Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Конспект «Дәстүрді сыйлаған озады»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Конспект «Дәстүрді сыйлаған озады»

библиотека
материалов

Тәрбие сағаты

Тақырыбы : « Дәстүрді сыйлаған озады» Мақсаты : Оқушыларға қазақ халқының салт –дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыра отырып, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Өз халқының салтын, мәдениетін , дәстүрін,әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлтының дүниетанымын,сұлулығын сезіне білуге ,адамгершілікке, имандылыққа баулу. Көрнекілік : « Қазақ халқының қол өнері» альбом , «Ұлттық аспаптар» буклеттері,киіз үй макеті. Интерактивті тақта. Сабақ түрі : Ойын сабағы. Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі . Халықтың салт-дәстүрі мен әдет ғұрпы қоғамның мәдени және адамгершілік дүниесіндегі қымбат қазынасы.Қазақ халқы салт-дәстүрге бай ел.Салт-дәстүр әрхалықтың бет-бейнесін көрсетеді.Ұлттық құндылықтарымыздың бірі- ата салты, кәсіпке, сенімге, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет –ғұрыптар. Салт-ұлттық қасиетіметтің басты белгісі , ол бабалардан мирас болған, сан ғасырлық өмір сүру барысында ұрпақтан ұрпаққа ауысып , жұрттың санасына әбден сіңіп қалыптасқан үрдіс.Атамыз аманат еткен бұл құндылықтар әрқашан біз үшін қастерлі Дәстүр сөзіне қандай анықтама беруге болады. Оқушылар жауабы :Дәстүр --ұрпақтан-ұрпаққа көшетін , тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер . Дәстүр –қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқымен ,іс-әрекетттің рухани негізі. Дәстүр--мәдениетпен тығыз байланысты . Мәдениеті бай ел дәстүрге де бай. Сабағымызды әрі қарай ойынмен жалғастырайық. Қазір екі топа бөлініп отырамыз .Әр топ өздеріне ат қояды. 1-топ «Домбыра» 2-топ «Зергер» Ойын бес кезеңнен тұрады.

1-кезең «Киіз үй» 2 кезең «Музыкалық аспап» 3 кезең «Тыйым сөз» 4 кезең «Ым-ишара» 5 кезең «Қол өнері»

1-кезең»Киіз үй» Қазақтың дәстүрлі тұрағы –көшпелі өмірге әбден бейімделген киіз үй болып табылады .Киіз үй- халқымыздың бүкіл рухани және материалдық дүниесімен байланысты , бірден әлемдік дүние .Қазақ өмірінде киіз үйді еш нәрсеге ажырата алмайды. Қазір екі топқа қиіз үйдің жабдықтары туралы сұрақтар қойылады. Сендер сол сұрақтардың жауабын айтасыңдар. «Домбыра» тобының сұрақтары. 1 .Белдеу дегеніміз не ?(Туылдырықты айналдырып буатын арқен ) 2. «Көк деп нені айтады ?(Әр ағашты бір-бірімен бекітетін қайыс) 3. «Үйші деген кім ?(Ол киіз үйдің ағаштан жасалатын бұйымын жасайтын маман,оған тапсырысты бір жыл бұрын береді ,бұл жай қоңырқай үйдің сүйегі ,ал атақты бек, бай мырзалардың салтанатты үйінде керегедегі көктің басы, құйма алтынмен ен күміспен зерленген ) 4. Үзік ненің үстіне жабылатын киіз ?(үзік уықтың үстіне жабылатын киіз ) 5. Түндік қайда орналасқан ?(Шаңырақ үстіне жабатын киіз,түнде жауып күндіз ашады ) «Зергер» тобының сұрақтары : 1.Киізге қандай жүн пайдаланады ?(Күзем, күзгі жүнді падаланады ) 2.Абылайша деп қандай үйді атаймыз ?(Керегесіз уықтан тігілген шағын үй ). 3. «Үт» дегеніміз не ?.( САңылаудан үйге түскен күн сәулесінің тозандануы, халқымызда «Үт кірді ,үйге құт кірді»-деген мәтел бар. 4.Есік шидің атқаратын міндеті ?( жаңбыр суын киізге сіңірмейді ) 5.Екі бөлмелі үй бола ма ?. ( бір керегесін алғызып ,келесі үйге енетіндей етіп тұрғызған бай үйлері. 2 - Кезең «Музыкалық аспап» Қазақ халқының ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты әр түрлі музыкалық аспаптары бар .Олар : домбыра,шертер, жетіген, асатаяқ, даңғыра, дабыл, мүйіз сырнай, сыбызғы, қобыз, нарқобыз. Қазір екі топқа қазақтың ұлттық аспаптарының суреті көрсетіліп,аспаптың атын атап,анықтамасын айту тапсырмасы беріледі .Төмендегідей ұлттық аспаптардын суреті көрсетіледі.

«Домбыра» тобына» 1.«Шертер»-шанағы терімен қапталған ,қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі .шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталады.2.«Жетіген»- көп ішекті музыкалық аспап .Кейбір ғалымдар «жетіген сөзі» жеті байлық ,жеті қазына дегенді білдіреді десе ,кейбір аңыздар ол»жеті хан» деген сөзден шыққан делінеді.

3.Дабыл-даңғыра -бұл аспаптар ұрмалы аспаптар қатарына жатады. Ұрмалы аспаптар аңға шыққан кезде ,діни жаралғыларда,жауынгерлік шорықтарға шыққанда падаланылган.

4.«Қобыз» -ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ыскыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады . Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған.

«Нарқобыз» - бұл да ысқышпен ойналатын аспап ,шанағы нар түйенің терісімен қапталған.

«Зергер тобына»

1.«Мүйіз сырнай «- мүштік арқылы үрлеп ойнайтын аспаптардың ескі түрі Мүйізден жасалынады .Бармақпен басқанда дыбыс шығаратын үш тесігі бар.

2«Домбыра»- қағып ,шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап

3. «Сыбызғы» -қурайдан ағаштан ,кейде жезден жасалынатын көне үрмелі аспап. Ол ертеректе бақташылардың сүйікті аспабы болған. 4.«Асатаяқ»- ертеден келе жатқан сілкімелі аспап , қазақ халқында ұлттық билерді билегенде сүйемелдеу үшін қолданылады.

«Тыйым сөз» Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі –тыйым сөздер.Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен ,жат пиғылдардан , орынсыз қылықтан, теріс мінездерден сақтандырып отырған . (Екі топқа кезек тыйым сөз айтылады , ал сендер оның мағынасын ашуларың керек ) «Домбыра» тобына : 1.Үлкендердің жолын кеспе,сөзін бөлме. (Әдепсіздік ,адамгершілікпен қанаттас журетін ұғым ) «Зергер тобына» 2. Кісі мініне күлме ,кемтарға күлме.(мазақтың ең ауыр бейнелеп айтқаны ) «Домбыра тобына» 3.Тізеңді құшақтама ( жалғыз қалудың белгісі )

«Зергер тобына» 4.Ақты, сүтті,айранды төкпе (малдың желіні кетеді ,ысыраптың белгісі деп таныған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салған ) «Домбыра тобына» 5. Ала жіпті аттама (біреудің затын рұқсатсыз алма , ұрлық жасама ) «Зергер» тобына : 6.Түнде су алуға барма («Су иесі Сүлеймен ,су алуға рұқсат бер»-деп суға үш рет кесек лақтырып барып алу керек. «Домбыра тобына»: 7.Жұма күні кір жума (аруақтар ренжиді ) «Зергер тобына» : 8.Аққуды атпайды (киесі соғады деп қорқады ) «Домбыра тобына» : 9.Қолды төбеге қою (ел жұрттан безінудің белгісі ) «Зергер тобына» : 10.Дастарханды тамақты баспа (тазалықтың тәрбиесі, пәле жаладан қорғанудың белгісі ) 4 - кезең . «Ым-ишара» Туған халқымыздың ежелден қалыптасқан әдет-ғұрпында көңіл аударарлық психологиялық іс –әрекеттер көп кездеседі .Соның ішінде сезімді ,көңіл күйді ,іс-қимылды сөзді ыммен ,ишарамен,әрі есті ұғымдар бар.Бұл әдет-ғұрып ишарасы .Ым-ишара арқылы адамдар келісу, ашу-ыза ,ұялу, жеңілу,қайғыру т.б көңіл күй көрінісін білдірген.( қазір екі топ мүшелері ым-ишараның мағынасын түсіндіру қажет ) «Домбыра тобы» : 1. Арқаға қағу (бір істі мақұлдау ,қоштау арқаға қағу, арқылы да білдіріп келіседі ) «Зергер тобы»: 2. Алақанға түкіру (ол бір іске жұмылудың белгісін білдіреді ) «Домбыра тобы» : 3.Аяғына жығылу (кешірім сұраудың белгісі ) «Зергер тобы» : 4.Алақан жаю (амалсыздықтың, шарсыздықтың енді қайтейін деген ұғымды білдіреді ) «Домбыра тобы» : 5.Ауыз бұртиту (бұл өкпелеп қалуды , ренішті білдіреді ) «Зергер» тобы» : 6.Артынан топырақ шашу (бұл бұрынннан келе жатқан халықтық әдеттің бірі қараң батсын, ең ауыр жазаның түрі болыпсаналады. «Домбыра тобы» : 7. Бас изеу (бір істі мақұлдау, қоштау, ризалық шарасы «бәрекелді» депте бас изеу арқылы білдіріп келіседі. «Зергер тобы»: 8. Бас шайқау (қарсылықты орнынан үнсіз тұрып кету арқылы білдіреді ) «Домбыра тобы» : 9.Бармақ көрсету («Жақсы» дегенді білдіреді») 10.Ат құйрығын кесісу(енді көрінбе қараңды батыр араздасуды білдіреді. «Зергер тобы» : 6 - кезең. «Қол өнері» Қолөнер дүние сулулығың тануға бағытталып, сол әдеміліктің құпия сырын безендіру мен бедерлеу арқылы санамызға сіңіріп ,жүрегімізге құятын таңғажайып өнер.Ұлтымыздың қолөнері - сан ғасырлар керуенін артқа тастап ,өмірдің өзімен бірге дамып ,гүлденіп келе жатқан төл мәдениетіміздің қайнар бұлағы. Атадан балаға мирас болып қалатын асыл мұрамыз. Қазақ халқының шеберлері өзіндік ерекшеліктері бар зергерлік бұйымдар жасаған. Әсіресе қыздарға арналған күмістен, алтыннан жасалған білезіктер,сақиналар, алқалар, .Сондай –ақ қазақ халқының шығармашылығында ер –тоқымның орны ерекше. Оқушылар тақтада зергерлік бұйымдардың суреттері көрсетілген сендер сол суреттерге қарап ,қандай зергерлік бұйым екенін атауларың керек . «Домбыра» тобына : 1.«Алқа»-қыздардың мойнына тағатын әшәкейі. 2.«Сақина» - әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдарды жүзік, немесе сақина деп атайды.Сақиналар ғұрыптық дәстүрде, негізінен үйлену салты кезінде қолданылады. 3.«Білезік»- әйелдердің білегіне тағатын әшекейі. Білезік сыңар қолға да, қос қолға тағыла береді. 4.«Өніржиек» - кеудеге тағатын әшекей зат .Дәстүрлі қазақ қоғамында өңіржиекті мереке күндері қыздар мойын омырауына сәндікке таққан. «Зергер» тобына : 1. «Бой тұмар»- мойынға тағатын қастерлі зат . Қазақ халқы тіл-көзден сақтау үшін құран аяттарынан дұға жаздырып,кішкентай балаларының мойнына таққан.Бойтұмар тағу- барлық халықтарға тән ерте дәуірден келе жатқан ырым. 2. «Қапсырма»- екі киімнің екі өңірін бір-біріне қосып тұру үшін тағатын әшекей бұйым .Ол бір-бірін топса арқылы бекітілетін екі бөлшектен турады. 3. «Шолпы»- қыздардың шаштарының ұшына тағатын әшекей бұйымы. 4. «Ер-тоқым»- ат үстінде жылжытпай, мықты ұстап тұратын , орнықты отыру үшін қолданылатын бұйым .Олардың жасалуына қарай бірнеше түрі болады : «қазақ ер» «күміс ер»»құранды ер» және т.б. Қорытынды : Туған соң адам боп білімсізден жаман жоқ. Ел дәстүрін білмесең,жұрт айтады надан деп Бауырласқан тәнәміз, бұзылмаған антымыз Кең даланың ежелгі қазақ деген халқымыз. Өзге ұлттай біздің де , бар дәстүр мен салтымыз- дегендей әркез ұлттық өнегеміз бен ұлттық құндылықтарымызды қадірлейік
































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

"Описание материала:

Этнопедагогика мәні-үш қасиеттен: ұлттық сақталу педагогикасы, тәрбиенің даналығы және жалпыға бірдей сүйіспеншілік педагогикасынан тұрады. Этнопедагогика мазмұны- халықтық тәрбие тәжірбиелерін, жалықтық педагогика дәстүрлерін, ұлттың, халықтың, рудың, отбасының тұрмыстық, тәрбие ықылымдарын, тәрбие әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылым. Этнопедагогика- отбасы мен рудың, ұлт пен халықтың ғасырлар бойы жинақтаған этникалық және этикалық құндылықтарын эмприкалық тәжірбиелер арқылы ұлттық мінез-құлықты реттеуге пайдалана отырып, тәрбиелеу себептері мен дәлелдемелерін, этникалық баға беру өлшемдерін зерттейтін ғылым.

Автор
Дата добавления 17.03.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров650
Номер материала 34906031741
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх