«Айналайын» II-ші кіші тобының
ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Күні:05 .04 .2018
Тәрбиеші:
Әлімханова А.Қ
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып:«Табиғаттың
гүлдеуі»
Тақырыбы: «Аялайық гүлдері»
Мақсаты:
1. Тәрбиелік
Табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу
2. Дамытушылық
Балалардың гүлдер туралы түсініктерін дамыту
3. Оқыту Гүлдермен таныстыру,олардың
бөліктерін атай білуге, қажетті сөздермен сөз тіркестерін қолдануға үйрету
Педагогикалық технологиялар:түсіндіру,сұрақ –
жауап,
Ресурстармен қамтамасыз ету : дидактикалық
ойын үлгілері, бөлме өсімдіктері, отырғызылатын материалдар, шелек құмымен,
таяқшалар, су құйғыш суымен, қалақтар, клёнкалар, алжапқыштар.
Билингвальдық компонент: гүлдер-цветы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
Ұйымдастырушылық кезеңі:
1Тыныс
алу жаттығуы
2«Гүлді
көбелекке қондыру».
Негізі бөлім:
1
Түсіндіру
Көктем
жылдың ең тамаша мезгілі.
Көктемде жер жыртады, егін, бау – бақша егеді.
Ағаштар бүршік жарып, гүлдер, шөптер шығады.
Көбелектер, аралар, шегірткелер ұйқыдан оянып гүлден – гүлге қонып хош
иісімен, тозаңдарымен қоректенеді.
Қар астынан ең алғашқы болып бәйшешек шығады.
Көктемде қызғалдақ, бәйшешек, бақ - бақ, жауқазын, т. б. гүлдер өседі.Бұл
гүлдер дала гүлдеріне жатады. Дала гүлдерінен сабын, сусабын, денеге арналған
майлар, әтірлер әртүрлі заттар жасалынады.
2 Билингвальдық компонент: гүлдер-цветы
3
Сергіту сәті
Үлбіреген
бақбақ,
Үлпілдеген аппақ.
Уф! – десем, бақбақ,
Ұшасың ғой қаптап.
-
Ал балалар біздің топта қандай гүлдер бар? (Балалар гүлдерді атап айтады).
4 Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»
(Дала гүлдерін атағанда орындарынан тұрады, бөлме гүлдерін атағанда қол
шапалақтайды).
- Ал сендер қандай бөлшектерден тұратынын білесіңдер ме?
- Ал жақсы өсу үшін не қажет?
- Тағыда не қажет?
5 Тәжірибе: Гүл отырғызу
Қорытынды:
1
Дидактикалық ойын: «Жалғастыр».
2Дидактикалық ойын: «Сөйлем құрастыр»
3Суреттен балалар сөйлем құрайды. Гүлдің пайдасын айтады
Мадақтау.
Сұрақтар қою арқылы қорытындылау.
.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.