Инфоурок Начальные классы ПрезентацииӨлеңдер. Тақырыбы: "Халқыма", "Өмірге көңілім толмайды", "Жыр алыбы Жамбыл"

Өлеңдер. Тақырыбы: "Халқыма", "Өмірге көңілім толмайды", "Жыр алыбы Жамбыл"

Скачать материал

 

Т.Рысқұлов атындағы №9 орта мектептің бастауыш сырып мұғалімі Тауекелова Салима      Мадреимовна.

        

                   Халқыма

         Толып- тассын дәулетің,

         Бақытты болсын әулетің.

         Оңыңнан туып алтын ай,

         Күміс күн төксін сәулесін.

         Көрмесін келер ұрпағың,

         Босқындық соғыс әуресін.

         Шектен тыс кеткен пенденің,

         Келтірсін Аллам тәубесін.

 

        Басыңнан бағың таймасын,

        Өмірің гүлдей жайнасын.

        Жайқалып бағың құлпырып,

        Ішінде бұлбұл сайрасын.

        Гүлденіп елім, жерім де,

        Қарасаң көзің тоймасын.

        Әрқашан халқым шат болып,

        Қуаныш тойын тойласын.

 

        Елімді әлем мақтасын,

        Жеті жұттан сақтасын.

       Ел басқарған ұлылар,

       Қазақтың жерін сатпасын.

       Жамандық, қырсық бәледен,

       Алланың өзі сақтасын.

       Алла деп жүрген халқым бар,

      Қасірет халқым тартпасын.

 

      Садағам кетсін баладан,

      Байламасын сағадан.

      Жан бергенге жай берем,

      Деген ғой Алла тағалам.

      Адамның өзі қарасаң

      Сүйек пен еттен жаралған.

      Алланың ісі бәрі де

     Адамнан ұрпақ таралған.

 

     Артыңнан ерген ұрпағың,

    Өмірді ары жалғасын.

     Көрініп биік шыңдардан,

    Қанаты қаққан талмасын.

    Қырандай болып самғасын

    Құлдырап артта қалмасын.

    Өмір бар жерде, өлім бар

    Көнесің басқа салғасын.

 

 

 

         Өмірге көңілім толмайды

  Өмірге көңілім толмайды,

  Себебі жолым болмайды.

  Жоқшылық, қайғы- қасірет

  Іштегі дертті қозғайды.

  Бәйгеге қоссам жорғамды

  Жорғалап неге озбайды?

  Құлдырап кейін қалғанда

  Ешкім де қолын созбайды.

  Сондықтан шығар әйтеуір

  Өмірге көңілім толмайды.

 

  Заманым солай болды ма,

  Әр адам өзін ойлайды.

  Кедейдің күні, күн емес

  Бай адам күнде тойлайды.

  Қайғысыз адам қашан да

  Өмірге мынау тоймайды.

  Жоқшылық деген жаман- ау,

  Көңілді біраз толғайды.

 Сондықтан шығар әйтеуір

  Өмірге көңілім толмайды.

 

 Қиянат еткен біреуге

 Өмір де бақи оңбайды.

 Көретін шығар Аллам да

 Оңбаған арсыз ондайды.

 Алланың өзі қашан да

Жақсыны ғана қолдайды.

Қара ниет жаман жан

Түбінде оңбай сорлайды.

Болса да солай бәрі бір

 Өмірге көңілім толмайды.

 

Көңілімді неге соншалық

Көңілсіз ойлар торлайды?

Тамаша сұлу табиғат

Кім мұны қайтіп қорғайды?

Аяймын кейде мен тіпті

Қорғансыз қалған торғайды.

Көз алдыма келтірем

Ағашсыз қалған тоғайды.

Ойласам бәрін мен мұның

Өмірге көңілім толмайды.

 

Біреуге берген бақытты

Үйіп те төгіп неліктен?

Біреуді бақтан қағыпты

Өзіндей жанға телмірткен.

Кінәлап қайтем заманды

Заманым түзер жаманды.

Күн сайын неге барады

Қалың ой қаптап санамды?

Ойласам бәрін осының

Өмірге көңілім толмайды.

 

Амандық болсын тілерім

Осыған мәз боп жүремін.

Амандық болса бәрі бар

Осы ғой менің білерім.

Толқиды кейде жүрегім

Жақсыға құлақ түремін.

Жақсылық елге тіледім

Бір Алла өзі тірегім.

Жамандық көрсем күйемін

Өмірді мен де  Сүйемін!

 

 

 

              Жыр алыбы Жамбыл

Ырымдап Жамбыл таудың атын қойған,

Өсіпті бала болып өнер қуған.

Атына заты сай боп, Жамбыл бабам,

Талабы таудай биік дара болған.

 

Әкесі Жап еді,анасы Ұлдан,

Ұрпағы болды атақты, дара туған.

Көрініп Жамбыл баба биік шыңнан

Шашуын шашты елге кәусар жырдан.

 

Бата алған Сүйінбайдан он бес жаста,

Бақыт ғой бұл дегенің қонған басқа.

"Көрұғлы"дастаны мен қазақ, қырғыз,

Батырлық эпостарын айтқан жатқа.

 

Алған соң ақ батаны Сүйінбайдан,

Басына тұғырлы боп бақыт қонған.

Жас еді жас шыбықтай солқылдаған

Сол кезде он бес жасқа енді толған.

 

Өнердің бесігінде тербеліпті,

Ән- жырға кең даланы кенелтіпті.

Атақты абыз жырау, әрі жыршы,

Өшпейтін өлең сөздің дүлділі еді.

 

Жырына арқау етіп ол ерлікті,

Халқына отты жырмен дем бергенді.

Ұлы жүз Шапырашты шыққан тегі,

Поэзияның бұтақ жайған бәйтерегі.

 

Халқына қадірі артып, даңқы  өрлеген,

Жырлары ақ жаңбырдай нөсерлеген.

Алатаудың ақиық қыранындай,

Қанат жайып биікке көтерілген.

Даламыз мөлдір кәусар жырға толсын,

Елімде бейбітшілік заман болсын.

Жамбылдай дара тұлға әкелетін,

Аналар алтын құрсақ аман болсын.

 

Жамбылдай бабамыздың жолын берсін,                                                                                        Осындай жақсылықты елім көрсін.

Есігін мына өмірдің айқара ашып,

Жамбылдай сөзге шешен ұлдар келсін.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өлеңдер. Тақырыбы: "Халқыма", "Өмірге көңілім толмайды", "Жыр алыбы Жамбыл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.11.2015 850
    • DOCX 41.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тауекелова Салима Мадреимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тауекелова Салима Мадреимовна
    Тауекелова Салима Мадреимовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26136
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 524 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона