Инфоурок Математика Видеоуроки«Натурал сандар әлемінде» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне25 жыл толуына арналған сабақ.

«Натурал сандар әлемінде» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне25 жыл толуына арналған сабақ.

Скачать материал

Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі.                   Күні:19.10.16  .                                 Тақырыбы: Натурал сандар тарауы бойынша қайталау сабағы.

Мұғалім: Бидалова А.К.     Сынып: 5«Ә»     Оқушылар саны: 28

Сабақтың мақсаты:

Натурал сандарды қайталау тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау.

Міндеттері:

      1.Білімділік:  Натурал сандарды оқу, жазу, салыстыру, амалдар қолдануға есеп шығару дағдыларын пысықтау.

      2.Дамытушылық: Пәнге қызығушылығын арттыра отырып, оқушының зейінін, қабылдауын,  жүйелі ойлау қабілеттерін дамыту.

      3.Тәрбиелік:  Оқушыларды сүйіспеншілік құндылығы тәжірибесі арқылы мейірімділікке, достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

 

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Оқулық, дәптер,қалам,  пенал,әр түрлі суреттер,

Математика

лық тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар

      Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдеседі.

          Жарқырап күн де ашылды,

          Айналаға нұр шашылды.

          Қайырлы күн, біз көңілді баламыз.

          Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз.

Оқушылардың құралдарын түгендеу.

  5 «Т» ұстанымын еске түсіру.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Тыныштық сәті:

                      «Тыныс алу» жаттығуы

       Біз қазір тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазсыздықты сыртқа шығарамыз.

     Ал, дайындаламыз. Көзімізді жұмамыз...., арқамызды тік ұстаймыз...., қолымызды тіземізге қоюға болады. 1,2..,1,2...

 

Тақырыппен таныстыру. Қайталау.

   Ұлы Абай атамыз өзінің 31 қара сөзінде: «Естіген нәрсені ұмытпасқа 4 түрлі себеп бар. Соның бірі көрген, естіген нәрсені бірнеше рет қайталап, ойланып көңілге бекіту керек» деген.

    - Біздің өмір сүруімізге қажетті жақсы қасиеттерді есімізге түсірейікші. Мейірімділік, қамқорлық, достық, адалдық, татулық, сыпайылық, шыншылдық т.б. 4 топқа бөліну: Достық, Татулық, Қамқорлық, Мейірімділік.

- Талапкер ауылында демалыс бағы бар екен. Біз бүгін сабағымызда  осындай бір ғажайып бақ - «Мейірімділік бағын» орнатайық. Ол үшін келесі тапсырмаларды орындаймыз.

          ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1-2 оқушыға оқыту.

      Мәнерлі жазу минуты.

Бүгінгі күн ретіне ай ретін қосып жазыңдар. Әр жазған санды 10 есе арттырыңдар.

    29,  290, 2 900, 29 000, 2 90 000.

  -Осы сандар туралы не айтасыңдар?

 

Ескертулер:

 ( 2,9,0 цифрынан тұрады. Артқы сан алдыңғы саннан 10 есе артық, ал алдыңғы сан артқы саннан 10 есе кем. Осы сандарда әр кластың неше разряды бар? Разрядтарын, кластарын атау.)

  -Есе артық, есе кем ұғымдарын біздің сыныпқа сай қалай қолдана аламыз?

   (Өз бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді еселеп арттыра берсек, ол бізді рухани биікке көтереді. Жақсылықтың аз-көбі болмайды. )

-Бағымыздың алғашқы ағашы қалай аталады екен?

           «Әдептілік ағашы»

     (Адамдар арасындығы сыпайылық, сыйластық қарым-қатынастан әдептілік туады.Әдепті бала әрқашан үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болады.)

    Дәптерімізді ашып күн ретін жазамыз.

       ІІІ. Жалпы білімдерін еске түсіру

              Математикалық диктант

370 пен 160 сандарының қосындысын тап.    530

2 700 бен 9-дың бөліндісі неше?                                 300

510 мен 210 сандарының айырмасының мәнін 190-ға кеміт.    110  

 Қандай сан 700-ден 3 есе артық?                           2 100

90 мен 3 санының көбейтіндісін 9-ға кеміт.            261

4 500 және 1 200 сандарының айырмасы               3 300

     Жауабын слайдтан көрсету.

     (Жанымыздағы досымызды тексереміз. Тексеру кезінде шыншылдық, сыпайылық, әдептілік ережелерін есте ұстаймыз. )

        «Достық ағашы»

(Достық- қасиетті ұғым. Достық бар жерде кез-келген қиындықты жеңе аламыз. Адамдар бір-бірімен дос болса әлемде тыныштық орнайды. Әлемде тыныштық болса, адамдар бақытты болады.)

       ІV. Қайталау бойынша жұмыс. Оқулықпен жұмыс

      -Оқулығымызды ашып қайталау бойынша тапсырмаларды орындайық. Өзіміздің еңбексүйгіштігімізді байқайық.

( Қайталау арқылы білімімізді жаңғыртамыз, бекітеміз. Қайырымды іс-шараларды қайталап жасасақ, бойымыздағы жақсы әдеттеріміз көбейе беремек.)

 № 1. Ауызша.

     Сандарды салыстыра отырып заңдылығын табу, сол бойынша жалғастыру.

     ( Заңдылық туралы не айта аласыңдар? Бір заңға, ережеге бағыну. Жақсы әдетке үйрену үшін тәртіп керек. Біздің мектебімізде қандай ұстанымымыз бар? 5 «Т»)

№ 3. Өз беттерінше орындайды. Тақтамен жұмыс. Ауызша талдау.

№ 4. Тақтамен жұмыс.

         Үшінші ағашымыз-«Еңбексүйгіштік ағашы»

 ( Еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады. )

   -Біздің айналамызды қоршаған заттарда,табиғат құбылыста-рында, бәрінде де сүйіспеншілік бар. Сол сияқты математикада есептерде де мейірімділік бар екен. Әр топ өз тапсырмаларын орындайды.

    Мейірімді есептер   Топпен жұмыс

       Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  сенбілікте бастауыш сынып оқушылары 65 түп емен ағашын,  жоғары сыныптар одан 3 есе артық қайың ағашын отырғызды.Оқушылар барлығы неше ағаш отырғызды?

           Ардагерлер үйіндегі мерекеде 5 сыныптан 22 оқушы би биледі, 6 сыныптан 18 оқушы домбыра тартты және 7 сыныптан 21 оқушы ән салды.Қайырымдылық мерекесіне неше оқушы қатысты?

          5 сынып оқушылары мерекеге арнап 43 ашықхат жасады. Оларды 6 сыныпқа бөліп берді. Әр сыныпқа неше ашықхаттан келді және нешеуі артылып қалды?

         7 бала мектептің ауласын тазалап жүр еді.Оларға тағы 3 есе артық балалар келіп қосылды. Мектеп ауласын барлығы неше бала тазалап жүр?     

                      «Ұйымшылдық ағашы»  Топпен жұмыс

      ( Ұйымшылдық бар жерде кез-келген қиындықты жеңуге болады.Ол адамдардың бір-бірін түсініп,бірлесе әрекет етуінен көрінеді )

   V. Сергіту сәті     «Денсаулық ағашы»

        ( Денсаулық адамның бақытты өмір сүруінің негізгі көзі. Денсаулықты күтіп, аялаңдар. )

      Көзге жаттығулар. Кеудемізді тіктеп келесі тапсырманы орындайық.

 

        № 7.  Тақтамен жұмыс, өзіндік жұмыс.

Екі сөреге 44 кітап жиналды. Оның біреуінде 14 кітап артық жиналды. Әр сөреде қанша кітаптан жиналды?

              VІ. Мультфильм көру

        Талдау сұрақтары:

1.Мультфильмнен не түсіндіңдер?

2.Қандай қасиеттер адамның мерейін үстем етеді?

5.Өзіңнің жақсылық жасаған кездерің болды ма?

     VІІ. Шығармашылық жұмыс

Әр топ екі санға амалдар қолдану арқылы төмендегі

                 сандарды шығару керек:

 

2800,

420,210,90,80,4180,      300,3660,30, 2400,6400,1000,

 

                                                500,40,330,81,20,630,600 400,7,1130,90,2000,2200   

 

.

 

40*70=2800     Т                            850+150=1000      Б

80*6=420          Ә                           1600+600=2200      І

180+30=210      У                            1200:4=300             Л

450:5=90             Е                             3600+60= 3660   І

720:9=80              Л                            390-360=30        М

4300-120=4180    С                             600*4=2400     Д

2800:7=400          І                           80*80=6400        І

210: 30=7             З                          100*10=1000    Ұ

230+900=1130     Е                            2500:5=500     Р

810: 9=90           Л                           1600:40=40     П

110*3=330       Г                                810:10=81    А

63*10=630         Е                              20*30=600 Қ

100:5=20        -

VІІІ. Дәйексөз                 Тәуелсіз елге- білімді ұрпақ

          Мейірімділік жүректен        Нақыл сөз

         Дәйексөзді мұғалімнің оқып беруі. Оқушылар, қыздар, ұлдардың оқуы. Дәйексөзді талдау.

(Адамдар бір-біріне жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.Мейірімділік жүректен шығады. )

              «Мейірімділік ағашы»

     Мейірімділік неден байқалады?

( Мейірімділік біздің күлкімізден, сыпайы сөзімізден, достық қарым-қатынасымыздан, өзара түсінушілігімізден байқалады. Біз тек танысымызға, достарымызға ғана қайырымды болып қана қоймай бөтен адамдармен де жақсы қарым- қатынаста болуымыз керек.

 

             ІХ. Қорытынды:

        Өз еңбекқорлықтарыңның, ұйымшылдықтарыңның, білім- деріңнің  арқасында «Мейірімділік бағын» орнаттыңдар.  Адамдар өздерінің іс-әрекеттеріне әр кезде жауап бере білуі керек. Бүгінгі сабақтағы өздеріңнің қайырымды ойларыңмен, ашық әңгімелеріңмен бөлісіп, шығармашылықпен жұмыс істей білгендеріңе ризамын. Өз бақтарыңдағы мейірімділікті сақтап, оны көбейтуге тырысыңдар. Олардың арасында арам шөптердің өсуіне жол бермеңдер. Керісінше жарқыраған күндей қайырымды істер мен мейірімділікке толтырыңдар. Жинаған гүлдерімізбен осы «Мейірімділік бағын» көркейтейік.

      

      Х. Топпен ән айту

                 Тәуелсіз ел ұраны

1.Қазақстаным Отаным

   Шалқыған шаттық ордасы

   Тәуелсіздіктің ұраны

   Жаныма жақын арнасы.

                       қ-сы

               Елімде тыныш

               Жерімде тыныш

               Бейбіт күн әні шырқалсын

               Бақытты елім

               Жақұтты елім

               Мәңгіге сені сақтасын.

 

2. Тәуелсіз елім Отаным

    Қырандай көкке самғасын

    Көк туым мәңгі желбіреп

    Қазағым мәңгі жасасын.

                        қ-сы

                                                                   

ХІ. Үй тапсырмасы

    № 7. 39-бет

ХІІ. Соңғы тыныштық сәті

                Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар.

Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.

        Әуен даусы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды.Осы айтылғандардың барлығын есімізге түсіріп, жүрегімізге түйіп аламыз. Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  сенбілікте бастауыш сынып оқушылары 65 түп емен ағашын,  жоғары сыныптар одан 3 есе артық қайың ағашын отырғызды.Оқушылар барлығы неше ағаш отырғызды?

 

 

  2. Ардагерлер үйіндегі мерекеде 5 сыныптан 22 оқушы би биледі, 6 сыныптан 18 оқушы домбыра тартты және 7 сыныптан 21 оқушы ән салды.Қайырымдылық мерекесіне неше оқушы қатысты?

 

 

  3. 5 сынып оқушылары мерекеге арнап 43 ашықхат жасады. Оларды 6 сыныпқа бөліп берді. Әр сыныпқа неше ашықхаттан келді және нешеуі артылып қалды?

 

 

  4. 7 бала мектептің ауласын тазалап жүр еді.Оларға тағы 3 есе артық балалар келіп қосылды. Мектеп ауласын барлығы неше бала тазалап жүр?     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ екі санға амалдар қолдану арқылы төмендегі

                 сандарды шығару керек:

 

 

2800,420,210,90,80,4180,

 

400,7,1130,90,2000,2200

 

300,3660,30, 2400,6400,1000,

 

500,40,330,81,20,630,600

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Натурал сандар әлемінде» Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне25 жыл толуына арналған сабақ."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 466 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.12.2016 704
    • DOCX 56.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бибакирова Раушан Шахатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бибакирова Раушан Шахатовна
    Бибакирова Раушан Шахатовна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5277
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 98 человек

Курс повышения квалификации

Применение возможностей MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 195 человек

Курс повышения квалификации

Система работы учителя математики по подготовке учащихся основной школы к математическим конкурсам и олимпиадам в рамках обновленного ФГОС ООО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 297 человек

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека