Инфоурок Классному руководителю Конспекты"әліппемен қоштасу" 1 сынып

"әліппемен қоштасу" 1 сынып

Скачать материал

1 –жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде үлкен  Қарасу  шаһарында әліппе хан билік жасапты. Ханның 40 уәзірі және 2 күтушісі болыпты. Әліппе хан сондай қатал болған екен. Ол уәзіріне ел аралатып білімсіз балаларды жинатып, жазалап сауаттандырады екен. Әліппе хан елін жинап тақтан кететінін жарияламақшы.

1-оқушы: Уа халайық, келіңіздер көріңіздер, Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.

2-оқушы: Уа жарандар, жарандар! Әліппе хан орнына өз ұлын сайламақшы, 40 уәзірі мен 2 күтушісінің, ханды шығарып салу салтанатының куәсі болыңыздар.

Әліппе хан: Уәзірлерім, сендер неге тұрсыңдар! Ел ішін аралап келіңдер! Мына мен таққа ұлымды отырғызар кезде, елде сауатсыз балалар болмауы керек.

3-оқушы: Әміріңізге құлдық хан ием! Біз ел ішін түгел араладық. Сіздің қатал мінезіңіз бен бұйрығыңыздың арқасында елде еш сауатсыз бала жоқ. Барлығы білімді, сауатты, өнерлі екен.

Әліппе хан: (көңілденіп) Тамаша, тамаша. Ха-ха-ха. Мен осынша уақыт неге көңілсіз болдым? Неге қатал болдым?

Барлық балалардың сауаты ашылғанша мен де уайымдадым. Енді менің және дүйім жұрттың көңілін көтеріңіздер.

4-оқушы: Хан жарлығына құлақ салыңдар. Дәл бүгін хан ием мен дүйім жұрттың көңілін көтеріп өнер, білім көрсетейік. Олай болса бүлдіршіндердің өнеріне кезек берейік.

2-жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар

Бүгін міне қоштасады Әліппемен балбұлақ,

Әнімменен жырыма тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

1-жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Тұр алаңсыз балғыншақта балалар.

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

 

 

 

2-жүргізуші:

Кешіміздің пердесін

Ән шашумен ашайық.

Бүлдіршіннің өнеріне,

Қол соғып қошемет жасайық

 Ән  «Әліппе» (АНА, БАЛА, ОТАН) шарға жазылған сөздерді жоғары көтереді.

1-жүргізуші:  Ал, сен білесің бе? Ең алғаш әліппені кім жазған?

2-жүргізуші: Әрине, ол Ыбырай Алтынсарин ғой.

1-жүргізуші: Олай болса біздің оқушылардың Ы.Алтынсарин атамыз туралы өлеңін тыңдайық.

Оқушылар шығып айтады:

1 –оқушы:

Ұстаздың  тұңғышы да, зоры да сен,

Халықтың кітап берген қолына сен.

Қазақтың қара түнек аспанынан,

Ақ жұлдыз ағып өткен жолың әсем.

2-оқушы

Айтпайсың дәл қазіргі еліңе өкпе,

Болашақ етеді аңыз сені көпке.

«Ыбырай Алтынсарин» деген шақта,

Бар мектеп көтереді қолын көкке.

3-оқушы:

Данышпан даласына сеніп туған,

Өмірін халық  үшін беріп туған.

Еліне еңбек еткен деген сөздің,

Алғашқы мағынасын сен ұқтырған.

Ән: «Ертегілер».

1-жүргізуші: Сен байқадың ба? Біздің достар бұл кешке бірнеше өнерлерін ала келіпті. Мақал-мәтел жарысына кезек берейік.

2-жүргізуші: Олай болса неге тұрамыз? Бұл хан жарлығының басты талаптары еді ғой. Ендеше кезекті мақал-мәтелдер сайысына берейік.

Екі оқушы кезектесіп айтады.

- Сәлеметсіз бе? Көрген жерде ауыл бар деп келіп қалдық.

-Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді, демекші қалыңыз қалай?

-Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы дегендей, қандай әдепті баласың!

-Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады деуші еді. Келіңіз, төрге шығыңыз.

-Жат асыңа қарайды, дос басына қарайды, деуші еді аталарымыз. Қонағын сыйласа, төрге шық, төрге шығайық.

-Жылқы кісінескенше, адамсөйлескенше демекші, таныса отырайық.

-Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл деген, ас алып отырайық.

-Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын.

-Досыңның асын қасыңдай іш демекші, алла риза болсын.

-Дастарқанға ас қойдым, екі қолды бос қойдым деген, ас алып отырыңыз.

-Көңілмен берсе, қара су да бал татыр.

-Иә, досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам, демекші, досы көп болғанға не жетсін.

2-жүргізуші:

Бала деген шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен,

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен,

-деп Кенен атамыз айтқандай, кішкене бүлдіршіндердің бал тіліне кезек берейік.

Оқушылар тақпақты айтып әріптерді іледі.   


 1-оқушы:

«Қ» - дегенім:

Қарбыз,

Қызыл болса жалғыз,

Қауын шығар бұл мүмкін?

Қарақат па, құрма ма?

Қызанақ па кім білсін?

2-оқушы:

Алатаудың аясында

Алма терді Алмагүл.

Алуан бала арасында

Артта қалмай, алда жүр.

Апорт деген алмасынан

Ал тәттісін таңдап бір.

 3-оқушы:

Зергерлікті кім білер,

Балқытады күмісті.

Сақинаны, сырғаны,

Күміс сымнан тартады.

4-оқушы:

Ата-ананың тілегі –

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі-

Адал болып өскенің.

 

 

 

 

 

5-оқушы:

Қиындықтан қорықпа,

Қаймығып еш торықпа.

6-оқушы:

Сара сауды сиырды,

Сексеуілді сындырды.

Сазан балық қырда,

Сан шаруаны тындырды.

7-оқушы:

Таңнан тұрып тай мініп,

Тауда тазы жүгірттім.

Таңқурай жеп, сай қуып,

Таңдайымды жібіттім.

8-оқушы:

Астана –астанам,

Астана – бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастаман.

9-оқушы:

Наркөз бота үнемі,

Нарға ілесіп жүреді.

Нағыз еңбек кепілі,

Нан – тіршілік тірегі.

10-оқушы:

 «Нан пісірем» десем мен,

Нұраш неге нанбайсың?

Нанбасаң сұра Есеннен,

Нағашым Назар - наубайшы.

11-оқушы:

Мысықта бар,

Күшікте жоқ.

Қасықта бар,

Есікте жоқ

12-оқушы:

Сөз басында келмейді,

Елдің бәрі «ң» дейді.

Дауысты дыбыс соңынан,

Тұрғанды теріс көрмейді.

13-оқушы:

 «Б» -дегенім:

Бүлдірген,

Балдай дәмін кім білген?

Бүлдіргенді шекерге,

Батырып же бір – бірден

14-оқушы:

Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Мына менен басталған

Екеуінің аттары.

15-оқушы:

Лайым ұлы іс болсын,

Лайықты шәкірт болсын.

Лұқпан, Хакімдей боп,

Лайым қыдыр қонсын.

16-оқушы:

Асыл сөзді іздесең

Абайды оқы, ерінбе,

Адамдықты көздесең,

Жад тоқып ал көңілге.

 

17-оқушы:

Шілде күні керемет

Шабындыққа келе кет.

Шалғышылар-ағалар

Шөмеледе балалар.

 

 

 

 

 

 

 

18-оқушы:

Азаматпын жатпаймын

Алма ағашты баптаймын.

Астанада тұратын

Ағама алма сақтаймын.

 

19-оқушы:

Ғимарат көп қаламда,

Ғаламат көп ғаламда

Ғылым қуып жалықпай

Ғалым болам қалайда.

20-оқушы:

Ырыс алды –ынтымақ,

Ырысты болсын еліміз.

Ықыласы зор іске

Бала болып өсеміз.

 

21-оқушы:

Мақтанышым ұдайы

Маңғыстаудың мұнайы

Маңғаз біздің ағалар

Сөз арасын саралар.

 

22-оқушы:

Ырысты ұрыс қашырар,

Ынтымақ – халықты асырар

 

23-оқушы:

Заузадан көре аласың                                                  

Заңғардан таба аласың.

Байқамасаң анықтап

Үш екен деп қаласы


 

 

1- жүргізуші: - Балалар, сендердің салған әріптеріңнен қандай сөйлем шықты?

-Қазақстанның болашағымыз!

Ән: «Ақ көгершін»

Әліппе хан: Рахмет сендерге бүлдіршіндерім! Көңілім көтеріліп қалды. Осы төрт ай ішінде мен сендерді бақыладым. Сендерге әкелген менің де сыйым бар. Барлығың да өнерлі екенсіңдер. (Әліппе хан оқушыларға диплом береді). Мен сендерге ризамын. Өзімнің орынымды балам «Ана тілі» басады деп сенемін. «Ана тілін» шақырамын.

Ортаға «Ана тілі» хан шығады.

Туған елдің тілімін,

Ақылымен танылам.

Түсіндірер бәріңе,

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім –елдігім,

Ана тілім –ерлігім.

Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігім.

     Бүгіннен бастап саутты балалардың білімін әрі қарай мына менің оқулығымның ақасында дамытып тереңдете түсеміз. Сондықтан, бәріңе сыйлық ретінде өз «Ана тілі» кітабымды алып келдім. (барлық оқушыларға кітапты таратып береді).

«Ана тілі» таққа отырады.

Әліппе хан: Ал балалар сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым. Қазақта айтады «Басы қатты болса аяғы тәтті болады» деп. Енді осы білімдеріңді менің ұлым «Ана тілімен» бірге әрі жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар!

Қош сау болыңыз Әліппе хан!

2-жүргізуші; Келесі кезекті сыныбымыздың биші ұлдарына берейік. «Жұдлыздар биі»

1- жүргізуші; Біздің қыздарымызда тамаша билейді. «Домбыра» биі.

2-жүргізуші: Раймханов Айдостың орындауындағы «Болашағым бақытым» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Қанағатова Талшын, Төлеухан Ернұр, Досмұханбетова Айша, Көкенов Мерхаттың орындауларында « Жақсы көрем» әні.

2-жүргізуші: Оқушылардың орындауларында «Сәлем саған мектебім» әні

1- жүргізуші: Оқушылардың орындауларында «Мұғалім ол біздің» әні

 

1-жүргізуші: Содан елді «Ана тілі» ханы басқарыпты. Уәзірлері «Әліппе ханның» қаталдығы мен талапшылдығының арқасында «Ана тілі» ханына тез үйреніп білімді болып сол Қарасу шаһарының есімін әлемге әйгілі еткен екен.

Мұғалім: Құрметті қонақтар, сіздер бірер сәт ертегі елінің саяхатынан оралдыңыздар. 1 «Б» сынып бүлдіршіндерінің сүйікті  Әліппелерімен қоштасуларының куәсі болыңыздар.

2-жүргізуші:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан, ертегілік соңында

Ақ тілекпен баршаға, тілек айтар қонақтар.

Ертеңгілік мкетеп басшыларының, ұстаздың, ата-аналардың құтықтау сөзімен аяқталады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""әліппемен қоштасу" 1 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 254 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2017 638
    • DOCX 24.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оразгалиева Жадыра Оралбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9775
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Искусственный интеллект как помощник в поиске работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек