Инфоурок Всеобщая история Статьи«Отан үшін от кешкендер»

«Отан үшін от кешкендер»

Скачать материал

Астана қаласы

№ 38 мектеп-лицейі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Отан үшін от кешкендер»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Тарих пәні мұғалімі Ж.Саркулова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлы Жеңіске -70 жыл

Біз бақыттымыз. Бейбіт өмір кешіп, арман-мұраттарымызды, білім мен қиялымызды іске асыруға еш кедергі жоқ. Тіпті бұл күйді әке-шешеміз де кешті.  Олардың тағдырынан да еш уайым-қайғының табы білінбейді.Ал, арғы ата-әжелеріміз ше? Бұл күнде ол жастағы кісілерді кез-келген шаңырақтан кездестіре бермейсіз....Неге? олар кімдер еді? Оның себебі-70 жыл бұрын, 22 маусымда таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.

22маусым-барлық посткеңестік елдердің тарихындағы ең қайғылы дата. Өз еліміздің тарихы бойынша өткенге көз жүгірсек, өткен ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтеріліс, аштық-нәубет жылдары, одан кейін қаралы 37 жыл. Осы 20-30 жылдың қасіретінен енді бас көтерген халқымызды 1941 жылдың 22 маусымының таңы естен кетпестей оятты.Бірнеше мемлекеттен тұратын Кеңес Одағының бұл хабарына ешкім тосылып қала алмады. Барлық ұлт бірден ұрыс даласына аттанды. Қазақстанның түкпір-түкпірінде әскери комисараттарға еріктілер ағылды. Жасы енді 16-17-ге толған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.

Қаншама ата-бабаларымыз, апа-ағаларымыз осы жеңіс үшін аянбай соғысып, жандарын қиды. Бұл соғыс адамзат тарихында ең сұрапыл, әлемді дүр сілкіндірген, жан түршігерлік қанды қырғын болды. Ұлы жеңіске еліміздің барлық халықтың жеңіске  құштарлығының арқасында, береке-бірлігінің арқасында елімізді, жерімізді, Отанымызды  сақтаймыз,-деп жан аямай соғысып, жан аямай еңбек етуінің  арқасында қол жеткіздік. Сондықтан да, бұл мереке адамзатқа, олардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш, ортақ жеңіс!

Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам «Даңқ» орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар -Талғат  Бигельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов  және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы  - мерген Әлия  Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі-қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың  қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі- Қасым Қайсенов. Ал, танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.

«Ертеңгі  күніміз не болар?»-деп қайғы мен мұңды қатар ұстап, қуаныш пен тыныштықты аңсаған халықтың арман тілегін арқалаған ағаларымыз бен апаларымыз алапат қырғын соғыс лаңын  Германия жерінде Ұлы  жеңіспен аяқтады. Жеңіс елімізге, халқымызға болашаққа сенім, күш, қайрат, рух берді.

Міне, содан бері арада 70 жыл артта қалды. Халық болып қорғаған Кеңес Одағы ыдырап, біздің  Қазақстан өз алдына жеке мемлекет болды. Бұл тарихи оқиға 1991 жылдың желтоқсан айының 16 жұлдызында болған еді.Содан бері еліміз Ұлы жеңісті  жалғастырып, жаңа жетістіктермен өркендеп келеді. Қазіргі уақытта береке мен бірлігі жарасқан, көп ұлттар бір шаңырақ астына бас қосқан, көп елдер тамсана да, таңданып қарайтын  экономикасы дамыған, бетке ұстар мемлекетке айналдық.

Батырлар шыққан өлке еді......

Жер бетіндегі аса зардапты да қантөгісті үлкен соғыстардың бірі болған кешегі Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жетер жол ұзақ та қиын болды. Ол жүздеген миллион адамдардың өмірін қиып, қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етті. Оған сұрапыл соғыстың қиындықтары мен зардаптарын бастан кешкен елдердің тарихы куә.

Күндей күркіреп өткен сол соғысқа кешегі Кеңес одағының құрамдас бөлігі ретінде Қазақстан да өзінің экономикалық ресурстарымен және адам күшімен де қатысқан.Ұлы Отан соғысы Қазақстанға тікелей жанаспай, оның аумағында соғыс қимылдары болмағандығына қарамастан республика халқы одан сырт қалған жоқ, Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлестері де аз емес. Солардың қатарында Отан қорғауға сол кездегі барша Кеңес халықтарымен бірге мыңдаған ақмолалықтар қатысқан. Соғыстың алғашқы айларының өзінде 80 мыңнан астам жерлесіміз Қызыл Армия қатарына шақырылып, майданға аттандырылды. Сол күндері облыстың әскери комиссариаттарына талай мыңдаған адам Отан қорғау үшін өз еріктерімен майданға жіберуді сұраған өтінішпен келіп жатты. Солардың қаншамасы майданнан оралған жоқ. Олардың арасында тәуелсіздігімізді, бостандығымызды қорғау жолында өмірлерін құрбан еткен Кеңестер Одағының батырлары Ақан Құрманов, Юрий Гуров, Петр Исаков, Георгий Игишев, Николай Колбасов, Алексей Куница, Юрий Малахов, Никита Митченко, Иван Скуридин  және тағы басқалар.

Ал, майданда көрсеткен ерліктері үшін көптеген ақмолалық жауынгерлер ордендермен және медальдармен марапатталды. Атап айтқанда, 41 адамға ең жоғарғы награда Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, алтауы «Даңқ» орденінің толық иегері болды. Олардың ішінде Кеңес Одағының батыры атағына екі мәрте ие болған генерал-лейтенант Талғат Бигельдинов, егемен еліміздің «Халық қаһарманы» атағының тұңғыш қаһарманы армия генералы Сағадат   Нұрмағанбетов  және басқалар бар еді.

Бұл орайда сол сұрапыл жылдарда майдан даласында ер адамдар мен бірге иық түйістіре жүріп, ересен ерлік  пен  табандылықтың тамаша үлгісін  таныта білген соғыс ардагерлері –әйелдер туралы  да айтпай кету әсте мүмкін емес. Ресми деректер бойынша, соғыс кезінде Қызыл Армияның қатарында олар 600 мыңға жуық болыпты. Олардың арасында біздің жерлестеріміз де аз емес еді. Олар – Мария Леонова, Лидия Пугач, Екатерина Пугач, Екатерина Тихомирова, Ханыгүл Темірбаева, Ефросинья  Сахарова, Вера  Широкая және басқалар.

Мәселен, соғыс басталған 1941 жылдың 25 шілдесінде  Ақмолада жасақталған  313-ші атқыштар дивизиясы сол жылдың қыркүйегінде Ленинград майданында фашистерге қарсы ұрысқа кіріседі. Аталмыш дивизияның жауынгерлері әйгілі «Өмір жолын» құруды қамтамасыз етті. Сонда Ладога арқылы Ленинградқа  азық- түлік пен жүк тасыған жауынгер-жүргізушілердің  жартысы біздің жерлестеріміз болатын. Дивизия Новгород, Ленинград   және Псков облыстарын басқыншылардан азат етуге, жаудың Померандық әскери тобын талқандауға қатысты.

Осы 313-ші дивизия майданға аттандырылысымен Ақмолада тағы бір құрама – 378-ші атқыштар дивизиясы жасақтала басталған. Ол дивизия да сол 1941 жылдың қараша айында Батыс майданның құрамында ұрысқа аттанды. Ал, келесі  1942 жылдың желтоқсанында Сталинград түбіне жөнелтіледі.

Ақмола жерінде сондай–ақ, 106-шы атты әскерлер дивизиясы, 54-ші марштық автомобиль батольоны жасақталған. Осы облыстан майданға алынған жауынгерлер сонымен бірге басқа да әскери құрамалар мен бөлімшелердің құрамында болып, барлық жерде де Отанымызды табандылықпен  қорғай алатын нағыз, ержүрек жауынгерлер ретінде таныта білді.

Қандай соғыста болмасын мықты да сенімді тылы болмаса, жеңіске жету мүмкін емес. Ұлы Отан соғысы кезінде де солай болды. Бұл орайда кешегі үлкен Кеңес Одағы мен оның армиясы үшін тұтастай республикамыз сияқты Ақмола облысы да сондай сенімді тылға айналған еді. [1].Соғыс жылдарында ақмолалықтар барлық күштерін майданға көмекке жіберіп отырды. Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңес халқы басынан кешірген шығындардың ешқашан орны толмайды. Майданға аттанған  9873  ақмолалықтың 7414 майдангер ерлікпен  қаза тапты.

Елі үшін от кешкендер

От пен оққа оранған сұрапыл соғыс жылдары Жеңісті жақындатуға үлес қосқан ақмолалық майдангерлер–Салық Әбдірайымұлы, Есмағамбетов Нұрғали,  Юрий  Малахов, Айдархан  Өтебаев,  Алексей Иосифович Резников, Руденко Тихан Григорьевич, Қанапия Смағұлов, Асаинов Жаппархан, Аязбек Ермекпаев, Елюбаев Иманбай, Бекмағанбетов Жүнісбек, Мухтар Жаманбаев, Михаил Афанасьевич Куликов, Литвинов Михаил Никитич, Николай  Елисеевич  Нижников, Өткелбаев Ысқақ, Потапенко Григорий  Леонтьевич, Сердюков  Василий  Антонович, Тоқсанбаев Бектемір, Жексенбаев  Балташ, Раиса Ефимовна Чунихина, Айсаков Каби Кылшбекович, Шұғай Дүйсенов, Жабагин Шакир, Ахмедия Рахымов, Қаленов Торғай Молдабекұлы, Жүсіп Мұқажанов, Нұрқан Сейітов тағы басқалар. [2]

Қазақ халқындай талай-талай сұм заманды бастан өткеріп, ел  мен  жер еркіндігі үшін ұрпақтар аманаты үшін  белшесінен  бейнет кешіп, жанын  шүберекке түйген, от пен оққа оранып, қасқалдақтың қанындай қаны қалғанша қасқайып өткен халық бар ма екен шіркін. Тарихтың сарғайып қалған беттерін ақтармағанның өзінде, өткен ғасырдың қырқыншы жылдарынан бергі сұрапыл соғыстың небір атпал азаматтарымыздың өмірін үзіп, дүниенің қызығы мен шыжығынан дәм татып үлгермеген жастарымызды қыршынынан қиып кеткені әлі күнге сол жылдардың  көзін көрген  ата-әжелеріміздің өксігі мен өкінішін басып, жүрегінің жарасын жаза қойды ма екен ...

1418  күн мен түннің тыныштығын бұзып, бүлдіршіндердің балауса шағын, қариялардың қуанышын ұрлаған.  Ұлы Отан соғысына  1 млн. 366 мың қазақстандық  жауынгер қатысқанды.Бүгінде сол сұм  соғыстан аман- есен оралған  жауынгерлердің алды  өмірден озып, кейінгісінің өзі 85-тен асып, 90-ды маңайлап жүр. Осындай  Ұлы  Отан  соғысының алғашқы күнінен бастап қан майданның  қақ  ортасынан табылған жас жауынгер  Ахмедия  Рахымов. Жауынгерлік жол  Ахмедия  Рахымовты  Брест қамалынан  бір-ақ шығарады. Алғашқы әскери  әзірлік, одан кейінгі фин соғысынан ол шынығып, нағыз ысылған жауынгерге айналады. Тіпті, калибрі122 метрлік зеңбіректі еркін меңгеріп, артиллерист өнеріне де төселіп  алады. Сөйтіп, Брест қамалындағы 447 артиллерия  полкының  құрамында  әскери ойындарды одан әрі жалғастырып, соғыс әдістерін үйрене береді.

1942 жылдың  7 желтоқсанында Ахмедия майдан шебіне  қайта оралады. Ол кезде 266 атқыштар дивизиясына қарасты  832 артиллерия  полкі Донда Вешенская  стансасына таяу жерде бекініс құрған болатын.  Ефрейтор Рахымов бастаған жауынгерлер  жаудың  жаяу  әскеріне  шабуылға шығып  тойтарыс береді. Осы шайқаста  А. Рахымов  алғаш рет «Жауынгерлік ерлігі үшін»  медалімен марапатталады. Отансүйгіштік сезімі алға жетелеген Ахмедия Рахымов  қай шайқаста да алда болып, ерлігімен көзге түседі. Запорожье  үшін болған шайқаста  Қызыл Жұлдыз орденімен, одан кейінгі шайқастардың бірінде ІІ дәрежелі  Отан  соғысы орденімен, ал Берлин шайқасында  ІІІ  дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады. Сөйтіп, онға жуық ордендер мен медальдарға қоса Жоғарғы  Бас  қолбасшының  он алты  рет алғысын  алған артиллерист  Рахымов жеңімпаз  жауынгер  болып елге оралады. [3]

Жеңісті жақындатқан Жүсіп ата Ұлы Отан соғысының ардагері, астаналық ақсақал Мұқажанов Жүсіп 1915 жылы 15 маусым күні қазіргі Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Қоңырадыр ауылында дүниеге келген.

1939 жылы әскер қатарына шақырылған Жүсіп Мұхажанов Кроснодар өлкесіндегі Қара теңіз жағалауындағы Новоросийскіге түседі.Жастайынан білімге құштар Жүсіп ата полк жанындағы мектепке түседі. Оны жақсы бітірген қызыләскер Жүсіп Мұхажановқа 82 артиллерия полкінің миномет бөлімінің командирі атағы беріледі.

Жан түршігерлік «соғыс» атты сөзді 1941-дің 22 маусымында ол Новоросийскіде естіді. Бұл кезде соғыс өнерін әбден меңгерген минометшілер бөлімінің командирі Жүсіп Мұқажанов сол жылдың тамыз айында неміс –фашистерімен Одесса қаласының маңында алғаш шайқасқа түсті.Етегімен қан кешкен Одесса қаласын  қорғаушылардың қатарында өжет қимылмен ерекшеленіп үлгерген Жүсіп Мұқажановқа партбилет алдыңғы шептегі окопта табыс етіледі.

Кезектегі шайқаста нақтырақ айтсақ, 1 ақпанда қолынан жараланған Жүсіп Мұқажанов тездетіп қатарға қосылуы үшін туған өлкесіндегі, яғни Ақмоладағы №306 әскери госпитальға  жөнелтіледі. Жарақаттан толық жазылмаған Жүсіп Мұқажанов бұдан әрі қосалқы 39 артиллерия полкінің бөлім командирі, взвод командирінің орынбасары болып бекітіліп әскерге алынған жас жауынгерлерді соғыс өнеріне үйретеді. 1944 жылы дивизиямен бірге 39-полк Белоруссияның Полоцк қаласына жөнелтіледі. Одан әрі Жүсіп Мұқажановтың бөлімі Кенигсберг қаласының жанындағы Гранц қалашығына табан тірейді. Білікті маман, беделді командир Жүсіп Мұқажанов авиполк күзетінің бастығы болып тағайындалады. Жеңісті жақындатқан 1945 жылдың басында Жүсіп Мұқажанов аталмыш полктің батальонындағы қарауыл бастығы қызметіне ауыстырылады.

«Жеңіс» деген ұлы сөз қызыләскер, старшина Жүсіп Мұқажановтың құлағына Гранц қаласында жетті. Сөйтіп, 1939 жылы әскер қатарына алынып бес жылға созылған қан майданда жанын шүберекке түйіп жүріп ерлігімен көзге түскен, қазақтың қайсар халық екенін өз өжеттігімен дәлелдей білген, омырауы медальға  толы Жүсіп Мұқажанов жеңіспен Ақмоладағы ауылына 1946 жылдың көктемінде жыл құсымен бірге оралады.

Жүсіп Мұқажанов соғыстағы ерлігі және бейбіт өмірдегі еңселі еңбегі үшін  «Германияны жеңгені үшін» медалі, «Тың жерлерді игеру»медалі 1957 жыл, «ұлы отан соғысының 30 жылдығы» медалі 1975 жыл, «еңбек ардагері» медалі 1977 жыл, «СССР Қарулы Күштерінің 60 жылдығы» медалі 1978 жыл, «Ұлы Отан соғысы» ордені  1985 жыл, «СССР Қарулы Күштерінің 70 жылдығы» медалі 1988 жыл, «Ұлы Отан соғысының 50 жылдығы» медалі 1995 жыл, «Совет Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медалі 1997 жыл, «ҰОС Жеңісінің 55 жылдығының құрметіне «1941-1945 ж.ж «Соғыс ардагері» белгісі 1999 жыл, «Украинаны фашистерден азат етудің 60 жылдығы» медалі 2004 жыл, «ҰОС Жеңісінің 60 жылдығы» медалі 2005 жыл, бірталай мемлекеттік наградаларға ие.

Жарқын болашақты жақындатқандар

«Тізе бүгіп тірі жүргеннен, «Тіке тұрып өлген артық»,-деп халық батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай, жарқын болашақ үшін от кешіп, қан майданнан жеңіспен оралған Ұлы Отан соғысының ардагерлері бүгінде ортамызда баршылық. Бірақ жыл өткен сайын ұлы Отан соғысына қатысқандардың қатары сиреп барады-ау. Жаудан елді қорғаған азаматтарымыздың кейбіреулері өзіне тиесілі жеңілдіктерді  де көре алмай кеткені  өкінішті жәйт.

Жеңістің 50 жылдығын көре алмай, дүниеден өткен соғыс ардагері, бірнеше  ордендер мен медальдардың иегері Аязбек Ермекпаев та алғашқылардың бірі болып майданға аттанған еді. Ол от пен оқты кешіп Берлинге дейін барып қайтты. Жаяу әскерде атқыш, сапер болды, кейіннен көпір салатын бөлімшеде істеді. Соғыс аяқталған соң, Аязбек ата туған ауылы Талапкерге оралып, көп жылдар еңбек еткен. Сексенге тартқан шағында Аязбек ата сырқатқа ұшырап қайтыс болған.

Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгістің жеңіспен аяқталғанына биыл, міне 70 жыл. Талайлардың жүрегіне айықпас жара салған сол соғыста толарсақтан қан кеше жүріп, елге қайтпай қалған боздақтар қаншама. Ұлы Отан соғысында ғажайып ерліктің үлгісін көрсетіп, жеңістен кейін жылдарда қираған қалалар мен селоларды қалпына келтіру ісіне араласқан ардагерлеріміздің де қатары күн өткен сайын сиреп барады. Барлық жастық жалындарын отты күндердің ызғарына ұрлатқан сол жандардың ерлігі-ұрпаққа өнеге.

Астаналық Қанапия Смағұлов бір мың тоғыз жүз қырық екінші жылдың қыркүйек айында майданға аттанады. Алдымен, Қазанда әскери дайындықтан өткен ол кейін Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысып, 1943 жылдың қаңтарына дейін осы жерде соғысады. От пен  оқтың ортасында жүріп, сол жылдың шілдесінде аяғынан жарақат алған Қанапия ата госпитальға жатып емделгеннен қайта майдан даласына шығады. Батыс Украинаның Житомир қаласын азат етуге қатысып, Киевтің маңайында, Молдавияда болып, Прудь өзенінің бойымен жауға қарсы қасық қаны қалғанша жан аямай шайқасқан жауынгер бір топ майдандастарымен Румынияға қарай өтіп, Дунай өзені арқылы Венгрия мен Болгарияға, одан кейін Югославияға дейін жетеді. Сөйтіп, 1944 жылдың қазанында кеңес жауынгерлері Югославияның  орталығы Белградты алады. Келер жылдың ақпанында Будапешті жаудан азат етіп, Австрияның орталығы Венаға жетіп, оны да қорғап қалған соң Альпі тауларының бойымен Швейцариядан бір-ақ шыққан Қанапия Смағұлов жеңісті осы жерде қарсы алады. Қан майданда жүріп төрт рет ауыр жарақат алған жауынгердің наградалары да аз емес. Кеудесінде «Қызыл Жұлдыз» ордені, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордені мен  «Ерлігі үшін» медальдері жарқырайды. [4]

Ендеше, мыңдаған солдаттардың ерлігі ұмытылмауға тиіс. Сұрапыл соғыс кезінде жасалған  ерлік ешқашан да ұмытылмақ емес.Ешкім де ұмытылмайды.

Ұлы  Отан соғысы әлем тарихында адам  шығыны  жағынан өте алдыңғы орынды алған жойқын соғыстардың бірі. Бұл соғыс талай ұлтқа қайғы-қасірет әкелген соғыс. Баланы әкеден, жарын отағасынан айырған соғыс. Жетім-жесірлер көбейіп шарасыз күйге түскен соғыс. Елдің демографиясын  ойсыратқан соғыс. Ендігі жерде барша адамзаттың тілегі ешқашан соғыс болмасын! Сәбилердің  ұйқысы тыныш болсын! «Ер есімі- ел  есінде» бабалар ісі мәңгі ұмытылмайды.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі:

 

1.     «Ақмолалықтар Отан соғысында» /Т. Ілдебаев // Астана  хабары – 2005

2.     «Сұрапыл  жылдар  қаһармандарына  тағзым» / Астана 2012 №5

3.     «Поклонимся  и мертвым, и живым......» Астана 2009 №4

4.     «Жадында жатталған жылдар»/Г. Өкешқызы //Астана хабары-2005

5.     «Қазақстан -Ұлы Отан соғысы жылдарында» / Қ.Әкімов //

6.     Қазақстан тарихы-2008-№4

7.     «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында» / Алматы:Өнер, 2010

8.     Ақмола энциклопедиясы. Атамұра, Алматы 1995

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Отан үшін от кешкендер»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.01.2017 3157
    • DOCX 35.8 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саркулова Жумагуль Жунисбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7066
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 175 человек из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 544 человека

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 155 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 277 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 466 человек

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе