Инфоурок Начальные классы Конспекты"Әліппем өміріме азық, бағытыма қазық"

"Әліппем өміріме азық, бағытыма қазық"

Скачать материал


Әліппем өміріме - азық, бағытыма - қазық.

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Бүгін шәкірттер қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы Әліппемен қоштаспақ. Осыдан төрт ай бұрын Әліппе кітабын ашып, «А»-ны айтқанда дауыстары дірілдеп, көздері жәудіреп еді, енді, міне Әліппені қалай меңгергендерін, қалай есептеп, қалай жаза алатындарын көрсетпек.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын халге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың!

Таныстыру. Көңілді әуен сазымен слайд көрсетіліп, балалар қол ұстасып сыныпқа кіреді

Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік

Аяулым:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Арман:

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер

Қыран құстай болашағын мәпелер

Бүгін міне , әліппемен қоштасады

Азамат боп кешегі сәби еркелер!

Еламан:

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.


Жасмина:

Шашу,шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке,бұл тойдың,

Хормен:  Бастаңғысын жасайық!

Шашу шашылады.

Оқушылар:

Айсұлу

Бар кітапқа бас болған

Әліппе – ғылым ағасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Аяжан

Партаға тұңғыш отырдым,

Қалам алып қолыма.

Сызықтарға толтырдым,

Қалдырмай дәптер жолдарын.

Аяулым

Әліппем, менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Элина

Ойыншықтар қалды жайына,

Әріптер бөлді көңілді.

Тәбетім жоқ ойынға,

Сезінем үлкен өзімді.

Еламан

Әліппем, менің әліппем,

Өшпейтін нұрлы әріппен.

Есігін аштым білімнің,

Өзіңнен кілт алып мен.

Мейрамгүл

Қуыршақты тастадым,

Уақыт жоқ ойнауға.

Әріптен құрай бастадым,

Сөздерді тізіп қойылған.

Ибрагим

 «А»-ны айтқанда дауысым дірілдеді,

Ұстазым көз адлдымда күлімдеді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын, айырып буынды енді.


Мұғалім:

-Балалар мен сендерге бір сұрақ қояйын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. 
Хормен: Әліппе, Әліппе,Әліппе!

Әдемі әуен сазымен ортаға Әліппе келеді.

Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: - Осы сендер қандайсындар?
-Талабы биік таудаймыз.
-Мың бұралған бишіміз.
-Біз шеберміз.
-Ақылдымыз.
-Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
-Көп оқимыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Ән: "Дос болайық бәріміз"
Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

Алмас
Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.

Асқар
Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.

Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

Слайд "Әріптер әлеміне саяхат"

Кристина

Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Қыздар: Балаларға ақ тілек,
Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Ән"Әліппе"
Әліппе: 
-Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Әліппе: Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?

"Санамақ". Нұрғиса


Әліппенің тапсырмалары


Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсың
Мың бұралған бишелер
Бименен кешті жалғасын.
Қыздардың орындауында "Қазақ биі"

Нұрсұлтан

Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.

Бағжан
Қош бол, құтты Әліппем,
Қош бол,құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырдың әріппен.

Карина
Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.

Нұрғиса
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата –ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!


Әліппе: Балалар, рахмет сендерге.
Ән «Әдемі - ай»
Ерғалым.

Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн-алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда. 
Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.
Ән «Ақ тілек»
Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын!
Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен,
Ұлдар: Балаларға үйреткен.
Хормен.Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Ән "Мектебім"

Шырайлым:Әліппе деген -алтын жол.

                 Апарар сені алысқа

                 Жеңіл емес,ауыр жол,

                  Тырысып бақ намысқа.

Ажар: Әліппем,менің Әліппем

               Сені қолға алып мен

                Есігін аштым мектептің

                 Ертеңгі сәуле жарықпен.

Арман:Білімге жолды бастаған

         Әліппем саған мың алғыс

          Оқы деп ұран тастаған

          Әліппем саған мың алғыс

Жасмина:

Барлық әріп бағалы,

Айттың әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Ардақтайды,қолдайды.

Еламан:

Іші толған әріпке-

Мынау әйбат Әліппе.

Барлық ілім-білімнің

Әжесі осы –ӘЛІППЕ.

Аяулым:

Әнімізге ұласар,

Әннің аты Әліппе.

Арман:

Бәріміз де тіл ашар,

Кітап аты Әліппе!

Ән   «Әліппе»

Рустам:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны әліппе.

Ибрагим:

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің әліппе!

Шырайлым:

Әліппе –білім анасы,

Әліппе- кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы.

Ән      «Мектебім» 
Арслан
Өзім оқып кітапты,
Жалынбадым ағама.
Қуанды апам оқудан,
Алған бестік бағама.
Расул
Қош бол,құтты Әліппем!
Тіл тұсауын кестің сен.
Аяулы апам болып сен,
Айыбымды кештің сен.

Айсұлу:

Таныстырған  42  әріппен

Қош бол менің қасиетті әліппем!

Сенің арқаң оқып,жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім

Әліппе: Рахмет, құрметті оқушылар!Мен сендерге өте ризамын. Мені жақсы меңгердіңдер, таза ұстадыңдар, кішкентай достарым.Ал балалар! Енді менің сендерге айтар тілегім жаңа достарыңды да мендей сүйіп, мендей күтіп құрметтеңдер. Енді мен сендермен қоштасамын қош сау болыңдар кішкентай достар.

Мұғалім:

Қане балалар «Ана тілі» пәнін шақырайық.

Ана тілі:

Мен қазақтың тілімін,

Беретін көп білімін.

Достасатын сендермен,

Жаңа пәннің бірімін.

Үйретем тіл заңдарын,

Сөзіме құлақ сал бәрің.

Менімен тез іске асар,

Ойға алған арманың.

Ей, туған тіл, ей әсем тіл,

Ата-анамның бал тілі.

 Көп нәрсе ұқтым дүниеден,

Туған тілім арқылы.

Анам алғаш осы тілді,

 Бесік жырын жырлаған.

 Ұзақ түндер апам айтқан,

Ертегілер тыңдағам.

Ана тілің біліп қой,

Бостандығың теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің

Ал, балалар осы әліппеден сауаттарыңды ашқан кім?

Аяулым:

Барша жұртқа сыйлаған,

Ілім білім мұратын.

Жасмина:

Өмірдегі сыйлы адам

Бес әріптен тұратын.

Балалар:

Жаны шуақ,мейірімді,

Ұстазды кім білмейді!!!

Ән   «Мұғалім-ол біздің»

Аяулым:

Әліппе,Ана тілі біздің балалар сондай-ақ өтірік өлеңдер де біледі екен.

Еламан:

Мысықты жылаттым,

Тышқанды құлаттым.

Пілді әкеп тақтаға

Есептер шығарттым.

Жасмина:

Тауықпенен ұшып,

Айға қонып келдім.

Қасқырларға ұрсып,

Тышқан сойып бердім.

Аяулым:

Көбелектер қыста,

Киіп алып тонды

Ілесіп ап құсқа,

Гүлден-гүлге қонды.

Арман:

Балалардың математика пәнінен алған білімдерін тамашалайық.

Жасмина:

Бір дегенім-баспана,

Нанды жерге тастама.

Аяулым:

Екі дегенім-ирек,

Қар жауады сирек.

Айсұлу:

Үш дегенім-үтік,

Құрбымды көп күттік.

Ибрагим:

Төрт дегенім-ту,

Айлакер түлкі қу.

Еламан:

Бес дегенім-бау,

Балық аулайтын ау.

Арман:

Алты дегенім-алақай,

Кел,билейік балақай!

Шырайлым:

Жеті дегенім-жұлдыз,

Аспандағы құндыз.

Карина:

Сегіз дегенім-серке,

Ән салайық,Ерке!

Нұрғиса:

Тоғыз дегенім-толғам,

Досым,дұрыс ойлан!

Элина:

Он дегенім –орақ,

Ай,деп қалма бірақ!

Мұғалімнің сөзі:

  Балалар,бүгін біздің ортамызда ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып отыр.Құрметті ата-аналармен қызықты ойын өткізгім келіп отыр.Ортаға ата-аналар шықсын.Әр ата-анаға 3 әріптен беріледі.

  Бағанадан бері біздің балаларымыз әріптердің сырын ашуға тырысты.Ендігі кезек сіздердікі.Мен қойған сұрақтарға тек сіздерге берілген әріптерден басталатын сөздермен жауап беріңіздер.

-Балаңыздың аты кім?

-Балаңыздың жолдасы кім?

-Балаңыз қандай тамақты жақсы көреді?

-Балаңыз бос уақытында немен айналысады?


Математика:

1.Өзім жеке дарамын,

Таудан биік талабым.

Ауылына сандардың,

Көшті бастап барамын.

2.Ақудай жұп жазбаймыз.

Қатар ұшқан қаздаймыз,

Бірге туған егіздей,

Жұбымызды жазбаймыз.

Жұрт та бөліп жатпайды,

Екі дос деп мақтайды.

3.Үш бар жерде күш бар деп,

Үш алуға құштар көп .

Дұрыс емес ол да аса,

Жақсы оқушы болмаса.

4.Төрт орындық аяғы,

Төрт құбыла баяғы,

Төрт ұйқысын төрт бөлген,

Анам құшақ жаяды.

Төрт түлік ел ырысы,

Төртеу үйдің бұрышы.

Төрт аяғын тең басқын,

Төр амал ғой дұрысы.

5.Бес саусағың қолдағы,

Бес жұлдыздың тармағы.

Бес асыл зат:

Қанағат, талап,

Рақым, терең ой,

Еңбек елдің арманы.

6.Ағайынды алты ұлмыз,

Сақтап ата салтымыз.

Мәңгі бақи ұстаймыз,

Татулықтың қалпын біз.

Алтау ала болмайды,

Бірін-бірі қолдайды.

7.Жеті бірдей еренбіз.

Жеті шумақ өлеңбіз,

Жеті түрлі бояумыз.

Жеті түрлі әуенбіз.

8.Сегіз өрім қамшымыз,

Қиянатқа қарсымыз.

Сегіз ырлы бір сырлы,

Жақсы іске жаршымыз.

9.Тоғыз сауыт кмініп,

Досқа тоғыз иіліп,

Біз шыққанда апарға.

Ел қарайды, сүйініп.

Тоғыз жодың торабы,

Тоғысқандай болады.

Тоғыз ерді көргенде,

Ел көңілі толады.

10.Қодасқанда онымыз,

Бір адамның қолымыз.

Қатар тұсақ онымыз,

Кетер кеңіп жолымыз.

Жұмыс істеп тынбаймыз,

Күш жігерді шыңдаймыз.

11.Терең ғылым сананың,

Тегі деп ой саламыз.

Маңыз беріп оқимыз,

Математика сабағын.

12.Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де есеп,

Ауырсаң ішетұғын бәрі де есеп,

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Би. Вальс.

Мұғалім:

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым!

Өзі оқып , жазатын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың!

Ата-ана қуанып шаттанады.

Оқыды деп баласы мақтанады.

Алдарына бұлардың кім шығыпты.

Барлық маман мектептен аттанады.

Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында

Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Ата-аналарға сөз беріледі.Мектеп басшыларына сөз беріледі.
Мұғалім: Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға.

-Уақыттарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
-Қош сау болыңыздар.
Соңы.



 












Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әліппем өміріме азық, бағытыма қазық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 188 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.02.2016 800
    • DOCX 31.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Динара Сахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Динара Сахановна
    Ахметова Динара Сахановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42583
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе