Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыКураторлық сағат "Қазақстан халқының Ассамблеясы-теңдессіз ұлтаралық және конфессияаралық келісім институты".

Кураторлық сағат "Қазақстан халқының Ассамблеясы-теңдессіз ұлтаралық және конфессияаралық келісім институты".

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

Қарағанды облысының білім басқармасы

Қарағанды көлік- технологиялық колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық патриоттық тәрбие бойынша

 ТОПТАН ТЫС ІС-ШАРАНЫҢ ЖОСПАРЫ

 

Тақырыбы: «Қазақстан халқының Ассамблеясы-теңдессіз ұлтаралық және конфессияаралық келісім институты»

 

 

                              

                                                                             Куратор: Хамитова Г.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды

 

 

 

 

 

Топтан тыс іс-шараның тақырыбы:

Қазақстан халқының Ассамблеясы-теңдессіз ұлтаралық және конфессияаралық келісім институты.

 Мақсаты:

Тәрбиелік -  Мемлекетіміздің достық пен бейбітшілік қарым- қатынасымен, тарихын білуге тәрбиелеу.

 Оқытушылық - Қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулық еліміздің өсіп- өркендеуінің басты құралы екендігін студенттер бойына сіңіру. Біздің еліміздегі көп ұлт өкілдермен туысқан, ынтымақтастық қарым- қатынас жарқын болашақ үшін маңызды екендігін   түсіндіру.

Дамытушы – жеке тұлғаның рухани – адамгершілік, азаматтық патриоттық қасиеттерін дамыту.

Міндеттері:

  1. Тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында құрылған ұйым Ассамблея туралы мағлұматтар беру.
  2. Еліміздің саяси бағытының қаншалықты дұрыс екендігіне азаматтық жауапкершілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.
  3. Студентердің белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету.

Материалдық-техникалық жабдықтау: Шаңырақ, киіз үй керегесі, тулар, ауа шарлары, ұлттық киім киген студенттер, ұлт өкілдеріне арналған слайдтар, тақырып бойынша слайдтар, видео көрініс, плакаттар,.

Өткізу түрі: Сұрақ –жауап, әдеби-музыкалық композиция, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Іс-шараның уақытша құрылымы (40 минут):

  1. Ұйымдастыру сәті 2 минут
  2. Сөздерді топтастыру – 2 минут
  3. Ұлттық мәдени орталықтардың өздерін таныстыруы – 5 минут
  4. Әдеби музыкалық композиция – 23 минут
  5. Оқушының шығармашылық жұмысы – 2 минут
  6.  Топтардың шығармашылық жұмыстары -5 минут
  7. Қорытынды – 1 минут

 

Топтан тыс іс-шараның барысы

Ұйымдастыру сәті.

Куратор: 

 Қазақстан халқының Ассамблеясы-теңдессіз ұлтаралық және конфессияаралық келісім институты тақырыбында өтетін топтан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер.

Мақсаты: Қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулық еліміздің өсіп- өркендеуінің басты құралы екендігін студенттер бойына сіңіру. Біздің еліміздегі көп ұлт өкілдермен туысқан, ынтымақтастық қарым- қатынас жарқын болашақ үшін маңызды екендігін түсіндіру.

Куратор: Қазақстан тәуелсіз ел болып, дербес мемлекет атанғалы биыл 25 жыл толды. Бұл қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістердің 25 жылы.

        Биылғы жылы біздің Қазақстан халқының Ассамблеясына 20 жыл толды. Бұл бейбітшіліктің, келісім мен жасампаздықтың 20 жылы.

 

Куратор: Балалар, Ассамблея сөзін естігенде ең бірінші ойға қандай сөздер келеді? Қане, сөздерді топтастырып жіберейік. (тақтада сөздерді топтастыру)

 

Куратор: Иә, байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің жүрегі Қазақстан деп соғуы керек. Өйткені Қазақстан олардың да Отаны.

    Енді мәдени орталықтардың өкілдерінің лебіздерін тыңдап көрейік. Өздерін таныстырып өтсін.

Әр ұлттың киімін киген балалар шығады (8 оқушы)

Қазақ:

Мен қазақпын, иесімін кең даланың,

Талай жаудан бұл даланы қорғағанмын.

Өзгелердің басына күн туғанда,

Жат көрместен құшақ жайып қарсы алғанмын.

Орыс:

Мен орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын,

Қастерлеймін тарихын, салт- дәстүрін.

Өйткені мен өркендеп осы жерде,

Топырағын қазақтың басып өстім!

Өзбек:

Мен өзбекпін, сүйемін қазақ тілін,

Түркілердің бұзылмаған таза тілін.

Қазақ тілі лайық деп білемін мен,

Болуға да ортақ тілі түркілердің!

Кәріс:

Мен кәріспін сүйемін қазақ жерін,

Қазақ жері ол менің туған жерім.

«Жолдас болсаң қазақпен адаспассың!»

Деген халық мақалын жаттап өстім.

 

Өз тілдерінде: 1. Жасасын, жүрегі кең, бауырмал қазақ елі! Кәріс ұлты

                          2. Жасасын достықты жақтаған қазақ елі! Қазақ ұлты

                          3.  Мы вместе будем сильными, ведь Родина у нас на всех одна. Орыс ұлты

                          4. Яшасын, юраги кен, боғырмол хозоқ ели.  Өзбек ұлты

Барлығы бірігіп: «Қазақстан- біздің Отанымыз»

 

Ән. Қазақ елі 

 

 Куратор: Қазіргі таңда  Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің даму жолында институттық тұрғыда нығайып, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналды.

 

Сұрақтар:

 1. Қазақстан халқы  Ассамблеясының құрылу тарихы

 2. Қазақстан халқы  Ассамблеясының мақсат- міндеттері

 3. Қазақстан халқы  Ассамблеясының төрағасы

 4. Қазақстан халқы  Ассамблеясының құрамы, құрылымы қандай осы сұрақтарға мәдени орталықтардың жауаптарын тыңдап көрейік. Әр    орталықтан бір өкіл келіп сұрақ алсын.

 

Мәдени орталықтардың пікірлері: 

1 студент.  Егер де тарихтың беттерін парақтайтын болсақ, Қазақстанға әр жылдарда 800 мыңға жуық немістер, 18,5 мың кәріс отбасылары, 192 мың поляктар, 507 мыңға жуық Солтүстік Кавказ халықтары депортацияланды. Депортацияның нәтижесінде республика халқының саны 1 млн 500 мың адамға ұлғайды. Сонымен қатар соғыс жылдарында Қазақстанға 350 мың адам эвакуацияланды. Тың және тыңайған жерлерді игеруге тағы да 150 мың адам келді.

          Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңде, ел басшылығы алдында халықтың келісімін сақтап қалу, қоғамның барлық күш- әлеуеттін бір мақсатқа жұмылдыру басты назарда ұсталды. Себебі  100-ден астам этнос өкілдерінің басын біріктірмесе, «бас-басына би болып », әрқайсысы «көрпені өзіне тарту» басталар еді. Сонымен қатар саяси күштер бұл жағдайды өзіне қарай бұрып, қолдана бастар қаупі бар еді.

         Жаңа қоғамдық институт Қазақстан халықтарының келісімі мен бірлесуі Ассамблеясын құру идеясын Президент Н.Ә.Назарбаев алғаш рет 1992 жылы Қазақстан халықтарының І форумында көтерді.

         Сөйтіп, 1995 жылы 1 наурызда оның бастамасымен және арнайы Жарлығымен бекітілген ұлт саясатында кең құқықтық мәртебесі бар институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық-саяси сахнаға шықты.

2 студент.  Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты – еліміздегі оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныс-тарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу болды.

Ассамблея:

        мәдени–ағартушылық – тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;

       тәрбиелік - қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;

       ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;

        Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым- қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.

 3 студент.     Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы- Қазақстан Республикасының Президенті.

Қазақстан Республикасының Президенті: Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады; Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды; Ассамблея Сессиясын шақырады; Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.

4 студент.   Қазіргі уақытта Ассамблеясының құрамында 382 мүше бар. Ассамблеяларының құрамы - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан қалыптастырылады.

Құрылымы: Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.

 

         Куратор: Кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін Отаным дейді.

Енді орыс ұлттық мәдени орталығының өнерін тамашалайық.

Частушки:

            Мы дружной семьею живем в Казахстане
            узбеки и корейцы с нами.
            Так пусть же крепнет во веки веков
            Дружба народов всех возрастов.

Дружба народов — не просто слова,
Дружба народов навеки жива.
Дружба народов — счастливые дети,
Колос на ниве и сила в расцвете.

На просторах Казахстана
Много разных народов живет.
Все народы, как братья равны,
Всем народам — любовь и почет.

Куратор: Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасу кезеңдері туралы не айта аламыз? Қай орталық  жылдам жауап береді?

 

5 студент.  Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасу кезеңдері.

Бірінші кезең – 1995-2002 жылдар аралығы.

Соңғы қабылданған жаңа Конституцияда мемлекеттік тұғырдың басым бағыттары деп жалпы азаматтық қағидаттар толықтай қарастырылды. Ескі Ата Заңдағы қазақстандықтарды байырғы ұлт және кейіннен қоныс аударған этностар деп екіге бөлу қысқартылып, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі жарияланды.

Екінші кезең - 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – қоғамды жұмылдыру кезеңі деп саналады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін 2008 жыл өте маңызды, нәтижелі жыл болды – Ассамблеяның бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытындағы рөлін нормативті-құқықтық тұрғыда үйлестіретін «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды. Енді сөзді кәріс мәдени орталығына  берейік.


1-жүргізуші:  Күздің қара суығы.Сталиндік саясаттың желеуімен үдере көшкен бір топ кәріс жанұясы Алматы облысы Қаскелең ауданына келіп қоныстанды.
                                                               Көрініс  
Сахнада кәрістің жаңадан көшіп келген жанұясы.Әйелдер киімі жүдеу ,дастархан да жүдеу.
    Әйелі: Отағасы-ау! Бала да ауру, не ішерге тамақ жоқ. Енді қайтіп күн көреміз.
    Отағасы: Менің қолымнан не келеді? Ертең басқармаға барып жұмыс сұраймын. Оғанға дейін талғажаулыққа қазақ көршімізден біраз бидай ала тұрайық. Олай етпесек болмас.
    Әйелі: Жарайды, мен барып келейін.
    Осы кезде қазақ көршісі өзі келеді.
    Көрші: Қоныстарың құтты болсын! Көрші ақысы-тәңір қақысы дейді біздің халық, Сіздерді ерулікке шақыра келдім. Жүріңіздер, әлі-ақ ел қатарына қосылып кетесіздер!

1-жүргізуші: Көшіп келген кәріс жанұялары қазақ жерін өздерінің екінші Отаны санап, өсіп-өніп жатты. Кәріс жанұясының бүгінгі тұрмысы.                                             
Сахнада кәріс жанұясы.
       Әйелі:  Біздің жанұяға қазақ жері құт болды. Төрт ұрпақтың бәрі жоғары білім алды. Қазақ еліне мың да бір рахмет.

 Отағасы: Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттардың бірлікте бірлесе тұруларының негізі, қазақ жүрегінің кең және ашық болуында. Мұны, сталиндік репрессияға ұшырап, уақытында қамқорлықты, қазақтардың қонақжайлылығын сезінген біз, жақсы түсінеміз. Болашаққа бет алу үшін, өткенімізге бас иейік, содан сабақ алып, жеңімізді түріп жұмысқа кірісейік. Кәріс биі:

Куратор: Енді келесі сұрақтарға жауап беріп көрейік. Әр мәдени орталықтан бір бір өкіл келіп сұрақ алсын.

Сұрақтар:   1.Ұлттық бірлік Доктрина дегеніміз не?

                      2. Ұлттық бірлік дегенде біз нені түсінеміз?

                      3. Неге бізге ұлттық бірлікті нығайту маңызды?

                      4. Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстандағы діни тұрақтылық туралы не   айта аласың?

6 студент: Ұлттық бірлік Доктринасы - бұл ұлтаралық және конфессияаралық қатынас кешенінің толықтай бағдарлама жиынтығы жұмысы.

            Президент өзінің 15 сессияда сөйлеген сөзінде Доктрина біздің осы уақытқа дейінгі тәжірибеміздің қорытындылануы, екінші жағынан – алға ілгерілеудің, ұлт саясатын жүргізудің ұзақ мер­зімді және орта мерзімді страте­гия­ларының, елдегі саяси тұрақты­лық­ты, бірлік пен келісімді одан әрі нығайтудың берік негізі болуы тиіс деді.

7 студент. Ұлттық бірлік дегенде біз нені түсінеміз. Бұл біздің елімізде тұратын топтасқан этностық, діни және басқа әлеуметтік-мәдени топтардың қоғамдастығы болу.

Осы заманғы әлемде ұлттық бірлік ортақ мемлекетті бірлесіп құру, толеранттылық, азаматтық және осы елдің мемлекеттік тілін мін­детті түрде білу секілді шарт­тармен анықталады.

8 студент. Оны бір түсінікпен білдіруге бо­лады – бұл ел ішіндегі қауіпсіздік. Оған сыртқы қауіпсіздік байланыс­ты. Бастысы – бұл елдің өркенді дамуы, ал осыдан барып біздің бәріміздің берекеттілігіміз шығады.

9 студент. Біздің елімізде 130 ұлттың, 46 конфессияның өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Республика халқының 60-тан астам пайызын құрайтын мұсылмандармен қатар православие, протестант, буддизм, католик және т.б. әлемдік діндердің өкілдері тұрады. Мемлекет басшысы атап айтқандай, көпконфессиялылықтың өзі біздің қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін негізгі фактор. Өйткені барлық діндердің негізінде іс жүзіндегі бір ғана адамгершілік принцип жатыр. Ол: адамға деген сүйіспеншілік, адасқан жандарға кешіріммен қарап, дұрыс жол көрсету, пікір алуандығына сабырлылықпен қарау.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан барлық мұсылман, православтар, католиктер, протестанттар, иудейлердің дін уағыздау еркіндігін қамтамасыз етті. Діни институттардың елеулі сандық және сапалық дамуы басталды. Бүгінгі күні діни қоғамдастықтар саны 4173, ал 1990 жылы олардың саны небәры 670 болатын.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада жылда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өтті. Бұл форумдар елдің сыртқы саяси бағдарының дұрыстығын көрсетіп қана қоймай, конфессияаралық ынтымақтастықтың бірегей қазақстандық үлгісінің куәсі болды.

 

Куратор: Енді өзбек мәдени орталықтардың өнерін тамашалайық. Ән

Мұғалім:  Асыл тастан, өнер жастан

                   Шығады деп дарынды

                   Халық айтса, халық сөзі

                   Әрқашанда нанымды

                  Бұл шындықты, күнделікті

                  Көріп жүрміз өмірден,

                  Сан мыңдаған жастар өсті

                  Өнері асқан шалымды

                  Сол өнердің жолын қуған

тобымыздың ақыны жас Темірғалиев Аслан мына бір өлең шумактарын халқымыздың бірлігіне арнайды: (баяу күй домбырамен)

Бірлігіміз жасасын!

Қазақ, орыс, кәріс деп бөлінбейміз,

Бір нанды бәріміз бөліп жейміз.

Доспыз біз, татумыз біз, туысқанбыз

Қазақтың жері бізге сыйлы дейміз.

 

Арайлап атқан таң мәңгі болғай,

Тату болып жүрейік дәл осылай.

Қазағым артықсың сен, бәрінен де,

Қойныңда өсті әр ұлт еш жасымай

 

Арайлап ата берсін әр таңымыз

Аман болсын әрқашан ел- халқымыз

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын

Үлгі болған баршаға бай салтымыз.

 

130 ұлт жеріміздің баласы

Абай, Мұхтар еліміздің данасы

Елбасымыз көшін  алға бастаған

Әлем танып жатыр бізді қарашы!

Куратор:  Балалар, іс-шарамыздың басында Ассамблея сөзін естігенде ойға қандай сөздер келетіндігін айттық. Енді Ассамблея сөзін естігенде ойға қандай бес шумақ өлең келеді?

 

Тақырыбы «Ассамблея".

 

Тақырып бойынша бес жолды өлең жазу

Ассамблея

                                               сын есім                                      сын есім                                       

                                             етістік                          етістік                            етістік

                                                                                     сөйлем                                 

               синоним

 

Үйге берген тапсырма «Егерде мен ассамблея мүшесі болсам... эссе оқу.

Куратор:  «Президентіміздің  білікті басшылығының арқасында Қазақстан көпұлтты, көпконфессиялы елде бірлік пен келісімді сақтауда өзгелерге үлгі бола білді. Бүгінде әлем түрлі қақтығыстар қайшылықтарға толып отырған тұста, біздің аймақтағы бірлік пен тыныштық – еліміздің саяси бағытының қаншалықты дұрыс екендігін және бұл бағытта Қазақстан халқы Ассамблеясының қаншалықты рөл атқарып отырғандығын көрсетті». Бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліміз-Қазақстан Республикасы дамып гүлдене берсін. Егемендігіміз баянды болсын деп ізгі тілекпен бүгінгі іс-шарамызды «Туған жер» әнімен аяқтаймыз. (Ассамблея туралы деректер). Ту, шарлар.

Ән:  «Туған жер»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кураторлық сағат "Қазақстан халқының Ассамблеясы-теңдессіз ұлтаралық және конфессияаралық келісім институты"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 181 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.04.2016 1710
    • DOCX 72.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хамитова Гульмира Алпысбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хамитова Гульмира Алпысбаевна
    Хамитова Гульмира Алпысбаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28411
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 745 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 012 человек

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 245 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек