Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Открытый урок на казахском языке на темму "Шалқар құтты мекенім"(10 класс)

Открытый урок на казахском языке на темму "Шалқар құтты мекенім"(10 класс)



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Шалқар ауданы

М. Тәжин атындағы орта мектеп

Сапарова Алмажан Абдрахманқызы


Сабақтың тақырыбы: «Шалқарым құтты мекенім»

Сабақтың мақсаты : Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай туған өлкеміз Шалқар қаласының 141 жылдығына арналады. Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншлігін арттыра отырып, мейірім мен ықыласын, байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге бағдар беру. Өз туған аулынын, қаласын қадірлеуге үйрету. Отанның туған жерден басталатынын түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, «Шежірелі Шалқар» көрмесі, нақыл сөздер, туған қала туралы көрме, табиғат көріністері, буклеттер, кітап көрмесі

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ жоспары:

1. Шалқар ауданының физикалық-географиялық орны.

2. Жер бедері,топырағы

3.Аудан климаты

4.Ішкі сулары

5. Жануарлары ,өсімдіктері

6. Территориялық- әкімшілік бөлінісі

7. Азаттық туын асқақ ұстағандар

8. Қуат алып ғасырдан

Шалқар даңқын асырған

9.Абзал азаматтар

10. Бүгінгі Шалқар

11.Туған жерім Мөңке би ауылы

Шығысында Аралменен шектескен

Батысында Мұғалжармен беттескен

Түстігінде Байғанинмен түйісіп.

Шартарапты алып жатқан аумағын

Шалқар атты менің байтақ ауданым

Мұғалім:Құрметті ұстаздар , ата-аналар ,оқушылар!

Бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына байланысты сыныбымызда «Шалқарым құтты мекенім»атты ашық сабақ өткізгелі тұрмыз. Баршаңызға тәелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын демекпін!

Тарихымызда негізгі орын алатын тақырыптардың бірі – туған жер, қала тарихын зерттеп білу. Оның тарихи тұлғаларын, қоғам қайраткерлерін, ұлы адамдарын, тарихи кезеңдерін білу жас ұрпақтың қасиетті борышы болса, Отанды, елді, жерді сүюге баулу ұстаздың, ата-ананың борышы. Туған жердің тарихын білу үлкен ізденісті қажет етеді. Осыған байланысты оқушыларды туған қаласы Шалқардың тарихымен кеңірек таныстыру.

Өз өлкесінің, қаласының пайда болу шежіресін зерттеп білдіру, сол қалада өмір сүрген ұлы адамдар еңбек, соғыс, өнер ардагерлері жайлы мағұлмат жинауға жол сілтеу мақсатында тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауында


2003 жылғы сәуірде Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Мәдени мұра» бағдарламасын бастама ретінде көтеріп, Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – тарих, архелогия, сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, облыстар бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерін жаппай инвентаризациядан өткізіп, тізімін дайындау, Энцикопедиялық анықтамалық томдар шығару . Осы мақсатта біздің Шалқар ауданының Елбасының бастамасын қолдап, «Шалқар энцилопедиясы » 2009ж басылып шықты .Бұл кітаптан Шалқардың барлық шешіресін білуге болады. Адамның өткен өмірі бұл- тарих.Туған жеріміздің тарихын мәдениетін, дүниетанымын, біртаар перзенттерін білу, біздің парызымыз.

hello_html_m1ab4147a.gif

1-жүргізуші

Біздің өлкеміз тарихи бай өлке .Кіндік жұртымыз-туған өлкеміздің өткендегісін білу біздің парызымыз Сондықтан да туған жеріміздің тарих қойнауына терең үңіліп кеңінен тоқталып өтейік.

2-жүргізуші

Туған жер әр адамның жарық дүниеге шыр етіп келген мекені.

Ол ең алғаш жұтқан ауасы,алғашқы күн нұрының сәулесі, алғашқы қаз тұрғаны, әлдилеген өмір бесігі.

1-оқушы Нұрхан

Шалқар ауданының физикалық- географиялық орны

Шалқар ауданы 1932 жылы құрылған Жерінің аумағы-62,2мың шаршы км. Шалқардың аталуы көлге негізделген. Ертеде ата-бабамыз мал өсірген өңірдегі су шалқып жатқан қос көлді ”Қос Шалқар”, “Шалқаркөл”, деген екен. Кейінгі кезде аудан атауы”Шалқар”деген атқа ие болды. Ақтөбе облысы оңтүстігіне қарай 363 км. жерде орналасқан. 1870 жылы Ұлықұмның оңтүстік батыс беткейіне қазақ шаруалары келіп қоныстанған .

1-жүргізуші:Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен жер қымбат-дегендей туған жерге ата-бабамыз елге қорған болып, тағдырын ойлап, әрбір ағашын, тау-тасын, бұлағын аялап, жер бедерінің ой шұңқырына, өзен-көлдеріне лайықты атауларын еншілеп отырған.

2-жүргізуші

Жарасқан табиғатқа тартуым бар,

Жамылды жасыл желек барқын құмдар.

Жайқалып Үлкен Борсық орман бақпен,

Жанымды жадыратты жарқын жылдар

2-оқушы Бексұлтан

Жер бедері және топырағы

Жер бедері-ауданның жер бедері төбелі және жазық болып ,Арал теңізіне қарай еңкейе құлайды. Ойпаң жерлерде ащы көлдер, сор басқан тұзды көлдер өте көп. Ауданның солтүстігінен Мұғалжар тауы сұғынып жатыр.Оның ең биік жері Боқтыбай- 657м, одан кейін Айрық-530м.Ені 10-20км, ұзындығы 200км созылатын Үлкен Борсық құмы аудан аумағының ортасын алып жатыр. Осы құммен қатарласа Кіші Борсық құмы бір-біріне ұласады. Бұдан басқа құмдар: Кішіқұм, Талдықұм, Аяққұм,Қошқарата,Есеншағыл.

Аудан аумағы шөл-шөлейтті зонада орналасуына байланысты өсімдіктер мен жануарлар дүниесі шөлге бейім келеді.Солтүстігінде Мұғалжар тауынан бастап, оңтүстікке қарай әртүрлі топырақ таралған. Түрлері құнарлы қаратопырақ, қызғылт, ақшыл сары, сазды болып келеді Ақшыл сары топырақ климаттың ыстық болуынан қалыптасады, ол топырақ құнарсыз болып келеді. Аудан аймағындағы өсімдіктер мен жануарлар шөлге бейім болады.

3оқушы Абжапар

Аудан климаты

Аудан климаты-тым континенттік және құрғақ болып келеді.Қаңтардың орташа температурасы -14с -26с, шілдеде+23с +25с. Жылдық жауын-шашын мөлшері 110-220 мм. 1-1.5 айдай жаңбыр жаумайтын кездер жиі ұшырасады. Ылғалдылығы аз шаң-тозағы мол болғандықтан, тропиктік ауа массасы аптап ыстық пен құрғақ жел айдайды да, өсімдіктер қурап, желдің зиянды әсеріне душар болады.Қыс айларында жел қатты соққандықтан, қарды ұшырып топырақты 1-1.5 метр тереңдікке дейін тоңға айналдырады.

1-жүргізуші

Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған, ақ нанымен бекіген.

2-жүршізуші

Туған жерім-гүл көктем тұнып жатқан,

Байтақ елім-бақытым ашық аспан.

Дария дәурен жанымды жырға бөлеп,

Анамыздай аялап нұрын шашқан.

4-оқушы- Динара

Пайдалы қазбалары

Үлкен Борсық құмының Есеншағыл,Шөлшағыл, Қоянқұлақ,Қосқұлақ, Қыздаршыққан, Қошқарата, Кішкене тұз, Қорғантұз, Бозой, Көкала бойлары кен қойнауына тұнған бай жерлер. Бұлар табиғи газ, мұнай,минералды тұз, ұлутас ,мрамор, ақбалшық,қайыр, кварц пен дала шпатынан тұратын құмдар мен саздары бар. Бершүгір қиыршықтас зауыты бірнеше түрлі өнім шығарады.Бұл өнімдер жол салуға және құрлысқа пайдаланады.

5-оқушы-Ердулет

Шалқардың ең үлкен байлығы – оның адамдары, еңбексүйгіш, ынтымағы жарасқан халқы.Бүгінгі күні аудан халқының жартысынан астамы, яғни 27486 адам Шалқар қаласында тұрады. Халқының 99 пайызы қазақтар. Шалқар ауданының тұрғындарының саны 2007 жылғы 1қаңтардағы санақ бойынша 46033 адамды құрайды. Әкімшілік жағынан аудан 12 селолық округке бөлінеді:


1-жүргізуші

Табиғат біздің қоршаған орта.Ол күн сәулесі, ауа өсімдік, жануарлар дүниесі өзен, көлдері. Адам өзіне қажетті барлық нәрсені табиғаттан алады.

Жағалай жасыл шөбі жайқалады

Табиғат әсемдігі байқалады.

Аққу жүзіп,ән салып сыңсығанда,

Көл беті толқынданып шайқалады.

2-жүргізуші

Шалқар құмы ,шағылы тегіс келер,

Бір жан жоқ туған жерін теріс көрер.

Құмы құт, суы байлық, құнар жері,

Өзінен өзі-ақ жердің берер жемісі

6- оқушы Серікболат

Өсімдігі

Шалқар жерінің табиғаты бай өлке Ол жерде усан,боз, бетеге,сексеуіл, ебелек, шеңгел, бүргін, көкбек, теріскен, итсегек, жантақ т.б өсімдіктер өседі.Өзен жағаларында: қамыс, итмұрын, ши өседі .

Жануарлары

қасқыр , түлкі қарсақ .борсық , дала суыры т.б жануарлары бар.

1-жүргізуші Ауданымызда мекендейтін жануарлардың түрі көп соның ішінде біздің жеріміздеде Қызыл кітапқа енген жануарлар бар Соның бірі-ақбөкендер ед\

7-оқушы Гүлдана Сәмбетбай Елубаев «Ақбөкен»

Жүрдек поезд алып-ұшып дүрсілдеп,

Жетемін деп астанаға жүрсін кеп.

Қыстап қалған Шалқар менен Сексеуіл,

Көрдім киік жүргенін көп бүрсеңдеп.

Қарағайдай қос мүйізі ай тепкен,

Бөкең қағып жүр текесі, жай еппен.

Бейқам тұрып қарды теуіп оттайды,

Болмай қауіпі, ешнәрседен, еш секем.

Боз, бетеге іздеп қысқа мортықты,

Ен далада сидаң сирақ жүр мықты.

Көрсе тұқыл қызыл изен тоқтайды,

Кер жусанмен, қына теріп қыр түкті.

Жолаушылар терезе ашып дүрлігіп,

Бір серпілді, бой мұздатып үрген леп.

Қуанса егер, кейбіреулер мүсіркер

Жүгеніне боз киіктің жел ығып.

Дала-киік бір-біріне септескен,

Аппақ қар да үйіреді жел ескен.

Бойды шарпып қызғанышы еркіндік,

Еске түсті балалығым -кең өскен!

2-жүргізуші. 1901-1903 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының құрылысы басталып,Шалқар бекеті пайда болды. Алғашқы өнеркәсіп орны Шалқар паровоз депосының іргетасы қаланады.Темір жол магистралімен қатар паравоз депосы, темір жол вакзалы, екі қабатты мектеп үйі қазіргі №5 мектебі бой түзеді

1-жүргізуші Ауданымызды Сыдықов Рахат Мәжитұлы 2002 жылдан бері басқарып келеді.

2-жүргізуші Ақ мәрмәдай асылдан жаралған Шалқар,

Атағың аңыз боп таралған Шалқар

Жағадай жұрттың айдынынан нәр алған Шалқар

Жаннаттай жасыл желекке оранған Шалқар.

9-Оқушы Ақниет

Қалада Елбасы Н.Ә.Назарбаев «100 мектеп, 100 арухана»бағдарламасы бойынша білім шаңырағының бірі-Шалқар қаласындағы №8 орта мектеп, 3қабатты,1200 орындық мектеп ғимаратының жалпы аумағы-21056 шаршы метр.Кітапханада 10 мың кітап қоры бар.

1-жүргізуші

Ідіріс аға іспеттес, батырсың,Шалқар,

Ізгілік іспен көркейіп жатырсың,Шалқар.

Ата-бабаны сыйлауға,батылсың Шалқар,

Аңқылдап тұрған ақпейіл ақынсың Шалқар

10-оқушы Бақытжан

Қан майданда кешегі ауыл мұғалімі,рота парторгі сержант Ідіріс Үргенішбаев қаза тапты.Днепр бойындағы ерлігі, үлгі өнегесі және көрсеткен инициативасы үшін І. Үргенішбаев 1944ж 11 қаңтарда Кеңес Одағының батыры атағы беріліп,Ленин орденімен марапатталды.Батырдың денесі Ганель облысының Лаев ауданындағы Дераккичи деревнясындағы туысқандар бейітінде жерленген. Жерлестері оның есімін қастерлеп есте ұстауда. Батырдың ескерткіші Шалқардағы №40 қазақ орта мектебі, қалалық көше аталады.

11-оқушы Шынар

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов Шалқардағы білімнің қара шаңырағы №1 қазақ орта мектебін бітірген 1942-1945 жылдары соғысқа қатысқанОның күрделі туындысы-«Қан мен тер» трилогиясы.

12-Оқушы Арыстан,Ертілек ,Бекнұр,Серікболат

/Слайд арқылы көрсетіліп тұрады/

Туға нжер Шалқардағы құмның елі,

Тыңда да біліп алғын кімнің елі?

Сол жердің топырағынан жаралғандар,

Атанды көзге түсіп елдің Ері.

Шалқардан түлеп ұшқан ерлер барын,

Айтайын мен тізбелеп соның бәрін.

Киелі топырағы көл Шалқардың,

Өсірді бойларына беріп дарын.

Талапты талантты боп өскен жандар,

Еңбегін ел ескерген алыптардың.

Сол жерде туып-өскен Әбдіжәміл,

Атанған жазушы халықтардың.

Бұл күнде ақсақалы өз елінің,

Ойлаған әрқашанда халық қамын.

Көл Шалқар,Қызылорда мақтанады,

Төл перзент екі жақты анықтадым.

Халықтың жазушысы Тахауилер,

Көтерген сан ғасырдың тарихтарын.

Тәлім ал ұрпаққа деп жазған кітап,

Сан рет оқысам да жалықпадым.

Кеңестер Одағының Батыры боп,

Қайран ерлер туған елге қайтпадың.

Қашанда мәңгі атын құрметтейді,

Жауына жүрек тосқан Батырларын.

Гүл шоғын қояр елі Жеңіс күні,

Еске алып Ідірістей батырларын

Тылда еңбек қып Алексей,Жұмабектер,

Атанды Еңбек ері Нәби Нағым

Бәрінің есімдері белгілі елде,

Атадым алдарыңда жайып бәрін.

Мінекей көл Шалқардың шыққан ұлдар

Құрметпен жалпыңызға танытқаным.

Саны көп ескерер ер тізе берсем,

Енгіздім тек есімі анықтарын.

2-жүргізуші. Туған өлкеміздің бай мұрасы мен қазынасын, тарихын ұрпаққа жеткізетін мұражай 1987 жылы 6-қараша айында ашылған.

1-жүргізуші . Қазанғап Тілепбергенұлы
1854-1921 жылдары өмір сүрген. Айшуақ селолық округіне қарасты Ақбауыр деген жерде дүниеге келген.Қазақтың ұлы күйшісі

2-жүргізуші. Қазақ халқыныңежелден мәңгі бірге жасап, атадан балаға мирас болып, біздің қазіргі заманымызға дейін жеткен асыл мұрасы бұл-қолөнері. Он саусақтарынан өнері тамған Ағаш шебері Айдос Мұратов пен Баймағанбет Оразымбетұлы зергерлік бұйымдар жасаған қолөнер шеберлері.

Динара Шалқар Есенбай Дүйсенбаев

Әліби тұрған штаб-үй,

Нар мүсін Шалқар,

Жұбанов жазған күшті әнім,

Армысың, Шалқар.

Мақтауыма сен қалайда,

Сиясың,Шалқар,

Талмайтын қанат талайға

Ұясың Шалқар.

Бойыңа ерте бекіген

Бұл дарын, Шалқар

Талант боп туған шетінен,

Ұлдарың,Шалқар

Елу жылда ел жаңа,

Деуші еді,Шалқар

Қайта бір туған кең дала,

Еңселі Шалқар.

Сынтастайсырлы таптым ой,

Сымбаттым Шалқар.

Аяққұм толы ақтылы қой.

Қымбат үн, Шалқар.

Айғағы соның айнымас,

Осы өлең Шалқар.

Көсегең көктеп, жай құлаш.

Өсе бер, Шалқар.

1-жүргізуші .Аты аңызға айналған жерлеріміздің бірі бұл -Сынтас

Абжапар «Сынтас»

2-жүргізуші. Қуат алып ғасырдан

Шалқар даңқын асырған

Шалқар өңірі –шежірелі өлке. Шалқардың атағы ғасырлар бойы халықтың зердесінде жүрген танымал тұлғалары арқылы шыққан. Осы аймақта өмір сүрген Бақтыбай мен Бәйімбет,Көтібар мен Қайдауыл, Арыстан мен Достан,Есет пен Бекет, Сары Батақұлы,Сарышолақ БоранбайұлыБоранбайұлы мен Қазанғап, Мырзағұл Шыманұлы елдің жүрегінде өз орнымен қалған адамдар.

1-жүргізуші Бұл Шалқар жазық та екен, қырқа да екен,

Бәрін де әнмен ,жырмен шырқап өтем.

Шектінің ел қорғаған батырлары

Шетінен Едігенің ұрпағы екен

12-оқушы : Меруерт «Қайдауыл батырдың айтқаны»

1-жүргізуші

Тарихта бабаның аты қалған,

Бойына қасиетті берген Аллам,

Шектіден шыққан сол би Мөңке еді,

Көріпкел атанды елде болжап алдан.

Дәл айтқан алда өмір не боларын,

Айналдым аруағымыз бабамыздың,

Сыр шерткен сонау алғы ғасырлардан!

Өшірмей келеді атын ұрпақтары,

Тарағанын сезініп асыл жаннан

Нұрсәуле «Мөңке би»

2-жүргізуші . Міне , біз осы ұлы Мөңке би ауылында тұрамыз. Туған жерімізді қанша

Қорытынды

Мағыналы Шалқар деген ат қандай,

Маңғаз далам мәңгі шалқып жатқандай.

Күннің көзі Шалқар жақтан шыққандай,

Таңның өзі Шалқар жақтан атқандай.

Палуан тұлға ұлдар өскен шат қандай,

Қыздары бар алма мойын ,ақ маңдай.

Жер жаннаты-бәлкім Шалқар даласы

Жанарлардың жауын алған мақпалдай,- дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз

























М. Тәжин атындағы орта мектеп





hello_html_m7cf24099.gif



Өткізген : Сапарова А

Сыныбы: 7













Күні: 5.12.11ж

Сабақтың тақырыбы: «Шалқарым құтты мекенім»

Сабақтың мақсаты : Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай туған өлкеміз Шалқар қаласының 141 жылдығына арналады. Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншлігін арттыра отырып, мейірім мен ықыласын, байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге бағдар беру. Өз туған аулынын, қаласын қадірлеуге үйрету. Отанның туған жерден басталатынын түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, «Шежірелі Шалқар» көрмесі, нақыл сөздер, туған қала туралы көрме, табиғат көріністері, буклеттер, кітап көрмесі

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Шығысында Аралменен шектескен

Батысында Мұғалжармен беттескен

Түстігінде Байғанинмен түйісіп.

Шартарапты алып жатқан аумағын

Шалқар атты менің байтақ ауданым

Мұғалім:Құрметті ұстаздар , ата-аналар ,оқушылар!

Бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына байланысты сыныбымызда «Шалқарым құтты мекенім»атты ашық сабақ өткізгелі тұрмыз. Баршаңызға тәелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын демекпін! Тарихымызда негізгі орын алатын тақырыптардың бірі – туған жер, қала тарихын зерттеп білу. Оның тарихи тұлғаларын, қоғам қайраткерлерін, ұлы адамдарын, тарихи кезеңдерін білу жас ұрпақтың қасиетті борышы болса, Отанды, елді, жерді сүюге баулу ұстаздың, ата-ананың борышы. Туған жердің тарихын білу үлкен ізденісті қажет етеді. Осыған байланысты оқушыларды туған қаласы Шалқардың тарихымен кеңірек таныстыру.

Өз өлкесінің, қаласының пайда болу шежіресін зерттеп білдіру, сол қалада өмір сүрген ұлы адамдар еңбек, соғыс, өнер ардагерлері жайлы мағұлмат жинауға жол сілтеу мақсатында тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауында

2003 жылғы сәуірде Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Мәдени мұра» бағдарламасын бастама ретінде көтеріп, Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – тарих, архелогия, сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, облыстар бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерін жаппай инвентаризациядан өткізіп, тізімін дайындау, Энцикопедиялық анықтамалық томдар шығару . Осы мақсатта біздің Шалқар ауданының Елбасының бастамасын қолдап, «Шалқар энцилопедиясы » 2009ж басылып шықты .Бұл кітаптан Шалқардың барлық шешіресін білуге болады. Адамның өткен өмірі бұл- тарих.Туған жеріміздің тарихын мәдениетін, дүниетанымын, біртаар перзенттерін білу, біздің парызымыз.

1-жүргізуші

Біздің өлкеміз тарихи бай өлке .Кіндік жұртымыз-туған өлкеміздің өткендегісін білу біздің парызымыз Сондықтан да туған жеріміздің тарих қойнауына терең үңіліп кеңінен тоқталып өтейік.

2-жүргізуші

Туған жер әр адамның жарық дүниеге шыр етіп келген мекені.

Ол ең алғаш жұтқан ауасы,алғашқы күн нұрының сәулесі, алғашқы қаз тұрғаны, әлдилеген өмір бесігі.

1-оқушы Нұрхан

Шалқар ауданының физикалық- географиялық орны

Шалқар ауданы 1932 жылы құрылған Жерінің аумағы-62,2мың шаршы км. Шалқардың аталуы көлге негізделген. Ертеде ата-бабамыз мал өсірген өңірдегі су шалқып жатқан қос көлді ”Қос Шалқар”, “Шалқаркөл”, деген екен. Кейінгі кезде аудан атауы”Шалқар”деген атқа ие болды. Ақтөбе облысы оңтүстігіне қарай 363 км. жерде орналасқан. 1870 жылы Ұлықұмның оңтүстік батыс беткейіне қазақ шаруалары келіп қоныстанған .

1-жүргізуші:Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен жер қымбат-дегендей туған жерге ата-бабамыз елге қорған болып, тағдырын ойлап, әрбір ағашын, тау-тасын, бұлағын аялап, жер бедерінің ой шұңқырына, өзен-көлдеріне лайықты атауларын еншілеп отырған.

2-жүргізуші

Жарасқан табиғатқа тартуым бар,

Жамылды жасыл желек барқын құмдар.

Жайқалып Үлкен Борсық орман бақпен,

Жанымды жадыратты жарқын жылдар

2-оқушы Бексұлтан

Жер бедері және топырағы

Жер бедері-ауданның жер бедері төбелі және жазық болып ,Арал теңізіне қарай еңкейе құлайды. Ойпаң жерлерде ащы көлдер, сор басқан тұзды көлдер өте көп. Ауданның солтүстігінен Мұғалжар тауы сұғынып жатыр.Оның ең биік жері Боқтыбай- 657м, одан кейін Айрық-530м.Ені 10-20км, ұзындығы 200км созылатын Үлкен Борсық құмы аудан аумағының ортасын алып жатыр. Осы құммен қатарласа Кіші Борсық құмы бір-біріне ұласады. Бұдан басқа құмдар: Кішіқұм, Талдықұм, Аяққұм,Қошқарата,Есеншағыл.

Аудан аумағы шөл-шөлейтті зонада орналасуына байланысты өсімдіктер мен жануарлар дүниесі шөлге бейім келеді.Солтүстігінде Мұғалжар тауынан бастап, оңтүстікке қарай әртүрлі топырақ таралған. Түрлері құнарлы қаратопырақ, қызғылт, ақшыл сары, сазды болып келеді Ақшыл сары топырақ климаттың ыстық болуынан қалыптасады, ол топырақ құнарсыз болып келеді. Аудан аймағындағы өсімдіктер мен жануарлар шөлге бейім болады.

3оқушы Абжапар

Аудан климаты

Аудан климаты-тым континенттік және құрғақ болып келеді.Қаңтардың орташа температурасы -14с -26с, шілдеде+23с +25с. Жылдық жауын-шашын мөлшері 110-220 мм. 1-1.5 айдай жаңбыр жаумайтын кездер жиі ұшырасады. Ылғалдылығы аз шаң-тозағы мол болғандықтан, тропиктік ауа массасы аптап ыстық пен құрғақ жел айдайды да, өсімдіктер қурап, желдің зиянды әсеріне душар болады.Қыс айларында жел қатты соққандықтан, қарды ұшырып топырақты 1-1.5 метр тереңдікке дейін тоңға айналдырады.

1-жүргізуші

Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған, ақ нанымен бекіген.

2-жүршізуші

Туған жерім-гүл көктем тұнып жатқан,

Байтақ елім-бақытым ашық аспан.

Дария дәурен жанымды жырға бөлеп,

Анамыздай аялап нұрын шашқан.

4-оқушы- Динара

Пайдалы қазбалары

Үлкен Борсық құмының Есеншағыл,Шөлшағыл, Қоянқұлақ,Қосқұлақ, Қыздаршыққан, Қошқарата, Кішкене тұз, Қорғантұз, Бозой, Көкала бойлары кен қойнауына тұнған бай жерлер. Бұлар табиғи газ, мұнай,минералды тұз, ұлутас ,мрамор, ақбалшық,қайыр, кварц пен дала шпатынан тұратын құмдар мен саздары бар. Бершүгір қиыршықтас зауыты бірнеше түрлі өнім шығарады.Бұл өнімдер жол салуға және құрлысқа пайдаланады.

5-оқушы-Ердулет

Шалқардың ең үлкен байлығы – оның адамдары, еңбексүйгіш, ынтымағы жарасқан халқы.Бүгінгі күні аудан халқының жартысынан астамы, яғни 27486 адам Шалқар қаласында тұрады. Халқының 99 пайызы қазақтар. Шалқар ауданының тұрғындарының саны 2007 жылғы 1қаңтардағы санақ бойынша 46033 адамды құрайды. Әкімшілік жағынан аудан 12 селолық округке бөлінеді:

1-жүргізуші

Табиғат біздің қоршаған орта.Ол күн сәулесі, ауа өсімдік, жануарлар дүниесі өзен, көлдері. Адам өзіне қажетті барлық нәрсені табиғаттан алады.

Жағалай жасыл шөбі жайқалады

Табиғат әсемдігі байқалады.

Аққу жүзіп,ән салып сыңсығанда,

Көл беті толқынданып шайқалады.

2-жүргізуші

Шалқар құмы ,шағылы тегіс келер,

Бір жан жоқ туған жерін теріс көрер.

Құмы құт, суы байлық, құнар жері,

Өзінен өзі-ақ жердің берер жемісі

6- оқушы Серікболат

Өсімдігі

Шалқар жерінің табиғаты бай өлке Ол жерде усан,боз, бетеге,сексеуіл, ебелек, шеңгел, бүргін, көкбек, теріскен, итсегек, жантақ т.б өсімдіктер өседі.Өзен жағаларында: қамыс, итмұрын, ши өседі .

Жануарлары

қасқыр , түлкі қарсақ .борсық , дала суыры т.б жануарлары бар.

1-жүргізуші Ауданымызда мекендейтін жануарлардың түрі көп соның ішінде біздің жеріміздеде Қызыл кітапқа енген жануарлар бар Соның бірі-ақбөкендер ед\

7-оқушы Гүлдана Сәмбетбай Елубаев «Ақбөкен»

Еске түсті балалығым -кең өскен!

2-жүргізуші. 1901-1903 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының құрылысы басталып,Шалқар бекеті пайда болды. Алғашқы өнеркәсіп орны Шалқар паровоз депосының іргетасы қаланады.Темір жол магистралімен қатар паравоз депосы, темір жол вакзалы, екі қабатты мектеп үйі қазіргі №5 мектебі бой түзеді

1-жүргізуші Ауданымызды Сыдықов Рахат Мәжитұлы 2002 жылдан бері басқарып келеді.

2-жүргізуші Ақ мәрмәдай асылдан жаралған Шалқар,

Атағың аңыз боп таралған Шалқар

Жағадай жұрттың айдынынан нәр алған Шалқар

Жаннаттай жасыл желекке оранған Шалқар.

9-Оқушы Ақниет

Қалада Елбасы Н.Ә.Назарбаев «100 мектеп, 100 арухана»бағдарламасы бойынша білім шаңырағының бірі-Шалқар қаласындағы №8 орта мектеп, 3қабатты,1200 орындық мектеп ғимаратының жалпы аумағы-21056 шаршы метр.Кітапханада 10 мың кітап қоры бар.

1-жүргізуші

Ідіріс аға іспеттес, батырсың,Шалқар,

Ізгілік іспен көркейіп жатырсың,Шалқар.

Ата-бабаны сыйлауға,батылсың Шалқар,

Аңқылдап тұрған ақпейіл ақынсың Шалқар

10-оқушы Бақытжан

Қан майданда кешегі ауыл мұғалімі,рота парторгі сержант Ідіріс Үргенішбаев қаза тапты.Днепр бойындағы ерлігі, үлгі өнегесі және көрсеткен инициативасы үшін І. Үргенішбаев 1944ж 11 қаңтарда Кеңес Одағының батыры атағы беріліп,Ленин орденімен марапатталды.Батырдың денесі Ганель облысының Лаев ауданындағы Дераккичи деревнясындағы туысқандар бейітінде жерленген. Жерлестері оның есімін қастерлеп есте ұстауда. Батырдың ескерткіші Шалқардағы №40 қазақ орта мектебі, қалалық көше аталады.

11-оқушы Шынар

Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов Шалқардағы білімнің қара шаңырағы №1 қазақ орта мектебін бітірген 1942-1945 жылдары соғысқа қатысқан оның күрделі туындысы-«Қан мен тер» трилогиясы.

12-Оқушы Арыстан,Ертілек ,Бекнұр,Серікболат

/Слайд арқылы көрсетіліп тұрады/

Туға нжер Шалқардағы құмның елі,

2-жүргізуші. Туған өлкеміздің бай мұрасы мен қазынасын, тарихын ұрпаққа жеткізетін мұражай 1987 жылы 6-қараша айында ашылған.

1-жүргізуші . Қазанғап Тілепбергенұлы
1854-1921 жылдары өмір сүрген. Айшуақ селолық округіне қарасты Ақбауыр деген жерде дүниеге келген.Қазақтың ұлы күйшісі

2-жүргізуші. Қазақ халқыныңежелден мәңгі бірге жасап, атадан балаға мирас болып, біздің қазіргі заманымызға дейін жеткен асыл мұрасы бұл-қолөнері. Он саусақтарынан өнері тамған Ағаш шебері Айдос Мұратов пен Баймағанбет Оразымбетұлы зергерлік бұйымдар жасаған қолөнер шеберлері.

Динара : « Шалқар»

Есенбай Дүйсенбаев

1-жүргізуші .Аты аңызға айналған жерлеріміздің бірі бұл -Сынтас

Абжапар «Сынтас»

2-жүргізуші. Қуат алып ғасырдан

Шалқар даңқын асырған - Шалқар өңірі –шежірелі өлке. Шалқардың атағы ғасырлар бойы халықтың зердесінде жүрген танымал тұлғалары арқылы шыққан. Осы аймақта өмір сүрген Бақтыбай мен Бәйімбет,Көтібар мен Қайдауыл, Арыстан мен Достан,Есет пен Бекет, Сары Батақұлы,Сарышолақ БоранбайұлыБоранбайұлы мен Қазанғап, Мырзағұл Шыманұлы елдің жүрегінде өз орнымен қалған адамдар.

1-жүргізуші Бұл Шалқар жазық та екен, қырқа да екен,

Бәрін де әнмен ,жырмен шырқап өтем.

Шектінің ел қорғаған батырлары

Шетінен Едігенің ұрпағы екен

12-оқушы : Меруерт «Қайдауыл батырдың айтқаны»

1-жүргізуші

Тарихта бабаның аты қалған,

Бойына қасиетті берген Аллам,

Шектіден шыққан сол би Мөңке еді,

Көріпкел атанды елде болжап алдан.

Дәл айтқан алда өмір не боларын,

Айналдым аруағымыз бабамыздың,

Сыр шерткен сонау алғы ғасырлардан!

Өшірмей келеді атын ұрпақтары,

Тарағанын сезініп асыл жаннан

Нұрсәуле «Мөңке би»

Қорытынды

Мағыналы Шалқар деген ат қандай,

Маңғаз далам мәңгі шалқып жатқандай.

Күннің көзі Шалқар жақтан шыққандай,

Таңның өзі Шалқар жақтан атқандай.

Палуан тұлға ұлдар өскен шат қандай,

Қыздары бар алма мойын ,ақ маңдай.

Жер жаннаты-бәлкім Шалқар даласы

Жанарлардың жауын алған мақпалдай,- дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз

































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 16.04.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров116
Номер материала ДБ-035370
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх