Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / «Азаттықтың ақ таңы!»

«Азаттықтың ақ таңы!»


Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Азаттықтың ақ таңы!»

Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік:оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы қол жеткен жетістіктері мен таныстыру, білімдерін одан әрі толықтыру. Отанды сүюге, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет- ғұрып, салт- дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыру.Тәуелсіздігіміздің 22 жыл ішінде жеткен жетістіктерімен таныстыру. Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, ана тіліне құрметпен қарап, өз Отанын қастерлеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамытып, ой- өрісін кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты: өз елінің тарихын құрметтеуге, паториоты болуға, адамгершілікпен елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «ҚР Мемлекттік рәміздері», «Астана – бас қала » тақырыбында»

2010 ж. «Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы» тақырыбында бүктемелер, Кітап көрмесі,слайдтар, интерактивті тақта, ақпараттық технология.

Сабақтың түрі. Саяхат сабағы.

Кіріспе:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Азаттықтың ақ таңы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағаты саяхат түрінде өтеді.

Тәрбие сағатымызды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөзімен бастағым келеді: «Біз бәріміз бір атаның- қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу- ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан».

Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ. Тәуелсіздік ежелден ел арманы, сан ғасырлық күрестің жемісі. Өткенге көз салсақ:

1723 жыл- Жоңғарлар шапқыншылығы тарихта «Ақтабан шұбырынды,

Алқакөл сұлама» деген атпен қалды.

1929- 1933 жж. Ұжымдастыру салдарынан адамдардың жаппай аштан қырылды.

2,2 млн қазақ қаза тапты, 1,5 млн адам Қазақстаннан көшіп кетті.

1936-38 жж. Репрессия.

1941-45жж.- Ұлы Отан соғысы.

1986 жыл- Желтоқсан оқиғасы Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды.

Желтоқсан құрбандары 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Тарих толқынында талайды бастан кешірген қазақ елі 22 жыл бұрын өз тәуелсіздігін алған тұста дұрыс таңдау жасағандығын бүгінгі таңда уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап қазіргі уақытқа дейін алуан түрлі өзгерістер Президенттің тікелей бастамасымен болып жатқаны аян. Бейбітшілік, келісім мен тұрақтылық жағдайында Қазақстан жылдам қарқынмен әлемдегі алдыңғы қатарлы жетекші елдердің қатарына қосылып келеді.

Алғашқы сөзіміз Елбасы туралы болмақ, Жасампаздық жылнамасына саяхатымыздың алғашқы бағыты

1991 жыл (оқушылар презентациясы)

Жасампаздық жылнамасына саяхат.

Саяхатымыздың алғашқы бағыты 1991 жыл.

Айбар: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді.

Қызмет жолы

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін,

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын , 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

196069 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

196973 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

197377 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

197779 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

197984 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

198489 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

198991 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпансәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпы халықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпы халықтық сайлаудың нәтижесiнде

Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Елбасының өзекжарды ойлары.

Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”

Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық­тарға соқтыратыны сөзсіз.”

Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”

Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”

Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.

Екінші бағыт-1992 жылы ҚР Мемлекттік туы мен елтаңбасы бекітілді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген.

Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi.

ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран

ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

 Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол —елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi.Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. елтаңбаның авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

Мемлекеттік әнұран - елдің музыкалық-поэтикалық эмблемасы, төлқұжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлемхат іспеттес. Саз бен сөз арқылы өмірдің бүкіл бояуын, тағдырдың барлық мағыналық- әсерлік болмысын танытуға болады. әнұранға да елдің намысының туы, жоғары отаншылдық рухының көрінісі ретінде қараған жөн. Соған лайық ән мен сөз табу қай халықтың да арманы болса керек.

Үшінші бағыт-1995 жыл 30 тамыз ҚР конституциясы қабылданды.

ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз
ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрылысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады.

Сонымен Қазақстан республикасының конститутциясы (Ата заңы) - 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды.

Біздің Конституциямыз - бұл біздің таңдауымыз. Оны құрметтеп, бағалау - бізге міндет. Конституция бойынша өмір сүру ол - демократияның ең жоғарғы сатысы, оны білу, үйрену, тағлым ету - бәрімізге парыз. Бүгінгі қол жеткенге тоқтамай, алға басуымыз керек, тек қана алға!

Төртінші бағыт-1995 жыл 1 наурыз. Қазақстан Ассамблеясы құрылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы - заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатын мекеме.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.

2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. 2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды.

Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті  және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.

Бесінші бағыт -1996-2012 жж. Спорттағы жетістіктеріміз.

Лондон Олимпиадасы Қазақстанның спорт тарихындағы ең жарқын беттердің біріне айналды. Еліміз спортшыларын жаһандық жарыстың биік тұғырына көтерген осынау жүлделердің 7- алтын, 1- і күміс және 5- қола медальдар болып шықты. Бұл біз үшін бұрын – соңды болмаған орасан зор жетістік еді. Өз алдына дербес мемлекет атанғаннан кейін өзінің бірінші Олимпадасында -1996 жылы Атлантада өткен ойындарда айды аспанға шығарып, әлемнің 197 елі арасында 24- орыннан табылды. Тарихта тұңғыш қатысқан сол Олимпияда ойындарында біздің саңлақтарымыз 3- алтын, 4 күміс және 4 қола жүлделерді, барлығы 11 медальды жеңіп алды.

2000 жылы Сидней Олипиадасында да жүзіміз жарқын, еңсеміз биік болды. Бізді бұған саңлақтарымыз салған 3 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль жеткізді. Алтын жүлдені боксшыларымыз, жиырма жасындай жарқ етіп өмірден өте шыққан Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибрагимов және жеңіл атлет Ольга Шишигина әперді. 2004 жылы Афина төрінде боксшы Бақтияр Артаев елімізге алтын медаль сыйлады. Жалпы қорымызға 1 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль түсті. Сөйтіп жүлде санын 8- ге толтырдық.

Алтыншы бағыт. 1997 ж, «Қазақстан -2030»

Елбасымыз 1997 жылы жарияланған. «Қазақстан-2030» Стратегиясында ұлттық қауіпсіздігімізді нығайтудың бір жолы ретінде халықты азық- түлікпен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешуді нұсқады. Оны игеру үшін тиісті бағдарламалар мен іскер мамандар дайындау керектігі ескерілген. Халықаралық көрмелер бюросының тарихи таңдауы паш етілгеннен бері Қазақстанның және оның бас қаласы – Астананың халықаралық сахнадағы беделі тағы да шарықтайды. Егемен елімізге көрсетілген бұл үлкен сенім Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін алғаннан бергі жылдар ішіндегі сыртқы ішкі саясатта жүргізіліп келе жатқан экономикалық жоғары жетістіктерін мойындау болса керек.

Жетінші бағыт 1997 жыл. Астана- еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.

Астана қаласының тарихы.

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.

1997 ж. Егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.

1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды.

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.

Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – Тәуелсіздіктің көк Туы , Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз, арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар. Ылайым, бетімізден жарылқасын!

Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүре берсін!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті: Н.Ә. Назарбаев.

Сегізінші бағыт. 2010 ж. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы

ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК е ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ
қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын
және Солтүстік Американың, Еуропа мен Орталық Азияның 56 елін бріктіретін
аса ірі өңірлік құрылым.

ЕҚЫҰ негізгі міндеттері мен мақсаттары:
Қаруланудың таралуын бақылау;

Жанжалдардың алдын алу жөніндегі дипломатиялық күш- жігер

Сенімді қарым- қатынас құру және қауіпсіздік жөніндегі шаралар;

Экономикалық және экологиялық қауіпсіздік;

Адам құқығын қорғау;

Демократиялық институттарды дамыту;

Сайлаулар мониторингі;

ЕҚЫҰ-ның негізгі органдары:
* Саммит- қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының мерзім сайын өткізілетін кездесуі
*Сыртқы істер министрлерінің кеңесі
*Тұрақты кеңес – жыл бойы төраға жетекшілігімен саяси кеңес өткізіліп, шешім қабылданады
*Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форум
*Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы комиссар
*ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институт-
тар және адам құқығы жөніндегі бюросы
*ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясы
*БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкіл.

ЕҚЫҰ БАСШЫЛЫҒЫ:
Төраға- ағымдағы қызметті басқарады,
ЕҚЫҰ жұмысын үйлестіреді, ұйымнан өкілдік етеді, әр мәселені бақылайды, шешуге
ықпал етеді
Бас хатшы-хатшылыққа жетекшілік етеді. Министрлер кеңесімен 3 жыл мерзімге тағайындалады.

Тарих сахнасына қадам басқан 2010 жылдың алғашқы парақтары ашылды. Еліміз үшін бұл жылдың жауапкершілік салмағы зор . Ең алдымен,
Қазақстан бұл жылы халықаралық беделді ұйым –
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету қызметін бастады. Өткен жылғы желтоқсанның 1-2- сі күндері Афиныда өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 17-ші отырысында осы ұйымға төрағалық етіп келген грек тарапы
Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағалығын ресми түрде тапсырды.

ҚАЗАҚСТАН ЕҚЫҰ төрағалығына ТМД елдерінен және мұсылман жұртының арасынан алғаш рет Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, сарабдал басшылығының арқасында қол жеткізді.

Сенім- бір-бірімізге деген аса қажетті сенімді білдіреді.

Дәстүр- ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидаттары мен

құндылықтарынан тұрады

Транспаренттік- барынша ашықтықпен қауіп-қатерлерді

еңсеруде ынтымақтастыққа ұмтылу

Төзімділік- әлемде барған сайын маңызы артып

отырған мәдениеттер мен өркениеттер

арасындағы үнқатысуды нығайту жөніндегі

жаһандық трендтің көрініс табуы.

Қазақстан Астанасына ЕҚЫҰ- ға мүше 56 мемлекет
12 серіктес елдің басшылар мен үкімет жетекшілері,
69 халықаралық ұйым жетекшілері,
500 -ге тарта үкіметтік емес ұйым өкілдері
1000- нан аса журналистер келді.

Тоғызынша бағыт:2011 ж«Азиада жасмапздықтың жемісі»

Қазақ спортшылары мақсаттары:

2011 жылы елдегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан 3 орынды иеленуден үміткер. Қытайда өткен алдыңғы ойындарда Қазақстан жалпы командалық есепті Қытайға, Жапонияға және Оңтүстік Кореяға жол бере отырып, төртінші орынды иеленді.

Азиялық ойындарды

лайықты өткізу – лайықты өткізу – Алматы қаласына 2018 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындарды өткізетін қалалардың конкурсына қатысу үшін перспектива береді. Себебі Азиада Халықаралық олимпиадалық комитеттің тікелей қамқорлығымен өтеді.

Қазақстан VII қысқы Азия ойындарында 70 медаль еншіледі.

Азия ойындары тарихында Қазақстан құрамасының 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медальға қол жеткізуі де – бұрын соңды болмаған оқиға санатына жатады.

Салтанатты кеште қазақша, орысша және ағылшынша сөз сөйлеген Алматы әкімі Ахметжан Есімов, қысқы Азия ойындарының туын ендігі Азия ойындарының астанасы – Саппоро қаласының ұйымдастыру комитетіне салтанатты түрде табыс етті.

Оныншы бағыт: 2012 ж, 22 қараша ЭКСПО-2017.
Астанада ЭКСПО-2017 өткізуге дайындық барысы. Бейне ролик.

Кездесудің басты тақырыбы: Қазақстанда сондай-ақ Астанада ЭКСПО-2017 өткізуге дайындық барысы болды.

Халықаралық көрмелер бюросымен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатына тоқталған, Үкімет басшысы Қазақстан үшін ЭКСПО-2017 өткізудің маңыздылығын атап көрсетті.

2012 жылғы 22 қарашада, Астана Бельгияның Льеж қаласынан озып, «ЭКСПО-2017» өткізу орны ретінде жарияланды

Он бірінші бағыт.2012-2014 ж. Ауылды қолдау жылы.

2012 жылдан бастап елімізде 2012-2014 жылдарға арналған тірек ауылдарын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты- ауылдық елді мекендерді уақыт талабына сәйкес көркейтіп, ірі инвестициялық жобалар аясында жаңадан жұмыс орындарын ашу, халықтың әл- ауқатын көтеру еді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай , ауылға ерекше көніл бөлінуде. 2010 жылы шілде айында ауылдық кітапхана ашылды. 2011 жылы Тана мырза ауылынан Тана мырза бабамыздың ұрпақтарының демеушілігімен «Тана Мырза мешіті» тұрғызылып, құран қатым оқылып, ашылу шарасы болды. Мешіт болашақ ұрпақ үшін қажетті, қасиетті орын.

ХІХ ғасырдағы қоғам қайраткері Тілемісұлы Тана мырза атындағы орта мектебіміз де, 2012 жылы мемлекеттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдаламасымен жаңа замануи үлгідегі 80 орындық жаңа мектеп ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Замануи үлгідегі спорт зал, акт зал, замануи құрал- жабдықтармен жабдықталған пәндік кабинеттер мен, асханасы бар.

Қазақ мақалы «Жол азабын жүрген біледі» дейді. 2012 жылы жаңа мектеп ғимаратының ашылу қарсаңында облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың сапарына байланысты халықтың көкейінде көптен шешімін таппай жүрген жол салынды. Халық ерекше қуанды.

Бұл Елбасының білім беру саласына ерекше көңіл бөлуінің арқасы. Тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстардың Отан үшін, ел ұшін маңызды екенін терең түсінді. Осының бәрі болашақ үшін, адамдардың бақытты өмір сүруі үшін атқарылып жатқан игілікті істер. Мен өз ауылымды сүйемін, мақтан тұтамын!

Қорытынды сөз:

Балалар, «Азаттықтың ақ таңы » дегенде жүрегі елжіремейтін қазақ жоқ шығар. Бұл ұлан-байтақ жерді бабаларымыз ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен қорғап,бізге аманат етті.Сондықтан біз үшін қазақ даласының ұлтарақтай жерінің өзі баға жетпестей қымбат.Сол қымбат байлығымызды қасерлеп,құрметтеуіміз керек. Сендер Қазақстанда туылған қазақ балалары екенін мақтан етіңдер. Еліміздің көркеюуіне үлес қос, ол үшін қазір сендер жақсы оқуларың, жаман әдеттерден аулақ болуларын, өзгелерді сыйлауларын, мемлекетке құрметпен қарауларын қажет. Өйткені сендер Қазақстанның болашағысыздар! Дей отырып, ашық тәрбие сағатымызды Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені » әнімен қорытындыласақ.

Сабаққа белсене қатысқандарға көп рахмет!Осымен тәрбие сағатымыз аяқталу шегінде.Қош сау болыңыздар!



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Азаттықтың ақ таңы!»  Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік:оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы қол жеткен жетістіктері мен таныстыру, білімдерін одан әрі толықтыру. Отанды сүюге, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет- ғұрып, салт- дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыру.Тәуелсіздігіміздің 22 жыл ішінде жеткен жетістіктерімен таныстыру. Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, ана тіліне құрметпен қарап, өз Отанын қастерлеуге, қадірлеуге тәрбиелеу. Дамытушылық мақсаты: оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамытып, ой- өрісін кеңейту. Тәрбиелік мақсаты: өз елінің тарихын құрметтеуге, паториоты болуға, адамгершілікпен елін, жерін,  Отанын сүюге тәрбиелеу. Көрнекілігі: «ҚР Мемлекттік рәміздері», «Астана – бас қала » тақырыбында» 2010 ж. «Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы»  тақырыбында бүктемелер, Кітап көрмесі,слайдтар, интерактивті тақта, ақпараттық технология. Сабақтың түрі. Саяхат сабағы. Кіріспе: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!  «Азаттықтың ақ таңы» атты ашық тәрбие  сағатымызға  қош келдіңіздер! Тәрбие сағаты саяхат түрінде өтеді. Тәрбие сағатымызды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөзімен бастағым келеді: «Біз бәріміз бір атаның- қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу- ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан». Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ. Тәуелсіздік ежелден ел арманы, сан ғасырлық күрестің жемісі. Өткенге көз салсақ: 1723  жыл-  Жоңғарлар шапқыншылығы тарихта «Ақтабан шұбырынды,  Алқакөл сұлама» деген атпен қалды. 1929- 1933 жж. Ұжымдастыру салдарынан адамдардың жаппай аштан қырылды. 2,2 млн қазақ қаза тапты, 1,5 млн адам Қазақстаннан көшіп кетті. 1936-38 жж. Репрессия. 1941-45жж.- Ұлы Отан соғысы. 1986 жыл- Желтоқсан оқиғасы Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды. Желтоқсан құрбандары  1 минут үнсіздікпен еске алайық.Алғашқы сөзіміз  Елбасы туралы болмақ, Жасампаздық жылнамасына саяхатымыздың алғашқы бағыты Екінші бағыт-1992 жылы ҚР Мемлекттік туы мен елтаңбасы бекітілді. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ.  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген.Үшінші бағыт-1995 жыл 30 тамыз ҚР конституциясы қабылданды. ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз Төртінші бағыт-1995 жыл 1 наурыз. Қазақстан Ассамблеясы құрылды.Бесінші бағыт -1996-2012 жж. Спорттағы жетістіктеріміз.Алтыншы бағыт. 1997 ж, «Қазақстан -2030» Елбасымыз 1997 жылы жарияланған. «Қазақстан-2030» Стратегиясында ұлттық қауіпсіздігімізді нығайтудың бір жолы ретінде халықты азық- түлікпен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешуді нұсқады.Жетінші бағыт 1997 жыл. Астана- еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Сегізінші бағыт. 2010 ж. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы ЕУРОПАДАҒЫ   ҚАУІПСІЗДІК е ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ  ҰЙЫМЫ – қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын және Солтүстік Американың,  Еуропа мен Орталық Азияның 56 елін бріктіретін аса ірі өңірлік құрылым.Тоғызынша бағыт:2011 ж«Азиада жасмапздықтың жемісі» Қазақ спортшылары мақсаттары:Оныншы бағыт:  2012 ж, 22 қараша ЭКСПО-2017. Астанада ЭКСПО-2017 өткізуге дайындық барысы. Бейне ролик.Он бірінші бағыт.2012-2014 ж. Ауылды қолдау жылы.Қорытынды сөз:Балалар, «Азаттықтың ақ таңы » дегенде жүрегі елжіремейтін қазақ жоқ шығар. Бұл ұлан-байтақ жерді бабаларымыз ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен қорғап,бізге аманат етті.Сондықтан біз үшін қазақ  даласының ұлтарақтай жерінің өзі баға жетпестей қымбат.Сол қымбат байлығымызды қасерлеп,құрметтеуіміз керек. Сендер Қазақстанда туылған қазақ балалары  екенін мақтан етіңдер. Еліміздің көркеюуіне үлес қос, ол үшін қазір сендер жақсы оқуларың, жаман әдеттерден аулақ болуларын, өзгелерді сыйлауларын, мемлекетке құрметпен қарауларын қажет. Өйткені сендер Қазақстанның болашағысыздар! Дей отырып, ашық тәрбие сағатымызды   Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені » әнімен  қорытындыласақ. Сабаққа белсене қатысқандарға көп рахмет!Осымен тәрбие сағатымыз аяқталу шегінде.Қош сау болыңыздар!

Общая информация

Номер материала: 77940042133

Похожие материалы