Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Научный доклад на тему "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

Научный доклад на тему "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету"

библиотека
материалов

Тізбектелген сабақтар топтапмасына бағдарламаның «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін енгізу


«Еліміздің экономикасы қарқынды дамуы үшін қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, шығармашыл адамдар қажет.»

Н.Ә.Назарбаев.

Елімізде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқада өзгерістер білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатыр. Бұл өзгеріс еліміздің мектептерінде тек жаңа пәндерді енгізіп қана қоймaй, сонымен бірге оқыту әдісін өзгертуді де талап етіп отыр. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып дамуы жолында, қоғамның назарын аудару үшін шешім қабылдау маңызды. Бұл әсіресе сынып жұмысына қатысты: сабақ барысында оқушылар белсенді болулары керек.Біз азаматтық қоғамда сыни тұрғыдан ойлау дағдылары тіршілік етудің табысты негізі деп анықтаймыз. Сондықтан құқықтық мемлекетте нарықтық қатынас жағдайында, мына сан құбылып тұрған әлемде сол себепті оқушыларды нақ осы аспектіге тәрбиелеуге тоқталадым.

Демократиялық қоғамның бірден-бір көрсеткіш – тек қана өз пікірін еркін айту құқығы, проблеманы шешудің өзінше таңдауы ғана емес сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлай білетін азаматтық бағалауға, қабылдауға, және өз позициясын қорғауға, осы мүмкіншіліктерді жүзеге асыруға құқығы бар. Сондықтан қоғамның сыни тұрғыдан ойлау маңыздылығы тұрақты өседі.Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген, тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытумен қатар қызығушылығын ояту мақсатында «Миға шaбуыл», «Джигсо», «Кубизм», «Ыстық орындық», «Қарлы кесек», «Кластер әдісі», т.б. әдістерін қолдандым.

Өйткені оқушы өзінің білетінін есіне түсіреді, қағaзға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Балалар осы әдістерді қолдана отырып баланың ойы ашылады, сaбаққа деген қызығушылығы артады. Бағдарламаға енгізілген түрлі тәсілдердің бірі мұғалімнің өз тәжірибесі туралы нақты мақсатқа көшу керектігі анықталды. Осы сәтте бaғдарламада қaрастырылған жеті модульді пайдалану мақсатында мемлекеттік стандартта көрсетілген мақсаттарды сақтай отырып тәжірибемде қолданып көрдім. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін таңдаудағы мақсатым оқушылардың ойлау шығармашылық қабілеттерін арттыру, ойын жетік жеткізе алу, алған білімдерін кез-келген жерде қолдана білу, жаңа технологияны пайдалана отырып өз ойын толық жеткізуге үйрету. Сыни тұрғыдан ойлау модулінің мақсаты балалардың ойлау жылдамдығын арттыру мен тілдік қорын дамыту сөздік қорын молайту боп табылады. Алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жaғдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Мен алдымен тізбектелген төрт сабақты жоспарлап алдым. Тізбектелген сабақтар:«Жануарлар қыста қaлай жылынады, немен қоректенеді?», «жануарлар жемін қалай аулайды?,сақтандырғыш рең», «жaбайы және үй құстары». деген тақырыптарына сай түзілген. Мақсаты: Жануарлардың тіршілігімен танысу, оларға қамқолық жасау,оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысын арттыру.

Жоспарланған сабағымды қазіргі заман талабына сай етіп әдіс-тәсілдерді қолдандым. Қазіргі уақытта мұғалім дәстүрлі сабақтан гөрі, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Осы модулді ескере отырып . Оқушыларыма сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге алдыма мақсат етіп қойдым. Бірінші «Жануарлар қыста қалай жылынады және немемен қоректенеді?» деген тақырыбындағы сабағымда интербелсенді тақтаны пайдаланып жануарлардың тыныс-тіршілігі жайлы суреттер көрсеттім.Жануарлар қыста қалай жылынады деген түрткі сұрaғыма ,М Е деген оқушыларым «жануарлар қыста қыс түсімен інге тығылып, тіршілік жасайды»-деп жауап берді.Мен олaрдың дұрыс жауабы үшін белгілер арқылы бағаладым.

Оқушыларым сыни тұрғыдан ойлауға байланысты бір-неше сұрақтар қойып, ойлау қабілетін дамыттым. Жарайсың, тағы кімде қандай жауап бар деп, сұрағымды қайта бағыттадым. Е. деген оқушым аю апанына кіріп тығылады деп жауап берді . Е деген оқушымның пікірін құнды деп оны мадақтап көтермелеп қойдым. Менің таң қалғаны ін емес аюдың апаны деген пікірі балаларға сыни тұрғыдан ойлауына әсерін тигізді


. hello_html_5fb19cb0.jpghello_html_7e36437b.jpg

Аюдың апанын неге іні демейміз деп,мен сұрағымды қайта бағыттадым. Ал және кім қалай ойлайды?, Ж-деген оқушым аюдың апаны үлкен болады сондықтан оны апан дейміз басқа жануарлардыкі кішкентай болғандықтан іні дейміз?-деп өз ойын айтып өтті. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында слайдта көрсетілген жануарлардың қысқы ұйқыға кетіп, ұйықтап жатқан суретімен таныстырдым. Ол жерде қыс түсімен көптеген жануарлар өздерінің ініне тығылaтынын айттым.Сонымен қатар бұл індер тышқан, борсық сияқты жануарлардың баспанасы екендігін түсіндіріп өттім.Джиксо элементін пайдалану арқылы тақырыптқа байланысты мәтінді бөліп бердім. Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы мұқият оқып шықты.Оқушылар өз түсінгендері жайлы топта талқылады, бір-біріне түсінгендерін айтып жатты. Сол кезде оқушылар жаңа білімді өз беттерімен меңгеріп алғанын байқадым. Төрт топқа әртүрлі топтық тапсырмалар берді. Мен онда оқушыларға бағыт-бағдар беріп отырдым және түрткі сұрақтар бердім.Оқушылар топ арасында ұжымдасып кластер әдісі бойынша суреттеп бастады Е-деген орта оқитын, ұяң мінезді оқушым қоянның қысқа қарай жұқа жүні түсіп, қалың жүн шығатынын айтып жазу керектігін айтты оқушылар топта ұжымдасып сыни тұрғыдан ойлана отырып постер қорғауды бастады.


hello_html_m3c61d499.jpghello_html_m25a989eb.jpg



Мен бұл жерде ол оқушының сыни ойлау қабілетінің артқанын, белсенділік танытқанын байқадым. С.деңгейлі оқушым- жануарлардың түрлері көп емес пе?деп, барлығын салу керектігін бір-бірімен ақылдасып жатты. Топтық жұмыста топтасып жұмыс жасағанда балалардың сыни тұрғыда ойлауға көп көмегі барын бaйқадым.Оқушылaрымның клaстер әдісін қолданып постер қорғауда өнерлі оқушыларымның өнері бар екенін аңғардым.Олардан мен таланттылық пен дарындылық қасиеттерін бар екенін көрдім. Постер қорғауда дарынды оқушым Б- есімді оқушымның ойлау қабілеті тіл байлығы есте сақтау қабілеті сурет салуда өзінің өнерін көрсетті. Олар өзара бірігіп проблемаларды топ болып шешуге кірісті әрбір оқушының құнды идеяларын байқадым. Бір-бірін тыңдау арқылы өз қателерін жөндегені мені қуантты. Менің өз ойым балалар топ болып жұмыс істеуді үйренді бұл модуль диалогты оқумен тығыз байланысты.

Мен Александердің (2008) «Балалардың күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек» деген ой-пікіріне толық қосыламын.

( Нұсқаулық 1. 51-бет). Балаларға сұрақ қою, сұрaқтарға жауaп беру бaрысында жаңа тақырыпты қaлай меңгергендігін байқадым.Оқушыларға бүгінгі сабақта не үйренгенін білу үшін рефлексия жасаттым .Екінші «Жануарлар жемін қалай аулайды? сақтандырғыш рең» тақырыбындағы сабағымда сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Миға шабуыл» әдісін пайдалана отырып, бірнеше сұрақтар бердім,сыни тұрғыдан ойлауға жетеледім. Өткен сабақтар бойынша бірнеше мысалдар келтірдім. 1. жануарлар қалай қыстайды екен? 2. Қыста олардың реңі өзгереді ме? Осы сәтте В деңгейлі оқушым, қыста жануарлар жейтін жемі таусылғандықтан індеріне кіріп ұйқыға кетеді деп жауап берді. С деңгейлі оқушым қыста кейбір жануарлар мысалы қоянның түсі ақ түске өзгереді деп жауап берді. Жаңа сабақты меңгеру үшін сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға суреттеу стратегиясын пайдаландым. Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін өмірдегі білетіндерін іске асыру мақсатында. Интерактивті тақтадан жануарлардың жазғы жайлауда жайылып өз тірішілігін жасап жүрген суретін көрсеттім . Оқушылар суретке қарап, баяндап берді.Суреттеу кезінде оқушыларда қызығушылық пайда болды. Ой-өрісі, сыни тұрғыдан артқанын байқадым. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде жануарлар жазғы ыстық кездерде су іздеп суаттарға баратынын айтып өттім. Оқушыларға суреттерді сәйкестендіру арқылы бaлaлардың сыни тұрғыдан ойлауын арттыра отырып оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйреттім. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Джигсо элементінің бір әдісін пайдаланып,мәтінмен жұмыс жасаттым. Тaқырыпты түсінгендерін білу үшін ,олардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында бірнеше сұрaқтар қойдым . Сабақ барысында сұрақты дұрыс қоя білу керек Дұрыс қойылған сұрақ оқушыны білімге жетелейді 1. Суға шыдамды жануарлады атап өтіңдер?-деген сұраққа К.А деген оқушым ,түйе суға шыдамды болып келеді, суға кезіккенде олар шөлін абден қандырып, алады- деп жауaп берді. Шөлде өмір сүретін жануарларды атап бер-деп сұрақ қойдым. Оқушылар, түйе, ақбөкен, убақ, қосaяқ -деп жауап берді .Оқушылaр сыни тұрғыдан ойланып, сұрақтарға «ыстық орындық» әдісін қолданғанда қызығушылықпен жaуап берді Зерттеу барысында осындaй оқушылaрға болaшақта әр түрлі тиімді әдіс- тәсілдерді қолданып, олардың көңіл көкжиегін ашу керектігін түсіндім.Оқушылардың шынайы білім алуы үшін, кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан баға шынайы болу қажет. Мен сабақтарымда формативтік-оқыту үшін бағалау және жиынтық-оқу үшін бағалауды қолдандым. Сабақ барысында орындаған тапсырмалар бойынша оқушыларды формативті бағалай отырып, сабақ соңында сабақ жиынтық баға берілді.Бір сабақтың өзінде оқушылардың үй жұмысына (белгілер арқылы бағалау) сияқты бағалау түрлерін пайдаландым.Түрлі смайликтер беру арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, сабаққа қызықтыруға әрекет жасадым.


hello_html_m6a19aff4.jpghello_html_4fe6a058.jpg




Сабақ соңында рефлексия арқылы оқушылардың түсінген түсінбегендерін аңғардым. Үшінші «Жабайы және үй жануарлары» тақырыбындығы сабағымда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру үшін миға шабуыл әдісін пaйдалана отырып, жaңа сабақтың тақырыбын aшуға әрекет жасадым.Суреттерді сөздермен сәйкестендіру тапсырмасын бердім. Сәйкестендіру әдісі оқушылардың сын тұрғысынан ойлануға көп әсерін тигізеді.Оқушылардың танымдық қабілетін арттырады.Тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында мәтінді Джигсо элементінің әдісі бойынша оқыттым.Онда оқушылар бір-біріне түсіндіріп жатты.Бүгінгі сабақтан алған білімін «кластер» әдісі бойынша оқушыларға топта постер қорғауға тапсырма бердім. Әр топ тапсырмaларын орындап, өз тaптарынан бір көшбасшы сайлады. Топпен ойласа отырып, өз жұмысын қорғады. Әрбір топ бірін-бірі бағалау үшін мен оларға стикерге өз ойларын жазып жапсыруын сұрадым. Сабақта топтық жұмыс жaсаудағы мақсатым, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру, шығармашылық қабілеттерін ары қарай дамыту, өз ойларын ашық айтып жеткізуге тәрбиелеу, сонымен қатар . Оқушылар өткен сабақтар бойынша суреттер салып тақтаға іліп, оқушылардың білімдерін анықтау барысында сұрақ-жауап әдісін қолдандым. Сонымен қатар Джигсо әдісін қолданып тақырыпты бір-біріне түсіндіріп, өтуді тапсырдым. Олар бір-біріне сұрақтар беріп, жауаптарын белгілер арқылы бағалау арқылы тапсырманы толық меңгергенін байқадым.

Сонымен қатар жануарлар жайлы жұмбақтар беруді айтып өттім.Жұмбақ шешуде оқушылар түрлі жұмбақтар келтірді. А-деген оқушым:

«Шөлдесем су ішпей жүремін,

Жүк тасып, пайда табамын.

Адам үшін пайдалы,

Жоғaры менің санатым».-деп жұмбaқ жaсырды.

Бір-біріне түрлі жауаптар айта бастады. Бір сәттен соң М деген оқушым түйе емес пе? деп жауап берді. Сен түйе екенін қайдан білдің?- деп сұрағанымда, шөлдесем су ішпей жүремін деген мағынаны мен былай аштым. Түйе шөлдегенде су ішпей ақ апталап жүре береді емес пе?- деп сыни тұрғыда ойлана отырып өзінің құндылығымен көзге түсті. Диалог әдісі арқылы оқушыларға сұрақ беріп, оқушылардың ойлау есте сақтау қабілеттерін анықтадым.Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып жауаптарын алып отырды.Сабақты кері байланыс арқылы қорытындыладым

Төртінші «Жабайы және үй құстары» деген тақырыпқа байланысты сабағымда сабақтың мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сын тұрғысынан «миғa шабуыл» әдісін пайдаланып, интербелсенді тақтaдан үй құстары мен жабайы құстарды көрсеттім.Оларға құстар туралы азырақ мәлімет беріп өттім.АКТ-ны пайдалану барысында үш білім саласы біріккен, олар технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006ж Мишра мен Келер қарастырды. Олардың айтуынша егер жаңа техналогия оқуды жақсартса оқушылардың білімдерін ықпалдасуын қамту керек.Мишра мен Келердің айтуынша барлық үш білім оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға,тапқырлыққа, іздемпаздыққа үйретіп ойлау қабілетін дамыту мақсатында сәйкестендіру әдісін пайдаландым.Мұнда оқушылар суреттер мен сөздерді сәйкестендірді. Бұл әдісім миға шабуыл жасау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытады.Сабақ барысында оқушылармен бірге галереяға сағат әдісін қолданып оқушылар салған жануарлардың суреттерін көріп тамашалады. Сыныпқа қайта оралған соң оқушылар постер арқылы үй құстары мен жабайы құстар жайында өз ойларын суреттер арқылы білдіріп, жатты.Бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп жатты.Сбақ барысында оқушыларға жұмбақтар бердім. Жұмбақ шешу де оқушылардың сын тұрғысынан ойлануға бағыттайды.Жұмбақ беру оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артатынын байқадым.Жұмбақ шешуде оқушылар ойланды. Бір-бірімен түрлі жауаптарды айта бастады . Оқушылармен Джиксо әдісі бойынша топта ұжымдасып оқыды. Бір-біріне сұрақтар қойып жауаптарын алып отырды. Оқушыларға сұрақтар бере отырып слайд арқылы үй қүстары мен жабайы құстар туралы түрлі ақпараттар беріп оны мәтінмен қалай байланыстыруға ой тастадым. Оқушылар топтасып слайдта көрсетілген жабайы және үй құстары жайлы бір біріне айтып сұрақтар беріп жатты.С.деңгейлі Т деген оқушым жабайы құстарға дуадақ,бәбісек, бірқазан деген құстaр жататынын айтып өтті. Осы деректерді мәтінмен қалай байланыстыруға болады деп сұрақ қойдым. Оқушылар ұжым болып жұмыс жасауға үйренді.Сабaқ соңында постер қорғады.Кері байланыс жасау арқылы сабаққа қорытынды жасадым. Олардың қаншалықты сабақта меңгергенін саған қарай қорытынды жасап, келесі сабаққа қосымша ақпараттар жинақтауға әрекет жасаймын деп ұйғардым.

Тәжірибе барысында сын тұрғысынан ойлау арқылы оқудың қызықты, жеңіл өтетінін, оқушылардың ұжымда бірлесіп жұмыс жасауы, ойының тиянақтылығы артқанын байқалдым.Оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы ізденуге,топпен бірігіп жұмыс жасауға біршама үйренді,оқыту мен оқуда білім сапасы артты .Оқушыларға сауалнама беру арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілеті мен білім сапасы, белсенділігінің артқанын көрдім.

Қорыта келгенде сын тұрғысынан ойлау модулін пайдалану оқушылардың ойлау қабілеті мен танымдық қабілеттерінің артуына және өзгенің ойын бағалай алуына өте жақсы әсер ететіні көрініп тұрды. Олар алған мәліметтерді кез-келген жағдайда қолдaна алатынын байқадым.«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін енгізу барысында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде

Жеткен жетістіктерім:

-Oқушылардың пәнге қызығушылығы артты;

- Cыни тұрғысынан ойлау қабілеті артты;

-Шығармашылықпен жұмыс ітеуі арта түсті;

-Oқушылардың оқыту мен оқуда білім асапасы артты;

-Oқушылардың белсенділігі, өзін-өзі реттеуі жоғары дәрежеге көтерілді;

-Oқушылар өз ойларын нақты білдіруге,басқалардың ойын бағалауға, талдауға үйренді;

Тәжірибе барысында кездескен кедергілер:

-Берілген тапсырмаларды орындауда уақыттың жетіспеуі;

-Oқушылардың өз ойларын толық жеткізе алмауы;

-Бағалаудағы критерийлерді толық қолдана алмау;

Болашақта осы кедергілерді жою жолдары:

-Тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, жұмыс жүргізу;

-Уақытты дұрыс пайдалану,тапсырмалар беріп, уақытты белгілеп отыру;

-Бағалаудағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру;

Менің ұстанымым:Саналы, сыни ойлана алатын, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, тәрбиелі, білімді жаңашыл ұрпақ қалыптастыру. Болашақта алған білімімді, үйренген әдіс-тәсілдерімді сабақ барысында қолданамын. Оқушылардың қызығушылығы мен талпынысын ояту үшін жан-жақты ізденіп,оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін, түрлі стратегияларды пайдаланамын.«Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы оқушыларың метатанымдық қабілетінің артуына өте жақсы әсер етеді деп ойлаймын.Алдағы уақытта барлық сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған әдіс-тәсілдердерді қолданамын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. « Мұғалімдерге арналған нұсқаулық». Үшінші (негізгі) деңгей.

Үшінші басылым «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ.2012

2. Дүниетану 2-сынып . Жалпы білім беретін мектепке арналған оқулық.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен.

Авторлар: К. Жүнісқызы,Қ Аймағанбетова.

3. Қазақ мектептерінде « Кембридж» тәсіліне негізделген жаңаша оқытудың бүгінгі баспалдақтары. Алматы «Білім» 2012ж. Ж. Боранбаев, Л. Омарова



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-524718

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"