Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Менің балам" (Круглый стол для родительского собрания)

"Менің балам" (Круглый стол для родительского собрания)

Скачать материал

Тәрбиеші: Жанымхан Ахмарал Жанымханқызы

Менің балам

(дөңгелек үстел ата-аналармен)

Күн тәртібі:
1. Кіріспе.
2. Ата-аналарға арналған тренинг.
3. Ата-аналарға арналған ойындар.
«Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы
4. «Менің балам» ойыны. Ситуациялық сұрақтар,
5. Ата-аналарға арналған жадынама.
6. Қорытындылау.«Тілек шамы»


1.Кіріспе.
-Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар! «Балдырған» тобында ұйымдастырылған кезекті ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!
Азамат баласының ең негізгі мақсат-дүниеге келген ұрпағының болашағына жауапкершілікпе қарау. Бала - атаның көз қуанышты,болашағы. Бүгінгі біздің жиналысымыздың тақырыбы: «Менің балам» деп аталады.


Шаттық шеңбері:
Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.


2.Ата-аналарға арналған тренинг.
Құрметті ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата - аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діңдер бір

бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.
(Музыкалық сүйемел, қалам - қағаздар)
Апайларға деген талап - тілектеріңізді «тамыр тобы»- тамырға, «діңгек тобы» - діңгекке, «жапырақ тобы» - жапыраққа жазыңыздар.
Осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді.
Енді мына суреттегі алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп, балаларыңыздың қызығын көрейік.
(музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу).

                                                         

3. Ата-аналарға арналған ойындар.
«Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Тәрбиешісінің толық аты - жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
7. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
8. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
9. Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?
10.Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?
Ата - аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.


4. «Менің балам» ойыны

Балаңыздың ең жақсы көретін түсі

Жақсы көретін мерекесі

Сүйікті тәтті тағамы

Сүйікті мульфильмі

Ең сүйікті тағамы

Ең жақсы көретін іс әрекеті

Ең жақын досының аты

Ең сүйікті жыл мезгілі

 

Ситуациялық сұрақтар.
Ата - аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,..... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
3. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата - аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
4. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
5. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
6. Балаңыз қандайда бір теріс іс - әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?

Енді мен сіздерге өз балаларыңыз жайында айтамын өздеріңіздің қаншалықты балаларыңыз жайлы білетіндеріңізді салыстырып көріңіздер

   


5.Ата-аналарға арналған жадынама.
Өз балаларыңыздың сенімділігі мен ұялшақтығын жеңу үшін ата- аналарға арналған жаднама.-Ешқашанда баланың ұялшақтық мінезін сызып тастамаңыз.
-Бөтен адамдарға қыр көрсетуге жол бермеңіз.
-Есіңізге сақтаңыз, педагогтар оқушылардың ұялшақтық жақтарын оқу үлгеріміне енгізеді.
-Балаңыздың өзінен жас балалармен бірге ойнағанын мақтан тұтыңыз. Бұл өзіне деген сенімді күш туғызады.
-Егер балаңыз өзіне жас ортаны таңдаса, онда кедергі келтірмеңіз.
-Баланы екі ортада қалдырмаңыз, әсіресе кісі көп жерде.
-Баланы өз күшіне сендіруге тырысыңыз.
Бірге «Мен сен үшін қатты қорқамын», орнына мына сөз естілсін «Мен саған сенемін».
-Балаңыздызды мүмкіндігінше аз қорлаңыз.Мүмкіндігінше жақсы жаттарын көрсетуге тырысыңыз.
-Балаңызды басқа балалармен қарым –қатынас жасауға үйретіңіз, өз үйіңізге шақырыңыз.
-Үйіңізде болатын балаңыздың мінезін балалардың мінезімен салыстырмаңыз.
-Өз балаңыздың ынтасын көрсете білуге рұқсат етіңіз, өз уақытында бағалаңыз. 


6.Қорытындылау.«Тілек шамы»
- Міне, қоштасатын да сәт жетті, ата – аналар.
Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі-ата –ананың өнегелі тәрбиесінде.
Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады. 
Ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Менің балам" (Круглый стол для родительского собрания)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 158 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2016 612
    • DOCX 1.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанымхан Ахмарал Жанымханкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жанымхан Ахмарал Жанымханкызы
    Жанымхан Ахмарал Жанымханкызы
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 683
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Управление качеством дошкольного образования в условиях реализации ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Курс повышения квалификации

Способы формирования познавательной мотивации у детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс повышения квалификации

Современные тенденции в воспитании и социализации детей

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 228 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 129 человек

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов