балалардың ойлау қабілетін күшейту.

Танымдық қызметке деген қызығушылығын ояту.

1

3

Жеміс толы себет

Жемістің бірнеше түрі жайлы түсінігін жүйелендіру; оларды өсіру тəсілдері туралы түсінігін кеңейту. Есте сақтау, зейін қою, ойлау қабілетін дамыту. Қарапайым зерттеу жұмыстарымен айналысу қабілетін қалыптастыру.

1

4

Күзгі гүлдер

Гүлдің     құрылысы    жайлы    түсінік                қалыптастыру. Байқампаздық қабілетін, зейінін дамыту. Табиғатты

аялай білуге үйрету.

1

5

Жау, жау, жаңбыр!

Жансыз табиғаттағы құбылыстар жайлы түсінік қалыптастыру; табиғат құбылыстарының бірі – жаңбырмен таныстыру. Балалардың табиғатқа, табиғат

құбылыстарына, оны танып-білуге деген қызығушылығын ояту. Жаңбырға қуануға үйрету.

1

6

Саңырауқұлақтар

Жеуге жарамды жəне жарамсыз саңырауқұлақтар туралы түсінік қалыптастыру.Тіршілік қауіпсіздігі туралы қарапайым түсінік қалыптастыру. Туған табиғатты сүюге баулып, оны сақтап қалуға деген

құлшынысын арттыру.

1

7

Жабайы жануарлар

Жабайы жануарлар мен олардың балалары туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Ілтипат пен ықыластарын көрсететін көңіл күйлерін дамыту. Жанды табиғатты аялауға үйрету.

1

8

Ағаштар

Ағаштардың 2-3 түрін тану жəне атауын атауға үйрету. Қарапайым тəжірибе-зерттеу жұмысын жасау қабілетін дамыту. Туған өлкенің өсімдіктер əлемін қорғауға

деген құлшынысын арттыру.

1

9

Жел

Табиғат құбылыстарының бірі – жел туралы түсінік қалыптастыру. Зерттеудің қарапайым тəсілдерін дамыту, есте сақтау, зейін өқою қабілетін нығайту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, оған қамқорлық

жасауға баулу.

1


10

Үй жануарлары

Балалардың үй жануарлары, оларға күтім жасау туралы түсінігін байыту. Жанды табиғатқа деген қызығушылығын дамыту. Жануарларға қамқорлық

жасау, оларға мейірімді болуға тəрбиелеу.

1

11

Сиқырлы су

Судың қасиеттері туралы қарапайым түсінік қалыптастыру. Танымдық белсенділігін дамыту. Табиғаттың сұлулығын көре білу жəне түсіну, сол

сұлулықты сақтап қалуға деген ынтасын күшейту.

1

12

Аңдар қысқа қалай дайындалады?

Балалардың жабайы жануарлар, олардың қоршаған ортадағы өзгерістерге бейімделу қабілеті туралы түсінігін нығайту жəне кеңейту.Табиғаттағы маусымдық өзгерістер мен жануарлардың мінез-құлқы арасындағы қарапайым байланыстарды анықтау қабілетін дамыту: жүнінің түсін ауыстыру, қысқы ұйқыға кетуі, қысқа қор жинауы. Балаларды

жануарларға мейірімді болуға үйрету.

1

13

Қыс келді

Қыста табиғатта болатын құбылыстар жайлы түсінігін кеңейту. Байқампаздық қабілетін, жыл мезгілдері мен ауа райының арасындағы қарапайым себеп-салдар байланысын анықтау қабілетін дамыту. Барлық

тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға үйрету.

1

14

Аққала

Қардың    қасиеттері    туралы    түсінік                 қалыптастыру. Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізу дағдыларын

қалыптастыру. Қайырымдылық, ізгілік, бір-біріне қол ұшын беру сынды қасиеттерге баулу.

1

15

Бөлме гүлдері

Балалардың бөлме гүлдері туралы түсінігін кеңейту. Бөлме гүлдерін өсіруге қызығушылығын ояту, байқампаздық қабілеті мен білуге деген құштарлығын

дамыту. Бөлме гүлдеріне қамқор болуға үйрету.

1

16

Алтын балық қайда тұрады?

Балықтың екі-үш түрін тану жəне ажырата білуге үйрету. Оларға тəн белгілерді көру жəне оларды бір- бірімен салыстыру қабілетін дамыту. Балықтарды

күтуге деген құштарлығын ояту.

1

17

Атжалман – біздің досымыз

Барлық тіршілік иелері адамдар тарапынан белгілі бір күтімді қажет ететіні жөнінде түсінік қалыптастыру. Байқампаздық қабілетін, ойлау қабілетін дамыту.

Балаларды жануарларға мейірімді болуға үйрету.

1

18

Қыста құстарға қамқор боламыз

Қыстап қалатын құстар туралы түсінік қалыптастыру. Жұмбақ шешу қабілетін дамыту. Балаларды «біздің кішкентай достарымызға» жанашырлық танытуға

баулу.

1

19

Қаңтарда қар көп жауады

Балалардың қыста жанды жəне жансыз табиғатта болатын құбылыстар жайлы түсінігін нығайту. Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру. Қатар құрбыларымен

достық қарым-қатынаста болуға тəрбиелеу.

1

20

Пияз егу

Пияз туралы түсінік қалыптастыру. Балалардың Пияз егуүдерісі туралы түсінігін дамыту. Еңбек етуге, пайда

келтіруге деген ықыласын дамыту.

1

21

Суықторғай

Балаларды  құстардың  сыртқы  келбетімен таныстыру.

Тануға, білуге деген құштарлығын дамыту. Балаларды қайырымды болуға, құстарға көмектесуге (жем шашу)

1


 

 

баулу.

 

22

Бөлме өсімдіктерін күту

Балалардың бөлме гүлдері, олардың түрлері мен айырмашылықтары                 туралы                                                   түсінігін кеңейту;өсімдіктерді су құятын ыдыстан суаруды үйрету. Өсімдіктерге күтім жасауға деген құштарлығын ояту. Олардың сұлулығына қуануға

үйрету.

1

23

Көрінбейтін ауа

Балаларды ауа жəне оның қасиеттері туралы түсінікпен таныстыру. Зерттеу қызметіне деген қызығушылығын

ояту. Төңірегіндегі қатар құрбыларына қайырымды болуға үйрету.

1

24

Ғажайып қап

Балаларға заттардың бірі адамдардың қолымен, бірі табиғаттың күшімен жасалғанын түсіндіру.Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Зерттеушілік мінез-құлық, қоршаған ортадағы заттарға күтім жасау дағдысын

қалыптастыру.

1

25

Қағаз бен мата

Қағаз бен матаның қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру. Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы заттарға, ересектердің еңбегіне құрметпен қарауға

үйрету.

1

26

Көктем келді

Балаларды көктемгі табиғатқа тəн ерекшеліктермен таныстыру; табиғаттағы қарапайым байланыстар туралы түсінік қалыптастыру. Табиғатты эстетикалық тұрғыдан қабылдауға, оның сұлулығына масаттануға, оны көздің қарашығындай сақтауға үйрету. Қысқы ұйқыдан оянып келе жатқан табиғаттағы өзгерістерге

қуанып, оны аялауға баулу.

1

27

Шұбар тауық

Үй құстары туралы түсінік қалыптастыру. Балалардың зейін қою, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту; тану үдерісін жандандыру. Үй құстарына қамқорлық

жасауға үйрету.

1

28

Құстар ұшып келді

Балалардың санасында жыл құстары туралы түсінік қалыптастыру. Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Жанды табиғатқа

сүйіспеншілікпен қарауға, құстарды аялауға үйрету.

1

29

Шуақты күн

Жер бетінде тіршілік болуы үшін Күннің қажеттігін түсіндіру. Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Балаларды жылдың кез келген мезгілінде табиғаттың сұлулығын көре білуге

тəрбиелеу.

1

30

Көгілдір көктем

Балалардың санасында табиғатта көктемде болатын құбылыстар жайлы түсінік қалыптастыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсінігін кеңейту; байқампаздығын дамыту. Көктемде табиғаттың

оянуына, оны қызықтауға деген ынтасын ояту.

1

31

Жəндіктер –

кішкентай көмекшілер

Жəндіктердің    бəрі    тірі     жан    иесі    деген                            түсінік қалыптастыру:            олар                                     да       тыныс             алады,                            қозғалады,

тамақтанады.  Қарапайым  тəжірибелік-зерттеу жүргізе

1


 

 

білу    қабілеттерін    қалыптастыру.    Табиғат           əлеміне мейірімді болуға үйрету.

 

32

Тұқымнан не өсіп шығады?

Асбұршақ, атбасбұршақ тұқымдары жəне оларды егу жолдары туралы түсінік қалыптастыру. Зейін қою, ойлау, сөйлеу қабілетін, қолдың моторикасын дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тəрбиелеу,

табиғатты аялауға үйрету.

1

33

Құм жəне сазбалшық

Құм мен сазбалшықтың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру. Тəжірибелік жұмыстардың қарапайым тəсілдерін үйрету. Жансыз табиғатқа деген

қызығушылығын ояту.

1

34

Бақбақ пен қызғалдақты салыстыру

Көктемнің алғашқы гүлдері туралы түсінік қалыптастыру; олардың негізгі бөліктерінің атауларын дұрыс атауға үйрету. Есте сақтау, байқампаздық жəне ойлау қабілетін дамыту. Балаларды табиғатты аялауға,

қоршаған ортаға мейірімді болуға, қоршаған ортаның сұлулығын қызықтай білуге үйрету.

1

35

Көк майса шөп

Шөп пен гүлдейтін шөптесін өсімдіктер туралы түсінік қалыптастыру. Қарапайым тəжірибе-зерттеу жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың

экологиялық сана-сезімін дамыту.

1

36

Табиғатты қорға

Адамдардың табиғатқа қалай көмектесе алатынын еске түсіру. Ойлау, қиялдау қабілетін дамыту. Əлсіздерге, қорғансыздарға көмектесу, табиғатты аялауға деген

құштарлығын нығайту.

1

 

Барлығы

36


ІІ. Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық карталары

 

 

№1 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Əлеумет

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Міне, осындай алтын күз!

Мақсаты:балалардың санасында күз маусымында жанды жəне жансыз табиғатта болатын алғашқы өзгерістер туралы түсінік қалыптастыру. Ауа райы жағдайын анықтау; бақылау қабілетін дамыту; қарапайым экологиялық мəдениет қалыптастыру.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:тақпақ оқу, өлеңдер жаттау; күз туралы суреттер мен иллюстрацияларды қарап шығу; серуендеу барысында бақылау жүргізу, гербарий жинау;заттық жəне сюжеттік суреттер жиынтығын қарап шығу – «Күз»; «1, 2, 3 – ағашқа қарай жүгір!», «Қай құс ұшып кетті?», «Дəмі арқылы тап» атты дидактикалық ойындар ұйымдастыру, күз туралы тақпақтар оқу жəне жаттау; күз жайлы жұмбақтар жасыру.

Құралдар мен материалдар:күздік суреті, CD дискідегі жазба, үлкен себет; қызыл, сары, қызғылт сары, жасыл түсті күзгі жапырақтар; ағаштар бұтақтары.

Сөздік жұмыс:жыл мезгілдері, күз, күзгі, алтын, жапырақтардың түсуі, бұлыңғыр, түнерген, салқын.

Билингвалды компонент: күз – осень

 

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

 

Балалардың білімін нығайту.

 

Қарашы күз келді, күз келді Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді.

 

   Далада жаңбыр жауып тұрғанда үстің су болып қалмас үшін не алып шығу керек?

  Мынадай əдемі қолшатырды кім сыйлады екен?

Күзге қонаққа баруға шақырады.

Жұмбақтың шешуін табады:

 

Жапырақты бояды, Атырапты бояды. Бояп-бояп барлығын

Сап-сары ғып қояды. (Күз)

 

 

 

 

 

 

 

–Қолшатыр.

 

 

Күз. (Егер балалар жауап беруге қиналып жатса, олардан қазір жылдың қай мезгілі екенін сұраймыз).

ҰОҚ тақырыбына қызығушылық танытады.


 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Педагог балалардың назарын түскен жыл мезгілі – күзге аударады. Төңірекке қарап, күздің бізге не бергенін айтып берулерін сұрайды.

 

 

 

 

Ауа райындағы өзгерістер туралы, аспанға қарап, ол туралы əңгімелеп берулерін сұрайды.

Аспанды сұрғылт, ауыр бұлттар қаптағанын айтады. Мұндай бұлттарды бұлт дейміз. Қара бұлттар не істеді? (Күнді жауып тастады). Балалар, қалай ойлайсыңдар, күн көңілсіз бе?

Балалардың                  «бұлыңғыр»,

«түнерген», «суық» деген сөздермен сөздік қорларын толықтырады.

«Жапырақтардың төгілуі» түсінігі туралы түсінік береді.

 

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап.

 

Түрлі түсті қағаз майлық қиындыларымен толтырылған бөтелке мен түтікшелер таратып береді.

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагог балаларға «Менің достарым» ойынын ойнауды ұсынады: балаларға карточкалар таратып, оның қызметін, атауын айтады.

Суреттерді, фотосуреттерді (слайдтар,

тұсаукесер) қарап шығады.

Күз бізге күн, аспан, бұлттар, жапырақтар, гүлдер, жемістер мен көгөністер, жидектер мен саңырауқұлақ сыйлағанын айтады.

Суреттердегі өздері білетін жемістерді атап көрсетеді, олардың көлемі мен түсін нақтылайды. Жемістер, жапырақтар мен гүлдердің көлемдерін салыстырады.

 

Терезеден қарайды – аспан таза, көгілдір, жылы немесе сұрланып, күңгірттеніп, ауыр бұлттар торлап тұрғанын айтады.

Педагогтің «Түсі ең күңгірт бұлтты тап» деген ұсынысын қабыл алады. Оның түсінің қандай екенін айтады.

 

 

Жапырақтың сыбдырлаған дауысын тыңдайды (аудиожазба).

 

«Жапырақтардың төгілуі» атты тыныс алу жаттығуына қатысады. Жаттығуларды орындайды:

Бөтелкенің қақпағындағы есікке салынған түтікшеден үрлейді. Жел пайда болады.

 

 

 

 

 

Жапырақ ұшты, Суық та түсті. Сонда да бізге, Қызық көп күзде.

 

Балалар қолдарына жапырақ ұстап дөңгеленіп тұрады, жан-жаққа бытырап қашады, аяқтарының ұшымен жүгіреді, жапырақ ұстаған қолын бұлғайды, тізесін бүгіп отырып, жапырақтарын басынан аысра көтереді).

 

Тəрбиеленушілер белгілі бір нысан бейнеленген карточкаларды алады. Аталған қызметті атқаратын нысанның карточкасын ұстаған балалар педагогтің қасына жақындайды.


 

 

 

 

 

Үлестірмелі            материалдармен жұмыс істеу

П: Менің достарым – барлық тірі жан иелері.

Б: Мысық, ағаш, гүл, құс

 

Суреттерді қарап шығып, күздің бізге не сыйлағанын айтып бер. Күзгі жапырақтың суретін боя. Ол қай ағаштан үзіліп түсті екен?

 

Рефлексивтік-

Педагог тренинг-ойын ұйымдастырады.

«Күн»: Күнге қарап мысық сияқты жымиып күл; күн жарқырап, мысықты жылытып тұр, ол бұған қуанып, керіліп мəз болып тұр. Күн сияқты күл (көңіл күй: рақаттану, лəззат алу).

«Жылы леп»: Жылы леп соқты, жанға сондай жағымды.

«Қара бұлт»: Қара бұлт күннің бетін торлап алды. Ол ашулы, қорқынышты. Бұлт сияқты қабағыңды түй.

«Жаңбыр»: Жаңбыр жауып, аспан жылап тұр. Ал балалар асыр салып, мəз болып жүр.

«Жел»: Жел соқты, тамшылардың зəресі ұшып, жан-жақты бытырап ұшып кетті.

 

Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды

түзетушілік

 

кезең

 

 

 

 

 

 

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйін білдіруге шақырады.

 

Күтілетін нəтиже: айтады:күздің белгілері;

түсінеді:жанды жəне жансыз табиғаттағы өзгерістер;ауа райының ерекшеліктерін;

қолданады: ауа райын бақылау.

 

№2 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Бақшадағы көгөністер

Мақсаты: көгөністерді тану жəне олардың атауын білу қабілетін дамыту; бау-бақша дақылдарын өсіру туралы түсінігін кеңейту. Балалардың ойлау қабілетін күшейту. Танымдық қызметке деген қызығушылығын ояту.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: көгөністердің суреті бейнеленген иллюстрациялармен; бақшадан жұлып əкелінген көгөністермен танысу; жемістер мен көгөністердің муляждары; «Шалқан» ертегісін сахналау; жұмбақтардың шешуін табу.

Құралдар мен материалдар:жемістер мен көгөністердің муляждары, иллюстрациялық материал, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар, жас көгөністер. Əр затқа жетілу деңгейінің реті бойынша 3–4-5 карточкалар (мысалы: жасыл, кішкентай қызанақ, қоңыр жəне қызыл), өсу тəртібіне қарай (дəн, сабақ, бойы биік сабақ, өсіп жетілген өсімдік).

Сөздік жұмыс:көгөністер, түбір.

Билингвалды компонент: көгөніс – овощ


ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(Əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

 

Педагог жұмбақта қандай көгөністер жайлы айтылып тұрғанын сұрайды.

Сабақтың мақсатын балаларға түсінікті тілмен түсіндіріп береді: Мыршай көгөністер мен жемістердің бəрін шатастырып алды.

Жұмбақтың шешуін табыңдар.

 

Үстіне тігіп көк шатыр, Астында қызыл дəу жатыр. (Қызылша)

 

Қалың киім ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

 

Болып    жатқан     оқиғаларға,    ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Педагог балалардан күзді қандай белгілеріне қарай анықтауға болатынын сұрайды. Күзде табиғатта қандай құбылыстар байқауға болады?

Сол арқылы балалардың табиғат құбылыстарының атауларын ауа райындағы өзгерістермен салыстыра отырып атап көрсету қабілетін нығайтады. Мысалы, жаңбыр жауды –жер батпақ болды (дымқыл болды); жел соқты – ағаштардың бұтақтары иіліп, шайқалды; күн шығып тұр – дала жылынып, жарқырай түсті; аспанды қара бұлт торлады – күн бұлттанды.

 

Балаларды жемістер мен көгөністер салынған себеттен тек қана көгөністерді іріктеп алуға шақырады.

 

 

 

 

 

Анықтауды сұрайды: Көгөністер қайда өседі? Көгөністер қандай болады?

Көгөністерді неліктен пайдалы дейміз? Балаларға дəруменнің не қажеті бар?

Балалар өз болжамдарын айтады: Далада жаңбыр жауып тұр, күн суыта бастады, салқын жел соғып, сарғайған жапырақтар жерге түсіп жатыр. Күн шығып тұрғанымен бұрынғыдай қыздырмайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетіп жатыр, аңдар да қыстың қамын қылып жатыр. Адамдар егін жинап, көгөніс пен жемістерден қыста жейтін азық дайындап жатыр.

 

 

 

 

Тапсырманы орындауға атсалысады. Жұмбақты шешеді:

 

Көгөніс бұл қалаулы,

Жасамас онсыз палауды. (Сəбіз)

 

Жап-жасыл, сопақ дақыл жерде жатыр, Дер кезінде жинамасаң,

Сарғайып кетер батыр. (Қияр)

 

Жаңбыр одан өтпейді, Қабат-қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді. (Орамжапырақ)

 

Диалогке қатысады. Өмірде көргендеріне (жеке тəжірибесіне) сүйеніп, талқылайды: Көгөністер жеу үшін қажет. Олар үлкен жəне кіші, ұзын жəне қысқа, тəтті, тұзды, ащы болып келеді.


 

 

Педагог көгөністер топырақтың үстінде жəне топырақтың арасында өсетініне балалардың назарын аударады.

Көгөністерді əртүрлі себеттерге салуды ұсынады.

Балаларға оларды бір сөзбен – КӨГӨНІСТЕР деп атайтынын айтады.

 

Көгөністермен танысуға шақырады. Олар əртүрлі жəне бір- біріне ұқсамайды. Олардың бір- бірінен айырмашылығы қандай?

Балалардан жасыл (көк) түсті көгөністерді табуды сұрайды – орамжапырақ, қияр, кəді; қызыл түсті көгөністер – шалғам, қызанақ; сары түсті көгөністер – шалқан т.б.

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дəміне қарап таны» ойынын ұйымдастырады.

 

«Көгөністер» ойыны.

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеуге шақырады.

 

Қоңыр себеттерге топырақтың арасында өсіп-жетілетін көгөністерді салады (картоп, сəбіз, шалқан, шалғам); сары түсті себетке – жер бетінде өсетін көгөністерді салады (қияр, қызанақ, кəді, орамжапырақ). Көгөністердің аттарын атайды.

(Көгөністердің атаулары мен олардың бəрі КӨГӨНІС деп аталатынын бəрі бірге қайталайды).

 

Көгөністер түсі мен пішіні жағынан əртүрлі болатынын атап өтеді.

Педагог көрсеткен карточкалардың түстерін айтып шығады (бəрі бірге айтады).

Ойын түріндегі жаттығуға қатысады. Белгілі бір түсті көгөністі атайды.

 

 

Бақшаға біз барамыз,

(Бір орында сап түзіп жүру).

Өнімдерді жинаймыз.

(Бір-бірінің қолынан ұстап шеңберді айналып жүру).

Сəбізді жұлып, картопты қазып, Орамжапырақтың түбін кесеміз.

(Сəбізді кесіп, қазып, тасып жатқанын салады).

Дəмді қымыздықтан (Қолдарымен көрсетеді). Аз-аздап жұламыз. («Жұлады»).

Соқпаққа түсіп, қайтамыз үйге.

(Бір-бірінің қолынан ұстап шеңберді айналып жүру).

 

Қияр, қызанақ, тəтті бұрыштан дəм татады. Атауларын атайды.

Балалар шеңбер құрап отырады. Педагог көгөністің атын атайды, балалар қолдарымен қимыл жасайды: егер ол топырақтың үстінде, жүйекте өсетін көгөніс болса, қолдарын жоғары көтереді. Ал егер педагог топырақтың астында өсетін көгөністі атаса, қолдарын төмен түсіреді.

Суретшінің салғандарын бір сөзбен қалай атауға болады? Топырақтың астында өсетін көгөністі қарындашпен қоршап сыз.


 

 

Тағы бір нұсқа:

«Бірінші қайсысы, кейін қайсысы?» дидактикалық ойынын ұйымдастыруға болады.

Ол қалай аталады?

 

Балаларға əртүрлі реттегі карточкалар таратылады. Жүргізушінің белгісі бойынша олар тиісті суреттің реті бойынша сапқа тұрады.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Сабақты         қорытады,         алған əсерлерімен бөлісуге шақырады.

Балалар көгөніске «айналады». Өздерінің қандай екенін айтады. Көңілді, қышқыл, ащы, тəтті жəне т.б.

Алған əсерлерімен бөліседі. Педагогке дидактикалық материалдарды жинауға көмектеседі.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:көгөністің бірнеше түрінің атауы мен сипаттамаларын біледі;

түсінеді:бəрінің жалпы атауын біледі – «көгөніс»;

қолданады: алған білімін дидактикалық ойындар барысында пайдалана алады.

 

№3 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Жеміс толы себет.

Мақсаты: жемістің бірнеше түрі жайлы түсінігін жүйелендіру; оларды өсіру тəсілдері туралы түсінігін кеңейту. Есте сақтау, зейін қою, ойлау қабілетін дамыту. Қарапайым зерттеу жұмыстарымен айналысу қабілетін қалыптастыру.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: жемістердің иллюстрацияларымен танысу; «Не  қайда өседі?», «Ғажайып қап» дидактикалық ойындары; «Жемістерден не дайындауға болады?» тақырыбында əңгімелесу; муляждарды зерттеу; сынап көру үдерісіне қатысу.

Құралдар мен материалдар:жемістер салынған себет – алма, алмұрт, алхоры, жемістердің муляждары, магнитті тақтада үлкен ағаштың суреті, түрлі магнит-жемістер.

Сөздік жұмыс:жемістер, ағаш, алма, алмұрт

Билингвалды компонент: жеміс – фрукт

 

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

Тақырыпқа сəйкес балалардың əлеуметтік тəжірибесі мен бұрын алған білімдерін нығайтады:

«Қаптың ішінде не бар?» ойынын ойнауға шақырады.

Оқу қызметінің мақсаттарын балаларға түсінікті тілмен түсіндіріп береді: Жеміс дегеніміз не екенін білу.

Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым. (Жеміс)

 

 

Балалар бір-бірлеп қолдарын қаптың ішіне салады. Алдымен қолына іліккен заттың не екенін табуы тиіс. Содан соң ол затты алып шығады. Оның не екенін айтады: жеміс пе, көгөніс пе?

Жұмбақты шешеді:

 

Үлкендігі алмадай, Сырты жанған қызыл от,


 

 

Ішін жарып қарасаң – Майда , майда қызыл шоқ. (Анар)

 

Өзі қызыл , өзі қызық, Ортасында бір сызық. (Шабдалы)

 

Əрі қызыл, əрі тəтті, Татқан жанды таңырқатты. (Алма)

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Педагогтің қолында балаларға таныс жемістер салынған қорап бар. Ол балалардың бірін өзіне көмекші етіп алады. Көмекші кез келген суретті алып, оны педагогке көрсетеді жəне екеуі сол жеміс туралы айтып береді (циклдық алгоритмді пайдаланып). Мысалы, «бұл жемістің түсі сары, сопақ пішінді, кішігірім, қышқыл, оны кесіп шайға салады» (лимон);

«бұл жемістің түсі қызыл, домалақ пішінді, кішігірім, дəмді, тəтті, одан повидло, компот қайнатады» (алма) жəне тағы басқа.

Балалар заттардың сыртқы ерекшеліктерін айқындап (түсі, пішіні, үлкендігі), содан соң оларды қандай мақсаттарда пайдаланатынын анықтауды үйренеді.

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

«Жемістер ағашта өседі» деген ой түйеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пісіп тұрған төрт алмұрт, Қызығатын көрген жұрт. (Аспанға қызыға қарайды).

Екі алмұртты бұтақтан

Алып жеді Мұратқан. (Алмұрттарды

«үзеді»).

Қанша қалды алмұрттан?(Екі саусақтарын көрсетеді).

 

Балалар көздерін жұмып, ауыздарын ашады. Жемістің (алма, алмұрт, банан, апельсин) дəмін татады. Батылдау баланың аузына кішкене лимон тілімін салады. Балалар əр жемісті жегеннен кейін оны

 

Педагог    балаларға:    «Өздеріңде

«сиқырлы «ағаштарым» бар» деп елестетіңдер», – дейді. Онда əртүрлі           жемістер            өседі. Балалардан бір-бірлеп тақтаға келіп, ұнаған жемісті таңдап алуды жəне оның атын айтып, ағашқа орналастыруды сұрайды.

Өзекті мəселе: Жемістерді неліктен ағашқа ілдік? Оларды неге бақшадағы жүйекке орналастырмадық?

 

Сергіту сəті

 

 

 

«Дəмі     арқылы     тап»     ойынын ұйымдастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

түсі

пішіні

көлемі

дəмі

қолда- нуы

 

 


 

 

сипаттап береді.

«Қолымдағы        не?»        ойынын

ұйымдастырады.

 

 

 

 

 

 

Балаларға адамдардың түрлі жемістер өсіретінін хабарлайды. Себебі жемістердің құрамында дəрумендер өте көп. Бірақ оларды көп сақтай алмаймыз. Оларды бірден жеп қоймаса бұзылады. Жемістер бұзылып кетпес үшін оларды түрлі тəсілдермен сақтаймыз. Жемістерден түрлі- түрлі тағамдар жасаймыз.

Балаларды             суға             бояу араластырып, жемістен шырын дайындайтынын               көрсетуге шақырады.

 

Балалар қолдарын арқасына қойып, шеңбер құрап тұрады. Педагог оларға жемістердің муляждарын салып шығады. Содан кейін бір жемісті көрсетеді. Сол жемістің өз қолында тұрғанын білген балалар белгі берілген кезде педагогтің қасына жүгіріп барады. Қолында тұрған жеміске қарауға болмайды. Оны тек қолымен ұстап қана біле алады.

 

Балалар аналары мен əжелерінің жемістен не дайындайтынын айтады: тосап, нəрсу, бəліш жəне самсалардың ішіне салады.

 

 

 

 

Шыққан сұйықтықтың түсіне қарап, мұндай əдемі сусынның қандай жемістен дайындалатынын табады.

Үлестірмелі          материалдардағы тапсырманы орындайды

Əр қатардағы басы артық суретті түрлі түсті қарындашпен қоршап сызады.

«Жеуге жарамды – жарамсыз» ойынын                 ұйымдастырады: жүргізуші белгілі бір көгөніс, жеміс, жидек немесе кез келген заттың              атауын              атап, қатысушыларға кезекпен доп лақтырады. Егер айтылған заттың тапсырмаға қатысы болса бала допты қағып алуы тиіс.

Топпен бірге ойнауға болады (доптың              орнына              қол шапалақтайды, егер айтылған заттың берілген тапсырмаға қатысы              болмаса              қол шапалақтайды).

Бала педагог айтқан заттың жеуге жарайтын жəне жарамайтындығын анықтайды. Егер жарамды болса допты қағып алады (немесе қол шапалақтайды).

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Балаларды зерттеу жұмысын жасағаннан кейін қалай өскенін білу үшін созылуға шақырады.

Көңіл күйін білдіреді. Өздерінің жұмысына баға береді. Алған əсерлері жайлы əңгімелейді.

 

Күтілетін нəтиже:

айтып береді: жемістің бірнеше түрінің атауын біледі;


түсінеді: жемістерді өсіру жолдарын біледі;

қолданады: анализаторлардың көмегімен жемістерді зерттеуді біледі; алған білімін ойын барысында пайдалана алады.

 

№4 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Күзгі гүлдер.

Мақсаты: гүлдің құрылысы жайлы түсінік қалыптастыру. Байқампаздық қабілетін, зейінін дамыту. Табиғатты аялай білуге үйрету.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:серуен кезінде бақылаулар жүргізу; ересектердің балабақшаүлескесіндегі еңбегін бақылау; гүлдер туралы əңгімелесу; фотосуреттер мен иллюстрацияларды қарап шығу; жұмбақтардың шешуін табу.

Құралдар мен материалдар: күз бен күзгі құбылыстар бейнеленген иллюстрациялар.

Сөздік жұмыс:гүлдер,жұлдызгүл (ақкекіре), сабақ, жапырақ, гүл.

Билингвалды компонент: гүл – цветок

 

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог «Суретті құрастырып жина» ойынының көмегімен ҰОҚ- ға қолайлы эмоционалдық жағдай қалыптастырады.

Қиылған суреттерді құрастырып жинайды

(түймедақ, ақкекіре).

 

Балалардың білімін нығайту Педагог         балалардан          жыл мезгілдерін атап беруді, олардың серуендеген кезде нені аңғарғанын еске         түсірулерін         сұрайды. Гүлдердің         суреті        салынған картинаны көрсетіп, осы гүлдерді қайдан көргендерін сұрайды.

Балаларды       алдағы       жұмысқа дайындайды.

Күздің белгілерін атап көрсетеді: күн суытты, аспанды жиі бұлт торлайды, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

 

 

Балалар бұл гүлдерді балабақшадағы гүлзарлардан көргенін еске түсіреді.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Педагог                     гүлзарлардағы өсімдіктердің арасында суықтан қорықпайтын гүлдер барын айтады. Олар əбден күн суытқанға дейін бізді сұлулығымен қуантып тұрады. Ол – ақкекіре, түймедақ.

Суреттерді қарап шығады. Өсімдіктердің негізгі бөліктерін атап көрсетеді. Қолдарымен көрсетіп, оның қандай бөліктерден тұратынын айтып береді: тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі. Олардың биік немесе аласа, ұзын немесе

қысқалығын анықтайды.

 

Педагог балаларға қосымша мəліметтер береді: бір ғана жаз бен күзде гүлдейтін гүлдерді біржылдық дейміз. Ал бірнеше жыл қатарынан гүлдеп, біздің көз қуанышымызға               айналатын гүлдерді көпжылдық дейміз. Олардың тамырлары қыста жердің

астында жата береді.

 


 

Балаларға өсімдіктерге қалай қарау керектігін түсіндіреді: оларды жұлуға, аяқпен таптап басуға болмайды.

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тəрбиеленушілерді             жоғарғы топтағы балалар жинаған гүл тұқымдарымен                   танысуға шақырады.

Балаларға айтады: гүлзарда гүл өсу үшін алдымен оның тұқымдарын топыраққа егу қажет. Одан жіңішке сабақ өсіп шығады, содан соң жапырақтар пайда болады. Кейін гүл пайда болады. Бірақ оған міндетті түрде су құйып тұру қажет. Өйткені олар тірі тіршілік иесі болғандықтан суды қажет етеді.

 

Гүлдер туралы жұмбақтарды шешуге шақырады. Дала гүлдері мен бақша гүлдері жайлы түсінік береді. Педагог жұлдызгүлді ақкекіре деп те атайтынын айтады.

– Түймедақтың далада өсетін, бақшада өсетін түрлері болады. Оны адамдар үй алдындағы гүлзарларға егеді.

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу

 

 

 

 

 

Шалғынға серуенге барамыз,

(Тізелерін жоғары көтеріп, бір орында тұрып жүреді).

Гүлдерді иіскейміз,

(Еңкейеді).

Хош иісті гүлдер жайқалады,

(Мұрнымен     бірнеше     рет     құшырлана иіскейді).

Гүлдерді жұлмаймыз,

(Бойын тіктеп, басын оңға-солға бұрады).

Қандай керемет!

(Алақандарын жаяды).

 

Балалар           тұқымдарды           зерттейді, қолдарымен ұстап, үлкейткіш əйнек арқылы қарап көреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суыққа шыдар

Аппақ, сары, қызыл гүлдер. Қырық күнге дейін гүлдер, Хош иісті қай гүлдер?

 

–    Жауабы: жұлдызгүл.

 

Жапырағын ұстасаң, Асты суық,

Жылы үсті,

Дəрі жасар бұл гүлден, Емдер күйік, тынысты

 

–    Жауабы: түймедақ.

 

 

Гүлмен мұқият таныс. Оның бөліктерін (тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі) көрсетіп бері. Тапсырманы орындайды.


 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Сабақты     қорытады.     Балаларды

«Мен – өсімдікпін» атты психологиялық                жаттығуға қатысуға шақырады.

Жаттығу аяқталған кезде балалардан «Өсімдік болған ұнады ма?» деп сұрайды.

Балалар көздерін жұмады. Олар өздерін кішкентай өсімдік ретінде сезінуге тырысады.

«Сендерді жылы, қара топыраққа апарып екті. Əлі кішкентай, өте əлсіз, қорғансызсыңдар.Бірақ мейірімді адам сендерге су құяды, тамырларың тыныстау үшін топырақты қопсытады. Сендер өсе бастайсыңдар. Жапырақтарың өсіп, сабақ та қатайды. Күнге қарай бой созып, күн сайын өсіп жатырсыңдар. Гүлзардағы гүлдердің қасында əдемі болып тұрған қандай жақсы!»

 

Күтілетін нəтиже:

айтады: гүлдің бөліктерін біледі;

түсінеді: өсімдіктер тіршілігінің жыл мезгілдеріне тəуелді екенін түсінеді;

қолданады: үлескідегі өсімдіктерге қамқорлық жасауға ынтасы оянады.

 

№5 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Жау, жау, жаңбыр!

Мақсаты: жансыз табиғаттағы құбылыстар жайлы түсінік қалыптастыру; табиғат құбылыстарының бірі – жаңбырмен таныстыру. Балалардың табиғатқа, табиғат құбылыстарына, оны танып-білуге деген қызығушылығын ояту. Жаңбырға қуануға үйрету.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: зерттеу мақсатындағы серуендер ұйымдастыру; табиғат құбылыстарын бақылау; иллюстрациялармен танысу; жұмбақ шешу; шығармашылықпен айналысу; тəжірибелік жұмыстар.

Құралдар мен материалдар:сорғыш, су құйылған тəрелкелер, клеенка, қағаз орамалдар, иллюстрациялар, «Жаңбыр дыбысы» аудиожазбасы, түрлі түсті қарындаштар, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс:күз, жел, жапырақтардың түсуі, жаңбыр.

Билингвалды компонент: жаңбыр – дождь

 

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

Балалардың білімін нығайту Тəрбиеші     балалардан    сұрайды: Жаңбыр    дегеніміз    не?    Ол   қай кезде     жауады?     Жазда     қандай жауын жауады? Ал күзде ше?

Балаларды       алдағы       жұмысқа дайындайды.

Аспаннан домалап, Көп моншақ төгiлдi. Бусанып жон-алап,

Терледi, керiлдi. (Жаңбыр)

 

Балалар           өмірде           көргендеріне, тəжірибесіне сүйене отырып жауап береді.

Өтіп    жатқан    сабаққа    қызығушылық танытады.


 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Күздік киім киген балалардың фотосуреттері мен суреттерін қарап шығуға шақырады. Балалардан сұрайды: Оларды қай кезде суретке түсірген? Жазда ма, күзде ма?

Қызға қолшатырдың не үшін керектігін айтып беруді сұрайды (тағы бір фотосуретке назар аударады).

Күзде ауа райы қандай болады?

Фотосуреттермен жəне суреттермен жұмыс істеуге кіріседі. Балалардың неге етік, күрте, малақай кигенін талқылайды. Күн суытты, күшті жел соқты, қара бұлтты айдап əкеліп, жаңбыр жауды.

Қолшатырдың астында жаңбырдан тығылуға болады.

Күздегі ауа райының ерекшеліктерін атап көрсетеді.

 

Тануға, білуге ерекше құштарлық, белсенділік танытады.

Балалардың алдына су құйылған тəрелкелер қояды. Бұл – «өзен». Тəрелкелердің жанында суды өзіне сіңіріп алатын сорғыштар жатыр.Бұл – «бұлттар». Сорғышты қолдарына алады. Бұлттар жеңіл ме, ауыр ма, соны анықтайды. Жеңіл. Себебі олар құрғақ. Ал бұлттар өзеннің қасынан өткен кезде судан көтерілген буды бойына сіңіріп, су тамшыларын                                 жинайды.           Балалар сорғыштарды суға салады. Енді бұлт ауырлады. Енді сорғышты сығады – жаңбыр жауып жатыр.

(Сорғышты клеенкаға қояды, қолдарын сүлгіге сүртеді).

 

Балалар     жаңбыр     туралы     білетіндерін айтады.

 

 

 

П: Күн не істейді?

Б: Жылытады, сəуле шашады, аялайды, қыздырады…

П: Жаңбыр не істей алады?

Б:     Тамшылайды,     құйып    жауады,     су қылады, шулайды…

 

Бақыт болып жаушы, жаңбыр, Менің əсем қалама

Бақыт болып жаушы, жаңбыр, Менің байтақ далама,

Менің əсем қалама,

Менің байтақ далама.

 

Балаларды қолдан жаңбыр жасауға шақырады.

Көрсетеді: жайпақ ыдысқа су себетін ыдыстан су құяды, жаңбыр

«жауады» (Ақырын құямыз – жаңбыр тамшылап тұр, майдалап жауып тұр деген сөз; су құйғыш ыдысты жоғары көтеріп, қаттырақ еңкейтеміз – жаңбыр қатты жауып тұр, нөсер жауып тұр дегенді білдіреді).

Суды сорғышпен жинап алып, екінші ыдыстың үстіне сығамыз – жаңбыр жауып тұр.

 

 

Балаларды өз бетінше қолдан жаңбыр жасап көруге шақырады.

 

Аудиожазбаны             (жаңбырдың дыбысын) таңдатады.

 

Педагог «Не істей алады...?» ойынын ұйымдастырады: белгілі бір              нысанды              атайды (иллюстрацияларды, жұмбақтарды пайдалануға болады).

 

 

Сергіту сəті


 

 

Балалардан жаңбыр жауғанда қандай көңіл күйде болатынын сұрайды.

 

– Балалар, сендер судың бұлтқа қалай жиналатынын білесіңдер ма?

Жаңбырдың қандай болатыны (ұсақ, нөсер, майдалап жауатын, құйып жауатын) туралы түсінік береді. Бүгінгі ауа райын анықтайды (жауын-шашынды, күн бұлттанып тұр). Əр жерде шалшық су жиналған.

Алдымен аспанды қою бұлт торлайды. Содан соң ол ауыр су тамшыларынан құралған қара бұлтқа айналады. Олар бұлтта көпке дейін тұра алмайды, жерге жауады.

Тағы бір нұсқа:

Педагог «Менің достарым» ойынын ойнауды ұсынады: балаларға карточкалар таратады, функциясын таңдап алып, оның атауын атап береді.

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу

 

Балалар жаңбыр жауғаннан кейін жердің қарайып, дымқылданып, балшыққа айналатынын айтады. Терезені, шатырды соққылап жауып тұрған жаңбырдың дыбысын тыңдайды (жаңбырлы күні).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар белгілі бір нысанның суреті бейнеленген карточкаларды алады. Қолындағы карточкасының қызметі айтылған функцияға сəйкес келген бала Педагогтің жанына (жүгіріп) барады.

П: Менің достарым адамның күзде тоңып қалмауына көмектеседі.

Б: Күрте, малақай, қолғап, етік, жемпір…

 

Шынымен жаңбыр жауды! Жаңбырдың, жерге тамшылап жатқан тамшылардың суретін сал. Əр тамшы мен жердің арасын қарындашпен сызып көрсет.

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйін білдіруге шақырады.

Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:жансыз табиғаттағы құбылыстардың атауларын біледі;

түсінеді:судың адам өмірі мен табиғаттағы тіршілік үшін атқаратын рөлін түсінеді;

қолданады:     танымдық    бағытта    əңгімелеседі,     пікір     білдіреді,                               қарапайым тұжырымдар жасайды.

 

№6 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар

Мақсаты: жеуге жарамды жəне жарамсыз саңырауқұлақтар туралы түсінік қалыптастыру.Тіршілік қауіпсіздігі туралы қарапайым түсінік қалыптастыру. Туған табиғатты сүюге баулып, оны сақтап қалуға деген құлшынысын арттыру.


ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:көркем əдебиеттер оқу, саңырауқұлақтар туралы тақпақтар мен жұмбақтар жаттау;«Ормандағы қауіпсіз мінез-құлық», «Абайла, бейтаныс зат» тақырыбында əңгімелесу.

Құралдар мен материалдар:себет, саңырауқұлақтардың макеті, шырша бүрі, «Табиғат дыбыстары» дискі, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс:шыбынжұт, сабағы, жеуге жарамды, жеуге жарамсыз, терекқұлақ, түлкішек.

Билингвалды компонент: саңырауқұлақ – гриб

 

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

Балалардың білімін нығайту Балалардан саңырауқұлақты қайдан теретінін сұрайды. Саңырауқұлақты неге салған дұрыс?

Себетті көрсетіп, саңырауқұлақ теру үшін орманға аттануға шақырады (виртуалды саяхат).

Орманға немене жеткен дұрыс деп сұрайды.

 

Танымдық қызметпен айналысуға жұмылдырады.

 

 

Аяғынан қаз тұрған, Қалпақ киіп сəн құрған.

 

Талқылайды, өмірде көргендерін ортаға салады.

 

Серуенге шығуға қуана келіседі. Педагогпен бірге талқылайды: Орман алыс. Оған жаяу жете алмайсың. Сондықтан жүк көлігіне, жеңіл мəшинеге, автобусқа, мотоцикл немесе велосипедке міну керек. Мəшине мен автобус ағаштардың арасынан өте алмайды. Оның үстіне, бензиннің иісі орманның таза ауасын бұзады. Мотоциклдің дауысы қатты шығады. Онымен барсақ ормандағы аңдар мен құстарды үркітіп алуымыз мүмкін. Ең дұрысы – үш дөңгелекті велосипедпен барғанымыз жөн.

Балалар велосипедке мініп, орманға барғандарын елестетеді. Велосипедтерін үлкен ағаштың түбіне қалдырып, орманды жаяу аралайды.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Саңырауқұлақтардың муляждарына (суреттеріне) назар аударады. Бұл көгөніс пе? Əлде жемістер ма? Бұл не?

 

 

Егер балалар жауап беруге қиналып жатса, педагог саңырауқұлақтың атауын айтып береді. Содан соң балалармен бірге қайталайды.

Жеуге жарамды жəне жарамсыз

Саңырауқұлақтарды теріп, себетке сала бастайды. Олардың жеміске де, көгөніске де жатпайтынын айтады. Талқылайды. Саңырауқұлақтардың аяғы мен қалпағы бар. Ал жемістер мен көгөністерде аяқ пен қалпақ болмайды.

 

Көктеректің астында саңырауқұлақ өсіп тұр – ... (терекқұлақ). Оның қалпағының түсі қандай? (Қызыл). Аяғы қандай? (Ақ). Ұзын ба əлде қысқа ма?

– Қайыңның түбінде саңырауқұлақ өсіп тұр     –            …(қайыңқұлақ). Оның қалпағының түсі қандай? (қоңыр)


 

саңырауққұлақтарға       балалардың

Аяғының түсі қандай? (Сұр).

             Майлы саңырауқұлақ – … (Майқұлақ). Оның қалпағы май құйып қойғандай жабысқақ болып келеді.

          Түлкінің тонындай сары түсті саңырауқұлақ – …(Түлкішек).

       Күн сияқты қызғылт сары түсті саңырауқұлақ – …(Арыш). Ормандағы ең басты саңырауқұлақ – ақ саңырауқұлақ. Ол үлкен, қалпағы қоңыр түсті, аяқтарының түсі ақ.

 

 

Саңырауқұлақ болайық, Тізе бүгіп отырайық.

Жаңбыр жауса көтеріліп, Өсіп-өсіп алайық.

 

Талқылайды. Үлестірме қағаздардағы тапсырманы орындайды. Саңырауқұлақ жегенді ұнататын жануар мен саңырауқұлақтың арасын сызық арқылы қосады.

назарын аударады.

Саңырауқұлақтың бəрін жеуге бола

ма?                 Неге?                 Қандай

саңырауқұлақтарды                  теруге

болмайды?

Шыбынжұт         саңырауқұлағының

сыртқы      ерекшеліктеріне       назар

аударады.

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

Балалардан         орманда         қандай

жануарлар саңырауқұлақты жақсы

көретінін сұрайды.

 

«Ормандағы серуеннің

аяқталғанын» хабарлайды.

Саңырауқұлақты ересектермен

бірге теру керектігін жəне ересек

адамдардың айтуынсыз

саңырауқұлақты қолмен ұстауға

болмайтынын айтып түсіндіреді.

– Балалар, улы саңырауқұлақтар

сендердің денсаулықтарыңа ғана

емес, өмірлеріңе де қауіп төндіруі

мүмкін. Ал біз бүгін ойыншық

саңырауқұлақтармен ойнадық.

Сондықтан қорқудың қажеті жоқ.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Сабақты қорытады. Алған əсерлерімен бөлісуге шақырады.

–Біз қайда барып келдік? Орманға немен бардық? Орманда не тердік?Оны қайда салдық?

Алған əсерлерімен бөліседі. Педагогке дидактикалық материалдарды жинауға көмектеседі.


Күтілетін нəтиже:

айтады:саңырауқұлақтардың    атаударын    біледі     –     терекқұлақ,                                                            қайыңқұлақ, түлкішек, шыбынжұт;

түсінеді:бейтаныс заттарды ұстағанда абай болу керектігін түсінеді;

қолданады: жеуге жарамды жəне жарамсыз саңырауқұлқтар туралы біледі.

 

№7 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Жабайы жануарлар

Мақсаты: жабайы жануарлар мен олардың төлдері туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Ілтипат пен ықыластарын көрсететін көңіл күйлерін дамыту. Жанды табиғатты аялауға үйрету.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:серуендеу барысында бақылау жүргізу; иллюстрациялармен танысу; жануарлардың тіршілігі мен күзде табиғатта болатын өзгерістер жайлы əңгімелесу; тақпақтар мен өлеңдер жаттау; қимыл-қозғалыс ойындары.

Құралдар мен материалдар:жабайы жануарлар мен олардың төлдері бейнеленген карточкалар, суреттер, жабайы жануарлардың бетперделері, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: жабайы жануарлар, апан, құйрық, жыртқыштар, ағаштың қуысы, ін, қасқырдың апаны.

Билингвалды компонент:түлкі – лиса

 

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

 

Балалардың білімін нығайту Балаларға       мынадай       сұрақтар қояды: Түлкі адамдардың қасында тіршілік ете ме? Түлкінің мекені қайда?   Түлкінің   қасында   нелер тұрады?

Жұмбақтың шешуін табады:

 

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айғай-шу. (Түлкі)

 

Талқылайды.    Танып,    білуге    ұштарлық танытады.

«Жабайы жануарлардың дауыстары» аудиожазбасын           тыңдайды           жəне дауыстардың нелердікі екенін анықтауға тырысады.

Жұмбақты шешеді жəне түлкінің қасында нелер тұратынын айтады:

 

Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. (Қоян)

 

Сұрғылт тартқан түсi бар, Ақсиған көп тiсi бар.

Тыным таппай жүгiрiп, Сiлекейi шұбырған, Қыстау маңын ториды,

Ауылдың өш бар итi.    (Қасқыр)


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларды       алдағы       жұмысқа дайындайды.

Жауымнан мен қашқанда, Ағаштарға самғап бағам. Ал қарным ашқанда,

Отырып ап жаңғақ шағам. (Тиін)

 

Санай алмай шаршадым – Найзасы бар қанша мың. Батыр емес бірақ та,

Қашып жүрер жыраққа. (Кірпі)

 

Өтіп     жатқан      сабаққа      қызығушылық танытады.

 

Ізденістік- ұйымдастыру-

Балалардан бұл жануарлардың қай жерді мекендейтінін сұрайды?Олардың жабайы жануарлар екенін түсіндіреді.

Талқылайды. Оларға ешкім қамқорлық жасамайтынын, аңдар өз үйлерін өздері салып, тамақты да өздері тауып жейтінін айтысады.

 

 

 

Педагогтің айтқандарын өз білгендерімен толықтырады:

Жабайы жануарлардың ін, апандары туралы білетіндерін айтады.

 

 

 

Үлкені – тиін, ал кішкентайлары – оның балалары.

Үлкені – түлкі, кішкентайлары – мыршай. Үлкені – аю, кішкентайы–қонжық, қонжықтар. Үлкені – кірпі. Оның қасындағылары – кірпінің балалары. Қасқыр үлкен, ал кішкентайы – бөлтірік. Ал қоянның баласы көжек деп аталады. Бірнеше көжекті көжектер дейді.

 

Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық.

 

Педагогтер белгілі бір нысандардың суреті бейнеленген карточкаларды алады. Карточкадағы нысан аталған функцияға сай келетін балалар педагогтің қасына (жүгіріп) барады.

П: Менің «достарым» – орманда тұрады. Б: Қасқыр, түлкі, тиін, аю…

 

Орман тұрғындарының құйрықтарын тауып береді.

шылық

Жабайы жануарлардың үйлерінің қалай аталатынын анықтауға шақырады. Тақырыпқа қатысты суреттер, фотосуреттер мен слайдтарды көрсетеді.

– Аю мен қасқырдың апаны болады. Тиін ағаштың қуысын мекендейді. Түлкінің іні бар. Құстардың ұясы болады.

 

Балаларды «Аналары мен балалары» ойынын ойнауға шақырады.

 

 

 

 

Сергіту сəті

 

 

Педагог «Менің достарым» ойынын ұйымдастырады.

Балаларға карточкалар таратып, олардың функцияларын таңдайды жəне атауларын атайды.

 

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.


 

 

Педагог балалардан жабайы жануарлардың жүрісін салып беруді сұрайды.

 

Тағы бір нұсқа

Балаларды «Жануарлар келе жатыр» атты дидактикалық ойын ойнауға шақырады.

Педагог балаларды төрт топқа бөледі: аюлар, қасқырлар, тиіндер мен кірпілер.

Жануарлардың атын атайды:

  Аюлар келе жатыр.

  Қасқырлар келе жатыр.

 

Балалар қоян мен тиіннің секіргенін, қасқыр мен түлкінің ақырындап келіп тарпа бас салатынын, аюдың қорбаңдаған жүрісін салады.

 

 

 

Балалар қуана келіседі. Педагогтің айтуы бойынша жануарлардың жүрісін салады.

 

Аю сияқты аяқтарын қатты дүрсілдетіп жүреді.

Қасқырдың жүрыс салып, аяқтарын қатты дүрсілдетпейді.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйін білдіруге шақырады.

Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:жабайы жануарлар мен олардың төлдерінің атауларын атап береді; түсінеді: олардың бəріне баспана, тамақ пен жылу керектігін түсінеді; қолданады: жануарларға жаны ашиды, оларға көмектескісі келеді.

 

№8 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Ағаштар

Мақсаты: ағаштардың 2-3 түрін тану жəне атауын атауға үйрету. Қарапайым тəжірибе- зерттеу жұмысын жасау қабілетін дамыту. Туған өлкенің өсімдіктер əлемін қорғауға деген құлшынысын арттыру.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: үлескіде серуендеу, ағаштармен таныстыру; жұмбақтардың шешуін табу; дидактикалық жəне қимыл-қозғалыс ойындарына қатысу; тұсаукесерлермен танысу.

Құралдар мен материалдар:«Табиғаттағы дыбыстар (орманның шуылы, құстардың даусы)» аудиожазбасы, орманның суреті бейнеленген иллюстрациялар, ағаштар мен үйеңкінің макеттері. Қақпағы бұрап ашылатын пластик құтыларға жөк, шаған мен үйеңкінің тұқымдарын саламыз (əрқайсысын бөлек-бөлек салу керек). Құтылардың қақпағында жөке, шаған мен үйеңкінің жапырақтары бейнеленген.

Сөздік жұмыс:ағаш, бұта, дің, бұтақтар, жапырақтар.

Билингвалды компонент: ағаш – дерево

 

 

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті


Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

Жұмбақтың шешуін табады, ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады.

Тыныс алады, өседі, бірақ жүре алмайды. Ол не? (ағаш).

 

Тəжірибелеріне сүйенеді. Көргендері мен көргендерін еске түсіреді. Танымал ағаштардың атауларын атайды.

Жұмбақтарды шешеді:

 

Діңі жұмсақ болса да, Тіп-тік шырқап өседі. Осы ағашпен ауланы

Көгалдандырар көшені. (Терек )

 

Канада елі туында, Жапырағы салынған. Тазартады ауаны,

Бойына тартып қалың шаң. (Үйеңкі )

 

 

Аршып алып қабығын, Адамдар себет өреді. Шырынын оның бүкіл ел,

«Ем», – деп ішіп келеді. (Қайың)

 

Балалардың түсінігі мен білімін нығайту.

Балабақша ауласында ағаш өсе ме? Қандай ағаштар өседі? Педагог балалардан осыны еске түсіруді сұрайды.

Ағаштар туралы жұмбақтарды шешуге шақырады.

 

– Мен қайсысы ағаш, қайсысы бұта екенін шатастырып алдым, көмектесіңдерші.

 

 

 

 

Балаларды        сыртқа        шығып, ағаштарды зерттеуге шақырады.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Балалардың назарын балабақша ауласында өсетін ағаштарға аударады.

 

 

 

Олардың жапырағы бар ма? Неге ағаш құламайды? Оны не ұстап тұр?

(Ағашты тамырымен бірге жерге егіп жатқан сəтті бейнелейтін суретті көрсетеді). Тамыр қатты, ағашты ұстап тұрады жəне оған нəр береді. Ағаш тамыры арқылы су ішеді. Ал ағашқа жапырақтың не қажеті бар? (Сол арқылы тыныс алады). Ал біз қалай тыныстаймыз?Балаларға түсіндіреді: ағаш өседі, тыныс алады, қоректенеді. Яғни ағаш – тірі нысан. Əр ағаштың өзінің аты болады.

Ағаш – бұл өсімдік.

Бұталар туралы түсінік береді. Бұтаның бірнеше сабағы,

Қолдарымен ағаштардың діңін құшақтайды. Педагогтің көмегімен олардың діңінің қандай екенін анықтайды.

  Жіңішке жəне жуан. Ағаштың діңін қолдарымен ұстап көреді – тегіс, қатты, бұжыр. Өздерінің беттерін ұстап көреді.

  Жұмсақ, тегіс.

Ағаштардың талдарына көз жүгіртеді. Оларға қолдарын созады. Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке екенін, неге ұқсайтынын анықтайды.

Ағаштың діңін ұзын əрі мықты тамырлар ұстап тұр деген ой түйеді. Бірақ олар көзге көрінбейді, жердің астында жатыр.

Ағаштың тамыры, діңі, бұтақтары мен жапырақтары болатынын еске түсіреді. Ағаш діңін санайды. Ол тек біреу ғана болады.

Ағаш пен бұтаның арасындағы айырмашылыққа тоқталады (бойының биіктігіне, еніне қарай). Бұтаның сабағы жерден бастап өседі жəне қабықпен қапталған. Бұталар өсімдікке жата ма деген сұраққа жауап іздейді. (Тамыры, сабағы, жапырақтары бар). Жанды ме əлде жансыз ма? (Олар тамырдан нəр алады,


 

бұтақтары, тамыры, жапырақтары болады.

Ағаштар мен бұталарды күту қажеттігін түсіндіреді. Ағаштар мен бұталар ауаны тазартады. Бұталардың да аттары бар.

 

Сергіту сəті

 

 

Балалардан жерге назар аударуды сұрайды. Жердің бəрін сарғайған жапырақтар жауып тастапты.

Сондықтан да жылдың бұл мезгілін алтын күз деп атайды. Тек жапырақтар ғана сары ма?

 

Балалардың назарын аударады: бір жапырақ жерге қалықтап түсіп барады. Екіншісі айналып, айналып, ақырындап жерге құлады. Жапырақ жеңіл болғандықтан жерге ақырын түседі. Жел соқты. Ағаштағы сарғайған жапырақтардың бір тобы сыбдырлап жерге түсті.

Мұны жапырақтардың түсуі дейміз.

 

Балаларды қызықтыруға тырысады: жапырақтар неге сарғайды? (Өйткені күн аса қатты жылытпайды).

Ағаштың ішетін суы да азайды. Сондықтан жапырақтары түсіп жатыр. Өсімдік қысқа осылай дайындалады. Біз жылы киімдер кидік, ал, ағаштар суды аз жұмсау үшін жапырақтарын бəрін жерге түсіріп тастады.

 

«Ағаштармен сөйлесу» Қараңдаршы балалар, біздің балабақшаның ауласында қаншама ағаш бар! Өздеріңе ұнаған ағашты таңдап алып, оны құшақтаңдар жəне көздеріңді жұмып біраз тұрыңдар. Ол сендерге не жайлы

«əңгімелейтініне» құлақ түріп көріңдер. Мен белгі берген кезде қайтып келесіңдер.

жапырақтары арқылы тыныс алады, өседі).

 

 

 

 

Ағаштар, міне, Мұныңда үні – ш-ш-ш.

Кейде жұмсақ, кейде шу-шу, (2 рет) Кейде дауыл – гу де гу.

 

Күзгі жапырақтардың түстерін атап береді

(қызыл, түрлі түсті).

Бір жапырақты ағаштан жұлып алады. Екіншісін жерден көтеріп алады.

Зерттеп көреді: қайсысы сыбдырлайды? Неге?

Жапырақтардың қалқып ұшқанын, жерге түскенін салады (отырады).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талқылайды, күзде киген жылы киімдері туралы айтып береді.

 

 

Балалар педагогтің қасына келіп өзі таңдаған ағаш туралы əңгімелеп береді.


 

 

Тағы бір нұсқа

«Бұл тұқымдар қай ағаштан түсті?» ойынын ұйымдастыруға болады.

Материал: Қақпағы бұрап ашылатын пластик құтыларға жөке, шаған мен үйеңкінің тұқымдарын саламыз (əрқайсысын бөлек-бөлек салу керек).

Құтылардың қақпағында жөке, шаған мен үйеңкінің жапырақтары бейнеленген.

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу

 

 

 

Құтылардың бетіндегі қақпағын алып,

«ғажайып қапқа» салады. Балалар қақпақты кезек-кезек алып, онда бейнеленген жапырақтың суретін қарап шығады. Сол жапыраққа сай келетін ағаштың атауын атап береді. Содан кейін сол ағаштың тұқымдары салынған құтыны тауып, қақпақты қайта жабады.

 

 

Саусақтарыңмен ағаштың жапырақтарын сал. Сен қандай бояуды пайдаланасың?

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Педагог сабақты қорытады. Ағаштар мен бұталарды зерттеу үдерісін ұнатқан балалардан қолдарын жоғары көтерулерін сұрайды. Ұнамағандары қолдарын төмен түсіреді.

Рефлексивтік       бағалауға      қатысады.

Көңіл күйімен бөліседі.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:ағаштардың атаулары мен олардың ерекшеліктерін біледі;

түсінеді:ағаштар мен бұталардыңқандай пайдасы барын біледі;

қолданады: алған білімдерін ойын барысында пайдалана алады; өсімдіктер əлеміне қамқорлық жасай біледі.

 

№9 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Жел

Мақсаты: табиғат құбылыстарының бірі – жел туралы түсінік қалыптастыру. Зерттеудің қарапайым тəсілдерін дамыту, есте сақтау, зейін қою қабілетін нығайту. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, оған қамқорлық жасауға баулу.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: ауа туралы əңгімелесу; жоғарғы топтағы балалардың ойынын бақылау; фотосуреттер мен иллюстрацияларды қарап шығу; зерттеу мақсатында серуенге шығу.

Құралдар мен материалдар:«Ауа», «Су» көрнекі құралы, əуе шарлары, желдің, судың дыбыстары жазылған дискілер, кемелер, желпуіштер.

Сөздік жұмыс: күз, ауа, көзге көрінбейді, дəмі жоқ, жеңіл, иісі жоқ.

Билингвалды компонент: ветер – жел

 

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық-

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

Ағаштарды шайқайды, Көзге көрiнбейдi.

Шарлағанда сай-сайды, Бiр сəт ерiнбейдi. (Жел)


тарын ояту

Əлеуметтік тəжірибе мен бұрын алған білімін нығайту.

Балалардың табиғат құбылыстары туралы білімдерін толықтырады, ауа             райын             сипаттауға жаттықтырады. Мысалы:жаңбыр жауды –жер батпақ болды (дымқыл болды); жел соқты – ағаштардың бұтақтары иіліп, шайқалды; күн шығып тұр – дала жылынып, жарқырай түсті; аспанды қара бұлт торлады – күн бұлттанды.

Жел қайда тұратынын сұрайды. Серуенге шыққан кезде желді іздеп көруге шақырады.

–     Желді     қайдан     кездестіруге болады? Біз оны көре аламыз ба? Жоқ.        Біз        оның       заттарды қимылдатқанын ғана көре аламыз. Мысалы;     аспандағы    бұлттарды қуалайды,       ағаш       бұтақтарын тербетеді. Жел көзге көрінбейді. Балаларды       алдағы       жұмысқа дайындайды.

 

 

Бүгінгі ауа райын анықтайды.

 

 

 

 

Болып       жатқан      оқиғаларға      ерекше қызығушылық танытады.

 

 

Балалар      іздейді      (таппайды,     отырып демалады).

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Балалардан қандай заттың көмегімен жел тудыруға болатынын сұрайды (шаш кептіретін              фен, диірмен, желпуішті шығарып көрсетеді). Ал біз қолдан жел тұрғыза аламыз ба? Қалайша?

Зерттеу жұмысын жүргізуге жасауға қатысуға шақырады. Балалар бетін қолдарымен желпиді. Сол арқылы ауаның қозғалысын сезінеді. Не сезінгенін айтады: ауа жылы ма əлде салқын ба?

 

Балаларға түсіндіреді: Жел – ауаның қозғалысы. Ауа барлық жерде бар! Біз онымен далада, үйде, балабақшада да, ұйықтап жатқанда да тыныстаймыз. Біздің ішімізде де, төңірегімізде де ауа бар. Біз оны жұтамыз, содан соң сыртқа шығарамыз. Біз ауамен тыныстаймыз. Жəне ол тек бізге ғана емес, төңірегіміздегі барлық тіршілік иелеріне ауадай қажет.

Өзекті мəселе:адамдардан басқа тағы кімдерге ауа қажет?

Ал үстелге, кітапқа ауа керек пе?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талқылайды. Ауа жануарларға да, өсімдіктер мен құстарға да қажеттігін айтады. Кітап пен үстелге ауа қажет еместігін дəлелдейді. Өйткені олар тіршілік иесі емес.

 

Желді тағы да қандай тəсілмен тудыруға болатынын сұрайды. Балаларға     мақта    түйіршіктерін

ұсынады.    Еріндерін   дөңгелетіп,

 

Өздігінше «жел» тудырып көреді.


 

алақанында жатқан мақтаны үрлеп көрсетеді. Балаларды қайталауға шақырады.

 

Беттерін желпуішпен желпіп, салқын леп келгенін сезінеді.

 

Ауыздарын кеңірек ашып, алақандарына үрлейді. Алақандары арқылы қандай ауа сезінгенін айтады. Содан кейін еріндерін дөңгелентіп алақандарына үрлейді. Соққан лептің қандай екенін анықтайды.

 

 

Самал жел өпті бетімді

(беттерін қолымен желпиді),

Қозғалады ағаштар

(оңға, солға теңселеді).

Жел баяулады

(отырады,      қолдарын      жоғары-төмен сермейді),

Ағаштар біп-биік болып өседі

(жоғары қарай созылады).

 

Көңілді       пакеттерді       үрлейді       (сурет салынған полиэтилен пакеттер).

 

 

Ауаны жұтып көріп оның ешқандай дəмі жоқ екенін айтады. Содан соң ауаны мұрындарымен жұтып көріп, иісінің де жоқтығын анықтайды.

 

Көздерін жұмып иісі бар заттарды табады.

 

 

Суреттерді мұқият қарап шық. Суретші қай суретте күшті желдің суретін бейнелеген. Сен оны қалай білдің?

Желпуішпен ойын ұйымдастырады.

Балаларды «Салқын, ыстық ауа» тақырыбында тəжірибе жасап көруге шақырады.

Сергіту сəті

 

 

 

Балалардың назарын əуе шарларына аударады. Біз неге оларды əуе шары дейміз? Тағы қайда ауа бар?

Педагог əуе шарын үрлейді.

Ауаның иісі мен дəмін зерттеп көруге шақырады.

Педагог иісі шығатын заттарды дайындайды (алма, апельсин, пияз, лимон, қарағай бұтақтары) жəне оларды əртүрлі құтыларға салады.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Жел соғып тұр. Ол бізді далаға шығып, көңілді қаптармен, əуе шарларымен, желбағарлармен ойнауға шақырады.

 

Баяу жел болып тұрған кезді таңдап           алып,           балаларға ағаштардың                     шайқалып, жапырақтарының желден иіліп тұрғанын көрсетеді. Ағаштар неге осынша            тынышсызданғанын сұрайды. Қандай жел соғып тұр: салқын ба əлде, жылы ма? Біз қандай киім кидік?

Желдің күшін айдаршық, таспа жəне желбағарлармен анықтау.

Педагогтің ұсынысын қабыл алады.

Жіп ілінген қағаз шарлар мен қағаздан жасалған ұшақтарды мұқият қарап шығады. Серуенге шыққан кезде солардың көмегімен даладағы желдің күшін анықтайды.


 

Балаларға үйлердің шатырларын жұлып əкетіп, ағаштарды құлататын, терезелер мен есіктерді сындыратын, бір сөзбен айтқанда бəрін  бүлдіретін  күшті  желдің   –

дауыл деп аталатынын түсіндіреді.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:табиғат құбылысының атауын біледі – жел;

түсінеді:желдің қуаты əртүрлі болатынын біледі;

қолданады: табиғаттағы себеп-салдар байланысын анықтай алады.

 

№ 10 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты: балалардың үй жануарлары, оларға күтім жасау туралы түсінігін байыту. Жанды табиғатқа деген қызығушылығын дамыту. Жануарларға қамқорлық жасау, оларға мейірімді болуға тəрбиелеу.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:үй жануарлары туралы шығармалар оқу. Жануарлар туралы əңгімелесу, тақпақтар оқу. Иллюстрациялармен, үй жануарларының суреттерімен танысу.

Құралдар мен материалдар:тақырыпқа қатысты иллюстрациялық материал, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар, қойдың жүнінен, ешкінің түбітінен жасалған киімдер, «Мал қора» ойыншықтар жиынтығы.

Сөздік жұмыс:үй жануарлары, сиыр, жылқы, ешкі, ит, мысық.

Билингвалды компонент:мысық – кошка

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

Жұмбақтарды шешеді:

 

1. Төрт бұлағы – сүт, өзі күшті, мүйізі мықты,

Шайнаңдағаны сағыз, (Сиыр)

 

 

2. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дəрі, еті тамақ.

(Жылқы)

 

 

3. Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

 

 

4. Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды,

Болса дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды. (Ешкі)


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардан қиынды суреттерді жинап құрастыруды жəне құрастырған суреттегі жануардың атауын атап беруді сұрайды.

Осы жануарлардың бəрін бір сөзбен қалай атауға болады? «Үй жануарлары». Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?

Балалардың танып-білуге деген құштарлығын оятады.

Балаларды алдағы жұмысқа дайындайды.

5. Кездесті бір жануар, Үстінде екі тауы бар (Түйе)

6. Əртүрлі, орта бойлы, ұзын құлақ, Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)

7. Лағымның құлағы мелтиіп тұрады, Қозы көрсе болғаны, оны тұра қуады. (Ит)

8. Тікірейіп құлағы Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті-қолын жуады. (Мысық)

ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады.

 

– Өйткені олар адамдардың қасында тіршілік етеді жəне пайдасын тигізеді. Ал адамдар оларға қамқорлық жасайды.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Балаларға үй жануарлары бейнеленген сюжеттік суреттерді (слайдтарды) қарап шығуды ұсынады.

 

Үй жануарларының дене мүшелеріне назар аударады.

 

 

 

Үй жануарларының қалай дыбыстайтындарын                   еске түсірулерін сұрайды.

 

 

 

 

 

 

 

Жануарлар өздерінің төлдеріне қалай қамқорлық жасайтынын сұрайды.

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы əңгімелеседі.

Мысықтың кішкентай марғауы бар. Иттің кішкентай күшігі бар.

Сиырдың бұзауы, жылқының құлыны бар.

Көлемдерін анықтайды: ит – үлкен,  күшік

–кішкентай;   мысық   –   үлкен,   марғау  –

кішкентай жəне т.б.

Олардың денесін, құйрығын, басын, аяқтарын, тұмсығы мен құлақтарын т.б. көрсетеді.

 

Балалар    үй    жануарларының    дыбысын қызығушылықпен салады:

Ит үрді – (əуп-əуп). Сиыр мөңіреді – (мө-мө). Жылқы кісінеді – (ио-ио).

Ешкі маңырайды – (ме-ме).

Қой маңырайды – (мə-ə-ə).

Ал мысық оларға қарап мияулады – (мяу-

мяу).

 

Ойларын ортаға салады: оларға сүтімен қоректендіреді, жүнін тілімен жалап тазартады, қорғайды, жылытады.

 

Жылқыны арбаға жегеді, мінеді, ол –


 

 

 

Өзекті       мəселе:       Адамға      үй жануарлары не үшін қажет?

 

 

 

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бұл қандай жануар?» дидактикалық ойынын ұйымдастырады.

 

 

 

 

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу

 

Тағы бір нұсқа

Педагог «Ол не істейді?» ойынын ұйымдастырады:              нысанның атауын атайды(иллюстрациялар мен жұмбақтарды пайдалануға болады).

көлік. Еті мен қымызы – тамақ.

Сиыр мен ешкінің сүті – тамақ. Одан біз сүйіп жейтін йогурт, сүзбе, қаймақ жасалады.

Ит    біздің     үйімізді     күзетеді.    Ит    –

адамның досы.

Үйде мысық болса, тышқан болмайды.

 

 

Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың?

 

Секең-секең, ей, лақ, Жүрмін саған кейіп-ақ. Тыным тапсаң болмай ма, Секірмей-ақ кей уақ.

 

 

Ботақаны нардың, Жарға неге бардың? Тілерсегің дірілдеп, Секіре алмай қалдың.

 

Етістіктерге тиісті зат есімдерді тауып қосады.

Күзетеді, үреді, мүжиді. Ол не? (Ит). Мияулайды, еркелейді, тырнайды. Ол не? (Мысық).

Кісінейді, жүгіреді, шабады. (Жылқы).

Маңырайды, сүзеді. (Ешкі).

Мөңірейді,    шайнаңдайды,    жүреді,    сүт береді. (Сиыр).

 

Сиырдың қандай пайдасы бар? Суретті қоршап сыз.

 

 

Балалар аталған нысанның не істейтінін, оның көмегімен не істеуге болатынын анықтайды.

П: Ит не істей алады?

Б: Үреді, үй күзетеді, тістейді, құйрығын бұлғаңдатады, секіреді…

П: Мысық не істей алады?

Б: Пысылдайды, керіледі, шүйке жіппен ойнайды…

П: Сиыр не істейді?

Б: Жүреді, шөп жейді, мөңірейді, сүт береді…

П: Жылқы не істейді?


 

 

Б: Жүк, адам тасиды, дыбыстар шығарады, шабады, шөп жейді…

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Сабақты қорытады.

 

– Балалар, біз бүгін не жайлы əңгімелестік? Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

 

Балаларға жануарлар мен олардың төлдерінің атауларын атап беруді сұрайды.

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйін білдіруге шақырады.

 

 

   Жануарлар туралы.

   Үй жануарлары.

 

 

Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:үй жануарларының атауларын; олардың дене мүшелерінің атауларын біледі;

түсінеді:жануарлардың өмірі адаммен тығыз байланысты: ол жануарлардың тіршілік етуіне қолайлы жағдай тудырады (тамақ береді, күтім жасайды);

қолданады: жануарларды бір-бірімен салыстырады.

 

№11 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Сиқырлы су

Мақсаты:судың қасиеттері туралы қарапайым түсінік қалыптастыру. Танымдық белсенділігін дамыту. Табиғаттың сұлулығын көре білу жəне түсіну, сол сұлулықты сақтап қалуға деген ынтасын күшейту.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:күн тəртібін орындау (жуыну); тақпақтар мен шағын əңгімелер оқу; қарапайым тəжірибелік жұмыстар; бейнематериалдармен танысу.

Құралдар мен материалдар:сорғыштар, су құйылған ыдыстар, балаларға арналған легендер, иллюстрациялық материал, бояулар, көлемі əртүрлі ыдыстар, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар.

Билингвалды компонент: су – вода

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог               тренинг-ойынның жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

 

Баланың қызығушылығы мен ынтасын тудыруға күш салады.

«Судың дыбысы» аудиожазбасын тыңдау туралы ұсыныс жасайды.

Балаларға сұрақтар қояды: Су

 

Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық!

Жұмбақтың шешуін табады: Жылт-жылт етеді.

Жылғалардан өтеді. (Су)


 

қайда өмір сүреді? Біздің топта суды қай жерден кездестіреміз?

 

Балаларды         суды         зерттеуге қатысуға шақырады.

Талқылайды. Анықтайды: су кранда, аквариумда, су құятын ыдыста, шəйнекте бар.

 

ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады.

 

Ізденістік-

Сумен     не     істеуге     болатынын талқылауға шақырады.

Талқылайды: ыдыс жууға, шомылуға, жуынуға, бақша суаруға, гүлдерге су құюға, киім жууға,... болады.

 

 

 

Тану үдерісіне белсенді түрде атсалысады. Мəселені педагогпен бірге талқылайды

Су үстелдің үстіне жайылады. Оны сорғышпен сорып алуға болады. Балалар үстелге төгілген суды сорғышпен сорып алуды үйренеді. Сорғышты ыдысқа салып, оны легенге сығады. Су жылы жəне салқын болады. Легеннің қабырғаларын ұстап ыстық судың температурасын анықтайды. Суық судың температурасын легенге саусағын тығып тексереді. Педагогтің басшылығымен ыстық су мен суық суды араластырып, жылытады. Суды əртүрлі ыдыстарға құяды. Балалар үлкен ыдыстағы суды бірнеше кішкентай ыдысқа құйып көреді.

 

 

 

«Сиқырлы» суды мөлдір ыдыстарға құяды. Таңданысып қарайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар    өздігінше    ой    түйеді:    дымқыл тастардың түсі өзгерген.

 

 

 

 

 

 

 

«Бұлт»

Аппақ     бұлт     (Қолдарын     алға     қойып дөңгелектейді).

ұйымдастыру- шылық

Балалардың назарын судың қасиеттеріне аударады: сұйық, құйылады, ағады. Су мөлдір, ондағы заттардың бəрі көрініп тұрады. Су құйылған ыдысқа ауыр зат тастап көруді ұсынады (Көріне ма, жоқ па?)

 

Судың температурасы болады. Күн ысып, су тез жылынады (Легендегі су неге жылы? Оны кім жылытты?). Крандағы су қандай? Су құятын шлангтағы суды ұстап көруге болады (су салқын).

Тоғандағы, өзен мен көлдегі су жылынады. Сондықтан адамдар жазда рақаттанып суға шомылады.

 

Судың қасиеттерін іс жүзінде тексеріп, бақылап көру туралы ұсыныс жасайды.

 

«Түрлі түсті су»

Балалардың көз алдында ыдыстағы суды тағамдық бояумен басқа түске бояңыз. Балалардың сол суға ойыншық балықтар, қалытқыдан жасалған кемелер мен қайықтарды, грек жаңғағының қабықтарын салуға рұқсат етіңіз. Кемені таяқшаның көмегімен қажетті бағытқа қарай қалай бұруға болатынын көрсетіңіз.

Тағы бір нұсқа

«Сиқырлы қап»

Балалармен бірге құрғақ тастарды қарап шығыңыз. Олармен тастардың салмағы кауыр болғандықтан судың түбіне батып кеткенін айтып түсіндіріңіз. Суда жатқан тастарды алып, құрғақ тастармен салыстырыңыз.

 

Сергіту сəті


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі            материалдармен жұмыс істеу

 

 

Балаларды əңгімеге тартады: су кімге жəне не үшін қажет?

 

Бірнеше күн бойы «Шалшық сулар қайда кетеді?» тақырыбында тəжірибе жұмысын жүргізуді ұсынады.

Ыдыстың шетінде қалып қойған бояу іздері судың деңгейін көрсетеді. Балаларға судың буланатынын түсіндіреміз.

Аспанда қалықтап жүр (Қолдарын жоғары көтереді).

Бұлт биікке көтерілді (Қолдарын жоғары созады; қолдарын басынан жоғары ұстап, оңға, солға бұрып теңселеді).

Жел соғып,

Бұлт түнерді

(Қолдарын жоғарыдан төмен қарай айналдырып, үлкен шеңбер сызады; отырады). (2 рет)

 

Заттармен мұқият танысып, қайсысының суда еритінін, қайсысы ерімейтінін айт. Еритін заттарды қарындашпен қоршап  сыз.

 

 

 

Боялған суды аса шұңғыл емес ыдысқа құйып, күн жақсы түсетін терезенің алдына бірнеше күнге қоямыз.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

ҰОҚ-ны қорытады. Алған əсерлерімен бөлісуге шақырады.

Балаларға тапсырма береді: қуыршақтарды жуындырып, оның ыдысын,                 ойыншықтарын, киімдерін жууға, гүлдерге су құюға көмектесіңдер.

Алған əсерлерімен бөліседі. Педагогке дидактикалық материалдарды жинауға көмектеседі.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:судың қасиеттері (судың иісі жоқ, мөлдір, ағады, жайылады, құйылады; салқын, жылы, ыстық болады).

түсінеді:судың біздің өміріміздегі мəнін: оның кімге жəне неге керек екенін;

қолданады: зерттеушілік жəне ізденушілік əрекеттер.

 

 

№12 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Аңдар қысқа қалай дайындалады?

Мақсаты: балалардың жабайы жануарлар, олардың қоршаған ортадағы өзгерістерге бейімделу қабілеті туралы түсінігін нығайту жəне кеңейту.Табиғаттағы маусымдық өзгерістер мен жануарлардың мінез-құлқы арасындағы қарапайым байланыстарды анықтау қабілетін дамыту: жүнінің түсін ауыстыру, қысқы ұйқыға кетуі, қысқа қор жинауы. Балаларды жануарларға мейірімді болуға үйрету.


ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:əңгімелесу; жұмбақтар шешу, тақпақтар, мақалдар мен мəтелдер оқу; дидактикалық ойындарға қатысу; қарапайым тəжірибе жұмыстары, бейнефильм қарау.

Құралдар мен материалдар:жануарлардың сұлбасы, түрлі түсті қағаздар, саңырауқұлақтар, жаңғақтар, жемістер мен көгөністердің муляждары, себет, иллюстрациялық материал. Үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс:ағаш қуысы, апан, ін, ұйқыға кету, тон.

Билингвалды компонент: орман –лес

 

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(Əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

Балалардың білімін нығайту Педагог балаларға сұрақтар қояды: Қазір жылдың қай мезгілі? Біз қалай киінеміз? Неге?

Өзекті мəселе: Аңдар қысқа қалай дайындалады?

Балаларды       алдағы       жұмысқа дайындайды.

 

 

Қар жауады, Күн тез батады,

Бұл қай кезде болады? (Қыста).

 

Балалар күннің қатты суытқанын, далаға шығу үшін жылы киіну керектігін айтады. Адамдар жылы киініп, бастарына малақай, жылы шалбар, етік, жемпір, қолғап киіп, мойын орағыш орайтын болды.

 

Танымдық қызметке қатысады.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

«Кім не киеді?» дидактикалық ойынын ұйымдастырады.

 

 

 

Балаларды ормандағы аңдарға қонаққа баруға шақырады.

Орманы мекендейтін жануарларды жабайы жануарлар дейтінін естеріне салады.

Жұмбақтың шешуін табуға шақырады. Балаларды əңгімеге тартып, тақырыптық суреттермен жұмыс істеуге жұмылдырады.

 

Өзекті мəселе:Орман босап қалды. Таңқурай да, бүлдірген де жоқ!

Енді маймақ аю не істейді? Аю орманда ары жүрді, бері жүрді. Оның сүйікті таңқурайы табылмады. Енді не істеу керек? Ештеңе қалмады. Сондықтан аю қыс бойы жатып ұйықтауға бел буды. Қыста тоңып қалмас үшін апанға құрғақ жапырақтарды толтырып алды да ұзақ ұйқыға

Балалар киім кию ретін көрсетеді. Алдымен жылы шалбар мен етік, содан кейін жемпір мен малақай, одан кейін пальто киеміз. Сыртынан мойын орағыш ораймыз.

 

 

 

 

Жұмбақтың шешуін табады:

 

Жеміс-жидек жегенім, Балды жақсы көремін.

 

 

Аю шұңқыр тауып алып, оған құрғақ жапырақтар мен талдарды толтырды. Шұңқыры нағыз апан болып шыға келді. Содан соң ол қонжықтарын шақырып алды да ұзақ ұйқыға кетті!

 

 

Қорыққанда жел аяқ,


 

кетті.

 

«Қояндар мен көжектер» картинасын көрсетіп, балалармен бірге неліктен қояндардың тонының түсі жазда сұр, қыста ақ болатынын талқылайды.

 

«Кім жасырынды» тəжірибе- ойынын ұйымдастырады.

  Қар ақ, ал, қоян сұр болса қасқыр оны бірден тауып алады. Сондықтан да қояндардың бəрі қысқа таман сұр тондарын қандай тонға ауыстырады? (Қоянның суретін ақ қоянға ауыстыру).

  Енді қасқыр қоянды көрмейді. неге? (қар да ақ, қояндардың үстіндегі тондары да ақ)

  Қыста қояндар ағаш бұтақтары мен қабықтарын жейді.

 

«Тиін жəне оның балалары» атты суретті көрсетеді. Балалардан сұрайды: Тиін не жинайды? Тиін жаңғақтар мен шыршаның бүрін қайда алып барады? Тиін неліктен сонша асығыс? Тиін балаларын қалай шақырады? Тиін мен оның балалары қайда тұрады?

Тиін ағаштың қуысында тіршілік етеді. Ол жинаған тамағын сол жерге апарады. Қыста тоңбайды əрі ашықпайды.

Егер балалар «Тиін сəбіз жейді» деп жауап берсе:

  Жоқ, балалар, тиін сəбіз жемейді. Себебі сəбіз орманда ... (өспейді, ол бақшада өседі).

 

Түлкінің мұрны иіс сезгіш болып келеді. Ол қардың үстінде жүріп- ақ кірпілер мен тышқандардың індерінің қайда екенін сезеді.

Соларды аулап жейді. Қояндардың да зəресін алып, қорқытып қояды.

 

 

Сергіту сəті

Отырғанда томардай-ақ. (Қоян)

 

Балалар қояндардың сұр түсті тондарының орнына ақ тон жапсырады. Əйтпесе оларды қасқыр тауып алады. Бəрі бірігіп қояндардың қысқа қалай дайындалатынын талқылайды.

 

 

Жұмбақтың шешуін табады: Жауымнан мен қашқанда, Ағаштарға самғап бағам.

Ал қарным ашқанда,

Отырып ап жаңғақ шағам . (Тиін)

 

Педагогтің ұсынысына қуана келісіп, тиінге қажеттінің бəрін себетке салады (жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, сəбіз, алма).

 

 

Талқылайды. Түлкінің іні бар.

 

 

«Ақ қоян» ойыны.

(Музыкалық əуенмен орындалады):

 

Қоян отырса – суық, Аяғын жылытайық. Топ-топ, топ-топ, Аяғын жылытайық.

 

Қоян қыста ақ, ал, жазда ... (сұр).

Қоянның құйрығы қысқа, ал құлақтары ... (ұзын).

Тиіннің артқы аяқтары ұзын, ал, алдыңғы аяқтары ... (қысқа).

Кірпі кішкентай, ал аю ... (үлкен).

Қоянның    жүні    үлпілдек,    ал     кірпінің тікендері ... (өткір).

Тиіннің     құйрығы    ұзын,     ал     қоянның құйрығы ... (қысқа).

Түлкінің жүні жұмсақ, ал қасқырдың жүні

... (қатты).

 

Қапшықтың ішінде: бал, жаңғақтар, ірімшік, тары, алма, сəбіз т.б. бар. Балалар аңдарға арналған тамақтарды кезекпен алып шығып, оны кімдердің жейтінін табады. Ойыншық аңдарды


 

 

тамақтандырады.

 

«Керекті сөзді тап» ойынын ұйымдастырады.

Балалар осы бөліктердің қай жануарға тиесілі екенін табады.

П: Балалар, мына бөліктердің барлығы кімге тиесілі? Қай жануардың құйрығы ұзын əрі үлпілдек, төрт аяғы бар, мұрны иіс сезгіш, мұрты... бар?

Б: Тиін, түлкі, мысық, ит…

 

 

Қыста ұйқыға кететін аңдарды қоршап сыз.

Балаларды «Ғажайып қап» ойынына қатысуға шақырады.

Фланелеграфта жер бетіндегі бірнеше табиғат аймағы орналасқан. Балалардың қолына жануарлар, құстар т.б. бейнеленген кішкентай карточкалар береміз. Балалар өзінің қолындағы аңның (жануардың) атауын атап, оның қайда тұратынын айтады жəне оны фланелеграфтағы тиісті аймаққа орналастырады.

«Ойлан, тап» ойынын

ұйымдастырады: педагог жануарлардың дене мүшелері бейнеленген бірнеше суретті көрсетеді (кейін олардың атауларын атап шығуға болады).

 

Суретте бейнеленген аңдардарды педагогтің көмегімен атап шығады: түлкі, қасқыр, аю, тиін, кірпі, жанат. Олардың

«үйлері» ін, ал аю мен қасқырдікі үлкен болғандықтан апан деп аталатындығын айтады.

Үлестірмелі материалдармен

жұмыс істеу

 

Тағы бір нұсқа

Балаларды «Жануарларды өз үйлеріне орналастыр» тақырыбында дидактикалық ойын ұйымдастыруға болады.

 

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Балалардың назарын далаға жаңадан жауған қарға аударады. Ол қандай? (таза, аппақ, жарқырайды) Онда іздер бар ма, жоқ па? (Тексереді). Бұл іздердің иелерін кім табады? (Адам, жануар, құстар). Балалармен бірге қарды басып жүреді. Із қалды. Педагогтің ізімен салыстырады. Не айтуға болады?

Балалардан сұрайды: Орманда қар бар ма? Оның үстінде кімдер ойнайды? Қардағы іздерге қарап, кімнің өткенін жəне қалай қарай кеткенін байқауға бола ма? Ол қай

Педагогтің ұсынысын қуана қабылдайды.


 

жануар үшін жақсы, қай жануар үшін жаман?

 

Балаларды ненің естерінде қалғанын айтып берулерін сұрайды.

Көңіл күйлерімен бөліседі.

Күнге қарай қол созады, күннен сəуле

«алып», жүрегіне апарады. Айналасындағы балаларға «береді».

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:жабайы жануарлардың атауларын біледі;

түсінеді: аңдардың қысқы тіршілігі жəне олардың терісі, үлпілдек жүнінің қандай қорғаныш қызмет атқаратынын туралы;

қолданады:     табиғаттағы    маусымдық     өзгерістер     мен     аңдардың                               тіршілігі арасындағы қарапайым байланыстарды анықтай алады.

 

 

№13 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Қыс келді

Мақсаты: қыста табиғатта болатын құбылыстар жайлы түсінігін кеңейту. Байқампаздық қабілетін, жыл мезгілдері мен ауа райының арасындағы қарапайым себеп- салдар байланысын анықтау қабілетін дамыту. Барлық тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға үйрету.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:балабақша ауласына серуен; ағаштармен, қармен танысу; қыстағы табиғат құбылыстарын бақылау; өлеңдер оқу; тақырып бойынша əңгімелесу.

Құралдар мен материалдар:ағаштар, қыстық ойындардың иллюстрациясы, жануарлар мен олардың үйлерінің иллюстрациясы, үнтаспа.

Сөздік жұмыс:қар жауды, қар түйіршіктері, өрнек, қыс, суық, аязды, таза ауа.

Билингвалды компонент: қыс – зима

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог тақпақтың көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй қалыптастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланың ерекше қызығушылығын тудыратын жағдай қалыптастырады.

Педагог балаларға шатастыратын

Қыс

Шыңнан сырғып түсті де, Келді етекке қыс, міне.

Ақ қарлар ақ көбелек, Қонды үйлердің үстіне. Боран соғып бірде өкпек,

Үйге айдады «кір», – деп тек. Мұз көрпеге оранды,

Сулар тоңып дірдектеп. Аулаға қар үйгізді Бетті аязға сүйгізді.

Тоңбасын деп теректер, Қырау ішік кигізді.

Р. Тышқанбаев


 

сұрақ қояды: Біздер қай жаққа

Сыртқа шыққандарын дəлелдейді.

қыдырып шықтық? (Сыртқа) Оны

Болып       жатқан      оқиғаларға      ерекше

қалай білдіңдер? (Үйлер, ағаштар,

қызығушылық танытады.

құстар ұшып жүр). Əдейі

Имитацияның көмегімен шалбар, шұлық

күмəнданып: Бəлкім, біз терезеден

киеді      (аяқтарын      жайлап      сипайды);

қарап тұрған шығармыз?

жемпірлерін      киеді      (қолдарын,      ішін

Балалардың, ары-бері өтіп жатқан

сипайды);     байпақ     киеді     (аяқтарынан

адамдардың киіміне назар

саусақтарынан     бастап     тізесіне     дейін

аудартыңыз. Қыс маусымында

сипайды);      малақай     киеді      (бастарын

киетін киім қандай: жылы болуы

сипайды, ақырын уқалайды, малақайдың

керек па? Неге? Киімдердің

бауын     байлағандай    қимыл    жасайды);

бөліктерінің атауларын, киімнің

күртелерінің         түймелерін         қадайды

материалының атауларын

(мойыннан ішке дейін нүктелі уқалау),

пысықтау. Киінген кездегі

мойын орағыш салады.

қимылдарды салу туралы ұсыныс

 

жасауға болады (жаппай массаж-

 

ойын).

 

Алдағы сабақтың мақсатын

 

айқындау.

 

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Балалардан жылдың қай мезгілі түскенін сұрайды. Сендер қыста не болатынын білесіңдер ме?

Ақырындап жауып жатқан қар түйіршіктерін қызықтауға шақырады. Қар қатты жауып тұрса оны – қар құйып жауды (қар басып жауды) дейді.

Айналадағы табиғатпен мұқият танысады. Ондағы өзгерістерге тоқталады. Ауа райының қандай екенін анықтайды.

 

Жауып тұрған қарды қызықтайды. Қар түйіршіктерін сипаттап береді.

Қарды қолдарымен ұстап көреді. Ол салқын.

 

Педагог қар түйіршіктерін қолғапқа қондырып көруге шақырады. Олар қандай екен?

Қар түйіршіктерімен тəжірибе жасауға кіріседі: қолғапқа түскен қар бірден ерімейді, ал алақанға түскендері жылудың əсерінен еріп кетеді. Қар жылы демнен, қатты үрлегенде де ериді.

 

Далада үйілген қарды қызықтаймыз. Қармен танысуға шақырады (үлпілдік, жеңіл, үлбіреп тұр). «Бұл жақсы ма, жаман ба? Жүріп көріңдерші». Өзекті мəселе: қатқан қар баланың салмағын көтереді, ал педагогтің басқан жерлері ойылып кетіп жатыр. Бұдан шығатын қорытынды: «Салмағы жеңіл адамға қатқан қар (мұз) үстімен жүру оңай екен. Ал кімнің салмағы жеңіл?»

Қар басқан жолмен жүріп көреді. Не естіледі? Қардың сықырлағанын естиміз. Қар неге сықырлайды? Өйткені күн аяз.

«Бір, екі, үш, қар басқан сайын

Балалар «мұндай қармен жүру қиын» деген тұжырым жасайды (мұз қатқан болуы мүмкін).

 

 

 

 

 

Балалар зерттеу жұмысына құлшына кіріседі.

Егер қажет болса ересектердің көмегіне жүгінуге болады.


 

сықырлайды. Оның бізге не айтқысы келеді?» Балалардың назарын балабақшаның сыртқы тұрпатындағы өзгерістерге

аударады. Жерді аппақ қар басты. Өсімдіктер де қардан көрпе жамылған. Олар қардың астында жылынып, суықтан қорғанады.

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

Балалардың назарын қар түйіршіктерінің пішіні өзгеріп отыратынына аударады. Бұл аязға байланысты. Күн қатты аяз болған кезде қар қатты, ірі жұлдызша сияқты болып жауса, аяз əлсіздеу болғанда жауған қар ақ, қатты домалақ пішінде болады.

 

Өзекті мəселе: Қыста не істеуге болады?

Педагог балаларды «Менің достарым» ойынын ойнауға шақырады: балаларға карточкалар үлестіріп береді, педагог бір сөйлемді дауыстап айтады.

Балалар қолындағы суреттер осы сөйлемге қатысты болса, онда педагогтің жанына келеді.

 

 

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу

 

 

Тағы бір нұсқа (күн суық болса ойнауға болады)

«Қар қайда?» ойынын ұйымдастырады

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаршасаңдар, балалар, Қолдарыңды созыңдар. Саусақтармен ойнаңдар, Қолдарыңды сермеңдер. Денелерiң шынықсын, Саналарың тынықсын.

 

Танымдық мақсаттағы ақпаратты қабылдайды.

 

 

 

 

 

 

Шана, шаңғы тебуге, қардан аққала жасауға т.б. болады.

Балалар белгілі бір нысандардың суреті бейнеленген карточкаларды алады. Аталған функция қолындағы нысанға сай келетін балалар педагогтің қасына (жүгіріп) барады.

П:Менің достарым. Олар: қыста адамдарға дененің жылуын сақтап қалуға көмектесетін заттар.

Б:Тон, малақай, қолғап, етік, жылы шұлық, жемпір…

 

Балалардың қыста далаға киіп шығатын киімдерін бағыт сызығымен сызып көрсет. Қыста неліктен жылы киіну қажет?

 

Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер бойынша орналастырылған карточкаларды           айналып           жүреді. Карточкаларда судың əртүрлі қалпы бейнеленген: сарқырама, өзен, шалшық су, мұз, қар жауып тұр, бұлт, жаңбыр, бу, қар түйіршігі, тамшы жəне т.б.

Шеңберді айналып жүрген кезде мынадай сөздерді қайталайды:


 

 

Көңілді жаз келді. Күн шуағын төкті. Қар қиыршықтарын енді қайдан табамыз?

 

Соңғы сөздің алдында бəрі тоқтап қалады. Қажетті суреттер алдында тұрған балалар оларды қолдарына алып, өз таңдауын түсіндіріп беруі тиіс. Əрі қарай жаттығуларды мына сөздермен жалғайды:

 

Қыс түсті. Аяз қысты. Боран соқты. Жүріңде, қар қиыршығын іздейміз.

 

Тағы да қажетті суреттерді таңдап алады жəне неліктен оны таңдағанын түсіндіреді.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Бұлшық еттер мен жүйкені тынықтыру. «Жымию» ойыны.

Педагог: Балалар, бұл ойынды ойнау үшін қар түйіршіктеріне қарап жымиюмыз керек. Енді жақсы көңіл күйдің қолдарың мен алақандарыңа ауысқанын байқап көріңдер. Тағы бір рет жымиып күліңдер. Еріндерің созылып, беттегі бұлшық еттер жұмыс істеді. Терең тыныстаңдар. Тағы да жымиып күліңдер.

 

 

Балалар жаттығуларды орындайды. Алған əсерлерімен, көңіл күйлерімен бөліседі.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:қыстың негізгі белгілерін біледі;

түсінеді:қандай құбылыстардың тек қыста ғана болатынын біледі;

қолданады:     жыл    мезгілдері     мен     ауа     райының    арасындағы                               қарапайым байланыстарды анықтай алады.

 

№14 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Аққала

Мақсаты:қардың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру. Қарапайым тəжірибелік- зерттеу жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру. Қайырымдылық, ізгілік, бір-біріне қол ұшын беру сынды қасиеттерге баулу.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:зерттеу мақсатында серуендер  ұйымдастыру; қапрмен тəжірибе жұмыстарын жасау; қолдан келетін жұмыстар істеу (жолдағы қарды тазалауға болады); жоғарғы топтағы балалардың ойынын бақылау; дидактикалық жəне қимыл-қозғалыс ойындарына қатысу; шығармашылық жұмыс.

Құралдар мен материалдар:лампа, қар салынған ыдыс, сүзгі, саптыаяқ, ойыншық аққала, иллюстрациялық материал, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс:қар, аққала, ақ, жылтыр, күпсек қар.

Билингвалды компонент: аққала – снеговик


ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

Денесі – қар, Мұрны – сəбіз, Басында – шелек. Бұл не? (Аққала)

 

 

Қыс: далада қар жатыр, күн суық, күн шыққанымен бұрынғыдай жылытпайды, қараңғы ерте түседі, адамдар жылы киініп жүреді.

 

 

 

 

 

 

Болып              жатқан              оқиғаларға қызығушылық танытады.

 

Балалардың білімін нығайтады. Балалардан    қазір    жылдың    қай мезгілі екенін сұрайды. Неге олай ойлайсыңдар? Балаларды қыстың белгілерін еске түсіруге шақырады (айнала    аппақ    қар,    күн    суық, адамдар жылы киінген). Балалар, сендер аяздан қорқасыңдар ма? Одан   қалай   «қашып    құтылуға» болады? Коньки, шана тебу, қар лақтырып ойнау, қардан аққала жасау – қыста ойнайтын тамаша ойындар.

Өзекті мəселе:Аққала дегеніміз не? Ол неден істеледі? Бізге қар не үшін қажет?

Балаларды         тану         үдерісіне жұмылдырады.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Балалардың назарын қардың ағаштарды аяздан қорғайтынына аударады. Ұсақ кеміргіштер де қардың астына жасырынады. Аю қар астындағы апанда қыс бойы жатып ұйықтайды.

 

 

Педагог балалардың назарын аққалаға аударады. Аққала неден жасалған? Балалар жауап береді. Тəрбиеші балалармен бірге қардың қасиеттерін пысықтап шығады.

 

Балалар жауап береді: Қар ақ, үлпілдік, салқын болады. Алақан жылы болған соң қолыңа ұстасаң ериді. Қар тек қыста ғана жауады.

 

Балаларды тəжірибе жұмысына жұмылдырады. Қар салынған ыдыстың қасына шам қойылады.

 

Шамнан жарық түскен кезде қарда болатын өзгерістерді бақылайды.

 

Өзекті мəселенің шешу жолдарын көрсетеді: «Үгілгіш қардан аққала жасауға бола ма?»

 

Үгілгіш қардан ештеңе жасай алмайсың. Себебі оның басы бірікпейді.

 

Сергіту сəті

Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Алға қарай бір адым Жоғары, төмен қарайық,


 

 

Орнымызды табайық.

Балаларды «Ақ лас қар» атты тəжірибе жасап көруге шақырады. Ол үшін: балалардың алдындағы тəрелкедегі суды мөлдір стақанға құйып, балаларға көрсету.

Еріген қардан шыққан сумен танысады. Педагогтің көмегімен қар суын сүзгі арқылы стақанға құяды. Сүзгі ластанып қалды. Мұндай суды ішуге болмайды деген ой түйеді. Сондықтан қарды да жеуге болмайды.

Педагог балаларды «Бұл не?» атты дидактикалық ойын ойнауға шақырады. Заттың  қасиетін немесе атқаратын қызметін атайды.

 

Аталған   қызметті    атқаратын   заттардың атауларын көбірек атауға тырысады.

П: Өседі. Ол не?

Б: Ағаш, шөп, гүл, жануар, балалар...

 

Үлестірмелі            материалдармен жұмыс істеу

 

Нүктелердің көмегімен аққаланың суретін аяқта. Жылдың басқа мезгілінде аққала жасауға бола ма? Неге?

Тағы бір нұсқа

Педагог балаларды шеңберлерді пайдаланып, түрлі заттар жасауға шақырады.

Балаларға                   геометриялық фигураларды көрсетеді. Олардан не істеуге болатынын сұрайды.

 

Балалар шеңберден жасалатын заттарды айтады: бауырсақ, күн, доп... Геометриялық фигуралармен жұмыс істейді.

 

Рефлексивтік- түзетушілік

Сабақты қорытады.

Балалардан сабақ барысында неге қуанып, неге ренжігендерін сұрайды.

Алған əсерлерімен бөліседі.

Аққала    бейнеленген   бірнеше    суретпен танысып шығады.

Көңіл күйімен бөліседі.

кезең

 

 

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:қардың ерекшеліктерін біледі;

түсінеді:қардың жылы жерде еріп, суға айналатынын түсінеді;

қолданады: қарапайым тəжірибе жұмыстарын жасай алады.

 

№15 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Бөлме гүлдері

Мақсаты: балалардың бөлме гүлдері туралы түсінігін кеңейту. Бөлме гүлдерін өсіруге қызығушылығын ояту, байқампаздық қабілеті мен білуге деген құштарлығын дамыту. Бөлме гүлдеріне қамқор болуға үйрету.

ҰОҚ-ға    дайындық    жұмыстары:бөлме    гүлдерін    бақылау;    фотосуреттер                       мен иллюстрацияларды қарап шығу; дидактикалық ойындарға қатысу; жұмбақ шешу.

Құралдар мен материалдар:қазтамақ, кактус, шегіргүлдің суреттері; 3-4 бөлікке бөлінген гүлдердің суреттері.

Сөздік жұмыс:бөлме гүлдері, қазтамақ (герань), шегіргүл (фиалка), фикус, кактус, сабақ, жапырақ, гүл.

Билингвалды компонент: гүлцветок


 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

 

Балаларға жан-жағына қарап, топта бөлме гүлдері бар-жоғын анықтауға шақырады.

 

Балаларды бөлме гүлдерімен таныстырады.

Жұмбақтың шешуін табады:

 

Бөлме ауасын тазартып, Бөлмеге сəн кіргізген.

Терезе алдында құлпырып,

Қыста гүлдейтін не? (Бөлме гүлдері)

 

 

Өтіп     жатқан     сабаққа     қызығушылық танытады.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Топтағы гүлдермен таныстырады: Міне, мынау – қазтамақ деп аталатын гүл. Бөлме гүлі. Оның жапырақтарының               лимонға ұқсайтын күшті, жұпар иісі бар. Ақшыл көк, күлгін түсті майда гүлдері болады.

Ал мынау – шегіргүл. Оның барқыт тəріздес жұмсақ, пішіні дөңгелек           болып           келетін жапырақтары болады. Гүлдері күлгін түсті.

Кактус. Кактуста күлтенің орнында инелер болады.

Мынау – фикус деп аталатын гүл. Оның сопақша пішіндес, үлкен жылтыраған жапырақтары болады.

 

Балалар, біздің гүліміз қайда өсіп тұр?

 

Балалармен бірге қазтамақты зерттеуге кіріседі.

  Қазтамақтың сабағы қандай?

   Қазтамақ шөпке ұқсай ма, əлде, ағашқа ма?

  Оның сабағында не бар?

           Сабағындағы бұтақтарының саны көп пе, аз ба?

           Бұтақтарын бойлай өскен жапырақтарының пішіні қандай? Алдындағы             жапырақтардың арасынан пішіні ұқсас жапырақ таңдап алуды ұсынады.

  Жапырақтарының түсі қандай?

   Қазтамақтың гүлі бар ма? Оның түсі қандай? Қазтамақтың ұсақ

 

 

 

 

 

Балалар тану үдерісіне белсенді түрде атсалысады.

 

 

 

Гүл құмыраның ішінде, топырақта өсіп тұр.

 

 

 

Балалар гүлді сипаттап береді: қазтамақтың сабағы қалың, үсті ашық, астыңғы жағы қою жасыл түсті; қазтамақ шөпке көбірек ұқсайды; оның сабағында бұтақтары, жапырақтары мен ұсақ гүлдері бар;сабақтағы бұтақ саны көп; қазтамақтың жапырақтары ашық жасыл түсті болып келеді.

 

Балалардың алдында қазтамақ пен фикустың жапырақтарына ұқсайтын екі жапырақ жатыр.

Балалар қазтамақтың жапырақтарын ақырын сипап көреді жəне олардың жұмсақ, жұпар иісі барын анықтайды.


 

гүлдері болады, олар топтасып өседі.

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың назарына таза жəне шаң басқан гүлді ұсынады. Өсімдіктердің қайсысына қараған жақсы? Неліктен? Қай гүл тыныс алғанда қиналады? Оған көмектесу үшін не істеу керек? (Шаңын сүрту керек).

 

Тəжірибе барысын мұқият бақылауларын сұрайды.

Боялған су құйылған стақанға ақ матаның бір шетін саламыз. Су матаны бойлай ақырындап жоғары көтеріледі.

Балаларды гүлдің шанағымен (бутон) тəжірибе жасап көруге шақырады: балаларға қағаз гүлдер, ортасынан            ішіне            қарай ширатылған жапырақтар таратып береді.

 

Үлестірмелі           материалдармен жұмыс істеу

 

Тағы бір нұсқа

«Өсімдіктермен кездесу» Материал:    Əр    балаға    өздеріне таныс    ағаштар     мен    гүлдердің суреттері таратылады.

Алдарыңдағы суретпен мұқият танысып шығыңдар. Сендер бұл өсімдікті білесіңдер ме? Ол туралы не айта аласыңдар, ойланып көріңдерші.

Педагог жетекші сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.

 

Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

(Орнына ақырын көтеріліп, қосылып тұрған қолдарын жайлап ашады) Тұра берші ырғалып,

Тұра берші нұрланып.(Қолдарын баяу бұлғайды)

Сол тұрғаның ұнайды,

(Қолдарын басының үстіне апарып қосады)

Құлпырғаның ұнайды.

Ұқсап сəби балаға. (Тізесін бүгіп отырады, қолдарымен басын жабады).

 

Талқылайды. Өсімдікке күтім жасауға қатысады.

 

 

 

 

 

 

Алған əсерлерімен бөліседі. Бақылап көреді. Өсімдік сумен қоректенеді деген ой түйеді.

 

 

Балалар қағаз гүлдерді суға салады. Суға түскен гүлдер ашыла бастағанын көреді.

 

 

Жапырақтар мен өсімдікті мұқият қарап шық. Əр жапырақтың қай өсімдіктен үзіліп түскенін анықта. Бағыт сызығымен сызып көрсет.


 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Сабақты                       қорытады. Өсімдіктердің жанды табиғатқа жататынын, оған күтім қажеттігін, күтім жасалған өсімдік əдемі болып өсетінін айтады.

 

Педагог тренинг ойын ұйымдастырады. «Гүл».

(Баяу музыкамен сүйемелдеу қажет) Педагог балаларға тұқымға

«айналуды» ұсынады. Жерге шашыраған күн сəулесі тұқымды жылытты. Тұқымнан өркен өсіп шықты. Одан əдемі гүл шықты. Гүл күннен нəр алып, əрбір жапырағы мен күлтесін күн сəулесіне тосып тұр.

Қайталайды: бөлме гүлдерінің сабағы, жапырақтары, күлтелері, гүлдері болады.

 

 

 

 

Тренинг ойынға қатысады. Көңіл күйімен бөліседі. Көңіл күйлері көтеріңкі.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:топта өсетін өсімдіктердің атауын атап береді; өсімдіктердің бөліктерін тауып, аттарын атайды;

түсінеді:еңбек етуге қажетті заттарды біледі, бөлме гүлдерін қалай күту керектігін;

қолданады: өсімдіктерді белгілеріне қарай салыстырады; ұқсастықтары мен айырмашылықтарын таба алады.

 

№16 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Алтын балық қайда тұрады?

Мақсаты:балықтың екі-үш түрін тану жəне ажырата білуге үйрету. Оларға тəн белгілерді көру жəне оларды бір-бірімен салыстыру қабілетін дамыту. Балықтарды күтуге деген құштарлығын ояту.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: аквариумда тіршілік ететін жануарлармен, олардың тіршілігіне қажетті жағдайлармен танысу; аквариумдағы балықтарды бақылау; тақырыпқа қатысты суреттер мен иллюстрацияларды қарап шығу; жұмбақ шешу.

Құралдар мен материалдар:құм толтырылған аквариум, тақырыпқа қатысты иллюстрациялық материал, аквариумға оттегі беруге арналған құрылғы, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаш.

Сөздік жұмыс:алтын балық, аквариум, дене, құйрық, жүзетін қанаттары, желбезек, ауыз, көз, су, тамақ.

Билингвалды компонент: балық – рыбка

 

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады. Балаларға жұмбақ жасырады.

Қорбаңбай (немесе кез келген кейіпкер) аквариумдағы

 

 

Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды. (Балық)

 

ҰОҚ-ға қызығушылық танытады.


 

балықтарды көбелектермен шатастырып алды. Балықтар қайда екен? Көрсетіп берулерін сұрайды.

 

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Өзекті мəселе: Балықтар тіршілік ететін үй қалай аталады?

Балаларды    аквариумдағы   алтын балықтармен танысуға шақырады. Сұрақтар:      Балықтарды      сусыз қалдыруға бола ма? Ал мынау не қылған көпіршіктер? Олардың не қажеті бар?

Балаларға аквариумдағы су үнемі таза жəне оттегімен байытылған болуы тиіс екендігін түсіндіреді. Ол үшін суға оттегі жіберетін арнайы құрылғыны пайдаланамыз. Балалардың                  жауаптарын

толықтырады.             Балықтардың желбезектің                      көмегімен тыныстайтынын түсіндіреді.

Аквариум.

 

 

Балықтарды бақылайды, олардың суда өздерін қалай сезінетінін түсінеді.

 

Ол – оттегі. Балықтарға тыныс алу үшін оттегі қажет деген қорытынды жасайды.

 

 

 

Балалар судағы ауа түйіршіктерін қызықтап қарайды (педагог оттегі беретін құрылғыны қосады).

 

 

 

 

Балаларды бетін, қолдарын ұстап көруге шақырады: бетіміз де, қолдарымыз да балықтың қабыршақтары сияқты теп- тегіс.

Педагогпен бірге балықтардың қалай жүзетінін анықтайды. Олар арқасындағы, кеудесіндегі қанаттарының көмегімен жүзеді. Балықтың құйрығы да қанат болып саналады. Сонымен қатар, балықтың жүзуіне денесі де көмектеседі (созылған, үшкір денесі, мойны жоқ, денесі тегіс қабыршақпен қапталған).

 

 

Балықтың       көздері       домалақ,       аузы кішкентай.

 

Сергіту сəті

 

 

 

Кəне, балалар, тұрамыз, Бойымызды жазамыз.

Балықтарға ұқсап біз, Жүзіп-жүзіп аламыз.

 

 

Балаларды «Менің достарым» ойынын ойнауға шақырады: балаларға карточкаларды үлестіріп шығады, белгілі бір заттың функциясын таңдап, оны атап көрсетеді.

Балалар белгілі бір заттар бейнеленген карточкаларды қолдарына алады. Аталған функция қолындағы карточкаға сай келетін балалар педагогтің қасына (жүгіріп) барады.

П: Менің достарым – жүзе біледі. Б: Балық, бақа, үйрек, адам...

 

Үлестірмелі           материалдармен жұмыс істеу.

Жүзе    білетіндерді    қоршап    сыз.    Балық қайда ұйықтайды?

 

«Сипаттамасына     қарап     таны»

Балалардың міндеті карточканы көрсетпей,


 

ойынын ұйымдастырады. Педагог балаларға əртүрлі жануарлар, балықтар, құстар, жəндіктердің суреттері                       бейнеленген карточкалар үлестіріп береді. Карточка саны балалардың санына

кем болмауы тиіс.

онда бейнеленген нысанды сипаттап беру. Басқалар соған қарап оның не екенін табуы тиіс. Оның орнына жұмбақтарды пайдалануға да болады.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Педагог балаларға балыққа жем шашу тəсілін көрсетеді. Балық не істеп жатыр? Аузымен жемді жеп жатыр.

 

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйін білдіруге шақырады

 

 

 

Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды

 

Күтілетін нəтиже:

айтып береді: балықтың атауын – алтын балық; балықтың дене мүшелерінің атауларын біледі;

түсінеді: аквариум – балықтар мен суда өсетін өсімдіктердің үйі екенін түсінеді;

қолданады: аквариум балықтарын қоректендіреді.

 

№17 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Атжалман біздің досымыз

Мақсаты: барлық тіршілік иелері адамдар тарапынан белгілі бір күтімді қажет ететіні жөнінде түсінік қалыптастыру. Байқампаздық қабілетін, ойлау қабілетін дамыту. Балаларды жануарларға мейірімді болуға үйрету.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: жанды табиғат бұрышын мекендейтіндердің іс- қимылдары мен қылықтарын бақылау; фотосуреттермен, иллюстрациялармен танысып шығу; жұмбақ шешу; тақпақ жаттау; əңгімелер оқу; қимыл-қозғалыс ойындарына қатысу.

Құралдар    мен    материалдар:атжалман    бейнеленген   сурет,    атжалман                          салынған аквариум, қағаз майлықтар, атжалманның жемі, алма.

Сөздік жұмыс:атжалман, жүні, кеміреді.

Билингвалды компонент: дос – друг

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог                 жұмбақ-мəтіннің көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

 

Балалардан қазір жылдың қай мезгілі екенін, ауа райының ерекшеліктерін атап беруді сұрайды.

– Балалар, қиылған суреттерді

 

Ол – қоянға ұқсайтын жануар. Қоян сияқты қорқақ. Қоян сияқты сəбіз жейді. Оны үйде де асырауға болады. Ол қандай жануар? (Шешуі: атжалман)

 

Жыл мезгілін, ауа райын сипаттап береді. Суреттерді құрастырып, бүгінгі сабақтың атжалманға арналғанын айтады.


 

құрастырып    бүгін    кім    жайлы əңгімелейтінімізді табыңдар.

Оларды          алдағы         жұмысқа дайындау.

Өтіп     жатқан      сабаққа      қызығушылық танытады.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Педагог           балалардан           үй жануарлары          мен          жабайы жануарлардың   атауларын   айтып беруді     сұрайды.     Атжалман     – жабайы ма əлде үй жануары ма? (Егер        табиғат       бұрышында атжалман     болмаса     зерттеуді фотосуреттердің,      суреттердің көмегімен өткізуге болады).

Өзін-өзі ұстау ережелерін еске түсіреді: шулауға, қатты сөйлеуге болмайды. Жаман мінез-құлық            көрсететін            болсақ атжалманды шошытып алуымыз мүмкін.

 

Балаларды     жануарды     сырттай бақылауға шақырады.

 

 

Балалар,    атжалман    секіре    ме əлде жүгіре ме?

 

Атжалманды    мұқият    зерттейді.     Оның басы, денесі, аяқтары мен құйрығы бар.

Басында екі құлағы, көздері, мұрны мен мұрты бар. Көздері моншақ сияқты.

Ол өте тез жүгіреді жəне үстін жалайды, тырнақтары өткір, мықты.

 

– Ол не жейді? Атжалманды тəтті, шырынды алмамен тамақтандыруды ұсынады.

Талқылайды – ол арнайы жем, жеміс- жидек жəне əртүрлі астық дақылдарымен тамақтанады.

Атжалманның тамақтанғанын бақылайды. Ол жемістерді алдыңғы аяқтарымен ұстап, кеміреді. Балалар құлақ түріп тыңдайды. Ол тамақты екі ұртына жинайды.

 

Сергіту сəті

 

 

 

Мен – атжалман, атжалман! Үйшікте мына бір сəулетті Тұратын қай мықты?

Мен – тышқан-шиқылдақ, Мен – қоян-желаяқ,

Мен – түлкі-керіммін, Мен – қасқыр-серімін. Бəріміз тұратын көңілді, Қажетті сəулетті көр үйді!

 

Балаларға жануарлардың бəріне тамақ пен жылу қажеттігін ұғындырады. Жанды табиғат бұрышындағы жануарлар адамдардың қамқорлығына зəру екендігін түсіндіру.

Пікір алмасады. Жанды табиғат бұрышы жайлы əңгімелейді.

Адамдар қасында тұратын мысықтар мен иттерге қалай қамқорлық жасайтынын айтып береді.

 

 

Үлестірмелі           материалдармен жұмыс істеу

Атжалманның жақсы көретін тағамдарын боя.


 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Балаларды зерттеу жұмысын жасағаннан кейін өздерінің қалай өскенін білу үшін, денелерін керіп созылуларынсұрайды.

«Жануарды салып көр» тренинг ойынын ұйымдастырады.

Көңіл күйін білдіреді. Өздерінің жұмысына баға береді. Алған əсерлері жайлы əңгімелейді.

Педагогтің ұсынысымен қуана келіседі. Жануарды, оның қылықтарын бақылайды.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:жанды табиғат бұрышын мекендейтін жануарлардың атауларын біледі;

түсінеді:атжалман тірі жан иесі, ол өмір сүруге белгілі бір жағдайлар жасауды, адамдардың қамқорлығын қажет екендігін;

қолданады: жануарларға қарапайым күтім жасау жолдарын біледі.

 

 

№18 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Қыста құстарға қамқор боламыз

Мақсаты:қыстап қалатын құстар туралы түсінік қалыптастыру. Жұмбақ шешу қабілетін дамыту. Балаларды «біздің кішкентай достарымызға» жанашырлық танытуға баулу.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:қыстап қалатын құстар жайлы əңгімелесу, табиғатты бақылау, жұмбақтар шешу, иллюстрациялармен танысу, сызба бойынша сипаттамалық əңгімелер құрастыру.

Құралдар мен материалдар:қыстап қалатын құстар бейнеленген суреттер,

«Құстардың дене құрылысы» сызба-карточкасы, «Суретті құрастыр» ойынына арналған қиылған суреттер, «Төртіншісі артық» ойынына арналған суреттер, «Орманның шуылы – құстардың дауысы», «Табиғат дыбыстары. Қыс» үнтаспалары. Құстарды тамақтандыратын тұқымдар, күнбағыс дəндері, жидектер салынған қорап. Жемсауыт. Доп. Қар түйіршіктері.

Сөздік жұмыс:жем, жемсауыт, салқын, қарны аш, шоқып жейді, шырылдайды, ысқырады, шүйіркелеседі, секіреді жəне т.б.

Билингвалды компонент: құс – птица

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог тақпақтың көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

 

Балалардың білімін нығайту

Қыс түсті. Күн суытты. Айналаны түгел қар басып, өзендер мен көлдерді қатырып тастады. Құстардың өмірінде ең қиын кезеңдер туды. Балалар, қыста біз даладан барлық құстарды кездестіре аламыз ба? Жоқ. Себебі

 

Айналамда ұшып жүр, Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір, Ақ қанатты көбелек.

 

 

Қысқа тəн белгілерді атап өтеді.


 

қыстан қорықпайтын, қыстап қалатын құстар ғана қалды. Қалғаны жылы жақтарға ұшып кетті.

Балаларды алдағы жұмысқа дайындайды.

 

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Балаларды қандай құстардың өлкемізде қыстап қалғанын анықтауға шақырады.

Балаларды жұмбақтардың шешуін табуға ынталандырады.

Құстың сыртқы келбетіне тəн ерекшеліктеріне              тоқталады. Фотосуреттер, суреттер мен слайдтар көрсетеді.

Шиқ-шиқ! Жем шоқиды– шиқ-шиқ!

Дəн шоқып, томпиған бұл не құс? (Торғай) Торғайдың фотосуретін немесе суретін қарап шығады. Оның қауырсынының түстерін, көлемін анықтайды (қоңыр жəне сұр түсті, кішкентай құс).

Жемді шоқып тауысқан, Ұшып келді ... (сауысқан).

Сауысқанды суреттейді: қауырсыны ақ- қара түсті ірі құс.

Торғайдың бір түрі, Қызыл кеуде, қара қанат. (Суықторғай)

Суықторғайды сипаттайды: басында қара бөркі бар, арқасы сұр, ал, кеудесіндегі қауырсындары қызыл түсті.

 

Бір орнында тұрмас бұл құс, Кішкентай бұл – ... (сарышымшық).

 

Оның да басында қара түсті «баскиімі» бар, арқасы – жасыл-сары, бауыры – сары, қанаттары мен құйрығы – сұр түсті.

Қарқылдақ дауысты,

Танисың ба қара-сұр құсты? (Қарға) Қарғаны      суреттейді:      басы,      тамағы, құйрығы    мен     қанаттары     қара     түсті, денесінің           қалған           бөліктеріндегі қауырсындары сұр түсті.

 

«Бейбітшілік құсы» деп,

 

Атайды оны барша жұрт. (Кептер)

 

Көгершіннің қауырсыны сұр түсті.

 

Оларды қыстап қалатын құстар дейміз. Өйткені олар жылы жаққа ұшып кетпей, біздің өлкемізде қыстайды.

 

«Жылынайық».

Жылынайық: шап-шап – шапалақ. (Қол шапалақтайды).

Аяғыңды топылдат: Топ-топ-топ.

Бетіңді қолыңмен ысқыла.

 

 

Құстардың дене мүшелерінің атауларын (басы, денесі, құйрығы, қанаттары...) пысықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Педагог кептерді көгершін (кептерді) деп те атауға болатынын түсіндіреді. Сөздік жұмысын жүргізеді.

Кептер – қанатының қауырсыны түрлі-түрлі құс, көгершін.

 

Өзекті мəселе: Бұл құстарды бір сөзбен қалай атауға болады? неліктен?

 

 

Сергіту сəті


 

 

 

 

 

Балалардан сұрайды:

Құстар тұмсығымен не істейді?

  Шоқиды. Қанаттарымен не істейді?

  Қағады, ұшады.

Құстың аяқтары не үшін қажет?

    Жүреді, секіреді, бұтада тұруға көмектеседі, жүзеді.

Құстар нені жақсы көреді?

 

«Қай құс жоғалды?» дидактикалық ойынын ұйымдастырады.

 

 

Алдын ала дайындалып қойған құс қауырсынын                     көрсетеді. Қауырсынды алақандарына салып, үрлеуге тапсырма береді. (Ұшады, жеңіл).

Ең үлкен жəне ең кішкентай қауырсынды тапқызады. Оларды қолдарымен ұстатып, қандай екенін анықтатады, салыстыртады. (жұмсақ, үлпілдек, қатты).

«Құс – тірі тіршілік иесі» деген ұғымды түсіндіреді.

 

Балаларға жануарлар мен құстардың қар үстіндегі суретін салуды ұсынады.

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу

 

Серуендеген кезде балалардың назарын құстарға аударады. Оларды құстардың жүріс- тұрысын, тамақты қалай жейтінін бақылауға шақырады (жемді шоқып жейді). Құстарға нан

қоқымын беруді ұсынады.

(мойнымызды тамақтың тұсынан, жоғарыдан төмен қарай алақандарымызбен сипаймыз; бетімізді ысқылаймыз; саусақтарымыздың ұшымен тоқылдатамыз).

Тану үдерісіне қызыға кіріседі. Сұрақтарға жауап береді.

 

 

Жемнің суреттерін іріктеп алады: астық, нанның қиқымы, шетен, дəндер.

 

Тақтаға қыстап қалатын құстар бейнеленген 4-5 сурет ілінген. Педагог балаларға байқатпай олардың біреуін алып тастайды. Балалар қайсы құстың кетіп қалғанын анықтайды.

Құс қауырсынының құрылымымен танысады. Ол қандай? Құрғақ қауырсынды жоғарыға лақтырады.Ол жерге қалықтап түседі; қауырсынды сулап лақтырады.Ол жерге бірден түсіп кетеді. Құстар қауырсындары су болып қалмас үшін жауыннан тығылады.

 

 

Құстардың қардағы іздерін қарындашпен қоршап көрсет.

Өтіп     жатқан      сабаққа      қызығушылық танытады.

 

Рефлексивті к-түзетушілік кезең

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйін білдіруге шақырады

Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды


Күтілетін нəтиже:

айтады:қыстап қалатын құстардың кейбірінің атауларын біледі; түсінеді: қыста құстарды тамақтандыру қажеттігін біледі; қолданады: құстарды сырт келбетіне қарай ажырата алады.

 

№19 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Қаңтарда қар көп жауады

Мақсаты: балалардың қыста жанды жəне жансыз табиғатта болатын құбылыстар жайлы түсінігін нығайту. Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру. Қатар құрбыларымен достық қарым-қатынаста болуға тəрбиелеу.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:зерттеу мақсатындағы серуендер ұйымдастыру, иллюстрациялармен танысу, көркем шығармалар оқу, сурет салу.

Құралдар мен материалдар:иллюстрациялық материал, «Қысқы құбылыстар» тақырыбындағы суреттер, мұз түйіршіктері, теннис доптары, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаш, қақпағы бар стақандар, коктейльге арналған таяқшалар.

Сөздік жұмыс:қар, қыс, бұрқасын, боран, аяз, мұз, қар түйіршіктері, жел, қалың қар.

Билингвалды компонент: қар – снег

 

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

 

Балалардың бұрын алған білімдерін пысықтайды.

Қыста қар көп жауған кезде бұл құбылысты не дейміз?

Балаларды терезе алдына шақырады: Қар жауып тұр. Төңіректі қалың қар басып қалды. Қараңдаршы, балалар, жер де, даладағы орындықтар да, үстелдер де қар. Ал қар əлі жауып тұр, тоқтайтын түрі жоқ. Бұл қалың қар! Қыстың түсі қандай?

Қыста           болатын           табиғат құбылыстарын                 анықтауға шақырады.

Жұмбақтың шешуін табады:

 

Аяз қысып, Өрнек сызып,

Терезені торлайды. Қарға омбығып, Бет домбығып,

Сырғанап балалар ойнайды.

Бұл қай кезде болады?         (Қыс)

 

 

–    Қалың қар.

 

 

 

Анықтайды: қыс ақ түсті.

 

 

Өтіп    жатқан    сабаққа    қызығушылық танытады.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Балалардан қыста ауа райының қандай болатынын сұрайды.

 

Балаларға белгілі бір табиғат құбылысына тəн əрекеттерді атап беруді ұсынады.

Қыста даладағы ауа райы əртүрлі болады. Бірде боран соқса, бірде күн қатты суытып, аяз болады. Енді бірде қалың қар жауады.

Аяз – тістейді, сықырлайды, шымшылайды.

Боран – соғады, ұлиды.


 

Сиқырлы шарлармен ойнауға шақырады (ақ теннис шарларын пайдалануға болады).

Педагог:     бұл     дыбыс     қардың сықырлағанына        ұқсай         ма? Балалардан бұл дыбыстың неге ұқсайтынын анықтауды сұрайды. Қардың күн қатты аяз болған кезде сықырлайтынын түсіндіреді.

Терезелерге əдемі өрнек салған қандай көрінбейтін суретші? Балалар оның жауабын білмесе, терезелерді қатырған аяз екенін айтады. Өрнектерді қарап шығып, олардың неге ұқсайтынын айтады.

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

Балаларды                           суреттер жиынтығының ішінен қыс құбылыстары бейнеленгендерін іріктеп алуға шақырады.

Өзекті мəселе:

Қыста жауын жауа ма? Неге? Тамшылар неге айналады?

 

Боран дегеніміз не деген сұрақтың жауабын ойланып көруге шақырады.

Балаларға қар ақырын жауып тұрған кезде «қар жауып тұр» дейді. Ал жел соғып, қар ұшқындап жауған кезде боран соғып тұр дейміз.

Зерттеу жұмысын

 

 

 

 

«Көктайғақ дегеніміз не?» тақырыбында                     тəжірибе жұмыстарын ұйымдастырады.

Балалармен көкөтайғақ жайлы əңгімелеседі. «Көктайғақ» сөзін түсіндіреді.

Қар – жауады, жерге қалықтап түседі, желмен ұшады.

 

Шарларды қолдарына алады. Олар сықырлайды. Сықырлаған дыбыстарға құлақ түреді. Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Қыс мезгілінде қалай киіну қажеттігін əңгімелейді.

 

 

Терезелердегі өрнектерді қарап шығады.

 

 

Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып, Тез шынығып шығамыз.

 

Суреттерді таңдап алады. Қыстағы табиғат құбылыстарының атауын атайды: қар жауады, аяз, боран соғады, бұрқасын, көктайғақ болады…

 

Қар түйіршіктері дегеніміз – қатып қалған тамшылар екенін түсіндіреді.

 

 

Пікір алысады. Қолдарына алдын ала əзірленген қар түйіршіктерін алып, музыканың ырғағымен айналады, боран мен бұрқасынды салады.

 

 

Түрлі түсті қағаздан ұсақтап қиылған конфетти салынған стақанды ақырын үрлейді:қар жауып тұр. Қатты үрлейді: жел күшейді, боран, бұрқасын соқты деген сөз.

 

Алған əсерлерімен бөліседі, далада жер тайғақ па, тайғақ емес па? Анықтайды.

Алдын ала əзірленген мұз түйіршіктерін қарап шығады. Мұздың қасиеттері жайлы білімін пысықтайды (суық, мөлдір, қатты, сынғыш, тегіс, тайғақ; мұздың үстінде коньки тебуге болады).


 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу

Суреттерді қарап шық. Серуендеген кезде қажетіңе жарайтын заттарды қарындашпен қоршап сыз.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

«Қыстың қызықтары» этюді. Мақсаты: балаларды         өздерінің көңіл    күйін    ыммен,    қимылмен көрсетуге үйрету, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту.

 

Балабақшаның             айналасында қыдырып, жаяу бұрқасын бар- жоғын анықтауға шақырады.

Коньки теуіп, қар лақтырып ойнаған, аққала жасаған, қуыршақты шанаға салып сүйреп, шаңғы тепкендей қимылдар жасайды.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:қыста жанды жəне жансыз табиғатта болатын құбылыстар;

түсінеді:қардың ерекшеліктерін біледі;

қолданады: қарапайым зерттеу жұмыстарын жасау тəсілдерін біледі.

 

№20 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Пияз егу

Мақсаты:пияз туралы түсінік қалыптастыру. Балалардың пияз егуүдерісі туралы түсінігін дамыту. Еңбек етуге, пайда келтіруге деген ықыласын дамыту.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:пияздың құрылысымен танысу, педагогтің пияздың емдік қасиеттері туралы əңгімесін тыңдау, иллюстрацияларды қарап шығу, бояуға арналған кітаптарды бояу, тақпақ, жұмбақ, мақалдар оқу.

Құралдар мен материалдар:топырақ салынған стақандар, жəшік, су құятын ыдыс (ішінде суы бар), пияз, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаш, тақырыпқа қатысты суреттер.

Сөздік жұмыс:пиязегу, топырақ, су құятын ыдыс.

Билингвалды компонент: пияз – лук

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

 

 

Балалардан көк пияз өсіп шығу үшін не істеу керектігін сұрайды.Қыста көк пияз өсіруге

Жұмбақ жасырады:

 

Болса да ащы, Дəмді етер асты. Өседі ол жерге, Тығып алып басты.

 

Талқылайды: пиязды өсіруге болады. Ол үшін топырақ, су, жарық пен жылу қажет.


 

бола ма? Ол өсуі үшін не істеу керек?

Өзекті    мəселе:    топта   көк   пияз өсіргілерің келе ме?

Өтіп     жатқан      сабаққа      қызығушылық танытады.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Балаларды пиязды зерттеуге шақырады. Пияздың пішіні қандай? Түсі қандай? Қолмен ұстап көргенде пияз қандай: қатты ма, жұмсақ па? Пияздың «киімі» қалай аталады? Оның түбірі қайда? Онда не бар екен? (Кеуіп қалған қабыршақтар). Пияздың жоғарғы жағы қайда? Одан не өсіп шығады? (Жасыл сабақ).

Пияздың қандай пайдасы бар? (Пиязды ортасынан кесіп қарау, оған тəн иісті анықтау, балаларға пияздан микробтарды өлтіретін фитонцидтер                  бөлінетінін түсіндіру).

Балалар пиязды мұқият қарап шығып, салыстырады жəне өздерінің білімдерін ортаға салады.

– Пияздардың бəрінің сырты қоңыр түсті құрғақ қабыршақтармен қапталған, қатты, түбінде ескі қабықтары бар. Мұндай пиязды басы бар пияз дейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ішіне топырақ салынған пластик контейнердің ішіне таяқпен шұқып шұқыр жасайды. Сол шұқырларға пияздарды отырғызып, үстіне топырақ салады. Пияздың үстіңгі жағы топырақтан шығып тұруы тиіс. Содан кейін су құяды.

 

 

Секіреміз топ-топ, Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш, Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

 

 

Пияздан өсіп шыққан өскінді қарап шығады. Оның көлеміне, түсі мен ерекшеліктеріне тоқталады.

 

 

 

 

 

 

 

Суреттерді мұқият қарап шығады.

 

Балаларды пияз егуге шақырады. Жұмыстың тəртібін көрсетіп береді.

Зерттеу жұмысынан шығатын қорытынды: балаларға өсімдіктің тірі екенін, өсу үшін оған су, жарық пен жылу қажеттігін түсіндіру.

 

Сергіту сəті

 

 

 

Өсіп             шыққан            пиязбен таныстырады. Пияздан өсіп шыққан өскіннің түсі қандай? Өскін пияздың үстіңгі жағына шыққан. Сондай-ақ пияздың түбі бар. Ол көптеген жіңішке жіпшелерден тұрады.

Ал пияз бізге не үшін қажет? Оның пайдасы қандай? (Онда адамға қажетті дəрумендер бар. Пияз жеген адам ауырмайды).

 

Пияздың көмегімен пияз ғана емес кейбір гүлдерді де өсіруге болады. Мысалы, қызғалдақ пиязшық арқылы өседі.


 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу

 

Барқытгүл мен шырайгүл тұқымдарын егу сəтін бақылауға шақырады.

Пиязды     боя.     Оның    пайдасы     жайлы əңгімелеп бер.

 

Гүлдердің       тұқымдарымен       танысады, ересектердің еңбегін сырттай бақылайды.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Бүгін біз не істедік? Пиязды не үшін отырғыздық? (Көк пияз өсіру үшін).Көк пияздың құрамында не көп?           (Дəрумендер           көп). Дəрумендер бізге не үшін қажет? (Организмнің қорғаныс күшін (иммунитет) көтеру үшін).

 

Пияздың дəмін татуға шақырады. Сабақты қорытады.

Балалар      ҰОҚ-ға     қатысты     пікірлерін білдіреді.

Алған əсерлерімен бөліседі.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:пиязшық арқылы өсетін бірнеше өсімдіктің атауын біледі; түсінеді:өсімдіктің топырақ, ылғал мен жылуға тəуелділігін түсінеді; қолданады: қарапайым жұмыстарды орындау тəртібімен таныс.

 

№21 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Суықторғай

Мақсаты:балаларды құстардың сыртқы келбетімен таныстыру. Тануға, білуге деген құштарлығын дамыту. Балаларды қайырымды болуға, құстарға көмектесуге (жем шашу) баулу.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:құстар бейнеленген суреттер, кітаптар, ашықхаттар мен иллюстрацияларды қарап шығу; құстар жайлы əңгімелер оқу; жұмбақтар жасыру; суреттерге қарап түсіндірме əңгімелер құрастыру; құстарға жемсауыт жасауға, құстарға жем беруге қатысу; құстарды сыртта бақылау.

Құралдар мен материалдар:суықторғайдың кесілген суреттері, фотосуреттер мен тақырыпқа қатысты иллюстрациялық материалдар, құстарды сипаттау сызбасы, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаш.

Сөздік жұмыс:құс, суықторғай, жемсауыт, қыс.

Билингвалды компонент: суықторғай – снегирь

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

Балалардың алған тəжірибесін бекіту.

Бүгінгі ауа райын қандай сөздермен сипаттауға болады? Қарға назар аудартады – ол

Жұмбақтың шешуін табады:

 

Торғай, қарлығаш, пингвин, Шымшық, қараторғай, тотықұс, Бұлбұлмен тоқылдақ:

Бір сөзбен қалай аталмақ? (Құстар)

 

Ауа райын сипаттайды: күн жарқырап шығып тұр, күн аяз, қыс, əдемі, суық,


 

жабысқақ па? Жоқ, қар бір-біріне жабыспайды. Себебі күн аяз. Күн жылымық болған кезде қар да жабысқақ болады.

Күн жарқырап шығып тұрса, балалардың назарын қысқы табиғаттың сұлулығына аударыңыз. Қазір ағаштарға қарлығаштар қона ма? Неге қонбайды?

Өзекті мəселе:педагог балабақшаға келе жатқанда жапырағы жоқ, бірақ қызыл түсті жидектері бар ағаштарды кездестіргенін айтады.Бұл қандай ағаш? Бұл – шетен ағашы. Қыста əртүрлі құстар шетеннің жемістерімен қоректенеді.

Сол құстардың бірімен жақынырақ танысуға шақырады.

ғажайып.

 

Анықтайды: Күн қыздыра ма, жоқ па? Қолғап кимесе бола ма? Қыста күннің қызуы қатты болмайды, ол аса биікке көтерілмейді.

 

 

 

 

 

ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады.

 

Ізденістік-

Кесілген      суреттерден      құстың суретін құрастыруды ұсынады.

Балалар       бірнеше       бөлікке       бөлінген картинаны құрастырып, шыққан құстың

атауын атайды.

ұйымдастыру- шылық

Суықторғайдың дене бітіміне назар аударады (тұмсығы, қанаттары,                         аяқтары). Суықторғайдың төсінің түсі қандай? (Қызыл). Басындағы баскиімі ше? Тұмсығы ше? Неліктен тұмсығы қысқа əрі жуан?

 

 

Балалар «құстың дене мүшелері» сызбасы бойынша жұмыс істейді (басы, қанаттары, құйрығы, аяқтары, қауырсыны).

 

Қыстап қалатын құс – суықторғай туралы түсінік береді. Суықторғай

– тəкаппар құс. Оның төсі – ашық қызыл түсті, басында қара түсті баскиімі бар. Қанаттарында ақ жолақтары болады. Суықторғай бұтадан көтеріліп ұшқан кезде күнге айна сияқты шағылысады. Бірақ ол – суықторғайдың «əкесі». Ал «анасының» төсі сұр-қоңыр түсті болып келеді.

 

 

 

 

Құстың дауысын салу.

 

Балалардың назарын құстардың іс- қимылына аударады: ағаштан- ағашқа, бұтақтан-бұтаққа секіріп, шетеннің жидегін іздейді.

Суықторғай – тірі жəндік. Олар тыныс алады, қоректенеді, балапан басады, оларды өсіреді, ұшады.

 

 

Суықторғай

 

Сергіту сəті

Бұтаққа қарашы,

(Қолдарымен     екі     бүйірлерін      ақырын


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзекті мəселе: Суықторғайларға қыстан аман шығу үшін қалай көмектесуге болады?

 

 

 

«Қайсысы артық жəне неге?» дидактикалық                      ойынын ұйымдастырады.

 

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

соғады).

Қызыл кеуде торғайлар. (Кеуделерін көрсетеді). Қанаттарын жайды, (Қолдарын екі жаққа созады). Күнге қыздырынады. (Саусақтарын қимылдатады). Бастарын əрі-бері қозғайды,

(Бастарын оңға, солға бұрады).

Жем іздеп ұшады.

(Шеңбер бойымен «қанаттарын» қағып ұшады).

Шиқ-шиқ! Ұштық!

 

– Біз (əкем/ағам) оларға жемсауыттар жасап, жем шашып көмектесе аламыз.

 

 

Артық сөзді атайды жəне жауабын түсіндіреді.

Тары, кəмпит, тұқым. Пияз, тұқым, балық.

Сорпа, ет, мармелад. Балмұздақ, лимон, нан қиқымы.

 

Сен бұл құсты таныдың ба? Оның дене мүшелері жайлы айтып берші.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Сабақты қорытады: Бізге қандай құс ұшып келді? (Суықторғай) Оны тағы да қалай атауға болады? (бозшымшық,                   қызылтөс) Суықторғайды неге құс дейміз? (Өйткені оның басы, тұмсығы, қауырсындары, екі аяғы мен екі қанаты бар, жұмыртқадан пайда болады).Суықторғай не жегенді

ұнатады? (Қызыл шетен).

Алған əсерлерімен бөліседі. Педагогке дидактикалық материалдарды жинауға көмектеседі.

 

Күтілетін нəтиже:

Айтады:қыстап қалатын құстардың атауларын біледі;

түсінеді:құстардың сыртқы ерекшеліктері мен олардың тіршілігі туралы;

қолданады: қоршаған ортаны танып-білуге қызығушылық танытады жəне оған мейіріммен қарайды.


№22 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктерін күту

Мақсаты: балалардың бөлме гүлдері, олардың түрлері мен айырмашылықтары туралы түсінігін кеңейту; өсімдіктерді су құятын ыдыстан суаруды үйрету. Өсімдіктерге күтім жасауға деген құштарлығын ояту. Олардың сұлулығына қуануға үйрету.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: бөлме гүлдерін бақылау; қарапайымжұмыс тапсырмаларын орындау;фотосуреттер мен иллюстрацияларды  қарап шығу;жұмбақтардың шешуін табу; түсіндірме əңгімелер құрастыру.

Құралдар мен материалдар:екі түрлі бөлме гүлі (гүлдеп тұрған қазтамақ жəне гүлдемеген қазтамақ); тұмсығы ұзын су құятын ыдыс; гүлдердің жапырағын сүртетін майлықтар (əр балаға бір-бірден); су құйылған ыдыс.

Сөздік жұмыс:қазтамақ, қопсыту, су құю, өсімдікке күтім жасау.

Билингвалды компонент: су – вода, өсімдік – растение

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

Балалардан сұрайды: Неге күн сайын далаға шығып қыдыруға болмайды? Себебі ауа райы əртүрлі болады. Мысалы, ақпан айында күн аяз болады, көбіне боран соғады. Сыртта жүрген адамдардың жылы киініп, тоңып қалмас үшін аяқтарын тез-тез басып бара жатқанына назар аудартыңыз.

 

Балалардың тақырыпқа қатысты білімін бекіту.

Педагог балабақшадағы біздің кішкентай інілеріміз бен сіңлілеріміз (кіші топтың балалары) бізден көмек сұрады. Олардың гүлі солып қалыпты олар

гүлді қалай емдейтінін білмейді екен. Көмектесейік.

 

Үйде тұрып өсетін Əкеп гүлдің көшетін. Топырақты салдым да, Отырғыздым қалбырға.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады. Өсімдіктер жақсы өсуі үшін оларға күтім жасау қажеттігін айтады. Гүлді қалай емдеуге болатынын айтады.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Балалардың назарын топта өсіп тұрған бөлме гүлдеріне аударады. Сұрақтар қояды: Неліктен бұл өсімдіктерді бөлме гүлі дейміз? Бөлме гүлдері не үшін қажет?

 

Өзекті мəселе: кіші топтағы балалардың гүлі неге солып қалды?

Бірақ оның аузы жоқ қой?

Балалар гүлдердің атауларын атап шығады жəне көрсетеді: қазтамақ, фикус, шортанқұйрық.

Бұл өсімдіктер үйде, бөлмеде өседі. Оларды кішкентай кезінде құмыраға отырғызады. Содан кейін олар үлкейіп, əдемі гүлге айналады.

Жағдаяттық диалогке қатысып, гүлдің су ішкісі келген шығар деген мəселені талқылайды.


 

Педагог өсімдіктердің аузы жоқ, бірақ олар су мен қоректі тамырлары арқылы сорып алатынын айтып түсіндіреді. Қоректік заттар мен су гүлдің тамырлары арқылы сабағына, содан кейін жапырақтарына барады. Содан кейін гүл өседі. Көптеген бөлме өсімдіктері гүлдейді.

 

Балаларды гүлдеп тұрған жəне гүлдемеген қазтамақ гүлімен танысуға шақырады.

Педагогбалаларға түсіндіреді: Бұл да міндетті түрде гүлдейді. Бірақ ол үшін гүлге дұрыс күтім жасау қажет.

Педагог балаларға өсімдікке көп су құюға болмайтынын, əйтпесе ол шектен тыс көп ылғалды көтере алмай солып қалуы мүмкін екенін түсіндіреді.

 

Құралдармен танысуға шақырады.

 

Педагог түсіндіріп, гүлдің жапырақтарын қалай сүрту керектігін көрсетіп береді.

Қолыма майлықты алып, жақсылап сығамын. Оң қолыммен майлықты, сол қолыммен жапырақты ұстаймын. Ақырын сүртемін. Содан кейін жапырақты ақырын аударып, астыңғы жағын сүртемін.

Су құятын ыдысты алып құрғақ топыраққа су құямыз.Ыдысты құмырадан төмен ұстау керек. Əйтпесе топырақ шашырап, айналаны бүлдіреді. Суды тамырдың астына құямыз.

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойын ұйымдастырады. «Сипаттамасы

Таңданысын жасырмайды.

 

 

Балалар да тамақтанады. Сондықтан өседі. Бір-біріне нені жақсы көретіндерін айтады.

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият қарап шығып, олардың жапырақтарының           бірдей           екенін анықтайды. Бірақ қазтамақтың бірінің мүлдем гүлі жоқ.

 

 

Бөлме гүлдеріне қалай күтім жасау қажеттігін айтып береді: гүлге су құйып тұру керек, құмырадағы топырақты қопсытып тұру қажет.

Топтағы өсімдіктердің айырмашылығын атап шығады: жапырақтары, көлемі, гүлдері бір-біріне ұқсамайды.

 

Құралдардың не үшін керектігін анықтайды: су құятын ыдыс – гүлдерді суаруға, ағаш таяқша – топырақты қопсытуға, субүріккіш –су бүркуге, майлық пен қылқалам – жапырақтардың топырағын сүртуге арналған.

 

Балалар бөлме гүлдеріне күтім жасауға жеке-жеке атсалысады.

 

 

 

 

 

 

 

Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым Бiр орнымда қозғалып, Кезек басып тұрамын. Жоғары-төмен қарайық. Орнымызды табайық.

 

Балалар өсімдікті көрсетеді. Білсе – атын атайды.


 

бойынша өсімдікті тап». Педагог бір өсімдікті жан-жақты сипаттайды. Мысалы, алдымен оның неге ұқсайтынын айтады («ағашқа», «шөпке»), кейін

«Өсімдіктердің сабағы бар ма?» деп сұрайды. Педагог балалардың назарын жапырақтардың пішініне (дөңгелек, қияр сияқты сопақ пішінді, жіңішке, ұзын), гүлдерінің түсін (негізгі түстерін), оларды гүлсабақтағы санын атайды. Бірінші сипаттаманы баяу жасаймыз. Себебі балалар педагогтің айтқандарын тыңдап, топтан іздеп үлгеруге үйренуі тиіс.

«Мен сендерге қандай өсімдік жайлы əңгімелеп бердім?» – деп сұрайды.

 

Үлестірмелі            материалдармен жұмыс жүргізеді.

Балаларға сипаттаған гүлге ұқсас өсімдіктерді топтың ішінен табу туралы ұсыныс жасауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

Əр өсімдікке лайықты ыдысты таңда. Бағыт сызығы арқылы қос.

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындайды.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйін білдіруге шақырады.

Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды Тренингке      қатысады:      тізесін       бүгіп отырады, ақырын тұрып, денесін жоғары қарай созады (өсімдікті салады). Содан соң саусақтарын бүгіп жазады (өсімдіктің гүл

ашқан сəтін салады). 2-3 рет қайталау.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:кейбір    өсімдіктердің     атауларын    біледі:     фикус,    қазтамақ,                                   бегония, шортанқұйрық;

түсінеді:өсімдіктер өсуі үшін қандай жағдайлар қажеттігін біледі;

қолданады: гүлге күтім жасаудың қарапайым тəсілдерін меңгерген (су құю, топырағын қопсыту, шаңын сүрту).

 

№23 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Көрінбейтін ауа

Мақсаты: балаларды ауа жəне оның қасиеттері туралы түсінікпен таныстыру. Зерттеу қызметіне деген қызығушылығын ояту. Төңірегіндегі қатар құрбыларына қайырымды болуға үйрету.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:зерттеу мақсатында серуенге шығу; Зерттеу жұмыстары; жоғарғы топтағы балалардың ойындарын бақылау; дидактикалық ойындарға қатысу; бейнематериалдармен танысу.

Құралдар мен материалдар:əуе шарлары, су құйылған құты, су құйылған стақан мен коктейльге арналған түтікше (əр балаға бір-бірден), бұршақ дəндері, иллюстрациялық материал, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаш.


Сөздік жұмыс:ауа, көзге көрінбейтін, түссіз.

Билингвалды компонент: ауа – воздух

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог тақпақтың көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

Балалардың білімін нығайту. Педагогтің көңіл күйі жоқ.

Балаларды қуантпақ болып топқа əуе шарын алып келгенін, бірақ оның желі шығып кеткенін айтады. Шар қайтадан үлкен, əдемі болуы үшін не істеуіміз керек?

Жұмбақ жасырады.

 

Бар ма жоқ па оны білмейсің, Ол жоқ болса өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

 

Табиғат туралы өлең оқиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтың шешуін табады:

 

 

 

От та, су да, ауа да, Жан-жануар – барлығы.

Орман, теңіз, таулар да – Табиғаттың байлығы.

Сол байлықты бағалап, Келер күнге сақтайық. Алақанда аялап, Сəбидейін баптайық.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Өзекті мəселе: Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, біз ауасыз өмір сүре аламыз ба? Бізге ауа не үшін қажет?

 

Ауаны ұстауға ұсыныс тастау. Ауаның    түссіз     жəне         көзге көрінбейтінін түсіндіреді.

Ауаның күшті, бірбеткей болатынын, заттарды орнынан қозғай           алатынын           айтып түсіндіреді (желпуішпен желпіп мысал көрсетеді).

 

Сергіту сəті

 

– Адамдар, жануарлар, гүлдер ауамен тыныс алады.

 

 

Полиэтилен пакетті алып ауаны ұстауға тырысады. Содан кейін оны жабады. Балалар ауа көзге көрінбейді жəне оның түсі жоқ деген тұжырымға келеді.

 

 

 

Жел соғады оң жақтан, Жел соғады сол жақтан.

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады),

Күн жарқырай ашылды, (қолдарымен күн жасайды).

Көктен төмен əдемi кемпiрқосақ шашылды

(жарты доға жасайды).


 

 

 

«Адамның ішіндегі ауа» тақырыбында зерттеу жұмысын жасауға шақырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелі           материалдармен жұмыс істеу

(Балалар мəтінге қарай қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды).

 

Əр баланың үстелінде су құйылған стақан тұр. Оның түбінде бұршақ дəні бар, стақанға коктейль таяқшалары салынған.

Балалар стақандағы су мен бұршақты көріп тұрғандарын айтады. Педагогтің су түбінде жатқан бұршақтарға «жан бітіру» туралы ұсынысын қуана қабылдайды. Оны ненің көмегімен істеуге болатынын талқылайды. Ауа. Балаларға түтікше береді. Балалар түтікшені ауыздарына салып үрлейді. Не болып жатыр? Көпіршіктер пайда болды. бұл – ауа. Бұршақтар қозғалды. Ауаның көмегімен біз бұршақтарды «тірілттік». Біздің ішіміздегі ауа қайдан шықты деген сұрақты талқылайды (алдымен ауаны жұтып алып, оны түтікше арқылы шығардық). Педагогпен бірге қорытынды жасайды: Адамның ішінде ауа бар! Біз онымен тыныстаймыз!

 

Шардың ішіне не салынған? Нүктенің көмегімен əуе шарларына байланған жіптерді сыз. Шарларды боя. Кімнің шары көбірек?

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Сабақты қорытады.

– Неліктен ауа біздің көзімізге көрінбейді? Ол қайда болады? Ол барлық жерде бар: біздің топтың ішінде, еден мен төбенің арасында, жиһаздардың арасында. Ал бізге ауаның не қажеті бар? Дұрыс айтасыңдар, адамдар, жануарлар, құстар, жалпы Жер бетіндегі тіршілік иесінің бəрі ауамен тыныс алады. Ал сендер ауаны немен жұтасыңдар? (Мұрынмен).

Балаларға бір-біріне қол шапалақтақтап, ілтипат білдіруді ұсынады.

Көңіл күйін білдіреді. Өздерінің жұмысына баға береді. Алған əсерлері жайлы əңгімелейді.

 

Күтілетін нəтиже:

айтып береді:ауаның қасиеттері мен белгілері;

түсінеді:ауаның белгілі бір қасиеттері;

қолданады: қарапайым зерттеу жұмысын жасау жолдары.

 

 

№24 ҰОҚ


Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Ғажайып қап

Мақсаты: балаларға заттардың бірі адамдардың қолымен, бірі табиғаттың күшімен жасалғанын түсіндіру. Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Зерттеушілік мінез-құлық, қоршаған ортадағы заттарға күтім жасау дағдысын қалыптастыру.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:«Отбасымен қонақта», «Анам тамақ пісіріп жатыр»,

«Көгөніс дүкенінде» сынды тақырыптық-рөлдік ойындар; «Не қайдан келеді?», «Бүтін жəне бөлшек» дамыту ойындары; дене шынықтыру минуттары, саусақтарға арналған жаттығулар мен дидактикалық ойындарды жаттау; жұмбақтардың шешуін табу.

Құралдар мен материалдар:түрлі заттар салынған қап: қуыршақтың ыдыс-аяғы (кастрөл, таба, саптыаяқ, тəрелке, қасық, шанышқы, ожау) мен шын көгөністер (картоп, сəбіз, орамжапырақ, пияз, бұрыш).

Сөздік жұмыс:табиғи, қолдан жасалған.

Билингвалды компонент: ыдыс – посуда

 

 

 

 

Жұмыс кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог тақпақтың көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

 

 

 

Балалардың білімін нығайтады. Балаларды       терезеден       сыртқа қарап,      сырттан      байқағандары туралы айтып берулерін сұрайды. Бұның     бəрін     ТАБИҒАТ      деп аталатынын түсіндіреді.

Ал далада жансыз заттар бар ма? Оларды кім істеген?

Балаларды         тану         үдерісіне жұмылдырады.

 

Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік! Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік!

 

 

Талқылайды: ағаштар, мысық, балалар ойнап жүр, құстар ұшып барады, бұталар т.б.

– Үй, орындық т.б.

 

Қарайды, атауларын атайды. Оның бəрі адамдардың қолымен жасалған деген ой түйеді.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Өзекті мəселе: Əжей көгөністен салат жасамақшы. Ол үшін не қажет? (Көгөністер). Ол салатты неге салып əзірлейді? (Ыдысқа).

 

Балаларға түсіндіреді: Адам табиғаттан алатын жəне қолдан

Танып білуге қызығушылық танытады. Өздері білетін көгөністердің атауларын атайды.

Тамақты ыдысқа пісіреді деген ой түйеді.


 

жасамайтын заттарды «табиғат жасаған заттар» деуге болады. Оларды табиғат  əлеміне жатқызуға болады. Табиғи əлемге барлық жемістер мен көгөністер, жан-жануарлар, жалпы, табиғи жолмен пайда болған көптеген заттар жатады.

Ал адам қолымен жасалатын заттарды «адам қолымен жасалған затттар» дейміз. Оларды қолдан жасалған əлемге жатқызамыз. Бұл əлемге ыдыс-аяқтар, жиһаз, киім- кешек, жалпы, адам қолымен жасалатын заттардың бəрі жатады.

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

«Ғажайып қап» ойынын ұйымдастырады.                Заттарды зерттеу: табиғат əлеміне жататын заттарды бір ыдысқа, адам қолымен жасалған заттарды екіншісіне саламыз. «Қайсы зат жұмсақ немесе қатты? Қайсысы ұзын немесе қысқа? Кішкентай немесе үлкен? Мына зат домалақ па? Оның қандай бөліктері бар? Бұл затпен не істеуге болады? Ол не үшін қажет? Қалай аталады?»

 

Балаларды «Неге ұқсайды?» ойынына қатысуға шақырады. Педагог белгілі бір нысанның атауын атайды.

 

Үлестірмелі            материалдармен жұмыс істеу

 

 

 

 

Табиғи əлем мен қолдан жасалған əлемге жататын заттарды іріктейді.

 

Топты қарап шығып, табиғат əлеміне жататын заттар мен қолдан жасалған əлемге жататын заттарды атап көрсетеді.

 

 

 

 

Секіреміз топ-топ, Шапалақтап көп-көп. Иiлемiз оңға қарай: Бiр, екi, үш.

Иiлемiз солға қарай: Бiр, екi, үш.

 

Балалар    кезекпен    жақындап,   қолдарын

«ғажайып қапқа» салады. Қолына тиген затты ұстап көріп, белгілерін айтады, атауын атайды, оның қай əлемге (табиғат немесе қолдан жасалған) жататынын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

Педагогтің айтқан затына ұқсас нысанның атауын атайды.

П: Мына тас неге ұқсайды?

Б: Түймеге, кəмпитке, үлкен моншаққа, тышқанға...

 

Суреттерді қарап шық. Адам қолымен жасалғандарды қызыл қарындашпен қоршап сыз.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Сабақты         қорытады.         Алған əсерлерімен бөлісуге шақырады.

Алған əсерлерімен бөліседі. Педагогке дидактикалық материалдарды жинауға көмектеседі.


Күтілетін нəтиже:

айтады:табиғат əлемі мен қолдан жасалған əлемге жататын заттарды атауларын атайды;

түсінеді:кейбір    заттардың    адам    қолынан    жасалғанын,    кейбірлерін                                   табиғат жасағанын біледі;

қолданады: көгөністер, ыдыс-аяқ тəрізді заттарды жалпыландыра алады жəне жіктей біледі.

 

№25 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Қағаз бен мата.

Мақсаты:қағаз бен матаның қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру. Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы заттарға, ересектердің еңбегіне құрметпен қарауға үйрету.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:тəжірибе жұмыстары; мата мен қағаз үлгілерін қарап шығу; қағаздан заттар құрастырып жасау; тұрмыстық-шаруашылық еңбекпен айналысу; дене шынықтыру минуттары, саусақтарға арналған жаттығулар мен дидактикалық ойындарды жаттау; жұмбақтардың шешуін табу.

Құралдар мен материалдар: қуыршақ Айсұлу, қағаздан, матадан жасалған көйлектердің сұлбасы, қағаз жəне матадан жасалған беторамалдар, қайшы, үтік, су құйылған ыдыс, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаш.

Сөздік жұмыс:қағаз, мата, тегіс, қатты, шытырлайды

Билингвалды компонент: қағаз – бумага

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог тақпақтың көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

Біз – кішкентай бүлдіршінбіз, Бақыт сыйлар ұл мен қызбыз. Қуанышты көңіл сыйлар, Мерекеге қош келдіңіз.

Бақшамыз бар таңғалдырар, Өнерімен тамсандырар.

Бүлдіршінбіз жан шуақты Əн мен жырдан нəр алдырар.

 

Балалардың     бұрын    жинақтаған тəжірибесін пысықтау.

Педагог жұмбақ жасырады.

 

 

Айсұлу есімді қуыршақ балаларға қонаққа келді. Анасы Айсұлуға 2 көйлек тігіп берді. Оның бірі

Жұмбақтың шешуін табады:

 

Аяғы бар, жүрмейді, Аузы бар, күлмейді. Айнымайды бөпемнен, Тек сөйлеуді білмейді. (Қуыршақ)


 

матадан, екіншісі қағаздан тігілген. Айсұлу Гүлнар құрбысының туған күніне қай көйлекті киерін білмей тұр.

Педагог     балалардан      Айсұлуға көмектесуді сұрайды.

Өтіп     жатқан      сабаққа      қызығушылық танытады.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Тəрбиеші балаларды қағаз бен матаны зерттеуге шақырады. Балаларға мата мен қағаздан жасалған беторамалдар береді. Балалар                   беторамалдарды қолдарына ұстауы тиіс.

Мата мен қағазды қолдарымен ұстап көреді, тексереді. Матаның қолға ұстағанда жұмсақ, түгі бар, ал қағаз қатты. Кейін бəрі бірігіп қағаз бен матаның қалай

«сөйлейтінін»           анықтайды          (қағаз шытырлайды, матаның ондай дыбысы болмайды). Беторамалдарды түзетіп, тегістеуге тырысып көреді: қағаз мыжылған күй қалып қояды, ал, мата тегістеледі.

Мата жіптерден тұрады. Ал, қағаз жіптен жасалмаған, қатты жəне тегіс.

 

 

Балалар: «Қағаз оңай жыртылады, ал қатты тартса, матаны да жыртуға болады» деген қорытынды жасайды.

 

Қағаздан тігілген көйлек су болып еріп кетеді. Матадан тігілген көйлек су болады, бірақ кебеді. Қағаз мыжылған күйі қалады. Ал мата тегістеледі.

Тəрбиешінің көмегімен қорытынды жасайды: қағаздан жасалған көйлекті лақтырып тастауға тура келеді. Ал матадан тігілген көйлекті кептіріп, үтіктейді. Педагогтің үтіктегенін бақылайды.

 

Бала, бала, балақан, Кəне, қайсы алақан? Саусақтарың əйбат, Былай-былай ойнат.

 

Топ-топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса, алтын күн Жаса, жаса, жарқын күн.

 

Балалар педагогтің көмегімен матаны тігуге болады, ал, қағазды желіммен жапсыруға болады деген пікірге келеді.

 

 

Үлкейткіш əйнекті алып, мата мен қағаздың неден тұратынын тексеруге шақырады.

 

Балаларға ой салады: Қағаздан жасалған көйлек төзімді ме əлде матадан тігілгені ме?

 

Өзекті мəселе: Егер Айсұлудың көйлектірін мыжғылап тастаса не болады? Ал бірдеңе тиіп кетсе жəне жуса не болады?

 

 

 

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

 

Балаларға түсіндіреді: Адам қайшы деп аталатын құрал ойлап тапты. Оның көмегімен матаны жыртпай, тегістеп қиюға болады. Қағазды жыртуға да, қайшымен қиюға да болады. Ойланып көріңдерші: егер Айсұлу көйлегін


 

жыртып алса оған қандай кеңес берер едіңдер?

 

Үлестірмелі            материалдармен жұмыс істеу

Қағаздан         жасалған         қандай заттарды білесіңдер? Матадан ше?

 

 

Заттар мен олардың материалын бір-біріне қосады.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Бүгінгі сабақта қағаз бен мата туралы қандай қызықты деректер естігендерін сұрайды.

Балалар тақтаға жақындап, қағаз бен мата туралы білгендерін шартты белгілермен белгілеп көрсетеді.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады: балалар қағаз бен мата, олардың қасиеттері мен сапасы туралы біледі; түсінеді:зат жасалған материал мен оны пайдалану əдісі арасындағы байланыс; қолданады: қарапайым тəжірибе жасау машығы қалыптасқан.

 

№26 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Көктем келді

Мақсаты: балаларды көктемгі табиғатқа тəн ерекшеліктермен таныстыру; табиғаттағы қарапайым байланыстар туралы түсінік қалыптастыру. Табиғатты эстетикалық тұрғыдан қабылдауға, оның сұлулығына масаттануға, оны көздің қарашығындай сақтауға үйрету. Қысқы ұйқыдан оянып келе жатқан табиғаттағы өзгерістерге қуанып, оны аялауға баулу.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:серуенге шыққан кезде бақылау жүргізу, иллюстрациялармен танысу, жануарлардың өмірі, көктемде табиғатта болатын өзгерістер туралы əңгімелесу, көктем туралы тақпақтар жаттау, дене шынықтыру минуттары, саусақтарға арналған жаттығулар мен дидактикалық ойындарды жаттау.

Құралдар мен материалдар:өзеннің сыңғырлап аққан дыбысы, құстардың сайраған дауысы жазылған диск (фонограмма), иллюстрациялық материал, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаш, мұз сүңгісінің үлгісі, даладан əкелінген сүңгі.

Сөздік жұмыс:ала қар (қары еріп, ашылған ойдым жер), жылғалар, сүңгі, жыл құстары.

Билингвалды компонент:жылға – ручей

 

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог тренинг ойынның көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

–     Балабақшаға келе жатқанда қандай өзгерістер байқадыңдар? Бүгін ауа райы қандай екен?

 

Жұмбақтың шешуін тауып, бүгінгі сабақтың жылдың қай мезгіліне

«Күн».Күнге қарап, мысық сияқты күлімдейді; күн жарқырап сəуле шашып тұр, мысық жылынды, керіледі, тағы да күлімсірейді. Күн сияқты күлімдейді.

 

ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытып, атсалысады, пікірлерін айтады.

 

Жұмбақтың шешуін табады.


 

арналатынын табуларын сұрайды.

– Адамдар көктемді көптен күтті, ендеше, оны қандай көктем дейміз? (Көптен күткен). Сендер көктем туралы айтқанда қандай көңіл күйге бөленесіңдер? (Көңілді, жақсы, тамаша).

Көктемгі көңіл күй деуге бола ма? Ал көктемде күн қандай болады екен? (Көктемнің күні). Ал шалшық сулар қандай? (Көктемгі). Ал, көктемгі аспан қандай болады екен? (Бұлт, жылға, ағаштар, шөп, ала қар, сүңгі, жаңбыр, күн).

Гүл-гүл жайнап жер, аспан, Гүрілдейді сайда өзен.

Гүл жазира жарасқан Гүлдерімен қай кезең? (Көктем)

 

 

Өтіп     жатқан     сабаққа     қызығушылық танытады.

 

Ізденістік- ұйымдастыру-

Педагог фотосуреттер мен суреттерге қарап көктемде қандай құбылыстар                    болатынын анықтауды ұсынады.

Анықтайды:

Көктемдекүн жарқырап сəуле шашады. Көктемде қар ериді.

Көктемде қар еріп, əр жерде ойдым жерлер пайда болады.

Көктемде шалшық сулар пайда болады. Көктемде ағаштар бүр жарады.

Көктемде құстар ұшып келеді. Көктемде жылғалардан су ағады. Көктемде жəндіктер ұйқысынан оянады.

Көктемде жабайы жануарлар тонының түсін өзгертеді.

Көктемде аңдар балалайды. Көктемде көк шөп шығады.

Көктемде алғашқы гүлдер шешек атады: бəйшешек, өгейшөп.

 

 

 

 

  Ала қар.

 

  Сүңгі.

  Күн жылынып, күн сəулесін шашты, мұз еріді.

Педагог алдын ала дайындап қойған қағаз сүңгілердің ұзындығы мен қалыңдығын зерттейді.

 

Суреттерді        таңдап        алады:        ұзақ, қараторғай, бозторғай, қарлығаш.

 

Түсіндіреді: жылғалармен еріген қар суы ағады.

 

Қызыл, жасыл гүлдер Шалғында жайнар.

шылық

 

 

 

 

 

 

Балалардың                        жауабын толықтырады: Көктем бізге күннің қанатымен    бірге     келді.     Оның жұмыс тəртібі өте қатал. Ең алдымен жерді қардан босатады. Қары        еріген        ойдым-ойдым жерлерді не дейді?

Шатырдан не салбырайды? Олар неге ериді?

Сабақтың соңына қарай сырттан əкелінген сүңгіге не болғанын тексеріп көруге шақырады.

 

Фонограммаларды тыңдап көруге шақырады (жылғаның сыңғырлап аққаны, құстардың сайраған дауысы). Балалар, не естідіңдер? Бұл неден болады? Көктемде қандай құстар ұшып келеді? Олар неге қайтып оралады?

 

Сергіту сəті


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзекті мəселе: Көктемде қайсысы қатты жарық береді: күн бе əлде шам ба?

 

Зерттеу жұмысы

Балаларға сүңгінің еріп кеткенін айтады. Яғни сүңгі – қатып қалған су. Күн жылынған кезде ол ериді деген ой түйеді.

 

Балалардан адамдардың қалай киіне бастағанын сұрайды.

 

 

Үлестірмелі           материалдармен жұмыс істеу

Педагог балаларға күннің суреттерін үлестіреді.

(Қолдарын екі жаққа созады).

Күн сəулесі жарқырар, Мына сұлу əлемде.

(Созылып, қолдарын жоғары көтереді).

Самал жел де соғар, Таза ауа неткен жұпар!

(Қолдарын      жоғары      көтерген      күйі теңселеді).

Хош иіс гүлді, Бала біткен иіскер.

(Алға қарай еңкейеді). Табиғат неткен тамаша, Бола біл оған қамқор. (Бойын түзетеді).

Талқылайды.    Күннің   қызуынан алатын əсерлерімен бөліседі.

 

 

Мұқият     қарайды.     Сүңгі     еріп,     суға айналды.

 

 

Балалар өздерінің қандай киім киіп жүргенін айтады. Жылы малақай мен тонды шешіп, жеңілдеуіне көшкенін атап өтеді.

Көктем келді. Күн жерді қыздырып, күн жылына бастады. Күнді алып, суретке қойыңдар. Қыс бойы қалың ұйқыда болғандардың бəрі оянатын кез келді.

«Көктем    келді!»,    «Тұрыңдар!»    –    деп, айғайлап оятыңдар.

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйін білдіруге шақырады

 

Серуенге           шыққан           кезде балалардың назарын күннің қызуына алдарады. Ол нені ерітіп жатыр? Қары еріп, қарайып жатқан жерлерді көрсетеді.

Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды.

 

 

Көңілді көңіл күймен жұмыстарын аяқтап, келесі іс-əрекеттерге дайын екендерін білдіреді.

 

Күтілетін нəтиже: айтады:көктемнің белгілері;

түсінеді:табиғаттағы қарапайым байланыстарды;


қолданады: танымдық-ізденімдік іс-əрекеттерін.

 

№27 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Шұбар тауық

Мақсаты:үй құстары туралы түсінік қалыптастыру. Балалардың зейін қою, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту; тану үдерісін жандандыру. Үй құстарына қамқорлық жасауға үйрету.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:«Құсханада» тақырыбында əңгімелесу;«Бұл не?» дидактикалық ойыны; құстардың сыртқы келбеті туралы, олардың қандай дыбыстар шығаратынын, немен қоректенетінін нақтылау. Үй құстары мен олардың балапандарының суреттерін қарау. Дене шынықтыру минуттары, саусақтарға арналған жаттығулар мен дидактикалық ойындарды жаттау.

Құралдар мен материалдар:иллюстрациялық материал, үлестірме парақта, түрлі түсті қарындаш, тары, үй құстарын бейнелейтін бетперделер.

Сөздік жұмыс:үй құстары, тауық, əтеш, үйрек, қаз, қауырсын.

Билингвалды компонент: тауық – курица

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог психологиялық тренингтің көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұрын алған білімдерін нығайту. Жұмбақ жасырады.

 

 

Балалардан қандай құстар жайлы білетінін сұрайды. Олар немен қоректенеді? Біз оларды басқаша қалай атаймыз? (Жабайы)

Өзекті мəселе: Жабайы құстар болса, үй құстары да болуы тиіс.

Ойын-оқу іс-əрекетінің тақырыбын, мақсатын болжамдауға бағыттайды.

Қуан, шаттан! Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

 

Күліп шықты күн бүгін.

Жұмбақтың шешуін табады: Күн батса қонақтап қалғыған,

Таң атса жерден жем аңдыған. (Тауық)

 

Жағдаяттықдиалогке           қатысады. Тануға, білуге ерекше құштарлық, белсенділік танытады.

 

 

Үй құстарының атауларын атап береді. Олардың қайда тұратынын əңгімелейді.


 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

«Құсханада» суретін қарап шығады. Бұл сурет неліктен олай аталған? Бұл құстардың бəрін бір сөзбен қалай атауға болады?

 

Адамдар үй құстарына қалай күтім жасайды?

 

«Сиқырлы əлем» дидактикалық ойыны. Жұмбақты шешуге көмектеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер арасындағы үй құстарының арасынан балапандардың анасын тауып берулерін сұрайды.

 

Өзекті мəселе: тауық ұша ала ма? Тауықтың, үйрек пен күркетауықтың қанаттары    болды.    Бірақ    олар    ұша алмайды.    Олардың   бəрі    адамдардың қасында тіршілік етеді жəне адамдар оларға қамқорлық жасайды.

 

Құстар не істей алады?

Үй құстары. Олар адамның қасында тіршілік етеді жəне адамдар оларға қамқорлық жасайды. Сондықтан біз оларды үй құстары дейміз.

 

Адамдар құстарға жем, су береді, тауық қора салады.

 

Балалар мұқият тыңдайды. Жұмбақтың    шешуін    табады.    Құс туралы    жұмбақты    бірінші    болып шешкен адам үй құсы бейнеленген бетпердені киеді.

Жұмбақтар

 

1.             Балпаң-балпаң басады, Адамнан қатты сасады. Саусақтары салалы,

Қыста жылыға қашады. (Қаз)

 

2.             Басы тарақ, Арты орақ.

(Қораз)

 

3.             Қазға ұқсас,

Маймаң құс. (Үйрек)

 

 

Балалар педагогтің қасына барады,. Балапан         болып         шиқылдайық (дыбысын салады: шиқ-шиқ-шиқ).

Балалапандар жасырынбақ ойнап жүр (беттерін қолдарымен жабады).

Шалшықты шапылдатып жүреді (аяқтарын топылдатады: топ-топ- топ).

Жемді шоқып жейді («дəн шоқиды»).

 

–     Бұл – тауық. (Балалар тауықты сипаттайтын шағын əңгіме құрастырады).

Тауық – бұл құс. Оның қанаттары, аяқтары, құйрығы, тұмсығы болады. Қауырсындарының түсіне тоқталады. Дауысын салады (Қо-қо-қо). «Тауық немен қоректенеді?» деген сұраққа жауап іздейді.

Талқылайды.

Шоқиды, жүреді, су ішеді, ұшады,

отырады,                    қауырсындарын тазалайды.


 

 

 

«Қалай пайда болдым?» дидактикалық ойыны.

 

 

Қауырсынның құрылысымен танысады.

 

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу.

 

Өзекті    мəселе:    Бұл    құстар    адамға қандай пайда əкеледі?

Құстардың даусын салады.

 

Тауықтың даму үдерісін анықтайды. Балапан тауыққа айналды. Үйректің балапаны үйрек болды.

Қауырсындарды мұқият қарап шығып, олардың жеңіл, жұмсақ екенін айтады. Түсіне тоқталады. Үрлейді – қауырсын ұшып кетті!

 

Тауық пен балапандардың алдына тарының суретін салады.

 

Олардың жұмыртқасы мен еті – тамақ. Қауырсынынан жастық жасалады.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Сабақты қорытады:

–Сабақта не жайлы сөз болды?

–Олардың    бəрін    бір     сөзбен    қалай атаймыз?

–Үй     құстары     бізге     қандай     пайда келтіреді?

Балаларды           зерттеу           жұмысын жасағаннан кейін қалай өскенін білу үшін созылуға шақырады.

Көңіл күйін білдіреді. Өздерінің жұмысына баға береді. Алған əсерлері жайлы əңгімелейді.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:үй құстарының атауларын біледі;

түсінеді:тауық – үй құсы; оның адамдарға қандай пайда əкелетінін;

қолданады: материалмен жұмыс істегенде мұқият болу: тарыны шашқанда төгіп алмау керек.

 

№28 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Құстар ұшып келді

Мақсаты:балалардың санасында жыл құстары туралы түсінік қалыптастыру. Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Жанды табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, құстарды аялауға үйрету.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:серуен кезінде құстарды сырттай бақылау; құстардың суреттері бейнеленген суреттерді қарап шығу. Құстар туралы тақпақтар оқу; «Үлкен жəне кіші құстар», «Торғайлар мен мысық», «Құстар» ойыны;ермексаздан «Құстарға арналған дəндер» жасау; құстар туралы əңгімелесу, тақпақтар оқу.

Құралдар мен материалдар:құстардың дауысы (аудиожазба); иллюстрациялық материал, «Жыл құстары» тұсаукесері, қайың бұтақтары, үлестірмелі материалдартүрлі түсті қарындаш.

Сөздік жұмыс:жыл құстары, қараторғай, қараторғайдың ұясы, ұя, балапандар.

Билингвалды компонент: қараторғай – скворец


 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог «Ұшады – ұшпайды» ойынының көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

Балалардың білімін нығайту

– Балалар, сендердің көмектерің өте қажет болып тұр. Біреу терезенің алдына шыққан. Ізіне қарап, оның не екенін табу керек. Көмектесіңдерші!

Бұл құс па? Үй жануары ма? Аң ба?

 

Жұмбақтың шешуін табуға шақырады.

 

Балаларға           жыл           құстары бейнеленген суреттерді көрсетіп, олардың құс екенін дəлелдеулерін сұрайды.

 

 

Күн   жылынған   кезде    табиғатта қандай       өзгрістер       болатынын сұрайды. Көктемде біздің жаққа кімдер ұшып келеді? (Құстар) Балаларды       алдағы       жұмысқа дайындайды.

Педагогтің мұқият тыңдайды. Ол атаған нысан ұшатын болса – қолдарын көтереді. Егер ұшпайтын болса – қолдарын көтермейді.

 

 

ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады.

 

 

 

Жұмбақтың шешуін табады: Екі қанатты, тұмсықты

Бұл не ғажайып?

(Құс)

 

 

Көрсетеді. Əңгімелейді. Бұл – құстар. Олардың бəрінің қанаттары бар. Ұша алады. Құстардың өзге жануарлардан айырмашылығы осында. Тұмсығы, аяқтары бар. Денесін қауырсын жапқан.

 

Төңірегіміз ұйқысынан оянады, қар ериді, жылғалардан су ағады, сүңгілер еріп, тамшылайды.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Жыл сайын қыста жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайтып оралатын құстарды ЖЫЛ ҚҰСТАРЫ деп атаймыз.

 

«Жыл құстары» тұсаукесері.

– Балалар, естіп тұрсыңдар ма, қараторғайəн салып тұр. Ол бізге қанатымен көктем алып келді! Екі алдымен қараторғайлардың əкелері ұшып келеді. Олар сайрап, қараторғайдың анасын шақырады. Қараторғай – əнші құс. Олар жəндіктермен, шырышты ұлулармен, құрттармен қоректенеді. Сол арқылы өсімдіктер мен ағаштарды зиянды жəндіктерден қорғайды жəне адамға көп пайда келтіреді.

Қарлығаш та жылы жақтан ұшып

Жыл құстарының фотосуреттерін қарап шығады. Олардың өзіне тəн белгілерін атап көрсетеді.

 

 

 

Балалар суретке қарап қараторғайды ауызша сипаттайды. Қауырсындары жылтыр, қара түсті ірі, əдемі құс.

Қараторғайдың тұмсығы ұзын. Олар соның көмегімен жердің астындағы құрттарды тауып жейді.

 

 

 

 

 

 

Балалар құстарды мұқият қарап шығып,


 

келді. Олар кішкентай болса да өте жылдам ұшады. Қарлығаш ұясын үйлердің шатырларының астына салады. Балапандарын əртүрлі жəндіктермен қоректендіреді.

Халық арасында мынадай ырым бар: егер қарлығаштар өте жоғары ұшса,ауа райы жақсы болады, ал төмен ұшса, жауын жауады.

«Көкектің дауысын естігендерің бар ма?»– деп сұрайды.

 

 

 

 

 

Құстардың дауысын тыңдауға шақырады. Олар не жайлы əндетеді?

 

Сергіту сəті

 

 

«Ұя саламыз» имитациялық ойын. Таңдап алынған материалдың ұя салуға жарайтын-жарамайтынын анықтауға шақырады.

Қайыңның бұтақтарымен танысады, олардың ұя жасауға қаншалықты жарамдылығын анықтайды.

Салыстырады: жеңіл, суға төзімді.

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу

олардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

Құрылымындағы, түсіндегі, ұясы мен жейтін тамақтарындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды табады.

 

 

 

– Көкектің дауысын бəріміз естідік. Бірақ оны көру қиын. Өйткені көкек бұталардың арасына мұқият жасырынып тұрады. Олар ешқашан балапан баспайды.

Жұмыртқаларын басқа құстардың ұясына салып кетеді. Көкектер құрт, жұлдызқұрт жəне тағы басқа жəндіктермен қоректенеді.

–    Көктем, күн, ұя, балапандар туралы.

 

 

Кəне, қанат қағайық, Қарлығаш болып ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Қайта келіп қонайық.

 

Педагогпен бірге: Көктемде жаңбыр көп жауады, жел тұрады, бұршақ жауады. Олар құстар үшін өте қауіпті. Біз ұя жасайтын материал су тигенде сынбайтындай болуы тиіс. Құстар ұяны тұмсығымен салады.

Ендеше ол тек төзімді ғана емес, құс көтере алатындай жеңіл болуы керек.

 

 

Сызықтарды құстардың бəрі өз ұясына баратындай етіп қос.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Балаларды серуен кезінде зерттеу жұмыстарымен айналысуға ынталандырады.

Көңілді көңіл күймен үйренгендері туралы əңгімелейді.

Табиғаттағы өзгерістерді атап көрсетеді, құстардың сайраған дауысын тыңдайды, қардың еріген-ерімегенін бақылайды, қандай құстар мен жəндіктерді көргендерін айтады.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:бірнеше жыл құсының атауын біледі;

түсінеді:жыл құстарының тіршілігі мен сыртқы келбетттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын;

қолданады: қарапайым себеп-салдар байланысын анықтап, жалпыландыра біледі.

 

№29 ҰОҚ


Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Шуақты күн

Мақсаты:Жер бетінде тіршілік болуы үшін Күннің қажеттігін түсіндіру. Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Балаларды жылдың кез келген мезгілінде табиғаттың сұлулығын көре білуге тəрбиелеу.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:зерттеу мақсатындағы серуен; бақылау жүргізу; қарапайым алдын ала зерттеу жұмысына дайындық; жұмбақтардың шешуін табу; фотосуреттерді қарап шығу, иллюстрациялық материал.

Құралдар мен материалдар:айналар, беторамалдар, су құйылған ыдыс, тақырыпқа қатысты суреттер, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаш.

Сөздік жұмыс:сары, домалақ, жылымық, ала қар.

Билингвалды компонент: күн – солнце

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

Балалардың білімін нығайту. Көктемнің         белгілерін         атап берулерін сұрайды. Бүгін ауа райы қандай           болып           тұрғанын анықтайды.

Топтың іші жап-жарық болып тұр. Оның себебі не?

Күн бəрімізден бұрын тұрады, бұлттағы сумен жуынып, аспанға көтеріледі жəне «қайырымды істерін» істеуге кіріседі. Ал сендер оның қандай «қайырымды істермен»                айналысатынын білесіңдер ме?

Бірақ, балалар, кейде күн аспанға көп шықпай, бізге жарық бермейді. Ол қай кезде болады деп ойлайсыңдар?

Балаларды алдағы жұмысқа дайындайды.

 

Таң мен көзін ашады,

Əлемге нұрын шашады. (Күн)

 

 

Танымдық қызметке белсенді түрде араласады. Педагогтің сұрақтарына жауап береді.

 

 

Талқылайды. Күн жерге жарық береді, бəрін жылытады. Оның «қайырымды ісі» көп: жерді жылыту, жарық беру, адамдар мен жан-жануарларды ояту.

 

 

 

 

Күн бұлттанып тұрған кезде солай болатынын анықтайды.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Балаларды жағдаяттық диалогке шақырады.

Күн қай жаққа барып

«ұйықтайтынына» ойланып жауап берулерін сұрайды.

 

Балаларды күннің қоршаған ортаға əсерін талқылауға шақырады.

Күн тірі жан иелерінің бəріне

Күннің қайда тұратынын, оның неге ұқсайтынын айтады. Алақандарын терезенің қасына апарады. Бірақ ол жаздағыдай жылытпайды.

 

Əңгімеге араласады. Түн мен күн жарқырап шығып тұрған күндізгі уақыттың суреттерін салыстырады.

 

Күлімдеген күнге


 

жылу мен жарық береді. Ол бізді жылы əрі жарық сəулесімен қуантады, көңіл күйімізді көтереді. Елестетіп көрейікші: егер күн болмаса біз не істер едік?Жер беті қараңғы, салқын болар еді. Тіршілік иесінің бəрі жоғалып кетер еді. Ендеше бізге жарық пен жылу сыйлайтын күннің болғаны қандай тамаша!

«Дəл сондайын тап» дидактикалық ойынына қатысуға шақырады.

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларды зерттеу жұмысына қатысуға шақырады.

 

Күннің көзіне беторамалды жайып, тез кептіруге бола ма? Тексеріп көруге шақырады.

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

 

«Күн шұғыласы» ойынын ұйымдастырады

Айнаны пайдаланып, қабырғаға күн шұғыласын түсіреді.

Балаларды шұғыланы ұстауға шақырады.

Ризамын мен де. Риза жан-жануар, Өсімдік-гүл де.

 

 

 

 

 

 

 

Күннің түсімен түстес заттарды атайды. Күннің пішініне ұқсас заттарды атайды.

 

Күн шығыстан жарқырап шықты, (қолдарын жоғары көтереді, созады) Күн батысқа батты.

(Тізесін бүгіп отырып, қолдарын төмен түсіреді).

Тамаша, тамаша,

Күн жайнады жаңаша. Бəрімізге көңілді

Бұл өмір тамаша!

(Қол соғады. жымияды).

 

Топ ішінде қандай заттардың қатты жылынғанын анықтайды. Терезе, терезе алдындағы тақтай, ойыншықтар немесе жиһаз. Неге бөлменің түпкі жағында тұрған заттар салқын болып тұр? Өйткені оларға күн сəулесі түспеген.

 

Күн түсіп тұрғанда адамдар мен заттардың көлеңкесі түседі. Əр суреттің көлеңкесін тап. Бағыт сызығымен сызып көрсет.

 

Зерттеу жұмысына қатыс. Беторамалдарын сулап, күн түсетін жерге іледі (немесе терезенің алдына қояды).

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

ҰОҚ-ны қорытады.

Серуендеу барысында айналадағы заттарды зерттеуге ынталандырады: үйдің күнгей жағындағы қабырғалар мен көлеңке жағындағы қабырғаларды ұстап көру, салыстыру, қолдарын күнгей мен көлеңкеде жылытып көру. Қорытынды: күн шығады, бірақ жылуы аз.

ҰОҚ-ны қорытуға атсалысады. Педагогті тыңдайды. Күннің бүгінгі көңіл күйін анықтайды.

 

Күтілетін нəтиже:


айтып береді:жансыз табиғат нысандарының атаулары;

түсінеді:күннің жердегі тіршілік үшін маңызды екенін;

қолданады: қарапайым тəжірибелік-зерттеу жұмыстарын жүргізе біледі.

 

№30 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Көгілдір көктем

Мақсаты:балалардың санасында табиғатта көктемде болатын құбылыстар жайлы түсінік қалыптастыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсінігін кеңейту; байқампаздығын дамыту. Көктемде табиғаттың оянуына, оны қызықтауға деген ынтасын ояту.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:серуен барысында бақылау жүргізу, иллюстрацияларды қарап шығу, жануарлардың тіршілігі туралы, көктемде табиғатта болатын өзгерістер жайлы əңгімелесу, көктем туралы тақпақтар жаттау, қимыл-қозғалыс ойындары.

Құралдар      мен      материалдар:қарға      арналған      қалыптар,                             иллюстрациялық материал,үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаш

Сөздік жұмыс:ала қар, сел, жылға, көгал.

Билингвалды компонент: көктем – весна

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақтың көмегімен ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады. Балаларды балабақша ауласына шығуға шақырады.

 

Балалардың тəжірибесін нығайту. Балалардың     назарын     табиғатта болатын өзгерістерге аударады.

Балабақша ауласында қандай тіршілік иелері барын сұрайды? (Тыныс алады, қоректенеді, қозғалады, өседі).

Балалар           жанды           заттарға қамқорлық жасағанды жақсы көреді (тамақ береді, су құяды, су шашады т.б.). Ал жансыз заттарға оның қажеті жоқ па? Адамдарға аса қажетті жансыз заттарды табыңдар.

Далада қандай жансыз заттар бар? Үйлер, жолдар, тастар, көліктер. Ал, адамдар не үшін үй салды? Оны кім істеді? Құрылысшы мамандығын еске түсірулерін сұраңыз.

Балаларға адам қолымен жасалған

Гүл-гүл жайнап жер, аспан, Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

 

Гүлдерімен қай кезең?         (Көктем)

 

 

 

 

 

 

 

Даладағы отырғыштар (демалу үшін), бəтеңке (аяқтарымыз тоңбас үшін), веранда (жаңбыр тиіп су олмас үшін) жəне т.б.Бала заттың атауын атаған кезде оның не үшін керектігін түсіндіруі тиіс.


 

жансыз заттардың бəрінің бізге қажеттігін түсіндіріңіз. Серуенге шыққан кезде заттарды зерттеуге шақырыңыз (қатты, салқын, биік,

аласа т.б.).

 

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Балалардан көктемде табиғатта тағы қандай өзгерістер болатынын сұрайды.

 

Балаларды саяхатқа аттанып, өте мұқият жəне байқампаз болуға шақырады.

 

Көктемнің күні, сүңгі, қар «егер қалса), ауа, шалшық су, аспан, ағаш, құстар мен жəндіктерді бақылауды ұйымдастырады.

Балалар ойларын ортаға салады. Күн жылынады, жылғалардан су ағады, ағаштар бүршік жарады, адамдар бұрынғыдан жеңіл, жұқалау киім киеді.

 

Күн.         Балалар         көктемде         күннің жылынатынын    байқайды.     Қолғабыңды шешіп, сырт киіміңнің түймесін ағытып тастағың     келеді.     Күн    ерте      шығып, адамдарды оятады. Таңертең тұрғанда күн жап-жарық болады. Ал қыста біз ұйқыдан тұрған кезде дала əлі қараңғы болатын. Яғни түн қысқарып, күн ұзарды деген сөз. Сүңгілер.      Шатырдың      астында      мұз сүңгілерінен су тамшылап тұр. Тамшының дыбысын естуге болады. Сүңгілер күнге жарқылдап тұр. Қыста сүңгі аз болатын, енді көбейді.

Қар. Қар қарайып, ластанып, түйіршіктеніп кетті. Күн түскенде ериді. Көлеңке жерлерде, салқын жерде қар əлі жатыр. Ал күннің көзі түсетін жерлерде қар еріп кетті.

Ауа. Ауадан көктем иісі шығады. Ауа жылынды.           Қолғабыңды           шешіп, алақандарыңды күнге созсаң, жылынады. Ал аязда қолыңды жып-жылы қолғаптан шығарғың келмейтін. Біз бұрынғыдан жеңіл киімге көштік (тонның орнына күрте, етіктің орнына бəтеңке т.б. киіп жүрміз)

Шалшық су. Көктемде əр жерде шалшық сулар пайда болады. Таңертең олардың беті қаймақтанып, жұқа мұз қабаты жауып жатады. Мұзды таяқпен түртіп қалсаң сынып кетеді. Астынан су шығады. Күндіз шалшық сулар еріп жатады. Төңіректе жылғалар ағады.

Аспан. Көктемде аспанның түсі ашықкөк түсті, болады. Ал қыста ол сұр болатын. Аспандағы бұлттар бірде қатты жөңкілесе, бірде ақырын жылжиды. Неге олай? Бұл – желдің күшіне байланысты нəрсе. Қатты жел бұлтты айдап əкетеді.

Құстар. Суықторғай, сарышымшық, тоқылдақтар жемсауытқа келмейтін болды. Неге? Себебі орман жылынды, жəндіктер


 

 

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмысы

Екі қалыпты алып, оған қар немесе мұз салыңдар. Қалыптың бірін күннің көзіне, екіншісін қоршаудың көлеңкесіне жасырып қойыңыз. Қар/мұз қай жерде тез еріп кетеді? Неге?

 

Содан кейін балаға сұрақ қойыңыз: – Қар қай жерде тез ериді? Ағашы көп орманда ма əлде көгалда ма?

 

 

Педагог балаларға «Менің достарым» ойынын ойнауды ұсынады: балаларға карточкалар таратып, оның қызметін, атауын айтады.

 

 

Үлестірмелі            материалдармен жұмыс істеу

көбейді. Құстар енді қоректерін өздері тауып жейді.

 

Ертемен біз шалғында Бастадық бір ойынды.

Мен – түймедақ, мен – шырмауық.

Кел, шеңберге тұрайық. (Қол ұстасып шеңбер құрайды).

Бір, екі, үш, төрт,

Шеңберіміз кеңейді. (Айналып жүреді). Енді біз сылдырлаған бұлақбыз, Жарыса жүгірейік, (Айналып жүгіреді). Мөлдір көлге асығайық,

Көлдің суы молайды. (Айналып жүреді).

Бір, екі, үш, төрт,

Шеңберіміз кеңейді. (Айналып жүреді).

Енді ойын ойнайық. Біз – көңілді шуақпыз.

Біз – жып-жылы шуақпыз. (Бір орында тұрып секіреді).

 

 

Балалар қардың қайда тез еритінін зерттейді. Көлеңкеде ме əлде күн түсетін жерде тез ери ме?

 

 

– Көгалда күн жарқырап тұр. Сондықтан ондағы қар тез ериді. Ағашы көп орман көлеңке болғандықтан қар онда баяу ериді.

 

Тəрбиеленушілер белгілі бір нысан бейнеленген карточкаларды алады. Аталған қызметті атқаратын нысанның карточкасын ұстаған балалар педагогтің қасына жақындайды.

П: Менің достарым – гүлдейтіндер. Б: Гүлдер, ағаш, бұта….

 

Суреттерді қарап шық. Барлық жыл мезгілдерін атап бер. Суреттің қайсысы көктемді есіңе түсірді?

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар) көңіл күйлерін анықтауға тапсырма береді.

Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады: көктемгі тəн белгілерді, табиғат құбылыстарын;


түсінеді:табиғаттағы маусымдық өзгерістерді;

қолданады: қарапайым зерттеу жұмыстарындағы байланыстарды.

 

 

№31 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Жəндіктер – кішкентай көмекшілер

Мақсаты:жəндіктердің бəрі тірі жан иесі деген түсінік қалыптастыру: олар да тыныс алады, қозғалады, тамақтанады. Қарапайым тəжірибелік-зерттеу жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Табиғат əлеміне мейірімді болуға үйрету.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:«жəндіктер» тақырыбындағы суреттерді қарап шығу; слайдтармен танысу; дидактикалық ойындарға қатысу; жұмбақтардың шешуін табу; тақпақтар жаттау; серуен кезінде жəндіктердің тіршілігін бақылау.

Құралдар мен материалдар:жəндіктер, гүлдердің суреттері; балалардың санына қарай көбелек пен қоңыздардың маскасы (шапка). Көбелектердің даму сызбасы.

Сөздік жұмыс:жəндіктер, көбелектер, қанқыз, жұлдызқұрт.

Билингвалды компонент: көбелек – бабочка

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог тақпақтың көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

 

Балалардың тақырыпқа қатысты түсінігін нығайту.

Балалар, көктемде тағы кімдер ұйқыдан оянады?

Құмырсқа, шыбын, көбелек, ара мен қоңыздарды бір сөзбен қалай атаймыз? Жəндіктер.

Олардың көбінің қанаты болады. Сонда олар құс па? Неге? Осындай сұрақтарға жауап ала отырып, ҰОҚ-ның тақырыбы мен мақсатына болжам жасатады.

Бүршік шашып, жапырақ ашып, Даланы гүлдер басады.

Сұлу көктем есігін ашып, Шуағын бізге шашады.

 

Талқылайды. Білетін мəліметтерімен бөліседі.

 

Аю, кірпі, қоңыздар, қанқыз, көбелектер ұйқыдан оянады.

 

 

Олар ұя салмайды. Олардың қанаты жоқ.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Сұрақ қояды: Жəндіктер жанды əлде жансыз табиғатқа жата ма?

 

Балалардан сұрайды: Қоңыздар, шыбындар мен көбелектер ешқашан кішкентай болмайды. Олар өмірге бірден ересек болып келеді екен. Мысалы, көбелекті алып қарайық (Педагог көбелектің даму сызбасын көрсетеді). Ол  көп

жұмыртқа салды. Оның бір бөлігін

Дəлелдейді:Жəндіктер жанды табиғатқа жатады. Олар тыныс алады, қоректенеді, қозғалады, өседі, өледі.

 

Көбелектің даму сатыларын қайталайды: жұмыртқа – жұлдызқұрт – дернəсіл – көбелек.

Көбелектердің қанаттарында əдемі, нəзік тозаңдары болады. Егер көбелекті қолымызға ұстайтын болсақ ол кетіп

қалады. Көбелек ұша алмайды.  Қанаттары


 

құстар шоқып жеп кетеді, бір бөлігін құмырсқалар мен шыбындар алып кетеді. Бір бөлігі ғана аман қалады. Одан жұлдызқұрттар пайда болады. Уақыт өткеннен кейін жұлдызқұрт дернəсілге (қуыршаққа) айналады. Ол бір күні қозғалады, арқасындағы терісі жарылып қанат, содан кейін көбелек пайда болады. Көбелек қанаттарын қағып ұшып кетеді.

Көбелектің                        қоңыздан айырмашылығы неде?

 

– Құмырсқаларға назар аударады. Олар үнемі бір жаққа жүгіріп бара жатады. Шөп, ұсақ қиыршық тастарды аузымен тістелеп əкеле жатады. Əйтеуір бір тынбайды. Құмырсқалар өте тату, бірлесіп жұмыс істейді.

Балаларға серуен кезінде құмырсқалардың қайда баратынын бақылауды ұсынады.

Құмырсқалардың үйі – илеудің иллюстрациясымен танысу.

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

 

 

 

Өзекті мəселе:Жəндіктер өсіп, жетілуі үшін не қажет?

 

Өзекті мəселе: Қандай жəндіктер дұшпандарынан қорғанады? (Жəндіктердің    бояуының   түсіне назар     аудартады).     Шегірткенің түсі неге жасыл? Зауза қоңызы неге қоңыр түсті?

 

 

 

 

Педагог ойын ұйымдастырады.

жұмсақ əрі əдемі болады.

Қоңыздың    аяқтары,    қанаттары,    мұрты болады.

 

 

 

Иллюстрацияны   қарап   шығып,   илеудің неден жасалғанын анықтайды.

 

– Илеу бұтақтың сынықтарынан, шөптер мен ағаш қабыршақтарының сынықтарынан, құмнан жасалған. Мұның бəрін кішкентай еңбекқор құмырсқалар өздері аузымен тістелеп алып келген.

Құмырсқалар өте еңбекқор.

 

 

Бармақ болып жұмысқа, Қырға шықты құмырсқа, Тоңып кетіп аяғы, Қырға қайтып шығады. Ой-ой-ой,

Əне, аю келеді, Құмырсқаны көреді. Енді қайтып құтылар, Илеуіне тығылар.

 

        Жарық, жылу жəне су қажет.

Жəндіктерді құстардың көзіне түсетіндей етіп алаңқайға қояды.

        Қанқыз! Бұл қоңыздың түсі ашық. Ол шөпте, ағаштың қабыршағында бірден көзге түседі. Оны кез келген құс байқап қояды. Енді ол қайда тығылса болады? Бір қызығы, қанқызға тығылудың қажеті шамалы. Себебі оның өз құпиясы бар: бұл қоңыз дұшпандарынан өзі-ақ қорғана алады. Қауіп төнген кезде ол иісі жағымсыз сүт бөледі екен. Жағымсыз иіс мүңкіп тұрған соң, оны ешкім жемейді. Ол кəдімгі сиыр сияқты сүт береді. Оның қанаттарының түсі ашық қызыл болады. Яғни ол қауіпті, жеуге болмайды!

 

Балалар жасырылған нысанды табады.

П: Көгалда, шөптің арасында да, орманда да тіршілік етеді... Үстіндегі «киімі» қызыл түсті. Қара нүктелері бар. Біте мен шіркейлерді жейді. Алты аяғы бар. Бұл не болуы мүмкін?

Б: Қанқыз.


 

«Ол не?»: Педагог белгілі бір заттың тұратын жері мен құрамдас бөліктерін жасырады.

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу

Ермексаздан дөңгелектер жасап, оларды тиісті жерге жапсырады.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Педагог балаларға көбелектерді көңіл күй алаңқайына отырғызуды ұсынады.

 

Балаларды серуен барысында зерттеу жұмысын жүргізуге ынталандырып,            қоңыздарды бақылауға шақырады. Олардың жорғалап жүреді, кейбірі, тіпті ұшады. Көбелек ше? Оның ұшқанын, қанаттарын жинап, гүлге қонғанын, өрмелеп жүргенін тамашалайды. Содан соң балалардың назарын құмырсқаға аударуға болады. Ол қандай бөліктерден тұрады? Ал аралар гүлді қалай зерттейді екен? Олар гүлдің ішіне кіріп алып, оның нəрін сорады.

Балалар көбелектерді көңіл күй алаңқайына отырғызады: сары түсті көбелектерді көңілді алаңқайға, қызыл түстілерін көңілсіз алаңқайға отырғызады. Көңіл күйімен бөліседі.

 

Күтілетін нəтиже: айтады:жəндіктердің атауларын біледі;

түсінеді:көбелек пен қоңыздың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын;

қолданады: жəндіктердің тіршілігін бақылау қабілеті қалыптасқан.

 

№32 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Тұқымнан не өсіп шығады?

Мақсаты:асбұршақ, атбасбұршақ тұқымдары жəне оларды егу жолдары туралы түсінік қалыптастыру. Зейін қою, ойлау, сөйлеу қабілетін, қолдың моторикасын дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тəрбиелеу, табиғатты аялауға үйрету.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:қарапайым еңбекпен айналысу; терезе алдындағы бақшаны бақылау; тақырыпқа қатысты фотосуреттер мен бейнематериалдарды қарау; иллюстрацияларды қарап шығу.

Құралдар мен материалдар:өндірілген бұршақ, бұршақ собықтарының суреті, бұршақ тұқымы, топырақ салынған жəшік, топырақты қопсытатын таяқшалар, су құятын ыдыс, тұқым егу сызбасы. «Тұқым» деген жазу. Сөреде түрлі қорапшаларға ағаш, гүл, тұқым, жеміс үлгілері. Целлофан қаптарға түрлі тұқымдар мен өсімдіктің суреттері салынған.

Сөздік жұмыс:берік, тегіс бұршақ дəні, атыз, топырақ салу.

Билингвалды компонент: тұқым – семена

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті


Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог жұмбақ оқиды.

 

Тар үй екіге жарылды, Ішінен жасыл моншақтар шашылды.

 

Педагог                     балалардың жауаптарын мұқият тыңдайды. Бəрі бұл бұршақ деген қорытындыға келеді. Бұршақ дəндері тұратын «үйдің» – собық деп аталатынын түсіндіреді. Содан соң балалардан «Бұршақтың егіс алқабында қалай өсетінін білгілерің келе ме?» – деп сұрайды.

 

 

Шешуі: бұршақ.

 

 

 

 

ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады. Танымдық үдеріске белсенді түрде атсалысады.

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Балаларға интерактивті тақтаға назар аударып, бұршақтың өсу фазаларымен танысуды ұсынады. Педагог əр слайдты түсіндіріп отырады. Содан соң тақпақ оқиды.

Балалар бұршақтың өсу жолдарын атап өтеді: тұқым, өскін, үлкен өсімдік, жемісі бар өсімдікке айналады.

 

 

 

 

Талқылайды, өздерінің көргендерін ортаға салады.

 

 

 

 

Бұршақты топта өсіруге болатынын айтады.

 

 

Секіреміз топ-топ, Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай: бiр, екi, үш, Иiлемiз солға қарай: бiр, екi, үш.

(Балалар мəтінге сай жаттығулар жасайды).

 

Балалар бұршақты қарап шығады. Оның пішінін (домалақ) атап өтеді. Сипаттайды: қолмен ұстағанда тегіс, дөңгелек, оны айналдыруға болады. Ол доп сияқты домалақ, күнге, кəмпитке, дəрумендерге ұқсайды. Бұршақтың түсі жасыл.

 

Содан кейін балалар өндірілген, өскіні бар бұршақпен   танысады.   Түсіндіреді: бұған

дейін  бұршақ  қап-қатты,  тегіс,  жұмыр

 

Дəп-дəмді бұршақ, Таңдайым тақ-тақ.

 

Содан кейін бұршақтың балалар мен ересектерге не үшін қажеттігін сұрайды.

Педагог бұршақты шикілей жеуге болатынын, салатқа салатынын, одан сорпа пісіретінін, құтыға салып консерві жасайтынын айтады. Оны топта өсіруге бола ма?

 

Сергіту сəті

 

 

 

Қаптан      тұқым      алып,      оның зерттеуге шақырады? Бұл не?

 

 

 

Өндірілген,         өскіндері         бар бұршақтарға назар аудартады.


 

 

тұқым болатын. Енді бір шетінде өскін пайда болыпты. Ендеше «біздің бұршақтарымыз – жанды жəне жеміс

береді».

Қарапайым еңбекпен айналысу. Педагог       балаларды       топырақ салынған жəшік пен суға салып өндірілген     бұршақ     тұқымдары тұрған үстелге шақырады. Бұршақ егу     туралы     ұсыныс    жасайды. Педагог       кішкентай       шұңқыр жасайды.     Өзінің     іс-əрекеттерін түсіндіріп отырады. 3-4 баладан

«шұңқыр» сөзін қайталауды сұрайды.

Содан кейін шұңқырларға тұқым салып, топырақпен жабады. Балалардан не істеп жатқанын жəне əрі қарай не істеу керектігін сұрайды.

Педагог балалардың жауаптарын тыңдайды. Енді топыраққа су құю керектігін айтады.

Бұршақтар «тоңып» қалмас үшін жəшікті жұқа үлдірмен жауып, табиғат бұрышына қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар педагогтің айтуы бойынша бір-бір бұршақтан алып, шұңқырға салады.

 

 

 

Балалар педагогтің көмегімен су құяды.

 

Өзекті     мəселе:      Тағы     қандай нысандар тұқымнан өсіп шығады?

 

Үлестірмелі           материалдармен жұмыс істеу

Тұқымнан өсіп шығатын көгөніс пен басқа да дəнді дақылдарды түрлі түсті қарындашпен белгілейді (қияр, асбұршақ, қызанақ, қарбыз).

 

Тағы бір нұсқа

Балаларды «Тұқымдар» дүкеніне шақырады.

Педагог тұқым сататын дүкен ашуға шақырады. Дүкенде төрт бөлім бар. Əр бөлімге бір дүкеншіден таңдап алады.

Ойын барысында сатып алушы-балалар сатушы-балаларға барып өзінің қандай кəсіппен айналысатынын айтады: гүл өсіруші, бақша салушы, көгөніс өсіруші, орманшы. Содан соң белгілі бір өсімдікті сипаттап, оны егу жолдарын түсіндіреді (мысалы, бір-бірлеп атызға шұңқырға салады, «себелейді», көшетпен егеді).

Сатушы-балалар соған қарап керекті өсімдіктің тұқымын сатады.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Күн жарқырай түсті. Енді бұршақтар «тоңбайды». Олар жылынған соң тезірек өсіп шығады.            Құмыраларымызды

«жəшік) терезенің алдына, күннің көзі түсетін жерге қойып, күн сайын бақылау жүргіземіз.

Балалар смайлды (күліп немесе мұңайып тұрған) таңдап алады, ненің ұнап, нені орындау қиынға соққанын анықтайды.

 

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін

 


 

смайлдар) көңіл күйін білдіруге шақырады.

 

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:жемістер мен көгөністердің, ағаштар мен гүлдердің атауларын біледі;

түсінеді:өсімдіктің тұқымнан қалай өсіп шығатынын түсінеді;

қолданады: қарапайым еңбек ету жолдарын біледі.

 

№33 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Құм жəне сазбалшық.

Мақсаты:құм мен балшықтың қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру. Тəжірибелік жұмыстардың қарапайым тəсілдерін үйрету. Өлі табиғатқа деген қызығушылығын ояту..

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:серуен кезінде құммен ойнау; тақырыпқа қатысты сюжеттік суреттерді қарап шығу: «Балалар қыдырып жүр»; дидактикалық ойындар:

«Үлкен-кіші», «Себетке жина»; табиғат аясында бақылау жүргізу; ересек топтағы балалардың ойынын сырттай бақылау.

Құралдар мен материалдар:əр балаға екі құтыдан (қызыл белгі салынғанына – құм, көк белгі салынғанына – балшық), таяқшалар, қол сүртетін майлықтар, шұңғыл ыдыстар.

Сөздік жұмыс:құм – сусылдақ, қозғалады, борпылдақ, құрғақ, дымқыл, жабыспайды.

Балшық – тығыз, сусылдамайды, ылғал, жабысады.

Билингвалды компонент: құм – песок

 

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

 

 

 

 

Балалардың назарын қос құтыға аударады. Оларда не бар? Құм мен сазбалшық.

Өзекті мəселе: Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

Балаларды зерттеу жұмысына қатысуға шақырады.

Табиғат – біздің анамыз, Жер-ана – біздің панамыз. Таза болса табиғат

Біз де аман боламыз. Мен жерімді сүйемін Мен жерімді сүйемін, Жеріме дəн себемін.

«Ауа таза болсын», – деп, Жылда ағаш егемін.

 

Анықтайды: Бұл топырақ пен сазбалшық. Балалар ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады.

 

Ізденістік-

Педагог құм мен сазбалшықтың сусылдақтық қасиетін тексеріп көруге шақырады.

Қызыл жолақ салынған стақанды алады. Ондағы құмды ыдысқа ақырын төгеді. Құм төгілді. Содан соң көк жолақ салынған


ұйымдастыру-

 

стақанды алады. Оны да екінші ыдысқа төгіп көруге тырысады. Балшық құм сияқты сусылдап төгілмей, бірден құлап түсті.

 

Педагогтің қимылын бақылайды: ол алдымен құм салынған құтыға үрлейді. Үрлеген кезде құм түйіршіктері жеңіл əрі жылдам қозғалды. Содан кейін сазбалшық түйіршіктері салынған құтыға үрлейді. Олар құм түйіршіктері сияқты тез əрі оңай қозғалмайды.

 

 

Балалар өз бетінше тəжірибе жасап көреді: құм жеңіл ұшады, ал балшық ұшпайды.

 

 

«Топырақ-сазбалшық»                    ойынына қатысады. Ойын педагогтің белгісі бойынша басталады. «Жел соғып, құм түйіршіктері ұшып кетті» деген кезде балалар жан-жаққа бытырап қашады. Ал

«Енді біз сазбалшық түйіршіктеріне айналдық» деген кезде, балалар шеңбер құрап тұрады жəне ақырын жүреді. 2 рет қайталайды.

 

Кішкентай таяқшаларды алып алдымен құмға, кейін сазбалшыққа тығып көреді. Құмға ағаш егу оңай. Себебі  ол борпылдақ. Ал сазбалшық тығыз, құрғақ жəне қатты. Сондықтан оған таяқты тығу қиындау.

 

Тəрбиеленушілер құмнан кəмпит жасап көреді. Ол шашылып қалады. Ол үшін құмға су құю қажет деп топшылайды (су құйылған стақандарды таратып береді, балалар құмға су қосады). Су құмға сіңіп кетті. Кəмпиттерді кептіру үшін күн көзіне қояды. Сазбалшықтан жасап көреді. Кəмпит жасау оңай. «Ендеше балшық жақсы жабысады, ал құм жабыспайды» деген ой түйеді.

 

Кесе неден жасалған? Құмнан ба əлде сазбалшықтан ба? Неге? Оны гуашьпен бояйды.

шылық

 

 

 

Балаларға қорытынды жасауға көмектеседі: құм сусылдақ, ол оңай төгіледі, кішкентай түйіршіктерден                                               тұрады. Ал сазбалшық бір-біріне жабысып қалып, түйіршіктер пайда болады жəне оны құм сияқты төгу мүмкін емес.

 

 

Педагог           балаларды           құм түйіршіктері мен сазбалшық түйіршіктерінің             қозғалысын бақылауға шақырады.

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмыстарын жалғастыруды ұсынады: Құм мен сазбалшықтың тағы қандай айырмашылықтары бар екен?

Балалардан көз алдарына кішкентай тал егіп жатқанын елестетулерін сұрайды.

 

Балаларды құм мен топырақтан кəмпит жасауға шақырады.

 

 

 

 

 

Үлестірмелі            материалдармен жұмыс істеу.


Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Балаларға зерттеу жұмысынан кейін, олардың ақыл-ойлары толығып ақылды болғандарын айтады, мақтайды.

Көңіл күйін білдіреді. Өздерінің жұмысына баға береді. Алған əсерлері жайлы əңгімелейді.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:жансыз табиғаттағы нысандардың атауларын біледі;

түсінеді:құм мен сазбалшықтың қасиеттерін;

қолданады: ойын кезінде зерттеу жұмысын жасау жолдарын біледі.

 

№34 ҰОҚ

 

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Бақбақ пен қызғалдақты салыстыру

Мақсаты: көктемнің алғашқы гүлдері туралы түсінік қалыптастыру; олардың негізгі бөліктерінің атауларын дұрыс атауға үйрету. Есте сақтау, байқампаздық жəне ойлау қабілетін дамыту. Балаларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға мейірімді болуға, қоршаған ортаның сұлулығын қызықтай білуге үйрету.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: көктемде табиғатта болатын өзгерістерді бақылау. Бақбақ бейнеленген суреттерді қарап шығу. Бақбақ туралы тақпақтар жаттау. Бақбақтың суретін салу. Бақбақтың өсу кезеңін бастан-аяқ бақылау.

Құралдар мен материалдар:бақбақ пен қызғалдақтың суреттері немесе фотосуреттері, көктемнің алғашқы гүлдерінің қиынды суреттері (бəйшешек, өгейшөп, қызғалдақ, бақбақ), гүлдің құрылысы, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаш.

Сөздік жұмыс:гүлдер, бақбақ, қызғалдақ, алғашқы гүлдер.

Билингвалды компонент: бақбақ – одуванчик

 

ҰОҚ

кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог «Гүлдер» атты экологиялық тренингтің көмегімен алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

Жұмбақтарды оқиды, ұйқас сөздер жұмбақтардың шешуі болатынын айтады. Балаларға көмек көрсетеді.

 

 

 

 

Балаларға гүлдеп тұрған ағаштар мен бұталарды көрсетеді. Алма ағашы неге ақ көйлек «киіп алған»? Мамыргүл мен                   мойылдың            гүлдегенін тамашалайды гүлдерінің түсін (ақ, ақшыл көк түс) атайды.

Гүлдердің исі бар ма? Көктемде тағы не гүлдейді?

Өздерін шалғындағы гүл ретінде елестетеді. Көңіл күйлерімен бөлісіп, бір-бірімен амандасады. Танысады.

 

 

Жұмбақты шешеді:

 

Шалғында тұр аппақ, Үлбіреген ... (бақбақ).

 

Қып-қызыл боп жалындап, Қырда өсер ... (қызғалдақ).

 

Танымдық үдеріске белсенді түрде атсалысады. Диалогке қатысады.


 

Балаларды           алдағы          жұмысқа дайындайды.

 

 

Ізденістік- ұйымдастыру- шылық

Педагог балаларға көктемнің алғашқы гүлдері жайлы əңгімелеп береді.

Көктем келді. Күн сəулесін шашып, жылуын төгіп тұр. Құстар сайрап, əр жерде қар еріп жатыр. Көктем келгеннен кейін орманда, шалғында ғажайып өзгерістер болады: көктемнің алғашқы гүлдері пайда болады.

 

Балаларды бақбақ туралы əңгіме құрастыруға шақырады.

Əңгімені үлгімен сүйемелдеп отырады.

 

Бақбақтың күлтелері қандай? Ол неге ұқсайды?

 

 

 

 

 

Осы үлгіде балаларға қызғалдақ туралы                        əңгіме            құрастыруға көмектеседі.

Екі гүлдің де жанды табиғат бөлігі екенін екенін дəлелдеуге мүмкіндік береді.

 

 

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Гүл құрастыр» дидактикалық ойынын ұйымдастырады.

 

Балалардан сұрайды: Кейін бақбақтың неге айналатыны кімнің есінде қалды? (Көйлегін ауыстырады).

Суреттерді қарап шығады. Өздеріне таныс гүлдердің атауларын атайды.

– Бақбақ, қызғалдақ.

 

 

 

 

Үлгі жауаптар:

Күн даланы қыздырып тұр. Қар еріді, жер қанып су ішті. Одан жапырақтар                                   өсіп            шықты. Жапырақтан сабақ шықты. Кейін гүл ашты.

 

Бақбақтың сабағы ұзын, жіңішке, тегіс, түтікшеге ұқсас. Ол сынғыш келеді. Бақбақтың жапырақтары жасыл түсті, жұмсақ. Пішіні шыршаға ұқсайды. Жапырақтарының шеті кесілген.

 

Бақбақ гүлінің пішіні мен түсін анықтайды. Гүлдің бөліктерін еске түсіреді: тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі.

 

Гүлдің пішіні мен түсі туралы əңгімелейді. Өсімдіктің бөліктеріне тоқталады. Гүлдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап өтеді.

 

Балалар, бір сəт біз де гүл болып жайқалып тербелейікші.

Шаршағанда ырғалып, (балалар орындарынан тұрып, жаймен тербеліп тұрады).

Гүлге ұқсап дем алам (отырады). Қанатымды бір қағып (қолдарын жоғары көтереді).

Гүлдей болып жайқалам (қолдарын жоғары көтереді).

 

Балалар орындарына отырады. Педагог кесілген суреттерден көктемнің алғашқы гүлдерін құрастыруға шақырады. Балалар бөлінген бөліктерден тұтас сурет құрастыруы тиіс.


 

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу

 

Өсімдіктердің өсуіне не көмектеседі? (Күн, жауын).Суретті аяқта.

 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Серуенде жүрген кезде балаларды қызғалдақ пен бақбақты үлескіде өсіп тұрған ағаштармен салыстырады.

 

Күн сəулесі төгілгені əдемі, Алуан түрлі қызыл гүлдер əдемі.

Сылдыр қаққан мөлдір су да əдемі. Биік-биік шыңдарым да əдемі.

 

Тəрбиеленушілерге өз көңіл күйлеріне сай гүл (смайл) таңдап алуды ұсынады.

Рефлексивтік бағалауға қатысады. Өздерінің көңіл күйлерін анықтайды: көңілді, көңілсіз, …

 

Күтілетін нəтиже:

айтады: гүлдердің атауларын, олардың құрылымын біледі;

түсінеді:гүлдердің өзіне тəн ерекшеліктерін;

қолданады: табиғатқа қамқорлықпен қарайды.

 

№35 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Көк майса шөп

Мақсаты:шөп пен гүлдейтін шөптесін өсімдіктер туралы түсінік қалыптастыру. Қарапайым тəжірибе-зерттеу жүргізе білу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың экологиялық сана-сезімін дамыту.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:«Өсімдіктер» тақырыбындағы суреттерді қарап  шығу, бейнематериалдар көру, балабақша аумағында серуендеу, қарапайым тəжірибелер жасау.

Құралдар мен материалдар:иллюстрациялық материал, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті қарындаш.

Сөздік жұмыс:шөп, биік, аласа, тегіс, жібектей жұмсақ, жасыл, дəрілік шөптер.

Билингвалды компонент: шөп – трава

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық

қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру- қызығушылық- тарын ояту

Педагог алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады. Балаларды балабақша ауласына серуен жасауға шақырады.

Педагогтің өтініші бойынша табиғаттағы жаңадан болған өзгерістерге тоқталады.

Əр ағашқа жан біткенін атап көрсетеді.

 

 

Жұмбақтың шешуін табады:

 

Жұмбақ жасырады жəне «Бүгін нені зерттейміз?» – деп сұрайды.

 

Көк майсадай жайқалған, Көк кілем төселді.

Жұп-жұмсақ, əдемі Өсімдік көбейді.      (Шөп)

 

 

Өтіп     жатқан      сабаққа      қызығушылық


 

 

танытады.

 

Ізденістік-

Балабақша     ауласындағы     шөпті зерттеуге шақырады.

Аяқ астында өсіп жатқан шөпке назар аударады. Шөп көп екен. Шөптің түсі жасыл екенін айтады. Өсімдіктің бөліктерін қарастырады. Шөптің қалай өсетініне көңіл бөледі. Сабағының қалың- жұқалығына назар аударады. Шөпке қарайды: жапырақтары, сабағы бар, неге тамыры көрінбейді? Тамырлары топырақтың астында жатыр. Олар шөпті ұстап тұрады. Сондықтан шөп құламайды. Шөпті алақандарымен сипап көреді: жұмсақ.

 

 

 

 

 

Кекіре гүлінің суретіне қарап, оны сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

– Жұлуға, таптауға болмайды.

 

 

 

Суреттерді қарап шығып, іріктейді: сиыр, ешкі, қой, жылқы…

 

«Қоян» (рөлін ойнайтын) балалар ағаштар мен бұталардың арасына тығылады. Төңіректе «қояндарды» «қасқыр» аңдып жүреді. «Қояндар» көгалға жүгіріп шығады, секіріп ойнайды. Педагогтің:

«Қасқыр келе жатыр!» деген белгісінен кейін «қояндар» тым-тырақай қашып, ағаштар мен бұталардың арасына жасырынады. «Қасқыр» оларды қуып жетуге тырысады. Ойында мына тақпақты пайдалануға болады:

ұйымдастыру- шылық

Шөп – көктемде ең алғашқы қылтиып шығатын өсімдік. Естеріңде болса, біз бір серуенге шыққан кезде қардың еріп, қары еріген жерлерде көк шөп пайда бола бастағанын көріп таңғалған едік. Ал күн қарды ерітіп жібергені сол еді, біздің балабақша ауласы көкпеңбек болып, жасыл шөптен көрпе жамылды.

 

Гүлдейтін шөптесін өсімдіктерге назар аударады. Кекіре (василек) гүлін көрсетеді.

Кекіре – гүлі көгілдір түсті өсімдік. Жол бойында, шалғында өседі.

Əрбір шөптесін өсімдіктің гүлі болады. Өсімдіктердің бəрі де гүлдейді. Бірақ біз оларды көре бермейміз            немесе            көңіл аудармаймыз.

 

Балалардан          шөпке          қалай қарауымыз керектігін сұрайды.

«Түс»,       «биіктік»,       «ұзындық»

түсінігін нығайтады.

 

Өзекті мəселе: қандай жануарлар шөппен қоректенеді?

 

Сергіту сəті


 

 

Ұзын құлақ сұр қоян: топ-топ-топ. Шалғында жүр сайрандап: топ-топ-топ. Құлағыңды түр, қоян!

Сұр қасқыр жүр, қаш, қоян!

 

Балалар мəтінге сай қимыл жасайды. Мəтін       аяқталған       кезде       «қасқыр»

«қояндарды»    аулауға    кіріседі.    Басында

«қасқырдың» рөлін педагог орындайды.

«Емдік            шөп»            түсінігін

қалыптастыру.

(Балабақша аумағында өспейтін шөптің суретін көрсетуге болады). Əңгімелеп береді: «Жолжелкен – жол бойында өте көп өсетін шөп. Сондықтан сен оған көңіл де бөлмейсің. Оны жолдың шетінде де, сүрлеуде де, орманда да, далада да кездестіруге болады. Адам жүретін жердің бəрінде

жолжелкен өседі».

 

 

Балалар жолжелкен шөбімен танысады. Жолжелкен жолдың жиегінде, үйлердің қасында, көгалдарда өседі. Сондықтан да оны жолжелкен деп атайды. Ол жараны өте жақсы жазады.

 

Үлестірмелі            материалдармен жұмыс.

Шөппен             жейтін             жануарларды

қарындашпен сызып көрсетеді.

 

Рефлексивтік-

Шөптің пайдасы туралы айтып, оларды да бостан-босқа жұлуға, таптауға болмайтынын айтады.

Сабақты       қорытуға       қатысады.       Өз жұмыстарына баға береді.

түзетушілік

 

 

кезең

Сабақ           барысында           қалай өскендерін,           ақыл-ойларының қалай толысқанын көрсетулерін

сұрайды.

Қолдарын жоғары көтеріп созады. Өздерін

шөпке       теңейді.      Ақылдарына      ақыл қосқандарын айтады.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:гүлдейтін өсімдіктердің атауларын атайды, таниды;

түсінеді:табиғаттағы қорек тізбегі туралы;

қолданады: табиғатта бақылау жүргізу жолдарын біледі.


№36 ҰОҚ

 

Білім беру саласы: Таным. Əлеумет Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: Табиғатты қорға!

Мақсаты: адамдардың табиғатқа қалай көмектесе алатынын еске түсіру. Ойлау, қиялдау қабілетін дамыту. Əлсіздерге, қорғансыздарға көмектесу, табиғатты аялауға деген құштарлығын нығайту.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары:мақсатты серуендер, балабақша аумағында серуен ұйымдастыру, тақпақтар жаттау, жұмбақтардың шешуін табу, дидактикалық ойындар ұйымдастыру, «Жанды, жансыз табиғат» тақырыбындағы суреттер.

Құралдар мен материалдар:суреттер.

Сөздік жұмыс:көмек, табиғат, жанды, жансыз.

Билингвалды компонент: балабақша – детский сад

 

 

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің басқарушылық қызметі

(əдіс, тəсілдер)

 

Балалардың іс-əрекеті

Ынталандыру-

қызығушылық-

Педагог алдағы ҰОҚ-ға қолайлы көңіл күй орнатады.

 

Гүлім, гүлім, өсе бер, Əдемі боп, асыл боп. Күндей жайнап кете бер, Қызыл, сары, жасыл боп.

 

 

 

ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады. Заттардың жанды немесе жансыз екенін дəлелдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғатты қорғау керектігін өздерінің түсініктері бойынша дəлелдеп айтады.

тарын ояту

 

 

Табиғаттағы өзгерістерге назар аударады. Балалардан сұрайды: Бізді не қоршап тұр? Олардың қайсысы жанды? Неге олай ойлайсыңдар? Балалармен жанды нысанның белгілерін талқылайды (тыныс алады, өседі, тамақтанады, қозғалады).

Балаларға жанды нысанның қасына баруды ұсынады. Бөлмедегі гүл (жапырақтарымен) тыныс алады, өседі (жоғары қарай), қоректенеді (тамырымен су ішеді). Ал доптың жаны бар ма? Жоқ. Неге? (Допты бір қолдан екіншісіне ауыстырады). Ол орын ауыстырды ғой? (Балалардың жауаптары мен пікірлерін тыңдау).

Өзекті мəселе: Табиғатты қорғау керек пе? Не үшін?

 

Ізденістік- ұйымдастыру-

Балалардың    бұрын    білгені    мен тəжірибесіне сүйенеді.

Ағаштар мен бұталарға қалай күтім жасау керектігін еске түсіреді. Құстарды ренжітуге бола ма? Оларға қамқорлық жасайтынын түсіндіреді.

шылық

Педагог балалардың назарын табиғатқа аударады. Табиғат тек балабақша ауласы емес. Оған орман да, дала да, көгалдар да, таулар мен өзен-көлдер де, бір сөзбен айтқанда

өсетін тіршілік иесінің бəрі жатады.

 

 

 

 

Талқылайды.      Орманда      не      өседі?


 

Орман         жайлы         əңгімелесуге шақырады.

 

Балаларды əңгімеге тартады: Табиғатты елдің бəрі қорғай ьермейді екен. Бағалы ағаштарды шауып, сирек жануарларды өлтіретін адамдар бар. Ал туристердің орманға келтіретін залалы қанша! Ағаштардың бұтақтарын сындырады, гүлдерді жұлады, ішкен-жегенін тастап, қоқысын шашып кетеді, алау жағып, оны сөндірмейді. Одан өрт шығады. Ал өртенген орманнан көпке дейін тіршілік белгісі білінбейді.

Бұл өмірде бəрі бір-бірімен тығыз байланысты: адамның өмірі орман мен онда тіршілік ететіндердің өміріне тығыз байланысты.

Қосымша мəлімет

Ал орманды онда мекендеушілер қорғайды:

-          əр     жапалақ     жылына     1000

тышқан аулайды;

-       көкектің тəбеті күшті: ол 1

сағатта 100 жұлдызқұрт жейді;

-     құмырсқа илеуінде бір күнде бір килограмм зиянды жəндік желінеді.

 

Сергіту сəті

 

 

 

 

Қызыл кітап туралы бейнефильм көрсетеді.

Сирек кездесетін жануарлар, өсімдіктер мен жəндіктер қызыл кітапқа енгізілген. Оларды ұстауға, аулауға тыйым салынған. Олар арнайы қорықтарда өсіріледі.

Табиғи қорықтарда ағаштарды кесуге, шөп шабуға, гүлдерді жұлуға болмайды.

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу

Орманда мекендейтін жануарларды ата. Орманның пайдасы қандай?

Орман – бұл таза ауа, ылғал жəне құрылыс материалы.

Орман – ол отын.

Орман – жидектер, саңырауқұлақ пен жаңғақтар өсетін жер. Сондықтан орманды көздің қарашығындай сақтау қажет.

 

 

 

 

 

Қорытынды жасайды:

Орман – таза ауа, ылғал əрі көлеңке. Орман – жаңғақ, жидек, саңырауқұлақ т.б. азық-түлік өсетін қойма.

Орман – жəндік, құстар мен аңдар мекендейтін орта.

 

 

Қосымша мəліметті тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

Таңертең көбелек оянды, тартылды, Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды, Аз ғана айналып, барлығына күліп, Қайта гүліне оралды.

 

 

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың, құстар мен өсімдіктердің суреттерін қарап шығады (визуалды танысу).

 

 

 

 

Мнемокестенің       көмегімен       жанды табиғат бөлігі туралы əңгімелейді.


 

Рефлексивтік- түзетушілік кезең

Сабақты қорытады: Біз бүгінгі сабақта не жайлы əңгімеледік? Қандай жаңалықтар туралы білдік?

Көңіл күйін білдіреді. Өздерінің жұмысына баға береді. Алған əсерлері жайлы əңгімелейді.

 

Күтілетін нəтиже:

айтады:жанды жəне жансыз табиғат нысандарының атаулары; түсінеді:адамдардың табиғатты сақтаудағы рөлін; қолданады: қарапайым экологиялық мінез-құлық ережелері.


 

 

Пайдаланылған əдебиеттер

1.        Мектепке дейінгі тəрбие жəне білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан республикасы Үкіметінің қаулысына қосымша,13-мамыр, 2016 жыл

№ 292).

2.        Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Астана,2016 жыл.

3.        Балалардың жаңа энциклопедиясы, Алматыкітап баспасы, 2012 жыл

4.    Балдырған журналдары, 2008, 2010, 2015, 2016 ж.

5.        1001 идея по качественному раннему воспитанию: Пособие для  воспитателей/  авт.: Мария Вранчеану, Татьяна Туркинэ, Ольга Косован и др., национальный центр раннего развития и информирования среды, 2010. – 232.

6.        Т.Н.Андриянова, И.Я. Гуткович, О.Н.Самойлова, Учимся системно думать: сборник игровых заданий по формированию системного мышления дошкольников, Ульяновск, 2001. - 52 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................................................... 3

Жаратылыстану                    ҰОҚ-сы                    бойынша                     перспективтік жоспар............................................................................................................................................ 6

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық карталары........................................ 10

Пайдаланылған əдебиеттер................................................................................................. 101


Оқулық басылым     Учебное издание

Бритвина Елена Владимировна Яндулова Татьяна Леонидовна


 

 

 

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ

 

Əдістемелік нұсқау

Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші (3–4

жас) топ педагогтеріне арналған

 

Əдіскер Б.С. Тажинова

Редактор М.Қ. Солтанғазина

 

Басуға 14.07.2017 ж. қол қойылды. Пiшiмi 60х84 1/8. Əрiптүрi «TimesNewRoman». Таралымы 500 дана. Тапсырыс № 1613.

Сапасыжөніндемынамекемегехабарласыңыз:

Қазақстан Республикасы,

«Алматыкiтап баспасы» ЖШС, 050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111-үй, тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10.

e-mail: alkitap@intelsoft.kz

Сапа жəне қауіпсіздік стандарттарына сай. Сертификация қарастырылмаған. Сақтау мерзімі шектелмеген.


 

 

ЕСТЕСТВОЗНАНИЕ

 

Методическое руководство

для педагогов второй младшей группы (3–4 года) по Типовой учебной программе

дошкольного воспитания и обучения

 

Методист Б.С. Тажинова

Редактор М.К. Солтангазина

 

Подписано в печать 14.07.2017 г.

Формат 60х84 1/8. Гарнитура «TimesNewRoman».

Тираж 500 экз. Заказ № 1613

С претензиями по качеству обращаться: Республика Казахстан,

ТОО «Алматыкiтап баспасы»

050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111,

тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10.

е-mail: alkitap@intelsoft.kz

Соответствует всем стандартам качества и безопасности. Сертификация не предусмотрена.

Срок годности не ограничен.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Күнтізбелік тақырыптық жоспар "Жаратылыстану 3-4 жас""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 637 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.03.2018 7913
    • DOCX 234.6 кбайт
    • 30 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жамбарова Роза Каиркеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жамбарова Роза Каиркеновна
    Жамбарова Роза Каиркеновна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 38302
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя по реализации программы воспитания в образовательной организации

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 486 человек

Курс повышения квалификации

Личностное развитие дошкольника в социальной среде в условиях реализации ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 425 человек

Курс повышения квалификации

Игропедагогика для современных родителей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов