Инфоурок Начальные классы КонспектыҚош келдің,әз Наурыз! тәрбие сағаты

Қош келдің,әз Наурыз! тәрбие сағаты

Скачать материал

С/т: Қош келдің,әз Наурыз!

С/м:Наурыз мейрамы жайлы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету,оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Оқушылардың бойына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіріп,имандылыққа,мейірімділікке тәрбиелеу

С/к:слайдтар,наурызға байланысты нақыл сөздер.

Мұғалім сөзі:Армысыздар ұстаздар,ата-аналар,қонақтар!Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті.Бүгін Ұлыстың ұлы күні.Ақ тұйенің қарны жарылған күн.Наурыз-“Жаңа күн” деген сөз.Бұл күн-біздің ата-бабаларымыздың,арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.Олай болса,наурыз тойымыз құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты,тілектеріңіз қабыл болсын!Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған “Қош келдің,әз Наурыз”атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-ж: Уа,халайық,халайық,

        Ақ сандықты ашайық.

2-ж: Бұл мереке,бұл тойдың

        Шашуларын шашайық!

1-ж: Наурыз-көктем мерекесі.

        Наурыз-жыл басы.

        Наурыз-жаңа серпін,жаңа леп.

2-ж: Наурыз-қуаныш мерекесі,

        Бақыт пен шаттық мерекесі.

1-ж: Наурыз-шаруаның мерекесі

        Наурыз-еңбек мерекесі

2-ж: Армысыздар,халайық,

        Бармысыздар,халайық

        Наурыз тойын жұп жазбай

        Жылда қарсы алайық.

1-ж: Ал,халайық,тұрмайық,

        Әндетелік жырлайық

        Ортамызды ашайық,

        Ырыс тілеп бұл жылға,

        Жылдан шашу шащайық!

 Ән «Наурыз-думан»

1 оқушы: Қыс кетіп қар кетті,

                 Жырлайық жаз жетті

                 Мейрамы ежелден

                 Құтты болсын Наурыз!

2 оқушы: Әнім де саған,білім де

                 Құт қонақ өзің үйімде

                 Қуаныш сыйлар еліме,

                 Күлімде,Наурыз,күлімде.

3 оқушы: Күн менен түн теңелді

                 Жер шуаққа кенелді

                 Қуанышта ел енді

                 Наурыз келді салтымыз

                 Көгерсін деп халқымыз,

                 Көшеге тал егеді

                 Наурыз тойы-береке,

                 Наурыз тойы-жыр-аңыз.

2-ж: Айтамын жарапазан есігіңе,

        Наурыз келе берсін қазағыма

        Ниетің Ұлыс күні қабыл болып

        Қолдауға Қыдыр келсін несібеңе,-деп енді Қыдыр бабаны қарсы алайық.

(Шырақ жаққан 7 жігіт Қыдыр атаның жолын тосады.Қыдыр ата атқосшысы Тазша баламен келеді.Шырағы бар 7 жігіт екі жарылып тұра қалып,басын иіп,қазақша көкірегіне қолын қойып,сәлем беріп қарсы алады).

Қыдыр ата: Армысыздар,туыстар!

                    Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын!

(Қыдыр ата төрге барып отырады).

4 оқушы:Бір жігіт тұрып:”Жаңа жылымыз келді,халайық,құтты болсын!-деп жар салады.

Әже: Ақ жаулықты әйел адам келіп халыққа жақын барып:

О,Құдайым,көптен күткен жаңа жылымыз келді.Жаңа жыл жарылқа,ескі жыл есірке.Менің ұрпақтарымды аман ет,пәле-жаладан сақтай гөр,жамандық әрі кет,кет!-деп аластайды.

Осылай деген соң Қыдыр ата тұрған жаққа жақын барып,тізе бүгіп,тағзым етеді.

Қыдыр ата:Көсегелерің көгерсін айналайындар!Ата салтын ұмытпай,ұлыс тойын өткізіп жатқандарын өте жақсы екен.Көп рахмет!Ал қандай қызық-

тарың бар?

                                              Би

4 оқушы: Наурызым ғажап туысың,

                 Ұлыстың ұлы күнісің.

                 Жылыттың жердің жүрегін

                 Жүрегі елдің жылысын.

5 оқушы: Наурыз-достық,Наурыз-күн,

                 Барша халық бірлігі.                          

                 Тағы келді  Ұлыс күн

                 Жалғасып ғалам тірлігі.

1-ж: 22-ші наурыз-күн мен түннің теңелетін күні.Ендеше күнмен түннің әңгімесін тыңдайық.

                                         Көрініс.

Күн: Сәулесі мол күнмін

Түн: Жұлдыз мол түнмін

Екеуі:Бірдей болып біздер,

          Теңелеміз бүгін.

Түн: Ал ертең күн ұзақ,

Күн: Түн қысқарар бірақ

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,

           Жүрмеңдер тек жылап.

2-ж: Туған соң адам боп,

        Білімсізден жаман жоқ.

        Ұлт дәстүрін білмесек,

        Жұрт айтады надан деп.

1-ж: Бауырласқан жанымыз,

        Бұзылмасын антымыз.

        Өзге ұлттай біздің де,

        Бар дәстүр мен салтымыз,-деп кезекті салт-дәстүрге береміз.

(3 анаға 3 ырымды жасатамын)

Ит көйлек тастау

Бесікке салу

Тұсау кесу

2-ж: Қазақтың салт-дәстүрімен бірге ұлттық ойындар да бар.

1-ж: Иә,”Қыз қуу”,”Арқан тартыс”,”Көкпар” және басқалар.

2-ж: Ендеше кезекті ұлттық ойындарға береміз “Қыз қуу”,”Арқан тартыс”.

1-ж: Тілім барда қазағым бар,халқым бар,

        Дәстүрім бар ата жолы,салтым бар. 

        Кең даладай жиналмаған шалғайы,

        Аңқау ашық мінезі бар аңқылдар.

Енді “Жарасып тұр дәстүрім” көрінісін тамашалаңыздар.

                                               Көрініс.

Әже: Аяулы абзал аналар

Ана: Айналайын балалар!  

         Жеңдер сендер тамсанып,

         Ас атасы-нандеген.

        Сендерге арнап біз бүгін

        Бауырсақтар пісірдік.

(Бауырсақтар пісіріледі)

1-ж: Білесің бе? Наурыз тойының өзіне тән ырым асы-Наурыз көже.Наурыз көжені қалай дайындайтынын әжеміз айтып бермек.

Әже: Ашық болсын қас-қабақ

          Бейтаныс та,таныс та

          Бүгін төрде бас қонақ.

          Арпа,бидай,тары бар,

          Қатық,малта ағы бар

          Ішілетін,жейтіннің

          Бұл көжеде бәрі бар.

( Наурыз көже таратылады )

                                             Ән немесе би.

2-ж: Ниет,ықылас білдіру

        Әр адамға аманат

        Ата-баба дәстүрі

        Батаны біл жамағат.

1-ж: Ата,”Батаменен ел көгерер,жаңбырменен жер көгерер”деген халқымыз,мына отырған көпшілікке ақ батаңызды беріңіз.

Қыдыр ата: Ұлыс оң болсын,

                     Ақ мол болсын

                     Қайда барсаң жол болсын!

                     Ұлыс бақты болсын,

                     4 түлік ақты болсын.

                     Ұлыс береке берсін!  

                     Бәле-жала жерге енсін,

                     Ұлы халқым тоқ болсын,

                     Көйлектерің көк болсын,

                     Бастарың аман болып,

                     Уайым-қайғы жоқ болсын!

                     Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!

2-ж: Қашанда құт береке орнасын деп,

        Тойларда шашу шашу-салты елімнің.

        Уа,халайық! Теріп ал несібеңді,

        Қабыл болсын,жамағат,ақ тілеуің!

1-ж: Құттықтау сөз кезегін Жәния апайға,Арай апайларға,ата-аналарға береміз.

Мұғалім: Құрметті көрермендер,бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты-ұлттық салт-дәстүрлеріміздің көнермейтінін еске салып,ұлттық мұраны қайта жаңғырту.

“Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар”демекші,салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін,еліне адал қызмет ететін,тілінің салт-дәстүрлерінің жанашыры болатынына сенеміз!      

  2-ж: Осымен”Қош келдің,әз Наурыз”атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

      

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қош келдің,әз Наурыз! тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

С/т: Қош келдің,әз Наурыз!

С/м:Наурыз мейрамы жайлы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету,оны құрметтей білуге тәрбиелеу.Оқушылардың бойына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіріп,имандылыққа,мейірімділікке тәрбиелеу

С/к:слайдтар,наурызға байланысты нақыл сөздер.

Мұғалім сөзі:Армысыздар ұстаздар,ата-аналар,қонақтар!Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті.Бүгін Ұлыстың ұлы күні.Ақ тұйенің қарны жарылған күн.Наурыз-“Жаңа күн” деген сөз.Бұл күн-біздің ата-бабаларымыздың,арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.Олай болса,наурыз тойымыз құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты,тілектеріңіз қабыл болсын!Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған “Қош келдің,әз Наурыз”атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 347 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2015 12514
    • DOCX 44 кбайт
    • 34 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем БЕСІМБАЕВА КҮМІСАЙ ҰЗАҚБАЙҚЫЗЫ. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13982
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 48 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2696 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 514 человек

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 494 человека

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 226 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек