Инфоурок Математика КонспектыМатематика пәнінен қысқа мерзімді жоспар "Шаршы"

Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар "Шаршы"

Скачать материал

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді жоспар

 

 

Пәні: Математика

Мектеп: Шаған  ЖОББМ

Мұғалім: Мухамбетжанова С.О

Сынып: 1 а

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Шаршы

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.3.1.4  Геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшеу  және салыстыру.

1.1.3.4  Өлшем бірліктерді (см, дм) түрлендіру және атаулы сандармен амалдар орындау (соның ішінде кг,л,сағ.)

1.1.3.5  Өлшем бірліктері және құралдарды таңдау арқылы ұзындық/масса/сыйымдылықты анықтау және іс әрекетін түсіндіру.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті:  ұзындықты өлшейді және шаршының барлық 

Қабырғалары тең болатындығын анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі: шаршының қабырғаларын өлшейді және оны қабырғаларының қосындысын таба алады.

Кейбір оқушылар: өздігінен берілген өлшем бойынша шаршы сызып, ұзындығын өлшей алады.

 Тілдік мақсат

Негізгі термин сөздер мен сөз тіркестері:

өлшеу – измерить

Сабақта диалог жазу үшін пайдаланылатын тіл:

– Ұзындықты қандай құралдармен өлшеуге болатынын білдіңдер?

– Ұзындықты сызғыштағы қай цифрдан бастап өлшейді?

– Кесіндінің ұзындығын қалай өлшейді?

– Сынық сызықтың ұзындығын қалай табамыз?

– Шаршының неше қабырғасы бар? (төрт)

– Қабырғаларының ұзындықтары бірдей тіктөртбұрыш... деп аталады (шаршы)

– Қабырғасының ұзындығы 2 см болатын шаршының барлық қабырғаларының ұзындығы

нешеге тең болады?

Алдыңғы сабақ

Ұзындықты немен өлшеуге болатынын біледі.

Жоспар

 

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет    

Ресурстар

Басы   (0-3мин.)

 

 

Ширату

" Геометриялық фигуралар"

ойыны.

•  cызғыш;

•  қағазқыстырғыштар;

•  геометриялық фигуралар;

•  әр оқушыға арналған ламинатталған беттер мен маркерлер.

Ортасы

(4-8 мин.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(9-15мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

(16-20мин)

 

 

 

 

 

(21-25 мин.)

 

Тура және кері санау.

Алдыңғы сабақты еске түсіру.

-Біз ұзындықты немен өлшеуге болатынын білеміз бе?

-Кез келген кесіндіні өлшеуде кесінді ұшын сызғыштың қай жеріне қоямыз?

-Бұл қандай фигура?

-Тіктөртбұрыш

-Оның неше қабырғасы бар?

-Ал мынау қандай фигура? (шаршы)

-Тіктөртбұрыш пен шаршының ұқсастығы неде, айырмашылығы неде?

-Шаршының барлық қабырғасының ұзындығы тең, ал тіктөртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының ұзындығы өзара тең.

Кіріспе тапсырма.

Оқушыларға тіктөртбұрыш пен шаршының қабырғаларын табу үшін жұмысты

жұппен ұйымдастырамын. Ол үшін жұптағы оқушылардың біреуіне қабырғалары 10 см және20 см болатын тіктөртбұрыш таратып беріңіз. Оған тіктөртбұрыштың қабырғасын табуды тапсырамын. Екінші оқушы оның әрекетін бақылап отырады. Керек кезде бір-біріне көмектеседі. Бірінші оқушы тіктөртбұрыштың қабырғаларын өлшеп, оның ұзындығын табады. Тіктөртбұрыштың ұзындығын тапқан соң, оқушылар өздерінің жұбына сол тіктөртбұрышты үлкен қабырғасының ортасынан бүктеп береді. Келесі оқушы шыққан фигураның қабырғасын өлшеп табады. Шыққан нәтижелерін салыстырады.

– Алғашында берілген фигура қалай аталады? (тіктөртбұрыш)

– Тіктөртбұрыш екенін дәлелде (қарама-қарсы қабырғаларының ұзындықтары тең).

– Оның барлық қабырғаларының ұзындығы қанша болады? (тіктөртбұрыштың барлық

қабырғаларының ұзындығы – 60 см)

– Үлкен қабырғасының ортасынан бүктегенде, шыққан фигура қалай аталады? (шаршы)

– Шаршы екенін дәлелде (Шаршының барлық қабырғаларының ұзындықтары бірдей. Ал

бүктегенде шыққан фигураның қабырғаларының ұзындықтары 10 см-ден).

– Шаршының барлық қабырғаларының ұзындығын қалай таптыңдар? (қабырғаларының

ұзындықтарын қостық)

– Шаршы мен тіктөртбұрышта қандай ұқсастық барын байқадыңдар? (ескерту: шаршы да

тіктөртбұрышқа жататынын еске түсіру керек)

Тәжірибе жұмысын басшылыққа алып, қорытынды жасатамын. Яғни шаршының барлық

қабырғаларының ұзындығын табу үшін, бір қабырғасының ұзындығын тауып, оны 4 рет қосса

жеткілікті.

Шаршының қабырғасын өлше.

Тапсырманы оқушыларға жеке орындауды ұсынамын. Суретте көрсетілген шаршының қабырғасын оқушылардың дұрыс өлшеп жатқанын бақылаймын. Тапсырманың жауабын бір-бірімен жұмыстарын салыстырту арқылы тексертемін.

Жауабы: 5 см;   2 см;   4 см.

Фотосуретке арналған жиектеме.

Бұл тапсырма бойынша портретке сәйкес келетін жиектемені анықтау үшін не істеу керектігін айтқызамын. Ол үшін оқушылардан мынадай сұрақтар сұраймын:

– Қоянның портретінің пішіні қандай?

– Портретке дәл келетіндей жиектемені табу үшін не істеу керек?

Оқушылармен тапсырманы орындау үшін, не істеу керектігінің жоспарын жасатамын. Алғашында оларға портреттің қабырғасын өлшеуді ұсынамын. Содан кейін жиектеменің қабырғасының ұзындығын анықтап, қайсысы дәл келетінін тапқызамын. Оқушылардың арасында басқа жолмен дәл келетін жиектемені табатыны болса, оның жауабын барлық

оқушыларға тыңдатып, дұрыс болған жағдайда, оны мақтап, атап өтемін. Өлшеу жұмыстарын орындай алмаған оқушылармен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы тақырыпты толық меңгеруіне жағдай жасаймын.

(Т) Шығарып көр.

 Алдымен оқушылармен ақылдасып, шешімін өздері табуына уақыт беремін. Белгіленген

уақыт біткен соң, төмендегідей сұрақтар қой:

– Суретте шаршы пішіндес қоршаудың тек бір жақ қабырғасы ғана тұр. Оның ұзындығына неше

тақтай кетті? (10 тақтай)

– Егер қоршау шаршы пішіндес болса, оның неше қабырғасы болады? (төрт)

– Шаршының тіктөртбұрыштан қандай айырмашылығы бар? (шаршы – барлық қабырғаларының ұзындығы бірдей тіктөртбұрыш)

– Ендеше қоршаудың әрбір қабырғасына неше тақтайдан кетеді? (10 тақтайдан)

– Қоршауға барлығы неше тақтай кетеді?

Жауабы: қоршауға 40 тақтай кетеді.

( Ж)Орындап көр.

 Берілген тапсырмада оқушылардың шаршының моделін таяқшаларды пайдаланып құрастыруын және оның периметрін есептеп табуын ұйымдастырамын. Бірінші шаршы қабырғасының ұзындығы бір таяқшадан, екінші шаршы қабырғасының ұзындығы екі

таяқшадан құрастырылғанын көріп, келесі шаршы қабырғасының үш таяқшадан жасалатынын табуына жетелеймін.

Жауабы: шаршының бір қабырғасының ұзындығы үш таяқша. Барлығы – 12 таяқша.

(26-31мин)

 

 

 

 

 

Қосымша тапсырмалар

Қане, кім тапқыр!

Оқушылар шаршыны толықтыру үшін, қанша қағазқыстырғыш керектігін ойлап табуы керек.

Сабақта олар шаршының барлық қабырғаларының ұзындығын табу үшін, оның бір қабырғасының ұзындығын білсе жеткілікті деген қорытынды жасаған. Сондықтан олар жетпей тұрған қағазқыстырғыштың санын есептеп таба алады. Егер қиындық туған жағдайда, олар шаршыны толықтырып, қағазқыстырғыштардың суретін салуға болады. Содан кейін қанша керек екенін санап табады.Жауабы: 7 қағазқыстырғыш.

Шаршы сыз. Тапсырма бойынша оқушылар берілген шаршылар қабырғаcын санау арқылы

ондағы қабырға ұзындығының біртіндеп өсіп келе жатқан заңдылығын анықтайды. Келесі шаршының қабырғасы 3 торкөз екенін тауып, шаршыны сызады.

Жауабы: шаршының қабырғасы – 3 торкөз.

Шаршылардан құрастырылған құлтемір.Бұл тапсырмада суреттегі құлтемірде неше шаршы

бар екенін және ең үлкен шаршыны анықтап, табу көзделген. Өлшеудің нәтижесін оқушылар бос торкөздің ішіне жазады. Оқушылар суреттегі ең үлкен шаршыны тауып, оның қабырғасының ұзындығын өлшейді де, белгіленген жерге жазады.

Жауабы: 5 см.

Соңы

(32-35 мин.)

Оқушылардың сабақ тақырыбын түсінгенін тексеру үшін төмендегі сұрақтарды қоямын:

– Шаршының қабырғалары туралы не айта аласыңдар? (шаршының барлық қабырғаларының ұзындықтары бірдей болады)

– Шаршының қабырғаларының ұзындығы  2 см. Оның барлық қабырғаларының ұзындығы қанша сантиметр болады?

Қосымша мәліметтер

Дифференциация.

Шаршы сыз. (3см)

Бағалау.

Оқушылар сабақ соңында:"Жетістік баспалдағы" бойынша өзін-өзі бағалау.

Пәндік байланыстар:  өнер, жаратылыстану пәндерімен т.б.

Рефлексия

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай    ауытқулар болды ма,неліктен?

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар "Шаршы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2016 5608
    • DOCX 17.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамбетжанова Салтанат Орынбасаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 108025
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 300 человек

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: умножение и деление

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 329 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 430 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 5 552 человека

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Эффективное продвижение и организация проектов в сфере искусства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек