Инфоурок Начальные классы КонспектыТақырыбы: «Ана» деп ән салам... Мақсаты: 1. Оқушыларға ананың қадірін ,отбасындағы орнын ұғындыру. Отбасы сыйластығын үлкенге құрмет көрсетіп ,қадірлеу ,ана еңбегін ақтауға үйрету. 2.Сөздік қорларын молайту, тіл байлығын ,ой-өрісін дамыту. 3. Адамгершілік

Тақырыбы: «Ана» деп ән салам... Мақсаты: 1. Оқушыларға ананың қадірін ,отбасындағы орнын ұғындыру. Отбасы сыйластығын үлкенге құрмет көрсетіп ,қадірлеу ,ана еңбегін ақтауға үйрету. 2.Сөздік қорларын молайту, тіл байлығын ,ой-өрісін дамыту. 3. Адамгершілік

Скачать материал

Тақырыбы: «Ана» деп ән салам...

Мақсаты:
1. Оқушыларға ананың қадірін ,отбасындағы орнын ұғындыру. Отбасы сыйластығын үлкенге құрмет көрсетіп ,қадірлеу ,ана еңбегін ақтауға үйрету.

2.Сөздік қорларын молайту, тіл байлығын ,ой-өрісін дамыту.

3. Адамгершілікке, әдептілікке,инабаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: гүлдер, шарлар,мақал- мәтел.
Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Кіріспе:

Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай.

«Ат биеден туады,алып анадан туады» деген дана халқымыз.Дүниеде анасыз адам жоқ.Ел басқарған көсем де,данышпан ғалым да,күміс көмей әнші,мың бұралған биші де анадан туып,соның көкірегінен нәр алып өскен.Ана-отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.

Құрметтесек - ананы құрметтейік.Көктем мерекесі қарсаңында осы аяулы аналарымыздың басын қосып,мерекеде еңбектерін бағалап,сый құрмет көрсету бала үшін парыз.Ендеше аналар жүздеріңізден қуаныш пен шаттық нұры төгіліп,отбасыңыздың бақытын көре беріңіздер!

«Ана» деп ән салам...атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!Сіздер үшін ән салып,жыр оқимыз,би билейміз,бірге ойын ойнаймыз.

1-бөлім.Әдеби музыкалық монтаж.

1-оқушы. Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Ана сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Ән: «Анаға сәлем».Жеке дауыста орындайтын Жангожиева Диана және хор.

2 – оқушы: Күнде той бола бермес дәл осындай,

Тыншымас көңіл бақыт жол ашылмай,

Өмірде саған жақын адам болмас

Түн ұйқысын төрт бөлген анашыңдай.

3– оқушы: Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,

Туған елін сүйсіне мақтасын деп.

Пәк сезіммен тілеймін адамдарға

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

4– оқушы: Өмірде ана – бақыт, ана – пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

5 – оқушы: Ана! Ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкені де ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанын да

"Ана" деп біздің халық текке айтпаған.

6– оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған.

Мен анамның сонысына мақтанам.

Ән: «Аяулы анашым».Орындайтын Қамидуллиев Жанiбек.

7– оқушы: Туғаннан "құлыным" деп аймалаған,

Өзіңнен қымбат адам қайда маған.

Дүние аналармен көрікті ғой,

Онсыз бір бұлбұл да сайрамаған.

8– оқушы: Бірде ұстаз, бірде әнші, анасыз,

Қыздарға да ақ пейілмен панасыз.

Сіздің жазған әніңізді орындап,

Шаттанып біз, мақтанып бір қаламыз.

Ән: «Анашым» Орындайтын Абдрахманова Асылым

9 – оқушы: Құттықтаймын мейрамыңмен аналар,

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.

Ән: «Алтын аналар».Орындайтын Мукачева Д,Мағауия М.

10– оқушы: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

11 – оқушы: Ана десем, сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе анамның мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

12 – оқушы: Ана десем, шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

13– оқушы О,анашым,

Таянышым,тірегім,

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашан да,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Ән: «Ақ ана» Орындайтын Утебаев А, Айғалиев М, Ищанов А

14– оқушы: Ол – ана, адамзатқа қанық үні,

Әр жүрек, әр көңілдің жарық күні.

Ол деген алыбы ғой алыптардың,

Ана тілі емес пе халық тілі.

15 – оқушы: Сәуле кіріп енгенмен саналарға,

Бірте – бірте басқанмен заман алға,

Адам болып жер басып жүрген менен

Алдыменен қарызбыз аналарға.

16-оқушы: Тыныштық - баршамыздың ұранымыз,

Мәңгілік таусылмайтын жыр – әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан,

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

2-бөлім. Ойын «Даусыңнан танимын». Бірнеше бала ортаға теріс қарап тұрғызылады.Олардың аналары арттарында тұрып , «Айналайын» деген сөзді айтады.Балалар өз анасының даусын тану керек.

3-бөлім.Оқушыларға түсті қағаз үлестіріледі. Балалар өздері ұнатқан фигураларды қиып,аналарына тілектерін жазады да тақтаға іледі. Аналары тілектерді балаларының жазуына қарап ажыратады,тілектерін дауыстап оқиды.

Соңы. Ер балалар сыныптас құрбыларына әзірлеген және аналарына дайындаған сыйлықтарын табыстайды.

Қорытынды сөз алған сынып жетекшісі ақиық ақын М.Мақатаевтың «Әйелдер-ау,әйелдер» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.



































Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі





«Ана» деп ән салам...

(ашық тәрбие сағаты)





Өткізген:Уразаева Н.Ш.







Ақсуат-2013ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Ана» деп ән салам... Мақсаты: 1. Оқушыларға ананың қадірін ,отбасындағы орнын ұғындыру. Отбасы сыйластығын үлкенге құрмет көрсетіп ,қадірлеу ,ана еңбегін ақтауға үйрету. 2.Сөздік қорларын молайту, тіл байлығын ,ой-өрісін дамыту. 3. Адамгершілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Ана» деп ән салам...  Мақсаты: 1. Оқушыларға  ананың қадірін ,отбасындағы орнын ұғындыру. Отбасы  сыйластығын  үлкенге құрмет  көрсетіп ,қадірлеу ,ана  еңбегін  ақтауға  үйрету. 2.Сөздік қорларын молайту, тіл байлығын ,ой-өрісін дамыту. 3. Адамгершілікке, әдептілікке,инабаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Көрнекілік:  гүлдер, шарлар,мақал- мәтел. Сынып сағатының барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі II. Кіріспе:   Ана деген асыл жандар болаттай, Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай. «Ат биеден туады,алып анадан туады» деген дана халқымыз.Дүниеде анасыз адам жоқ.Ел басқарған  көсем де,данышпан ғалым да,күміс көмей әнші,мың бұралған  биші де анадан туып,соның көкірегінен нәр алып өскен.Ана-отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Құрметтесек - ананы құрметтейік.Көктем мерекесі қарсаңында  осы аяулы аналарымыздың басын қосып,мерекеде еңбектерін бағалап,сый құрмет көрсету бала үшін парыз.Ендеше аналар жүздеріңізден қуаныш пен шаттық нұры төгіліп,отбасыңыздың бақытын көре беріңіздер! «Ана» деп ән салам...атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!Сіздер үшін ән салып,жыр оқимыз,би билейміз,бірге ойын ойнаймыз. 1-бөлім.Әдеби музыкалық монтаж.  1-оқушы.  Шалқып тасып әніміз, Жадырасын жанымыз. Ана сені құттықтап, Әндетеміз бәріміз. Ән: «Анаға сәлем».Жеке дауыста орындайтын  Жангожиева Диана және хор. 2 – оқушы: Күнде той бола бермес дәл осындай, Тыншымас көңіл бақыт жол ашылмай, Өмірде саған жақын адам болмас Түн ұйқысын төрт бөлген анашыңдай. 3– оқушы: Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп, Туған елін сүйсіне мақтасын деп. Пәк сезіммен тілеймін адамдарға Анасының ақ сүтін ақтасын деп. 4– оқушы: Өмірде ана – бақыт, ана – пана, Өмірді өркендетер  ана ғана. Өсірген талай көсем, талай шешен, Талай ер, талай ақын, талай дана. 5 – оқушы: Ана! Ол біздің елде ардақты адам, Кіші де, үлкені де ардақтаған. Өзінің аяулысы Отанын да «Ана» деп біздің халық текке айтпаған. 6– оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған, Алуан-алуан ауыр сынды аттаған. Адалдықты, ар-намысты сақтаған. Мен анамның сонысына мақтанам. Ән: «Аяулы анашым».Орындайтын  Қамидуллиев Жанiбек. 7– оқушы: Туғаннан «құлыным» деп аймалаған, Өзіңнен қымбат адам қайда маған. Дүние аналармен көрікті ғой, Онсыз бір бұлбұл да сайрамаған. 8– оқушы: Бірде ұстаз, бірде әнші, анасыз, Қыздарға да ақ пейілмен панасыз. Сіздің жазған әніңізді орындап, Шаттанып біз, мақтанып бір қаламыз. Ән: «Анашым» Орындайтын  Абдрахманова Асылым 9 – оқушы: Құттықтаймын мейрамыңмен аналар, Әр күлгенің бізге бақыт саналар. Еңбегіңді еш етпейтін өмірде, Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар. Ән: «Алтын  аналар».Орындайтын Мукачева Д,Мағауия М. 10– оқушы: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәби де жарқылдап. Ана деген – бәйтерегі өмірдің, Ана деген – алтын қазық, алтын бақ. 11 – оқушы: Ана десем, сезім билер тым ыстық, Жарасымды адамдарға туыстық. Бар адамға берсе анамның мейірін, Орнар еді бар әлемде тыныштық. 12 – оқушы: Ана десем, шешек атып жанары, Өмірімнің бастау алар жаңа әні. Ана деген тіршілікте пана боп, Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. 13– оқушы О,анашым, Таянышым,тірегім, Бар бақытты бір басыңа тіледім! Мені жақсы болса екен деп қашан да, Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің. Ән: «Ақ ана» Орындайтын Утебаев А, Айғалиев М, Ищанов А 14– оқушы: Ол – ана, адамзатқа қанық үні, Әр жүрек, әр көңілдің жарық күні. Ол деген алыбы ғой алыптардың, Ана тілі емес пе халық тілі. 15 – оқушы: Сәуле кіріп енгенмен саналарға, Бірте – бірте басқанмен заман алға, Адам болып жер басып жүрген менен Алдыменен қарызбыз аналарға. 16-оқушы:  Тыныштық   -   баршамыздың  ұранымыз, Мәңгілік таусылмайтын жыр – әніміз. Арманның асқарына қанат қаққан, Бақытты бейбіт елдің ұланымыз. Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!» 2-бөлім. Ойын «Даусыңнан танимын». Бірнеше бала ортаға теріс қарап тұрғызылады.Олардың аналары арттарында тұрып , «Айналайын» деген сөзді айтады.Балалар өз анасының даусын тану керек. 3-бөлім.Оқушыларға түсті қағаз үлестіріледі. Балалар өздері ұнатқан фигураларды қиып,аналарына тілектерін жазады да  тақтаға іледі. Аналары тілектерді балаларының жазуына қарап ажыратады,тілектерін дауыстап оқиды. Соңы. Ер балалар сыныптас құрбыларына әзірлеген және аналарына дайындаған сыйлықтарын табыстайды. Қорытынды сөз алған сынып жетекшісі  ақиық ақын  М.Мақатаевтың «Әйелдер-ау,әйелдер» өлеңін мәнерлеп оқып беремін.                                                                                                                   Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі                          «Ана»  деп ән  салам...              (ашық тәрбие сағаты)                     Өткізген:Уразаева  Н.Ш.                      Ақсуат-2013ж

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 016 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.05.2014 2291
    • DOCX 40.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хилибаева Эльонора Армановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хилибаева Эльонора Армановна
    Хилибаева Эльонора Армановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24666
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 597 человек

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек