Инфоурок Математика КонспектыКонспект на тему " Сын түрғысынан ойлау технологиясы"

Конспект на тему " Сын түрғысынан ойлау технологиясы"

Скачать материал

Зерттеу тақырыбы:

 

 

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы 5-сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылығын арттыру

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     2012 жыл

 

 

 

 

 

 

      Зерттеудің негізгі  мақсаты: Оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға үйрете отырып математика пәніне деген қызығушылығын арттырудың жолдарын қарастыру, олардың  тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру, айқындау.

Зерттеу жұмысының нысаны – сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

      -оқушылардың сыни тұрғыда ойлауға үйрету дағдысын қалыптастыру;

      -пәнге деген қызығушылығын арттыруда жаңа технологияларды пайдалану;

      -оқушыларды ынталандырудың жолын, тәсілін қарастыру;

      Өзін-өзі бағалай білулерін арттыру.

Зерттеген ғалымдар: Чарльз Темпл, Куртис Мередит, Выготский, Пиаже, Д.Клустер, Джон Дьюи, Селестен Фринти, Паола Фриери, Бутенко А.В.,Ходос Е.А. және  отандық ғалымдар. 

 

     Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының  қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін  ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен  бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге  қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор. Сыни ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни  ойлау көбінесе қарсы шығуға немесе баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуды, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқа да сынилыққа баулуды білдіреді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 22 б.)

 


«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады:
- Шақыру
- Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну)
- Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы)

Мұнда сабақтың базалық үлгісі туралы айтылып отыр. Бірақ сабақта барлық үш кезеңді іске асыру мүмкін емес, мысал үшін, бір сабақ толығымен шақыру түрінде немесе т.б. болу керек.

«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша мақсаттары мен  тәсілдерінің мәліметтер кестесі: 

Кезеңдері

Шақыру

Іске асыру

Рефлексия

Мақсаты

- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету.
- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету.
- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру.
- Оқу іс әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою.

- Оқып үйренушімен жаңа білімді алу.
- Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру және білімдерін жүйелеу.
- Жұмыс тәсілін ақпаратпен үйрену.
- Шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау.

- Жаңа білімді беру.
- Пән туралы бүтіндей көрініс жасау.
- Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою.
- Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін-өзі бағалау бойынша жұмысы.

Тәсілдері

- «Миға шабуыл» 
- Болжам (сурет, портреті бойынша)
- Қажетті сөздер бойынша болжам
- Альтернативті тест (дұрыс  немесе дұрыс емес пікірлер)
- Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы
- Кластер
- Кесте «Б–Б–Б»

- insert әдісі бойынша белгілеумен мәтінді оқу
- Астын сызу арқылы қажетті сөздерді көрсету

- insert таңбалау кестесі
- Шығармашылық жұмыс – синквейн
қажетті сөздерге,дұрыс және дұрыс емес пайымдауға  қайта оралу.  
- Досына хат жазу, күнделік жүргізу.
- Қажетті сөздерден кластерді бітіру.
- Шатысқан қисынды тізбектер

Нәтижелер

- Маңызды тәжірибе
- Белсендірілген білім
- Қалыптасқан уәж (негіздеме)

- Жүйелі білім
- Шақыру кезеңіндегі баяндалған мақсаттарын нығайту.

- Берілген білім
- Пән бойынша қалыптасқан бүтіндей көрініс
- Келешекте қызмет бабында көтерілуіне қойылатын мәселелер

Берілген түрдің мәні білімді шақыру – ұғыну – рефлексия белсенді оқу үлгісін қолдану арқылы ерекше ұйымдастыру болып табылады. Ұстаз оқушыларды белсенді тыңдауға және сыни тұрғыдан ойлауға ынталандыру үшін білім берудің  дәстүрлі түрін өзгертеді.

Сыни тұрғыдан ойлауды ынталандыратын сұрақтардың түрлері:

- «ауыстыру» және талдау (ақпаратты жаңа түрге ауыстыру және оқиғалардың, фактілердің, ойлардың, құндылықтардың арасындағы өзара байланысты анықтау);

- жады (формалды деңгей) – алынған ақпаратты тану және шақыру;

- бағалау – алынған ақпаратқа пікірлер мен ойлар құрылатындай субъективті-жеке көзқарас;

- синтез – алынған ақпаратты логикалық жалпылау, себеп-салдарлық байланыстарды бүтіндей қабылдау;

- анализ – құбылысты үзінді түрінде қарастыру, «жалпы» мәнмәтінде «жекені» ерекшелеу;

- қолдану – ақпаратты сюжеттік мәнмәтінде немесе оның сыртында мәселені шешештін құрал ретінде қолдану;

     Миға шабуыл әдістемелік тәсіл ретінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясында фактілік материалдармен жұмыс істегенде бар білімдерін белсендендіру мақсатында қолданылады.

1 саты: Оқушыларға берілген тақырып бойынша ойлану және не біледі және не ойлайтынын жазу ұсынылады;

2 саты: Ақпаратпен алмасу.

Тиімді пайдалануға ұсыныстар:

1. 1-сатыда 5-7 минуттық қатаң лимит;

2. Талдауда ойлар сыналмайды, бірақ қайшылықтар жазып алынады;

3. Айтылған ұсыныстардың жедел жазылуы.

Жеке, жұптық және топтық жұмыс жасау түрлері мүмкін. Әдетте, оларды бірінен кейін бірін тізбектей жүргізеді, бірақ әрқайысысы іс-әрекетті ұйымдастырудың жеке тәсілі болуы мүмүмкін. Ескерту: жұптық миға шабуыл өз ойларын үлкен дәрісхананың алдында айта алмайтын оқушыларға өте көмектеседі. Жолдасымен ой алмасқан оқушы, барлық топпен жеңіл қатынасқа түседі. Әрине, топпен жұмыс көбірек оқушыларға ойларын айтуға мүмкіндік береді.

   Өткізілген сабақтардан мысалдар келтірсем, миға шабуыл стратегиясы бойынша топтық жұмыс ретінде визуалды оқу, яғни  слайд көрсетілді, ондағы суретке қатысты есептің мазмұны оқылды, сонда  топ мүшелері сыни тұрғыдан ойлай отырып, барлық топтың атынан жауаптарын  түсіндіріп айтты. Түсіндіруде материал өзгертілді, оқушылар фактілерді,  қағидаларды түсіндіре ала, өзіндік пікірін айта алды. Бұл жерде  4-топтың жауабы қалған топтан қарағанда ерекше болды, мұғалім сыни тұрғыдан қарағанда  дұрыс екендігін нақтылап кетті, себебі  сұрақ әрбір құртқа алманың қандай бөлігі берілді  соны айту керек болса, 4 топ екі құрттың бірігіп алманың қандай бөлігін  жегенін  түсіндірді.

 

 

                  

 

  Миға шабуыл стратегиясы                   Оқушы  топтың атынан жауап беруде

 

    Инсерт ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда: тиімді оқу және ойлау үшін жазудың интерактивті жүйесі. Тәсіл бірнеше сатымен жүзеге асады.

I саты: Мәтіндегі ақпаратты келесі түрде бөлшектеу үшін мәтінді белгілеу:

V «қанат белгімен» оқушыларға әлдеқашан белгілі нәрсе белгіленеді; - «алу» белгісімен олардың түсінігіне қайшы нәрсе белгіленеді; + «қосу» белгісімен оларға қызықты және тосын нәрсе белгіленеді; ? «сұрақ белгісі» егер, бір нәрсе анық емес, көбірек білуге құштарлық пайда болса қойылады.

II саты: Мәтінді оқи отырып, студенттер жеке азат жолдар мен сөйлемдерді белгілейді. 

III саты: Оқушыларға ақпараттарды өздерінің белгілеуіне сәйкес келесі кестеге орналастырып, жүйелеу ұсынылады:

V «қанат белгі» (әлдеқашан белгілі нәрсе)

 - «алу» (белгісі түсінігіне қайшы нәрсе)

+ «қосу» белгісі қызықты және тосын нәрсе

? «сұрақ белгісі» (егер бір нәрсе анық емес, көбірек білуге құштарлық пайда болса)

...

...

...

...

...

...

...

...

IV саты: Кестенің әрбір бағанын тізбектей талқылау. Қолдануының пәндік саласы: көбінесе көптеген фактілер мен мәліметтерден тұратын ғылыми-танымал мәтіндер.  Осы тәсіл аналитикалық ойды дамытады, материалды түсінгенін қадағалаудың құралы болып табылады.

ИНСЕРТ-тің кезеңдері үш сатыға сәйкес: шақыру, ұғыну, рефлексия. Бұл тәсілді мен бақылауға  алған   екі оқушымнан сауалнама алуда қолдандым.

Сауалнама мысалы: Қосарланған тексеру парағы

Әрбір желідегі өз пікіріңізді үлкен мөлшерде көрсететін төртбұрышты қанатпен белгілеңіз

 

Бұл болып жатыр                                                               Бұл маған көмектеседі

Өте жиі

Орташа жиі

Тек кейде

Сирек немесе кейде

 

Көп оқимын

Орташа оқимын

Аз оқимын

оқымаймын

 

         □         Мұғалімнің сұрағына жауаптар            □        

         □         Тәжірибелер жүргізу                            □        

         □         Компьютерде жұмыс істеу                    □        

         □         Видео көру                                            □        

         □         Дисктерді тыңдау                                 □        

         □         Қойылымдар немесе рөлдік ойын         □        

                                   Мұғалімнің әңгімелесуі уақытында

         □         жазбалар жүргізу                                  □        

         □         Кітаптан не тех. картадан жазбалар жүргізу   □            

         □         Заттарды құру (үлгілер сияқты)            □        

         □         ……………………………………………..  □        

         □         ……………………………………………..          

 

Кластерлер-қандай да бір тақырыпты ұғынуда болатын ой үрдісін көрнекті ететін, материалды графикалық ұйымдастыру тәсілі. Кластер ойлаудың сызықтық емес форманың бейнесі болып табылады. Кейде осы тәсілді «көрнекті миға шабуыл» деп атайды.

Іс-әрекет тізбегі оңай және қисынды:

1. Ойдың, тақырыптың «жүрегі» болып табылатын басты сөзді немесе сөйлемді таза беттің ортасына (тақтаға) жазу керек. 

2. Берілген тақырыпқа келетін, бейнелерді, фактілерді, ойды көрсететін сөздерді немесе сөйлемдерді жан-жағына «лақтырып» тастау керек. («Планеталар және оның серіктері» үлгісі)

3. Жазылуына қарай, пайда болған сөздер пасты ұғыммен түзу сызықпен біріктіріледі. Әрбір «серіктің» өз кезегінде тағы да «серіктері» пайда болады, жаңа логикалық байланыстар тұрғызылады. 

Нәтижесінде біздің ойларымызды графикалық бейнелейтін, берілген тақырыптың ақпараттық өрісін анықтайтын құрылым пайда болады. 

Келесі нұсқалары болуы мүмкін:

-  Мағыналық блогтарды нығайту немесе бөлшектеу (қажеттігіне қарай).

- Көңіл аударылатын бірнеше басты аспектілерді ерекшелеу.

 

Кластерлерге бөлу шақыру сатысында да, рефлексия сатысында да, тақырыпты оқығанға дейін ойдың іс-әрекетін  уәждейтін тәсіл ретінде немесе материалды өту қорытындысы бойынша ақпаратты жүйелейтін түрі болып табылады. 

Мақсатқа байланысты оқытушы жеке өзіндік жұмыстарын немесе жалпы біріккен талдау түрінде топтық жұмысты ұйымдастырады.

Пәндік саласы шектеусіз, кластерлерді әртүрлі тақырыптарды оқығанда қолдануға болады.  Оларға топтағы  постермен жұмысты алуға болады.

 

 

 

 

          

 

 

 

 

 

 

                                         Постерлермен жұмыстан бір сәт

 

«Б-Б-Б» КЕСТЕСІ  «БІЛЕМІН – БІЛГІМ КЕЛЕДІ – БІЛДІМ»

Материалды графикалық ұйымдастырудың және логикалық-мағыналық құрылымдаудың бір тәсілі. Тақырыптың мазмұны кешенді түрде қарастырылатын болғандықтан, түр ыңғайлы.

1 қадам: Мәтінмен таныспай тұрып, оқушылар өздері немесе топта бірінші және екінші «Білемін», «Білгім келеді» бағандарын толтырады. 

2 қадам: Мәтінмен танысу барысында немесе оқығанды талдау үрдісінде оқушылар «Білдім» бағанын толтырады. 

3 қадам: Қорытынды жасау, бағандардың мазмұнын салыстыру.

Оқушыларға  қосымша екі – «ақпарат көздері» , «ашылмаған не қалды» бағандарын ұсынуға болады.  

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы // Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан, 2003 ж.

2. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 28 ақпан 2007 ж.

3. Рыжаков М.В. Ключевые компетенции в стандарте: возможности реализации Стандарты и мониторинг в образовании. – М., 1999 г.

4. Б. Кенжебеков. Маманның кәсіби құзіреттілік мәселесі // Ұлт тағылымы, №3, 2004 ж.

5. Б. Кенжебеков. Маманның кәсіби құзіреттілігінін теориялық негізі // Бастауыш мектеп, № 7, 2006 ж.

6. Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта жалпы білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар. – Астана, 2006 ж.

7. С. Мирсеитова Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. - Алматы, 2006

8. Словарь RWCT. – Алматы, 2006 ж.

9. Профессиональное развитие из опыта учителей. - Алматы, 2005 ж.

10. Успехи и вызовы сегодняшнего дня RWCT. – Алматы, 2006 ж

11. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық –ҚР-ң жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының  бағдарламасы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект на тему " Сын түрғысынан ойлау технологиясы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 097 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 1040
    • DOCX 1.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акелеева Рашида Таканкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акелеева Рашида Таканкызы
    Акелеева Рашида Таканкызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4490
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование умений и навыков самостоятельной работы у обучающихся 5-9 классов на уроках математики в соответствии с требованиями ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 453 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Курс повышения квалификации

Изучение вероятностно-стохастической линии в школьном курсе математики в условиях перехода к новым образовательным стандартам

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 152 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 820 человек

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 259 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек