Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілетін зерттеу әрекеті арқылы дамыту
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілетін зерттеу әрекеті арқылы дамыту




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Павлодар қаласы әкімдігі

Павлодар қаладар Білім беру бөлімінің

«Павлодар қаласының №7 бала бақшасы»

Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны











Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілетін зерттеу әрекеті арқылы дамыту

















Тәрбиеші : Құдайбергенова Г.Д.







Павлодар 2014

«Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілетін зерттеу әрекеті арқылы дамыту»

Павлодар қаласы №7 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Құдайбергенова Гүлдана Дүйсенбайқызы



«...Айтсаң – ұмытармын, көрсетсең – еске сақтармын, татқызсаң – түсінермін...»қытай халық мақалы

Қазіргі заман талабы – білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтарға келешекте өз өмірлерінің, олардың жастық қабілеттерінің нені қабылдап өрістете алулары қабілеттеріне жаңалықтылық концепцияларды үйлестіре білуге тәрбиеленуде және де осының арасынан дұрыс бағыт тауып өз кірген ортасында негізгі бейімділік тауып әрқашан өзгерістерге бейімділікпен тәрбиеленуі қажет.

Кішкентай балалардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялық құбылыс. Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талпыныс бала мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Баланың бір нәрсені зерттеп білем деген талпынысы, оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.

Баланы өзінің іс-тәжірибесі арқылы оқуға қызығушылығын арттыру, яғни «зерттеу арқылы оқыту» білім беру саласын демократияландыру кезеңінен байқалады, педагогтер баланың оқу іс-әрекетін танымдық іс-әрекетіне жуықтауға талпыныс жасайды.

«Зерттеу арқылы оқытудың» басты мақсаты – оқушыларда адам мәдениеті дамуының кез-келген сатысында атқарылатын іс-әрекетті өз беттерімен, шығармашылықпен, жаңа қабылдау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Зерттеу әрекеті – мектеп жасына дейінгі балалардың жеке шығармашылығына бағытталған әрекет. Мұндай әрекет мектеп жасына дейінгі балалардың жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балаларда арнайы білімді қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулік ізденіске қажет білік пен дағдыны дамытуға қажетті бағдарламаны өңдеу қағидаларын анықтаған. Тәрбиешінің ғана қолынан келетін нәрсе – ол балалардың ісініне деген қызығушылығын өшіріп алмай, ары қарай астыруы. Яғни, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, қызығушылығын дамыту, балаларға берілетін тапсырмалардан ерекше тапсырмаларды беру, көбірек ойландыру, танымдық, дидактикалық ойындар беру арқылы қызығушылығын үстемдеу, сұрақтармен мәселерді шешуді, өз бетімен іс істеуге үйрету, зерттеуге баулу.

Тәжірибе жасаудың басқа іс-әрекеттермен байланысы

Тәжірибе ізденісі бақылау, еңбек, тіл дамыту, бейнелеу өнері, қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру іс-әрекеттерімен байланысты.

Бақылау кез-келген тәжірибенің негізгі бөлігі болып табылады. Себебі ол арқылы жұмыс барысын қабылдау және қорытындылау іске асырылады. Тіл дамыту және тәжірибе ізденісі байланысы. Тәжірибе жасау барысында бала көргенін, не орындағаны жайында , қорытынды жасау, есеп беруде байқалады.

Тәжірибе ізденісі және бейнелеу өнері. Бала тәжірибе қорытындысын суреттеуді бейнелеу өнері іс-әрекеті кезінде нақты жеткізе алады.

Тәжірибе ізденісі және математикалық ұғымды қалыптастыру. Тәжірибе кезінде әрқашан нәрсені санау, өлшеу, салыстыру, пішіні мен көлемін анықтау қажеттілігі пайда болады.

Зерттеу ізденісінің мақсаты:

Мектепалды балалардың таным белсенділігін, білімпаздығын, өз бетімен ізденіске талпындыру зерттеу арқылы дамыту.

Зерттеу ізденісінің міндеттері:

1.Балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын үдетіп отыру;

2.Балалардың танымдық қабілетін дамыту (саралау, талдау,жіктеу, топтастыру,салыстыру, жинақтау);

3. Зерттеу ізденісін жасау барысында талқылау, пікірін айту, болжам жасау, сауалдар таңдау арқылыбалалардың ой-өрісін, тілін дамыту.

4. Балаларды табиғатты қорғау әрі сақтауға,сұлулығын көруге, экологиялық ережелерді сақтауға тәрбиелеу;

5. Зерттеу өткізуде қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Балалардың тәжірибе ізденісінің құрылымы:

  1. Проблеманың қойылуы (зерттеу тақырыбы);

  2. Болжам немесе гипотеза ұсыну;

  3. Шешім қабылдаудың іздестіружолдары;

  4. Мәліметтер жинақтау;

  5. Алынған деректерді түйіндеу.

Тәжірибе ізденісіне дайындалу және өткізу алгоритмі

  1. Тәжірибе ізденістерінің алдын алу жұмыстары (экскурсия, бақылау, әңгімелеу,көрнекіліктер);

  2. Балалармен өткізілетін жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін таңдау;

  3. Балалардың зейінін,қабылдау, еске сақтау, ой-өрісін және логикасын дамытатын ойындарын өткізу.

  4. Құрал-жабдықтар, оқу құралдары арқылы алдын ала ізденіс жұмыстарын өткізу(мини-лабораторияда немесе ғылым орталығында);

  5. Ізденіс жұмыстарын таңдауда, оқу құралдары мен жабдықтарды жыл мезгіліне, баланың жас ерекшелігіне сай болуы қажет.

  6. Тәжірибенің қорытындысы әртүрлі формада қарастырылуы мүмкін (бақылау күнделігі, коллаж, мнемокесте, фотосурет, пиктограмма, әңгімелеу, сурет т.б.)

Ғылым орталығындағы зерттеу құралдары мен жабдықтары:

  • Лабораториялық ыдыстар: өлшеуіш, таразы, тірі және өлі табиғаттың заттары,әртүрлі көлемдегі су құйылатын ыдыстар, микроскоптар;

  • Медициналық заттар: пипеткалар, колбалар, шприц, өлшеуіш қасығы, резеңке грушасы т.б.

  • Қосымша материалдар: сым, жіп, қақпақтар, жүн, мата, айналар, мақта,боялған шынылар;

  • Пластикалық трубкалары;

  • Пластикалық контейнерлер;

  • Рулетка, сызғыш;

  • Алжапқыштар, щеткалар, қалақшалар, лупа,магниттер;

  • Дәнді дақылдар: арпа, бидай, бұршақ, үрмебұршақ, күріш, қарақұмық, қант, ұн т.б.

  • Табиғи заттар: тастар, құм, топырақ, саз балшық, жапырақтар, көмір, әктас, құстың қауырсыны т.б.

  • Йод, марганец, акварель, гуашь.

Зерттеу іс-әрекеттерінің ұзақтылығы:

1. Ұзақ мерзімдік

2. Қысқа мерзімдік

3. Маусымдық

Зерттеу іс-әрекеттерінің объектілері:

1. Тірі табиғат

2. Өлі табиғат

3. Адам

Зерттеу іс-әрекетінің түрлері:

- ұйымдастырылған іс-әрекеті

- әңгімелесу

- дидактикалық және дамыту жаттығу ойындары

-сюжетті-рөлдік ойындар

- эксперимент тәжірибелері

- сурет, альбом, фотосуреттерді қарау

- серуен мен саяхат

- қайырымды істер акциясы

- сайыстар

- мерекелер мен ойын-сауық

- театр іс-әрекеті

Ауаны зерттеу

  • Ауа қандай?

  • Ауа қайда болады?

  • Ауаның түсі бар ма?

  • Ауаның салмағы бар ма?

  • Ауаны ұстай аламыз ба?

1)Балалар қолдарымен ауада сермейді, сонда жеңіл желді сезінеді, ендеше ауа барлық жерде олады.

2) Жан-жағымызға қараймыз, ауа барлық жерде бар болса да бізге көрінбейді, ендеше ауа түссіз, оны ұстай алмаймыз.

3) Шарды үрлейміз де биікке көтереміз , салмақты сезінеміз. Жеңіл болды, ендеше ауаның салмағы жоқ.

4) Адамдар ауамен тыныс алатынын балалар тексереді: трубочканы алып ыдыстағы суға үрлейді. Судың бетіне көпіршіктер шығады.

Суды зерттеу

- су қатты зат па, сұйық зат па?

- судың иісі бар ма?

- дәмі бар ма?

- судың түсі бар ма?

-судың пішіні бар ма?

1) балалар бір ыдыстан екінші ыдысқа суды құяды. Су ағады, ендеше су сұйық.

2) балалар ыдыстағы судың дәмін татып, иісін искейді. Судың дәмі және иісі жоқ екенін түсінеді.

3) ыдыстағы суға тастар салады. Судың түбіндегі тастар көрінеді, ендеше су мөлдір, түссіз.

4) балалар әртүрлі ыдыстарға суды құяды. Су әр ыдыстың пішінін алады, ендеше судың пішіні жоқ.

Судың қасиетін зерттеу

1. «Түрлі-түсті су» зерттеу әрекеті. Су түсін өзгерте алады.

Ыдыстағы судың түсін бояудың, перманганат калийдің, йодтың, бриллиант жасыл езіндісінің көмегімен судың түсін өзгерту.

2. «Су – еріткіш» зерттеу әрекеті. Ыдыстағы суға қант, тұз, крахмал салып араластыру. Судағы аталған заттардың еріп кеткеніне балалардың көздері жетеді.

3. «Батады – батпайды »зерттеу әрекеті. Суға заттар бататын және батпайтын заттарды анықтау. Суға тастарды, қағазды, пенопластты, кішкентай допты, ағаштан жасалған бұйымды, темірден жасалған бұйымды салады. Қағаз, пенопласт, доп, ағаш батпайды. Ал тастар, темір, магнит бататынына көздері жетеді.

Балалармен түрлі тәжірибелер жасалды:

  • «Мұздан моншақ жасаймыз»

Шарты: мұздарды қатарлап қойып, олардың үстіне көлдеңнен жіпті қоямыз, үстінен шымшымдап тұз себелейміз, оның үстінен басқа мұздарды жапсырамыз. Тұз мұзды ерітеді де, олар бір-біріне жабысып қалады. Осылайша моншақ болып шығады.

  • «Жұмыртқа суға батады ма, жоқ па?»

Шарты: 2 стақанда бірдей мөлшерде таза су бар. Оларға екі бірдей жұмыртқа салды. Олар суға батып кетті. Кейін жұмыртқаларды алып шығып, бір стақанға үлкен қасықпен тұз салды. Тұзды суға жұмыртқа батпады. Себебі тұз судың қысымдылығын арттырады. Сондықтан адамдар тұзды көлдерде шомылғанда батпайды.

  • «Ғажайып қалта»

Шарты: суға толы полиэтилен қапшығын ұшталған қарындаштармен теседі де солай қалдырады. Осылайша бірнеше қарындашпен тесіп қалдырады. Балалар судың ағатынын күтеді, бірақ су ақпайды.

Қорыта келгенде, ересек және даярлық тобында балалар сұрақ қойып және өздігінен жауап іздеу әдеті қалыптасады. Зерттеу, тәжірибе жұмыстары балалардың сұрақтарына нақты жауап алуға үлкен көмегін тигізеді және қолайлы жағдай туғызады. Балалар сауалдарына жауап алған сайын, талаптары күрделене береді. Осындай жағдайда міндетті түрде педагог тәжірибе жасауда балаларды қадағалап отыруы тиіс. Балаларға тәжірибе жасаудағы қауыпсіздік ережелерін әрдайым естеріне салып отыруы керек.

Балалар тәжірибе жасауға, өздігінен қорытынды жасауға, шешім қабылдауға, өз көргендерін әңгімелеуге үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

Баланың төмендегідей іскерлігі дамиды:

  • Қоршаған ортаны, дүниені белсенді тану;

  • Тану алгоритіміне сай жұмыс істеу;

  • Жаңа сұрақтар қойып, оған өз бетінше жауап іздеу;

  • Алынған нәтижні дәлелді түсіндіру.

Өзектілігі. Балаларды зерттеу іс-әрекетіне араластыру – балалардың әрқашан жаңа білімді игеріп отыруы. Балалар зерттеу арқылы әлемді, табиғатты танып біледі.

Бұл:

  • балалардың білімділік белсенділігін қанағаттандыру;

  • Шығармашылық қабілетін дамыту және білдіру жолы ;

  • Табиғаттың көпқырлы екенін түсіну;

  • Табиғатты қорғау іс-әрекеті арқылы тәжірибе алу.

Баланың өзімен өткізілетін зерттеу алынған нәтиженің, құбылыстың моделін құруға әрі оларды салыстыруға, жүйелеуге көмегін тигізеді. Зерттеу ізденіс технологиясы өзіне дәстүрлі және дәстүрден тыс жұмыс түрлерін енгізе алады.

Тәжірибе жұмысының негізгі идеясы –іс-әрекет жасау барысында бала өзі қарастырып жатқан объектісін жан-жақты тани біледі, оның сан-қырлы қызықтарын өзі үшін ашады.

Жаңашылдығы. Тәжірибе жұмыстары – мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамытудағы маңызды әдістерінің бірі. Әсіресе зерттеушілік қабілетін дамыту іс-әрекетінде көрінеді. Педагогтың негізгі міндеттерінің бірі – оқу-тәрбие барысында баланыдамыта отырып ,оны өзіндік ізденіске салу арқылы бала өзін өзі дамытуға баулу. Зерттеу ізденіс әрекеті балаға өзін өзі дамытуын іске асыру мақсатында көмегін тигізеді және оның дүниетану қызығушылығын тәжірибе жасау ықыласын арттырады.

Бала өз көзімен көріп, қолымен ұстаған нәрсені ұмытпай, әрқашан есте сақтап жүреді. Тәжірибе жұмысының барысында балалар көптеген құрал-жабдықтармен танысады, оның не үшін қажет екенін, өмірде қалай дұрыс қолдану керек екенін біледі.

Ұсыныстар:

1) балардың назарын толығымен аудару үшін, сабақтың кіріспесін қызықты көрсете алу керек.

2) сабақты шапшаң бастау керек. Сабақ барысында барлық балалар бос отырмауы керек, жұмыспен шұғылданып отыруы керек.

3) Естеріңізде болсын: үзіліс, баяулылық, бос отыру – дисциплинаны, яғни тәртіпті бұзады.

4) балаларға өз қажеттілігін сезінуге мүмкіндік беру керек.

Қолданылған әдебиет тізімі:

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жолдары. Алматы 2013ж.

Веракса Н.Е. диалектическое мышление и творчество // Вопросы психологии. – 1990.- №4. – 5-14.

Веракса Н.Е. особенности преобразования противоречивых проблемных ситуаций дошкольниками // Вопросы психологии. – 1981.-№3.-с. 123-127.

Власова Н.Г. игры – экспериментирование и их место в воспитательно-образовательной программе ДОУ. Информационно-методический и научно-педагогический журнал. – Приложение №4,2001. -24-36.

Дыбина О.В. Творим, измеряем, преобразуем: занятия с дошкольниками. – М.: Сфера, 2002.-28с.

Дыбина О.В., Рахманова Н.П., Щетинина В.В. Неизведанное рядом: Занимательные опыты и эксперименты для дошкольников // О.В.Дыбина (отв.ред). – М.:ТЦ Сфера, 2005. – 192с. (серия «Вместе с детьми»).

Ребенок в мире поиска: Программа по организации поисковой деятельностидетей дошкольного возраста // Под ред. О.В.Дыбиной. – М.:ТЦ Сфера, 2005. – 64 с.(программа развития).









Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-063851
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 20 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>