Тақырыбы:
Алтын күз.
Мақсаты:
1) Балалардың
күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.
2) Көкөністер
мен жемістерді ажырата білуге үйрету.
3) Табиғатқа
қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.
Оқу
іс-әрекетінің көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері. Бақшадағы
көкөністер, баудағы жеміс суреттері.
Әдіс-тәсілдер:
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.
Оқу
іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі.
Психологиялық сәт
Күндей жарық,
айдай арайлы,
Судай мөлдір таза
көңілмен
Бүгінгі күнді
бастайық.
Сұрақ –
жауап
- Қазір жылдың қай
мезгілі?
- Күз неше айдан
тұрады?
- Күзді неге «
Алтын күз » деп атайды?
Дәптермен
жұмыс: Ғ.
Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату.
Жемісі мол
теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып
беретін
Жомарт екен күз
деген.
Дидактикалық
ойын: « Қай мезгіл »
Ойын шарты:
Балаларға сұрақ қою, балалар қай мезгіл екенін қол көтеріп жауап береді.
1. Күн
суытып, айнала ақ көрпе жамылады.
Ол
қай мезгіл?
( Қыс )
2. Жан –
жануарлар ұйқысынан оянып, жерге көк шығып, төрт түлік төлдеп, жылы жақтан
құстар ұшып келеді.
Бұл қай
мезгіл?
( Көктем )
3. Ең жақсы
уақыт, балалар ұзақ уақытқа демалысқа шығады, суға шомылып, саяхатқа шығамыз.
Ол қай
мезгіл?
( Жаз )
4. Дүниенің
бәрі сап – сары түске айналады.
Ол қай мезгіл?
( Күз )
Сұрақ –
жауап
-
Күз
айында не піседі?.
-
Жемістер
қайда өседі?
-
Көкөністер
қайда өседі?
- Жемістер
мен көкөністерді ата?
Сергіту
сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел
еседі.
Кіп – кішкетай
ағаштар,
Үп – үлкен боп
өседі.
Жұмбақ
шешу.
Жауып жаңбыр,
жерде сабыр,
Шөп, жапырақ
солады.
Айтыңдаршы,
бөбектерім,
Бұл қай кезде
болады?
(Күзде)
Қорытынды.
-
Бүгін
сабақта қандай тақырыпты өттік, не туралы айттық?
-
Күз
мезгілі ұнай ма?
-
Күзде
қандай өзгеріс болады?
-
Күз
мезгіліне сөйлем құрау.
-
Күз
Күзде күн суытып,
жауын-шашын көп болады. Айнала сары түске өзгеріп, балалар мектепке барады.
Жиын-терін көп болады. Бұл мезгіл « Алтын күз » деп айтылады.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.