Инфоурок Начальные классы КонспектыКонспекты "Біз табиғат перзентіміз"

Конспекты "Біз табиғат перзентіміз"

Скачать материал

Тақырыбы: Біз – табиғат қорғаны
Мақсаты: Табиғат пен адам арасындағы тығыз байланысты ұғындыру табиғатты қорғауға, сақтауға, өзінің үлесін қосуға баулу
Көрнекілігі: Құстар, жануарлар, өсімдіктер суреті, тыйым, қанатты сөздер

Жүрісі:
Мұғалім: Табиғат біздің анамыз, досымыз және сырласымыз. Біз анамызды қалай сүйіп, досымызға қалай жанымыз ашыса, табиғатқа да солай қарауға тиістіміз. Адам – табиғаттың бір бөлшегі, табиғатсыз өмір сүре алмайды. Себебі керекті заттардың бәрін табиғаттан алады. Ендеше адам баласы табиғатқа зиян келтірмеуі керек. Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті бұзуға болмайды. Үйлесімділік бұзылса екеуінің біреуі апатқа ұшырауы мүмкін. Қазіргі таңда ауа мен судың ластануы, ормандардың өртке орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі - осының бәрі кезек күттірмейтін экологиялық проблемалар. Адам табиғатқа тәуелді болғандықтан, осы мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп табиғат үйіне қамқорлық жасауы тиіс.
Мұғалім: Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз осы тақырыпқа арналған. Бүгінгі жұмысымыз топпен жұмыс түрінде өтпек.
1 топ: Жануарлар
2 топ: Өсімдіктер
3 топ: Құстар

Мұғалімі: Балалар енді ертегі тыңдағыларың келе ме? (магниттофоннан)
Ерте, ерте, ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті. 20 жасында ер жетіп, 30 жасында бұғанасы бекіп, 40 жасында кемеліне келіпті. Ал 50 жасында қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрты күннен күнге көбейе беріпті, тұла бойы қақсап ауырған соң:
- Ух, жаным - ай, енді не қыламын? Құрт ауруына шалдықтым, тесіп, жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырағым сыздайды, жәрдем етіңдер.
Оның даусын естіп бір күні ақ көгершін ұшып келеді.
Көгершін:
- Терек ата ауыруыңыз жаман екен, мен дәрігердің кім екенін білмеймін, бірақ іздеп көрейін.
Мұғалімі: Балалар сендер терекке көмектескілерің келе ме?
Ендеше сұрақтарға жауап берейік
- Табиғат деген не?
- Тірі табиғат деген не?
- Табиғат құбылыстарына не жатады?
Мұғалім: Жер қазына, су алтын, мал байлық деп тегін айтпаса керек. Адамдар мен табиғат бір - бірімен тығыз байланыста. Себебі күнделікті ішіп - жейтін тағамымыз, киетін киіміміз, қолданатын заттарымыз, жазатын қағазымыз тіпті ауырғанда ішетін дәрі - дәрмегіміз, тыныс алатын ауамыздың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.
Мұғалімі: Қане 3 топтан 3 бала өлең оқысын
Көгершін: Мен саған келдім үкі, емен ағашына көмегіңді тигізе аласың ба?
Үкі: Жоқ, ренжіме қолым тимейді.
Көгершін: Өкінішті жарайды.
Мұғалім: Балалар қазір үш топқа мынандай тапсырма беріледі
1 -топ.
1 Құстарды атаңдар және олардың қандай түрлері бар
2. «Құстар не істейді» деген сөздерге бірнеше сөздер
сөздер ойлап тап
3. Құстарға байланысты қандай өлең, жұмбақ, мақал - мәтел, тыйым сөздер білесіңдер
2 -топ.
1. Жануарларды атаңдар және олардың қандай түрлері бар
2. «Жануарлар не істейді» деген сөздерге бірнеше сөздер ойлап тап
3. Жануарларға байланысты қандай өлең, жұмбақ, мақал-мәтел, тыйым сөздер білесіңдер
3- топ.
1. Өсімдіктерді атаңдар және олардың қандай түрлері бар
2. «Өсімдіктер не істейді» деген сөздерге бірнеше сөздер ойлап тап
3. Өсімдіктерге байланысты қандай өлең, жұмбақ, мақал - мәтел, тыйым сөздер білесіңдер
Көгершін:
- Қыран құс бүркіт еменге көмегін тиер ме екен?
Бүркіт:
- Жоқ, міне біз қызу жұмыс үстіндеміз, ренжіме
- Енді қайттім емен өліп қалатын болды ғой
Мұғалім: Балалар, енді сендер қанатты сөз, тыйым сөздер айтыңдар
3 топтың оқушылары жауап береді.
Мұғалім: Қазақ халқы жануар, құстарға қарап қандау болжаулар айтқан?
3 топ жауап береді.
Мұғалім: Балалар қазір «Тез жауап бер» ойын ойнаймыз. Қай топтың балалары тез жауап береді екен.
- Бір жылда неше ай бар, атап бер.
- Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір қай мезгіл?
- Көктемде қандай мерекелер тойланады?
- Ең алғаш шығатын гүл?
- Көктем келгенін қайдан білеміз?
Көгершін: Балалар, мен әбден шаршадым, еменге көмектесейікші. Кім онын ауруын жазады, қайда барсам екен?
Мұғалімі. Иә, балалар, көгершінге көмектесейікші, қай құсты жіберсек екен? Әрине, тоқылдақ
- Міне, балалар ауру ағашымыз жазылды қандай жайқалған ағаш болды. Құрттарынан құтылды.
Көгершін: Балалар емен сендерге мынандай тапсырма беріп жіберіпті, оны топ басшылары орындайды.
1. Тірі табиғатқа қандай нәрселер қажет?
2. Қосмекенді қалай түсінесің?
3. Құралай желі деген не?
Мұғалім: Емен сендерге риза болып, мынандай хат жіберді.
- Жас достар! Өздеріңді қоршаған табиғатты аялай біліңдер, ластамай таза ұстаңдар. Әрқашан құстарға, өсімдік, жануарларға көмек жасап, қамқорлық жасаңдар. Денсаулықтарың мықты болу үшін айналаны жасыл желекке бөлеңдер. Біз еңбекқор, мейірімді адамдарды өте жақсы көреміз.
3 топ бірге: Табиғаттың бауырысың, досысың
Аянбау да керек шығар дос үшін
Екеуіңнің арадағы байланыс
Өмірбақи үзілмесін, қосылсын
Топтардың жұмыстары бағаланып, тәрбие сағаты аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі

 

 

 

 

 

 

Біз табиғат перзентіміз

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Жолдыбаева Г

Сыныбы: Дайындық «ә»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016 жыл

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспекты "Біз табиғат перзентіміз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 312 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2016 1377
    • DOCX 23.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолдыбаева Гулшат Мировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жолдыбаева Гулшат Мировна
    Жолдыбаева Гулшат Мировна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27477
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 223 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек
Сейчас в эфире

Религиозно-философские традиции Китая

Перейти к трансляции