Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әліппемен қоштасу (1 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әліппемен қоштасу (1 сынып)

библиотека
материалов

Әліппемен қоштасу

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
 Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын арттыру.
2. Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын ескере отырып, ана тілін сүйюге, қастерлеуге тәрбиелеу.

1.      Безендірілуі: «Әліппе, саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат, суреттер, шарлар, жалаушалар, суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы: Сахнаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру. Сахна бұрышында сиқыршы қыз ертегі кейіпкерлерімен билеп жүреді.

2.      Сиқыршы қыз: Ой, бүгін күн қандай тамаша! Табиғат - ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай! Қараңдаршы қандай әдемі, қандай көрікті. Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен? Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің? (Сол кезде шар жарылып, сиқыршы оқушылар ортасына келеді). 
Сиқыршы: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі).
Мұғалім: Сәлем, кішкентай сиқыршы!
Сиқыршы: Сәлеметсіз бе?! Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын?
Мұғалім: Кішкентай сиқыршы, сіз біздің мектебімізде тұрсыз. Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр. Мектептің 1 «А» сынып оқушылары әліппемен қоштасқалы отыр. Бұл тойдың қадірлі қонағы бол!  

3.      Сиқыршы: Рахмет, маған да сізге көмектесіп тұруға бола ма?
Мұғалім:Әрине болады. Әзірге балалармен бірге отыра тұр.
Музыка: фоны
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Бүгін сіздер  1 - сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Қош келіпсіз, ақжаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Көрініс: Портфель

Бірінші қыркүйек күнінде

Жол тарттым білім алуға

Ең алғаш ашып есігін

Мектебімнің Еңбектің

Кітап:

Менен оқып білесің

Барлық әріп кестесін

Пенал:

Ал менімен барлық сабақты

Орындайсын жазасың

     

Дәптер:

Ал, маған жазу жазып,

Әріптерді үйренесің.

Күнделік:

Ал менімен күнделікті

Сабағыңды орындайсың.

Мұғалім

 Бүлдіршіндерді қарсалайық

Музыка ойналады (ду қол шапалақ)

1.Армысыздар  жас  достар,

   Армысыздар  ата-ана.

   Болашаққа жол  бастар,

   Балаң  Дамир ортада.

Білім  деген  ғажаптың,

         2. Үлкенге  де,кішіге  де,

     Мейірімді  болатын,

     Көп  оқитын, көп  тоқитын,

     Мен  Қаламқас   боламын.

  Әліппесін меңгерген.

3. Жақсы  оқып  сабақты,

   Білімді  боп  өсетін,

   Мен  Сабина боламын.

Болашағы  қазақтың,

4. Сәулелі  де  сымбатты,

   Сөйлегені  тым  тәтті.

Анеля  деген  қыздарың,

    Сіздерге  арнап  тіл  қатты

Басталады  біздерден.

Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Жүргізуші:

Әріптерді  қатар  қойып,

 Алфавитті  құраған.

 Оқу, білім  өнерді,

 Шамшыраққа  балаған

 Кім  екен  ол  данышпан?

Бәрі:  Ұлы  Ыбырай  атамыз,

          Ұстаздардың  ұстазы.

Анель 

 Ыбырай  Алтынсарин – тұңғыш  қазақ  педагогі.

Қаламқас

 Ең  алғаш  әліппе  жазған.

Анель
Үйретіп бізге алғаш Әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
 
Адамның ой - арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Қаламқас
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз - ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жауырыннан қаққаның.
Дамир

Ең алғаш қолға алғанда әліппені,
Қызыға қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Ән:  «Ұстаз»

Мұғалім - Балалар мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,                      Ол сүйікті Әліппе! 
Мұғалім:   - Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе.

Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыңдар жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық.
Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?
- Талабы биік таудаймыз. ( Анеля)
- Мың бұралған бишіміз. ( Қаламқас)
- Біз шеберміз. ( Дамир)
- Ақылдымыз. ( Сабина)
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз. ( Анеля)
- Көп оқимыз. ( Қаламқас)
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.

Әліппе: Мен туралы тақпақ білесіңдер ме?

Сабина

Жақсы кітап әліппе,
үйретеді әріпке,
Қуыршақпен қоштастым,
Әріптермен достастым.

Қаламқас
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Дамир
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

Анель

Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны Әліппе!
Ән: «Әліппе»

Әліппе:

-          Балалар, міне үш айдай оқып, үйреніп білім алып келеміз. Бүгін сол не үйрендіңдер, не білетіндеріңді ортаға саламыз, яғни білім шыңына саяхат жасаймыз.

-          Мынау не?

-          Сандық.

-          Балалар, бұл жай сандық емес сиқырлы сандық. Оның аузы жабық тұр.

-          Ал оны немен ашу керек?

-          Кілтпен.

-           Осы сандықтың аузын тек білім кілтімен ашамыз.

Ал білім кілтін, мен сендерге келе жатқанда жоғалтып алдым? Кілтті табуға көмектесесіңдер ме?    Иә!

 

Мұғалім: Бүгінгі тойға көп қонақ шақырылды. Мүмкін олардың біреуі тауып алған шығар. Бірақ олар бізге жай бере қоймайды олардың бәрі білімдеріңді тексеруге келе жатыр. Егер білім кілтін тапсақ, сиқырлы сандықты ашып оның ішіндегі сиқырлы заттарды алаламыз.

Әліппе: - Ей, Дымбілмес, өзің әдепсізсің ғой!

Дымбілмес: Неге солай дейсің?

Әліппе: Бірінші бәрімен амандасу керек.

Дымбілмес:  (бәрінің қолынан ұстап амандасады)

Әліппе: Жоқ ортаға тұрып Сәлеметсіз бе деу керек!

Дымбілмес:  Сәлеметсізбе деу керек!

Әліппе: Жоқ, мен саған айтып жатырмын, оған емес!

Дымбілмес: Жоқ, мен саған айтып жатырмын, оған емес!

Әліппе: Дымбілмес сен келе жатқанда, жолда кілтті тауып алған жоқсын ба?

Дымбілмес: Жоқ, мен жолда шашылып жатқан қағаздарды көрдім, онда бірдеңелер бейнеленген.            

 «Дыбыстар әлеміне саяхат» ойыны.

Әр балаға жеке-жеке әріптерді тарату. Сол әріп туралы айту. Сөз құрау. Дыбыстық талдау жаса.

Мұғалім: Жарайсыңдар,балалар, Дымбілмеске көмектестік. Бірақ кілт жоқ боп шықты.

Сиқыршы: «Алма жинау»  Менің бағымнан алма теріп көрейік, мүмкін мында кілт табылар. сиқырлы алмалардың артында  тапсырмалар бар, кім тапсырманы орындайды сол алманы алады. Әр оқушы тез, жылдам, нақты жауап беру керек.
1. Сөйлемде сөздің бірінші әрпі қандай әріппен жазылады, сонңында не қойылады? (бас әріппен, соңында нүкте қойылады)
2. Сөйлем неден құралады?  (сөздерден)
3. Әліппеде неше әріп, неше дыбыс бар? (40 дыбыс, 42 әріп бар)
4. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
5. Адамның аты қалай жазылады? (үлкен әріппен)
6. Жуан дауысты дыбыстарды айт? (а, о, ұ, ы)
7. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
8. Жіңішке дауысты дыбыстарды айт !(ә, ө, ү, і, е)

Сиқыршы: Жарайсындар, балалар, сиқырлы алма ағашының  тапсырмасын орындадық.

Енді жақсылап кілтті іздейік.

Мұғалім:  Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар!
(сахнаға кір - қожалақ Білмесбек келеді)
Білмесбек:  - Мыналар неге жиналған - әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:   - Сәлеметсің бе, Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.

Білмесбек:  - Әліппемен қош - та - су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао! (кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала: - Тиіспе, менің шарыма. Мұнда әріп жазылған.
Білмесбек: - Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау дөңгелектің суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты - ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай - ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің, Білмесбек. Бұлар О, П әріптері. Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас. Ал, сен келе жатқанда білім кілтін көрген жоқсын ба?

Білмесбек: Жоқ, бір жағында сандар , екінші жағында әріптер жазылған парақтарды көрдім. Түсінсем  бұйырмасын?
     Кәне, сандарды өсу ретімен орналастырайық. Содан соң шыққан сөзді оқимыз. Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.
Мұғалім: Міне Білмесбек, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті – басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді) 
Сиқыршы:  Ойын «Сөз құрастыру»     Бокстың қолғабымен текшелерден сөз құрастыру.

Қоянжан: Сәлеметсіздер ме!

Мұғалім: Сәлеметсің бе! Қоянжан, мүмкін сен көрген шығарсың, білім кілтін?

Қоянжан: Мүмкін көргенде шығармын. Егер тапсырмамды орындасаңдар айтамын.

 «Мақал - мәтел сайысы»

 Қоянжан: Рахмет, балалар, өкінішке қарай мен кілтті көрген жоқпын.

Буратино:  Білім кілтін мен тауып алдым. Аха, мен сендерге оны жай бермеймін.  Менімен бір би билейсіндер ме?  Иә

Қорытынды: Әр бала өзінің алғырлығымен, білімдерімен алтын кілтті жеңіп алып сиқырлы сандықты ашты. Сандық ішінен кітаптар шықты.

Кітап – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы

Дегендей білім арқылы биік шыңға шығамыз.

 Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.


Әліппе: Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым. Қазақта айтады «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деп. Енді осы білімдеріңді ары қарай жалғастырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін.

Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5 - тіктер тарату)

Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!

«Қош бол сүйікті әліппе »  әні 
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Мұғалім: Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз.Біздің әліппені жақсы меңгеріп,  сауатты оқып, жазуымызға ата-аналардың қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз ата-аналарға рахмет айтайық.

Бәрі: Рахмет саған ата-ана!

Көрініс:  Әже

Би: Қара жорға

Мұғалім.

Балалар, әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып, армандарыңа жетіңдер.

Бүгін сендер өз білімдеріңді көрсетіп нақты әліппені меңгергендеріңді көрсеттіңдер.

Мектеп директоры: Баймульдина Қызжібек Теміржанқызына сөз беріледі.

 Әліппе дипломымен марапатталасыңдар!

  Ата – аналарға сөз беріледі.

 Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,.

                 Әліппеден нәр алған даналарым.

                 Өзі жазып – оқитын халге жетті,

                 Құтты болсын қадамы балалардың!

                 Балалардың білімі құтты болсын,

                 Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

                 Білімдерін әрі қарай дамытатын,

                 Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.              

Осымен кішкентай ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Назар аударып қарағандарыңызға рақмет!


Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров95
Номер материала ДВ-551727
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх