Инфоурок / Математика / Конспекты / Квадрат теңдеу және оның түбірлеріне есептер шығару сабағына рефлексия
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Квадрат теңдеу және оның түбірлеріне есептер шығару сабағына рефлексия

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов


Қызылорда қаласы

101 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі

Мангулова Гүлнұр Қожантайқызы

(3 деңгей)


Ашық сабақ : «Квадрат теңдеу және оның түбірлеріне есептер шығару» тақырыбы бойынша рефлексивтік есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған ашық сабақ бойынша рефлексивтік есепті «Квадрат теңдеу және оның түбірлеріне есептер шығару» тақырыбына жазғанды жөн санадым. Бұл сабағымда кездескен көптеген кедергілермен қоса, айтарлықтай сәтті шыққан және жетілдіруге қажетті тұстарым да болды. Сол үшін бағдарламаның негізгі идеясы болып табылатын жеті модуль «қалай ықпалдастырылды және қандай сәтті тұстар мен сәтсіз тұстар болды?» деген сұраққа жауап іздеп көрелік.

Сындарлы оқыту теориясының әдіс-тәсілдерін сабаққа қолдану мақсатында ықыластана дайындалдым. Сабақтың қаншалықты табысты өтетіндігі ұйымдастырылуында екені анық.

Сабақ үдерісінің алғашқы кезеңі ең алдымен оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сыныпта жағымды ахуал орнату жұмысын жүргізуден басталды. Ол үшін «а», «в», «с», «х» деген тақырыпқа байланысты түйінді тірек сөздерді алып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысын анықтау үшін топқа бөлуді мақсат еткен болатынмын.

Топтасу сәтінде оқушылар сәл кідіргенімен, өзара ақылдаса келе парақшаларды таңдау арқылы алты оқушыдан төрт топқа бөлінетінін түсінді және одан кейін әрқайсысы өз топтарына топтаса білді. Сыныптың басым көпшілігі«а» мен «в» топтары жылдам топтасқанын байқадым. Мұндай іс–әрекет жасауына «С» және «А» есімді оқушылар белсенділік танытып, ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылды. Сыни тұрғыдан ойлау қабілетінің ұтқырлығы мен А деңгейінің «Ф» есімді оқушысы жылдам тобын отырғызып, топтасқан оқушылар стикерден гүл жасап, фигура жасап үлгеріпте отырды бұл көбінесе С-деңгейінің оқушыларынан «Ж», «Ұ» есімді оқушылар болды. Хаген мен Хейлдің зерттеуі бойынша зейіндерін тиімдірек шоғырландыра алғанына көзім жетті.

Оқушыларды топқа бөлгенде ойларын еркін жеткізе алатын есепті жақсы шығара білетін А деңгейінің «Н», «А», «Б» есімді оқушылар «х» тобында отырғанын байқадым. Ұзақ топтасуының себебі өзін-өзі реттей алмаған «Н» есімді оқушы адасып, іс-әрекеті созылып кеткендіктен С деңгейіндегі оқушыма өзім көмектесіп, қағаз қиындысын оқып өз тобына жібердім.

«Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны ашу үшін саналы түрде стратегиялар қолданады» [МАН. 54-бет] деген тұжырымның жүзеге асқандығына көз жеткіздім. Осы тұста сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық түсінік екендігін әрдайым назарда ұстау қажеттігін түсіндім. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Сабақ өту барысында сындарлы оқыту теориясының тәсілдерін қолдану –оқушылардың білім алуына зор ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Сондықтан ашық сабағыма сындарлы оқыту теориясының әдістерін енгізуге тырыстым. Нәтижесінде осындай әдістің көмегімен мен оқушылардың сыни ойлау қабілеті жоғары, өзін-өзі реттей алатын оқушыларды байқадым.

Сындарлы оқыту теориясының әдіс-тәсілдерінің бірін енгізу арқылы үйге берілген тапсырма «Серпілген сауал» әдісі арқылы жүргізілді. Үй тапсырмасын сұрау барысында оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардан жылдам, әрі нақты жауабын аламын деп жоспарладым.

Нәтижесінде А-деңгейінің оқушысы «Квадрат теңдеу және оның түбірлері» тақырыбының тірек ұғымдарын қолданып тиімді тәсілмен орындағанын дәлелдеді. Бұл жерде А деңгейлі оқушының басқаларға қарағанда ойлау қабілеттерінің жақсы ұйымдастырылғанын, проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алатындығын және ақпаратты біліп қана қоймай оны пайдалана алатындығын байқадым. ( Фриман, 1998 1, 5 өлшем,73 – бет) Бұл оқушыдан Фриманның сенімді өлшемінің өз білімдерін жетілдіруі: олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп,өздерінің оқуын реттей алатынын көрсете білгеніне көз жеткіздім. Бұл әдіске оқушылар қызығушылық танытқанымен, үй тапсырмасына тек күнделікті дайындалатын А-деңгейінің оқушыларының жауап бергенін байқап, келесі сабағымда С деңгейлі оқушыларынан да жауап алу үшін басқа әдіс таңдауым керек екенін ескердім.

D:\Мама\1-сабақ видео\ЖандоС0010116.jpgЖандоС0010119(Сурет-0119)

(сурет- 0182)

Формативті бағалаудың бағдаршам арқылы бағалау арқылы жүргізілді. бағдаршам бағалауда Ш, Н-есімді оқушылары шынайы бағаламауы болғанын байқадым.

АКТ-ның мүмкіндіктерін интер белсенді тақтаны көмегімен үй тапсырмасының жауабын тексеруде оқушылар өзін-өзі бағалайды деп мақсат еттім.

«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісімен оқушыны шатастыру үшін тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып жазуды тапсырдым.

АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдаланып сұрақтарды интербелсенді тақтаның көмегімен көрсету арқылы оқушы мен мұғалім арасында диалог өрбітуді мақсат еттім.

М: «Квадрат теңдеудің анықтамасы дегеніміз не?»

О : «ax² + bx + c =0 ( а ≠ 0) түріндегі теңдеуді квадрат теңдеулер деп атайды».

М: «Толымсыз квадраттық теңдеулердің айырмашылығы неде?»

О: 1. ax² + bx=0,с=0;

2.ax² + c =0, в=0;

3. ax²=0, в=0, с=0;

Бұл тұста Бандураның өзіндік тиімділікті қалыптастыруға ықпал ететін «Оқушыдан жолдастарымның қолынан келген нәрсе меніңде қолымнан келеді» деу-өзін басқа біреумен салыстыру үдерісінің негізі байқалды (МАН 26-б). Оқушылардың сұраққа жауап беріп тақырыпты ашуға зейін қойғанына қатты қуандым. Осы тұста сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылатынын, себебі дұрыс сұрақ қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналатыны Мерсердің сыныпта талқылаудағы дәлелдеудің диалогтік оқытудың маңызды екеніне көз жеткіздім. Сабақтың тақырыбын ашуда А және В деңгейлі оқушылардың белсенділік таныта білгендері мені қуантты. Алайда С деңгейлі оқушылардың сабақ үдерісіне араласа алмауы, соған сәйкес бұлардың белсенділігі аз болуы, оқушылардың сұрақ қою техникаларын дұрыс меңгермеуі, көптеген оқушылардың сұрақ қоюдан қашуы, сыныптағы белсенді оқушылар сабаққа араласып қалғандары белсенділік танытпай отыруы мені алаңдатты.

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны ашу үшін саналы түрде стратегиялар қолданады [МАН.54бет]. Осы дәлелдемелерге сүйене отырып сынып оқушыларында бұл дағдылардың әлі де болса қалыптаспағандығын байқадым. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір дәлелдерді талқылап, қарастыру қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында көрініс берді.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың формативті екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы жүргізілді. Бағалаудың бұл түрі оқушылардың қызығушылығын, ерекше ынтасын тудырды.

Мен бұрын математиканы өзім түсіндірмейінше оқушылар түсінбейді, қызықпайды деп ойлайтынмын, оқушыларға бағыт бағдар беру арқылыда, әдіс-тәсілдерді ықпалдастырып нәтижеге жетуге болады деп ойлаймын. Себебі оқушылар алғаш сұрақтар да ойларын жинақтай алмады. Оқушылардың назарын тақтаға аудартып, оқушылар жеке жұмыс жасауға кірісті.

АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдаланып оқулықпен жұмыс жүргізілді :

А деңгейі:№235 есепті шығарды.

В деңгейі:№237 есепті шығарды.

С деңгейі:№238 есепті шығарды.

Интерактивті тақтаға тапсырманы орындауда балаларды қызықтыру үшін сабақ берудің ұзақ процесін жылдамдату үшін оң нәтижеге жету мақсатында пайдаландым. Мақсатым топтардың арасында оқушылар жұпта немесе топтарда бірлесе жұмыс жасатуға итермелеу. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр топқа оқулықтағы есептер беру арқылы осы әдісті жүргіздім.

Нәтижесінде өзін-өзі реттеу моделінің эмоциалық сенімділігін «Н» есімді оқушымнан толымсыз квадраттық теңдеулердің тиімді тәсілмен шығарып, оқушыдан жаңа тапсырманы сеніммен орындай алатындығы, қиындылыққа табандылық танытатынына көзім жетті.

Фриманның ең үздік оқушыларды анықтайтын есте сақтау қабілетттері өте жоғары; ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алатынынын «Сергіту сәтінде» көрсете білді (МАН.73-б). Оқушылар тапсырманы түсіндіруде, яғни диалогтық оқыту мен сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі ықпалдасып, нәтижесінде тиімді қойылған сұрақтарға оқушылар сыни тұрғыдан ойланып, ұтқыр жауап бере бастады. Әр тәсілде шығарылу жолын қандай формулаға сүйенгенін толық түсіндірді. «Ш» есімді оқушымның үй тапсырмасын сұрауда бұрынғыға қарағанда сабаққа деген қызығушылығын байқап қалдым. Бұдан оқушылар өзара пікір алмасу арқылы бір-бірінің жұмысына баға беруді үйренеді, және өзінің көршісінің жұмысында кеткен қателіктерді нақты көріп, алдағы уақытта оны болдырмауға тырысады деп ойлаймын. Әр топ есепті шығарып болған соң интербелсенді тақтамен тексеруін қадағаладым. Оқушылардың есепті шығару кезінде өз ойларын білдіргенін, өз идеяларын дәлелдеуге тырысқанын байқадым.

Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындғы қашықтық екенін осы оқушылардың есеп шығару кезеңінде байқалды. Әсіресе А-деңгейінің оқушыларынан сыни тұрғыдан ойлау қабілетінен ұтқырлығын байқадым. Көбінесе тапсырмаларды орындауда Мерсер мен Литлтонның (2007) диалогтың сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыруымен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосқатыны есеп шығаруда А деңгейінің оқушылары С-деңгейіне есепті түсіндірдіруінен байқалып отырды.


D:\1-сабақ\1-сабақ видео\ЖандоС0010112.jpg

(Сурет-0116)


Байқағаным С-деңгейінің оқушылары «Ұ» есімді оқушы сабаққа мүлде қатыспай тек көшірумен отырды. Өйткені оқушылар есептің шығарылу жолын түсіндірген кезінде қиналғанын байқадым. Есеп шығау кезінде А-деңгейінің «А», «Ф»-есімді оқушылары бір топта болғандықтан бұл оқушылар Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модуліндегі ой жүгіртуі, зерделеуі балалардың бір есепті бірнеше жолмен шығарып қасындағы оқушыларға түсіндіріп отырды. Интербелсенді тақтадағы дұрыс жауаппен өзін-өзі тексереді.

«Бағалау критерий» бойынша өздерін - өздері бағалайтынын ескерттім.

АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдаланып дұрыс жауапты көрсету арқылы формативті бағалаудың 12 стратегиясының ішіндегі бесінші стратегиясы бойынша өзін-өзі бағалауы жүргізілді. Бұл тұста оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау ықпалдасқандығына көзім жетті.

Тәуекел, не де болса көрейін, деген шешіммен оқушыларға сабақтың бекіту кезеңіндегі жеке жұмысқа Блум таксономиясындағы 6 ойлау деңгейіндегі сұрақтар мен тапсырмаларды жұмыс парағына салдым. «Талантты және дарынды балаларды» анықтау мақсатымен дайындалған жеңілден күрделенуіне байланысты тапсырмалар беріліп отырды. Өйткені, оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады (МАН. 35-бет). Нәтижесінде сыныптың 29 пайыз оқушысы бағалау деңгейіне дейінгі тапсырмаларды орындаған (мұның ішінде зерттеуге алынған А және В деңгейлі оқушылары бар), 12 пайыз оқушы жинақтау деңгейіне дейін жеткен, 33 пайыз оқушы білу, түсіну және қолдану деңгейіндегі тапсырмаларды орындаған (зерттеуге алынған С деңгейлі оқушы бар), ал 100 пайыз оқушы білу және түсіну деңгейіне жауап берген.

« Блум таксономиясын» орындауда оқушылар қиналды, бірақ А,В –деңгейлі оқушылар өздерінің күрделіге деген сүйіспеншілігімен ұтқырлығымен соңына дейін жауап бере білді.Сұрақ жеңілден ауырға қарай қойылды. Осының нәтижесінде сыныптағы талантты дарынды оқушыларды анықтау оңай болды. Соның салдарынан оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергеніне көз жеткіздім. Тапсырмаларды орындауда оқушылар сыни тұрғыда механикалық есте сақтау үдерісі байқалды.

Сабақ соңында кері байланысты «Сұрақтары бар қорап» арқылы қорытындылыдым.Оқушыларға стикерлерді беру арқылы бүгінгі сабақтың нәтижесін қорытындылау мен аяқтадым. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.

D:\4 сабақ қмж\4-сабақ\101 мектеп жана видео\Новая папка (3)\IMG_0020.JPG(сурет-001) «Не үйрендім?», «НЕ қиын болды?», «Не ұнағанын?» кері байланыста оқушылар өз пікірлерін стиктерге жапсырып калдырды.

Оқушыларға ұнағаны: Оқушылар осындай сабақ күнде болса, Блум таксономиясы тапсырмалары, әр топтың бір-бірін бағалауы, топқа бөлінуде жұмыс жасау ұнағандығын жазған. Оқушылар формативті бағалаудың ішінде бағдаршам арқылы бағалауы ұнады. Қиын болған сәттеріне топпен жұмыс жасаған кезінде уақыттың аздық еткенін, есептерді термин сөздермен түсіндіру, есептерді тиімді жолмен ықшамдау қиын екенін жазған.

Сабақ барысында сәтті тұстарым :

1. Оқушылардың бір-бірімен ынтымақтасып тапсырманы орындауы;

2. Жұптық, топтық жұмыстарды тиімді ұйымдастыра білуі;

3. Оқушылардың сабаққа ерекше көзқараспен араласқандығы;

4. Бір- бірімен топтық жұмыста әлеуметтік қарым-қатынаста болуы.

6. Сабақ барысында сындарлы оқыту теориясының қолданылған әдіс-тәсілдерге қызығушылықпен қарауы.

7.Өз пікірлерін нақты жеткізе білуі.

8.Оқушылардың үй тапсырмасына айтуға деген қызығушылығын, талпынысы байқалуы.

9. Оқушылардың сындарлы оқыту теориясының сабақта әдіс-тәсілдерінің қолдану кезінде жатсынбай тез меңгеруі.

Сабақтағы қиындықтар:

1. Топтасу кезінде оқушылардың уақыттың ұзаққа созылуы орын алды.

2. С деңгейлі оқушылардың дұрыс шыққан есепті түсіндіре алмағаны қиын болды.

3. Бағдаршам арқылы бағалауда үй жұмысын орындамаған оқушылар шынайы бағаламауы.

4. Кейбір оқушылардың топта өз бетімен отырып қалуы, тек А, В-деңгейінің оқышылары есеп шығаруы.

5. Оқушылардың интерактивті тақтаны пайдалана алмауы қиын болды.

6. Уақыт тапшылығы топтық жұмыс жасау кезеңінде орын алуы.

7. Баланың топтық жұмысқа қалыптаспағандығы, сынып ережесінің сақталмауы.

8. Сыни ойлауы оқушыларда әлі қалыптаспаған.

9. Зерттеу үшін таңдап алынған А, В және С деңгейлі оқушыларға бақылау жасай алмауым;

Қиындықты қалай еңсеремін: Келешекте зерттеуді жалғастыру үшін оқушылардың шынайы бағалайтын түрлерін, деректерді жинау әдістерді қолдануды жоспарлап отырмын. Себебі сабағымда кеткен кемшілік қалған сабағымда қайталанбауы тиіс.

1. Топтастыру кезеңі үшін оқушыларға математикалық терминдердің жеңіл түрлерін дайындау.

2. С деңгейлі оқушылардың сабақ кезеңдерінде тыс қалмауларын ескеру.

3.Үй жұмысын тексеруге формативті бағалаудың басқа стратегияларын қолдану.

4. Топтық жұмыс жасау кезеңінде С деңгейлі оқушыларының есеп шығаруын қадағалау.

5. Оқушылардың интерактивті тақтаны үнемі пайдалануға үйрету.

6. Топтық жұмысқа сындарлы оқыту теориясының әдіс-тәсілдерінің түрлерін қолдану.

7. Баланың топтық жұмысқа қалыптастыруда, сынып ережесінің сақталуына мән беру.

8. Сыни көзқарасын әр тапсырмада балама шешім қабылдауға, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

9. Зерттеу үшін таңдап алынған А, В және С деңгейлі оқушыларға бақылау жасауды үнемі назарда ұстау;

Қолданылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (МАН). Үшінші «негізгі» деңгей.Үшінші басылым. www.cpm.kz. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012 ж

2. Алгебра 8-сынып.Әдістемелік оқулық Ә.Н.Шыныбеков.Алматы «Атамұра» 2012жыл.


























Қысқа мерзімді жоспарлау

101 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі: Мангулова .Г.К

Пәні: Алгебра

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:


2 тарау. Квадрат теңдеулер

hello_html_m1474d974.gif1. Квадрат теңдеу және оның түбірлеріне есептер шығару

    1. Квадрат теңдеудің анықтамасы

    2. Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу


Сілтеме:

Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық Авторы:Ә.Н.Шыныбеков.Алматы «Атамұра» 2012жыл.

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары:

  1. Квадрат теңдеудің коэффициентін анықтауды білу.

  2. Толымсыз квадрат теңдеулерді шешуді түсіне отырып есептер шығару.

  3. Толымсыз квадрат теңдеулерді ң түбірлерін шешуді үйрету.


Ресурстар:

Слайд, таратпа қағаздар, стикерлер, қосымшаоқулық, постер, ашық журнал, бағалау парақшалары

Оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Серпілген сауал

Тақырыптық түйінді сөздер

Сергіту

Блум таксономиясы

Оқып-үйренудің нәтижесі:




1.Квадрат теңдеудің коэффициентін анықтауды біледі. 2.Толымсыз квадрат теңдеулерді шешуді түсіне отырып есептер шығарады.

3.Толымсыз квадрат теңдеулерді ң түбірлерін шешуді үйренеді.


Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті.


2-мин

Кіріспе бөлімі

Сынып оқушыларын 4-топқа бөлу.. Сабақтың мақсатымен шарттарын қысқаша таныстыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

1 топ : а

2 топ: в

3 топ: с

4 топ: х


Кіріспе бөлімі

Сынып оқушылары 4-топқа бөлініп 6-оқушыдан бірігіп отырады. Сабақтың мақсатымен және шарттарын қысқаша танысады. Оқушылар назарын сабаққа аударады

1 топ : а

2 топ: в

3 топ: с

4 топ: х


7-мин
















































Тұсаукесер бөлімі

«Серпілген сауал «әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру





232 есеп

Теңдеулерді ax² + bx + c =0 түрінде жазыңдар:

  1. (2х-1)(2х+1hello_html_m5a60ce70.gif

2. (3х+2)hello_html_m592f2afd.gif

3. (х+1)(х+2)hello_html_a9db690.gif

4. 4hello_html_3a403baa.gif

5. (х+3)(3х-2)hello_html_467576cc.gif

6. hello_html_7b0a5cdb.gif











Дұрыс жауапты интер белсенді тақтадан өзін-өзі тексереді

Бағдаршам арқылы бағалау

Тұсаукесер бөлімі

«Серпілген сауал «әдісі арқылы үй тапсырмасын тексереді





232 есеп

Теңдеулерді ax² + bx + c =0 түрінде жазады:

  1. (2х-1)(2х+1hello_html_m5a60ce70.gif

ж: 2hello_html_mdc51ea2.gif

  1. (3х+2)hello_html_m592f2afd.gif

ж: 8hello_html_m5f4e435c.gif

  1. (х+1)(х+2)hello_html_m7cfa2423.gif

ж: -hello_html_3eed3a56.gif

  1. 4hello_html_3a403baa.gif

ж: 2hello_html_4a2d90b6.gif

  1. (х+3)(3х-2)hello_html_38288162.gif

ж: 5hello_html_m15337010.gif

6. hello_html_7b0a5cdb.gif

ж: 4hello_html_m781c0d74.gif



Бағдаршам арқылы бағалайды

7-мин































































2-мин

Негізгі бөлім

Топтық тапсырма беру

«Тақырыптық түйінді сөздер»



Тиісті тақырып астына өзіңіз білетіннің барлығын жазыңыз:

Квадрат теңдеу

Толымсыз квадрат теңдеу





Екеуіде

























Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау



Сергітуhello_html_1cb6ccd2.gif

Негізгі бөлім

Топтық тапсырмаға оқушылар «Тақырыптық түйінді сөздер»

(постер қорғайды)



Тиісті тақырып астына өзіңіз білетіннің барлығын жазыңыз:

Квадрат теңдеу

Толымсыз квадрат теңдеу



Квадрат теңдеудің анықтамасы



Квадрат теңдеудің түбірлері



Толымсыз квадрат теңдеулер



Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу

ax² + bx + c =0 ( а ≠ 0) түріндегі теңдеуді Квадрат теңдеулер деп атайды.Толымсыз квадраттық теңдеулердің түрлері :

1. ax² + bx=0,с=0;

2.ax² + c =0, в=0;

3. ax²=0, в=0, с=0;





Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды





Сергіту







Әр топтан оқушы 10 секундтта бірнеше санды таба білу керек:

  1. 1-10 дейінгі сандарды тап

  2. 10-20 дейінгі сандарды тап

  3. 20-30 дейінгі сандарды тап

  4. 30-40 дейінгі сандарды тап





14-мин

Есептер шығару:

Оқулықпен жұмыс:

А деңгейі:№235 есепті шығарады.

В деңгейі:№237 есепті шығарады.

С деңгейі:№238 есепті шығарады.





Есептер шығарады:

Оқулықпен жұмыс:

А деңгейі:№235 есепті шығарады.

В деңгейі:№237 есепті шығарады.

С деңгейі:№238 есепті шығарады





10-мин

Қорытынды бөлім

«Блум таксономиясы» оқушыларға жеке тапсырма беру





Қорытынды бөлім

«Блум таксономиясы» оқушыларға жеке тапсырма беріледі

2-мин

Рефлексия. «Сұрақтары бар қорап» арқылы сабақты қорытындылау

НЕ үйрендім?

НЕ қиын болды?

НЕ ұнағанын?








Рефлексия. «Сұрақтары бар қорап» арқылы сабақты қорытындылайды





1-мин

Үйге тапсырма :

Өтілген тақырыптың ережелерін жаттау

№ № 233, 234, 239 есептерді шығарту.



Үйге тапсырма :

233, 234, 239 есепті шығарады.











Общая информация

Номер материала: ДВ-445406

Похожие материалы