Инфоурок Всеобщая история Конспекты«Мен – Қазақстанның азаматымын»

«Мен – Қазақстанның азаматымын»

Скачать материал

12277592_450168161855647_1526523462_n7f0981ea6e19dd5e58102c06a26a3bc1-940x545images

               

 

 

                          «Мен – Қазақстанның

                        азаматымын»

 

 

 

 

 

                                           «әл-Фараби» мектеп-лицейінің

                                                                           тарих пәні мұғалімі: 

                                                                           З.К.Жиентаева

 

 

 

 

 

 

                                  Петропавл қаласы – 2016 ж.

                       « Мен – Қазақстанның азаматымын»

                              тақырыбында өткізілген сабақ

Мақсаты:  шәкірттеріміздің азаматтық білімін толықтыру арқылы белсенді азаматтық ұстанымы мен тұлғасын әлеуметтендіру мен қалыптастыру Міндеттері: - қоғамтану сабақтарында алыған теориялық білімдерін практикалық түрде бекіту;

-         ұлтжандылық, отансүйгіштік  және рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;

-         оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін қайталау арқылы азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, ҚР конституциясы, бейне жазбалар

Түрі: дөңгелек үстел

Барысы: 

Мұғалім: Балалар, «Мен –Қазақстанның азаматымын» атты сабағымызды мына бейнежазбаны көруден бастайық.  ( «Азаматтық қоғам туралы» бейне жазба көрсетіледі).

Мұғалім: Балалар, бейнежазбаның түйінін қалай түсіндіңіздер? ( балалар  жауап береді).

Нурислам: Біз өз елімізде бақылаушы емеспіз. Тәуелсіздіктің иесіміз. Біз мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуға тиістіміз.

Тарлан: Конституциямыздың I бөлімінің  бірінші бабында: « Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары»-деп жазылған. Сондықтан да біз азаматтық қоғамда өмір сүреміз, еліміздің тағдырына бәріміз тең жауаптымыз.

Мұғалім:  Ендеше тақырыбымызды ашу мақсатында  сөз кезегі өздеріңізге беріледі.

Данагүл: ҚР –ның азаматтық ұғымы 1991 жылдың 20 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің  жиынтығынан көрінеді» - деп тұжырымдалған

Ербақыт: Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

Алтынай: Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігене құқығы бар. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы.
Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Нурислам: Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттар-
                 
1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі

             2. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты

3. Он алты жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның туу туралы куәлігімен, ата-анасының қай-қайсысының болса да төлқұжатымен расталады 

Салтанат: Біздің мемлекетіміздің негізгі заңы - Ата Заңымыз 1993 жылы 28 қаңтарда, өзгерістермен 1995ж. 30 тамызда қабылданды. Ол біздің тұңғыш Конституциямыз. Біздің ел тәуелсіз, егеменді мемлекет, біздің елімізді бүкіл әлем мойындап отыр. Конституциямыз 9 бөлім, 98 баптан тұрады.
Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР-ның Конституциясы - барлық Заңдардың негізгі басты құжаты.

Ерболат: Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын 1989 жылы 20-қарашасында Балалар құқықтары туралы конвенция қабылданып, 1995 жылы Елбасымыз «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. «Бала құқығы туралы» заң  2002 жылы 8-тамызда қабылданып, 10 тараудан 53 баптан тұрады.

Сымбат: Әрбір оқушы ҚР-ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға, басқа адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін сақтауға, табиғатты қорғауға,тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндеттіміз.

Айдын: Ата Заңымыздың  екінші бөлімінде ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттері анық көрсетілген. Мысалы: 10-шы бапта 

1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.

2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

3. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды. – деп жазылғанын жақсы білемін.

Мұғалім: Балалар, заң бойынша Қазақстан Республикасы азаматы ретінде қандай құқықтарың мен міндеттеріңді білесіңдер және оларды қолданып жүрсіздер ме?

Шерхан: Әрине, білеміз.  Өмір сүруге, денсаулығымызды сақтауға, тегін және ақылы орта және жоғары білім алуға, демалуға,  медициналық көмек алуға, мемлекеттік қызметке кіруге құқымыз бар.

Данагүл: Міндеттеріміз: елімізді қорғау, салықтарды төлеу, әскери қызмет атқару, тарих пен мәдениет ескерткіштерін, табиғатты сақтау, заңды, рәміздерімізді құрметтеу, басқа адамдардың ар-намысына, өміріне зиян келтірмеу.

Мұғалім: Балалар, азаматтықты екі жақты қарастыруымыз керек. Азамат атанған адамның адамгершілік тұрғысында өзін өткен тарихының және халықтың бір бөлігімін деп сезінуін , елін мақтау тұтуын, оның гүлденуіне бар күш – жігерін бағыттауын және еліне деген адалдығын сақтауға міндетті екенін білдіреді. «Азаматтық борыш, парыз деген бар». Осы жөнінде не айтар едіңіздер?

Тарлан: Қаз дауысты Қазыбек би «Алтын ұяң - Отан қымбат,туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат» - дегендей, ҚР азаматтары мен азаматшалары ретінде міндетті борышымыз ана тілімізді қастерлеп, көк байрағымызды биікке көтеріп, Отанымызды шексіз сүйіп, қазақ елінің патриоты болып өсу- парызымыз деп білемін.

Сымбат: Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат. Себебі тәуелсіздік ата-баба рухын көтерді, мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік деңгейге көтерді. 
Тарлан: Тәуелсіздік- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды, қаз-қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан деп жүрегімізді қақтырды. «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп, ата жұртты сүйдірді. 
Мұғалім: Оқушылар, ар, ұят, намыс, абырой, борыш, парыз сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер? 

Алтынай: Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын моральдік- этикалық категорияларға : ар, ұят, намыс, абырой, борыш, парыз жатады. Оған қазақ халқының «Ақылды болсаң , арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны - жүз жылқы, ары- мың жылқы» ұят кімде болса иман сонда», «Әдептілік, ар- ұят -адамдықтың белгісі», «Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді» т.б деген мақалдар дәлел бола алады.

Айдын: Бауыржан Момышұлының мына сөздері мен үшін өте қымбат: Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

·        Отан үшін отқа түскін  - күймейсің.

·        Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік тұрып өлген артық.

·        Мен өмір бойы парыз сезіміне бой алдырып, жалғыз соған ғана бағынып келдім.

·        Парыздан күшті күш жоқ.

·        Парыздан қатал сот жоқ.

Данагүл: Ақын Абдрахмановтың «Азамат»  атты мына бір өлең жолдарын тақырыбымызды ашу үшін оқып берейін.

 Өмірге тура қарап бойлағанды,

Қайсысы халық қамын ойлағанды,

Ардақтап, азамат деп айтқан абзал

Әрқашан адамдығын жоймағанды.

Әмісе сөзі түзік, ойы адалды,

Ұнатпас дәсертісіп бояғанды,

Қаһарға «тіл кеспек жоқ»деп қасқайып,

Қасиетін дар алдында жоймағанды.

Ербақыт: Мен өзімнің елімнің азаматы болғанымды мақтан тұтамын. Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін сүйіп оқимын. Нағыз ер азаматқа лайықты қасиеттері қаншама?! Батылдық, отанын жақсы көру, елінің қамын ойлау, төзімділік, қиындықтан қорықпау. Ел қамын жеген тарихи тұлғаларымыздан әрдайым үлгі алып өсуге міндеттіміз. Достар, Махамбеттің бір өлеңін оқып берейін.

Жарас: Елбасымыздың жастарға айтқан 1000 сөзінде былай делінген:  Ешуақытта басқа ұлттың, басқа діннің адамдарын ренжітуге болмайды. Қандай жаманшылықты өзіңе тілемейсің, басқаларға да сондай тілекші бол. Қазақстандықтардың барлығы бір-біріне тілеулес болғаны жөн.                            

Жания:«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман». «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді».

Тарлан: «Жас қазақстандық азамат дегені­міз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс».

Ербақыт:

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында.  Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен, сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. 
Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», – деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды. 

Шерхан: «Бүгінде әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отаны­мыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек.

Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына Мұғалім: Балалар, бүгінгі дөңгелек  «Жаса, Қазақстан!» патриоттық әнімен аяқтайық. Бәрі тұрады, ән айтылады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мен – Қазақстанның азаматымын»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 171 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2017 2425
    • DOCX 85.9 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жиентаева Зауреш Кошегальдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14281
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 169 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 544 человека

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе