Инфоурок Школьному психологу ПрезентацииБір күнгі жарық...

Бір күнгі жарық...

Скачать материал
Скачать материал "Бір күнгі жарық..."

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • ТБҚЫРЫАЫ"Бір күнгі жарық"Өткізген: мектеп психологы Абильдина Ә.Ж.

    1 слайд

    Т
    Б
    Қ
    Ы
    Р
    Ы
    А
    Ы
    "Бір күнгі жарық"
    Өткізген: мектеп психологы Абильдина Ә.Ж.

  • Бұл тақырып аясында әлі күнге дейін сыры сыр сандықта бұққан жұмбақ жайттар...

    2 слайд


    Бұл тақырып аясында әлі күнге дейін сыры сыр сандықта бұққан жұмбақ жайттар көп. “Өлемін” деп өздерін өлімші етіп санайтындар. “Өлемін” деп ақыры өз жанын жаһаннамға жіберетіндер. “Өлемін” деп жүріп жарық өмірмен қоштасқысы келмейтіндер аз емес. Бірақ, өкінішке орай, біздің елде өз-өзіне қол жұмсайтын оқиғалар көбейіп кетті. Әсіресе, жастар, жасөспірімдер арасында.
    Неліктен?
    Суицидтің ауласында жүргендер олар айтқандай ақыл-есін сайтан
    арбағандар, психологиялық ақауы барлар, саналы ойлау қабілетін жоғалтқандар, соқыр сезім жетегінде кеткендер ғана емес. Олар айтатындай, сүйіктісінен айырылғанда, жүйкесі тозғанда, немесе кедейшіліктен, жұмыссыздықтан осындай әрекеттерге бара бермейді. Мұның
    философиялық , әлеуметтік, медициналық факторлары бар.
    Суицидті мінез-құлықтың антивальді қапаланулар (өмірдің құндылығын жоғалту),
    Селқос суицидті ойлар, суицидті ниеттер (өзін-өзі өлтіруге деген тілектер),
    Суицидті аужаулар (өзін-өзі өлтіру үшін ыңғайлы тәсілдер іздеу арқылы жүзеге асыру) секілді түрлері бар.

    Өзін-өзі өлтіру.

  • Осы мәселеге жүрдім-бардым қарай берсек, алдын ала алмаймыз. Мен неге бұл тақ...

    3 слайд

    Осы мәселеге жүрдім-бардым қарай берсек, алдын ала алмаймыз. Мен неге бұл тақырыпқа шүйлігіп отырмын? Себебі бұл тақырып қазіргі таңда шешілмей келе жатқан күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Өзін-өзі өлтірмек болып жүрген жандардың кейінгі тағдыры үшін, біздің тигізетін әсеріміз зор. Олар әруақытта моральдық тұрғыда көмек бергенді қалайды. Тұңғиыққа батқан санасын суырып шығаруға құдіреті жетерлік жылы сөздер айтып, дертіненен айықтырғанын теріс көрмейді. Жылы сөз көңілге жұққан кірден, жаралы жүрекке біткен дақтан тазартады.

  • Өмірді өлердей жек көріп, өлімнің есігін сығалап жүргендердің өмірге құштарлы...

    4 слайд

    Өмірді өлердей жек көріп, өлімнің есігін сығалап жүргендердің өмірге құштарлығын оятуға барлығымыз бір кісідей атсалысайық.
    Американдық зерттеуші Уоррен Иембель суицид проблемасына байланысты студенттер арасында сауалнама жүргізген. Сауалнама нәтижесінде “Сізде өлуге деген ниет болды ма?” деген сұраққа 28% оң жауап берген. Айтатын себептері :
    “Өмір бос уақыт өткізу сияқты болып көрінеді”,
    “Өмір сүруден шаршадым”,
    “Өмірдің түк қызығы жоқ” т.б жауап берген.

  • “Сіз өз-өзіңізді өлтіруге оқталдыңыз ба?” деген сұраққа 32% “Иә” деп жауап бе...

    5 слайд

    “Сіз өз-өзіңізді өлтіруге оқталдыңыз ба?” деген сұраққа 32% “Иә” деп жауап берген.
    Негізінен , зерттеулерге сенсек бозбалалар бойжеткендерге қарағанда 5-6 есе бейім болады екен.
    “Менің өлгім келеді” деп ішіндегісін ақтарып сізбен сырымен бөліскісі келсе?
    Онда мұндай жағдайда “Сенің денің сау ма?”, “Бала кезіңде теректен құлап қалып , миыңа зақым келтіріп алған жоқсың ба? Мүмкін басың ауыратын шығар. “Сен осы тіркеуде жоқсың ба? деп дертінің сай сүйегін сырқыратудан аулақ болыңыздар. Өмір мен өлімнің арасында қалт-құлт етіп, не ары кете алмай, не бері кете алмай, жартастың басында тұрған жанды осындай суық сөздермен ары итеріп алып жүрмейік.

  • Ызаланғаннан “мені ешкім түсінбейді” деп өзіне қол жұмсауға шындап кірісуі әб...

    6 слайд

    Ызаланғаннан “мені ешкім түсінбейді” деп өзіне қол жұмсауға шындап кірісуі әбден мүмкін. Бұлармен сөйлескенде сауысқандай сақ болу керектігін, әлденелер оның онсызда “апатты жағдайда” тұрған көңіліне зақым келтіру мүмкін екендігін ескерейік. Адамның түйсігі өте нәзік.

  • Суицид- ішкі эмоцоналды қуатын шығару негізінде, адамның әдейі өз-өзіне қол ж...

    7 слайд

    Суицид- ішкі эмоцоналды қуатын шығару негізінде, адамның әдейі өз-өзіне қол жұмсау себебінен соңы өлімге әкеліп соғатын жағдай.

  • Суицидтік әрекеттерге ұшырау себептері:

    8 слайд

    Суицидтік әрекеттерге ұшырау себептері:


  • Болашаққа шарасыздықпен қарау,
    мақсат-армандардың болмауы
 Ішкі эмоцона...

    9 слайд

    Болашаққа шарасыздықпен қарау,
    мақсат-армандардың болмауы

    Ішкі эмоцоналды жағдайдың бұзылуы

    Әлеуметтік шеттетілу

    Жанұядағы жайсыз психологиялық ахуал

    Өзіндік “менінің” жоғалуы, сыртқы ортаның қысымы

  • Суицидтік мінез: Сыртқы белгілері
Көп жағдайда көңілсіз күйде жүру, тыныш мо...

    10 слайд

    Суицидтік мінез:

    Сыртқы белгілері
    Көп жағдайда көңілсіз күйде жүру, тыныш монотонды дауыс
    Сөйлеудің баяулығы, жауаптың қысқалығы.
    Іс-шарасыздық

  • Эмоционалды бұзылыстарҚоршаған ортаға деген көңілсіздік
Кекшіл, жылдам ашулан...

    11 слайд

    Эмоционалды бұзылыстар
    Қоршаған ортаға деген көңілсіздік
    Кекшіл, жылдам ашуланғыш
    Қобалжу, негізсіз қорқу

  • Қарым-қатынаста:Оқшаулану, қоршаған ортамен қарым-қатынастан қашу

Келешекке...

    12 слайд

    Қарым-қатынаста:
    Оқшаулану, қоршаған ортамен қарым-қатынастан қашу

    Келешекке деген жоспардың болмауы

    Өз күйзелісі жөнінде дәрігер, психолог, педагогтарға шағымдану

  • Психикалық бұзылыстарЖылауықтық
Ауыздың кебуі
Тахикардия
Демнің жетпеуі
Бас а...

    13 слайд

    Психикалық бұзылыстар
    Жылауықтық
    Ауыздың кебуі
    Тахикардия
    Демнің жетпеуі
    Бас аурудың жиілігі
    Дене салмағының түсуі
    Тәбеттің қашуы
    Кеуденің ауырлығы

  • Демонстрациялық мінезӨз-өзіне қол жұмсаумен қорқыту
Қан тамырларын кесу
Дәрі-...

    14 слайд

    Демонстрациялық мінез
    Өз-өзіне қол жұмсаумен қорқыту
    Қан тамырларын кесу
    Дәрі-дәрмек ішу
    Өзіне назар салуды талап ету

  • Суицидтік аффектілік мінезАффект үстінде дарға асылу, улы, қатты әсер ететін...

    15 слайд

    Суицидтік аффектілік мінез
    Аффект үстінде дарға асылу, улы, қатты әсер ететін дәрі-дірмекпен улану.

  • Соңғы бес жылда, біздің мемлекетімізде кәмелетке толмағандар арасында өзін ө...

    16 слайд


    Соңғы бес жылда, біздің мемлекетімізде кәмелетке толмағандар арасында өзін өлімге қиғандар саны
    14 157–ге жетіп отыр.

  • Жыл мезгіліТабиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездесед...

    17 слайд

    Жыл мезгілі
    Табиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездеседі.
    Американ ақыны Томас Эллиот айтқандай
    “Сәуір-ең қатыгез ай”.
    Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы көрсеткіштен -120% жоғары екенін дәлелдеген.

  • Адам әруақытта өмір қағидаларына  мөлиіп, мойынсұна бермейді. Өзін-өзі өлтіру...

    18 слайд

    Адам әруақытта өмір қағидаларына мөлиіп, мойынсұна бермейді. Өзін-өзі өлтірушілер арасында өмірдің мәнін іздеп, оны таппағандар жиі кездеседі. Мысал ретінде, Алтынай есімді қыздың басынан кешкен жағдайды баяндайын. Ол алғашқыда депрессияға шалдыққанын өзі де білмеді. Бір басына жететін шыдамдылығы бар. Үнемі ұстамды, байсалды жүретін. Қаржылық тапшылық көрмей, алтынға малынып өскен. Білімді еді. Өмірдің кез-келген көмескі, күңгірт құбылыстарына бажайлап, ағы мен қарасын анықтауды дағдыға айналдырып, іздену үстінде жүретін. Мольер мен Рабле секілді әр нәрсенің себебін анықтамай отыра алмайтын әдет табады. Ойлары тереңдеген сайын әртүрлі системалардың бір жүйеге бірікпейтіндей, өзінен-өзі шатасып кететін. Рухани атмосферасы үрейлі ойлардан былғанды. Негізі, мағынасыздықты сезіну өтіп жатқан өмірден зерігуден туындайды. Ерте ме, кеш пе әрбір адам өмір туралы шындап ойлануға мәжбүр болады. Сол шындап ойлану екі жолдың біріне түсіреді. Не депрессияға шалдығады, не осыған қарсы шара қолданады. О.Бальзактың “Үзілген үміттер” романындағы Люсьен естеріңізде ме? Кейіпкер біраз адасқаны бар.

  • Оның өмірден үміті үзілуіне өзінің тайғанақтап кете беретін табансыздығынан т...

    19 слайд

    Оның өмірден үміті үзілуіне өзінің тайғанақтап кете беретін табансыздығынан туған тұрлаусыз тағдыры себеп еді. Және адамгершілік, ізеттілік, қарапайымдылық, қанағат сияқты қасиеттерін жоғалтқанын, атеистердің арасында жүріп, ар абыройдан айырылғанын, шуылдақ қоғам оны жарға итергенін сезінгенде өзін-өзі өлердей жек көрді.
    Кейіпкер аза бойы қаза болып, түңілгенде: “Адам өзін-өзі әбден жек көргенде жұрттың бәріне өзінің жек көрінішті болғанын сезінген кезде, өмірдің шындығы өзінің үмітімен кереғар келген сәтте ол өзін-өзі өлтіреді. Сөйтіп, өзінің барлық ізгіліктен айырылғанын қоғамға көрсеткісі келмегендіктен, сол қоғамды сыйлағандықтан ол өзінің көзін құртады”- дейді. Байқайсыздарма ма, өзіне-өзі қол жұмсаудан қорықпайтын жандар біз ділмәрситіндей “әлжуаз” , “дәрменсіз” емес. Керісінше, олар мол күш-қуат, үлкен қажыр- қайрат иелері.
    Сол жүрек жұтқандығы ғой оларды сеспей қатыратын. Алтынайдың тағдыры Люсьендікіне мүлдем ұқсамайды. Атаққұмар Люсьен өмір жолында сіңірген жанкешті еңбегі бар. Ал Алтынайдың жөні бөлек. Бір ұқсастық, екеуі де болашаққа сенімсіздік білдірді, екеуінің де жарқ етіп тұтанған сенімі лезде су сепкендей сөнуге айналды, екеуі де биік талғам, асыл арман иесі. Адам ойындағысын ақырынды істеп тынады.

  • Достарының айтуынша, Алтынай сөмкесіне бір шыны сірке суымен бірге арқан жіп...

    20 слайд

    Достарының айтуынша, Алтынай сөмкесіне бір шыны сірке суымен бірге арқан жіп салып алып келіп жүрген.

    Кілең уланғандарды емдейтін токсикология бөліміне жедел түсіп , тірі қалды. Оған психологтары бар, ішкі істер саласының қызметкерлері бар “саған не жетпейді өзі?Ата-анаң білдей қызметкер,ақшаң бар, не ішем, не қоям демейсің. Енді не жетпей жатыр? деп. Одан қала берсе құдды бір қылмыскермен сөйлескендей, тергеудің астына алады. “Сен қылмыс жасадың”, “Сен адам түсінбейтін адам екенсің”-дейді. Алтынайдың онсыз да қайғылы жаны осының бәріне шыдай алмай “мен шынымен бақытсызбын” деген тоқтамға келеді.
    Сірке суынан уланғаны аздай, өзін өлтірмекке қайтадан оқталады.Бұл науқасты “пышақсыз бауыздау” емес пе? Суицидиенттер кеудесінде бұрқанған қайғы теңізі тасқынғанын, қараңғы түнек ішінде жүргенін айтқысы келеді. Және өзгелер оның мұң-шерін дұрыс түсінгенін қалайды. Депрессия- өмір атты операцияның ауырлығын сездірмейтін жұмбақ дәрі секілді. Жоғарыда айтылған мысалдарды жіпке тізуге болады-ақ. Әсіресе дарынды жастар арасында депрессияға, суицидке шалдыққандар аз емес. Олар өмірден керектерін, іздегендерін алды. Олардың дарындылығы соншалық енді олар “Өлімнің қандай болатынын” көргісі келеді.Олар өмірден мағына іздейді. Мына әлем бойжеткеннің жасауындай әдемі болып көрінсе де, осыменен өздерін алдарқатқысы келмейтін шығар. Егер оқушы ұстазға : “Осы біздің өмір деп жүргеніміз қайталау ғана емес пе?” -деп сұраса. Өмірдің тек механизмін, сыртқы формасын талдайтын ұстаздар бұл сауалға қалай жауап береді деп ойлайсыздар.

  • Амалы жоқ болса, философияны ақтарады. Альбер Камюдің “Сизиф туралы аңызын” б...

    21 слайд

    Амалы жоқ болса, философияны ақтарады. Альбер Камюдің “Сизиф туралы аңызын” бірнеше қайталап оқуы мүмкін. Мұнда ол мағынасыздық әлемін толық түсінгендей болады. Дүниенің иррационалды нәрселерге толы екенін, адамның зердесі жетпейтін жұмбақтар көп екенін ұққандай болады. Сартрдың, Ницшенің, Милльдің,Хайдеггердің еңбектеріне үңіледі.Әрқайсысының әр түрлі көзқарастары шақшадай басын шарадай қылады. Не болмаса тағы тағы да басқа ойшылдарды көмекке шақырады. Егер өз танымы мағынасыздықты тануға қауқары жетсе, ақылдың айтқанына сүйенеді. Егер келіспесе, қайғыға батады.Қайғы депрессияға апарады. Асқынған депрессия суицид өлімге жетелейді. Ал өлімнің есігі тек ішке қарай ашылатынын ескерейік. Талай ұлы істер тындыра алатын дарындыларымыз осындай әрекеттерге барса, біз оларды құтқармасақ, онда оңбай опық жейміз.

  • Дарындылары жоқ қоғам, қанатынан айырылған құстай. Жастық кезеңде адамдардың...

    22 слайд

    Дарындылары жоқ қоғам, қанатынан айырылған құстай. Жастық кезеңде адамдардың ойларын дауылдай әр жаққа ұшырып әкететіні рас қой. Өмір онсызда күрмеуге келмейтін жіптей қысқа. Өлімді аңсамау керектігін түсіндірейік. Ерте ме кеш пе, біз күтпесек те бір ажалдың келері сөзсіз. Мың күнгі тамұқтан, бір күнгі жарықты қымбат көргенге не жетсін!

  • Біз оларға қай кезде де қол
 ұшымызды созуымыз керек.
 Олар қоғамға керек жан...

    23 слайд

    Біз оларға қай кезде де қол
    ұшымызды созуымыз керек.
    Олар қоғамға керек жандар.

  • Суицидтің алдын-алу үшін жүргізілетін
 жалпы жұмыс түрлеріОқушылармен жұмысСы...

    24 слайд

    Суицидтің алдын-алу үшін жүргізілетін
    жалпы жұмыс түрлері
    Оқушылармен жұмыс
    Сынып жетекшілермен
    жұмыс
    Пән мұғалімдерімен әңгіме кеңес
    Ата-аналармен жұмыс

  • Суицид туралы түсінік беру (баяндама, семинар,  дөңгелек үстел)СауалнамаКеңес...

    25 слайд

    Суицид туралы түсінік беру (баяндама, семинар, дөңгелек үстел)
    Сауалнама
    Кеңестер беру
    Пікірлесу
    Тесттер
    Тренингтер
    Суицидтің алдын-алуға ата-аналармен,
    мұғалімдермен жүргізілетін жеке жұмыс түрлері:

  • Сен есейіп қалдың. Сенің өміріңде балалыққа жатпайтын жағдайлар кездеседі, мы...

    26 слайд

    Сен есейіп қалдың. Сенің өміріңде балалыққа жатпайтын жағдайлар кездеседі, мысалы: сені ешкім түсінбейді, саған ешкімнің жаны ашымайды, тіл табысып ешкіммен сөйлесе алмайсың, өз ойыңды ешкіммен бөлісе алмайсың мұндай жағдайда еш ойланбастан сырлас дос бола алатын, мейірімді ана, ойымен бөлісетін әпке, адал құрбы, сырыңды сақтай білетін дос, бола алатын психолог әркез қасыңда.
    Суицидтың алдын-алу мақсатында пайдасы
    тиіп қалар деген оймен төмендегі мәтіндегі
    кеңестер сенім бұрышына ілінді

  • Ата-анасымен бірлесе отырып жұмыс жүргізу  Оны ешкіммен салыстырмаңыз, сенің...

    27 слайд

    Ата-анасымен бірлесе отырып жұмыс жүргізу
    Оны ешкіммен салыстырмаңыз, сенің іс-әрекетің ұят деп айтудан аулақ болыңыз.
    “Мұндай проблема басқаларда да бар, уайымдама” – деп болмайтын жұбату айтпаңыз.
    Міндетті түрде мамандармен байланысыңыз. Дәрігердің көмегіне жүгіну қажет. Кейде дәрілік препарат та көмектеседі.
    Жағымсыз сезімдері болса да, жек көру, өкіну, кек алу болса да ұялмай айтуына болатынына сендіру.
    Мұқият тыңдап, оның ойын түгел айтуына мүмкіндік беру.
    Қамқорлық көрсету
    Суицидке бейім оқушымен атқарылатын жұмыс
    Сұрақ қойып, сұраққа жауап бермеген жағдайда, ренжімеу.
    Оның ойын бөлу үшін, мектепішлік әртүрлі іс-шараларға қатыстыру
    Оны қинаған ойларды ашып алғаннан соң, оған үміт беріп, қиындықты шешу жолдарын айтқан дұрыс. Олардың бір эмоцияның жетегінде кетпеуге көмек беріп, қиындықтар уақытша, өтпелі екенін түсіндіруіміз керек.
    Суицидке әкелген себепті анықтау
    Суицидиалдық әрекет мүмкін болған жағдайда, оны жалғыз қалдырмаған дұрыс. Өзіңізді көмек беруге жауаптымын деп есептеңіз.
    Стрессті жеңуге үйретіп, үнемі бақылауда ұстау қажет.
    Әр адам қамқорлықты қажет етеді. Сондықтан алдағы уақытта қамқорлықты күшейткен жөн.
    Өзін-өзі өлтіргісі келуі қаншалықты дәрежеде екенін түсінуге тырысыңыз. Ол жоспар құрды ма, әлде ойлар ұшқыны ма? Оған кім әсер етті? Мүмкін алкоголизм, есірткі, жағымсыз эмоциялар, үмітсіздік немесе әлсіздік.
    1
    12
    11
    14
    15
    13
    7
    3
    2
    9
    10
    5
    8
    6
    4

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл тақырып аясында әлі күнге дейін сыры сыр сандықта бұққан жұмбақ жайттар көп. “Өлемін” деп өздерін  өлімші етіп санайтындар. “Өлемін” деп ақыры өз жанын жаһаннамға жіберетіндер. “Өлемін” деп жүріп жарық өмірмен қоштасқысы келмейтіндер аз емес. Бірақ, өкінішке орай, біздің елде өз-өзіне қол жұмсайтын оқиғалар көбейіп кетті. Әсіресе, жастар, жасөспірімдер арасында. Суицидтің ауласында жүргендер олар айтқандай ақыл-есін сайтан   арбағандар, психологиялық ақауы барлар, саналы ойлау қабілетін жоғалтқандар, соқыр сезім жетегінде  кеткендер ғана емес. Олар айтатындай, сүйіктісінен айырылғанда, жүйкесі тозғанда, немесе кедейшіліктен, жұмыссыздықтан  осындай әрекеттерге бара бермейді. Мұның  философиялық , әлеуметтік, медициналық факторлары бар.  Суицидті  мінез-құлықтың антивальді қапаланулар (өмірдің құндылығын жоғалту), Селқос суицидті ойлар, суицидті ниеттер (өзін-өзі өлтіруге деген тілектер),   Суицидті аужаулар (өзін-өзі өлтіру үшін ыңғайлы тәсілдер іздеу арқылы жүзеге асыру) секілді түрлері бар. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 123 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2014 1533
    • PPTX 925.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абильдина Асем Жаналыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абильдина Асем Жаналыковна
    Абильдина Асем Жаналыковна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7641
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация деятельности олигофренопедагога

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 232 человека

Курс повышения квалификации

Разработка коррекционно-развивающей программы по формированию психологической готовности ребенка к школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 226 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы медицинской психологии в деятельности педагога-психолога

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 186 человек

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе